Редактордың бағанасын толтыру



жүктеу 389.44 Kb.

бет1/5
Дата22.02.2017
өлшемі389.44 Kb.
  1   2   3   4   5

P

P

P



P

Редактордың бағанасын толтыру қашан да қиын: 

әрбір мақала, әрбір сұхбат керемет қызықты болып көрінеді, 

барлығы туралы әңгімелеп бергің келеді. Бірақ бұл жолы 

жағдай өзгеше. Біздің журналист Иван Глущенконың QR 

кодтары туралы әңгімесі мен үшін ең қызықты материал 

болды. Әлбетте, журналдарды,  визиткаларды немесе тіпті 

ең жақсы брендтік киімді безендіріп тұрған осындай күрделі 

квадрат таңбаны әрқайсыңыз байқаған боларсыз. Бұл 

таңбаға көзіміздің үйреніп кеткені сонша, тіпті маған, теле-

коммуникация саласында жұмыс істейтін адамға бұл әлдебір 

дизайнерлік айла сияқты көрінетін. Ұят болса да, мен сол бір 

етікке жарымаған етікшінің өзімін және осы бір құпия таңба 

туралы VOX.com-ң қазіргі шығарылымы арқылы біліп, сауа-

тымды ашып отырмын. 

QR кодтар мен үшін әдебір жаңалық болды. Бірақ, 

әлбетте, әрбір шығарылымда оны қанық түске толтырып 

тұратын басты материал болады. TeliaSonera-ң бас атқарушы 

директоры және президент м.а. Пэр-Арне Бломквисттің 

сұхбаты сөзсіз осындай материал болды.  

Маңыздылығы жағынан  екінші орындағы материал  деп 

«Кселл» АҚ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 

департаментінің басшысы Вячеслав Пенскийдің сұхбатын 

атар едім. Бұл бір сөзбен айтқанда жеке-кәсіби сұхбат болып 

шықты.  Техника саласының майталманы Кселл-ң ең ірі әрі 

ең маңызды департаментінің жұмысы туралы барлығына 

түсінікті деңгейде әңгімелеп берді.  

Материалдарды іріктеуді жалғастыратын болсақ, мен 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту 

қорының бас директоры  Айбол Қуандықовпен жүргізілген 

сұхбатты үшінші орынға қояр едім. Көбісі бұндай қордың 

барынан тіпті беймәлім шығар, бірақ бұл қор бар және 

бар болып қана қоймай телекоммуникация саласындағы 

қызықты жобаларды қаржыландыруға да дайын. Сіз, 

құрметті оқырман, біздің салада жұмыс істейтін бизнесмен 

болсаңыз, сізге осы қордың кімге, қандай жобаларға қолдау 

көрсететіндігі туралы міндетті түрде оқуыӊыз керек.   

VOX-ң өз оқырмандарын қызықты адамдармен 

таныстыруды көздейтін саясаты оны үнемі өзгелерден 

ерекшелендірiп тұратын. Орыс ақыны және драматургі  

Валерий Яковлевич  Брюсовтың мынадай сөздерін 

мен пір тұтамын:  «Әрбір адам — қайталанбастай бо-

лып қалыптасқан дара тұлға. Адамдардың сыртқы түрі 

ұқсағанымен ішкі дүниелері мүлдем өзгеше. Адам дара 

тұлға ретінде қалыптасқан сайын, өзін тереңірек түсіне 

бастайды, оның өзіндік белгілері де айқындала түседі». 

Сондай-ақ біз коммуникация саласындағы жаңалықтар 

туралы да айтып беруге тырысамыз, сондықтан әрбір 

шығарылым байыпты, тіпті қатаңдау болып шығады. Міне, 

осы қатаңдықты аз да болса сейілту үшін біз қызықты 

мақалаларды да қосып отырамыз.  Осы шығарылымдағы 

Сәкен Нығмашевтің «Ұялы байланыс: пайдалы 

өнертабыстардың топ ондығы» атты материалы осындай  

сейілтуші рөлін атқарады.   

Мен, мен өз пікіріме сүйене отырып, сіздерге осы 

шығарылымдағы ең қызықты да танымды материалдар тура-

лы айтып бердім. Рахаттана оқыңыздар.



Бас редактор

Аида Досаева

Баспагер:

«Apriori Communications» ЖШС



Бас редактор:

 

Аида Досаева



Шеф-редактор: 

Наталья Еськова



Директор:

 

Динара Шериева



Корректор:

 Елена Ким 



Дизайн:

 Давид Джубаев [www.vkartinke.com] 

Қазақ | ағылшын тіліне аударма:

«InterBridge-A» аударма бюросы



Мәтін авторлары:

Наталья Еськова

Иван Глущенко

Сакен Нигмашев

Оксан Цой

Азат Муртазин



 

Редакцияның мекен-жайы:

050000 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Мақатаев көшесі, 118, 6 пәтер

тел.: 8 [727] 232 71 408

ұялы тел.: +7 701 211 31 77

e-mail: edition.voxcom@mail.ru



Gerona Print House баспасында басылған

Сатпаев көшесі, 30а/3, офис 124

Тел.: 7 (727) 250-47-40, 398-94-59, 398-94-60

 

Журнал Қазақстан Республикасының Байланыс 



және ақпарат министрлігінде 19.10.2011

жылы қайта тіркелген.

Есепке қою туралы куәлік нөмірі 12052-Ж

Енді сіз VOX.com-ды өз 

мобильді телефоныңыздан 

оқи аласыз



ма

зм

ұны



ЖаңалықтаР

TeliaSonera жаңалықтары

Kcell жаңалықтары

тұлға

10 Пэр-Арне Бломквист: LTE-мен танысқан адам ескі 

      технологияларға кері қайтуды қаламайды



16 Вячеслав Пенский: техникалық қызметтер жұмысы — бұл  24/7 режімі

СұхБат

18 Айбол Қуандықов: IT-cтартап нарыққа бағытталуы тиіс

26 Анатолий Побияхо: Менiӊ беделiм әрдайым жанымда болды

20 

ДайДЖеСт  

Шолу

22 QR-код: іздеген ақпараттың жылдам жауабы

24 Автотөлем

31 Барселонадағы MWC.  «Смартфон құрылысындағы» үдеріс

МаРКет

34 SMS адамдарды Лондонға қалай жібереді

ФотоЖаРиялаМа

36 «Маған жеңіске жетуге мүмкіндік беріңдер, ал егер жете алмасам, жетуге  

         тырысқандардың арасында  ең  батылы болмақпын»



Еуропадағы 4G желісіндегі 

алғашқы роуминг

Еуразиялық бөлімшенің басқару 

құрылымындағы өзгерістер

Teliasonera қайтадан 4G технологиясын енгізу жолында көш жетекшісі болып келеді. TeliaSonera 

компаниясы Еуропада бірінші және әлемде алғашқылардың  бірі болып Швецияға барып келетін 

өзінің даттық абоненттері үшін 4G желісінде роумингті іске қосты.  TeliaSonera әрекет ететін барлық 

нарықтардың арасында бұл 4G желісіндегі ғаламдық роумингке қарсы алғашқы қадам болды, соның 

арқасында компанияның әрбір клиенті 4G технологиясының сенгісіз жылдамдығын пайдалана алады

«Kcell» АҚ-ң бас атқарушы директоры және Орта-Азиялық аймақ 

басшысы Вейсел Арал еуразиялық бөлімшенің президенті болып 

тағайындалды. Ол осы лауазымдағы  Теро Кивисаариді ауыстырды, 

Теро Кивисаари 2012 жылдың қазан айында мобильді қызметтер 

жөніндегі бөлімшенің президенті болып сайланғаннан бері қос 

лауазымды қатар атқарып келген болатын

TeliaSonera 2009 жылы 4G сервистерін 

коммерциялық негізде іске қосқан 

әлемдегі бірінші оператор болған 

сәттен бастап бұл технология кеңінен 

тарап, өзінің жоғары деректерді 

беру жылдамдығының арқасында  

бүкіл әлем бойынша көптеген 

пайдаланушылардың көңілінен шықты. 

Барынша жылдамырақ интернет-сер-

финг, деректерді беру жылдамдығын 

жақсарту, онлайн режімінде ойындар 

ойнау мүмкіндігі — осының барлығы 

4G-ң бірқатар артықшылықтары болып 

табылады.

Қазіргі кезде TeliaSonera Еуро-

пада бірінші болып компанияның 

даттық абоненттеріне шетелдерде де 

4G-ң артықшылықтарын пайдалануға 

мүмкіндік беретін келесі қадамды жасау 

үстінде.   

«Біз осы салада да ізашар 

болғанымызға және өз клиенттерімізге 

4G  желісіндегі роумингті 

ұсынғанымызға қуаныштымыз. Біз 

заманауи мобильді технологиялар  ел 

ішінде, сондай-ақ шетелдерде де қол 

жетімді әрі пайдалануға жеңіл болуы 

тиіс деген сенімдеміз. Дәл сондықтан 

да өз клиенттерімізді 4G-ң барлық 

мүмкіндіктерімен  қамтамасыз етуге 

басты назарымызда аударамыз, оның 

ішінде шетелдер де»,  — деп атап өтті 

Томми Люнгрен, TeliaSonera-ң мобильді 

технологиялар саласындағы жүйелік 

дамыту жөніндегі вице-президенті. 

Енді TeliaSonera-ң даттық 

абоненттері TeliaSonera-ң Швециядағы 

желісі ішінде 4G қосылысын пайда-

лана алады, Швеция-осы технология 

жүзеге асырылған алғашқы ел.   4G 

желісіндегі роуминг кеңінен қолданылу 

мүмкіндіктерін ұсынады. Мәселен 

даттық телеарналар 4G технологиясын 

пайдалана отырып, Мальма қаласында 

өтіп жатқан «Евровидение» байқауының 

тікелей көрсетілімін ұйымдастыра 

алады. 4G-ң жоғары жылдамдығы бейне 

роликтер мен суреттерді беруді рахатқа 

айналдырады.  

Көктем ішінде 4G желісіндегі 

роумингтің аумағы  айтарлықтай кеңейіп,  

TeliaSonera-ң өзге елдердегі абоненттері 

де  осы мүмкіндіктен кенде қалмайды.

«Вейсел аралдың аймақтық менед-

жер ретінде де, сондай-ақ Еуразиядағы 

біздің ең ірі филиалдың бас атқарушы 

директоры ретінде де атқарған еңбегі 

зор. Оның телекоммуникациялар 

саласындағы жұмыс тәжірибесі мол. 

Лондон мен Алматыда Kcell-ң акци-

яларын бастапқы орналастыру (IPO) 

жөніндегі кампанияны да сәтті өткізген 

дәл Вейсел Аралдың өзі болатын. 

Ол еуразиялық бөлімшені басқару 

командасының белсенді мүшелерінің 

бірі: мен оны осы қызметімен қуана 

құттықтаймын», — деді TeliaSonera 

президенттің міндетін атқарушы 

және СЕО Пер-Арне Бломквист.

Вейсел Арал Стамбулда да, 

Алматыда да жұмыс істей жүріп, 

Kcell–ң бас атқарушы директорының 

міндетін атқаруды жалғастырады. Ол 

TeliaSonera-ға 2007 жылы қосылған  

болатын, ал оған дейін Ericsson ком-

паниясында бірқатар басқарушылық 

лауазымдарды атқарып келген.  Вей-

сел Арал 1968 жылы дүниеге келген, 

Стамбул Таяу Шығыс техникалық 

университетінен физика-техникалық 

ғылымдар бакалавры дәрежесін 

алып шыққан.   

4

ЖаңалықтаРы



Еркіндік қағидалары

TeliaSonera мен оның телекоммуникациялық индустрия 

саласының негізін қалаушы-әріптестері өздері қолдарын 

қойған телекоммуникациялар, пікір еркіндігі және 

жеке өмірге қол сұқпау жөніндегі негізгі қағидаларын 

жариялады. Бұл қағидалар екі жылдық жұмыс нәтижесі 

болып табылады. Сонымен қатар Ғаламдық желілік бастама 

Телекоммуникациялық индустрия саласының тобымен алдағы 

екі жылдық ынтымақтастығы туралы жариялады. Бірлескен 

жұмыстың басты мақсаты — ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар саласында пікір еркіндігі мен жеке өмір 

құқығын тиімді дамыту

телекоммуникациялық индустрия 

сұхбаты — 2011 жылы бас қосқан 

халықаралық телекоммуникациялық 

операторлар мен жеткізушілер тобы. 

«Сұхбат» «Бизнес пен адам құқығы 

мәселелері бойынша БҰҰ негізгі 

қағидалары» сынды телекоммуникация-

лар, пікір еркіндігі және жеке өмірге қол 

сұқпау жөніндегі бірқатар қағидаларды 

әзірледі. Бұл қағидалар пікір еркіндігі 

және жеке өмірге қол сұқпау саласын-

да өзін-өзі дамытуды көздейтін  өзге 

телекоммуникациялық компаниялар 

үшін ашық болып табылады.  

Қазіргі кезде «Сұхбатқа» мына-

лар қатысады:  Alcatel-Lucent, France 

Telecom-Orange, Millicom, Nokia 

Siemens Networks, Telefonica, Telenor, 

TeliaSonera және Vodafone. Осы 

компаниялардың қызметі ғаламдық бо-

лып табылады; олар өз қызметтері мен 

жабдықтарын бүкіл әлемдегі клиент-

терге, кәсіпкерлер мен мемлекеттерге 

ұсынады.  

«Мен Ғаламдық желілік баста-

мамен ынтымақтастығымыз және 

қағидаларға қол қойғандығымыз тура-

лы шын жүректен қуана  мәлімдеймін. 

Пікір еркіндігі және жеке өмір құқығы 

телекоммуникациялық индустрияның  

негізгі міндеттері болып табылады 

және  осындай өзара әрекеттесу осы 

салада бізге үлкен табыстарға жетуге 

мүмкіндік береді. 2011 жылы негізі 

қаланған сәттен бастап «Сұхбаттың» қысқа 

мерзімді мақсаттары осы қағидаттарды 

әзірлеу және олар үшін бастапқы базаны 

белгілеу болатын. Бүгін осы көздеген 

мақсаттарымызға жеттік», — деді Сеси-

лия Эдстрем, TeliaSonera-ң корпоративтік 

коммуникациялар жөніндегі аға вице-

президенті. «Енді біз осы қағидаларды 

тиісті ұйымдарға енгізіп, Ғаламдық 

желілік бастамамен бірлесіп жаңа 

қатысушыларды тартуға ұмтыламыз». 

Ғаламдық желілік бастама бірлесіп 

тәжірибе алмасу және білім алу тұғырын 

қамтамасыз етеді. Жуық арадағы екі жыл 

ішінде «Бастама» мен «Сұхбат»  бүкіл әлем 

бойынша пікір еркіндігі мен жеке өмірге 

қол сұқпауды әрі қарай дамытудың ортақ 

тиімді ұстанымын таппақ.

«Телекоммуникациялар 

ақпарат еркіндігін қамтамасыз етуде 

маңызды рөл атқарады; бүгін әлемдік 

қауымдастық адамның құқығы мен 

телекоммуникациялардың экономикалық 

ықпалына барынша назар аударады», — 

деді Сьюзан Морган, Ғаламдық желілік 

бастаманың атқарушы директоры.  «Біздің 

пайымдауымыз бойынша біздің күшіміз-

біздің санымызда; біздің одағымыз 

ортақ мақсаттарды жүзеге асырып, адам 

құқығын дамытуға зор үлес қосады».

Телекоммуникациялық компани-

ялар  осы ынтымақтастық нәтижесінде 

Ғаламдық желілік бастамаға кірмейді.  Екі 

жылдағы ілгерілеуге баға беру процесі 

біздің ортақ жұмысымыз болып табылады.   

«Бұл бүкіл әлем бойынша адамдарға 

ұялы байланыс және Интернетке қосылу 

қызметін ұсынатын кейбір  ең ірі әлемдік 

компаниялардың оң қадамы және біз 

осы салынған күш жігер    адам құқығын 

толық жүзеге асыруға алып келеді деп 

үміттенеміз», — деп мәлімдеді Арвинд 

Ганесян, «ХьюманРайтсВотч» құқық қорғау 

ұйымының бизнес және адам құқығы 

жөніндегі бағдарлама директоры. «Бұл 

Ғаламдық желілік бастама үшін керемет 

мүмкіндік.  Ол  телекоммуникациялық 

компаниялардың  адам құқығын дамы-

тумен байланысты қиындықтарды жеңу 

жолындағы тәжірибесімен алмасып, адам 

құқығын қорғаудың  есептілік жүйесін 

қалай әзірлеуге болатындығын білуге 

мүмкіндік береді».

6

ЖаңалықтаРы



8

Көрсеткіштер өсіп келеді

English in Britain SMS-акциясы

2012 жылғы деректерді ұсына отырып, «Кселл» АҚ бас қаржы 

директоры  Бауыржан Аязбаев компания үшін биылғы жылдың  

жарқын әрі іргелі оқиғаларға толы болғандығын атап өтті



КоМпания өз акцияларының 25 пай-

ызын орналастыра отырып, IPO өткізді, 

ЖШС-нен акционерлік қоғамға өту 

арқылы меншік құрылымын өзгертті, 

оның директорлар кеңесінің құрамына 

екі тәуелсіз директор кірді, олардын 

бiрi директорлар кеңесін басшы болды. 

Бұл факті корпоративтік басқаруға оң 

әсер етеді және көбінесе миноритарлық 

акционерлердің мүддесін қорғауды 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Kcell табыс өсімінің керемет 

көрсеткіштері мен жоғары кірістілікті 

көрсетіп келеді. Оператордың табысы 

1,8%-ға, яғни 182 млрд теңгеге дейін 

өсті. EBITDA көрсеткіші (ұйымның өз 

міндеттемелері бойынша жауап беру 

қабілетін анықтау үшін қолданылады) 

біржолғы шығындарды есепке 

алмағанда 4,1%-ға, яғни 101,4 млрд 



«Күн Сөз оРаМы» business-

қызметінің жаңа деңгейін іске қосу 

теңгеге дейін төмендеді. EBITDA маржа-

сы ұдайы шығындарды оңтайландыруға 

деген ынта-жігердің арқасында 55%-

дан асып түсті. Еркін ақша ағыны 

12%-ға, яғни 61,1 млрд тенгеге, ал 

клиенттік база — 2,6 млн адамға артып, 

13,5 млн пайдаланушыны құрады. 

Талдаушылардың бағалауы бойынша, 

осы көрсеткіштер бойынша Kcell өз 

бәсекелестерінен басып озып, телеком-

муникация нарығында барлығынан көш 

ілгері басымдылық танытып отыр. 

Kcell-ң негізгі табысы 

бұрынғысынша дауысты байланыс 

есебінен құрылады- дауысты қызметтен 

түсетін табыс бәсекелестіктің 

айтарлықтай күшейгеніне және 

нарықтағы мемлекеттік рет-

теу құрылымының өзгергеніне 

қарамастан 0,4%-ға артып, 146,7 

және оны кеңінен тарату аясында  

Қазақстанның Британдық кеңесі  

Kcell-мен бірлесіп   English in Britain 

SMS-акциясын өткізді.  English in Britain 

акциясына қатысу үшін  «Күн сөз орамы» 

business-қызмет деңгейінде өткен курс- 

тан қайсы бір ағылшын тіліндегі сөзді 

млрд теңгені құрады. Қазіргі кезде белгілі 

болып отырғандай, өткен жылы интер-

коннект мөлшерлемелері заң жүзінде 

төмендеп, желі ішіндегі және желіден тыс 

қоңыраулардың, Интернетке кірудің шекті 

тарифтері белгіленді, сондай-ақ тарифика-

циялау қадамы да өзгертілді. Бұл трафик 

пен абоненттер саны өсімінің тарифтердің 

төмендеуімен ішінара тегістеліп, нәтижесінде 

бір минут әңгімелесуден түсетін орташа та-

быс 5,2 теңгелік деңгейге дейін төмендеді. 

Осының аясында интерконнект 

қызметінен түсетін табыс жалпы абонент-

тер санының артуы және желіден тыс 

тарифтердің тартымды болуы салдарынан 

өзге байланыс операторлары абоненттерінен 

кіретін қоңыраулардың артуы есебінен 

20,2%-ға, яғни 26,9 млрд теңгеге артты.

Бірақ қалай болғанда да сарапшы-

лар «дауыс» дәуірі біртіндеп кешегі күнде 

қалып бара жатыр деп болжайды. Де-

генмен дауысты байланыс өсімінің қоры 

әлі де бар, өйткені өзге нарықтармен 

салыстырғанда Қазақстандағы бір айдағы 

желі ішіндегі сөйлесудің орташа ұзақтығы 

көрші елдердегі көрсеткіштерден әлдеқайда 

төмен, болашақтың стратегиялық бағыты-

деректерді беру сегменті. Kcell бұл бағыт 

жақын жылдары табыс өсімінің маңызды көзі 

болып табылады деп есептейді. 

2012 жылы табыс өсіміне негізгі салым 

деректерді беру қызметінен түсетін түсімді 

33,4%-ға арттырды деп есептейді (абсолютті 

көріністе 18,7 млрд теңге). Дауысты 

қызметтер компанияның қоржынына 80,6% 

табыс салған болса, қосымша қызметтер тағы 

да 8,3% алып келді.

таңдап алып, осы сөзді пайдалана отырып 

сөз орамын ойлап тауып, бұл сөйлемді 1515 

қысқа нөміріне жолдау керек болатын. Акция 

нәтижесі бойынша Астаналық гуманитарлық 

колледждің 4-курс студенті  Айжан 

Ошақбаева жеңімпаз атанып,  Ұлыбританияда 

тіл курсынан өту мүмкіндігіне ие болды.  

ЖаңалықтаРы


9

Туған күніңмен, Kcell! 

Kcell дәстүрлі 

түрде «Сонар» 

жарысына 

қолдау көрсетіп 

отырады  

«Балаларға өмір сыйла»

   SMS-жобасы жалғасуда  

мобилді жұмысқа арналған 

жаңа заманауи сканерлер

6 ақпанда  ең үздік отандық 

бренд-Kcell-ге 14 жыл толды

туРа 14 Жыл БұРын маңызды 

бір оқиға орын алды, оның әрбір 

қазақстандықтың өмірін өзгерткені 

сөзсіз — біздің елімізде GSM стандар-

тында бірінші қоңырау жасалды. Қазіргі 

кезде Қазақстандағы ұялы байланыс 

қызметін пайдаланатын 20 млн-нан 

астам абонент бар, олардың жартысы-

нан көбі — 13,6 млн адам — Kcell мен 

Activ-ті өз байланысы етіп таңдап алды.



2007 ЖылДан БаСтап Kcell 

мен Activ-ң барлық абоненттері 

Қазақстаннан өзге елдерде балаларды 

емдеу үшін қаражат жинау мақсатымен 

«Сәби» қоғамдық қоры мен «Ерікті 

Мейірімділік Қоры» ұйымдастырған 

«Балаларға өмір сыйла» SMS-

қайырымдылық жобасына қатысты. 



БаРлық KcellcenTer 

орталықтарында әрбір оператордың 

жұмыс үстелінде абоненттердің 

құжаттарын сканирлеп, бірден жұмыс 

бағдарламасына енгізуге арналған шағын 

сканерлер пайда болды. Енді KcellСenter-

ға өтініш білдірген кезде абонент қызмет 

Осы жобаға арнап біздің компания 8099 

қысқа нөмірін бөліп берді. 

2013 жылғы 7 ақпанда жоба 

шеңберінде 2 642 616 АҚШ доллары 

жиналып, Қазақстандағы 376 балаға 

көмек көрсетілді. Барынша толығырақ 

ақпаратты жобаның мына сайтынан 

табуға болады:  http://www.detdom.kz.

көрсету кезінде өз уақытын үнемдейді, 

өйткені оператор құжаттардың көшірмесін 

түсіремін деп әуреге түспейді және або-

нент те нөмірді тіркейтін/қайта тіркейтін 

кезде Activ-ң тіркеу нысанын қолмен 

толтырмайды. Оператор базаға абоненттің 

деректерін салады, құжаттың сканирлен-

ген көшірмесін енгізіп, дайын тіркеу ныса-

нын басып шығарады, ал абонентке бар 

болғаны қолын қою ғана қалады. Тиісті ны-

сандарды толтыру уақытының қысқаруы 

абоненттердің де, операторлардың да 

көңілінен шықты -сканер қолданылу 

жағынан ыңғайлы және мөлшері де шағын 

ғана.


Жыл Сайын алМаты облысы, 

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылындағы 

Шеңгелсу шатқалында құсбегiлердiң 

«Сонар» байқауы және байырғы 

бүркітші-аңшы Әбен Токтасынұлын 

еске алуға арналған турнир өтеді. Ең 

жас бүркітшілер жарыс қорытындысы 

бойынша құсбегі дағдыларын жетілдіру 

үшін тәлімақы алады. Сондай-ақ Kcell-ң 

қаржылық қолдауымен «Қыран» 

федерациясы «Жалайыршора» 

орталығымен бірлесіп, Қазақстандағы 

құстармен аңға шығуға арналған 

керек-жарақтарды өндіретін жалғыз 

шеберхананы ұйымдастырды. «Сонар» 

байқауына қолдау көрсете отырып, Kcell 

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап 

қалуға өз үлесін қосуда. 

н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]


10

Пэр-арне Бломквист:

LTE-мен танысқан адам ескі

технологияларға кері қайтуды қаламайды



2013 жылдың ақпанында TeliaSonera Президенттің м.а. және СEO 

қызметіне тағайындалған соң, Пэр-Арне Бломквист Қазақстанға Kcell 

тобымен танысуға келді. Біз одан нарық пен жаңа технологиялардың 

даму болашағы, сонымен қатар Kcell алдына қойылған міндеттері туралы 

әңгімелеп беруді өтіндік

— 2009 жылы, Сіздің сөзіңізге қарағанда, TeliaSonera әлемнің 

20 мемлекетінде өз орнын тапты, ал қазір сол мемлекеттер 

саны — 15. Компания ауқымының кеңеюі немесе, керісінше, 

аталмыш бизнестің тоқтатылуы жөніндегі компанияның 

стратегиясы, әсіресе Орталық Азия өңірінде, қандай?

— Қазіргі таңда біз Прибалтиканы қоса алғанда көптеген 

мемлекеттерге, сонымен қатар Еуразия мемлекеттеріне, оның 

ішінде Түркия мен Ресейге танымалмыз. Аталған өңірде 

компаниямыз бен шараларымыздың ауқымын кеңейту 

мүмкіндіктерін қарастырған болатынбыз. Біршама уақыт бұрын 

біз Қырғызстанның нарығына назар салған едік, дегенмен, түрлі 

себептерге байланысты, ол елде бизнес жүргізу мүмкіндігіне 

көз жеткізе алмай отырмыз. Басқа елдерде серіктестікті кеңейту 

мүмкіндіктері туындаған жағдайда, біз ол мәселені шын 

ниетімізбен қарастырамыз. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал