Редакция ал қ



жүктеу 1.62 Mb.

бет15/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ПРОФЕССОР 

ҚАЙЫРБОЛАТ 

ЕСЕНОВТІҢ ҚАЗАҚ 

СИНТАКСИСІНДЕГІ ІЗІ

Қ

айырболат Мұқанұлы 



Есеновтің еңбек 

кітапшасында үш-ақ 

мекеменің мөрі басылған. 1931 

жылы Омбы облысы Назыбаев 

ауданында дүниеге келген ол 

1947 жылы Омбы педагогикалық 

училищесін бітіріп, Омбы 

облысындағы №1 жеті жылдық 

мектепте үш жыл қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі болады. 

1955 жылы қазіргі Қазақ ұлттық 

университетін тәмамдағаннан 

кейін екі жыл Көкшетау облысы 

Мұғалімдер білімін жетілдіру 

институтында қазақ тілі мен 

әдебиеті кабинетінің меңгерушісі 

қызметін атқарады. Міне, осыдан 

кейін 1957 жылдан бастап 

Қайрекең Ахмет Байтұрсынұлы 

атындағы Тіл білімі институтында 

тапжылмастан, өмірінің соңына 

шейін жарты ғасырға жуық 

уақыт қызмет етті. Бар ғұмырын 

қазақ синтаксисінің қыр-сырын 

зерттеуге арнады. «Қазіргі 

қазақ тіліндегі шартты және 

қарсылықты бағыныңқылы 

сөйлемдер» деген тақырыпта 

кандидаттық диссертация, 

«Қазіргі әдеби тіліміздегі 

күрделенген сөйлемдердің негізгі 

мәселелері» деген тақырыпта 

докторлық диссертация қорғады. 

Құрмаластың сабақтас түрін 

жай сөйлемнен айыру жөнінде 

синтаксис тарихында әртүрлі 

пікірлер болғаны белгілі. Бұл 

мәселе тек қазақ тілі білімінде 

ғана емес, жалпы түркі 

тілдеріндегі даулы мәселелердің 

бірінен саналып келді. Ғалымның 

күрделенген сөйлемдерге қатысты 

айтқан тұжырымдары құрмалас 

сөйлемдерді тану, синтаксистік 

оралымдардың, үйірлі мүшенің 

күрделі құрылым ішіндегі 

қызметі, ортақ бастауышты 

сөйлемдер мәселесіне дәстүрлі 

синтаксис өкілдерінің қайта 

үңілуіне мұрындық болды. 

Ғалым күрделі құрылымдар 

мәселесін терең қарастыра түсіп, 

1982 жылы «Сабақтас құрмалас 

сөйлемнің құрылысы», 1985 

жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі 

синтаксистік қатынастар» деген 

монографияларын жариялады.

Мен танитын Қайрекең 

мінезі ауыр, тұйық, күнделікті 

тұрмыстық әңгімелерден шет, 

алдындағы ғылымына ғана 

мейлінше бас қойған біртоға, 

орыс мінезді кісі болатын. 

Сексенінші жылдардың аяғына 

қарай Қайрекең Қазақ ұлттық 

университетінде құрмалас сөйлем 

синтаксисінен дәріс оқыды. 

Сабағынан артық әңгімесі жоқ, 

қасы қалың, түрі сұстылау 

оқытушыдан алғашында бәріміз 

сескеніп жүрдік. Бірақ ол кісі 

дәріс оқығанда, дауысын сәл 

көтеріңкіреп қойғаны болмаса, 

студенттер үшін өте жайлы болып 

шықты. Ол кісінің ғалымдық 

қана емес, шәкірт тәрбиелеуді 

қатар ұстанған ұстаздық 

болмысы сол кездегі жүздеген 

студенттің зердесінде қалып 

қойды. Өйткені  сексенінші 



ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

90

91

жылдардан бастап Қайрекең 



Қазақ ұлттық университетінде 

ғана емес, Қыздар педагогикалық 

институтында, Қызылорда 

педагогикалық институтында 

тұрақты түрде құрмалас сөйлем 

синтаксисінен дәріс оқып жүрді 

және жай жүрмей, өзіне шәкірт 

жинап жүрді. 

Қайрекеңнің Шанжархан 

Бекмағамбетов деген шәкірті сол 

кездерді: «Біздің кафедрамен 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл 

білімі институты шығармашылық 

байланыс орнатып, Грамматика 

бөлімінің меңгерушісі филология 

ғылымдарының докторы, 

профессор Қайырболат Есенов 

бізге келіп, студенттерге 

дәріс оқып, бірқатар жас 

оқытушыларды ғылыми жұмысқа 

тартты. Бұл қоғамымызда 

бірқатар қиыншылықтар болып, 

жастар ғылым қууға мүмкіндік 

таппай, көбіне тіршілік қамымен 

кете бастаған уақыт еді. Соған 

қарамастан ғылым-білім іздеген 

бірқатар Сыр бойы жастары 

Қайрекеңнің ізіне еріп, сол 

кісінің қамқорлығымен, ақыл-

кеңестерімен жігерленіп, 

қазақ тіл білімінің күрделі бір 

саласы – синтаксистің ғылыми 

мәселелерімен айналыса бастады. 

Осы бір кезеңдегі бір шоғыр 

жас оқытушылардың ғылым 

жолына түсуіне Қайырболат 

ағамыздың шапағаты мол 

болды», – деп еске алады. Сол 

Қызылордадан шыққан Жеңіс 

Сәдуақасұлының «Қазіргі 

қазақ тіліндегі бір құрамды 

сөйлемдердің құрылымдық 

типтері» атты докторлық 

диссертациясына Қайрекең 

кеңесші болса, бүгінгі профессор 

Зәуреш Ерназарованың, 

ғылым кандидаттары Болат 

Боранбай мен Шанжархан 

Бекмағамбетовтың кандидаттық 

диссертацияларына жетекшілік 

етті. 

Қ.Есеновтің кандидаттық 



диссертация ретінде зерттеуге 

ұсынған тақырыптары 

синтаксистің нақтылы 

мәселелеріне арналады. 

Ғалым ғылыми зерттеулердің 

ауқымдылығынан гөрі тереңділігі 

маңыздырақ болатындығын 

сексенінші жылдардың аяғында-

ақ аңғара бастағандығы 

байқалады. Мәселен, қырқыншы 

жылдары Н.Сауранбаев 

«Қазақ тіліндегі құрмалас 

сөйлемдер жүйесін» түгел 

алып қарастырса, жетпісінші 

жылдары Қ.Мамытбеков 

«Салалас сөйлемдерді», ал 

Ұ.Салиева «Салаластың 

жалғаулықсыз түрін» 

зерттеген болатын. Сексенінші 

жылдардың басында Қ.Есенов 

«Сабақтас құрмалас сөйлемнің 

құрылысын» қарастырды. Кейін 

өзі шәкірттеріне әр сөйлемнің 

түрін жеке зерттеу тақырыптары 

етіп бере бастады. Мәселен, 

көп компонентті салалас 

сөйлемдер (Садирова Күлзат), 

аралас құрмалас сөйлемдер 

(Сағындықұлы Бекен). 

Құрамындағы 

сыңарлардың саны қалыпты 

құрмаластардағыдай екеу ғана 

емес, үш немесе одан да көп 

болып келетін құрылымдарды 

жалпы тіл білімінде әртүрлі 

атайды: күрделі синтаксистік 

бірлік, құрмалас сөйлемдердің 

күрделенген түрі, көп 

сыңарлы құрмалас сөйлемдер, 

полипредикативті сөйлем, 

синтаксистік кешен және т.б.

Б. Шалабаев 1982 жылы 

жарияланған мақаласында 

мұндай сөйлемдерді «күрделі 

құрмалас» деп атаған еді. 

Құрмалас сөйлемнің құрылымдық 

типтерін анықтау жеңіл болу 

үшін, алдымен, құрмаластарды 

компоненттердің санына қарай 

бөлген (жай құрмалас, күрделі 

құрмалас) дұрыс. Мұнда жүйелік 

бар, сондықтан болар, қазақ тіл 

білімінде сол күрделі құрмалас 

деген термин қалыптасып, 

орнығып келеді. Екі сыңардан 

құралған құрмаластарды жай 

құрмалас десек, үш не одан артық 

компоненттерден құралғандарын 

күрделі құрмалас сөйлем 

қатарына жатқызамыз. Одан 

әрі жай құрмалас сөйлемдер 

салалас және сабақтас болып 

бөлінеді. Ал күрделі құрмалас 

сөйлемдер көп сыңарлы 

салалас, көп бағыныңқылы 

сабақтас және аралас құрмалас 

сөйлемдерге жіктеледі. 

Кейінгі өзімізден шыққан 

академиялық грамматикада (2002) 

құрмаластардың құрылымдық 

типтерін анықтау жеңіл болу үшін 

осы із сақталған. Оған, әрине, 

Қайрекеңнің жетекшілігімен 

зерттелген күрделі құрмаластарға 

қатысты зерттеулердің, 

яғни Садирова Күлзат пен 

Сағындықұлы Бекеннің 

тұжырымдары негіз болады.

Кейін бірқатар ізденушілер 

құрмалас сөйлемдердің 

сыңарларының ішкі мағыналық 

қатынастарына қарай 

топтастырылғандағы жеке 

түрлерін (амал, себеп, мезгіл 

және т.б.) зерттеу нысаны етіп 

алып жүрді. Бұлай зерттеу 

жұмсалымды грамматиканың 

«мағынадан тұлғаға» де-

ген әдістеріне сәйкес келеді. 

Бұның бастауы да Қайрекеңнің 

жетекшілігімен жазылған 

жұмыстардан басталады: 

Түсіндірмелі құрмалас сөйлемдер 

(Ш.Бекмағамбетов), салы-

стырмалы сабақтас сөйлемдер 

(З.Жұмаділова). 

Қазақ тіл білімінде мұндай 

бағытты зерттеулер кейін 

басталды десек те болады. 

Осы мағынадан оны жасай-

тын құралдарға өту тәсілімен 

құрмалас сөйлемдердің 

сыңарлары арасындағы 

мағыналық қатынастарды (се-

беп, мезгіл, қарсылықты т.б.) 

алып қарастырса, онда салаласа 

және сабақтаса байланысу деген 

мәселелер кейінге ысырылып, 

белгілі бір мағынаны жасауға 

қатынасатын формалар басты на-

зарда болар еді.

Қ.Есеновтің өзі мезгілдестік 

қатынасты «Құрмалас сөйлем 

синтаксисі» атты кітабында 

арнайы қарастырып, оларды 

іштей бір мезгілдес сабақтас 

және әр мезгілдес сабақтас 

деп екіге жіктеген болатын. 

Сыңарлары арасындағы мезгілдік 

қатынастардың әртүрлі болуына 

қарай салаласа байланысқан 

сөйлемдер де осылай іштей 

жіктеледі. Кейбір мамандар 

мұндай құрылымда келген 

сөйлемдерді бір салаластың екі 

түрлі көрінісі деп қарамай, екеуін 

екі түрлі мағыналық қатынаста 

тұрған салалас сөйлемдердің 

дербес  түрлері деп таниды 

да оларды «мезгілдес» және 

«іліктес» деп атайды. 

Мезгілдестік қатынастар 

қазір жұмсалымды грамматика-

да семантикалық өріс түрінде 

қарастырылып жүр. Жалпы тіл 

білімінде таксистік семантикалық 

өріс жан-жақты зерттелген 

(Р.О.Якобсон, В.С.Храковский, 

А.В.Бондарко және т.б.). Ал 

қазақ тіл білімінде таксистік 

қатынастарды зерттеудің бастауы 

Қайрекеңнің еңбектерінде жатыр. 

Ол кісі «бір мезгілдес» және «әр 

мезгілдес» деген терминді енгізіп 

кетті.

Құрмалас сөйлемдерге 



қатысты нақты, жеке мәселелерді 

зерттеудің әрі теориялық, 

практикалық жақтардан зор 

маңызы бар. Бұлар жинақтала 

келгенде, жалпы құрмалас 

сөйлемге байланысты ілімнің 

жан-жақты айқындала түсуіне 

негіз болады. Осы тұрғыдан 

келгенде Қ.Есенов құрмалас 

сөйлемдерді үш аспектіден 

кешенді түрде қарастырған. 

Шәкірттеріне тақырыпты осы 

үш аспектіден беріп, үш түрлі 

позициядан келіп құрмалас 

сөйлемдердің қыр-сырын 

барынша ашуға тырысты. 

Біріншісі, құрмалас сөйлемдердің 

құрылымдық типтері. Шәкірттері 

қарастырған салаластың 

жалғаулықсыз түрі, көп сыңарлы 

салалас сөйлемдер және аралас 

сөйлемдерге қатысты ғылыми 

тұжырымдар кейінгі оқулықтарға 

негіз болды. Мағынасы арқылы 

салаласып жақын тұрған 

сөйлемдерді А.Байтұрсынұлы 

«іргелес» деп атаған болатын. 

Кейін бұл атау Н.Сауранбаевтың, 

С.Аманжоловтың еңбектерінде 

аталып, кейін жоғалып кетті. 

Енді қазір Р.Әмір осы терминді 

жалғаулықсыз салаластарға 

қайта қолданып жүр. 

Осындай ізденістер мен жеке 

тұжырымдардың себебінен 

2002 жылы жарық көрген 

«Қазақ грамматикасында» 

бірізділік сақталмай кетті. 

Яғни мұның айналасында 

пікір жарыстығы арқылы 

әлі анықтала түсетін мәселе 

баршылық. Ал көп сыңарлы 

құрмаластар жөнінде жоғарыда 

айтып өттік. Сабақтастың 

құрамында қарастырылатын 

көп сыңарлы салаластар 

да – байланысу тәсілдерінің 

өзгешелігі болмаса, аралас 

құрмаласпен бірдей деңгейдегі 

құрмаластар. Сондықтан да 

оларды күрделі құрмаластар 

деп бөліп топтастырған дұрыс 

және олардың арасындағы 

мағыналық қатынас жалпы тіл 

білімінде қалыптасқан дәстүрге 

сүйеніліп үлкен блоктарға бөлініп 

қарастырылғаны жөн деген 

ойдамыз.


Екінші, құрмалас 

сөйлемдердің мағыналық 

түрлері. Бұл бағыт Қайрекеңнің 

құрмаластарды зерттеуіндегі 

жұмсалымды грамматиканың 

принциптеріне өте жақын кел-

ген тұсы. Қазақ синтаксисінің 

тарихында 



-ып/-іп формантты 

көсемшелер арқылы жасалған 

мына сияқты құрмаластарды 

сабақтас па әлде салалас па 

деген талас пікірлер болған. Мен 

кітап оқып, ол жазу жазып отыр. 

Жүк жиналып, үй тігіліп жатыр 

және т.б. Егер жұмсалымды 

грамматика тәсілімен зерттеу 

нысаны етіп құрмаластардың 

сыңарлары арасындағы 

мағыналық қатынасты алатын 

болсақ, формальдік белгіге қарап 

таласу мәселесі күн тәртібінен 

түсіп қалатындығын жоғарыда 

айттық. 


Үшінші аспект 

құрмаластырушы тәсілдер. 

Мәселен, сабақтас құрмалас 

сөйлем жасайтын тәсіл үшеу 

– шартты рай, көсемше және 

есімше. Қ.Есенов маған 

университет бітірерде көсемше 

арқылы сабақтасқан сөйлемдерді 

диплом жұмысының тақырыбы 

етіп берді, кейін осы тақырып 

бойынша кандидаттық 

диссертация қорғадым. Құрмалас 

сөйлемнің бұл аспектісінде де 

қарастырылуға, анықталуға тиісті 

мәселе көп. Шартты рай жұрнағы 

жіктік жалғауын жалғап тиянақты 

тұлғада тұрса да, бағыныңқы 

сөйлемнің баяндауышы қызметін 

атқара береді. Ал бағыныңқының 

баяндауышы қызметіндегі 

көсемше тұлғалары жіктік 

жалғауын жалғап тиянақтанса, 

онда бағыныңқы сөйлем 

салаласқа айналып кетеді. 

Есімшелер тиянақсыздану 

үшін септік жалғауларын, түрлі 

функциялық жұрнақтарды, 

қосымша сөздерді жалғайды. 

Содан кейін барып қана 

бағыныңқының баяндауышы 

қызметін атқаруға жарайтын 

болады. Бағыныңқы сөйлем 

жасаудағы қызметі бір, бірақ 

морфологиялық табиғаты әртүрлі 

жұрнақтар (шартты рай, көсемше, 

есімше) арнайы және жеке 

қарастыруды қажет етеді. Бұл 

формалар тіл жүйесінде түрлі 

позицияларда жұмсалатындықтан,  

көпмағыналы болып келеді. 

Қазіргі таңда олардың бір 

ғана (құрмалас сөйлем жасау) 

қызметін бөліп қарастыру 

жеткіліксіз болып отыр. Тілдік 

құралдың жұмсалу мүмкіндігін, 

яғни семантикалық потенциалын 

толық білу үшін тіл жүйесіндегі 

барлық қызмет түрінің 

парадигмасын анықтап, олардың 

өзара байланысына назар аудару 

керек. 

Жоғарыда аталған үш 



аспект (құрылымдық типтері, 

мағыналық түрлері, жасалу 

тәсілдері) құрмалас сөйлемдердің 

бүкіл табиғатын жан-жақты 

ашып беруге негіз болады. 

Біздің ойымызша, профессор 

Қайырболат Есенов – күрделі 

құрылымдарды кешенді түрде 

қарастырып, синтаксис саласында 

өшпес із қалдырған ғалым.     



Бижомарт Қапалбеков 

Филология ғылымының 

кандидаты  

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

92

93

Шығыс Түркістан



Арылмай сор мен қырсықтан, 

Жөргекте жатып тұншыққан. 

Арманым болдың бұл күнде, 

Аяулы Шығыс Түркістан!

Көз жасқа толы шарасың, 

Қайғылы қайсар анасың. 

Аңғалдық қылған батырсың, 

Аңқаулық қылған баласың.

Сарбазың отыр түрмеде, 

Егеудей тілі күрмеле. 

Бұлбұлың отыр қапаста, 

Жауларың сенің іргеде.

Арыстанмен алысқан, 

Жолбарыспен жұлқысқан. 

Қасіретім сенсің бұл күнде 

Көзімнің жасын ыршытқан, 

Аяулы Шығыс Түркістан!

Туған жер

Туған жердiң қар, мұзы,

Аязыңмен «жуындыр».

Туған жердiң бал қызы,

Бұрымыңмен буындыр.

Туған жердiң бұлағы,

Толқыныңмен ат менi.

Туған жердiң жыланы,

Шырылдатып шақ менi.

Туған жердiң шеңгелi,

Тырна аямай бетiмдi.

Туған жердiң ерменi,

Аузыма құй өтiмдi.

Туған жердiң доңызы,

Қан-жоса ғып жарып кет.

Туған жердiң қоңызы,

Домалатып алып кет.

Туған жердiң қасқыры,

Кемiр ақын сүйегiн.

Туған жердiң тас, құмы,

Сенi осылай сүйемiн!

Арша

Тарту еттің туған жер аршасын көк



Сағынышы інімнің тарқасын деп. 

Сол аршадан көзіме елестеді 

Ауыл-аймақ, 

Ата-жұрт, 

Барша сурет…

Бар болғаны бір тұтам сол аршадан, 

Иісі аңқиды тауымның көп аңсаған. 

Иісі аңқиды қып-қызыл таба нанның 

Шығатұғын бұрқырап қоламтадан.

Иісі аңқиды анамның, 

Әкемнің де, 

Иісі аңқиды мақалдың, мәтелдің де… 

Шіркін, аға, осынау көк аршаны  

Жанға қуат болсын деп әкелдің бе?

Иіскеймін де басамын ой алаңын, 

Бұл әдетті мен қалай қоя аламын? 

Сол аршаның түбінде мызғимын да  

Сол аршаның түбінде оянамын.

Болмасын деп көңілдің қошы дара, 

Иіскетемін аршаны досыма да. 

Иіскетемін аршаны балама да, 

Жер сағыну дегенің осы ма, аға?

О, туған жер аршасы – ерге сенім, 

Аңқып тұрған иісі бар менде сенің. 

Сынық сүйем осынау тұқылыңды  

Ат басындай алтынға бермес едім.

Менің тауым

Қарқылдақ қарғасын да қарғаттырмас,

Бүлікшіл бөрісін де қан қаптырмас.

Шоғындай сексеуілдің қызыл тасы,

Үстіне мұз шөгеріп,

қар жаттырмас.

Тау бар ма бұл ғаламда жайыр таудай?!  

Үңгірде мызғып жатқан аю паңдай.

Жұтынған жеті жұрттың заманында,

Анамыз кіндік сауған,

қайың саумай.

Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Жазушылар 

Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби 

сыйлығының лауреаты, «Астана-Бәйтерек-2006» 

әдеби байқауының жүлдегері Жәркен Бөдешұлы 

биыл 70 жаста. 

Қырық жылдан соң…

Бек сағынып келдім мен,

Өңім сарғыш,

Көңіл пәс.

Сүймесең салқын ернімнен,

Темекіңнің шоғын бас.

Ұқсаймын тозған көрпеге,

Күлімді алшы, өрте де.

 

 



***    

Сені ойлаймын ұйқысыз күні-түні,

Көз жасымды толассыз төгіп келгем.

Неткен қатал тағдырдың бұл үкімі 

Екеумізді екі елге бөліп берген?! 

Қашанғы күн кешесің қорғалақтап?

Қасыма тез жетсейші, тордан аттап! 

Соңғы батыр

Қазақта – соңғы батыр Кенесары,

Атанды «қоңыр» болмай, неге «сары»?

Көз еті тым сарғайып кетеді екен,

Жауының көрінбесе төбе, шаңы...

 

Жалына алмас қылыш жанығанда,



Сілкініпті ол мінген жануар да.

«Еркіндік!»,

«Бостандық!» деп тастапты ұран 

Бойында алты алаштың қаны барға...

 

Қазақтың суалғанда құт тұмасы,



Жанарына шер болып бұқты жасы...

Тауында Кекіліктің кесілді де 

Алтынға бағаланды түкті басы...

 

Қонды да шыққан жаны сары құсқа,



Таңғалды ел қара бұлтты жарып ұшса...

Тізесі бүгілмеген майданда қап,

Рухы кетті айналып сағынышқа.

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

94

95

С



ұрғылт күз. Иірімге 

жиналған көбіктей 

бөртпештенген құба құм 

көкжиектегі көгілдір мұнармен 

сілемдесе көсіліп жатыр. Сол 

құмның батыс жағындағы тай 

шаптырым құмайтты, ақтаңдақ 

қойнаулардың іші, андыз-андыз ақ 

жемденген сексеуіл, сарбалақ, түп-

түп жарбиып өскен бақал жыңғыл 

мен ойдым-ойдым қоңыраулы 

шеңгел болушы еді.

Балық қарынданған сары 

тораңғылы қойнаудың ортасын 

алаңқыдағы мұқыл тамнан бірінің 

жетегінде ер-тоқымды аты бар, 

үш атты адам суырыла шықты 

да ұлы құмға бет түзеді. Бұлар – 

осы қойнаудағы табиғи орманды 

күзететін Ешенді іздеп шыққан 

адамдар еді.

Осыдан төрт күннің алдында 

түскі шайда отырған Ешен: 

– Әлгі бала көк қарын болып 

желденіп кеткен бе? Таң атқанша 

шалқалап, ауық-ауық жылайды 

екен. Оған сілесін қатырып, көк 

тотияйын дәріні береді екен-

ай келіп. Амалсыздан ішпек 

астындағы өңдікті келінге тастап 

кеттім: «Қыздырған сарымайдан 

жағып, баланың қарнына тартып 

жүр», – деп. Сасықсынып, 

лақтырып жібере ме, кім білсін?! 

Осы күнгі жастарды... 

   Биыл жаз жауынды 

болғандықтан, қарақұйрық құмнан 

түспеді. Өңдік жоғы болмайды 

екен, тоқым аттың терімен 

қақтанып барады. Бұйырса, ертең 

құм жаққа шығып көрейін. Жолым 

болып қалар. Құдай қаласа, екі-

үш күнде оралармын. Сұрағандар 

болса: «Ауылдардың біріне кетті 

дей», – сал. Менің қарамды 

аңдыған алаяқтар тағы да орманды 

қынадай қырып жүрмесін.....

   Маған бірнеше күндік азық 

әзірле! – деген еді аққұйрық 

шайды сораптай тартып отырған 

кемпіріне. 

Ертеңінде бөктеріншегі бар 

Ешен ала көбеден құнжиып, 

Құйқалы құмға тартып берді. Міне, 

содан бері Ешен жоқ. Тек ер-

тоқымды аты ғана келді. 

   Көлеңке ұзарып, күн аш 

мойнақ құмдарға қарай құдиып 

барады. Жарық барда қолайлы 

жерге қисая кету үшін із шалып 

келе жатқан үш атты адам 

жал-жал орғыл құмдардың 

сүйір тұмсықтарынан қиялай 

асып келеді. Олар құмға тұяғы 

шашасынан көміліп, аяқтарын 

ауыр ала ілбіп келе жатқан 

аттарының терін аяды ма – 

көлденеңнен кезіккен құмайтты 

кішкене ағынға келгенде

тізгіндерін солай бұрды. Үшеуі 

ағынды құлдап, қозы көш 

жүргеннен кейін тығыз өскен 

ақселеу мен ажырықты көріп, 

аттарының белін жазды.

Еспе құмның жалында сексеуіл 

шоғы жайнап тұр. Жалдың 

ағын жақ бүйіріндегі құмға ер-

тоқымдарын жастанып, киімшең 

жантая кеткен үш адамның шет 

жағындағы біреуі ғана аунақшып 

ояу жатыр. Құмның түнгі салқын 

ауасын рахаттана сіміріп жатқан 

екеуінің танаулары шұрылдап, 

пысылдайды. Ояу жатқан Еркін 

көпке дейін шоқтай жайнаған 

жұлдыздарға қадалып жатып, 

көз шырымын ала алмаған соң 

басын көтеріп, майда құмға 

аяғы көсіліп, тік отырды. Ай 

сүттей жарық. Аттар ағардағы 

қойған жерінен көп ұзамапты. 

Бұйрат-бұйрат құба құмдардың 

жондарында қадау-қадау болып, 

секиген сексеуілдердің кейбіреуі 

бейне, шоқиып-шоқиып отырған 

қасқырлар мен жалға шығып келе 

жатқан кісікиік сияқтанып көрінеді 

оған. Енді оның назарын қарсы 

бүйірдегі сексеуілдің томары 

бұрып кетті. Ол құдды қақпанға 

түсіп қалып, жаутаңдай шоқиып 

отырған түлкі сияқты көрінді. Кем 

шақ қарап қалған Еркін  сусыма 

құмды қолымен көсіп-көсіп 

жіберіп, жастығын биіктетті де бір 

қырынан қайта жантайды. Осы сәт 

оның ойына өзінің әкесін алдаған 

бір оқиға орала кетті.....

   Тау-дала жүдеу тартқан қара 

күздің аяғы болатын. Кері өгізге 



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал