Редакция ал қ



жүктеу 1.62 Mb.

бет10/16
Дата09.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

 – Моңғолиядағы аймақтық 

әйелдер ұйымының тарихы 

қай кезден басталады? Қазақ 

әйелдерінің Моңғолияның 

Жоғары өкілетті органдарына 

мүшелікке, басшылық сайлануы 

қалай жүрді? 

 

– 1930 жылы Улаанхус 

сұмынында Аймақтық әйелдер 

ұйымы құрылғанда оған 

басшылыққа Тухи Дөрветханқызы 

тағайындалған. Ол Шеруші 

хошунының үкірдайы Сүкірбайдың 

баласы – Дөрветханның қызы бола-

тын. Аймақтық әйелдер кеңесін Ту-

хидан кейін Дулмаа, Дәрия Ерқара, 

Бұлшын, Әзине, Лхам, Ләмия 

Базанай, Қайжамал Бақыш, Мария, 

Әймихан, Күлдан Қашқынбай, 

Марияш, Ермеш Сіләмхан, Сай-

ран Сіләм, Алмагүл Есмағзам, 

Сәулетхан Бағиман, Майрагүл 

Көкежандар басқарды. 

Жалпы 1940-1981 жылдары 

Моңғол елінің Ұлы және Кіші 

Хуралына, Халық Ұлы Хуралына 

қазақ әйелдерінің 18-і өкіл және 

басқарма болып сайланды. Одан 

кейін демократиялық құрылымға 

көшкен 20 жылда Халық Ұлы Хура-

лы мен Мемлекеттік Ұлы Құрылтай 

мүшесіне аймағымыздан бірде-бір 

әйел сайланған жоқ. Баян Өлгей 

аймағының  тарихында Партияның 

орталық комитеті мүшесіне сайла-

нып, жұмыстаған әйел болмады. 

1990 жылдан кейін 18 жыл өткенде 

ғана қазақ әйелдерінің өкілі болып  

Сәуле Жанымхан, Күланда Шоңай 

еліміздегі екі үлкен МХРП мен 

Демократиялық партияның басқару 

кеңесіне мүшелікке сайланды. 

Азық-түлік, ауылшаруашылық 

министрлігі және Білім, мәдениет, 

ғылым министрлігінің тете 

министріне тағайындалып, ұлт 

азшылығының өкілі болды. 

– «Арулар» одағының 

Моңғолияның әйелдер одағы 

сияқты өзге қоғамдық ұйымдар 

мен құзырлы мекемелермен 

қарым-қатынастары қалай жүріп 

жатыр?

«Арулар» одағы – бүгінгі таңда 

90 жылдан астам тарихы бар 

Моңғолия әйелдер одағының белді 

бір  мүшесі. Әйелдердің құқығы, 

гендер мәселесі, жанұядағы 

зоракерлік, қайшылықтан ту-

ындайтын келеңсіз жағдаймен 

күресетін, одан алдын ала сақтану 

барысында жұмыс жасайтын 

көптеген ұйымдармен бірігіп 

жұмыстап келеміз. Біз сонымен 

қатар Моңғолдың ұлттық адам құқы 

комитетіне де мүшеміз. Сол себепті 

үкімет деңгейінде болып жатқан 

іс-шараларға да қатысып, «Арулар» 

одағының  атынан  өз ойымызды 

жеткіземіз.



– Жастармен тәлім-тәрбие 

жұмысы жүргізіле ме? 

– Одақ жанында жастардың «Бе-

реке» деген клубы жұмыс жасай-

ды. Бұл қазақ жастарының қазіргі 

тыныс-тіршілігімен жақынырақ 

танысып, ондағы өзгерістерден 

хабардар болып отыруға мол 

мүмкіндік береді. «Жастарымыздың 

өзінің ана тілін, діні мен ділін 

сақтауы қандай?» деген мәселелер 

бойынша осы клубпен бірлесіп, 

түрлі шаралар өткізіп тұрамыз. 

Мәселен, жаңа оқу жылының 

басында Ұланбатырда оқитын 

1-курс студент қыздармен кездесу 

өткізіп, тәлім-тәрбие жұмыстарын 

жүргіземіз. Онда жас қыздарға 

өзіне таныс емес үлкен қалада 

өзін қалай алып жүрудің тәртібі 

мен  жөн-жоралғысы туралы кеңес 

беріледі.  Мәселен, Баян Өлгейден 

келген жастарымыз моңғол тіліне 

шорқақ болса,  ішкері аймақтағы 

балалар қазақ тілінде сөйлей ал-

майды. Сол себепті жоғары оқу 

орындарының оқытушылармен 

бірлесіп, оларға қазақ тілінде курс 

аштық. «Жоғары оқу орнында салт-

дәстүріміздің сақталуы қандай?» 

деген тақырып бойынша ғылыми 

конференция жасадық.

Сондай-ақ Толғойттағы Омар 

мешітінің жанындағы «Ел бірлігі» 

бейресми ұйыммен бірлесіп,  

қандастарымыз көптен мекендейтін 

Налайх ауданында бірқатар жұмыс 

атқардық.  

 – Мерейтойға арналған іс-

шаралар қалай жүріп жатыр?

– «Арулар» одағының 

5 жылдығында Мұқағали 

Мақатаевтың сөзіне жазылған 

Т.Төлендиевтің «Арулар»  әніне 

бейнебаян  түсірген едік. Ал Баян 

Өлгей аймағының 70 жылдық ме-

рейтойына «Қазақтың маңдайалды 

арулары»  атты моңғол тілінде 

кітап шығарып, оны жұртшылыққа 

тарту еткенбіз. Бұл кітапта 1930-

2010 жылдар аралығында қазақ 

қыздарының аймақ пен еліміздің 

дамуына қосқан үлесі паш етілді. 

Ұланбатырда қазақ әйелдері 

арасында олимпиада ойында-

рына ең алғашқы боп  қатысқан 

Алдан Рамазанқызы тұрады. 

Оған «Моңғолияға еңбек сіңірген 

спортшы» деген атақ әперу ту-

ралы Президентке хат жазып, 

тиісті ұйымдармен байланысып 

жатырмыз. Бұған дейін Алданыш 

апамыздың «Еңбек Қызыл ту» 

орденімен марапатталуына өз 

үлесімізді қостық.  

Енді 10 жылдық мерейтойға 

жоспарланған 10 үлкен шараның 

қатарында,  одақ жанындағы 

жастардың «Береке» клубынан 

«Жастардың үні» атты форум-

ды Уланбатыр қаласында, «Біз 

қазақтың ұрпағымыз, тілімізді, 

дінімізді, салт-дәстүрімізді 

ұмытпайық» атты кездесу сұхбатты 

Дархан-Уул аймағының Шарын-

гол сұмынында жүрілді.  Налайх 

ауданында «Қыздармен сырла-

су», «Бата сайысы», «Тілімізді, 

мәдениетімізді құрметтейік», 

«Сұрақ, жауап, сұрақ» атты қазақ 

мақал-мәтелдерінің сайысы 

ұйымдастырылды. Баян Өлгей 

аймағында «Сағындырған әндер-

ай» концертін ұйымдастырып,  

«Көктемнің көрікті аруы» атты ару 

қыздарды сыналту сайысы жүрілді.  

Кешікпей «Қазақ қызы» деген 

өлеңге бейнебаян түсіріп,  «Арулар 

10 жылда» деген деректі фильм 

жасауға ниеттеніп отырмыз. 

– Әңгімеңізге рахмет. 

Еңбектеріңізге жеміс тілеймін. 

Сұхбаттасқан Е. Кебекбай

Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі 

шетелде тұратын және  елімізден тыс аймақтарда туып-

өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен 

жыршы-термешілері қатыса алады. 

Автордың шығармасы бұрын еш жерде 

жарияланбаған болуы керек. 

Бір ақын үш өлеңмен қатыса алады.  

бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, 

патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек 

(міндетті);

екінші өлеңі – Зуқа батырдың туғанына 150 жыл 

толуына орай батырдың ерлігі мен өмірі туралы 

(міндетті);

үшіншісі еркін тақырыптағы өлең болуы қажет. 

Терме сайысы еркін тақырыпқа құрылады. 

Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға 

беріледі. 



Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің   

25 жылдығына орай жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысы өтеді. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-

саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің 

алтын бесігі» атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр 

мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді. 

ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық, 

отаншылдық сезімін,  Атажұртқа деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан 

әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін 

жұртшылыққа таныстыру; 

- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық 

рухты сіңіру, тәуелсіздікті терең сезіндіру, елдік мәселелерге сергек қарау.

Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі 

қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе 

электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru  

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997 

МҮШӘЙРА МЕН ТЕРМЕ САЙЫСЫНЫҢ  ШАРТЫ:

Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 

«Атажұрт» баспа орталығына алдын ала хабарласып, 

тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын термелерінің 

үнжазбасын тапсыруға міндетті.

Өлеңдер 2016 жылдың 15 қыргүйегіне  дейін 

қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың 

толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, 

тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт. 

Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен 

байланыс телефондары арқылы хабарласады. Алдын ала 

іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің арасынан арнайы 

әділқазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді анықтау, 

оларды  марапаттау рәсімі 2016 жылдың қазан айындағы 

фестиваль аясында өткізіледі. 

Әділқазылар алқасының шешімімен  жеңімпаздарға бес 

дәреже бойынша жүлде (ақындарға бөлек, термешілерге 

бөлек) тағайындалады.

Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары 

дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

62

63

АБАҚ КЕРЕЙДІҢ 



ШҰБАРАЙҒЫР 

РУЫНАН ШЫҚҚАН 

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР

саясаттанушы,

журналист

Досан

БАЙМОЛДА

Б

абалардың ғасырлар бойғы арманы 



орындалып, азаттықтың ақ таңы 

атып, төбемізде тәуел сіздіктің көк 

туы желбіреді. Еге мен ел бо лып, еңсемізді 

тіктедік. Бай та ри хымыз дың барын бағам-

дап, жоғын түген деп, келмеске кеткен кер 

заманның кесірінен ақтаң даққа айналған 

тұстарын жады мыз да қайта жаң ғыртып жа-

тырмыз. Бұл тұста әлі де көп жұмыс істелуі 

керек секілді. Бұған дейін  тарихи дерек, 

мәліметтерден гөрі көбінесе халық аузын-

да айтылып келген батыр бабаларымыздың 

бірінің ерлік ісін екіншісіне жапсыру не олар-

ды жаңылыс атау орын алып келді. Тарихқа 

жасалған осы қиянатты түзейтін кез келгендей. 

Осы уақытқа дейін Қазақстанда, 

Моңғолияда жарық көрген кейбір кітаптарда, 

мақалаларда керейдің ашамайлы руы-

нан шыққан атақты жырау, қолбасшы ба-

тыр Қожаберген Толыбайұлы  мен  абақ 

керейдің шұбарайғыр руынан шыққан батыр 

Қожаберген Жәнібекұлы – екеуіне қатысты 

тарихи шындық жағдайлар бұрмаланып келді. 

Тарихта екі Қожаберген батыр бар:   бірі – 

керейдің ашамайлы руынан шыққан әйгілі 

«Елім-ай» әнінің авторы Қожаберген жырау 

болса, екіншісі – абақ керейдің шұбарайғыр 

руынан шыққан Қожаберген батыр. Аттас 

болғандықтан, екі Қожаберген батырдың 

тікелей ұрпақтарын түсініспеушілікке, кейде 

бітпес дауға жетелегені – шындық. 

Енді «осы екі Қожаберген батыр кімдер?» 

дегенге келер болсақ,  екеуі де – Жоңғар зама-

нында өмір сүрген атақты батырлар болғаны – 

тарихи шындық. Ашамайлы керейден шыққан 

атақты жырау, батыр Қожаберген Толыбайұлы 

1663-1763 жылдары өмір сүрген болса, абақ 

керейден шыққан Қожаберген Жәнібекұлы 

1723-1785 жылдары аралығында өмір сүріпті. 

Екеуі де  жоңғарға қарсы күресте бірі – 

қарт, бірі – жас батыр сарбаз ретінде көзге 

түскен. Қожаберген жырау 1663 жылы қазіргі 

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жам-

был ауданының «Күлтөбе» деген жерінде То-

лыбай сыншының отбасында дүниеге келген. 

Орта жүз ашамайлы керейдің бәйбіше көшебе 

руының таузар тайпасынан шыққан атақты 

батыр, әйгілі суырыпсалма ақын Қожаберген 

Толыбайұлының есімін еліне танытқан, 

тарихқа атын қалдырған – «Елім-ай» жыр-

дастаны. 

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Ел-жұртынан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді

Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман....

деп жырлаған Қожаберген жырау 1723 

жылы Қазақ даласына жасалған Жоңғар 

шапқыншылығы кезінде ел басына түскен 

ауыр апатты яғни «Ақтабан шұбырынды, 

алқакөл сұлама» кезеңін осылай жыр тіліне 

көшірген екен. 100 жасаған жыраудың денесі 

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы-

на қарасты Күлтөбе жеріндегі әкесі Толыбай 

сыншы қорымына жерленген.

Абақ керейдің шұбарайғыр руынан 

шыққан Қожаберген батыр туралы айтар 

болсақ, Қожаберген Жәнібекұлы жоңғар 

соғысының соңғы кезең дерінде Абылай 

бастаған қазақ сарбаздарының ту ұстаушы-

ларының бірі болған. Батыр бабамыз жоңғарға 

қарсы күресте Қабанбай, Бөгенбай, Ер 

Жәнібек секілді батырлармен үзеңгілес бо-

лып, хан Абылайдың қасынан  орын алып-

ты. Ол да ерлігі арқылы ел аузында аңызға 

айналған.  Шұбарайғыр әулеті жауға шапқанда 

«Қожаберген, Қожаберген!» деп ұрандатқан. 

Абақ керейдің шұбарайғыр руынан шыққан 

Қожаберген батыр Жә ні бекұлы туралы қытай, 

орыс, моң ғол деректерінде біршама мәліметтің  

бар екендігі бүгінгі күні ғылымда дәлелденіп 

отыр. Мысалы, Қожаберген батыр туралы 

орыс тарихшылары Г.Н.Потанин, Н.А.Аристов 

секілді тарихшылар өз еңбектерінде жазып 

қалдырған. Бұл деректерде Қожаберген ба-

тыр 1750 жылы керей руларын бастап,  Ха-

барга Базар өзеніне жеткені айтылады. Бұл 

–  қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарба-

ғатай ауданындағы өзен атауы. Қожаберген 

батыр бастаған керейлер көші туралы орыс 

тарихшысы Г.Н.Потанин: «Қазақтар Алтайға 

келіп, XVIII ғасырдың 70-80-жылдарында 

Қара Ертістің бойымен Тарбағатай, Сауыр 

тауының солтүстігі мен Алтайдың оңтүстігін 

мекендейтін болды», – деп жазады. Орыс 

тарихшыларының тағы бір тарихи дерегінде 

1757 жылы Қожаберген батыр бастаған 

шұбарайғырдың мың түтіні Ертіс өзенін өрлей 

келе, Алтай – Сауырды мекендеп қалғанын 

жазса, екінші бір деректе 1760 жылы Қотырақ 

батыр Қалбадан жәнтекей ауылдарының үлкен 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

64

65

шоғырын бастап, Ертісті өрлеп көшкенін, бұлармен 



қатар Бұқарбай бастаған ителілер, Қожаберген 

бастаған шұбарайғырлар да жылжи-жылжи 

Кішкене тау, Маңыраққа жетіп тоқтағаны туралы 

айтылады. Бұл кезде Жоңғар хандығы жойылып, 

бүкіл аймақ Қытайға қарасты жер болып қалған еді. 

Моңғол, қытай деректерінде көп айтылатын, 

жоңғар қоңтайшысы Әмірсанамен (Амарсанаа)  

жақын дос болған – Қожаберген батыр. Моңғол 

деректерінің бірінде Манж-қытай әскеріне қарсы 

күресте Әмірсанаға  2 мың әскерімен Қожаберген 

батырдың көмекке келгенін, 1756 жылы «Нұра» 

деген жерде Әмірсана мен Қожаберген батыр манж-

қытай әскерімен соғысып, уақытша жеңіліс тауып, 

қазақ жеріне қарай шегінгені туралы жазылған. 

Жоңғар хандығы үшін күресте бірде манж-қытай 

көмегін алуға мәжбүр болған, бірде қытайға қарсы 

күресіп, Абылай ханды пана тұтқан Әмірсана 

қоңтайшы ақыры мұратына жете алмай, Ресей 

жеріне, Тобылға (Тобольск) қашып барып, 1757 

жылы сүзектен өлгені туралы тарихта айтылады. 

Жоңғар қоңтайшысы Әмірсана мен Қожаберген 

батырдың достастығының берік болғаны сондай, 

– Әмірсана өзінің Мултар деген ұлын Қожаберген 

батырға берген екен. Қожекең оны 7-ұлы етіп, 

«Қазақбай» деп атаған. Кейін бұл үлкен әулетке ай-

налып, ұрпақтары бүгінде Моңғолияда, Қазақстанда 

өмір сүреді. Өмірі билік үшін күреспен өткен 

Әмірсана қоңтайшы 1822 жылы туып, небәрі  

35 жас қана жасапты. Онымен жақын дос болған 

бабамыз Қожаберген де, Әмірсанамен бірге манж-

қытай әскеріне қарсы соғысқан шағында 30-дан 

жаңа асқан жігіт екен. Ал Қытай деректеріне 

қарағанда, манж-қытай билігіне бас ұрмаған жоңғар 

қоңтайшысы Әмірсананың соңынан қуа соғысқан 

қытай әскері 1756 жылы Қазақ жеріне басып кірген. 

Қытай әскері Шаған Оба маңында Танғутай тайшы-

ны қуып жүріп, қазақтың мыңдығымен қақтығысқа 

түскен. Осыдан кейін-ақ қазақ сарбаздары мен 

қытай әскері арасында қанды шайқастар басталып 

кеткен. Қазақтар ескі ата-бабаларының дәстүрімен 

қаша соғысып, қытайдың әскерін соңына ерте 

Сарыарқа төскейіне қарай шегіне берген. «Баты-

сты бағындырушы» қытай әскерінің қолбасшысы 

– Дардананың Ежен ханға жазған хатында: «Жау-

ларымызды қуып «Нұра» аталатын өзенге жеттік. 

Әскери сап құрып, әрі аттандық. Осы жерде екі 

мың қарақшымен (қазақ сарбаздарын солай атай-

ды) соғыстық, сұрастырсақ – бізге қарсы соғысып 

жүрген Әмірсана мен Қожабергеннің жасақтары 

екен», – десе, манж-қытай әскерінің тағы бір 

қолбасшысы – Хадаха әскери кеңеске жазған ха-

тында: «Абылайдың Бөгенбай батыр бастаған 

жасағымен де шайқастық. 20 адамды өлтіріп, бір 

адамды тірі қолға түсірдік,  40 шақты ат олжа бол-

ды», – дейді. Осы хатта Хадаха Қожабергеннің 

Әмірсананы ертіп, Сарыарқа төсіндегі Нияз тау-

ына барып бекінгенін жазады. Бұл – қазіргі Астана 

қаласынан 100 шақырымдай жер, «Осакаровка» елді 

мекені осы таудың беткейінде орналасқан. Қазақ 

пен қытай әскері арасында соңғы шешуші соғыс  

Шідертінің жоғарғы ағысында жүрді. Уақыт өте 

келе бұл жер «Шүршітқырған» деп аталды. Абы-

лай хан бастаған Қабанбай, Бөгенбай, Ер Жәнібек, 

Қожаберген батырлар басқарған қазақ сарбаздары 

Қазақ даласын қытай әскерінен тазартты. Сібір ше-

гара әскерін басқарған генерал  В.Якоби бұл қырғын 

туралы: «Батыс жорығына аттанған қытайдың жиыр-

ма мыңынан Селенгі шегарасына тек мың алты жүзі 

қайтып келді», – деп жазады.  

Орыс тарихшысы  Н.А.Арис тов: «ХVІІІ ғасырдың 

екінші жартысының басындағы жоңғарлармен 

соғыс жөнін дегі қытай деректерінде керейлер ту-

ралы мәліметтердің  кездесетіндігін,  Абылай хан 

мен бірге жоң ғарларға қарсы күрескен  Қо жаберген 

батырдың  1757 жылы Қы тай  билігімен келіссөз 

жасасқаны  туралы  айтылатындығын жазады. Тари-

хи дерек бойынша, Қытай елшілерімен болған бұл 

келіссөзге Абылай ханның өзі қатысқан және бұл 

келіссөз 1757 жылы 7 шілдеде Аягөз бойындағы Ма-

мырсу Байпақбұлақ деген жерде өткен. Ал манжы-

қытай деректеріндегі «Қа зақ тайпаларының отбасы 

саны туралы тізім дәптерінде»: «Абақ керейдің 1000 

отбасы Қожаберген батырдың билігінде», – делінген. 

1760 жылы Қытай шегарасына жақын барған қазақ 

сарбаздары туралы орыс барлаушысы Сафир Сәлиев: 

«Қытай шегарасына жақын маңда Абылай сұлтан 

бастаған екі мың, Қабанбай батыр бастаған екі мың, 

Қожаберген мен Қошқарбай батыр бастаған екі мың, 

Көкжарлы Барақ бастаған екі мың әскер тұр», – деген 

мәлімет берген. 

Батырдың өзі ұстаған қасиетті ақ туы бүгінгі 

күні оның ұрпағы –  Мұқтажыұлы Жұмаштың 

шаңырағында сақтаулы. Жұмаш ағамыз 

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Бұғыты 

ауылында (сұмынында)  тұрады. Киелі бұл туды 

бейбіт уақытта сандықтан шығармайды. «Егер 

сандықтан шығарса, жамандық болады» деген сенім 

жергілікті халық арасында бар. Бұл туды 1943 жылы 

Моңғолия қа зақтарынан жасақталған партизан от-

ряды Алтай аймағын гоминдан қолынан азат ету 

шайқасына  қасиеттеп апарыпты. Осы соғыс іс-

қимылына қатысқан майдангер Лүдәрін Ақмерұлы 

өзінің естелігінде: «Моңғолиялық қазақ сарбаздары 

шұбарайғыр руынан шыққан атақты Қожаберген 

батырдың киелі ақ туын өздерімен бірге ырымдап 

алып жүрді. Сол тудың  шапағаты әлде құдіреті 

болар, моңғолиялық қазақ сарбаздары Отан үшінгі 

аса маңызды да, қиын тапсырманы ерлікпен орын-

дады», – дейді.  Шежіреші Оңғар Маусым ұлы батыр 

бабамыздың осы киелі ақ туын өзінің көргенін ай-

тады: «Бұл – әбден тозығы жетіп, бұлы сүзіліп, өңі 

сарғайып кеткен ақ ту. Биіктігі – 150 см, ені – 70 см, 

ақ матадан істелген байрақ екен. Сырыққа байлар 

     Қожаберген батырдың Ақ туы осы 

сандықта сақтаулы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Потанин Т.Н. Очерки Северо-Западной Монголии, т. II.СПб,1881

2.  Аристов Н.А. Заметки об этнографическом составе тюркских племен// Живая старина вып. III-IV, 1892

3.  «Керей» қазақ ру-тайпаларының тарихы, XV том, Алматы, 2014ж

4.  «Қазақтың ханы Абылай», I-II томдар, Ел-шежіре баспасы, 2011ж

5.  Қожаберген жырау. «Елім-ай», Қазығұрт баспасы, Алматы, 2012ж

6.  Б.Монголхүү. «Цаст алтайн чуулган», Улаанбаатар, 2009ж

7.  Д.Цэмбэл. «Амарсанаа», Улаанбаатар, 2009ж

8.  Д.Баймолда. «Қазақ көші», Алматы қаласы, 2013ж

9.   «Ел ұраны-Ер Жәнібек», зерттеу мақалалар, Алматы, 2014ж

10. О.Маусым. «Атаға ықылас-балаға мирас», Алматы қаласы, 2011ж

жағы көмкерілген, үш жерден байлайтын бауы бар. 

Кезінде садақ оғы ма, найза ұшы ма, тиіп, жыртылған 

жерлерін ақ жіппен тігіп жамаған екен. Тумен бірге 

ұзындығы 30 см мөлшерінде тудың басына байлай-

тын бір уыс жылқының қара қылы, бір-екі қайыс 

бау бар. Сандыққа екінші рет қолымды жүгіртіп, 

найзаның ұшы, бір кісілік ақыреттік ақ мата, ер 

адамның көйлегін алып шықтым. Сан дықта киізге 

салынған «Құран» кітабы бар екен. Найза 30 см 

ұзын, 6-7 см жалпақ, екі жағы жүзделген, сырықтың 

басына сапталатын ұңғысы, шегелеп бекітетін екі 

жерден тесігі бар. Көйлек ақ бұлдан тігілген тік 

жағалы жеңінің ұшы, омырауы сырылған. Жағасы 

мен жеңінің ұшында түймесі бар, бұлының ішкі 

жағында тақта жазу мен қызыл өңді өрнегі бар».

Батырдың ұстаған ақ тудың қандай екенін, 

қайда екенін білсек те, бабамыздың  жатқан 

жері – зиратының нақты қайда екенін білмейміз. 

Тек білетініміз – Қожаберген бабамыздың басы 

Шыңжаңдағы Алтай өлкесінде жоқ екендігі. Осы-

дан 2-3 жыл бұрын ағайындас інім Болатхан Заядан 

екеуміз Қытайдың Шыңжаң өлкесін аралап, Алтай 

аймағының шұбарайғырлар көп тұратын Қаба, Бу-

ыршын аудандарына дейін барып, сондағы көнекөз 

қариялар мен ауылдың шежірешіл азаматтарымен 

сөйлесіп, әңгімелескен кезімізде бұған көз жеткізген 

болатынбыз.  Қожаберген батыр  1760 жылдары 

(небәрі 37 жасында ғана) өз ажалынан о дүниелік 

болып, Сарыарқада «Қызылағаш-Аршалы» де-

ген жерде жерленген деген ел аузындағы әңгімеге 

сену қиынырақ. Өйткені Қожаберген батырдың 

елінің, халқының тағдыры үшін 1757 жылы 

Қытай билігімен келіссөз өткізгені жайлы Қытай 

деректерінде жазылғанына қарап,  бабамыздың басы  

Қазақстан жерінде, яғни, Шығыс Қазақстан облы-

сы, Зайсан «жерінде» деген кейбір зерттеушілердің 

айтқан уәждерімен келісуге тура келеді. Қожаберген 

батырдың Ер Жәнібек батырмен бірге жоңғардан 

босаған Алтайға қарай керей руын алғаш бастап 

көшкені  туралы  жоғарыда айтып өткен тарихи де-

ректер бұған дәлел бола алады. Зайсан ауданының 

шежіресінде: «Шұбарайғыр Қожаберген батыр 

1762 жылы Қалба тауында қайтыс болды», – деп 

жазылған. Бәлкім, батырдың қайтыс болған жері 

солай болуы мүмкін, ал қайтыс болған жылы 

келіңкіремейді. Бұл жерде ашамайлы Қожаберген 

жыраудың қайтыс болған жылы жазылған секілді...

Қытай елінен көшіп келген тарихшы Бақыт 

Еженханұлы қытай мұрағаттарында Қожаберген 

батыр туралы деректердің бар екенін, яғни, оның 

Қазақ хандығы атынан Бейжіңге барған елшілер 

қатарында болғанын, Қытай елімен сауда-саттық 

жасауда ықпалды тұлға болғанын айтады. Осы-

ны қолға алып, зерттеу өте маңызды іс болмақ. 

Қожаберген батырдың Дүзік деген кіші әйелінен 

тараған ұрпақтары Моң ғолияда өмір сүреді. «Қазақ 

жерін кеңейтуге өз үлесін қосқан Қожаберген 

батырдың есімі оның ерлігі жайында тереңірек 

зерттеліп, оқулық кітаптарға енгізілсе, оның ақ 

туын тарихи-мәдени мұра ретінде қорғауға алып, 

ұлттық мұражайлардың біріне қойылса екен» деп 

ойлаймыз. 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

66

67

 ﯔﯨﺪﻳﻩﺭﻪﻛ ﻕﺎﺑﺍ



 ﻥﺎﻘﻘﯩﺷ ﻥﺎﻨﯨﯞﺭ ﺮﯩﻌﻳﺍﺭﺎﺑﯘﺷ

ﺮﯩﺗﺎﺑ ﻥﻪﮔﺭﻪﺑﺎﺟﻮﻗ

 



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал