Құрамында қалады. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Корпорация құрамындағы актив



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/6
Дата07.04.2017
өлшемі0.64 Mb.
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6

№30 (1338)

25 шілде


ЖҰМА, 

2014 Жыл


1988 жылғы 30 шілдеден шығады

АЙМАҚТЫҚ 

АПТАЛЫҚ  ГАЗЕТ

12 кеніш, 4 кен байыту 

фабрикасы, 2 мыс балқы-

ту зауыты, 2 көмір кеніші мен 

3 қосалқы электрстанциясы 

«Қазақмыс» корпорациясының 

құрамында қалады. 2013 жылғы 31 

желтоқсандағы жағдай бойынша, 

Корпорация құрамындағы актив-

тердің қызметкерлерінің жалпы саны 

43 мың адамды құрайды. 

Шығыс-Қазақстан облысындағы 

қолданыстағы төрт кеніш пен үш кен 

байыту фабрикасы, үш өркендеу 

жобасы – Бозшакөл, Ақтоғай мен 

Көксай, сондай-ақ Қырғызстандағы 

Бозымшақ кеніші жариялық 

компания құрамында қалады. 2013 

жылғы 31 желтоқсандағы жағдай 

бойынша, бұл активтердің қыз-

меткерлері саны 10 мың адамды 

құрайды. 

Акционерлер мен реттеуші 

органдар мақұлдаған жағдайда 

жариялық компания өз атауын 

KAZ Minerals PLC деп өзгертеді, ал 

«Қазақмыс» атауы жеке компанияда 

қалады. 


Қол жеткізілген уағдаластықтарға 

сәйкес, активтерді тапсырумен 

қатар, «Қазақмыс» Тобы 150 млн 

АҚШ доллары көлеміндегі қолма-

қол қаражатты қоса есептегенде, 

ағымды сәтте шамамен 240 млн 

АҚШ долларын құрайды деп 

бағаланған айналым қаражатын; 

берілетін активтердің жоспарланған, 

алайда 2014 жылдың 1 қаңтары 

мен 31 шілдесіне дейінгі аралықта 

жұмсалмаған шамамен 80 

млн АҚШ долларын құрайтын 

капиталды шығындарын; ПҚӨС 

мөлшерлемесінің төмендетілуіне 

және ҚҚС қайтарылуына 

байланысты шамамен 10 млн АҚШ 

долларын, сондай-ақ, 2014 жылдың 

1 тамызынан бастап транзакция 

аяқталғанға дейінгі аралықта 

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-

нің операциялық қызметінен түскен 

таза қаражатын Cuprum Holding 

компаниясына аударады.

Қайта ұйымдастыру аяқталған соң, 

екі компания дербес шаруашылық 

қызметін жүргізеді. Өндіру, бастапқы 

өңдеу, мыс балқыту секілді негізгі 

өндірістік, коммерциялық және өзге 

де процестерді қамтамасыз ету 

үшін, өтпелі кезеңге тараптардың 

қазақстандық активтері арасында 

бірқатар ұзақ мерзімді келісім-

шарттар мен сервистік келісімдер 

жасалады. 

Атап айтқанда, жариялық 

компания шығыс өңірде өндірілген 

концентратты «Қазақмыс» 

корпорациясы» ЖШС-нің Балқаш 

өндірістік алаңында өңдейтін 

болады. Сондай-ақ, шахта қазба 

және сервистік өндірістер кешенінің 

қызметтерін пайдаланып, электр 

қуатын сатып алады. 

«Қайта ұйымдастыру барысында 

әр компанияның өзіндік ерекшелігі, 

соның ішінде географиялық 

жағдайы, өндірістік қызметі, 

инвестициялық қажеттіліктері секілді 

көптеген мәселелер ескеріледі. 

Басты шарттардың бірі – екі 

компанияның өз шаруашылық 

қызметін дербес, табысты жүргізу 

мүмкіндігі. Осылай, қайта ұйымда-

стыру шарасы кәсіпорындарға 

өздерінің басым бағыттары 

бойынша табысты дамуға және 

өз қызметкерлерінің тұрақты 

болашағын қамтамасыз етуге 

мүмкіндік береді»,- деп мәлімдеді 

«Қазақмыс» Тобының  

Бас басқарушы директоры  

Олег Новачук. 

Металлургтер  мерекесінде  «Қазақмыс»  корпораци-

ясы»  ЖШС  Бас  директоры  Б.Ә.Қрықпышев  «Казкат»  за-

уытының  ыстық  металл  прокатшысы  Айтқазы  Шағы-

ровқа «Нива» автокөлігінің кілтін тапсырды.  

«Қазақмыс» Топты болжамды қайта құру аясында Қарағанды, 

Жезқазған  мен  Балқаштағы  өндірістік  алаңдардың  кемел 

активтерін  иелері  Владимир  Ким  мен  Эдуард  Огай  болып 

табылатын  Cuprum  Holding  компаниясына  беру  туралы 

уағдаластыққа қол жеткізілгендігі туралы хабарлайды. Келісім 

реттеуші  органдар  мен  акционерлердің  мақұлдауын  қажет 

етеді. Аталған активтер өз қызметін жеке әрі жариялық емес 

компания ретінде жалғастыратын «Қазақмыс» корпорациясы» 

ЖШС-нің құрамына кіреді. 

Қазір сауда орындары мен 

базарларда жеміс-жидек-

термен қатар қауын-қарбы-

здың молайған кезі. Алайда, 

көпшілік жұрттың «уланып 

қалмаймыз ба?» деген оймен 

алғашқыда қауын-қарбызға 

сақтықпен қарайтыны бар. Он-

дай оқиғалар бірлі-жарым бол-

са да кездесіп қалып жатады. 

Жезқазған қаласындағы 

санэпидемиялық сараптама 

зертханасының мамандары ак-

ция аясында үш күн қатарынан 

базарларда отырып, тұтынушы-

лардың сатып алған алма, 

қияр, қауын, қарбыз сияқты 

өнімдерінің құрамын тексерді. 

Нейратотестер приборы арқылы 

мамандар алдарына әкелген 

жемістің немесе көкөністің құра-

мын бір-екі минутқа жеткізбей 

тексеріп берді. Тексеріс бары-

сында өнім құрамында нитрат 

мөлшерінің нормадан ауытқу 

фактілері кездеспеді. Қазірде 

негізінен Оңтүстік Қазақстан, 

Қызылорда, Түркістан өңірлерін-

де өсірілген қауын-қарбыздар 

сатылуда. Құрамы ойдағыдай 

болған өнімге қызығушылық та 

арта бастады.

Дегенмен, басқа пікірлер 

де бар. «Үш күндік тексерістен 

ұтарымыз аз. Нитрат құрамын 

анықтайтын шара жазғы мау-

сым бойы жалғасқаны жөн», — 

дейді көпшілік тұтынушылар. 

Халықтың пікіріне құлақ 

асқан жөн. Ел мәселені 

ұрымтал тұстан дөп басып 

отыр. Ендеше, аймағы- 

мыздағы тиісті орындар 

халыққа пайдалы мұндай ак-

цияны жалғастыра түсуі керек. 

Көптің тілегі — осы.

А.ӘЛМЕНОВ.

Бүгінде Елбасымыздың тапсырмасына байланысты кәсіп-

керлердің  шаруасына  араласып,  тексеру  қиындап  кетті. 

Бақылаушы  органдар  тексермек  тұрмақ,  «сұқ  саусағын  көр-

сетсе» бәлеге қалады. Енді не істемек керек? Соның жолы та-

былғандай. Көкөніс пен жеміс-жидек құрамындағы нитратты 

анықтау  жөнінде  бүкіл  Қазақстан  бойынша  акция  өткізілді. 

Бұл шараға Жезқазғандағы санэпидемиялық сараптама зерт-

ханасының қызметкерлері де атсалысты.

ҰРЫМТАЛ


6,7

2

ДҮРБІ


                                                                                                                                                                                                                                            25 ШІЛДЕ  2014 жыл.

Қазақстан Республикасы 

Еңбек Кодексінің 72-бабында 

4 тәртіптік жаза атап көрсетіл-

ген. Олар — ескерту, сөгіс, 

қатаң сөгіс, еңбек шартын 

бұзу, яғни жұмыстан шыға-

ру. Бұл тәртіптік жазаларды 

қызметкердің тәртіптік теріс 

қылық жасағаны үшін қола-

нуға жұмыс беруші тікелей 

құқылы. Осы Кодексте және 

Қазақстан Республикасының 

өзге де заңдарында көздел-

меген тәртіптік жазаларды 

қолдануға жол берілмейді.

Кейде еңбек ұжымдарында 

өтетін кездесулерде тәртіптік 

жазаға қатысты сұрақтар 

туындап жатады. Кейбіреулер 

тәртіптік жаза тұрғысында 

«жалақыдан ұстап қалуға 

бола ма?», «айыппұл төлеу 

талап етіле ме?» немесе 

«еңбекақысы төмен жұмы-

старға ауыстыру бола ма?», 

сондай-ақ «еңбек демалысын 

кейінге қалдыруды тәртіптік 

жаза ретінде қолданыла 

ма?» дегендей сұрақтар 

қояды. Мұндай мәж-бүрлеудің 

ешқайсына жол берілмейді.

Дәлірек айтсақ, Еңбек 

Кодексінің 137-бабы 1-тар-

мағына сәйкес, қызметкердің 

жалақасынан ұстап қалу сот 

шешімі бойынша (алимент 

төлеу және тағы басқа), сон-

дай-ақ Қазақстан Республика-

сының заңдарында көзделген 

жағдайларда (мәселен зей-

нетақы аударымдарын ұстау) 

жүргізіледі. Сонымен қатар 

осы баптың 2-тармағында 

атап көрсетілгендей, қызмет-

кердердің өзі жұмыс істейтін 

ұйымға берешегін өтеу үшін 

оның жалақысынан ұстап 

қалу қызметкердің жазбаша 

келісімі бар болған кезде жұ-

мыс берушінің актісі негізінде 

жүргізілуі мүмкін. Жалпы ай 

сайынғы ұстап қалудың жалпы 

мөлшері қызметкерге тиесілі 

жалақының елу пайызынан ас-

пауға тиіс (ҚР ЕК 137-бабының 

3-тармағы).

Жұмыс беруші осы бап-

та қарастырылған тәртіптік 

жазаның (ескерту, сөгіс, қатаң 

сөгіс, жұмыс берушінің баста-

масы бойынша еңбек шартын 

бұзу) бірін ғана қызметкердің 

тәртіптік теріс қылық жасағаны 

үшін қабылдайды.

— Жұмыс беруші еңбекақы-

ның мөлшерін төмендетпек. 

Бұған оның құқығы бар ма 

және қызметкердің келісімі 

қажет пе? — деген сұрақ қой-

ылып жатады. Бұған:

— Жоқ. Жұмыс беруші еңбек 

шартында айтылған еңбе-

кақының мөлшерін төмендете 

алмайды. Егер еңбекақының 

мөлшерін төмендетуге қандай 

да бір нақты себебі болса, 

онда жұмыс беруші қызмет-

керге және кәсіподаққа, егер 

қызметкер кәсіподақтың мүшесі 

болса, бір айдан кешіктірмей 

жазбаша түрде ескертуге тиіс.

Сөз ретінде айта кеткен жөн, 

Еңбек Кодексінде айқындалған 

осы нормалар кәсіподақтар 

өкілдеріне жұмыс берушінің қы-

зметкер — кәсіподақ мүшесінің 

мүдделеріне және құқығына 

нұқсан келтіретін бұйрықтары 

мен өкімдерінің шығуына және 

қолдануының алдын алуға 

мүмкіндік береді.

Сонымен қызметкерді 

белгілі бір ынталандыру 

төлемдерінсіз қалдыру және 

еңбекақы сомасынан ұстап 

қалу тәртіптік жаза болып 

табылмайды, өйткені заң 

жүзінде жаза түрлері нақты 

айқындалған. Яғни тәртіптік 

жауапкершілікке тарту туралы 

бұйрықта: «...тәртіптік жаза 

дербес үстемені (немесе сый-

ақыны) алып тастау түрінде 

қолданылды...» деп жазыл-

мау керек. Алайда тәртіптік 

жазаның өзі, мәселен қатаң 

сөгіс қызметкерге ынталан-

дыру төлемдерін төлемеу 

үшін негіз болуы мүмкін. Бұл 

жағдайда мұндай ынталан-

дыру төлемдерін бермеудің 

реті мен тәртібі ұйымның ішкі 

актілерінде жазылып қоюы 

тиіс (мәселен, қызметкерлерге 

сыйақы беру туралы ережеде: 

«қызметкер егер ол тәртіптік 

жауапкершілікке тартылған 

жағдайда дербес үстемені 

алу құқынан айырылады» деп 

жазып қойылуы керек), ал 

төлем туралы шешім жұмыс 

берушінің бұйрығымен рәсім-

делуі қажет және ол бұйрықпен 

қызметкер қол қоя отырып 

таныстырылуы қажет.

Тәртіптік жазаның ең ауыр 

түрі — еңбек шартын бұзу, яғни 

қызметкердің жұмыстан шыға-

рылуы. Бұл тәртіптік жазаға 

қызметкер тарапынан еңбек 

тәртібін сақтамау негіз болады. 

Айталық, Еңбек Кодексінің 

54-бабының 6-тармағында 

атап көрсетілгендей, қызмет-

кер бір жұмыс күнінде немесе 

жұмыс ауысымы ішінде үш 

және одан да көп сағат бойы 

себепсіз жұмыста болмаған 

жағдайда жұмыс беруші ол 

қызметкермен жасалған 

еңбек шартын бұзуы мүмкін. 

Осы тәріздес қызметкер та-

рапынан тәртіптік теріс қылық 

жасалуы жұмыс берушінің бір-

ден тәртіптік жазаның ең ауыр 

түрін қабылдауына ықпал 

етпек. Ондай жағдайлар 

бірқыдыру, соның жиі кезде-

сетіндерін ғана атап өтелік. 

Мәселен, қызметкер жұмыста 

алкогольдік, нашақорлық, 

психотроптық, уытқұмарлық 

масаңдық (соларға ұқсас) 

жағдайында болған; жарақат-

тар мен аварияларды қоса 

алғанда ауыр зардаптарға 

әкеп соққан немесе соғуы 

мүмкін; еңбекті қорғау немесе 

өрт қауіпсіздігі не көліктегі 

жүру қауіпсіздігі ережелерін 

бұзған; тәртіптік жазасы бола 

тұра қызметкер еңбек міндет-

терін дәлелді себепсіз қай-

талап орындамаған; жұмыс 

берушінің атқарушы органы 

басшысының, оның орынба-

сарының не жұмыс беруші 

бөлімше басшысының еңбек 

міндеттерін бұзуы жұмыс 

берушіге материалдық залал 

келтіруге әкеп соққан жағдай-

ларда еңбек шарты бұзылуы 

мүмкін.


Ең басты ескеретін бір 

мәселе, тәртіптік жазаны 

қолдануға тек жұмыс беруші 

ғана құқылы.

Ал, кәсіптік одақтың мүшесі 

болып табылатын қызметкер-

лермен кейбір жағдайларға 

орай еңбек шартын бұзу 

ұжымдық шартта көзделген 

тәртіппен, осы ұйымның 

кәсіптік одағы органының 

дәлелді пікірін ескере отырып 

жүргізіледі.

«КәсіпҚазақмыс»

кәсіподағы 

Жезқазған филиалының 

баспасөз қызметі.

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫ



Еңбек  тәртібін  қамтамасыз  етуге  —  жұмыс  беруші 

де, қызметкер яғни жеке тұлға да мүдделі. Өйткені еңбек 

тәртібін сақтау жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті 

ұйымдастырушылық  және  экономикалық  жағдайлар  жа-

сау  деген  сөз.  Ол  осынысымен  мәнді.  Еңбек  тәртібінің 

сақталуын көздей отырып, әр еңбек ұжымында қызмет-

керлердің  еңбекке  саналы  көзқарасын  қалыптастыру, 

сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістері кеңінен қол-

данылады. Бұл орайдағы іс-шараларға кәсіптік одақ орган-

дары ұйытқы болады. Еңбегіне орай құрмет көрсетумен 

қатар  тәртіптік  теріс  қылық  жасаған  қызметкерлерге 

тәртіптік  жаза  қолдану  арқылы  еңбек  тәртібін  сақтау 

қамтамасыз етіледі.

Әрине, сайлаушылар 

депутаттың алдына шешілмей 

жүрген мәселелердің күрмеуін 

тарқату үшін  «бір жәрдемі 

тиіп қалады-ау» деген үмітпен 

барады.Міне, сондайда өзі 

кезінде сенім білдірген халық 

қалаулысы айтқан өтінішті 

мұқият тыңдап, көтерілген 

мәселенің жолын табуға барынша 

белсенділік таныта білсе, нұр 

үстіне нұр емес пе? Осыған 

дейін де Сергей Михайловичтің 

сайлаушыларды қабылдауына 

бірнеше мәрте қатыса жүріп, 

аңғарғанымыз ол сайлаушының 

өтініш-тілегін зерделеп алған 

соң, мүмкіндігінше  сол сәтінде 

шешіп тастауға ұмтылады. 

Кейбір әріптестері сияқты 

«арыз-шағымыңызды қалдырып 

кетіңіз, жауабын тиісті орындар 

арқылы беретін боламыз» 

дейтін жалпылама жауап 

қайтармайды. Бұл жолы да 

солай болды. Өз мамандығы 

бойынша жұмыс істеудің жолын 

іздеген Е.Нағызхан көптен 

бергі арманына қол жеткізетін 

болды.  Сол сияқты,  тұрғын үйге 

айналған бұрынғы жатақханадағы 

пәтерін жекелендіруге 

байланысты өтініш айта келген 

Д.Бөрінованың мәселесі де 

оңынан шешілді. Исатай Мұқатай 

әскер қатарына шақырылғанға 

дейін Жезқазған байыту 

фабрикасында жұмыс істеген. 

Бірақ, азаматтық борышын өтеп 

оралғанда оның бұрынғы жұмыс 

орны сақталмаған. 

— Бұл өте күрделі мәселе. 

Отанын қорғаған азаматтың 

жазығы не? Неге ол әскерден 

оралғасын жұмыссыз қалуы 

тиіс.Керісінше, оған мемлекет 

тарапынан кепілдік берілуі керек. 

Осындай жағдайға байланысты 

маған өтініш айтатын азаматтар 

көп. Қазір біз бұл мәселені ел 

Парламентінде заң арқылы шешу 

бағытында жұмыс істеп жатыр-

мыз – деген Сергей Михайлович 

И.Мұқатайдың өтінішіне орай 

түсінік бере отрып, оның мәсе-

лесінің де оңынан шешілуіне нақ 

сол жерде ықпал жасады. 

Бұл жолы қабылдауға 

келгендер қатары аса көп 

болмады. Бірақ, келген 

сайлаушылар депутатқа 

көрсеткен риясыз көмектері үшін 

алғыстары мен ризашылықтарын 

жаудырып жатты. Қабылдауға 

көңілсіз кіргендер депутаттың 

алдынан кетерінде күлімсіреп 

шығатынына жиірек куә бола 

берсек, қанеки?!

Абдолла ДАСТАНОВ, 

           «Мысты өңір».

Облыстық мәслихаттың депутаты С.Ершов сейсенбі 

күні сайлаушыларды қабылдады. 

Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

Өткен  жексенбіде  Аманғұл  баба 

ұрпақтары  Қумола  өзенінің  бойындағы 

биік  адырдың  жотасында  елдіктің 

асқақтығын    айғақтайтындай  Елге, 

Жерге,  Ата-бабаға  арналған  ескерткіш 

тасбелгі орнатты. 

Ежелден  Найман  Бағаналы    Кетбұқадан  өсіп-

өнген  ұрпақтың  құтты  мекеніне  айналған  бұл  өңір 

талай тарихты қойнауына бұғып жатқаны және хақ. 

Ел  қамын  жеген  небір  ерлер  бұл  далада  етігімен 

су  кешіп,  туған  жерін  жаудан  ,  дұшпаннан  қорғап 

қалғаны Һәм ақиқат. Аузы дуалы билер, сөз мәйегін 

сімірген  шешендер  өткен  бұл  өңірден.  Ал,  өткенге 

құрметпен қарау — ұрпақ парызы.

Ескерткіш  тасбелгінің  ашылу  салтанатында 

танымал  журналистер  Сәбит  Байдалы,  Тоғанбай 

қажы  Құлманұлы  сөз  сөйледі.  Олар  көпшілікке  

ескерткіш  тасбелгіні  орнату  сонау  Күлтегін  бабаның 

өз  арманы  мен  мақсат-мұратын  түйіндеген  ойларын 

тасқа қашап қалдырған ескілікті жолын үлгі тұтынудан 

туындағанын  жеткізді.  «Ұрпақтар  сабақтастығы» 

деген міне, осындай ұлағатты істерден көрініс беріп,  

жалғасын тауып жатқаны әрине, ғанибет-ақ емес пе ?!

Ежелден  Ертағы,  Кертағы  атанған  Ұлытау  мен 

Кішітаудың етегін жайлаған жұрттың ерлік пен өрлікке 

толы өткені де — ортақ,  ертеңінен күтері де — бір. Бұл 

— елдің бірлігі, ынтымағы, ауызбірлігі. Биыл туғанына 

352  жыл  толатын  Аманғұл  баба  өзіне  алдыңғы  ата-

бабалар  жолын  қандай  қастерлеп,  үлгі  тұтса,  оның 

бүгінгі ұрпақтары да сол жолдан айнымақ емес. 

Сайын  дала  төсінде  менмұндалап  көзге  алыстан 

шалынатын  ескерткіш  тасбелгі  де  көпшілікті    дәйім 

жақсы жолға шақырып тұратыны даусыз.

Ескерткіш  тасбелгі  орнатылған  соң,  дәм  беріліп, 

аруақтарға дұға бағышталды. 

ескерткіш 

тасбелгі 

орнатылды

КӨҢІЛСІЗ 

КЕЛГЕНДЕР 

КҮЛІМСІРЕП КЕТТІ



3

МЕРЕЙ


                                                                                                                                                                                                                                              25 ШІЛДЕ  2014 жыл

ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС ШИРАТПАСЫ ЗАУЫТЫНА — 20 ЖЫЛ

Мектеп бітірген соң, өз-

гелер тәрізді алысқа арман 

қуалап аттана қоймады.«Ал-

дымен ауыр еңбектің ащы 

дәмін татып, тәтті нанын жегісі 

келді». Өз айтуы солай. Сөй-

тіп, зауытқа жонушы болып 

жұмысқа тұрды. Оның мектеп 

бітірген бойда еңбекке ара-

ласқанына жұмыстас ағалары 

«Бала, қазіргі заман білімнің 

заманы. Жұмыс ешқайда 

қашпайды.Өзің қалаған 

мамандықты таңдап, соның 

жолына түскенің оңды болады 

ғой» деген ақыл-кеңестерін де 

айтып қоятын. Мұнысы әрине, 

олардың жанашырлықпен 

айтқан сөздері екенін түсінетін 

ол «Өзім де солай ойлаймын» 

дейтін де жауапты қысқа қай-

ыратын. Ал, үлкендер болса, 

қаузап сұрауын қоймайды. 

«Сондағы ойың қандай? Ер-

тең бізге келіп бастық бола-

сың ба?» деп әзілді-шынды 

сөзге тарта түсетін.

«Біздің қарсақбайлықтар-

дың көпшілігі осы өндіріспен 

байланысты мамандықтар-

ды таңдап жатыр. Ал, мен... 

құрылыс маманы болғым 

келеді.Өйткені, бәріміз бірдей 

зауытты көздесек, Қарсақбай-

дағы тоза бастаған үйлерді 

кім жаңартып, жаңасын сала-

ды?» дейтін. Оның бұл сөзін 

естігендер: «Е, мына баланың 

ойлау қабілеті ерекшелеу 

екен, қазіргіні ғана емес 

келешекті де көретін көзі бар 

екен»  деп сүйсініп қалатын. 

Осылайша еңбек жолын 

Қарсақбай мыс зауытында  

бастаған ол кейін Қарағанды 

политехникалық институты-

на  оқуға түсіп, 1965 жылы 

«құрылысшы-инженер» 

мамандығын алып шыққан 

жас маман Жезқазғанға, «Каз-

медьстрой» құрылыс тресіне 

келді. Міне, содан бері жарты 

ғасырға жуық уақыт сырғып 

өте шығыпты.Бірақ, босқа  

өтті ме, осы жылдар? Мәсе-

ле, осында. Мұндай сауалға 

Қоңқабай Жұмабеков қысыла 

қоймайды.Өйткені...

— Жас маман болып 

жұмысқа орналасқанда 

қолымда диплом болған жоқ.

Сол кезеңнің тәртібіне орай, 

институт бітірген соң, бір 

жыл жұмыс істеп, өзіңнің сол 

мамандыққа сай келетініңді 

іс жүзінде дәлелдеп шығуың 

керек-тін.  Институт қабырға-

сында алған біліміңе тәжірибе 

жүзіндегі білігің сәйкес келе 

ме, жоқ па? Міне, осыған баса 

назар аударылатын. Үлкен-

дердің көрсетуі мен өзіңнің 

іліп әкетуіңнің арқасында 

қалаған мамандығыңды 

меңгеріп шығатынсың. Ал, 

бұған қолыңа диплом тигенде 

көзің анық жететін. Сонда ған 

арқаңнан ауыр жүк түскендей 

болатын. Өзіңнің маман-

дығыңа сәйкес жұмысыңды 

жалғастыратыныңды білгенде 

бойыңдағы сенім де арта 

түсетін. Жұмысқа бұрынғыдан 

бетер құлшына кірісесің - деп 

еске алады Қоңқабай аға  жас 

маман ретінде алғаш құрылыс 

саласына араласқан жылда-

рын. 


«Казмедьстрой»  — 

Жезқазған -Ұлытау аймағын-

дағы ірі құрылыс тресі еді. 

Жезқазған, Сәтбаев қала-

ларындағы тұрғын үйлердің 

негізінен трест құрылысшы-

ларының құрыш  қолымен 

тұрғызылғаны дау тудырмас 

өмір ақиқаты. Сондай-ақ, 

Жезқазғандағы мыс зауыты-

ның, қос қаладағы байыту фа-

брикалары мен Оңтүстік-Батыс 

қазандығы, Анненск шахтасы 

немесе №67 шахтаны және т.т. 

толып жатқан нысандардың 

қай-қайсысында болса да, 

«Казмедьстройдың»  қолтаң-

басы бар. Демек, трест салған 

құрылыстардың бәрінде дерлік 

Қоңқабай Жұмабековтің де 

үлкен үлесі, еңбегі бары анық. 

— 1973 жылы Жезқазған об-

лысы құрылуына байланысты 

құрылыс жаңаша қарқын алды. 

Әсіресе, облыс орталығы — 

Жезқазған қаласында  тұрғын 

үйлер мен әлеуметтік-мәде-

ни нысандар көптеп салына 

бастады. Солардың бәрі дерлік 

көз алдымда салынды — деген  

Қоңқабай аға Жезқазған қала-

сындағы құрылыс саласының 

қатты қарқын алған жылдарын 

аса бір жылылықпен еске 

алады. 

Жаңадан ашылған облыс 



орталығын сәулеттендіру күн 

тәртібіне қойылғаны айтпа-

са да түсінікті. Әрине, мұн-

дай талаптың ең алдымен 

құрылысшылар қауымына аса 

зор міндет жүктейтіні айтпаса 

да түсінікті. Құрылысты салмас 

бұрын оның келешегі туралы 

көп ойлануға тура келетін.   

Өйткені, даму үстіндегі қала-

ның келешек келбетінің негізін 

қалап жатқандарын Қақаңдар 

жақсы түсінетін. Бүгінде әсем 

сәулетімен қаланың орталық 

көшелеріне айналып, көз 

жауын алатындай әдемілі-

гімен ерекшеленіп тұратын 

Бейбітшілік даңғылы, С.Сей-

фуллин және т.б. көшелердің 

болашақ нұсқасын жасағанда 

талай-талай пікір-таластың 

болғанын, қай объектінің қай 

тұсқа салынғаны әрі тиімді әрі 

әдемі, сонымен бірге халыққа 

ыңғайлы болатындығы жөнін-

де құрылысшылар, сәулет-

шілер арасында қаншама рет 

талас-тартыс өткенін бүгінгілер 

біле қоймайды. Бірақ, Қоңқабай 

аға өзі тәрізді әріптестерімен 

бірге  соның бәрін өз басынан 

өткерген.

— Қаланың негізгі  көше-

лерінің   тарихы көз алдымда 

түзілді десем ешкім мақтанды 

демес.Жаңадан бой түзейтін 

әрбір көшенің ұзындығы қанша 

болатындығын адымдап жүріп 

өлшеген күндеріміз де болған. 

Өйткені, қағазда сызылған сы-

збада әлдебір қателік кетіп те 

қалуы мүмкін ғой. «Жеті өлшеп, 

бір кес» деген бар емес пе? 

Біз өз ісімізге асқан жауапкер-

шілікпен қарайтын едік. 

«Қай жерге үй салынады, 

қай тұсқа ағаш отырғыза-

мыз?» деген мәселелерге 

өте қатаң қарайтынбыз. 

Енді арада біршама уақыт 

өткенде сол кездегі төккен 

теріміздің, қызу пікірта-

ластарымыздың текке 

кетпегенін көріп көңілім 

қуанады. Көшелер қандай 

— көрікті.Қаламыз қандай 

көркем? Қарап тұрып жа-

нымыз сүйсінеді, көңіліміз 

көріктеніп сала береді -де-

ген Қоңқабай ағаны  қала 

құрылысының шежірешісі 

демеске бола ма? 

Негізі құрылысшы өте 

қастерлі мамандықтардың 

бірі. Өйткені, олардың 

құрыш қолдары жоқты 

бар етіп, жүдеп тұрған 

жерді жайнатып жіберуге 

қабілетті. Кеше ғана ұшқан 

құс, жортқан аңнан өзге 

көзге ілікпейтін қазақ дала-

сында айналасы жетпіс-сексен 

жылда қаншама қалалар бой 

көтерді. Ал, мұның сыртында 

жаңадан ашылған қаптаған 

шаруашылықтар мен өндіріс 

ошақтарын алыңыз. Соның 

бәрінде де  құрылысшылардың 

маңдай терлері бар. Маңдай-

дан тамшылып төгілген тер 

әдемі гүлзар бақтарға толы 

елді мекендерге, қуаты алып 

өндіріс орындарына айналып 

жатар болса, соны тұрғызған, 

салған құрылысшы қауы-

мын қалайша қадірлемеске, 

құрмет тұтпасқа?! Ал, сол 

құрылысшыларға көшбасшы 

болу тіпті де мәртебе екен-

дігі талассыз. Қ.Жұмабеков 

қатардағы құрылыс шеберінен 

осы саланың белді де беделді 

басшыларының біріне айна-

ла білген кісі. Ол облыс енді 

ашылып жатқан 70-жылдардың 

бас кезінде облыстық ауылша-

руашылығы басқармасына бас 

құрылысшы-инженер болып 

тағайындалды. Міндет — бел-

гілі.  Жаңадан ашылып жатқан 

совхоздардың орталықтарын, 

басқа да нысандарын тұрғызу.  

Сонау Ақтоғайдағы «Жәмші», 

Қызылордамен шектес ке-

летін «Сәтбаев» , Балқаш 

бойындағы «Гүлшат» пен 

«Орта Дересін» совхоздары-

ның бір-бірінен георафиялық 

тұрғыдан алғанда алшақтығы 

қаншалықты болса, олардың 

өмір тарихтары Қақаңа сонша-

лықты жақын. Өйткені, олар-

дың бәрі өзінің көз алдында 

өсіп-өнген, гүлденіп, жайқалған 

ауылдар. Басқаша айтқанда, 

сол ауылдарды ол өз қолымен 

салып шыққандай еді. 

1978 жылы Қ.Жұмабеков 

сол кездегі Жезқазған  

тау-кен комбинатының  күрделі 

құрылыс басқармасына бас 

инженер болып қызмет ауы-

стырды.Қызмет ауысқанмен, 

міндет өзгеріссіз қалды. Әрине, 

бұрын құрылысты далада 

дүркіретіп жататын болса, енді 

қалаға, соның ішінде өндірістік 

нысандардың құрылыстарын 

салуға атсалысатын болды. 

Бұл сырт қарағандағы ғана 

айырмашылық.Әйтпесе, бәрі 

де елдің игілігі үшін атқарыла-

тын жұмыстар екені түсінікті. 

Қазіргі таңда жұмыс істеп 

тұрған, халықты жұмыспен 

қамтамасыз етіп, еліміздің 

экономикасын дамытуға өзіндік 

үлестерін қосып келе жатқан 

көптеген өндіріс орындары-

ның құрылыстарын қолынан 

өткерген Қоңқабай аға кейде 

сөз арасында «Әлгі нысандар-

ды, олардағы қайнаған қызу 

еңбекті көрген сайын өзімді 

солардың ортасында жүрген-

дей сезінемін» дейтіні бар.Бұл 

өткен өмірдің текке өтпегендігін 

сезінудің адами бақытының бір 

белгісі болса керек. 

Қала құрылысының басы-қа-

сында әрине, ол жалғыз жүрген 

жоқ. Өзі тәрізді көптеген аза-

маттармен тізе қоса еңбек етті. 

Осы жылдар ішінде көптеген 

мамандармен, басшы азамат-

тармен араласа жүріп, олардан 

да үйренді, өзі де кейінгілерге 

білгенін бөлісе білді.

Кеңес Одағы ыдыраған 

алғашқы жылдардағы дағдары-

сты есіне түсірсе, ұйқысынан 

шошып оянатындардың бірі 

нақ осы Қоңқабай аға. Өйткені, 

зауыт, фабрикалар жұмысын 

тоқтатып, елді жұмыссыз-

дық жайлаған тұста құрылыс 

алаңдары да босап  шыға кел-

ді. «Екі қолға бір күрек табу» 

мұңға айналаған сол тұста 

Жезқазған облысының бас-

шылығына Қ.Нағманов келді.

Қажымұрат Ыбырайұлы қандай 

қиыншылық болса да жеңу-

ге болатындығын іс жүзінде 

дәлелдей білді. Ол Жезқазған-

ды сәулеттендіруді қолға алды.   

Қазіргі Қаныш Сәтбаев 

ескерткіші орнатылған алаңнан 

басталған реконструкциялау 

жұмысы әсіресе, Абай көше-

сінің бойында өте қарқынды 

жүргізілді. Мұны сол кезде 

жергілікті газеттердің бірінде 

«Нағмановтың Жезқазған-

ды көркейтуге бағытталған 

бесжылдық жоспары» деп 

жазған да болатын. 

— Алаңды реконструк-

циялау жұмыссыз қалған 

құрылысшыларға сөнген 

үмітті қайта жақты.Олар іске 

құлшына кірісті. Біз үш ауы-

сымда тынымсыз жұмыс істе-

сек те, қабағымызды шытқан 

емеспіз.Өйткені, қаламыздың 

одан әрі көркейіп, сәулеттене 

түскеніне бәріміз де мүдделі 

едік — дейді сол жұмыстың 

жауапкершілігі мойнына жүк-

телген Қақаң. 

Ел шырт ұйқыда жатқан-

да облыс басшысы көшенің 

басында істелген және 

істелуге тиісті жұмыстарды 

саралап штаб өткізіп жатушы 

еді. Мұны көрген құрылыс-

шылар, жұмыскерлер одан 

сайын жігерлене түсетін.   

Басшының аты — басшы, 

бірақ, көп нәрсе төменгілерге 

байланысты. Егер олар өз 

міндеттеріне түсіністікпен 

қарамаса, жоғарының ай-

қайы айдалаға , жұдырығы 

босқа кетуі әбден-ақ мүмкін. 

Сондықтан да, қызметтің қай 

деңгейінде жүрсе де Қоңқа-

бай Жұмабекұлы ең алдымен 

қарапайым жұмыскерлер-

мен тіл табысуға, олардың 

жай-күйіне назар аударуға 

ұмтылды. Істің көзін табу 

және адамдармен тіл табысу 

жұмыстың қарқынды жүргізу 

мен сапалы атқарудың кепілі 

деп білетін ол өзінің осы 

ұстанымынан ешқашан ай-

ныған емес. Оны қарапайым 

көпшілік арасында да құрмет 

пен абырой биігіне көтерген 

де осы қасиеті болса керек.  

90- жылдардың ортасына 

таман қоғамдық қана емес 

экономикалық қатынастар да 

өзгере бастады. Жаңа талап-

тар өмірге ене түсті. Бұрынғы-

дай емес шет елдермен 

байланыстар кеңейді. Қ.Жұ-

мабековке Жезқазған жері-

не алғаш келген шет елдік 

құрылыс компанияларымен 

бірге жұмыс істеу бақыты 

да бұйырды. Қазіргі таңдағы 

медициналық орталық 

құрылысын Оңтүстік Корей 

елінің фирмасы мен түріктің 

«Аларкосы» бірігіп жүргізген-

де жергілікті жердің құрылыс-

шылары да тыс қалмаған. 

Сондықтан да, Қоңқабай аға 

«Медорталықтың құрылысы 

менің құрылыс саласындағы 

еңбегімнің нүктесі іспетті бол-

ды. Сол нысанды пайдала-

нуға бергеннен соң құрылыс 

салумен айналысқаным жоқ» 

дейді ол. Сөйтіп, құрылыс са-

ласындағы алғашқы қадамын 

кеңестік заманда бастаған ол  

нарықтық кезеңнің алғашқы 

құрылыстарын қаласумен 

аяқтады. Бірақ, дегенмен,  

бұл саладан соншалықты 

қашықтап кеткені де шамалы. 

Өйткені, ол 2009 жылдан бері 

«Қазақмыс» корпорациясы-

ның Бас жобалау институтын-

да жобалау жұмыстарының 

бас инженері қызметін атқа-

рып келеді. Демек, Қоңқабай 

Жұмабеков әлі де болса 

құрылысшы-инженер маман-

дығын жалғастырып жатыр.

Әркім өмірден өзіне тән 

жол іздейді. Сол іздегенін 

тапқан жаннан бақытты ешкім 

жоқ. Меніңше, Қоңқабай аға 

осы  санатқа жатады. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал