Рашит Әл-карени (каренов), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері



жүктеу 124.33 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі124.33 Kb.

Рашит Әл-КАРЕНИ (КАРЕНОВ), 

Халықаралық ақпараттандыру 

академиясының академигі, 

экономика ғылымдарының докторы, 

профессор,  Қазақстан Республикасының 

Білім беру ісінің  Құрметті  қызметкері. 

НҰСҚАЛЫ СӨЗДЕРІН ӨТКІЗГЕН, 

ТОПТАН ОЗҒАН БЕКАЙДАР БИ МЕН 

ИГІЛІК БИ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМ 

«Би мен бектің сәні жоқ, 

Елін  қорғай алмаса, 

Тура жолға салмаса, 

Ыстығына күймесе, 

Суығына тоңбаса» 

Дулат БАБАТАЙҰЛЫ 

Жақсының аты өлмейді... 

Адамды да, 

қ оғамд ы да 

өзгертетін Уақыт. Алайда,  қатал да 

қатыгез Уақыт адамзаттың мәңгілік 

құндылықтары -  қаһармандық пен 

ерлік, ізгілік, елге, жерге, жалпы 

адамзат баласына деген сүйіспен-

шілік пен махаббат сынды хұсни 

сезімдер (ғылым тілінде мораль-

дық-этикалық, яғни ахлақтық кате-

гориялар) алдында дәрменсіз. 

Ілияс Омаровтың айтуынша, 

осы сезімдерді жеткіншек  ұрпақ 

санасына сіңіретін, сөйтіп «қайран 

жұртты»  қаптаған  қалың тобыр 

емес, тарихта өзіндік орны, үлесі 

бар халыққа айналдыратын өзгеше 

жаратылысты, бөлек бітімді жан-

дар болады. Олар өздері өмір 

сүрген уақыттың, заманның шарт-

тылықтарын - идеологияны, әлеу-

меттік және көркемдік канондарды 

мойындай  қоймайды. «Өзін-өзі 

аямаған» осындай  ж а н д а р д ы ң 

жанкешті тірлігі арқасында толар-

сақтан саз кешкен сәттері еңсесі 

түскен халықтың рухы көтеріліп, 

тірліктің күйбеңін күйттеген шақ-

тары рухани тазарып отырған. 

Сондықтан халық өзінің  ұмы-

тылмас тұлғаларын  қаншама тау-

қымет тартса да естерінен шығар-

ған жоқ. Енді соның сырын ашуға 

ынталылықпен  қарамай, әншейін 

көп ертегінің бірі ғой деп салғырт-

тық танытсақ, санамыз неғұрлым 

тайызданбаса молаймақ емес. 

Олай болса, аты  ұранға айна-

лып,  х а л қ ы м ы з д ы ң санасында 

мәңгі  ұмытылмастай болып  қалған, 

Арғын тайпасының Мұрат руынан 

шыққан даңқты Бекайдар би мен 

Игілік би бабаларымыздың басы-

нан өткен ақиқаттарды аңыздар 

мен шежірелерден шамамыз кел-

генше аршып  қарамасақ болмай-

тын сияқты. 



Елге еңбегі сіңіп, 

шежіреге айналған 

Бекайдар би Әлмәмбетұлы 

М ұ р а т т ы ң екінші баласы 

Әлмәмбеттен Жылқыайдар, Бекай-

дар,  Қожақұл,  Қалқаман туған. Бе-

кайдар жастайынан сол өңірдегі 

билер, шешендер, батырлар, бо-

лыс, байлар арасында өсіп, солар-

дан тәлім алыпты. Орта жүздің ке-

меңгер биі  Қаздауысты  Қазыбек 

бимен бірнеше рет кездесіпті. Ару-

ақты кісі болыпты. Осы ата бәйге-

ге ат  қосқанда Бекайдардың аруа-

ғына сыйынып, «Бекайдарлап» ша-

бады екен. 

Әлмәмбетұлы Бекайдар би 1745 

ж ы л д а р шамасында туып, 1854 

жылдарда көз жұмыпты. Ел шетіне 

жау тиген, елдің іргесі сөгіле баста-

ған алмағайып заманда өмір сүріпті. 

Бекайдар би - озық ойлы, ше-

шен сөзді, көсем адам болыпты. 

Бекең айтты деген өнегелі сөздер 

ел ішінде әлі де  ұлағатын шашуда. 

Ең бастысы, еліне пана, жеріне 

қорған, көпшілікке өнеге Бекайдар 

сияқты бидің  Ұлы бабаларымыз-

дың  Ұлы көшінің жалғасы, жалға-

стырушы екенін  ұрпағының  ұмыт-

пауында.  Ұрпақ ықыласы мен па-

рызын  қашанда еске сақтауында. 

Енді ел арасында тарап кеткен 

атақты бидің сөздерінің кейбірін 

баяндап өтейік. 

Қазақтың ел билеу дәстүрінде 

шешен, ақылды билер: хандар мен 

сұлтандарға, болыстар мен ауыл-

найларға кеңесші әділ  қазылық 

және дипломатиялық  қызметтерді 

атқарып келген. Ел мен ел, халық 

пен халық,  ұлт пен  ұлт, мемлекет 

пен мемлекет арасында болған дау-

ж а н ж а л , соғыс мәселелерін тіл 

шешендігі, ақыл зеректігі, жүйрік 

ақындығы, терең заңгерлігі және 

білімділік  қабілеттері арқылы ел 

т ы н ы ш т ы ғ ы н сақтап, мәмілеге 

келтіріп отырған. Ондай билер төрт 

түрлі дәрежеде болған: ханның биі, 

аға сұлтан биі, болыстың биі, ауыл-

найдың биі деген сияқты.  Қазақтың 

осынша кең байтақ жерге ие болып 

отыруы тек  қана хандар мен аға 

сұлтандарының және батырлары-

ның күші емес, мұнда  а қ ы л д ы 

билердің де орасан үлесі бар. 

Қазақ халқы мұндай билерге арнап 

мынадай мақалдар да шығарған: 

«Билер мықты бола алса, 

Ханның тағы  қозғалмас. 

Би ақылын хан алса, 

Елдің бағы жоғалмас». 

«Ханның хан болуы биінен, 

Терінің тон болуы иінен» -

деген сияқты. 

Бекайдар малды өрісінде,  құ-


лынды желісінде, баланы  ж а с 

кезінде танып, сын айтатын дәл 

болжампаз, ақылды шешен, бидің 

дүрі болған адам екен. Ол кісіден 

қ алға н мынанда й билік, на қ ы л 

сөздер бар. 

Бекайдар 15-16 жасқа жаңа то-

лған кезі екен. Бір күні ат суарай-

ын деп көлге барса, көл сыртын-

дағы шабындықта бес-алты адам 

төбелесіп жатыр екен. Барып айқ-

айлап зорға айырады. Сосын не 

үшін төбелесіп  ж а т қ а н д а р ы н 

сұрайды. Олар - шабындық жерге 

деп жауап береді. Бәрі де  ұлғайып 

қалған адамдар екен. Сонда жас 

бала жігіт Бекайдар былай деп ара-

лық билігін айтқан екен: 



«Уа, ағайын-туысқандар, 

Талассаң бағың кетеді? 

Таласпасаңдар не етеді? 

Бірлік  қылсаң, ағалар, 

Анау тұрған шабындық, 

Баршаңызға жетеді. 

Дүние шіркін жалған ғой, 

Бастарыңнан әлі-ақ өтеді» -

депті. 


Сонда әлгі ересек адамдар бала-

дан  ұялып: «Балам, сөзің жөн екен», 

- деп тарасқан екен. Бұл әңгімені әлгі 

адамдар өзді-өзі таңырқасып, елге 

таратыпты. 

Бірде  Қареке-Мұрат руының бір 

топ ақсақалы кеңес  құрып, өмір 

тәжірибелері туралы  ұзынсонар 

сөз етісіпті. Осы жиында Бекайдар 

би ақсақалдарға: «Адам  қартайған-

да өзін неден тыю керек?» - деген 

сұрау  қойыпты. Анау алай, мынау 

былай депті. Соңында сұрақ  қойғ-

ан Бекайдар бидің өзі: 

- Адам  қартайғанда бес нәрсе-

ден өзін тыю керек. Біріншіден, 

көзіңді тый - ашкөз болма; екінші-

ден,  қолыңды тый - сұраншақ бол-

ма; үшіншіден, аяғыңды тый -

қыдырмашы болма; төртіншіден, 

аузыңды тый - тантық, мылжың, 

тынымсыз болма; бесіншіден, тама-

ғыңды тый - қомағай болма! - депті. 

Бірде  Б е к а й д а р бидің үйіне 

қ она қ қ а келген  Қаржас руының 

бір сыйлы адамы: 

- Осы сені жұрттың бәрі Бекай-

дар, Бекайдар дейді, ал Мұрат ру-

ынан бәйгеге ат  қосқанда «Бекай-

дарлап» шабады, осындай ел 

құрметіне  қалай ие болдың! - деп 

сұраса керек. 

Сонда Бекайдар би: 

-  Қазаным  қайнап тұрса, даста-

рқаным жайнап тұрса,  қызыл тілім 

сайрап тұрса, дұшпаным сескеніп, 

байқап тұрады, сондықтан мені ел 

неге сыйламасқа - депті. 

Бидің өмір сүрген заманында 

Қаракесек, Тоқа,  Қаржас,  Қареке, 

Сармантай рулары шекаралас оты-

рады. Осы елдердің бірінің өте бай 

адамы, жесір дауында ма, жер да-

уында ма, өзі сияқты мінезі 

өркөкіректеу,  ұрт мінезді бай адам-

мен сөзге келіп  қалып,  қамшыла-

сып, сабаласып жүріп, әлгінің көзін 

шығарып алады. Артынан арада 

дау көбейіп, екі ауылдың арасы 

егес болып, ел арасы бүлініп, кісі 

өліміне дейінгі жанжалдарға бара-

ды. Ел арасын тыныштандырып 

бітімге келу мақсатында аяқ жетер 

жердегі билердің барлығына да 

жүгініске барады. Алайда, би-

лердің мал кесіміне өзі онсыз да 

қ исы қ мінезді адам келіспейді. 

«Кескен малыңның үстіне сондай 

мал  қосып берейін, көзімді шығар-

ған байдың көзін ойып алып беру-

ге кесім шығарып бер», - дейді екен. 

Бұдан арғы арада да ел арасындағы 

егес тоқталмайды. Бұның ешбір 

шешімін таппаған, асқынған дау-

дың шешіміне жүгініске Бекайдар 

биге баруды ауыл ақсақалдары мен 

ел  ж а қ с ы л а р ы  ұсыныс  ж а с а п , 

келісімдерін береді. 

Осы  ұйғарымнан кейін  құн да-

улаушы бай жанына бірнеше адам 

алып, Бекайдар бидің ауылына 

келіп түскен екен. 

Би ауылының күтуші азаматта-

ры  б ұ л а р д ы  қ о н а қ асын беріп 

күтеді. Ертеңінде би келген  қонақ-

тардың бұйымтай  ш а р у а л а р ы н 

сұрайды. 

Қонақтар келген істің мән-жай-

ын, егжей-тегжейін айтады. Нара-

зылықтарын толық тыңдап  ұғыны-

сқан соң, би ойланыңқырап, сөзді 

одан әрі жалғастыра отырып, сөз 

арасында: «Қарсыластарыңыздың 

қыз баласы бар ма?» - деп сұрапты. 

Ж ү г і н і с к е  к е л у ш і л е р : «Бар», -

депті. Әңгіме тетігі шешімге тақар 

кезде: «Олай болса  құда болғай-

сың,  құда болсаң немерең  ұл бо-

лар, егер немерең  ұл болса аша-

майға мінуге жарағанда келерсің, 

билігін сонда айтармын», - депті. 

Құн даулаушылар би шешіміне 

түсініңкіремей ауылына аттанып 

кетеді. Еліне барған соң, ауыл ақса-

қалдарын, игі жақсы мен жайсаң-

дарды жинап, бидің айтқанын ор-

таға салады. Жиналғандар: «Би 

тегін айтпас болар,  қашанғы аты-

сып, жауласа береміз,  құда болсақ, 

қ ұ д а болайық», - деп келісімге 

келіпті. 

Бидің айтқанындай, айы-күні 

толғанда келін  ұл тапса керек. Бе-

кайдар бидің сәуегейлігіне тәнті 

болған бірбеткей бай немересі аша-

майға отыруға жарағанда бидің 

ауылына  қайта оралады. 

Бекайдар би  құн даулап жүрген 

адамнан: «Көзің жетілді ме?» - деп 

сұраған екен. Сонда  құн даулау-

шы: «Жетілді», - деп жауап беріпті. 

Бекайдар би: «Судың түбін шым 

бекітер, даудың түбін  қыз бекітер», 

- деген осы десе керек. 

Бекайдар би жоғарыдан түсі-

ріліп отырған жарлықтарды барын-

ша жұмсартып, ел мен жердің жағ-

дайына лайықтап іске асырып оты-

ратын болған. Шекаралық даулы 

мәселелер, жер бөліс істерін көп 

ретте өз  қ а л а у ы н ш а шештіріп 

отырған. Әсіресе, жер дауын үнемі 

халық пайдасына шешуге тырысқ-

ан. Осы табандылығының арқасын-

да ол орыс әкімшілігіне де, халыққа 

да  қадір-қасиеті  қатар артқан. 

Бақиға көшерінде ақар-шақар 

ел болған өзінің әулетін, көңіл же-

тер ағайынның барлығын жинап 

алып, мынадай өсиет айтыпты: «Үш 

нәрседен сақ болыңдар - даңқ, бай-

лық,  қызмет. Даңққа бой берсең -

көзіңді байлар,  құздан  құлайсың. 

Байлыққа мастансаң - төгілесің, 

қ айыршылы қ қ а  қадам тартасың. 

Қызметіңнің биіктігіне берілсең -

жалғыз  қалып сандаларсың. Даңқ-

ты да, байлықты да,  қызмет биігін 

де уыстарыңда  ұстай біліңдер. Топ-

шыл болмаңдар, көпшіл болыңдар. 

Топ тоқыратады, көп батырады. 

Береке, бірлік - шаңырақ, ел биік-

тігі». 

Осы соңғы сөздерден кейін ке-



меңгер би  р и з а ш ы л ы қ п е н көз 

жұмған деседі. 



Бекайдар бидің елге 

танымал  ұрпақтары 

Бұл шағын лебізімізде бидің 

тұқымының тарихи-шежіресін ег-

жей-тегжейлі айтып беру мүмкін 

емес. Деректерді тиянақтай келген-

де мынадай нәрсені көруге болады. 

Бекайдар  ұрпағы  қазіргі Ботақа-

радан бастап  Қарамұрынға дейінгі 

жерді, Нұра бойын, бұрынғы Тель-

ман ауданының аумағын мекенде-

ген. Соның ішіне  қазіргі  Қарағанды 

қаласының аумағы да кіреді. 



Қ азірг і Темірта у  қ а л а с ы н ы ң 

аумағы, Тихоновка-Аққұдық деген 

жер Елібайдан (Бекайдар бидің ба-

ласы) тарайтын Мұздыбай деген 

атаның мекені, Магнитканың бергі 

желкесінде Мұздыбай  қорасы де-

ген жер болған. Кейін жойылып, 

өзгертіліп жіберілді. Осының бәрін 

біреу болмаса біреудің жадында 

қалсын деп айтып жатырмыз. 

Ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп 

Көпейұлы өзінің «Қазақ шежіресі» 

атты кітабында (Алматы:  « Ж а -

лын», 1993, 26-шы бет) мынандай 

қ ы з ы қ  д е р е к т е р келтірген : 

«Әлмәмбеттен төртеу - Жылқыай-

дар,  Қожағұл,  Қалқаман, Бекайдар, 

Бекайдардың үш  қатынынан тоғыз 

т у а д ы .  Т о ғ ы з ы да өсіп-өнеді. 

М ы р з а м б е т т і ң  қ а т ы н ы н ы ң аты 

Төмен бәйбіше атанған. Мырзам-

беттен  Қошқар деген баланы тап-

қ ан . Мырзамбе т өлген соң, б ұ л 

Төмен бәйбішені Бекайдар алған. 

Төмен бәйбіше Бекайдардан үш  ұл 

т а п қ а н : Елібай,  Ж а й ы қ б а й , 

Теңізбай. Төмен бәйбішеден кейін 

Сәлия атты  қатын алған. Мұнан 

туған Төлебай, Дербес,  Қожам-

сейіт. Баяу тоқалдан Ізбасар, Баба, 

тағы біреу бар.  Т ө л е б а й д а н -

Ж и е н ә л і батыр,  А б ы л а й хан 

тұсында әруақты батыр болған». 

Бұған біздің  қосатынымыз мына 

деректер: 

1. Бекайдар бидің Елібай  ұлы-

нан - Байсейіт, Нұрсейіт, Тоқсейіт, 

Ортабан. 

Атақты  ж а з у ш ы м ы з Ғабиден 

М ұ с т а ф и н - Елібайдың  ұрпағы 

(Байсейіттен тарайды). Шығарма-

л а р ы 1927  ж ы л д а н  б а с п а с ө з 

бетінде жариялана бастады. «Ер 

Шойын» атты тұңғыш әңгімелер 

жинағы 1929 жылы басылды. 

«Өмір не өлім» романы (1941 

ж ы л ы ) -  қ а з а қ  п р о з а с ы н д а ғ ы 

жұмысшы тақырыбына арналған 

шығармалардың бірі. «Миллионер» 

повесінде (1944 жылы)  ұжымшар-

ды ауыл өмірінің жаңалықтары су-

реттелген. «Шығанақ» романында 

(1945  ж ы л ы , орыс тілінде 1947 

ж ы л ы )  т а р ы  ө с і р у д е н  д ү н и е 

жүзінде рекорд жасаған Шығанақ 

Берсиев өмірі бейнеленген. «Қара-

ғанды» романының (1952 жылы) 

басты кейіпкерлері -  Қарағанды 

шахтерлері. «Дауылдан кейін» ро-

м а н ы н д а (1959  ж ы л ы )  қ а з а қ 

ауылындағы өзгерістер бейнелен-

ген. 1963 жылы (орыс тілінде 1965 

жылы) «Көз көрген» өмірбаяндық 

романы жарияланды. Ғ. Мұстафин 

шығармалары дүние жүзі халықта-

рының көптеген тілдерінде жария-

ланды. 

2. Белгілі  қоғам  қайраткері, эко-



номист Сара Алпысқызы Назарба-

ева да - осы Елібайдың  ұрпағы 

(Нұрсейіттен тарайды).  Қазіргі 

Бұқар жырау ауданы  Қызылжар 

ауылының түлегі.  Қарағанды зау-

ыт - ЖТО-ны бітірген. 

С.А. Назарбаева 1992 жылдан 

«Бөбек» балалар  қайырымдылық 

қорының президенті.  Қор аурудың 

асқынған түрлерімен сырқаттанған 

балаларға  Қазақстан мен шетел 

клиникаларында емдейтін балалар 

мекемелері мен  ұйымдарына  қамқ-

орлық көрсетеді. Әсіресе, Арал мен 

Семей ядролық полигоны сияқты 

экологиялық апатты аймағының 

балаларына ерекше көңіл бөлінеді. 

1994 жылдан «505 -  Қазақстанның 

балалар деревнясы» (Австрияның 

« К и н д е р д о р ф  И н т е р н а ц и о н а л » 

қ о р ы н ы ң  ф и л и а л ы ) 

қ о р ы н ы ң 

президенті. 1999 жылдан «Демог-

рафия»  қайырымдылық  қоры  қам-

қ о р ш ы л а р кеңесінің төрайымы . 

БДҰ-ның И. Дограмачи атындағы 

сыйлығының, халықаралық «Unity» 

сыйлығының лауреаты. «Педагоги-

ческие проблемы  у к р е п л е н и я и 

развития здоровья учащихся, их 

нравственного воспитания с ис-

п о л ь з о в а н и е м системы «Детка» 

Порфирия Корнеевича Иванова» 

(1999 жылы), «Здоровье человека и 

система П.К.  И в а н о в а «Детка» 

(1999 жылы)  қосалқы авторлармен 

бірге) деген кітаптардың авторы. 

3.  Ж а с ы  ұлғайған кезде Түмен 

(Төмен) бәйбіше Бекайдар биге 

Салия (Сәлия) деген тоқал әперген. 

Салиядан халық ақыны Ахметбек 

Байсалбайұлы туған. 

А. Байсалбайұлы (1878-1937) 

жастайынан өлең шығарумен әуес-

тенген. Өз шығармаларында ха-

лықты отырықшылыққа, егінші-

лікке үгіттеген. Өзінің  қонысына 

ағаш еккен. Бұл шоқ тоғайлы жер 

«Ахметбектің  қызыл  қайыңы» деп 

аталады. Жастарды өнерге, білімге 

баулыған, кітапхана ашқан. Кеңес 

өкіметінің алғашқы жылдарында 

сол өңірдегі Байдәулет болысының 

төрағасы болған. 

Ахметбек ақын халық аузынан 

көп  құнды әдеби мұра жинаған. 

«Қанды жорық» дастанында жиыр-

масыншы ғасырдағы 30-шы жыл-

дардың басында ел ішіне ылаң са-

лып, ашаршылыққа душар еткен 

асыра сілтеушілерді өлтіре сына-

ған. Сол үшін жазықсыз айыпта-

лып, 1937  ж ы л ы атылған. 1966 

жылы толық ақталды. 

Көнекөз  қариялардың айтуына 

қарағанда, Сәлия шәлкес мінезді, 

а д у ы н адам  б о л ғ а н көрінеді. 

Түменнің  қартайғанын пайдала-

нып, күтпей, күн көрсетпеген. Бе-

кайдардың әрі шешемдей, әрі жең-

гемдей болған адамды енеңдей күт, 

ол саған күндес емес дегеніне  қой-

маған соң, ашуланған Бекайдар би 

нағыз күндесің болсын деп Салия-

ның сіңілісі Баяуды тоқалдыққа ал-

ған.  С о д а н бүгінгі күнге дейін 

Мұратпын дегендерге: «Мұраттың 

Салиясысың ба, әлде Баяуысың 

ба?» - деп сұрайды. 

Даналығымен және 

көсемділігімен өз 

замандастарынан оқ 

бойы озық тұрған 

Игілік би Өтепұлы 

Игілік Өтепұлы (1769-1860) - өте 

бай,  қайырымды  ж ә н е халқына 

ж а қ ы н болған. Ол патша әкім-

шілігінің ықыласына әлденеше рет 

ие болған: 1833 жылы алтын жала-

тқан күміс мөрді сыйға алған; 1834 

жылдың 18 сәуірінде Анна лента-

сына тағылған алтын медальмен 

және  құрметті шекпенмен марапат-

талған. Бидің  қыстаулары  Қызыл-

тауда, Алабаста; жаз жайлаулары 

Қ ұ ндызды , Н ұ ра , Есен,  М а н а қ а 

және Айғыржал өзендерінің бой-

ында болған. 

К е з і н д е шешендігімен  ж ә н е 

көсемдігімен өз замандастарынан 

оқ бойы озық тұрған, топтан озған 

Игілік би Өтепұлы болған. 

Біріншіден, Игілік би Мұрат, 

Сармантай,  Қаракесек, Тоқа,  Қар-

жас,  Қ а р е к е  р у л а р ы м е н болған 

арадағы келіспеушіліктерді бейбіт 

жолмен шешілуіне әрдайым ықпал 

етіп отырған. Сондықтан Ғабит 

Мүсірепов өзінің «Оянған өлке» ро-

м а н ы н д а оның есіміне бірнеше 

мәрте тоқталған. 

Роман кеңестік дәуірде жазыл-

ғандықтан ықпалды би сол кездегі 

уақыт талабынан көрсетілген. Со-

ған  қарамастан Игілік Өтеповтің 

бейнесі тартымды сомдалған. Оған 

романның мына жолдары мысал: 

«Ол барған жердің бәрінде оған 

ырза. Айтулы би, екі бірдей болыс 



басшысының әкесі, он екі мың жы-

лқы табынының иесі өзінің кедей-

кепшік жақын-туысқандарын ара-

лайтынын кім күткен. Барлығына 

Игіліктің сөзі дайын. Істері оңға ба-

сқандарға: «Бұдан әрі де істеріңді 

Қ ұ д а й  о ң ғ а р с ы н » де п сәттілі к 

тілесе, ағайын-жақындарын жоғал-

тқандарға: «Жұмақта жаны  ж а й 

тапсын» деп жұбатып  қояды. Би 

ретінде реніштер мен тартыстарды, 

дау-дамайларды шешті. Елді көп 

аралады. Көп адам оның айтқанда-

рымен келісті, көп ақсақал оған бас 

шұлғыды». 

«Еңселі тұлғасы оның зор күш-

қуатын, билігін паш етіп тұратын. 

Шойын кеуде, желкесі күжірейген 

аюдай,  қабақтары көздерінің үстіне 

қонған тік  қанаттай.  Қабағын сәл 

қозғалтып көзін бір жыл т еткізсе 

бәрі де жымдай болып, сап тыйы-

лады. Өз билігін жақсы түсінген 

ол,  қатқылдыққа бара бермейтін. 

Бұйрықтары өтініш секілді, жар-

лықтары бітімдікке шақыру сөзі 

секілді шығатын». 

Екіншіден, Игілік  Ө т е п ұ л ы 

Ғабит Мүсіреповтің 1953  ж ы л ы 

жарық көрген «Оянған өлке» рома-

нының басты кейіпкері. 

«Оянған өлке»  қазыналы  Қара-

ғанды өңірі туралы эпикалық шы-

ғарманың бірінші кітабы болатын. 

Араға 31 жыл салып оның жалға-

сы саналатын «Жат  қолында» ро-

маны 1984 жылы жарық көрді. Ав-

тор осы екі кітабында да револю-

цияға дейінгі  Қарағанды өңіріндегі 

халықтың тұрмыс-салтын, еңбегін, 

ел билеген жуандардың әрекеттері 

мен елім, жерім деп жарғақ  құлағы 

жастыққа тимей жүрген  ұлтжанды 

азаматтардың арман-мақсаттарын 

қазақ жұмысшы табының  қалыпта-

с у ы н  к ө р к е м тілмен,  н а н ы м д ы 

бейнелейді. Жазушының бұл шы-

ғармасының кейіпкерлері ойдан 

ш ы ғ а р ы л ғ а н д а р емес, шын мә-

нісінде осы аймақта өмір сүріп, 

оның алдағы тағдырына азды-көпті 

өзіндік ықпалын тигізген жандар 

болды. 

Кезінде біз «Оянған өлке» рома-



нына тек көркем туынды ретінде 

ғана  қарағанбыз. Сөйтсек, романда 

бір  қауым елдің тарихы ғана емес, 

болашағы да  қылаң беріп тұрған 

екен. Оған мән бермеппіз. Түсіне 

алмаған  с и я қ т ы м ы з . Мызғымас 

одақ  құлайды да, тарайды деп кім 

ойлапты? Кімнің түсіне кіріпті? 

Жарықтық Ғабең заман ауанын та-

мыршыдай тап басып, елдің ертеңін 

көз алдына елестете алған сияқты. 

Біздің ойымызша, Ғ. Мүсірепов 

жазуға отырар алдында  Қарағанды 

өңірінің  т а р и х ы н зерттеп, фак-

тілерді ой елегінен өткізген, тіпті, 

шабыттанып отырып, елу жыл ал-

дағыны да болжап,  қағазға түсіріп 

жіберген. 

Шағын үзінділерге көз жүгір-

тейік: 


«... батыс жақ бетті тұтас тор-

лап келе жатқан Жұман байдың он 

жеті мың жылқысы да көрінді». 

«Он екі мың  ж ы л қ ы с ы  б а р 

Игіліктің... жаңа тігіліп жатқан он 

екі  қанат үйдің әр керегесін төрт 

жігіт  қолдасып, әрең көтеріп, әрең 

жайды». 


Бұл сөйлемдер  қазақтың екі бай 

азаматының тұрмыс-тіршілігінен 

хабардар етеді. Ақырында малға 

қ о с а  с а у д а м е н  д е  а й н а л ы с қ а н 

Игілік би орыс көпестерімен үзеңгі 

қағыстыра бастайды. Өндіріс орын-

д а р ы н а көз тігеді.  Қ а р а ғ а н д ы 

өңірінің болашағы индустриялан-

дыруда екенін ол бірінші болып 

түсінген сияқты. 

Үшіншіден, Игілік би Өтепұлы 

өз  у а қ ы т ы н д а  н а р ы қ  з а ң д а р ы н 

т е р е ң  ұғына  б а с т а ғ а н кәсіп-

керлердің бірі болды. Ол банкротқа 

ұшыраған Н. Ушаковтың үлесі аук-

ц и о н ғ а  т ү с к е н д е бағын сынап 

көреді. Бірақ,  қанша  ұмтылғаны-

мен  ұтылып  қалады, «көз алдарын-

да мыс пен көмір ғана  т ұ р ғ а н 

қонақтар» алдын орап кетеді. 

Тарихтан біздің білетініміз, XIX 

ғасырдың екінші жартысы  Қара-

ғанды өңірінің ғаламдық өркениет-

пен тоғысу шағы болды. Сары да-

ланың төсіндегі  қазынаның хабары 

сымсыз телефон арқылы орыстарға 

жетіп, одан әрі Еуропаны жайлап 

кетті.  Ж о л  қашықтығына  қарама-

стан Сарыарқа төсіне оқымысты-

лар, орыс және шетел инженерлері 

бірен-саран болса да келе бастады. 

Бұл жағдай жер  қайыстырған ма-

лға ие болып отырған Арқаның 

бай-манаптарын да шапшаң шират-

ты. Олардың дүниеге деген көзқа-

расы өзгерді. Ендігі жерде  қазақ 

байлары да нарық заңын  ұғына ба-

стайды. Мәселен, Ғабит Мүсірепов 

соңғы романында  Қызылжардан 

оралған Игілік байдың жай-күйін 

былайша баяндайды: «...Енді есеп-

теп  қараса мұның байлығы Уша-

ковтың сарапқа түскен жарнасына 

әрең жетеді екен. Бес мың жылқы 

жиырма бес сомнан  ж ү з жиырма 

бес мың болады да тұрады. Оның 

ар жағында жалғыз тайың  қалмай-

Кемеңгер Игілік би Өтепұлы балаларымен: солдан оңға  қарай - Игілік би, 

Қошым, Тәти, 

Қопабай, Дайрабай, 

Қоғабай, Ордабай және жақын 

көмекшісі Кенжеғара Балғарин. 


ды. Ушаковтың бір  Қарағандыдағы 

жарнасы жүз жиырма бес мыңға 

сатылды ғой! Ушаков тағы да он-

он бес жерде жарнасы бар адам! 

Игілік бес мың жылқыны байлық 

санап отыра беріпті. Мұнысы бір 

жұттық емес пе!» (Мүсірепов Ғ. 

Ж а т  қолында. - Алматы, 1984, 

7-бет). 

Төртіншіден, Игілік би  құлазып 

жатқан өлі далаға  қайнаған өмір 

беру үшін ірі  қалаларда базарлар 

салу керектігін дәлелдеген. Мал-

дың жүні мен  қылының, мүйізі мен 

терісінің ақшаға өтер көзін тауып, 

Игілік би өз шаруасындағы адамда-

рымен Ірбіт, Омбы, Том, Селебеге 

дейін барып  қ а й т қ а н . Атбасар, 

Қараөткел, Кереку,  Қоянды базар-

лары Игілікке  қазақ даласы естіп 

білмеген түсім әкеп тұрған. 

Бесіншіден,  қаз-қатар жатқан 

мол байлықты толық және тез иге-

ру үшін Игілік би темір жол салу 

керектігін  қарастырған. Темір жол 

салынбаған жерде мыңдаған көлік 

керек болатыны ақылды биді уай-

ым  қылған. 

Алтыншыдан, Игілік би Нілді 

мен  А қ б ұ й р а т т ы ң  а р а с ы н д а ғ ы 

ж ә н е  Қарағанды мен Ақбұйрат 

арасындағы бекет жайына өте көп 

көңіл аударып отырған. Ақбұйрат 

заводының  қорланып  қалған мы-

сын  Қызылжарға жөнелтіп отырғ-

ан. Ақбұйрат пен  Қызылжар ара-

сында түйелі керуенге арнап 40 бе-

кет салдырған. 

Жетіншіден, Игілік би патша 

өкіметінің  о т а р л а у саясатына 

қарсы болды. Өйткені, Игілік Өте-

пұлы дүниетанымы кең адам еді. 

Ол патша отаршыларының сұлтан-

дармен бірігіп,  қазақтардың жақсы 

жерлері мен жайылымдарын және 

үй-жайларын тартып алғанын өз 

көзімен көрді. 

Қ аза қ ты ң  ұ лт-азатты қ  қозға-

лысы тарихындағы анағұрлым ірі 

к ө т е р і л і с т е р д і ң бірі  К е н е с а р ы 

Қасымұлы бастаған көтеріліс нақ 

сол XIX ғасырдың 20-40-жылда-

рында болған-ды. Бұл көтеріліс 

қазақтың үш жүзін түгел бірінен 

соң бірін  қамти отырып, 10 жыл 

бойына созылды (1837-1847 жыл-

дары). Сөйтіп халықтың  қалың 

бұқарасын күреске тартты. Бұл 

к ө т е р і л і с т і ң  а й ы р ы қ ш а  к ө ң і л 

аударарлық жері сол: оның бары-

с ы н д а 

қ а з а қ еліні ң  с а я с и 

тәуелсіздігін сақтап  қалу мақса-

тында біртұтас  қазақ мемлекетін 

құруға соңғы рет талпыныс жаса-

лынған еді. 

Осы  ж а ғ д а й д ы терең түсіне 

білген Игілік би Өтепұлы Кенесары 

сұлтан басқарған көтерілісті  қол-

дап, оның  ж а с а қ т а р ы н а сый 

ретінде 1000 жылқы берген. Сон-

дықтан Сібір шекаралық  қазақта-

рының бастығы полковник Та-

л ы з и н н і ң 1838  ж ы л ғ ы  ж а з ғ а н 

мәліметінде: «Жыртқышқа Ақмола 

округі сұлтандарының көпшілігі 

қосылып  қана  қойған жоқ, соны-

мен бірге Баянауыл,  Қарқаралы 

және Көкшетау округтері сұлтан-

дарының да  қосылғаны анық. Басқа 

барлық сұлтандар сырттай үкімет-

ке адал болып көрінгенімен, Кене-

сарымен жасырын байланыста бол-

ды», деп жазуы бекер емес еді (Бек-

маханов Е.  Қазақстан XIX ғасыр-

дың  2 0 - 4 0 - ж ы л д а р ы н д а (Оқу 

құралы). - Алматы: «Санат», 1994, 

193-бет). 

Сөз соңында айтарымыз, халық 

аузына ілінген, Сарыарқа сүлей-

лерінің көркем жырларына, Ғабит 

М ү с і р е п о в пен Ғабиден Мұс-

тафиннің бай еңбектеріне арқау 

болған Игілік Өтепұлын бүгінгідей 

тәуелсіздікке  қол жеткізген бақыт-

ты заманымызда сол билер мен ба-

т ы р л а р д ы ң  қанымен, жанымен 

келген әрбір тәуелсіздік жылында 

Игілік сияқты атпал азамат,  қабы-

рғалы бидің есімін  құрметтеп, ар-

дақтасақ, одан  ұтпасақ,  ұтылмай-

мыз. 


Азия транзит. - 2007. - № 7-8. - 6-10 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал