Редакция ал қ



жүктеу 1.62 Mb.

бет12/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Еуропа қазақтары Тәуелсіздік 

тойын бастады

Германияның Кельн қаласында 

14-15 мамыр күндері Еуропа 

қазақтарының  құрылтайы өтті. 

Бұл шараны еуропалық қазақтар 

Қазақстан Республикасының 

тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арнады. 


 Қазақстандық делега-

ция құрамында әншілер 

Ұлықпан Жолдасов пен Фарида 

Ұлықпанқызы,  Төреғали Төрәлі,  

Қажымұрат Шешенқұл және  

ақындар – Мұхаметжан Тазабе-

ков, Жандарбек Бұлғақов, Сырым 

Әуесхан,   суретші – Гүлназым 

Өмірзақ, этнограф – Салтанат 

Өмірәлі, журналистер –  Мар-

жан Тұрысбекқызы мен Жазира 

Амантайқызы болды.

Мен құрылтай сахнасынан 

Қабан жырау мен Көдек ақынның 

термелерін орындау бақытына 

ие болдым.  Тыңдаушым – 

Еуропаның  14 мемлекетінен 

жиналған бауырларым болды

Құрылтайдың алғашқы күні 

футболдан жарыс өтті. Оған 14 

команда қатысты. Финалда Ау-

стрия мен Түркия қазақтары ко-

мандалары бақ сынасып, Аустрия 

командасы кубокты жеңіп алды. 

Үшінші орын Кельн қаласының  

командасына бұйырды.

Мұхаметжан Тазабековтің 

Қазақстан және Ел Президенті 

жайлы әнгімесін қандас бауырлар 

зор ықыласпен тыңдап, қошемет 

көрсетті.

Екінші күні ақындар айтысы 

ЕУРОПА ТӨРІНЕН   

ТӨГІЛГЕН ЖЫР

өтті. Жиылған  қандас бауырлар 

бір серпіліп қалды. Артынан кон-

церт берілді. Төреғалидің әндері  

мен Қажымұрат орындаған «Қара 

жорға» әніне залда отырған 

қандастар билеп думандатып 

жіберді.

Мен сахнада Қаблиса жырау 

мен Көдек ақынның термелерін 

орындадым. Кейіннен мәдени 

орталық басшыларымен кезде-

скен жерде Абылай хан, Кабан-

бай, Райымбек, Сұраншы батыр 

жырларынан орындадым. Шетелдік 

бауырлардың елге, тілге және жыр-

термелерге ықыласы ерекше екен. 



Еуропа қазақтары жастардың 

болашағына алаңдайды

Шетелдегі бауырлар  

жастардың болашағына 

алаңдаулы, өйткені жастар өскен 

орта, жүрген жердің ықпалына 

кетіп барады, тілді ұмыту басым. 

Құрылтай  өткізу арқылы мәдени 

және рухани байланыс орнайды, 

салт-дәстүр дәріптеледі, жастар 

бір-бірімен танысады, өзара 

ақпарат алмасып, байланыс ор-

натады. Қазақстандай артында 

елі бар екенін сезінеді, барыс-

келіс орнайды, мұның өзі сыртта 

жүрген қандастарымызға бір 

шаңырақтың астына бірігуге жол 

ашады. Құрылтайды өткізудегі  

шетелдік қандастардың негізгі 

мақсаты – осы.

Еуропа қазақтарының 

құрылтайы жоғарғы дәрежеде, 

мақсат-мүддеге сай  өтті. 

Шетелдік бауырларды көру – бір 

қуаныш, алайда  жат жерде, жат 

елде жат боп кетуі басым екендігі 

көңілге қаяу түсіреді.

Енді менің алдымдағы 

мақсат – Түркия, Франция және 

Моңғолиядағы қандас бауырларға 

барып, жырмен сусындатып 

қайту, одан ары шақырту алған 

Еуропа қазақтарын аралап, 

ұлтымыздың ұлы мұрасы – жыр-

термені   дәріптеу. 



Еуропа төрінде жасалған бата

Құрылтайдың  алғашқы 

күні мен үшін ерекше есте 

қаларлық оқиға болды. Елші 

Болат Нүсіпов мырза құрылтай 

қонақтарына қонақасы берді.  Еу-

ропа қазақтары федерациясының 

президенті Қайым Кесежи 

аға  мыз дың ұсынысымен  дас-

тарқанға  бата жасау мәртебесіне 

ие болдым. Бата жасауда кат-

ты толкыдым. Арқам терлеп 

кетті. Елдегі жасап жүрген бата 

жарамайды. Өйткені батаны 

Қазақ елінің атынан  беру ке-

рек. Ел намысы бәрінен жоғары.  

Еуропаның  14 елінен келген 

қандастар мен Елші және Бун-

дестаг депутаты қарап отыр, 

яғни, халықаралық дәрежедегі 

бата беру керек болды. Әрі  бұл 

–  үлкен дастарқан үстіндегі тари-

хи оқиға. Баталы сөз – аталы  сөз. 

Бата – айтыс сияқты ұлтымыздың 

ұлы мұрасы. Ол бата жасаушы 

адамның ақыл-парасатын, білімін 

көрсететін, өресін танытатын  

қиын өнер. Ұлағаты да зор. Осы 

үрдістен шыға алуым керек бол-

ды. Осыларды ойлағанда терлемеске лажың 

жоқ. Оның үстіне бата – мақал емес, мәтел емес 

өміршеңдігімен бағаланатын. Бата берілген 

сәттегі атқарған миссиясымен бағалы.   

Еуропа қазақтарына арналған батам: 

Жарылқаушы құдірет

Жарылқаудың қамын ет! 

Ойдан-қырдан бас қосып 

Құрылтайға жиналған  

Қазағым аман бар болсын! 

Ынтымақ, бірлік жарасып,  

Бір Алла жар болсын!  

Шашырап жүрмей әр жерде,  

Жұтылып кетпей әр елде, 

Атажұртқа жетіңдер!

Желбіреген көк тудың  

Астында еңбек етіңдер!  

Қамқор болған қазаққа  

Айналдым сенен, немісім,  

Дүниеге танымал

Бетховен, Моцарт елісің. 

Гүлдей берсін жемісің,  

Кеңейе берсін өрісің, 

Көбейе берсін жеңісің!

Достастығы жарасқан  

Қазақ пен неміс арасында  

Мәңгілік болсын келісім!  

Аллаhу акбар! 

Бұл көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. 

Ертесі кейбір қандас бауырлар арнайы келіп, 

қайталап айтқызып, жазып алып жатты.  Оны 

аңғарған Кельн қазақ мәдени орталығының 

басшысы Шуғайып Ерол құрылтай біткен соң 

қазақстандықтарға жайылған мырза дастарқанда 

менен тағы да бата жасауды сұрады.

Сондағы берілген бата: 

Жаратушы бір Алла 

Қайғы-уайым бермесін. 

Қазағымның арасын 

Басараздық бөлмесін.  

Ынтымағы жарасып  

Биіктерге өрлесін.  

Пейілі дарқан халқыма 

Енді нәубет келмесін. 

Алға ұмтылған жастардың 

Жұлдыздары сөнбесін!  

Оң сапар беріп Құдайым, 

Елге аман жетіңдер!  

Бала-шағамен қауышып, 

Ағайын-туыспен табысып, 

Бақытты ғұмыр кешіңдер.  

Артта қалған бауырлар! 

Қайта айналып келгенше 

Сендер де аман болыңдар!

Әбіш Әділбеков, 

Жетісу жыршылық мектебін 

жалғастырушы

ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ

ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

72

73

Europa qazaqtari Täuelsіzdіk 



toyin bastadi

Germaniyaniñ Keln qalasinda 

14-15 mamir künderі Europa 

qazaqtariniñ  qwriltayi öttі. Bwl 

şarani europaliq qazaqtar Qazaqstan 

Respublikasiniñ täuelsіzdіgіnіñ 25 

jildiğina arnadi.

Qazaqstandiq delegaciya 

qwraminda änşіler Wliqpan 

Joldasov pen Farida Wliqpanqizi,  

Töreğali Törälі,  Qajimwrat 

Şeşenqwl jäne  aqindar – 

Mwhametjan Tazabekov, Jandarbek 

Bwlğaqov, Sirim Äueshan,   suretşі 

– Gülnazim Ömіrzaq, etnograf 

– Saltanat Ömіrälі, jurnalister 

–  Marjan Twrisbekqizi men Jazira 

Amantayqizi boldi.

Men qwriltay sahnasinan Qaban 

jirau men Ködek aqinniñ termel-

erіn orindau baqitina ie boldim.  

Tiñdauşim – Europaniñ  14 mem-

leketіnen jinalğan bauirlarim boldi.

EUROPA TÖRІNEN 

TÖGІLGEN JIR

Qwriltaydiñ alğaşqi künі fut-

boldan jaris öttі. Oğan 14 komanda 

qatisti. Finalda Austriya men Tür-

kiya qazaqtari komandalari baq 

sinasip, Austriya komandasi kubokti 

jeñіp aldi. Üşіnşі orin Keln qalasiniñ  

komandasina bwyirdi.

Mwhametjan Tazabekovtіñ 

Qazaqstan jäne El Prezidentі jay-

li ängіmesіn qandas bauirlar zor 

iqilaspen tiñdap, qoşemet körsettі.

Ekіnşі künі aqindar aytisi öttі. 

Jiilğan  qandas bauirlar bіr ser-

pіlіp qaldi. Artinan koncert berіldі. 

Töreğalidіñ änderі  men Qajimwrat 

orindağan «Qara jorğa» änіne zalda 

otirğan qandastar bilep dumandatip 

jіberdі.

 Men sahnada Qablisa jirau men 

Ködek aqinniñ termelerіn orindad-

im. Keyіnnen mädeni ortaliq basşi-

larimen kezdesken jerde Abilay han, 

Kabanbay, Rayimbek, Swranşi batir 

jirlarinan orindadim. Şeteldіk bauir-

lardiñ elge, tіlge jäne jir-termelerge 

iqilasi erekşe eken.

 

Europa qazaqtari jastardiñ 



bolaşağina alañdaydi

Şeteldegі bauirlar  jastardiñ 

bolaşağina alañdauli, öytkenі jastar 

ösken orta, jürgen jerdіñ iqpalina 

ketіp baradi, tіldі wmitu basim. 

Qwriltay  ötkіzu arqili mädeni jäne 

ruhani baylanis ornaydi, salt-dästür 

därіpteledі, jastar bіr-bіrіmen tanisa-

di, özara aqparat almasip, baylanis 

ornatadi. Qazaqstanday artinda 

elі bar ekenіn sezіnedі, baris-kelіs 

ornaydi, mwniñ özі sirtta jürgen 

qandastarimizğa bіr şañiraqtiñ asti-

na bіrіguge jol aşadi. Qwriltaydi 

ötkіzudegі  şeteldіk qandastardiñ 

negіzgі maqsati – osi.

 Europa qazaqtariniñ qwriltayi 

joğarği därejede, maqsat-müddege 

say  öttі. Şeteldіk bauirlardi köru – 

bіr quaniş, alayda  jat jerde, jat elde 

jat bop ketuі basim ekendіgі köñіlge 

qayau tüsіredі.

Endі menіñ aldimdaği maqsat 

– Türkiya, Franciya jäne Moñğoli-

yadaği qandas bauirlarğa barip, 

jirmen susindatip qaytu, odan ari 

şaqirtu alğan Europa qazaqtarin 

aralap, wltimizdiñ wli mwrasi – 

jir-termenі   därіpteu.

Europa törіnde jasalğan bata

Qwriltaydiñ  alğaşqi künі men 

üşіn erekşe este qalarliq oqiğa boldi. 

Elşі Bolat Nüsіpov mirza qwriltay 

qonaqtarina qonaqasi berdі.  Europa 

qazaqtari federaciyasiniñ prezidentі 

Qayim Keseji ağamizdiñ wsinisimen  

dastarqanğa  bata jasau märtebesіne 

ie boldim. Bata jasauda katti tolki-

dim. Arqam terlep kettі. Eldegі jasap 

jürgen bata jaramaydi.    Öytkenі 

batani Qazaq elіnіñ atinan  beru 

kerek. El namisi bärіnen joğari.  Eu-

ropaniñ  14 elіnen kelgen qandastar 

men Elşі jäne Bundestag deputati 

qarap otir, yağni, haliqaraliq däreje-

degі bata beru kerek boldi. Ärі  bwl 

–  ülken dastarqan üstіndegі tarihi 

oqiğa. Batali söz – atali  söz. Bata – 

aytis siyaqti wltimizdiñ wli mwrasi. 

Ol bata jasauşi adamniñ aqil-para-

satin, bіlіmіn körsetetіn, öresіn 

tanitatin  qiin öner. Wlağati da zor. 

Osi ürdіsten şiğa aluim kerek boldi. 

Osilardi oylağanda terlemeske lajiñ 

joq. Oniñ üstіne bata – maqal emes, 

mätel emes ömіrşeñdіgіmen bağala-

natin. Bata berіlgen sättegі atqarğan 

missiyasimen bağali.   

Europa qazaqtarina arnalğan batam:

 

Jarilqauşi qwdіret



Jarilqaudiñ qamin et! 

Oydan-qirdan bas qosip 

Qwriltayğa jinalğan  

Qazağim aman bar bolsin! 

Intimaq, bіrlіk jarasip,  

Bіr Alla jar bolsin!  

Şaşirap jürmey är jerde,  

Jwtilip ketpey är elde, 

Atajwrtqa jetіñder!

Jelbіregen kök tudiñ  

Astinda eñbek etіñder!  

Qamqor bolğan qazaqqa  

Aynaldim senen, nemіsіm,  

Düniege tanimal

Bethoven, Mocart elіsіñ. 

Güldey bersіn jemіsіñ,  

Keñeye bersіn örіsіñ,

Köbeye bersіn jeñіsіñ!

Dostastiği jarasqan  

Qazaq pen nemіs arasinda  

Mäñgіlіk bolsin kelіsіm!  

Allahu akbar!

Bwl köpşіlіktіñ köñіlіnen şiqqan 

siyaqti. Ertesі keybіr qandas bauirlar 

arnayi kelіp, qaytalap aytqizip, 

jazip alip jatti.  Oni añğarğan Keln 

qazaq mädeni ortaliğiniñ basşisi 

Şuğayip Erol qwriltay bіtken soñ 

qazaqstandiqtarğa jayilğan mirza 

dastarqanda menen taği da bata 

jasaudi swradi.

Sondaği berіlgen bata:  

Jaratuşi bіr Alla

Qayği-uayim bermesіn.

Qazağimniñ arasin

Basarazdiq bölmesіn.  

Intimaği jarasip  

Biіkterge örlesіn.  

Peyіlі darqan halqima 

Endі näubet kelmesіn. 

Alğa wmtilğan jastardiñ

Jwldizdari sönbesіn!  

Oñ sapar berіp Qwdayim, 

Elge aman jetіñder!  

Bala-şağamen qauişip, 

Ağayin-tuispen tabisip, 

Baqitti ğwmir keşіñder.  

Artta qalğan bauirlar! 

Qayta aynalip kelgenşe 

Sender de aman boliñdar!



Äbіş Ädіlbekov, Jetіsu jirşiliq 

mektebіn jalğastiruşi

ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ

ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

74

75

С



ағымға садақ  ілдірген – ескілікті аңыз 

бойынша, «Шыңғыс хан Тәңірдің шапағынан 

жаралған» деген түсінікпен байланысты 

қалыптасқан тұрақты сөз орамы; идеологема. Біз 

аталмыш фразеологизм аясында халық тілінің 

когнитивтік базасындағы тарихи мағына-мазмұны 

бар тұрақты сөз орамдары (фразеологизмдер) мен 

пареомологизмдерді және прецедентті мәтіндерді 

мақалаға арқау етіп алдық. Бұлар – бір жағынан, таза 

тілдік тұрғыдан буын үндестігі, дыбыс үйлесімімен, яғни, 

ішкі ұйқаспен қалыпқа түскен, мағынасы қырналып, 

мінелген, «балталаса» бұзылмайтын ұйқасты тізбектер. 

Екінші жағынан (тілдік емес жағынан), олардың ішкі 

мазмұнында халықтың тарихи жадын, қоғамдағы 

көнеліктің белгілерін білдіретін, тарихи тұлғалардың 

бейнесін танытатын, сондай-ақ көмескі мағыналарды 

арнайы шешуді қажет ететін әр алуан ақпарат кодқа 

салынған. 

Шыңғыс хан туралы қазақтар арасында кең тараған 

«Қазақтың түбі» атты  аңыздың академик  В.В.Радлов 

жазып алған бір нұсқасында: «Шыңғыс ана құрсағына 

сағымнан келіп түскен», – делінеді. Шыңғыстың бір 



анадан туған үш бауыры болады. Ел-жұрты жиналып: 

«Шыңғысты хан қыламыз», – дегенде, әлгі үш кісі: 

«Мұны патша қылмаймыз, бұл кетсін, кетпесе мұны 

өлтіреміз!» – дейді. Содан соң жұрт жиылып кеңес 

құрады: «Мұны қайтеміз? Бұны патша қылсақ, 

өлтіреміз», – дейді«Өздерін патша қойсақ, жұртты 

тұтып тұра алмайдыМұның қайсысын патша қылса 

да, шешесі білсін!» – деді. Шешесіне үшеуін жіберді, 

төрт баласының қайсысын шешесі патша қылса да, 

біз соған ризамыз! – дейді. Төрт баласы шешесіне 

келді. Бірісі: «Мен боламын патша және бірісі

«Мен боламын!» – деді. Төртеуі таласып келеді. Төрт 



баласына шешесі айтады: «Бәрің де менің баламсың

Сендер таласпаңдар! Мен төртеуіңді әділ шариғат 

қылайын. Мына сағымға садақтарыңды іл, сағым 

садақтарыңды көтерсе, соның патша бол!». Төртеуі 

апарып сағымға садақтарын ілді. Үшеуінің садақтары 

жерге түсіп кетті, манағы Шыңғыстың садағын 

көтеріп тұрды сағым, астында тіреу жоқ, үстінде 

байлау жоқ. Сол жерде сол қатын жұрттың бәрін 

жиып алып: «Мынаны көріңдер!» – деді. «Бұл – Алланың 

әмірінен бала болған, мұның садағын Алланың әмірімен 

сағым көтеріп тұр. Мұны патша қылыңыз! Анау үшеуі 

бұған зорлық қылса, сол үшеуін өлтіріңдер! Сендер 

көпсіңдер, зорлық қылдыртпаңдар» [Ел қазынасы – ескі 

сөз (В.В.Радлов жинаған қазақ фольклоры. Үлгілер). 

Алматы: Ғылым, 1994. - 275-279-б.].

Кезінде, өз заманында, жұртшылыққа кеңінен тараған 

бұл қазақы аңыздың моңғолдардың «Алтын тобшы», 

«Құпия шежіресімен» байланысты екені байқалады. 

Моңғолдардың Шыңғыс хан жайындағы әйгілі 

тарихи эпикалық шежіресі «Құпия шежіре» мен «Алтын 

топшыдағы» баяндауда Бөрте Чиноның (Ақ қасқырдың) 

он екінші ұрпағы Дойұн (Добу) мерген ежелгі Арығ 

Усун (үйсін) жерінде туған Алон Ғоуа деген сұлу 

қызға үйленеді. Одан екі бала туады. Дойұн мерген 

қайтыс болғаннан кейін жесір қалған Алон Ғоуа үш 

балалы болады [Лубсан Данзан. Алтан тобчи («Золотое 

сказание»). Перевод с монгольского, введение, комментарий 

и приложения Н.Т.Шастиной. - М.: Наука, 1973]. 

Құпия шежіреде былай делінеді:

Дойұн мергеннің тірі кезінде туған екі ұлы оңашада

«Әкеміз болса – жоқ, ол мына үш ұлды қалай тауыпты?» 

– деп күңкілдеседі.

Балалардың осындай күңкіл сөзі шешесі – Алон 

Ғоуаның құлағына жетеді. Сонымен, көктемгі күннің 

бірінде Алон Ғоуа қойдың сүр етін асып, бес баласына 

бере отырып, оларға бес жебе беріп: «Сындырып 

көріңдер», – дейді. Олар бытырлатып сындыра салады. 

Одан соң Алон Ғоуа бес жебені біріктіріп буады да

«Сындырып көріңдер» – дейді. Балалардың ешқайсысы 



сындыра алмайды. Сонда шешесі: «Сен екеуің «Үш 

баланы қайдан тапты екен?»  деп күмәнданасыңдар. 

Бұларың орынды. Дегенмен мұнда мән бар. Әр күні түнде 

бір ақсары адам кейде түндіктен, кейде маңдайшадан 

сағымдай сырғып, сәуледей созылып келеді де менің 

қарнымды сипалайды. Ол сәуле құрсағыма сіңіп 

кеткендей болады. Таң сызылмай, ай бұзылмай тұрғанда 

әлгі сәуле сары ит секілденіп өрмелеп, үйден шығып 

кетеді. Сонымен, екіқабат болып қалатынмын. Одан 

күмәнданатын дәнеңе жоқ. Байқайым, осы балалар 

Тәңірдің шарапатынан жаралса керек.

Қара басты пендемен

Салғастырма бұларды.

Хан болады ұлысқа, 

Халық сонда ұғады», – 

деп, ақыл айтады. Алон Ғоуа бес баласына: 

«Егер сендер алды-алдына кетсеңдер, манағы 

сыңар жебе секілді оп-оңай опырыласыңдар. 

Кім көрінгенге жем боласыңдар. Бастарыңды 

біріктіріп, жұптарыңды жазбай жүрсеңдер, 

біріктіріп буған бес жебедей жұмыласыңдар. Онда 

сендерді ешкімде сындыра алмайды. Ешкімнен 

де жеңілмейсіңдер», – дейді. Сөйтіп, ай өтеді, 

жыл артынан жыл өтеді [«Моңғолдардың 

құпия шежіресі». - ҚХР: Ұлттар баспасы, 1992. 

Аударғандар: Міркамал Жәлелханұлы, Әбдірәшит 

Тойлыбайұлы]. Алон Ғоуа моңғолдар арасында 

қасиетті саналатын «нирундар» деп аталатын 

әулеттің анасы болады. 

Әрине, эпикалық баяндауларда Уақыт пен 

Кеңістік хронологиялық жақтан бірі кейін, бірі 

ілгері болып үйлеспеуі мүмкін. Бергі замандікі 

арғы, керісінше, арғы замандікі бергі болып 

кетуі – эпикалық шарттылық. «Құпия шежіреде», 

«Алтын тобшыда» Тәңірдің таң шапағынан 

«Алон Ғоуа ананың құрсағында пайда болғандар 

шежіре бойынша Шыңғыс ханның оныншы 

атасынан (Боданчар Мүнгтағтан) басталады. 

Шамалауымызша, біздің заманымыздың 900 

жылдарының басталған шағы болса керек.

Ал қазақы аңызда тәңіриялық объект 

Шыңғыстың (Теміршінің) арғы ата-бабалары емес, 

оның өзі болып саналады: Темучун 1155 жылы 

туған, 1962 жылы ҚХР-да 800 жылдығы салтанатты 

түрде аталып өткен.

Ең жоғары билік иесін (хан, хақан, патша, 

әмір т.б.) сакральдандыру – ежелгі көшпенділер 

мәдениетінде де, ерте дүниедегі отырықшы 

өркениетті елдерде де кеңінен тараған 

типологиялық ерекшелік. Мысалы, ежелгі Мысыр 

елінде перғауындар: «Күннен жаралған жердегі 

Құдаймыз!» – деп, өздерін Құдаймен теңестірді. 

«Қасқырдың қаншығын емген бала», «Қасқырдың 

қаншығы мен адамның жұптасуынан туған 

бала» т.б. тәрізді аңыздар ерте дүние тарихын-

да ұшырасып отырады. Мұндай зооморфтық, 

антропозооморфтық аңыздардың биліктегі белгілі 

бір тұлғаны, одан тарайтын әулетті қасиеттендіру 

арқылы билікті, билік иесінің құрған жүйесі мен 

тәртібін күшейтуде идеологиялық функциясы 

болған.


Сағымға садақ ілдірген жайындағы мифтік 

аңыз кезінде Шыңғыс хан құрған империяның, 

оның құрамынан тараған мемлекеттердің 

билік жүйесінің, оның саяси құрылымының 

идеологиясына арқау болды. Байырғы қазақ 

қоғамында оны билер мен ақсақалдар хандық 

мемлекеттің идеологиясына тірек етті. Ескілікті 

бұл фразеологизмнің «сағымға ілген садағым» 

нұсқасы қазақтың ең көне эпикалық жыры – «Қозы 

Көрпеш-Баян сұлуда» да кездеседі [Қозы Көрпеш-

Баян сұлу. АстанаФолиант, 2002]. Онда: «Жан 

досым қайда, бері кел, сағымға ілген садағым!» – дейді.

Сағымға садақ ілдіру көшпелі дала 

мәдениетінде хан (қаған) тәрізді ең жоғары 

саяси билік иелерін қасиеттендірудің 

(сакральдандырудың) бір жолы болды. 

Сағымға садақ ілдіру – жай ғана керемет 

емес, оның түпкі мазмұнындағы ақпараттарға 

мән беретін болсақ, хандық лауазым Тәңірден 

бұйырған, сондықтан ханға және оның үрім-

бұтақтарына қаралар (қара халық) сөзсіз бағынуға 

тиіс. «Ханға қарсылық – Құдайға қарсылық» деп 

білді. Тәңірдің қалауымен болған сағымға садақ 

ілдіргендер «төрелер» деп аталып, олар байырғы 

қазақ қоғамында ерекше артықшылыққа ие 

әлеуметтік жікке айналды. Төрелер сағымнан 

жаратылғандардың үрім-бұтағы болғандықтан, 

айрықша құқықтық мәртебемен қамтамасыз 

етілді. Төрені өлтіргендердің төлейтін құны 

қарадан әлденеше есе жоғары болды. Егер қараның 

адамы төреге қамшы тигізсе, қамшы қаны 

жазасын тартатын болған. Хан, сұлтан тек 

төрелерден сайланды. Төрені көргенде қаралар

«Алдияр тақсыр!» – деп, этикеттік формуламен 



тіл қату қатаң нормаға айналды. Жер-жерлерде 

ру-тайпаның өз төресі болды. Төресі қартайып, 

артында баласы болмаса, төрелері бар елден «бізге 

төре болады» деп, бесігіне белгі салып кететін 

де болған. Әсіресе арғы аталары хан, сұлтан 

болған төрелерден өз еліне бала алып, төре еткен. 

Сонымен, «табаны жалпақ, құрығы ұзын рулы ел 

болуы үшін дуалы ауыз биі мен ақсақалы, байрақты 

батыры, дәулетті бай-мырзасы, тайпалық таңбасы, 

жауынгерлік ұраны және төресі болуын рулық 

қоғамның қалыптасқан тәртібі» деуге болады. 

Бұндай рудың жүлделі жырауы, адырна жақ ақыны

бәйгелі балуаны, тұмарлы жүйрігі (бәйге аты) рулы 

елдің атағын асқақтата түскен.

Сұлтан төрелерден сайланған. Оларды тіпті 

дәріптеп, жергілікті ру «хан» деп те атады. Хан да, 

сұлтан да билер мен батырларға, ақсақалдарға иек 

сүйеді. Олардан тұрымтай кеңес (кіші кеңес), тағанақ 

кеңес (үлкен кеңес) құрылып, ел басқаруда  хан 

билігін жүзеге асырудың ұжымдық институтына 

айналды, олардың ұйымдық, реттеушілік, 

үйлестірушілік, құқықтық функциясы болды. Хан 

қолында биліктің тізгіні болса, шылбыры билер 

қолында болды. 

Жүген, тізгін, ноқта, шылбыр, әдетте, тұрмыстық 

мазмұндағы сөздер болғанмен, халық тілінің 

фразеологиялық қорындағы «екі тізгін бір шылбыр» 

дейтін өрнекті сөз орамы – жай ғана тұрмыстық 

саладағы сөз емес, хандық дәуірдегі биліктің екі 

тармағы болғанын көрсететін саяси-қоғамдық 

деңгейдегі термин. Этномәдени семантикасындағы 

кодты ашар болсақ, тізгін – «хан билігі», ал шылбыр 

– билердің қолындағы билік жүйесі. Әдетте, тау – 

жердің қазығы, хан – елдің қазығы; тұз – май қатығы, 

хан – ел қатығы деп хан билігін дәріптей отырып, 

бір есептен, халық қаласа, хан жалғыз атын сояды; 

Филология 

ғылымдарының докторы, 

профессор

Нұргелді УӘЛИ

САҒЫМҒА 


САДАҚ ІЛДІРГЕН

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

76

77

халық хан үшін жаралмаған, хан халық үшін жаралған 



деп, биліктің екі тармағын теңгеру жолымен реттеп те 

отырған. Екі тізгін бір шылбырдың хан қолында болуы, 

яғни, бүтін биліктің тұтасымен ханда болуы ерекше бір 

жағдайда ғана кездесуі мүмкін. Осындай аяға кіретін 

тілдік және этномәдени өрістегі кодқа салынған әр алуан 

ақпараттардың түрлері ерекше этномәдени жүйе құрайды.

Жауласқан қарсы жақтың хан-сұлтандарын қолға 

түсіргенде ханның басын хан алар, қардың басын 

қар алар деген қағида бойынша қаралардың оларды 

жазалауына, өлтіруіне қатаң тыйым салынған, жаза 

тек ханның бұйрығымен орындалады. Сондай-ақ қолға 

түскен ханның ханымы, балаларына дейін хан ордасына 

аман-есен жеткізілуге тиіс. Олардың әрі қарайғы тағдыры 

ханның бұйрығы мен әміріне байланысты.

Хан қараның қызына үйленетін болса, қазақтың 

кәдімгі құдалық жолы жүрмейді. «Құда түсу», «қалыңмал 

беру», «жасау-жабдық беру» деген болмайды. Хан 

мен қара бірін бірі «құда» деспейді. Халық тілінің 

паремиологиялық қорынан тарихи таныммен байланысты 

ондай деректі әзірге ұшыратқамыз жоқ. Хан ордасына 

алдырылған қараның қызы ордада басқа да қызметші 

қыздар тәрізді жүреді де белгілі бір уақыттан соң некесі 

қиылып ханым аталады. 

Алайда қазақ ру-тайпалары әйтеуір «төре екен» деп, 

Шыңғыс ханның кез келген ұрпағын өз елінде төре етіп 

ұстамаған. Шежірені жақсы білетін, рулы елдің билері 

мен ақсақалдары Жошы ханның үлкен ұлы – Орда 

Еженнен тараған хан тұқымдарын ақ киізге отырғызып, 

хан көтеруге лайық көрген. Бұл қағида қазақ қоғамында 

қатаң сақталған. 

Төре немесе сұлтанды ақ киізге (кілемге емес!) 

отырғызып хан көтеру рәсімі – сағымға садақ ілдіргендер 

идеологиясының нақты бір көрінісі. Көрнекті этнолог 

ғалым Нұрсан Әлімбай қазақ қоғамында хан көтеруді 

тарихи, тарихи-этнографиялық жақтан ізерлей келіп, 

бұндағы ақ киіздің «тіршілікпен байланысты киелі 

кеңістік», ал хан – «тіршілік кеңістігіндегі жаңа бір 

кұт-берекенің бастауы көзі» деп, семасиологиялық 

тұрғыдан ақ киіз бен ханның этномәдени мән-мазмұнын 

ашып көрсетеді. Сонымен қатар «хан киімін тәбәрік 

тұтып, жыртып ханталапайға салып бөлісетін болса

кеңістіктің символы – ақ киіз ханталапайға түспейді», 

– деп тұжырым жасайды, сондай-ақ «ақ киізді де 

ханталапайға салады» дегендерді кейіннен қосылған 

тиянақсыз дерек деп біледі [Қазақтың этнографиялық 

категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 

Энциклопедия




1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал