Редакция ал қ



жүктеу 1.62 Mb.

бет3/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚОҒАМҒА ЕСЕП БЕРЕТІН 

АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Транспарентті және есеп беретін мемле-

кет қалыптастыруға бағытталған БЕСІНШІ РЕФОР-

МА шеңберінде бірнеше түйінді міндеттерді шешуге 

тура келеді.

Біріншіден, «Үкімет азаматтар үшін» 

Мемлекеттік корпорациясы құрылатын болады.

Бұл жаңа құрылымға қазір жұмыс істеп тұрған 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжы-

майтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-

өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі 

мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік 

кәсіпорындары біріктіріледі.

Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ортақ 

провайдеріне ғана өтініш береді.

Бұл оларды ұсынудың мөлдірлігін қамтамасыз 

етіп, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұрау са-

лынатын құжаттар тізімін қысқартады.

Қызмет көрсететін мемлекеттік органдар 

корпорацияға өз өкілеттіктері шеңберінде барынша 

ықпал жасап, сондай-ақ бүкіл мемлекеттік қызмет 

көрсетулердің 2017 жылдың соңына дейін берілуін 

қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына Үкімет 

өкілі жаңа Корпорация бо лып табылатын ортақ Про-

вайдер, сон дай-ақ ҮЕҰ құратын арнаулы қоғам дық 

кеңес бақылау жасайтын болады.

Екіншіден, мемлекеттік басқа рудың бүкіл 

жүйесі нақты нәти же лерге қол жеткізуге бағдар 

ұстанады.

Ол үшін жыл сайын Үкімет, министрлер, әкімдер 

үшін және осылайша мемлекеттік органның әрбір 

құрылымдық бөлімшелеріне дейін мақсатты индика-

торлар қабылданатын болады. Барлық мемлекеттік 

қызметші өздерінің басшылығы бекіткен жеке жо-

спарлар бойынша жұмыс істейді.

Мансаптық дәреже, олардың біліктілігі, атқаратын 

функциясы және оған бекітілген өкілеттіктер 

негізінде мемлекеттік қызметшілердің ағымдағы тап-

сырмаларды орындау жүйесін жеңілдетуде маңызды.

Үшіншіден, сапалы жоспарлауды жүзеге асы-

ру үшін мемлекеттік статистиканың анықтығын 

қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан сапалы статистикалық мәлімет 

беруде респонденттер мен әкімшілік көздерінің 

жауапкершілігін арттыру маңызды.

Осы жайлардың бәрі нормативтік-құқықтық 

актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бары-

сында ескерілген.

Төртіншіден, менің тапсырмам бойын-

ша мемлекеттік органдардың бағдарламалық 

құжаттарына ревизия және оңтайландыру жүргізілді.

Бұдан әрі де барлық деңгейдегі бағдарламаларды 

жоспарлауда, әзірлеуде және жүзеге асыруда 

ЭЫДҰ ұсынымдамаларына негізделген 5 шешуші 

қағидат – негізділік, сабақтастық, транспаренттілік, 

мониторинг және бақылауды нақты сақтау қажет.

Аумақтарды дамыту бағдар ламалары да осы 

тұрғыда қайта пішімделуі тиіс.

Барлық жаңа мемлекеттік және үкіметтік 

бағдарламаны премьер-министр басқаратын консуль-

та тивтік-кеңес беруші орган қарауы керек.

Бесіншіден, бюджет кодексіне өзгерістер мен 

толықтырулар қабылданды.

Мемлекеттік органдарға түпкі нәтижелерге қол 

жеткізу үшін бюджет қаржыларын шұғыл түрде 

қайта бөлу құқы берілді.

Құрылым және штат саны бойынша шешімдер 

қабылдауда олардың өкілеттіктері кеңейтілді, ол 

білікті мамандар тарту үшін маңызды.

Алтыншыдан, мемлекеттік басқару 

органдарының жұмысына баға берудің жаңа 

жүйесі сыртқы тәуелсіз аудиттің міндеттілігі, 

жариялылығы жұртшылықпен кері байланыс, 

басшылардың дербес жауапкершілігі қағидаттарына 

негізделеді.

Бағдарламалық құжаттардың орындалуы мен 

мемлекеттік органдар қызметі бағасының берік өзара 

байланысын қалыптастыру маңызды.

Мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру 

шеңберінде Есеп комитеті мен қаржылық бақылау 

органдарын реформалау жоспарланып отыр. 

Олар сараптамалық-талдамалық құрамдастарды 

күшейте отырып, әлемдік аудиторлық компаниялар 

моделі бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Оның сыртында квазимемлекеттік сектор 

субъектілерінің жыл сайынғы аудиті, әсіресе, бюд-

жет қаржыларын пайдалану бөлігінде аутсорсингке 

беріледі.

Жетіншіден, мемлекеттің транспаренттілігі мен 

есептілігінің негізгі критерийлерінің бірі – халықтың 

ақпараттарға қолжетімділігін кеңейту болып табыла-

ды.

2016 жылдан бастап азаматтар мен заңды 



тұлғалардың сауалдары бойынша, мемлекеттік 

құпиялар мен өзге де заңмен қорғалатын 

құпиялардан басқа, мемлекеттік органдардың барлық 

ақпараттына қолжетімділік қамтамасыз етілетін бо-

лады.

Жеке компаниялар да, егер олар қоғамдық функ-



циялар атқарса немесе бюджет қаржыларын алушы-

лар болып табылса, ақпараттар ашықтығы ережесін 

ұстануға тиіс болады.

Бұл орайда мемлекеттік орган дардың жаңа, аза-

маттар үшін қолайлы және түсінікті ақпараттарды 

беру пішімін әзірлеуі және енгізуі талап 

етіледі. Қазіргі бар порталдарды жаңғырту, сол 

сияқты ауылдық елді мекендерді жоғары 

шапшаңдықты трафикпен қамтамасыз ету бойынша 

үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді.

2016 жылдан бастап орталық және жергілікті 

мемлекеттік органдарда автономды, дербестік, 

жариялылық, мерзімді ротация қағидаттарында 

жаңа Қоғамдық кеңестер құрылып, жұмыс істеп 

тұрғандары қайта пішімделетін болады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сәйкес бұл ин-

ститут қоғамдық ба қылаудың жаңа тиімді тетіктеріне 

ие болды.

Кеңестер құрамы квоталық қағидат бойынша 

құрылады, бірақ олардың мүшелерінің үштен екіден 

кем емес бөлігін жұртшылық өкілдері құрауы тиіс.

Кеңестер басында мемлекеттік қызметте жоқ 

белгілі қоғам қайрат керлері тұруы тиіс.

Қоғамдық кеңестерге мемлекеттік ор гандардың 

бюджеттік бағдарламал а рының жобаларын және 

олардың орындалуын, стратегиялық жоспарларды, 

аумақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау құқы 

беріледі.

Олардың отырыстарында мақсатты 

индикаторларға қол жеткендігі туралы атқарушы 

органдардың есептері тыңдалып, азаматтардың 

құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне 

қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобалары 

қаралатын болады.

Атқарушы биліктің барлық сатысы мен Үкімет 

мүшелерінің азаматтар алдындағы есептері 

қарастырылған.

Олар сондай-ақ заңнамаларды жетілдіру бой-

ынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік органдарға 

ұсыныстар енгізетін болады.

Кеңестердің шешімдері ұсынымдамалық сипатқа 

ие болады, бірақ олардың қаралуы мемлекеттік ор-

гандар үшін міндетті.

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

20

21

МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫН 



БӘСЕКЕЛЕСТІ ОРТАҒА ЖӘНЕ 

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУҒА БЕРУ

Мемлекеттің дамуы бірқатар мем лекеттік функ-

цияларды бәсекелестік ортаға беруді талап етеді, ал 

олар бүгінде, бүтіндей алғанда, 4,5 мыңға жуық.

Осы мақсатта премьер-министрдің 

орынбасарының басшылығымен, оның құрамына 

парламент депутаттарын, орталық атқарушы орган-

дар басшыларын, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның 

Азаматтық альянсы өкілдерін қоса отырып, тұрақты 

жұмыс істейтін Комиссия құрылады.

Оның шеңберінде әрбір мемлекеттік орган 

бойынша бәсекелесті ортаға берілетін функци-

ялар тізімі анықталады. Сондай-ақ бәсекелесті 

ортаның берілетін мемлекеттік функцияларды, 

жұмыс істеп тұрған регламенттерді, сондай-

ақ бағалар мен сапа критерийлерін жүзеге 

асыруға дайындығын ескере отырып, оларды беру 

пішінін таңдап алу қажет.

Комиссия мемлекеттік функцияларды беру 

регламентін қарастырып, мониторинг жүргізеді және 

олардың орындалу сапасына бақылау жасайды.

Оларға үш сатыда берілетін жергілікті өзін 

өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктер 

беру орталық деңгейдегі реформалардың заңды 

жалғасы болуы тиіс.

Бірінші сатыда (2016-2017 жылдар):

– аудан әкімінің аудандық маңыз дағы қала, 

кент, ауыл және ауылдық округ әкімі лауазымына 

ұсынатын кан дидатурасын одан әрі аудан мәсли-

хатына және сайлау өткізуге енгізу үшін келісу;

– әкімді босату туралы мәселеге бас тамашы болу;

– жергілікті қоғамдастықты дамыту туралы 

бағдарламалық құжаттар жобаларын қарау және 

абаттандыру мен қоғамдық тәртіптің көкейкесті 

мәселелерін талқылау;

– қолма-қол ақшаның бақылау шоты есебінен 

алынған мүлікті иеліктен шығаруда аудан әкімі 

ұсынысын қарау;

– елді мекендер шеңберіндегі жер телімдерінің 

мақсатты пайдаланылуын және жеке тұлғалардың 

заңсыз иеленуіне жол бермеуін бақылау;

– жергілікті қоғамдастықтың мем лекеттік 

мекемелеріне басшылар та ғайындау бойынша 

ұсыныстар енгізу;

– оларға қосымша екі салықты – көлік және заңды 

тұлғалардан жер салығын алу құқын беру жолымен 

жергілікті өзін өзі басқарудың салықтық әлеуетін 

күшейту.


Екінші сатыда (2018 жылдан бас тап):

– аудан мәслихаты бекіткен жергілікті өзін-өзі 

басқару бюджетін сатылап қалыптастыру;

– әкімнің аудандық мәслихатқа бекіту үшін 

енгізген жергілікті қоғамдастық бюджетінің жобасын 

жиналыстың келісуі және олардың орындалуы тура-

лы есепті мәслихатқа ұсыну үшін қолдау;

– жергілікті қоғамдастықтың ком муналдық 

меншікті басқару мәселелері;

– бюджетті тұрғындары 2 мың адамнан асатын 

әкімшілік-аумақтық бірлік үшін ғана енгізу және оны 

аудандық мәслихаттың бекітуі;

– «Жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық 

меншігі» институтын енгізу;

– олардың әлеуетін ұлғайту мақса тында ауылдық 

округтер деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті 

нығайту мәселесін әзірлеу.

Үшінші сатыда (2020 жылдан) төмендегілер 

қарастырылады:

– жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органын құру;

– халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді 

мекендерде жергілікті өзін өзі басқарудың дербес 

бюджетін енгізу;

– қоғамдық маңызды мәселелерді қамтитын 

жергілікті бюджеттердің жобалары бойынша 

азаматтардың ұсыныстарын қарау ресімдерін енгізу.

Осы шаралардың бәрін орындау мемлекеттік 

органдардың шешімдер қабылдау үдерісінің 

мөлдірлігін арттырады және жергілікті өзін өзі 

басқару жүйесін дамытуға жағдай жасайды.



ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫ 

КЕҢ АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫ

Ұлт Жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі ба-

сталды. Ол Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 

бақылауымен жүретін болады.

Барлық мемлекеттік органнан, қоғамдық инсти-

туттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, 

табандылық, креативтілік және қажырлылық талап 

етіледі.


Бізге үлкен жолдан өтуге тура келеді, ол бойын-

ша біз қазір алғашқы 100 қадамды жасаудамыз.

Басқа қадамдар да болады, мен оған айна-қатесіз 

сенімдімін.

Эволюциялылық және тұтастай 

қамтушылық – ширек ғасырлық мерейтойына қадам 

басып, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихын алға бас-

тырып отырған жаңғырту үдерісінің басты қағидаты 

да – осы.

Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемле-

кет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана 

табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. 

Ол тәртіпке бастауы тиіс.

Біріншіден, мемлекеттегі тәртіпке.

Екіншіден, барша үшін де міндетті заңдардың 

қаріпінде бейнеленген бизнестегі барша үшін мөлдір 

және міндетті ережелерді орнатуға.

Үшіншіден, қоғамдық және саяси өмірдегі тәртіп 

пен келісімге.

Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, 

шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа 

Қазақстанды – Ұлы Дала Елін құрдық.

Ұлт Жоспарын орындай отырып, біз 

өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін 

кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдар ішінде қол 

жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық 

мүмкіндікті пайдаланамыз.

Әлемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам 

басқан елдердің мысалдары бар. Біз олардың жарқын 

тәжірибелерін зерттеп, ескереміз.

Қазір біз экономиканың, мемлекет пен 

қоғам дамуының ең табыс ты жаһандық модельдерін 

өлшем ретінде аламыз.

Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арма-

нын ұмыт қалудың жүз жыл   дығынан шыға оты-

рып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда 

тұру тұрғысында бейнелейтіндер кемде-кем.

Біз Қазақстанның осынау тарихи 

тағдырына сенеміз.

Мен қазақстандықтарды Ұлт Жоспарын жүзеге 

асыруға және рефор   маларды жүргізуге барынша 

бел сенді қатысуға, олар ашатын мүм кіндіктерді 

пайдалануға шақырамын.

Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орын-

далуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді 

түрде қол жеткізетін боламыз!



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

22

23

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!



АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!

КӨРКЕМ АУДАРМА ЖӘНЕ 

СӨЗЖАСАМ 

Сөздік құрамның баюына көркем 

аударманың қатысы, сөзжасам мен термин-

жасам үдерісіндегі рөлі – қазақ тіл білімінде 

арнайы зерттелмеген мәселелердің бірі. 

Бұл жөнінде аудармаға қатысты жекелеген 

еңбектерде, ғылыми мақалаларда ішінара 

пікірлер айтылғаны болмаса, жүйелі зерт-

теулер жасалмаған. Ал, шын мәнінде, 

көркем аударма тілдің лексикалық және 

терминқорын байытудың бір жолы, ал қазақ 

тіліне аударылған көркем шығармалар 

терминологиялық лексиканы қалыптастыруға 

үлкен үлес қоса алатын құнарлы қайнар 

көздердің бірі деуге болады. Бұл орайда 

белгілі аудармашы Жұмағали Ысмағұлов 

Жүсіпбек Аймауытовтың аудармашылық 

қыры туралы айта келіп: «Осы аудармалар-

да, сөз жоқ, орасан зор термин байлығы, 

тіл қазынасы, тамаша тәржіма үлгісі бар. 

Соларды зерттеу керек, ортақ істің әжетіне 

жарату керек», – деп көркем аудармадағы 

термин байлығын зерттеу қажеттілігін өте 

орынды атап көрсетеді. Мәселенің осы қырын 

тереңірек зерделеу мақсатында біз соңғы 

бес-алты жыл көлемінде орыс тілінен қазақ 

тіліне аударылған көркем шығармаларды 

салыстыра-салғастыра қарастырдық. Қомақты 

тілдік дерек жинақталды. Сол сөз байлығын 

лингвистикалық талдау негізінде біздегі 

терминдер мен жаңа атаулардың елеулі бөлігі 

көркем мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне 

аудару барысында жасалғанын тілдік деректер 

анық көрсетті.

Ғылым тілі мен көркем әдебиет тілінің 

немесе ресми-іскери тіл мен баспасөз тілінің 

арасына қамал орнатып, оларды бір-бірінен 

КӨРКЕМ АУДАРМА 

және 

СӨЗДІК ҚҰРАМ

мүлде бөліп тастауға болмайды. Ұлттық әдеби 

тілдің түрлі қабаттарын құрайтын лексикалық 

қордың және функционалдық стильдердің 

өзіне тән  ерекшеліктері болғанымен, олар 

халық тілінің, бір бүтіннің ажырамас бөлігі 

ретінде үнемі өзара тығыз байланыста да-

мып отырады. Сондықтан тіліміздегі термин 

шығармашылығын тек ғылыми әдебиеттермен, 

терминологиялық сөздіктермен ғана байла-

ныстырып қарау жеткіліксіз. Өйткені ғылым 

тілі ұлттық әдеби тілден бөлек өмір сүрмейді. 

Қазақ тілінің термин қорын да тіліміздің 

жалпы сөздік қорынан, бүкіл лексикалық 

байлығымыздан бөліп, онымен байланы-

стырмай қараудың да негізі жоқ. Керісінше, 

оларды өзара тығыз байланыста қарастыру 

арқылы біз, тұтастай алғанда, ұлт тілінің сөз 

қорының даму сипаты мен қарқынын, кезеңдік 

ерекшелігін, қазіргі жай-күйін анықтау 

мүмкіндігіне ие бола аламыз. Сондай-ақ әр 

кезеңде жасалған көркем аудармалардағы жаңа 

сөздер мен қолданыстарды жинақтау арқылы 

екі мәселені анықтауға болады. Біріншісі – 

көркем аударманың сөздік қорды байытуға 

қосатын үлесі мен лексикалық қор дамуының 

кезеңдік сипаты. Екіншісі – әр аудармашының  

авторлық қолданыстары мен оның сөз жасау 

тәжірибесі. Қазақ тіліндегі ХХ ғасыр мен 

ХХІ ғасыр басында жасалған көркем аударма 

қорының негізгі басым бөлігі орыс тілінен 

тәржімеленген. Біз әлем әдебиетінің 200-ден 

астам шығармасының қазақша аудармасын 

орыс тіліндегі нұсқасымен салыстыра отырып 

қарастырғанда мол сөз байлығы жинақталды. 

Оларды тілдік тұрғыдан талдап жеке моно-

графия әрі сөздік ретінде баспаға дайындап 

отырмыз. Бұл мақалада көркем аударманың 

сөздік құрамымызды байыту мәселесінің 

кейбір маңызды қырларын біз қарастырған  

шығармалардың бірқатарынан алынған 

жекелеген мысалдар негізінде сөз етпекпіз. 

Мысалы, Әлихан Бөкейхан Н.Маркстен 

аударған «Сұлтан Сәлиде» – «құласын»  



(развалина) «Азамат Юсуф» әңгімесінде  

«далашық» (полянка), «қонақхана» (гости-



ница), «Тілік қиясында» – «шайханашы» 

(кефеджи)«Антармда» – «қорғанбасы» 

(начальник крепости), «Мақардың түсінде» 

– «үйшығаш» (юртенка), «өзеншік» (речка), 

«Кавказ тұтқынында» – «төре» (барин) сияқты 

көптеген жаңа атаулар мен жаңа қолданыстар 

кездеседі. Мұхтар Әуезовтің И.С.Тургеневтен 

аударған «Дворян ұясында» (Алматы: 

«Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспа-

сы», 1952. 158б.) – «асжаулық» (скатерть), 

«аялшақ» (робкий), «гүл-алқа» (венок), ила-

ныш (убеждения), көңілқостық (сожаленье), 

«саушылық» (здоровье), «сауытша» (таба-

керка), «сезікшілдік» (подозрителность), 

«сыбысқұмарлық» (любопытство), «үйіші» 



(семейства), «шартнама» (декларация) тәрізді 

көптеген жаңа атаулар мен қолданыстар 

бар. Ги де Мопассанның «Өмір» романын 

аударған Әбіш Кекілбаев «сиделка», «испо-



ведальня» сөздерін  «бағымшы», «тәубехана» 

деп аударадыФранцуз қаламгерінің 

«Томпыш» хикаятын аударғанда жазушы 

Бексұлтан Нұржекеұлы «сайдауыт» (аван-



гард), «тоңтәртіп» (формальность) атауларын 

қолданады. Оноре де Бальзактың белгілі 

аудармашы Жұмағали Ысмағұловқазақша 

сөйлеткен «Шегірен былғары» романынан 

«азапшы» (инквизитор), «дәршімай» (духи), 

«жарқылдақ қауым» (светское общество), 

«жойымпаз» (ликвидатор), «қайырхана» 

(богадельня), «қиырсыздық» (безконеч-

ность), «шеңберше» (ободок) сияқты атау-

ларды кедестіреміз. Ал Проспер Мерименің 

Әбілмәжін Жұмабаев аударған «Қиямет түні» 

романында – «елкезбе» (странник), «бозым» 



(парен), «қамал-сарай» (замок), «мейман-

жай» (гостиная), «сұхбатхана» (беседка), 

«тәңірия» (богоматерь), «ішермен» (собу-

тыльник) сияқты сөздер ұшырасады. Кеңес 

Юсуп аударған Габриэль Гарсиа Маркестің 

«Сенбіден сенбіге дейіні» «айшалық» (лу-

натик), «анареркі» (матриархат), «әмбие» 

(священник), «басқойғыш» (подголовник), 

«білексалар» (подлокотник), «дәркер» (кли-



ент), «идара» (ведомство), «қардарлық» 

(залог), «сыбыршы» (суфлер), «тәнөрнек» (та-

туировка), «жиенбике» (племянница) және т.б. 

тың баламалар мен жаңа қолданыстарға бай. 

Бұлардың арасында жаңа жасалғаны да, тілде 

бұрыннан бар кейбір сөздердің жаңа мағынада 

жұмсалғандары да бар. 

Көркем аудармамен айна лысқан 

қаламгерлер мен кәсіби аудармашылар 

қаламынан туындаған мұндай жүздеген 

атаудың бірқатары жаппай қолданысқа көшіп, 

лексикалық қорымызды байытса, екінші бір 

тобы авторлық қолданыс ретінде аударма 

әдебиеттер мәтіні шеңберінде қалып қойып 

жатады. Сәтті жасалған баламалардың 

көпшілік көңілінен шығып, жалпы қолданысқа 

ие болатындығы түсінікті. Алайда әдеби 

тіл қорына енбеген атаулардың бәрін сәтсіз 

жасалған балама деп біржақты қорытынды 

жасауға мүлде болмайды. Жоғарыдағы 

атауларға зер салып қараған адам оны 

байқауына болады. Әртүрлі тілдік және 

тілден тыс себептерге байланысты көптеген 

ұтымды жасалған сөздер жаппай қолданысқа 

жолдама ала алмай қалып жатады. Мәселен, 

Әлихан, Ахаң бастаған алаш қайраткерлерінің 

қаламынан туындаған жүздеген атауды 

«халық жауларының» көзіндей көріп, саяси 

сыңаржақтық себебінен қолданыстан шет-

теткен заман болды. Сонымен қатар бізде 

әр кезеңде жасалған жаңа сөздердің бәрін 

уақытында мұқият жинап, жүйелеп, кәсіби 

тұрғыдан талдау арқылы асылын жасығынан 

ажыратып алу дәстүрі орныққан дей алмай-

мыз. Анығырақ айтқанда, бұл мәселе бізде 

үздік-создық, жол-жөнекей қарастырылып, же-

келеген қаламгерлер мен ғалымдар тарапынан 

мәселенің маңызы жөнінде айтылғаны болма-

са, онымен жылдар бойы ешбір ғалым, еш ме-

кеме  жүйелі, ыждағатты түрде айналыспаған. 

Сол себептен де кейде сәтсіз жасалған кейбір 

атаулар халық тіліне еніп кетіп, керісінше, 

нағыз білікті маманның, сөзжасам шеберінің 

қаламынан туындаған сөз маржандары тасада 

қалып қоятын жағдайлар да кездеседі.

Көркем аударма жалпы әдеби тілмен бірге 

термин қорымызды байытуға да елеулі үлес 

қосады. Тіліміздегі салалық терминдер мен 

қоғамдық-саяси лексиканың қомақты бөлігі 

– көркем аударма барысында туындап, содан 

кейін барып, арнаулы лексика құрамына өткен 

атаулар. 



      

КӨРКЕМ АУДАРМА ЖӘНЕ 

ЖАҢА СӨЗ 

Тіліміздегі жаңа сөздер мен терминдерді 

өздерінің шығармашылық үдерісінде 

түрлі саланың мамандары, аудармашылар, 

қаламгерлер,  журналистер жасайды. Ал 

ол атаулардың әдеби тілде орнығып, жал-

пы қолданысқа көшуіне көркем әдебиеттің 

тигізер ықпалы айрықша. Жаңа сөздермен 

қатар көптеген жаңа терминдерді жазушы 

қауымның көркем аудармалар мен төл туын-

дыларында қолдануы олардың ұлттық әдеби 

филология ғылымының 

докторы, 

профессор, ҚР ҰҒА  

корреспондент мүшесі

Шерубай 

ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

24

25

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!



АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!

тілге енуіне, көпшілік санасына сіңуіне едәуір 

әсер етеді. Сондықтан жекелеген авторлардың 

еңбектерінде немесе белгілі басылымдарда 

ғана қолданылған ондай сөздердің көркем 

аудармаларда да пайдаланылуын қадағалап, 

тілдік сараптан өткізіп отыру өте маңызды. 

Тағы бір назар аударатын тұсы көркем ау-

дармамен негізінен өздері көркем мәтін 

түзуге қабілетті сөз мағынасына, мағына 

реңктері мен сөздердің тіркесімділігіне мән 

беретін белгілі қаламгерлер мен көркем 

аударма жасауға төселген тәжірибелі аудар-

машылар айналысады. Тіл байлығы мол 

көрнекті шығармашыл тұлғалар синоним-

дер мен ұсынылған баламалар арасынан 

ұтымдысын таңдауға талғаммен қарайды. 

Ал ресми мекемелердің құжаттары мен 

ісқағаздарын, заң мәтіндерін аударушылар 

дәлдікке, қазақша мәтіннің орысшасымен 

бірдей болуына [аутенттікке], өзінен жоғары 

тұрған мемлекеттік органдар мен салалық 

заңдарға, нормативтік актілерге көбірек 

сүйенеді. Аутенттік аударма дегеніміз – 

түпнұсқа мәтінмен бірдей заңдық күші бар 

ресми құжат аудармасы. Екі тілдегі мәтінді 

бірдейлестіру – басты талап. Осы талап 

үдесінен шығу үшін қазақтың заң тілін, 

ресми ісқағаз тілін орыс тіліндегі мәтінге 

сәйкестендіру қалыпты құбылысқа айналды. 

Дұрысы – кез келген заң, құжат алдымен елдің 

мемлекеттік тілінде әзірленіп, содан кейін 

ғана қажетіне қарай басқа тілдерге аударылуға 

тиіс еді. Бізде олай болмады. Заң мәтіндерінің 

түпнұсқасын елдің заңды мәртебе берілген 

тілінде жазбайтын, өзге тілде дайындап, со-

дан кейін ғана өз тілімізге аударатын дәстүрді 

орнықтырдық. Жуық арада ол дәстүрді бұза 

қоятын түріміз көрінбейді. Осындай жолға 

түсіп алғаннан кейін қазақ тілі аударма тілге 

айналмағанда қайтеді? Егер заң, қаулылар 

алдымен қазақ тілінде дайындалса, олардың 

тілі жеңіл де жатық болып, сірескен аударма 

тіл қалыптаспас еді. Аударманың бұл түрінде 

шығармашылық ізденіске мүмкіндік, уақыт 

бөлуден гөрі жедел аударуға көп көңіл бөлініп, 

кей жағдайларда асығыстыққа жол беріледі. 

Екі жыл, құрығанда екі ай мерзім ішінде 

орысша әзірленген заң жобаларын қазақшаға 

екі күнде, екі-үш сағатта аудару жөнінде тап-

сырма берілсе, оған таңғалмайтын жағдайға 

жеттік. Соның салдарынан сірескен сөйлемдер 

мен талғамсыз жасалған, көп ойланбай-ақ 

таңдай салынған терминдерді заңдар мен 

қаулылар, жарлықтар мен бұйрықтар бетінен 

оп-оңай кездестіретін болдық. Қазіргі заң, 

құжат тілінің мәтіні сіресіп, қазақ сөйлемінің 

құрылысы бұзылып тұрса да, орысшасымен 

бірдейлігіне қол жеткізілсе, құқықтық норма 

бұзылмаса, аударманы «мінсіз» деп санайтын-

дар көбейді. Заңдар мен нормативтік құжаттар 

дайындалатын тұпнұсқа тіл, тұпнұсқа мәтін 

қазақтың заң тіліне, құжат тіліне үстемдігін 

танытып, талаптарын орындатып отыр. Қазіргі 

қазақтың ресми ісқағаз тілін «орыс тілінен 

аударылған» деуден гөрі «оның қалыбына 

салып құйылған көшірмесі» деуге көбірек 

келетіндей. «Тіліміз аударма тілге айна-

лып барады», – деп дабыл қағушылардың 

жиілеуі де сондықтан. Аударманың бұл 

түріне қойылатын басты талаптың бірі – 

аудармадағы теңтүпнұсқалықты сақтау. Осы 

теңтүпнұсқалықты сақтаймыз деп, қазақ 

тілінің нормаларын бірде сақтап, бірде «тап-

тап», қазақ сөйлемнің қалыбын жиі бұзып 

жатамыз. Бұл – негізінен аудармашының 

кәсіби біліктілігінен гөрі орыс тіліндегі 

түпнұсқа мәтінге тәуелділіктен, заң 

шығармашылығы мен нормативтік құқықтық 

құжаттарды әзірлеуде мемлекеттік тілмен 

бірдей қолданылатын тілдің біздегі ресми 

қолданыстағы позициясының беріктігінен 

туындап отырған жайт. Көркем аударма 

тілі мүлде мінсіз дей алмаймыз. Алай-

да бұл тұрғыдан келгенде көркем аударма 

жасаушылардың шығармашылық еркіндігі 

көбірек. Олар да түпнұсқа мәтіннен 

алшақ кете алмайды. Аударып отырған 

авторының өзіндік стильдік ерекшелігін 

сақтауға, айтпақ ойын дәл жеткізуге, әр 

сөзді мағынасына сай аударуға тиіс. Алай-

да ресми аудармадағыдай тұпнұсқа тілдің 

сөйлем құрылымы мен құқықтық нормаға 

байланып отырмайды. Сондай-ақ заң, ресми 

құжаттар аударушылардың аударған мәтіндері 

көбінесе ұжымдық сипатқа ие болады және 

аудармашының авторлығы сақталмайды. 

Олар аудармаға күнделікті жұмысы ретінде 

қараса, көркем аударма жасаушылар авторлық 

құқығын иеленетіндіктен, оған өзінің 

интеллектуалдық меншігі ретінде қарайды. 

Кез келген көркем шығарманың авторымен 

қатар оны аударған аудармашының аты-жөні 

де көрсетіледі. Сондықтан көркем аударма 

жасаушы өзі жасаған аудармасының сапасы 

үшін әрқашан жеке жауапты болады. Мұндай 

жағдайда аудармаға деген қарым-қатынас 

бірдей болады  деу де қиын.  Осындай фак-

торлар да аударма мәтінінің сапасына, сөз 

жасау мен сөз таңдауға, жаңа атауларды 

қолдануға әсер етпей тұра алмайды. Көркем 

шығармаларды аударған авторлардың 

жасаған сөздерін, сөз таңдауын, жаңа атау-

ларды қолдануын салыстыра қарасақ та, оған 

көз жеткізуге болады. Мысалы, жоғарыда 

көрсетілгендей Әбіш Кекілбаев Ги де 

Мопассанның «Өмір» романында «сидел-

ка» сөзін «бағымшы» деп аударса, Альбер 

Камюдің «Оба» романын аударған Сарбас 

Ақтаев осы сөзді «аяшы»  деп алыпты. Көркем 

аударма мұндай атауларға өте бай. Өйткені 

олар шығармашылық еркіндігін, сөзжасау 

мүмкіндігін мейлінше еркін пайдалана алады. 

Біз қарастырған көркем аудармаларда бір 

ғана «тротуар» сөзі –жиекжол, табанжол//

табан жол, аяқжол, жағажол, жаяусоқпақ, 

қаптал жол деп алты түрлі аударылыпты. 

Ал «хозяйка» сөзіне – бибі, қожабике, от-

ана,  қожайым, үй қожасы деген бес түрлі 

балама ұсынылған. «Юбка» сөзінің – белдем-

ше, етекқап, етекше, етеккөйлек; «беседка» 

атауының – самалжай, сұхбатхана, дамыл-

жай, сұқбаттақ; «шпораның» – батқы, тепкір, 

өкше темір; «закусканың» –  тіскебасар, 

басытқы, шайнама сынды бірнеше бала-

масы кездесті. Мұндай бірнеше нұсқасы 

қолданылған сөздер өте көп. Оларды аударма 

мәтіндерінен уақтылы жинақтап, ұғымды 

дәл беретін ең сәтті жасалғанын сұрыптап 

алып жаппай қолданысқа ұсыну арқылы 

біз лексикалық қорымызда болып жатқан 

өзгерістерді қадағалап отырумен қатар, сөздік 

құрамымызды байытып жатқан сөздердің 

сапасын да жақсарта аламыз. Осы орайда 

көрнекті тілші ғалым Л.В.Щербаның «Әрбір 

мәдениетті халық өзінің сөздік құрамында 

болып жатқан  өзгерістерді қадағалап отыруға 

міндетті екені анық»  деген сөзі  өте орынды 

айтылған. Сөзжасам үдерісін, терминқорды 

қалыптастыру, толықтыру жұмыстарын да 

бетімен жіберуге, лексикалық қорымызда не 

болып жатқанын кәсіби тұрғыдан зерделеп 

отыру мүмкіндігінен айырылып қалуға да 

болмайды. Егер бұл іс стихиялық сипат алып 

кетсе, мұнымыз тіл тазалығын, сөз мәдениетін 

сақтайтын мәдениетті жұрттың тірлігіне 

жатпайды. Сол себептен де көркем әдебиет 

тілінде, ғылым тілінде, баспасөз бен ресми 

тілде қандай сөздер мен терминдер жасалып, 

ұсынылып немесе қолданысқа еніп жатқанын 

үздіксіз бақылап, оларды дер кезінде кәсіби 

сұрыптаудан өткізіп отыру қажет.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал