Редакция ал қ



жүктеу 1.62 Mb.

бет2/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

БЮРОКРАТТЫҚ ШЫҒЫНСЫЗ 

ЭКОНОМИКАҒА ҚАДАМ БАСУ

Ауқымды жұмыс ҮШІНШІ РЕ ФОРМАТОРЛЫҚ 

БАҒЫТ – индустрияландыру мен эконо микалық 

өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар 

кешенімен байланысты.

Біздің ұзақ мерзімді ұстанымымыз экономика 

қызметіндегі транзакциялық шығындарды ұдайы 

қысқарту болуы тиіс.

Олардың көлемі, ең алдымен, мемлекеттік 

институттардың қалай жұмыс істейтініне байланы-

сты.

Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді 



жақсартуға бағытталған шаралар зор маңызға ие бо-

лады.


Біріншіден, бұл арада әңгіме салықтық және 

кедендік жүйелерді кіріктіру туралы болып отыр.

Бірте-бірте электронды пішім-

ге көшірілетін тауарлы-көліктік 

жүкқұжат бақылауы енгізіледі. Сондай-ақ 

құжаттардың сәйкес тендірілуі пішіні негізінде 

салықтық және кедендік тексерулер ресімі 

оңтайландырылады.

Тексерулерге шағым беру ресімі 

біртұтастандырылады.

Екіншіден, табыс пен мүлікті жалпыға 

ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу 

қарастырылады.

2017 жылы декларацияларды мемлекеттік 

кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық 

компаниялардың қызметкерлері – бұл шамамен 1,7 

миллион адам – ұсынатын болады. 2020 жылдан ба-

стап жалпыға ортақ декларациялаумен барлық жеке 

тұлға қамтылады.

Үшіншіден, салықтық әкімшілік жүргізуді 

оңайлату мақсатында қосымша құн салығының ор-

нына сатуға салық енгізудің орындылығы мәселесі 

қарастырылып жатыр.

Төртіншіден, қолданыстағы салықтық режімдерді 

оңтайландыру жоспарланып отыр, онда 2017 

жылдан салықтық кірістер мен шығыстардың 

есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл 

көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге 

мүмкіндік береді.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, 

табысты жұмыс істеп тұрған экономиканың маңызды 

қағидаты мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті 

қолдауы, оны қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз 

ету болып табылады. Бұл жайлар бизнестің 

оңалтылуы мен банкроттығының жаңғыртылған 

құқықтық қырлары бар Кәсіпкерлік кодексте көрініс 

тапқан.

Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық 



көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс биз-

нес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оның 

қызметінің заңнамалық негізі де Кәсіпкерлік кодек-

сте бекітілген.

Бұдан бөлек, онда мемлекеттік монополияға 

қарсы қызметтің құқықтық шеңберлері ЭЫДҰ стан-



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

12

13

дарттарына сәйкес егжей-тегжейлі баян етілген.



Жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін 

бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарлануы 

тиіс.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар 



тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі, 

ал 2017 жылдан бастап толықтай алынып тасталады.

Тиісті тауарлы рыноктарға субъек тілердің үлесін 

ұлғайтуға мұндай іс-қимылдар бәсекелестікті шектеу 

белгісі болмаған кезде ғана жол берілетін болады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық 

реттеу алынып тасталады, оның орнына тек 

монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары 

ғана пайдаланылады.

Монополияға қарсы қызмет жанынан жаңа ин-

ститут – моно полияға қарсы заңнаманы бұзушы-

лықтар қорытындылары бойынша қабылданатын 

шешімдердің объективтілігі мен мөлдірлігін 

қамтамасыз ететін келісім комиссия сы құрылатын 

болады.

Мемлекеттің кәсіпкерлікпен өзара іс-қимылы мен 



әріптестігінің жаңа қағидаттары Мемлекеттік сатып 

алулар туралы Заңның жаңартылған редакциясын-

да көрініс тапқан.

Олар өнімді сату үшін ұзақ мерзімді 

келісімшарттар жасасу арқылы тікелей инвестиция-

лар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл сондай-ақ 

Қазақстанда жаңа жоғары технологиялы өндірістер 

құруға қызмет ететін болады.

Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамы-

ту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер 

кодексіне енгізілген өзгерістер болды.

Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп 

тұрған 224 мыңнан астам агро өнеркәсіптік ке-

шен субъек тілеріне олар жалға алған 97,4 млн га 

жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оның 

үстіне кадастрлық құнының 50%-ы көлемінде 10 

жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, 102 млн гектар запас жердің 

ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге арналған 85,3 

млн гектарын да Қазақстан Республикасының заңды 

және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы 

сатып ала алады.

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылдың 31 

желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны 

заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынта-

ландыру шаралары қабылданды. Құпиялылықты 

сақтауға, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік 

қудалаудан қорғауға кепілдік беріліп отыр.

Бұл капитал ағынын ұлғайтып, көлеңкелі эконо-

мика деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік 

береді.

Заңды тұлғалардың оңалтылуы мен банкроттығы 



ресімдері заңнама лық деңгейде нақты және түсінікті 

бекітілген.

Компаниялардың банкроттығы, әлемдік 

тәжірибеге сәйкес, кәсіпорындардың 

жұмысшыларын қысқарту арқылы тоқтап қалуына 

алып келмеуі тиіс.

Өндірістің өміршеңдігі мен жұмыс орындарын 

сақтау үшін төлеуге қабілетсіздікті сотқа дейінгі 

тәртіпте реттеудің жаңа тетігі жасалды. Ол бо-

рышкер мен кредиторға кәсіпорынды қаржылық 

сауықтыру мақсатында қайта құрылымдау 

мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Ин-

весторлар өздерінің шығындарын азайтуға, қалпына 

келтіруге мүмкіндік алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелен-

діруді белсенді ете түсу үшін жекешелендіруден, 

активтерді әділ нарық бағасы бойынша сату-

дан, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік 

инвесторларға жекешелендіруге барынша 

қатысуға жағдай жасау үшін шектеулерді алып 

тастауға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер 

қабылданды.

Жекешелендірудің шешуші тетігі акцияларды қор 

рыноктарына ашық аукциондар арқылы орналастыру 

болады.

2016 жылдың І тоқсанында мүліктен айыруға 



жататын нысандардың тізімі қысқартылып, барлық 

акционердің квазимемлекеттік секторда иеліктен 

шығарылған актив терін сатып алуға басым құ қық-

тарын алып тастауды қарас ты ратын заң жобасы жа-

салатын болады.

Жаңа тетіктерді есепке ала отырып, жекешелен-

дірудің 2016-2020 жылдарға арнал ған кешенді жо-

спарын жүзеге асыру басталды.

Осы құжат шеңберінде бәсекелесті ортаға 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ пен 

«ҚазАгро» АҚ-тың мемлекеттік меншіктегі аса 

ірі 65 компаниясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-

тың құрамына кіретін 173 еншілес және тәуелді 

ұйымдары берілетін болады.

Сондай-ақ 545 ұйымнан тұратын жекешелендіру 

нысандарының қолданыстағы тізіміне өзекті сипат 

беріледі.

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» 

АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 

активтерінің бір бөлігі бәсекелесті ортаға өткеннен 

кейін олар ықшам холдингтерге қайта құрылатын бо-

лады.


Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен 

квазимемлекеттік сектор активтерін беру отандық 

кәсіпкерлікті, жеке бизнесті одан әрі нығайту мен 

дамыту үшін жүргізіліп отыр.

Жекешелендірудің кешенді жос парын жүзеге 

асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа 

серпін береді.

Пайдасын ұлғайтуға мүдделі жеке бизнес қызмет 

көрсету ауқымын кеңейтіп, өнімінің сапасын 

жоғарылатады, бәсекелестік өсетін болады, демек, 

ұсынылатын қызметтің бағасы төмендейді.

Аграрлық секторда әкімшілік кедергілер 

қысқарады.

Қазірдің өзінде аукцион тетігін енгізу жолы-

мен жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну ресімі 

жеңілдетілді.

Ал болашақта біз іздеуді, бағамдау мен кенорнын 

игеруді қоса алғанда, геологиялық жұмыстардың 

барлық түрін жүргізу тәсілін оңайлатуды 

қарастыратын жер қойнауын пайдаланудың 

аустралиялық моделіне көшеміз.

Экономикалық өсімнің жаңа бастауын 

қалыптастыру мен қазақстандық бизнестің бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруда бүгінде «Ұлттық чемпи-

ондар» бағдарламасы маңызды шара болып отыр. 

Оған қатысушылар – импорт алмастыруға бағыт 

ұстанған өндіріс секторының аса перспективалы 

компаниялары.

32 компания – «ұлттық чемпиондар» 2019-

2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестициялар-

ды шамамен 750 млн доллар көлемінде өсіруді, 

шамамен 15 мың жұмыс орнын құруды, еңбек 

өнімділігін 30-50%-ға арттыруды және шикізаттық 

емес экспорт көлемінің өсімін 260 млн долларға 

дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

СЫРТҚЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ 

ЖАҢА КӨЗДЕРІ

Ұлт Жоспарының экономикалық блогына кіретін 

шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторы-

на кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тарту-

ды қарастырады.

«Зәкірлі инвесторлармен» бірлескен 

кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші 

өнеркәсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың 

және басқа отандық компаниялардың 3 

тобы қамтылатын болады:

Бірінші топ – қайта инвестициялау арқылы терең 

жаңғыртуға жататын кәсіпорындар;

Екінші топ – трансұлттық корпорациялардың 

әлеуеті пайдаланылатын кәсіпорындар;

Үшінші топ – «зәкірлі инвесторлар» үшін жоғары 

нарықтық бәсекелі кәсіпорын мен экспорттық 

брендтердің пайда болуы.

Қазірдің өзінде 26-дан астам ТҰК-пен 

келіссөз жүргізілсе, олардың бірқатарымен нақты 

уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болды.

Ұлт Жоспарының үшінші бағы  тының темірқазық 

мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану 

және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

14

15

құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша 



АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) 

құру болып табылады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы тура-

лы» Қазақстан Республикасының Конституциялық 

Заңы қабылданып, күшіне енді.

АХҚО қызметінің экономикалық нәтижелері 

қазақстандық капитал рыногына тікелей шетел 

инвестицияларының ағыны есебінен жыл сайын 

орта есеппен ІЖӨ-нің 1 пайызға дейін жеделдете 

өсуінде көрініс табатын болады.

Мұның сыртында АХҚО шең берінде 2 мыңнан 

астам жұмыс орындары құрылады.

Біздің елордамыз Астана Еура зияның іскерлік, 

мәдени және ғы лыми орталығы ретінде дамып, 

әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, заманауи 

халықаралық көлік тік-логистикалық жүйеге ие бо-

лады.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ 

КӨКЖИЕКТЕРІ

Ұлт Жоспарында экономиканың бірқатар пер-

спективалы секторларын дамыту бойынша шара-

лар қарастырылған.

Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына 

және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты.

Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия 

сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасы-

на қарай 50 па й ызға төмендетуге қол жеткізу керек.

Ол үшін энергия сервистік келісімшарттар тетігі 

арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық ин-

весторларды тарту қажет.

Жеке энергия сервистік компа нияларды 

дамытуды белсен ді лендірудің, оларды энер-

гия үнемдеу саласына қызметтер кешенін 

ұсынуға ынталандырудың маңызы зор.

Елдің тұтынушыларын электр энергиясымен 

сенімді жабдықтау – электр энергетикасының негізгі 

міндеті.

Электр энергетикасы саласын дағы заңнамадағы 

өзгерістер энергия өндіруші ұйымдарға «бірегей са-

тып алушы» моделін енгізу арқылы негізгі қорларды 

жаңғыртуға, қайта құруға, ұлғайтуға және жаңартуға 

салынған инвестицияларды қайтаруда ұзақ мерзімді 

кепілдіктер беруді қамтамасыз етуді көздейді.

Энергия мен жабдықтау сенімділігін артты-

ру және түпкі тұтынушылар үшін электр энер-

гиясы бағасының бақылаусыз өсуінің алдын 

алу үшін өңірлік электр желілік компаниялар мен 

электрмен жабдықтаушы ұйымдарды нығайту бой-

ынша жұмыс жүргізіледі.

Ол салаға инвестициялар тарту үшін қолайлы 

жағдайлар туғызып, электр энергиясының 

халықаралық ағындарын ішкі тұтынушылар пай-

дасына қарай реттеуді қамтамасыз етеді, саланы 

мемлекеттік басқару сапасын арттырады.

Біз ғылымды қажет ететін экономиканы 

қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра 

береміз.

Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологи-

ялы өндірістердің сыни массасын өсіруге қол жеткізу 

маңызды.


Қазір Дүниежүзілік банкпен «Технологияларды 

коммерцияландыру» бағдарламасын бірлесіп жүзеге 

асыру шеңберінде 65 ғылыми жоба орындалуда.

Зәкірлік ТҰК-терді тарту техно логиялық даму 

орталықтарын құруға мүмкіндік береді.

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші 

бесжылдығының нәтижелері бойынша-ақ бірқатар 

ше шуші көрсеткіштерге қол жеткізілмек.

Бизнестің инновациялық белсен ділігі ІЖӨ-нің 20 

пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 

пайызға дейін артады.

Көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті да-

мыту мақсатында, «Нұрлы Жол» Мемлекеттік 

бағдарламасында қаралғандай, республикалық 

маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль 

жолдары қайта жаңғыртылатын болады. Оларда ақы 

алу жүйесін енгізу жоспарланған.

2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар 

шамамен 41 млрд тең гені құрайтын болады, ал ол 

рес пуб ликалық маңыздағы автожол    дардың бүкіл 

жүйесін ұстауға жағдай жасайды.

Қазақстанды халықаралық кө     ліктік-

коммуникация лық ағ ын дарға интеграция-

лау мақ са  тында мультимодальды «Еура зия лық 

трансқұрлықтық дәлізін» құру бо йынша жоба ба-

сталды.


Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз 

транзитін қамтамасыз етеді, жүк жеткізу құнын 2 

еседен астамға төмендетеді.

Қазақстандық маршруттарға қосым  ша жүк 

ағындарын тарту көліктің бар лық түрімен транзиттік 

тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 млн тонна-

дан 33 млн тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн 

тоннаға дейін ұлғайтады.

Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік ретте-

уден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 

мың тоннадан астамға ұлғайтуға жағдай жасайды.

Азаматтық авиация саласында әуе тасымалда-

ры, ең алдымен, отандық та сымалдаушылардың 

транзиттік әлеуеті мақсатты түрде ұлғайтылатын 

болады.

Әуе тасымалдарының рентабель ділігін арттыру 



үшін Алматы ма ңын да халықаралық авиациялық 

хаб құрылады.

Астананың әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы 

ретінде қалыптасуы үшін 2019 жылға дейін Токио, 

Син гапур және Гонконг сияқты жетек ші қаржы 

орталықтарымен жаңа халық аралық бағыттар ашы-

латын болады.

Құрылыс саласында құрылыс салушылардың 

бүкіл рұқсат беру ресімдерін «бір терезе» қағидаты 

бо йынша өту үдерісін реттейтін бірегей нормативтік 

құжат қабылданады.

Сараптаманың жекелеген түр лері, жұмыстың 

технологиялық күрде лілігіне байланысты жеке 

секторға берілетін болады. 2016-2020 жылда-

ры жобалардың 90 пайызға дейінін жекеменшік 

рынокқа беру жоспарланып отыр.

Сол сияқты құрылыстың сметалық 

құнын анықтаудың ресурстық әдісіне көшу де 

жоспарланған, ол құрылыс материалдарының, 

жұмыс күшінің және басқа да қызметтердің 

ағымдағы нарықтық құнын ескеруге жағдай жасайды.

Оның сыртында 2015 жылдың 1 шілдесі-

нен еурокодтарға негізделген жаңа құрылыс норма-

лары іске қосылған болатын.

Туризм сияқты перспективалы салада негізінен 

әкімшілік кедергілерді төмендету, жаңа туристік 

нысандар мен маршруттарды дамыту, көрсетілетін 

қызмет сапасын арттыру есебінен айтарлықтай 

өсімге қол жеткізу қарастырылуда.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ 

ЫНТАЛАНДЫРУШЫЛАРЫ

Экономиканың қарқынды дамуы еңбек 

қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне 

айрықша назарды қажет етеді.

Осы мақсатпен Қазақстан Рес публикасының жаңа 

Еңбек кодексі қабылданды.

Ол Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның 

еңбек стандарттарына негізделген.

Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері 

заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек 

ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойын-

ша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің 

ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.

Білім беру, денсаулық сақтау және халықты 

әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам 

әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Білім беру саласында мектепке дейін және 

мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стан-

дарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар 

жүргізілуде.

Білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын 

тілдерінде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кад-

рлар даярлау деңгейін арттыру бойынша шаралар 

қабылданды.

Тұрғындардың денсаулығын сақтау 

саласындағы басты міндет – міндетті медициналық 

сақтандыруды енгізу. Арқаулық медициналық 

көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке 

сектордың үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта 

кеңейеді және денсаулық сақтау қызметінің сапасы 

артады.

Медициналық қызметтің сапасы бойынша 



бірлескен комиссия құрылатын болады.

Медициналық мекемелерде басқарудың 

корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.

Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы 

сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету 

жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр.

Мұндай көмек табыстары отбасын ың 

әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс 

деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына 

көрсетілетін болады. Сонымен бірге көмек алушы-

лар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік 

бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде 

қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен 

қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі.

Бүтіндей алғанда, жаңа әлеумет тік саясаттың аса 



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

16

17

маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвес-



тициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты 

болмақ.


Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын та-

банды түрде өмірге енгізу қажет.

Қаржыландыру көлемін арттыра оты-

рып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті етіле 

түседі. Оның бағ дарламаларына қатысу еңбекке 

қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даяр лау 

курстарынан өтуге, өзінің білік тілігін арттыруға, 

шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 

жаһан дық дағдарыстың ағымдағы ықпа лына байла-

нысты объективті қиын дықтарды еңсеруге жағдай 

жасайды.

2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-

техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру ба-

сталады.


Оған қатысу, әсіресе, жас қазақ стандықтарға 

олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек 

дағдыларын алуға жағдай жасайды.

РЕФОРМАЛАР ТАБЫСЫ – 

ҰЛТ БІРЛІГІНЕ БАСТАР ЖОЛ

Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек 

ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың 

таңғажайып шыңдарына жете алатынын көрсетіп 

берді.

Біздің еліміз өзінің табысты даму 



моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен 

келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Қазіргі заманғы әлемде барлық да мыған мемлекет 

– біртұтас ұлттар.

Олар бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени 

рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудың ортақ 

мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің 

қуатымен және табыс тылығымен ажырағысыз 

байланыс ты екендігіне деген бірегей түсінік 

біріктіреді.

Бүгінде әлемнің барлық дамыған елі өздерінің 

жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан 

біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға 

келер болсақ, біз де осы жолға түстік.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр ғандай, 

біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стан-

дарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір 

ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецептілерге, 

модельдер мен жауаптарға ие емес.

Әлемде әлі ешкім де өмірдің осы сала-

сын өлшеуге қабілетті қандай да бір жалпыға ортақ 

біртектілік пен біртұтастық индексін немесе форму-

ласын ойлап тапқан жоқ.

Сонымен бірге біздің біртектілік пен ұлт бірлігі 

саласындағы жұмыс тарымыздың түпкі мақсаттары 

немесе технократтық түрде бейнелегенде,  күтілетін 

нәтижелер  ЭЫДҰ елдерімен ортақ.

Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық 

біртектілік негізінде ұлт ты дәйектілікпен 

қалыптастыру жолы.

Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен 

біртұтастығын нығайтуға бағытталғанТӨРТІНШІ 

РЕФОРМАНЫҢ мәні де – дәл осында.

Бізде қазірдің өзінде екі негіз бар, оларды дамы-

та отырып, біз өзіміздің болашағы Біртұтас Ұлтты 

дәйекті түрде нығайта беретін боламыз.

Біріншіден, ол – Қазақстан халқы Ассамблея-

сы. Оның миссиясы – бізді этносаралық бейбітшілік 

пен келісімнің мызғымастығына бастайтын жол.

Ғылым жердегі әрбір этнос кем деген    де бір 

айрықша сапаға ие дегенді айтады.

Біздің өміріміз қазақстандық 100 этностың 

100-ден кем емес, айрықша және қай таланбас 

ерекшеліктері бар еке нін көрсетіп отыр. Олардың 

бәрі жи налып келгенде, біздің Біртұтас Ұлты  мызға 

тамаша артықшылықтар береді.

Көпэтностық – біздің ортақ ұлы қазынамыз! Міне, 

20 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы 

байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты 

атқарып келеді.

Ассамблея – біздің қазақстандық біртектіліктің 

негізі де – осы.

Екіншіден, біз Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы-

на ие болдық.

«ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені 

барлық уақытта да туған жер қазақстандықтар 

үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған 

және болып қала береді.

Мәңгілік Ел идеясында болашаққа деген 

жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан.

Жасампаз қазақстандық патриотизмнің осы-

нау негізін біз өзіміздің ұлы істерімізбен 

қалыптастырдық.

Оны нығайтып, көбейтіп қана қоймай, сонымен 

бірге ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластырып 

отыру керек.

Мәңгілік Ел Патриоттық Актісінің тарихи және 

рухани күші де осыдан танылуы тиіс.

Біз біртұтас азаматтық, Мәңгілік Ел жалпыұлттық 

құндылықтары қағидатында Тәуелсіздік жылдары 

ішіндегі біздің жетістіктерімізді жұмылдыру, сондай-

ақ үш тұғырлы тіл мәдениетін енгізу негізінде 

Қазақстан қоғамын дамыту арқылы ортақ біртектілік 

пен ел бірлігін нығайтуды мақсат етудеміз.

Біздің күретамырлық басым дықтарымыз да – осы.

Осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру 

үшін, сөз жоқ, ЭЫДҰ елдерінің тетіктер жүйесі пай-

даланылады.

Олар қазақстандық ерекшелікті ескере отырып, ең 

алдымен, мәдениет пен білім беру саласын жаңғырту 

үшін, жастарды әлеуметтендіру және патриоттық 

тәрбие беру үшін бейімделген.

Сонымен бірге мемлекет құрудың жаңа 

белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығын 

нығайтудағы біздің стратегиямызда қағидатты 

маңызды сәт бар.

Біртектілік пен біртұтастық бо йынша бүкіл 

жұмысты біз Қазақстан хал қы Ассамблеясы айнала-

сында түзетін боламыз. Ол – шешуші қағидат.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі біртектілік 

пен біртұтастықтың тек нақты факторларға – 

меритократияға, кәсіби мемлекеттік аппараттың 

тиімді жұмысына, заңның үстемдігін қамтамасыз 

етуге, экономикалық өсімге, есеп беретін 

мемлекеттің транспарентті жұмысына ғана арқа 

сүйей алатынын көрсетіп отыр.

Басқаша айтқанда, Ұлт Жоспа ры ның барлық 100 

қадамының табысты нәтижелеріне арқа сүйейтін бо-

лады.

Біртектілік пен халықтың бірлігі негізінде 



біртектілікті нығайту үшін институттық негіз құру 

мақсатында заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет 

қаулылары, Мемлекеттік хатшы өкімдері пішімінде 

бірқатар құжаттар әзірленді.

Ұлт Жоспарының төртінші бағы тын жүзеге асы-

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

18

19

руды заңнамалық қамтамасыз ету үшін Парламент 



Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік рәміздер, 

мәдениет және тарихи-мәдени мұралар, туризм, 

үкіметтік емес ұйымдар қызметі мәселелері туралы 

заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Сондай-ақ қайырымдылық, демеушілік және 

меценаттық қызмет туралы жаңа Заң қабылданды.

3 жаңа Тұжырымдама әзірленді: біртектілік пен 

біртұтастықты нығайту және дамыту, Қазақстан 

халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту, дене 

тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту.

Мәдени саясат тұжырым дама сына, мемлекеттік 

даму және тілдердің жұмыс істеуі, білім беру 

бағдарламасына маңызды өзгертулер енгізілді. 

Оның сыртында туристік саланы дамыту 

тұжырымдамасы, 2020 жылға дейін үш тілді білім 

беруді дамытудың жол картасы әзірленді.

Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету 

бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді.

Қазақстандық музейлерді және мемлекеттік 

рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту бойынша 

жұмыстар жүргізілуде.

Дербес Іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру 

шеңберінде мемлекеттің ҮЕҰ-лармен өзара іс-

қимылын нығайту үлкен маңызға ие.

Бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бой-

ынша жұмыс жоспары да өзекті.

Қазақстандық БАҚ-тарды жаңғырту, Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар 

мәдени-білім беру және ақпараттық жобаларды 

жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады.

Қазақстандық біртектілік – мемлекеттің, қоғам-

ның, жекелей алғанда, әрбір азаматтың табы сының 

біртектілігі екенін ерекше атап көрсеткім келеді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал