«расширяя границы изменений в образовании: апробация и трансляция»



жүктеу 68.88 Kb.

бет1/20
Дата11.09.2017
өлшемі68.88 Kb.
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР 
АЯСЫН КЕҢЕЙТУ: АПРОБАЦИЯ МЕН ТАРАТУ»
27–28 ҚАЗАН 2016 Ж.
«РАСШИРЯЯ ГРАНИЦЫ  ИЗМЕНЕНИЙ 
В ОБРАЗОВАНИИ: АПРОБАЦИЯ И ТРАНСЛЯЦИЯ»
27-28 ОКТЯБРЯ 2016 Г.
‘TAKING CHANGE TO SCALE IN EDUCATION: 
PILOTING AND DISSEMINATION’
27-28 OCTOBER 2016
баяндамалар жинағы
сборник докладов
report book
VIII  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
VIII  Международная научно-практическая конференция
VIII  International research-to-practice conference
АСТАНА
 ҚАЗАҚСТАН

2
VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
27–28 қазан 2016 ж.
ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.04
Б 94
ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.04
ISBN  978-601-7916-55-8
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Әдістемелік кеңесі  басуға ұсынады  
Рекомендован к печати Методическим советом   
АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 
Recommended for printing by methodological board of  
AEO «Nazarbayev Intellectual Schools»
Баяндамалар жинағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жариялауға дайындалған 
Сборник докладов подготовлен к публикации АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 
Book of reports prepared for AEO «Nazarbayev Intellectual Schools» publication
Рецензенттер:
Шалғынбаева Қ.Қ – педагогика ғылымының докторы, профессор 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Құсайынов Ғ.М. –  педагогика ғылымының кандидаты, доцент
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Б 94 Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату. - Халықаралық ғылы-
ми-практ.конф. (Астана қ., 2016 ж. 27-28 қазаны) = Расширяя границы  изменений в образовании: 
апробация и трансляция. - Сб. докл. Междунар. науч.-практ. конф. (г. Астана, 27-28 октября  2016 
года) = Taking Change to Scale in Education: Piloting and Dissemination. - Col. rep. Intern. scientific and 
practical Conf. (Astana, 27-28 October 2016) - қазақша, орысша, ағылшынша

3
Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату
  Осы «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның баяндамалар жинағы қазіргі білім беру 
жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған.
  Баяндамалардың мазмұнында Қазақстанның білім беру жүйесіне озық шетелдік және 
отандық қорыту және талдау негізінде инновациялық педагогикалық әдіс-тәсілдерді бейімдеу 
және тарату бойынша мұғалімдер мен тренерлердің тәжірибелік жұмысының жекелеген 
аспектілері көрініс тапқан. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
  Настоящий сборник докладов Международной научно-практической конференции 
«Расширяя границы изменений в образовании: апробация и трансляция» посвящен акту-
альным проблемам современной системы образования. 
  Содержание докладов отражает отдельные аспекты практической деятельности 
учителей и тренеров по адаптации и трансляции инновационных педагогических методов 
и подходов в обучении и системы критериального оценивания на основе обобщения и 
синтеза лучшего мирового и отечественного опыта профессионального развития педагогов 
Казахстана. Доклады представлены на казахском, русском и английском языках.
 
This book of reports of the International research-to-practice conference “Taking Change to 
Scale in Education: Piloting and Dissemination” is devoted to the most urgent problems of a mod-
ern education system. 
  The content of the reports reflects the several aspects of teacher and trainer practices in piloting 
and dissemination of innovative pedagogical methods and approaches in teaching and learning 
and a criteria-based assessment system: the generalization and synthesis of best international 
and Kazakhstani practices of continuing professional development of teachers. The reports are 
presented in the Kazakh, Russian and English languages. 
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ   
© АОО  «Назарбаев Интеллектуальные школы»
© 
AEO  “Nazarbayev  Intellectual  schools”      

4
VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
27–28 қазан 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» АЯСЫНДА «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ 
ДАМЫТУ»  (CTY)    БАҒДАРЛАМАСЫН  ЕНГІЗУ    БОЙЫНША  БАҒАЛАУ   
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ҰСЫНЫСТАРЫ
АХМЕТОВА  Р.М. .................................................................................................................... 7
КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМНІҢ КОУЧИНГ ӨТКІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ 
АХМЕТОВА  Р.М. .................................................................................................................... 13
ҚОҒАМДЫҚ  ҒЫЛЫМ  НЕГІЗДЕРІ  ПӘНІН  ОҚЫТУДА  ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
АХМЕТОВА C.Р., ОМРАЛИНА М.А. ................................................................................. 18
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ  БІЛІКТІЛІКТЕРІН  АРТТЫРУ  КУРСТАРЫН  БАҒАЛАУДА  ТЕСТ 
МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ 
БИБЕКОВ Қ.Т., ЖУМЫКБАЕВА А.К. .............................................................................. 24
МЕКТЕПТЕ  ОҚУ  ҮРДІСІН  ЖЕТІЛДІРУ  МАҚСАТЫНДА  ОҚУШЫ  БІЛІМІН 
ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДА КОУЧТІҢ ӘСЕРІ 
Д. НҰРБАЕВА ........................................................................................................................... 30
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ  БАҒЫТТАҒЫ  ПӘНДЕРДІ  ОҚЫТУДА 
МҰҒАЛІМНІҢ  ЖАЗБАША  КЕРІ  БАЙЛАНЫСЫН  ПАЙДАЛАНУ  ТИІМДІЛІГІН 
ЗЕРТТЕУ 
ЗЫКРИНА С.Ж., ОТЫНШЕЕВА Л.К., КАНАПОВ К.Б. .............................................. 36
КӘСІБИ  ДАМУ:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ІС-ТӘЖІРИБЕДЕГІ  ЗЕРТТЕУ  ЖОБАСЫН 
ЕНГІЗУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
НАГИБОВА Г. С. ..................................................................................................................... 42
ТОП  ТРЕНЕРІНЕ  ТАНЫСТЫРЫЛЫМДЫ  ФОРМАТИВТІ  БАҒАЛАУДА  ҚОЛДАУ 
КӨРСЕТУ 
ТОҒЫС Ж.М., КАСИМОВА Ж. Г. ........................................................................................ 47
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ  БІЛІКТІЛІГІН  АРТТЫРУ  ЖҮЙЕСІНДЕ 
ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ 
ШАКИМОВА Д. Д. ................................................................................................................... 53
ПӘНАРАЛЫҚ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
ШИМАЛОВА А. С., АЙТБАЕВА Ж. Д. ................................................................................ 59
ЖАЗБАША  ЖӘНЕ  ВИЗУАЛДЫ  МӘТІНДЕРГЕ  АНАЛИЗ  ЖАСАУ  АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫНЫҢ  КӨРНЕКІ-БЕЙНЕЛІЛІК  ОЙЛАУ  ДАҒДЫЛАРЫН  ЖЕТІЛДІРУ 
ЖОЛДАРЫ 
ШОМШЕКОВА Т. К., ЗИЯТБЕК М. ................................................................................... 64

5
Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату
СОДЕРЖАНИЕ
ПОВЫШЕНИЕ  САМОЭФФЕКТИВНОСТИ  УЧАЩИХСЯ  ЧЕРЕЗ  ВНЕДРЕНИЕ 
ПРОБЛЕМНО ОРИЕНТИРОВАННОГО ОБУЧЕНИЯ (PBL) 
АКСЁНОВА И.В., ЖАКИБАЕВА А. Ж. ............................................................................. 69
НАСТАВНИЧЕСТВО - ПУТЬ К ЭФФЕКТИВНОСТИ 
АХМЕТОВА Ш. Б. ................................................................................................................... 74
МОНИТОРИНГ ВНЕДРЕНИЯ ПРОГРАММЫ «РАЗВИТИЕ ОДАРЕННОСТИ ДЕТЕЙ»: 
ВЫВОДЫ, РЕКОМЕНДАЦИИ, ПЕРСПЕКТИВЫ 
ВИЛЬДАНОВА С.А., КАШАВАРОВА Н.М. ..................................................................... 79
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ  «МАРШРУТНЫХ  КАРТ»  В  РАЗВИТИИ  ЗНАНИЙ  И 
РЕФЛЕКСИВНЫХ НАВЫКОВ ТРЕНЕРОВ 
КОЛЕСОВА Л. Г., к. п. н. ........................................................................................................ 85
ПРИМЕНЕНИЕ 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ 
КАРТЫ 
В 
ПЛАНИРОВАНИИ 
ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ТРЕНЕРА ПО ФОРМАТИВНОМУ ОЦЕНИВАНИЮ УЧИТЕЛЯ 
КУЖАГУЛОВА Ж.М. ............................................................................................................. 90
ТЕСТИРОВАНИЕ  КАК  СРЕДСТВО  ОЦЕНИВАНИЯ  ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ 
КАЧЕСТВ ПЕДАГОГА 
ЛАХТИНА Т. ............................................................................................................................. 94
РЕАЛИЗАЦИЯ  ИНКЛЮЗИВНОГО  ОБРАЗОВАНИЯ:  ЧТО  БЕСПОКОИТ 
УЧИТЕЛЕЙ 
ОМАРОВА Т.К. ..................................................................................................................... 100
ГЛОБАЛЬНЫЕ 
НАВЫКИ 
КАК 
ПОКАЗАТЕЛИ 
РЕЗУЛЬТАТИВНОСТИ 
СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
САРСЕНОВА А.М., ИСАХАНОВА А.А.............................................................................104
РОЛЬ  ЦЕНТРА  ИЗУЧЕНИЯ  КАЗАХСКОГО  ЯЗЫКА  И  КУЛЬТУРЫ  «БАЙТЕРЕК» 
В  ФОРМИРОВАНИИ  КАЗАХСКОЙ  НАЦИОНАЛЬНОЙ  ИДЕНТИЧНОСТИ  У 
ОБУЧАЮЩИХСЯ НОВОВАРШАВСКОГО РАЙОНА ОМСКОЙ ОБЛАСТИ 
СЕКСЕМБАЕВА Ш.И.. ........................................................................................................109

6
VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
27–28 қазан 2016 ж.
CONTENT
THE  WAYS  OF  DEVELOPING  PLURILINGUAL  COMPETENCE  FROM  THE 
EUROPEAN PERSPECTIVE ASSEM AMANTAY, 
AIGERIM MYRZABAYEVA ...............................................................................................114
JOURNAL WRITING: A TOOL TO HELP DEVELOP STUDENT VOICE 
TIMUR BOSKIN .....................................................................................................................120
USING  RECIPROCAL  READING  WITH  INFORMATION  TEXTS  TO  IMPROVE 
READING COMPREHENSION DEIRDRE EDWARDS, 
ZAURESH MANABAYEVA .................................................................................................127
STUDY  OF  NIS  TEACHERS’  PERCEPTIONS  OF  PROFESSIONAL  LEARNING 
COMMUNITIES (PLCS) 
BOTAGOZ ISSABEKOVA ...................................................................................................132
AN  INVESTIGATION  OF  ASSESSMENT  PROCEDURES  WITHIN  TEACHER 
ATTESTATION (APPRAISAL) AT NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS 
AIGERIM UMURZAKOVA, SAMGAT BULEBAYEV ..................................................138
IDENTIFICATION OF PRIMARY SCHOOL PUPILS WITH LEARNING DIFFICULTIES 
IN  MATHS  AND  THE  SUPPORTING  MECHANISMS  FOR  THEIR  LEARNING  
(A STUDY IN AN ENGLISH PRIMARY SCHOOL)
GULNAR YERMAGAMBETOVA ......................................................................................144
TEACHING MATHEMATICS IN THIRD LANGUAGE THROUGH TEAM-TEACHING: 
FACING THE LANGUAGE CHALLENGE AND DIFFERENCE BETWEEN WEST AND 
POST-SOVIET MATHEMATICS
RINAT ZHUMABAYEV, ZHANAT KONYRBAYEVA ...................................................151

7
Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» АЯСЫНДА «ДАРЫНДЫ 
БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ» (CTY)  БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУ  БОЙЫНША 
БАҒАЛАУ   ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ҰСЫНЫСТАРЫ
Ахметова  Р.М.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
 «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы 
Қазақстан
Түйінді сөздер: мониторингілеу, дарындылық, дифференциациялау, мұғалімдер, тренер
Ключевые слова: мониторинг, одаренность, дифференциация, учителя, тренер
Keywords: monitoring, giftedness, differentiation, teachers, trainer
АҢДАТПА
Мақалада  «Дарынды  балаларды  дамыту»  Бағдарламасы  бойынша    оқыту  курсын 
енгізуді  бақылау  және  мониторингілеу  үрдісінің  мәліметтері  ұсынылады.  Тренерлер 
мен  мұғалімдердің  оқыту  сапасы  мен  нәтижелерін  жетілдіруге  әсерін  тигізетін  бағалау 
қорытындылары  беріледі. Мониторингілеу мақсатындағы жалпы  бақылау қорытындылары: 
«Дарынды балаларды дамыту» бағдарламасын енгізу бойынша мұғалімдер мен тренерлердің  
Survey  Monkey    интернет-қосымшасының  сауалнама  нәтижелерінің  қорытындысында 
курс  төңірегіндегі    болашақ  кәсіби  даму  бағыттары  анықталды.  Мұғалімдердің  Фокус-
группасымен  және  тренерлермен  сұхбат  нәтижесінде  анықталған  мәселелер  келтірілген. 
«Дарынды  балаларды  дамыту»  бағдарламасын  Зияткерлік  мектептерге  енгізуді 
мониторингілеу бойынша эксперт қолданылған бағалау жабдықтарын зерделеу нәтижесінің 
қорытындылары ұсынылады. Анықталған деректерге сүйене отырып, жобаның анықталған 
күшті, әлсіз тұстары келтіріле келе, жалпы курсты ұйымдастыруды жөнінде және сессияны 
бақылау бойынша тренердің оқытуын жетілдіруге байланысты ұсыныстар беріледі.
АННОТАЦИЯ
В  данной    статье  приводятся  данные  по  наблюдению    и  мониторингу    внедрения  
обучающего  курса  Программы  «Развитие  одаренности    детей».  Даны  результаты 
оценивания,    позволяющие    повысить  результативность  и  качество  образовательного 
процесса. Предлагаются результаты изучения инструментов оценивания, как  анкетирование 
по  интернет-приложению  Survey  Monkey,  по  наблюдению  сессии,  анализ  интервью  с 
учителями фокус-группы и интервью с тренерами , наблюдение урока учителей  и других 
инструментов    оценивания.  Выявлены  сильные  и  слабые  стороны  проекта  и  внесены 
предложения относительно совешенствования  курсов.
ABSTRACT
This  article  presents  data  on  surveillance  and  monitoring  of  the  implementation  of  the 
training course of the Program «Development of Gifted Children.» Given the estimation results 
that improve the efficiency and quality of the educational process. Available results of the study 
assessment tools, such as surveys on Internet application Survey Monkey, observation sessions, 
analysis  of  interviews  with  teachers,  focus  groups  and  interviews  with  coaches,  watching  the 
lesson teachers and other assessment tools. Identified the strengths and weaknesses of the project 
and made proposals for soveshenstvovaniya courses.
            

8
VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
27–28 қазан 2016 ж.
Оқыту оқушылардың  көптеген жеке тұлғалық қасиеттері мен қабілеттеріне байланысты 
күрделі үрдіс екені белгілі. Әрбір педагог өз оқытуында  барынша жоғары жетістіктерге қол 
жеткізу үшiн қолайлы оқыту ортасын жасауға ынталы. Дарынды және талантты балаларға 
қатысты  бұл  едәуір  мәселе  ойлауды,  талқылауды  және  мұқият  жоспарлауды  талап  етедi. 
Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін қазіргі 
жаңартылған    Бағдарламалар    шеңберiнде  қолданылады.  Ғұламалар:«Адам  баласының 
бойындағы дарындылық тек бір ғана пайызды құрайды, қалғаны оның тәрбиесі мен өзінің 
өсіп-жетілгеніне  байланысты»-дейді.  Баланың  жастық  шағынан  талпынысы,  айналаға 
деген қызығушылығы, тылсым дүниелерді білуге деген құштарлығы арқылы бір шыңды 
бағындыратыны  сөзсіз.  Абайдың  жетінші  қара  сөзіндегі  «Жас  бала  анадан  туғанда  екі 
түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, 
білсем  деп,  ер  жетіңкірегенде  ит  үрсе  де,  мал  шуласа  да,  «ол  неге  өйтеді?»,  «  бұл  неге 
бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», - деген ой-
тұжырымы растайды. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс 
баланың  ерте  жасынан  туындайды  екен.  Ең  әуелі  баланың  интеллектуалдық  қабілетін, 
атап айтқанда: талдау, салыстыру, маңыздысын іріктей алу, проблемалық мәселелерді көре 
алуы  мен  оларды  шеше  алу  қаблеттерін  дамыта    білу  маңызға  ие.  Дарынды  балаларды  
дамыту  оқушының  танымға ұмтылысы мен уәжделуінің деңгейіне, ойлау икемділігіне, 
өзін-өзі басқаруына, салмақтылығына, қойылған мақсатқа жету жолындағы  ұмтылысына  
байланысты үрдіс.  Дарынды балалар  өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, 
өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түсіп тұрады. Оқу бағдарламасын барлығына бірдей 
түсіндіру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Осындайда  дарынды 
баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін туындайды. «Дарынды 
балаларды дамыту» (CTY)  Бағдарламасында жазылғандай, көптеген қазіргі заманғы осы 
саланың  зерттеушілері  бұл  феноменнің  көп  аспектілігін  мойындайды.  (Гарднер,  1991; 
Стернберг, 1985). «Кейбір оқушылар өз қабілеттерін бірнеше  салады көрсете алады.  Ал 
кейбіреулері мектеп ортасында көрінбесе де, мектептен тыс жерлерде жарқырап шыға келуі 
әбден мүмкін. Бұдан дарындылықтың  кейде  елеулсіз  қалып немесе  көпқырлы екенін  білуге 
болады. Білім беру мақсаты адамның бойындағы белгілі бір сала бойынша оқытуға ыңғайы 
бар потенциалды барынша ашуға болатындай тәжірибемен қамтамасыз ету. Дарындылық 
деңгейінің немесе дәрежесінің түсінігін оқыту жоспары мен  дифференциациялау үрдістерін 
дамыту бойынша қарастыру керек. Ақыл-ой қызметі мен әр сала бойынша қабілеттілігіне 
байланысты дарынды балалардың өздері де әр түрлі болады»[1]. Сондықтан да дарынды 
балалармен  жұмыс  жасайтын  педагогтар  алдыңғы  қатарлы  оқушылардың  уәжделіп,  ал 
оларға ілесе алмайтын оқушылардың мүддесін түсірмеуді ойластыру маңызды.  
«Дарынды  балаларды  дамыту»  Бағдарламасы  Назарбаев  Зияткерлік    мектептері  мен 
Джон    Хопкинс  (JHU)АҚШ  университетінің  Талантты  Жастар  Орталығы  жасақтаған 
мектептерде  дарынды балалармен жұмыс жүргізудің озық әзірлемелері мен үздік оқушылар 
үшін жоғары  деңгейдегі  білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған Жоба. Талантты 
Жастар  Орталығы    (CTY)  Джон  Хопкинс  университетінің  тәуелсіз  құрылымы  болып 
табылады. Дифференциацияланған оқыту бағдарламаларын жасақтап, пайдалану  арқылы  
дарынды балаларды іріктеп, талантты балаларды дамыту  CTY миссиясы болып табылады. 
«Дарынды  балаларды  дамыту»  Бағдарламасы  Назарбаев  Интеллектуалды  мектептері   
мен    Джон  Хопкинс  университетінің  Талантты  Жастар  Орталығы    (CTY)  халықаралық 
эксперттерінің  бірлесіп  жасақтаған  жұмыс  нәтижесі  болып  табылады.  Бірлескен 
Бағдарламаның басты мақсаты мұғалімдерді дарынды оқушылардың жан-жақты дамуы мен 
өзін –өзі іске асыруын қамтамасыз ететін  оқытудың тиімді әдістерімен стратегияларына 
үйрету болып табылады. Сонымен бірге Джон Хопкинс университетінің Талантты Жастар 
Орталығы  (CTY) тәжірибесін Қазақстандық білім беру кеңістігіне трансляциялау. 

9
Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату
«Дарынды  балаларды  дамыту»  Бағдарламасы  Назарбаев  Зияткерлік    мектептерінде 
мектепішілік оқыту курсы болып табылады. Бағдарламаны сабақ үдерісіне енуін бақылау 
және  мониторингілеу  үрдісі  оқыту  процесінің  сапасын  әлдеқайда  арттырары  ықтимал, 
себебі бағалау нәтижесі тренерлер мен мұғалімдер жұмысын жетілдіруге әсерін тигізбек

Мониторингілеу  үшін  әр  мектептің  бақылау  нәтижесіндегі  есептері,  сессияны  бақылау 
бойынша  бағалау  нәтижелері  және  Survey  Monkey    интернет-қосымшасының  сауалнама 
нәтижелері,  фокус-группамен  және  тренерлермен  сұхбат,  мұғалімдердің  сабақтарын 
бақылау  және тағы да басқа бағалау жабдықтары зерделенді. Бақылау барысында Джон 
Хопкинс университетінің CTY- «Дарынды балаларды дамыту» бағдарламасының барлық 
бағалау  жабдықтары  қолданылды.    Жобаның  күшті,  әлсіз  тұстарын  анықтау  мақсатында 
жүйелі түрде мәлімет жиналды. Бағалау мақсаттары мен жабдықтары  барлық тренерлерге 
таныстырылып, анық белгіленді. Бақылау бойынша формативті бағалауда  курсты оқыту  
мен  ұйымдастыру бойынша ақпарат алу арқылы   оңтайландыру жолдарын ұсыну мақсаты 
көзделді. 
      
2015 жылғы «Дарынды балаларды дамыту» бағдарламасын енгізу мониторингі бойынша 
мұғалімдер мен тренерлердің  сауалнамаларының нәтижесі - олардың дарынды және талантты 
балаларды оқыту ерекшеліктерін жақсы біліп, түсінетінін көрсетті. Жалпы демографиялық 
ақпарат  пен    кәсіби  сипатты  анықтау  мақсатында    интернет-қосымша 
Survey  Monkeyді 
курсқа  қатысушы  барлық  мектеп  мұғалімдері  мен  тренерлер  өткен  болатын.  Сауалнама 
нәтижесі бойынша  барлық 15 мектеп бойынша жиі жауап берілген «Жақсы мұғалімге тән 
үш  сипаттамалық  белгілерді  атаңыз?»сұрағының  жауабы:  құзырлылық,  жауапкершілік, 
академиялық адалдық болды. Мұғалімдердің 75% жауабы бойынша тренердегі  неғұрлым 
қалыптасқан дағды – шешендік өнер болса, ал   мұғалімдердің  65% жауабында күрделі 
сұрақтар  қою  қабілеті  одан  әрі  дамытуды  қажет  етеді.    Сонымен  бірге  мұғалімдердің 
60%    оқыту  сапасын  жетілдіру  үшін  тәжірибеге  негізделген  тапсырмаларды  кіріктіруді 
ұсынады. Оқыту үдерісі кезінде мұғалімдер жауаптарынан көрінген «Дарынды балаларды 
дамыту» бойынша маңызды түсініктер: дарынды балаларды анықтау, дифференциациялау 
қағидалары, креативтілікке арналған жаттығулар, концептуалдық оқыту, оқыту модулдері 
және  т.  б.  аталды.  Жалпы  мұғалімдер  жауаптарынан  олардың  өз  оқуларына  оң  көзғарас 
танытатыны көрінді. Сондай ақ мұғалімдер өз оқуларынан гөрі тренердің оқытуына сыни 
қарайтыны байқалды.
Фокус-группамен  сұхбаттасу  үшін  мұғалімдер  кездейсоқ  таңдау  әдісімен  іріктелді.  
Сондықтан топ құрамына байланысты топтар әркелкі, кейбір мектептерде топтар көбінесе 
жұмыс  өтілі  көп  мұғалімдер  болса,    кей  мектептерде  жас  мұғалімдер    немесе  тек  әйел 
жынысты мұғалімдерден тұрды.  Сұхбат мақсаты тренердің  тәжірибе жинақтауы мен курсты 
бағалау болса, бағыты: курс құрылымы, оқытуда қолданылуы, мұғалімдер мен тренерлердің 
курс төңірегіндегі  болашақ кәсіби даму бағыттарын анықтау болатын. Мұғалімдердің 90 
% бұл курстың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, осы курс дарынды балалармен 
жұмыс  жасауда  көп  көмектескенін  айтты.  Дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізудің 
жаңа  әдістері    арқылы  бағалы  да  құнды  ақпаратпен    қаруланып,  сабақтарында  қалайша 
пайдаланып  жатқандары  туралы  тәжірибелерімен    бөлісті.  Тренерлерге  келетін  болсақ, 
басқа аймақтарда  жұмыс жасап жатқан әріптестерімен курсты оқыту бойынша оңтайлы 
нәтижелермен алмасу  үшін жиі кездесу қажеттігін тілге тиек етеді. Сондай-ақ тренерлер 
мұғалімдердің  білім  деңгейлері    күткен  үміттеріне  сәйкес  екенін  және    мұғалімдердің  
сабақта  белсенділік  танытып,    академиялық  тұрғыдан  дарынды  балалар  туралы  жақсы 
ақпартқа ие екенін атап өтеді. Жалпы барлық мектептердегі сұхбат нәтижесі мұғалімдердің 
Назарбаев Зияткерлік мектептері мәнмәтінінде курстың өзектілігін және  курс мазмұнымен  
қанағаттанатындықтарын  көрсетті.  Сонымен  бірге  жалпы  бағдарлама  төңірегінің 
жағымдылық аясында курстың мазмұнының тәжірибелік бағытын көбейту және кәсібилікті  
жетілдіру үшін өзара сабаққа қатысу бойынша ұсыныстар айтылды.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал