Редакция ал қ



жүктеу 1.62 Mb.

бет16/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

тоқым тартып жатқан әкесі: 

 – Бүгін қойды мен жайып 

келейін, сен Құржырадағы 

қақпандарды көріп кел. Қақпанның 

жанына тым жақын барма, із түссе, 

түлкі сезіп қояды,– деді қой санап 

жатқан Еркінге.

 Әкесінің тапсыруы бойынша 

Құржыраны өрлеп келе жатқан 

Еркін  қақпанның тұсынан елбең 

еткен бір нәрсенің қылпын байқап 

қалды. Ол қақпанның қасына жетіп 

барып еді, бір түлкі өзіне қарап, 

бұға қалды. Аттан қарғып түсіп, 

құмбыл зөңгіні суырып алып, 

таяй берген Еркіннің көзі түлкінің 

жыламсырағандай жаудыраған 

көзіне түскенде, жүрегі шым етіп

зөңгіні құлаштап сермей берген 

қолы қалтырап, зөңгі түлкіге 

тимей, қақпан шынжырына 

барып шақ етті. Сіңіріне ілініп, 

салбыраған сүйір сирағының ұшын 

қақпан тісінде қалдырған түлкі 

жалт берді. Қақпаннан босаған ол 

жан ұшырта зытып берген. Еркін 

қақпандағы қан дағын құмға ысып 

кетірді де қақпанды орын жөткеп 

құрды. Ол әкесіне қақпанды 

түлкі шаптырып кетіпті. Орын 

жөткеп,  қайта құрып келдім деп, – 

судыртты.

Сезгір әкесі:

–  Акау, ондай болмаса керек 

еді. Бұл қалай болды екен, ә, – деп 

таңырқай барып: – «Қу түлкі» 

деп бекер айтылмаған ғой, – деп 

сүйрейсалды қып қойған еді. 

Шімірікпей өтірік айтқан Еркін 

де қузаусыз қалған еді. Осы 

оқиғаны ой елегінен өткізіп жатқан 

Еркіннің назарын төбесінен 

шығыс терістікке қарай ұшып 

бара жатқан бір топ құстың қанат 

сусылы бөліп жіберді. Басын оқыс 

көтерген ол терістік жаққа қарады. 

Бірақ құстардың бараны тез ғайып 

болды. Әдетте «Шөлейтте құс 

топталып ұшса, жақын маңда су 

болады», – деп, әкесінен естуі бар 

еді Еркіннің. 

«Құс ұшқан бағытта әкем....», 

– деп іштей, күдік пен үміттің екі 

ортасында қалжыраған ол:

–  Әдетте қысқа таң неғып 

ұзарып алды? – деп, қайта қисая 

кетті. 

Қысыр емген тайдай жонданып, 



бұйраттала көрінген құба құмның 

төбелері таң арайына малынды. 

Жетегі бар үш атты адам 

Орал Құрманбайұлы 1960 жылы Сауан ауданы Шаңхуди ауылының

Қарасу қыстағында туған. 1978 жылдан бастап туған ауылында

оқытушылықтан бастаған жазушы бүгінде Сауан аудандық радио,

кино-телевизия мекемесінде тілші, редактор болып қызмет атқарады.

Қазақстанда шығармасы алғаш рет жарияланып отыр.

ҚАЙРАН

КӨНЕ КӨЗДЕР-АЙ



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

96

97

маңдайларын таң нұрына төсеп, 



кішкене ағынды бойлап, аяңдап 

келеді.


Ағынның топырағы барған 

сайын сағызданып, шөбі қоюлана 

түсті. Көңілдері серги бастаған 

үшеуінің бозарған көздерінен үміт 

ұшқыны біліне бастады...

Арнасы далиған ағардың 

ішіндегі қызыл күрең жантақ 

пен боз жусан зөңгіні қағады. 

Қарсы алдағы бота мойнақтан 

желкілдеген үкілі сары қамысты 

алдымен көре қойған Еркін, 

жетегіндегі атты жанындағы 

жігітке ұстата беріп: 

–  Қақ, қақ! А, Құдай, әкем 

осында болса игі еді! – деп шөлден 

бұрлыққан атын тепеңдей жөнелді. 

Өйтетіні – қамыс бар құм 

жылғасында қақ болатынын, 

аңшы атаулының дала түзде 

қонып жүргенде, сулы жерден 

ұзап кетпейтінін ол әбден білетін. 

Еркін алда, мойнаққа үздік-создық 

шыққан үшеуі сусаған көліктерінің 

тізгінін іркіп, қақтың бойын тінте 

қарады.

   Үш ағынның түйіскен ойпаң 



ортасы – үш-төрт қырманның 

аумағындай аймақтана жарқыраған 

қақ екен. Шала шыққан сүтті 

шай сияқты бозамық қақ суы 

жатқан ойпаңның ортан беліне 

дейін белдеу-белдеу ақшулан 

қайран топырақ екен. Ағарлардың 

қаққа құяр сағасы шытынап 

айғыздала жарылған сарғыш 

сағыз қайран, қайран жағаларына 

шибиіп ұсақ сары қамысек өсіпті. 

Айналасындағы түйе өркеш құм 

жоталарының етегіндегі шанжау-

шанжау көк бұйра сексеуілдердің 

діңі кішігірім келідей-келідей 

көрінеді.

Сабыры таусылған Еркін 

бір-екі мәрте дыбыстап та 

үлгірді. Суға сүзе тартып, 

шылбырымен алыстырып тұрған 

сымпыс құйрық, ер-тұрманды 

жетектегі торы ат қақтың оң жақ 

қапталындағы сарбас сексеуіл 

шоғырына елең етіп, құлағын 

қайшылай қарады. Үшеуі ат 

елеңдеген маңға сәп сала қарап еді, 

шала туған лақтың даусындай әлсіз 

үн естілгендей болды.

Сол-ақ екен, жал құмды жоса 

қиялай түскен олар дыбыс шыққан 

бағытқа тұра ұмтылды. Тағы да 

бұрын жеткен Еркін болды. Аттан 

аударыла түсіп, таяққа сүйеніп, 

үні бітіп, кемсеңдеп тұрған әкесін 

бас салып құшақтап, өксіп-өксіп 

жіберді. Майда құмның үстіне 

жүгініп отыра кеткен қою сақалды, 

бүйрек бет қызыл күрең шал: 

–  Су ішерлігіңіз бар екен! 

Мынадай иен құмда жаяу 

қалғанда. Балалардың көз жасы 

ғой сізді аман алып қалған, – деді 

иегі қаужаң қағып. 

Тозаңы шығып, қуарған 

жүзіндегі айқұш-ұйқыш әжімдерді 

құбалай тарамданған сорасын 

мүйізгекті алақанымен сыпыра 

сүртіп, жылт-жылт еткен шүңгіл 

көзін сығымдап жіберген Ешен, 

сыбырлаған үнмен: 

–  Е, несін айтасыз! 

Балалардың көз жасы ма әлде 

әлгі ақсақ аңның киесі қақты ма, 

қайдан білейін?! Әйтеу шыбын 

жаным қыл үстінде қалды ғой,– 

деп кеберсіп, шыт-шыт болған 

ернін жалап қойып, көсілген сол 

аяғын ауырсына бір қозғап қойды. 

Аттарды абың-күбің 

сексеуілдің бұтағына байлай 

салып, Еркіннің қасына еміне келіп 

отырып жатқан жалпақ бет, көнтек 

ауыз дембелше сары жігіт: 

–  Аяғыңызға не болған үлкен 

кісі? – деп Ешеннің ауырсынған 

аяғына бағжия қарады. 

Шөлден ширығып тұрған торы 

аттың күн нұрына шағылысқан ер-

тұрманына бір қарап қойған Ешен: 

– Ойбой, қарағым-ай, не болған 

дерің бар ма, мертігіп қалдым, 

– деп тырсиып тұрған балағын 

тізесіне қарай ақырын ысырды. Ақ 

жейденің жыртығымен шаңдып 

таңылған қыр жіліншіктің екі 

жағы білеулене талаурап тұр екен. 

Балағын ақырын қайта түсіріп 

жатқан Ешен: 

– Әнеу, астаушадағы 

сексеуілдің түбінде қоржын мен 

шәугім бар. Шәугімнің түбінде 

біраз шай қалды ма екен? Алып 

келші, Еркін, – деді. 

   Екі жігіт аттарды отқа қойып, 

шай қайнатқанша екі шал емен-

жарқын әңгімеге кірісті. 

Әсілі әңгіме былай еді: 

   Үйінен ерте шыққан Ешен 

суыт жүріспен сол күні түс ауа өзі 

жатқан қаққа келіп, ат арқасын 

күн шалдырады. Бұл қақты 

білетіндер «Құлан қақ» деседі 

екен. Қақ маңынан із шалып 

жүрген Ешеннің алдынан бір нәрсе 

қамысты сылдыр еткізіп ытқи 

жөнелді. Жүрегі зу етіп сескеніп 

қалған ол шоқаңдап бара жатқан 

бір қарақұйрықтың қарасын көріп 

қалады да атының айылын қайта 

тартып, қоржын қолаңының 

қасындағы қайыс арқанды ала 

салып әлгі қарақұйрықты қуа 

жөнеледі. Шоқаңдап қашып бара 

жатқан қарақұйрықты қазан құмға 

жеткізбей қуып жетіп, шалма 

тастайды. Шалманың ұшын 

тақымға басып, тарта бергенде, 

екпінмен келе жатқан аттың 

аяғын сексеуілдің томары қағып 

кетіп, ат сүрініп кетеді де Ешен 

ат мойнынан аса анадай жерге 

барып түседі. Ат ойнап шыға 

береді. Ешен шым еткен аяғына 

қарамастан, салманы саумалай 

тартып, аласұрып, бұлқына 

құлап түсіп, дірілдеп жатқан 

қарақұйрықтың қасына таяй 

береді. Ешен пышағын қынынан 

суыра беріп, қолын кілт тартып 

алады. Өйткені алдыңғы бір аяғы 

мен артқы бір бақайын қақпан 

қырқып кеткен қарақұйрықтың 

қап-қара көзіне көлкіп жас 

іркіліп жатқанын көзі шалып 

қалады. Бүргеннің арасынан 

үрке қашқанда, алдыңғы тұғыл 

сирағын томарға соғып алған ба, 

– сірне тұғылдан шыпылдап қан 

шығып тұр. Бұл жаралы жануарды 

аяп кеткен Ешен оны босатып 

қоя береді. Өрекпіген жүрегі де 

басылғандай болған Ешен  шалма 

арқанды шумақтай тұрып, таңы 

ағараңдай жан ұшыртып бара 

жатқан қарақұйрық кезеңнен 

асып кеткенше қарап тұрды. Ол 

бастапта етқызумен байқамаған 

сияқты, қоржын-қолаңын қойған 

қаққа қарай жүргенде барып, 

аяғының шымырлай сырқырап 

бара жатқанын бір-ақ білді. Ол 

сүйретіле жал құмның қырына 

шыққанда, атының қақтан су ішіп 

алып, ағынды өрлеп қайқайып бара 

жатқанын көреді. 

Санын бір-ақ салып: 

–  Қап, әттеген-ай! Құрығаным 

осы болар! – деп отыра кеткен 

Ешен  күңіренген даусының қатты 

шығып кеткенін де сезбей қалды. 

Аты «моһ-моһ» деп 

дабыстағанына пысқырып 

та қараған жоқ. Басын жерге 

салмастан тартып берді...

Үйретілгеніне ұзақ 

болмағанымен, босай қалса

маңайыңда жайылып тұра беретін, 

шылбыр қашағаны жоқ жануар 

мынау құм медиеннен безіп кеткісі 

келді ме, кім білсін?! 

– Қолды болмаса, әйтеу үйге 

барары хақ,– деп атының қарасы 

үзілгенше, ернін тістеп, егілме 

құмды сығымдай жал басында 

отырып қалды Ешен. 

   «Жол ортада шөпке айналса, 

сусап, қайта қаққа келер» деп те 

үміттенеді. Ол енді етекке түспек 

болғанда, аяғының бағанағыдан 

да қатты ауырсынып, жанына 

батқанын сезінеді. Сонда да 

сүйекке қарысып, қоржын-

қолаңының қасына әрең жетеді. 

Ауру жанына батқан ол аяққа 

жабысатын сары сағыз қайранның 

із түспеген жерінен шеңгелдей 

ойып алып, сырқырап тұрған 

аяғына добалдай қып жапсырып, 

жейдесін жыртып, таңып тастады. 

Ымырт үйірілгенше қиралаңдай 

жүріп, бір шәугім шайды әрең 

қайнатып ішкен Ешеннің қаптағы 

қақпандары құрылмай жайында 

қалады.


  Сырқаты жанына батумен 

қабат, іші әлем-жәлем болып, 

аунақшып, кірпік айқастырмай 

таң атырған ол тор атынан 

күдерін мүлде үзді. Ендігі үміт  

үйіндегілерде. Бірақ кеудесіндегі 

қылаң берген осы үміт ұшқынына 

үйіріле төніп келе жатқан ала 

құйын тап бергенде, арқасы мұздап 

сала берді. Өйткені «Құлаң қақты» 

күні бүгінге дейін өзінен басқа 

жан баспаған еді. Оның үстіне  күн 

аунаған сайын құмдағы із өшеді. 

Оның бер жағында жел тұрса, 

құрыдым дей бер. Тірлік тәтті 

ғой, одан ары ойлауға батына алар 

емес.....

  Өстіп, заманақыр басына 

бір-ақ күнде түсіп, көңіл күйі 

астан-кестен болған Ешен «Құлан 

қақтың» бойында сарғайып үш 

тәулік жатады.

  Төрт адам боз төбешік құмның 

етегінде қауқылдасып, шайға бас 

қойды. Таңдайы жібіп, маңдайы 

терши қалған Ешен: 

– Торы ат үйге қай мезгілде 

барды? – деп сұрады, дастарқан 

етіп жайылған қаптың шетіне 

босаған тостағанын қойып жатып. 

–  Құм етегіндегі өзекте 

жайылып тұрған жерінен өткенде 

сіз кескен ағаштарын тартып алған 

Әмір ақсақалдың екі «қасқыры» 

ұстап алып, қораларына жасырып 

қойыпты. 

Торы атты ер тоқымынан тани 

кеткен Әмір ақсақал:

– Қазақ шылбырын сүйреткен 

ер-тоқымды атты жол ортадан 

ұстап пайдаланбайды, – деп 

ұлдарын бір сыбап алып, – жұма 

күні іңірде атты жетелеп, үйге 

өзі әкеліп берді, – деді әкесінің 

шынысына шай құйып жатқан 

Еркін.


Маңдайын құрыстыра 

сығымдап ауыр тыныстаған Ешен 

торы атқа тағы бір қарап қойып: 

– Екінің бірі жасырып алып 

жатқан екі шірік шөрке үшін 

үйіне дейін тебітіп барып, 

ұлдарымен шармаяқтасып, ел 

алдында жерлеңкіреп жіберіп едім, 

сонымды көңіліне алмаған екен 

ғой, мың болғыр қасиеттеріңнен 

айналдым, қайран көне көздер-

ай! – деп добырайған қолын 

шынысына соза берді.

   Көп отырмай, сергек көңілмен 

атқа қонған төртеуі таң арайына 

арқаларын беріп ағарды бойлап, 

шерте аяңмен ауылға тартты.

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ


Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады,

мақалалар редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» 

баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді.

КОРРЕКТОРЫ

Орынай ЖҰБАЕВА

КӨРКЕМДЕУШІ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕДАКТОР

Гүлжан ҚҰРМАНОВА

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. Тел./факс: (327) 273 99 97, 273 90 25

E-mail: Tugan_til79@mail.ru

Альманахтың мұқабасында – суретші 

Зейнелхан Мұхамеджанұлының «Жылқышы» шығармасы

Теруге жіберілген күні 16.03.2016 ж. 

Басуға қол қойылған күні 23.05.2016 ж. Шартты баспа табағы 12,5.

Пішімі 60х90

1/8.


 

 Тапсырыс №  .   Таралымы 1000 дана. 



РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ:


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал