Ұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толса да, оның салған жарасы оңай



жүктеу 21.5 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі21.5 Kb.

С

ұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына 

70 жыл толса да, оның салған жарасы оңай 

болған жоқ. Әкелерін, бауырларын қан майданға 

аттандырып, бозбала, бойжеткен шақтарын тыл-

дағы ауыр еңбекпен өткізген аға буын өкілдерінің 

айырылып қалады. «Жазмыштан озмыш жоқ», басқа 

түскенді қабырғаң қайыса көтеру ерлікпен пара-пар. 

Қатал тағдырдың ауырт-

палығын мойнымен 



көтеріп, жесірліктің 

ЕРЛІК МАЙДАНЫНЫҢ 

ЕҢБЕК

 Д

АСТАНЫ 

бірқатары сол соғыстың тірі куәгерлері болып 

арамызда жүр. Сол күндердің белгісіндей, бүгінде 

сексеннің сеңгірінен асып, шөбере сүйіп отырған, 

сонымен қатар жастарға үлкен өнеге-ғибрат 

беріп келе жатқан қазына қарттарымыздың бірі-

Сарытерек ауылына қарасты Жетімшоқы елді 

мекенінің түрғыны, тыл ардагері Бейсекина Жамал 

апа. 


Ж

амал апа, 1930 жылы қазіргі Ақтоғай 

ауданына қарасты Сарытерек ауылында 

дүниеге келген. Ата-анасынан айырылып, жетім-

діктің тауқыметін ерте татқан. Оны әкесінің ағасы 

Бейсеке өз қолына алып, жұбайы Гүлзағира екеуі 

тәрбиелеп өсіреді. Ес біліп, ер жете бастағанда 

сұм соғыс басталып, төрт жылдық білімі бар, бар-

жоғы он бір жастағы буыны қатпаған жас баланың 

ары қарай оқуға мүмкіндігі болмай, өзі қатарлы 

балалармен тыл жұмысына араласуына тура келді. 

Иә, сұрапыл соғыс ол кездегі балаларды балалықтың 

бал дәуренімен ерте қоштасып, тез есеюге мәжбүр 

етті. 1941-1948 жылға дейін мал бағып, өгіз жегіп, 

жер жыртып, егін егіп, шөп шабу жұмыстарына 

қатысты. «Сұрапыл соғыс қаншама адамдардың 

тағдырын азап пен қасіретке толтырды ғой, ол 

қасірет енді қайталанбасын», - дейді кейуана. 

Ж

амал апаның еңбек жолы да осы тылда 



еңбек етуден бастау алып, онан әрмен 

жалғасып кете береді. Оқуын жалғастыруға 

мүмкіндік болмапты. Бойжетіп, он сегізге толғанда 

ауылдың Кәмелханұлы Әбіл есімді азаматымен 

тұрмыс құрады. Өмірге үш бала әкеліп, ел қатарлы 

ғұмыр кешіп жүргенде, қапыда жұбайы Әбілден 

қамытын ерте киген 

ол, енді үш баласын 

қатардан қалдырмай өсі-

руді мұрат тұтты. Өзі 

Қарашілік қыстағында 

көмекші болып ең-

бек етіп, балалары 

Сарытерек ауылындағы 

орта мектепте білім 

алып жүрген сол бір 

ауыр шақтарды күрсіне 

еске алғанда әжейдің 

маңдайындағы әжім іздері қатпарлана түседі. 

Қ

ария бір сәт өткенге ой жүгіртіп:-Бірде 



балаларым көктемгі демалыстан кейін оқуға 

қайту керек болып, кететін күндері келіп жеткен 

еді. Дәл осындай көктем мезгілі, Тоқырауын өзені 

арнасынан шығып, тасып жатқан уақыт. Ертеңінде 

сабақ басталмақ. Әлі есімде, үстімдегі киімдерімді 

жартылай шешіп, үлкен балам Төлеуханды, одан 

кейін Тілеуханды, қызым Докладты кезек-кезек 

көтеріп соңында екі велосипедті арқалап, суы 

тастай болып, тасып жатқан өзеннен әрлі-берлі 

неше қайтара жүріп өткізгенім бар. Ойым сабақтан 

қалмасын дегенім ғой. Содан бойымды суық алып 

бірнеше күн сырқаттанып қалғаным бар,-дейді 

көңілі босаған кейуана. 

И

ә, ол кездегі адамдардың өмірі мен 



көргені оңай болды деп айта алмаймыз. 

Дегенмен қиындыққа сағы сынбай, сол кезде 

өзеннің ағысына қарсы жүргендей, өмірде де кез 

келген күйреуік адамды езіп жіберетіндей қайғы-

қасіретті көтере білген 

Жамал әжейдің бүгінгі 

тілегі-балаларының, 

немере-шөберелерінің 

амандығы. Осыншама 

қиындық пен қайғы-

қасіретті бастан кешсе 

де Алла тағалаға 

өкпесі жоқ. «Ағаш 

жапырағымен көрікті, 

адам ұрпағымен көрік-

ті» дегендей, Жамал 

апаның балалары ер-

жетіп, өсіп-өнді. Екі ұлы 

Сарытеректе алдыңғы 

қатарлы механизатор болып еңбек жасап, бүгінде 

жеке меншік азын-аулақ шаруашылықтарымен 

айналысады. Анасының үмітін ақтаған қызы Доклад 

Ақтоғай ауданының орталық ауруханасында белді 

акушер-гинеколог болып, табысты жұмыс жасап 

жүргеніне біраз жыл болған. 

Ж

амал апа 1985 жылы құрметті демалысқа 



шыққанға дейін 50 жылға жуық туған 

ауылының өсіп-өркендеуі жолына қажыр-қайратын 

аямай адал еңбек етті. Осы жасында талай өмір 

өткелдерінен сүрінбей өткен ғазиз жанның 

ғұмыры өнегеге толы. Өзінің өткен ғұмырының 

зая кетпегеніне дән риза. Атқарған еңбегі еленіп, 

«Тыл ардагері», әр түрлі мерекелік медальдармен 

марапатталды. Тағдыр талқысына жасымай, өмірдің 

ауыртпалығына мойымай қайратын қарсы қоя 

білген Жамал ападай аналарымыздың қасіретті 

жылдардағы өлшеусіз еңбегін үлгі тұту-бүгінгі 

ұрпақтар парызы. 



Манаргүл МҮТӘЛІП 

Тоқырауын тынысы. - 2015. - 24 сәуір (№19). - 7 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал