Құрамына мекеме басшыларынан 12 адам енді. Комиссия аудандағы ірі сауда орын



жүктеу 319.41 Kb.

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі319.41 Kb.
түріҚұрамы
  1   2   3

Ленге 

р

жаршысы



апталық тәуелсiз газет

№ 10


(445)

22

ақпан 



2014 жыл

“Бірлік бар жерде, тірлік бар” Төлеби



e-mail: 1lenger@mail.ru

Базар бағасын

құрықтауда 

АҚШ долларының  сатылым дағы бағасының  артуына  бай-

ланысты  аудан  әкімдігі  жанынан

азық  –  түлік  бағасын  құрықтау

мақсатында  арнайы    комиссия

құрылды.  Оны аудан әкімінің орын-

басары  С.Дүйсебаев  басқарып,

құрамына  мекеме басшыларынан

12  адам енді. 

Комиссия аудандағы ірі сауда орын-

дарын аралап, кәсіпкерлермен мемо-

рандум  түзіп,  азық  –  түлік  бағасын

шарықтатпау  жөнінде  сөз  байласты.  Қазіргі  кезде  аудан  әкімінің

орынбасары С.Дүйсебаев бастаған топ 6 ірі сауда басшысымен ке-

лісім – шартқа қол қойды. 

Сержан Дауылбайұлының сөзіне сенсек, аудан көлемінде бағаны

тұрақтау бағытында жоспар  түзіліп, ол бойынша нақты жұмыстар

атқарылуда.  Ауыл әкімдері аймақтардағы сауда орындарын аралап,

бағаны көтермеу жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуде. 

«Ленгер жаршысы» 

Хабарландыру



Облыс әкімінің бас инспекторы Насыров Жорабек Төреұлы

2014  жылы  ауданға  келіп,  әр  айдың  5-10  және  25-30  күндері

сағат 10.00-12.00 аралығында азаматтардың жеке мәслелері

бойынша қабылдаулар жүргізеді. 

Қабылдаулар  аудан  әкімі  аппарты  ғимаратының  бірінші

қабатында  өткізіледі.  Қабылдауға  6-11-42  телефоны

алдын -ала жазылуға болады. 

Аудан әкімінің лездемесінде екі мәселе

қаралып, оны аудан әкімінің орынбасары

М.Пернебеков жүргізіп отырды. 

Су тасқынының алдын – алу мақсатында

атқарылған  жұмыстар  бойынша  комиссия

төрағасы  Б.Жакипов  хабарлап,  тазаланған

арықтар мен каналдар бойынша есеп берді. 

Республикалық  «Қазсушар»  мекемесінің

меншігіндегі «Тоғыс» су қоймасында су жоқ,

себебі  2  шлюздің  біреуін  ұйық  басып  істен

шыққан, қойманы жуырда күрделі жөндеуден

өтеді. Су қоймасына қатқан мұз қазіргі кезде

тазалану үстінде.  Ал, «Бадам» су қоймасын-

да  су  көлемі  бірқалыпты.  Сондай-ақ,  «Ақ

жар», «Текесу», «Шілтер», «Ащы», «Балды-

берек»,  «Ұзынарық»  су  қоймаларында  дең

гейлері  өзгермеген. 

Су  тасқынының  алдын  –  алу  бойынша

көпір – өткелдер қардан, өзен жағалаулары,

арықтар  күл  –  қоқыстан  тазаланды.    Қала,

ауылдық округ әкімдік ғимараттарында кезек-

шілік ұйымдастырылып, техникалар төтенше

жағдайлардың  алдын  алуға  сақадай  сай

дайын. 


Комиссия  төрағасының  хабарламасынан

кейін  денсаулық  сақтау  саласы  бойынша

аудандық емхананың бас дәрігері С.Абуов,

қалалық емхананың бас дәрігері Т.Есжанов

бұл  сала  бойынша  айтылған  кемшіліктерді

жою  бағытында  атқарылған  жұмыстар  мен

алға қойған мақсаттарды баяндады. 

Ауданымыз таулы аймақ, ауасы таза, суы

мөлдір  саналғанымен  өңірімізде  ана  мен

бала  өлімі,  онкологиялық  аурулар  саны

облыстық  деңгейден  жоғары  болып  отыр.

Бұл мәселе алаңдаған облыс әкімі А.Мырзах-

метов мәселенің мәнін шешіп, қызметіне сай

емес дәрігерлерді жұмыстан босату жөнінде

ұсыныс айтқан болатын. Қазіргі кезде барлық

елді  мекендерде  тұрғындар  медициналық

тексеруден  өтіп,  ол  бойынша  қарқынды

жұмыстар  қолға  алынған.  Бұған  қоса,

денсаулық  сақтау  ғимараттары  санитарлық

талаптарға сай болуы қадағалауға алған. 

Жиынды  аудан  әкімінің  орынбасары

М.Пернебеков қорытындылап, мекеме және

дербес бөлім басшыларына нақты тапсырма-

лар берді. 



«Ленгер жаршысы»

Елбасының Жолдауындағы 10

жаңалық халықтың мерейін

өсірді


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ке-

зекті Жолдауын жариялады. Маңызды құжаттың қуанышты

10 жаңалығын назарға ұсынамыз.

1. Жан басына шаққанда ЖІӨ көлемін 4,5 есеге арттыру - 13 мыңнан

60 мың долларға дейін.

2. Қазақстандықтардың өмір жасы салауатты өмір салтының және

медицинадағы кадрлық-технологиялық дамудың арқасында 80 жасқа

дейін ұзарады. Қазақстан алдыңғы қатарлы еуразиялық медициналық

туризм орталығына айналады.

3. Кәсіпкерліктің дамуына бөгет болатын барлық инертті құқықтық

нормалар  алынып  тасталынады.  Шағын  бизнес  ұрпақтан  ұрпаққа

жалғасатын отбасылық дәстүрге айналмақ.

4.  Ауыл  шаруашылығындағы  кәсіпкерлікке  кедергі  келтіретін

бөгеттердің барлығын алып тастауымыз қажет. Жерді тиімді пайдала-

нуда, шаруалардың кооперациясында кедергілер болмау керек.

5. Шаруалар ұзақмерзімді қаржыландыруға және нарыққа делдал-

сыз қол жеткізе алады.

6. 2020 жылға қарай 3-6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз мек-

тепке дейінгі мекемемен қамтылады.

7. Алдағы 3 жылда қазақстандық мектептердің барлығында орын же-

тіспеу проблемасы толық шешіледі.

8. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер жәрдемақысы 25

пайызға артпақ.

9.  2015  жылдың  1  шілдесінен  бастап  азаматтық  қызметкерлер

еңбекақысын өтеудің жаңа моделі пайда болады. Соның арқасында

денсалық сақтау мамандарының жалақысы - 28%, білім беру - 29%,

әлеуметтік қорғау - 40% өседі.

10. 2015 жылдың 1 шілдесінде мүгедектікке және асыраушысынан

айрылғандарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар көлемі 25% ар-

тады.


Д.ТҮКІБАЕВ,

аудандық қазынашылық басқармасының 

бас маман - бас қазынашысы 

Төтенше жағдайдың алдын алу – басты

мәселе 

Ауған асуында от кешкендер 



Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған Ауған

соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші №7 жалпы орта білім беретін коммуналдық

мемлекеттік мекемесінде өтті. Жиынға

Ауған соғысы ардагері Исмаил Латипов

қатысып,  8  “а”  сынып  оқушыларының

қатысуымен   “Ауған соғысында от кеш-

кендер”  тақырыбында  ашық  сабақ

болды.  

И.Латипов  оқушыларға  Ауған  соғысы

жайлы  толық  мәлімет  беріп,  онда    опат

болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге

шақырып, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу,

оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағы-

тында ашық әңгімелер айтты. 

- Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқса-

нында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдары-

нан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес

оған  сырт  мемлекеттердің  қатысуымен  ұзаққа  созылды.  Статистикаға  сүйенсек:  10  жылға

созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 -

ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты, 21

адам  хабарсыз  кетті.  1000  жауынгерден  астам  өз  жеріне  оралып,  алған  түрлі  дене

жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген

Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу ту-

ралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов

“Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде

10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  ауған  соғысы  туралы:  «Ауған  соғысында  қыруар  қаржы

шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді.

Халық  үшін  бұдан  асқан  қасірет  бар  ма?»  -  деген  ойлы  сөзі  бар.  Қазіргі  кезде  мемлекет

басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде бейбіт аспан, мамыражай тыныш өмір кешу-

деміз, - деді Ауған соғысы ардагер И.Латипов. 

Мектеп оқушылары: Жолдас Асылай, Тұрсынхан Серік, Құрасбек Аружан, Құдияр Үміт батыр

жауынгерлер  құрметіне  жүрек  жарды  лебіздерін  өлең  арқылы  білдірсе,  сыныптың  басқа

оқушылары Соғыс жайында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап

алды.  Жас  жеткіншектер  ардагер  ағаларына  естелікке  сыйлықтар  табыс  етіп,  басқосуды

директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  А.Нұрқамытова  қорытындылады.  Ақмарал

Балтабайқызы өз сөзінде оқушылармен кездесіп, оларға тәрбиелі, мағыналы әңгіме айтып бер-

ген И.Латиповқа алғыс айтты. Оқушылар “Атамекен” әнін орындап, әрқайсысының бойында

отанға деген сүйіспеншілік лаулап тұрғанын дәлелдеді. 



М.ЕСТЕМІСОВА,

№7 жалпы орта мектебінің аға тәлімгері 

Ленгер

жаршысы


8

22  ақпан 2014 жыл

Ленгер

Редактор

Ботагөз ПЕРНЕҚҰЛОВА

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлігінде 

2007 жылдың 6 тамызында тіркеліп, №8576-Г  куәлігі берілген.       

      Авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті пікірі болып табылмайды. Әдеби

қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды.

Жарнама үшін жарнама беруші жауапты.

Газет редакцияның компьютер

орталығында теріліп, „АР-принт“ баспаха-

насында  басылды. Мекен-жайы: Шымкент

қаласы, Тәшенов көшесі, 24 үй. 

Редакцияның мекен жайы:  

161100, Ленгер қаласы, Қазыбек

би көшесі, 53/2. Тел: 6-22-24.

  

Тапсырыс: №447

Таралымы: 2000 дана.

апталық тәуелсіз газет

Меншiк иесi: “Төлеби -пресс” ЖШС 

Директор

Гулж архын ОМАРХАНОВА

жаршысы


Обьявление

ИП  «Жана  –  Талап  777»  предлагает  грибы  Вешенки  по  оптовым  ценам.

Объем до 150 кг в неделю. Экологический чистый продукт, безвредность гаран-

тируем.  Контактные телефоны: 8-778 -923 -07-03, 8-705-899-08-19, 

8-702-132-97-82.

Утерянные документы: техпаспорт на дом, гос акт и акт госприемки на имя

Нурмухамбетова Маметали Меировича 1964 года рождения, проживающего по

адресу г.Ленгер, 2 мкрн дом 83, считать недействительными.

Делаю детский массаж, общий, спортивный, классический. Имеется опыт ра-

боты в ЛГП. Обращаться по телефону: 7-00-40 (домашний), 8-778-613-98-92

(сот), г.Ленгер, д 1 кв 21. 

Продажа кафе 

Продается прибыльное  кафе, здание состоит из 2 этажей, евроремонт, стоян

ка для автомашин, центр. Кафе расположено  по адресу г.Ленгер, І мкрн.  Цена

договорная. Телефон для справок: 8-778-186-31-31. Серик. 

ТОО “Демеу -К” проводит отчет с потребителями за 2013 год. Собрание сос

тоится 20.03.2014 года в 10.00 часов местного времени по адресу: г.Ленгер,

улица Амангельды 87 “а”. Телефон для справок 6-16-52. 

Салон красоты

«У Гули»


К  вниманию  всех  жителей  города  и

района!

Вас  вновь  приглашает  в  салон  кра-

соты “У Гули”  сертифицированный ма-

стер Динара Артыхожаева! 

Выполняются  все виды парикмахерских

работ,    вас  будет  обслуживать  коллектив

профессианалов  парикмахерского  искус-

ства, кото рые вла деют разными техниками

стрижек  и  креатиного  окрашивания,    вы-

прямления  волос,  великолепными  уклад

ками и прическами.



Адрес:  остановка  “Мерей”. 

Контактные телефоны: 6-26-30. 

8-777-826-04-38.

К вниманию налогоплательщиков!

По отдельным вопросам налогового законодательства - расчет налога на имущество

физических лиц, расчет налога на транспортные средства, заполнение расчетов па-

тента, упрощенной декларации, декларации для государственных служащих, запол-

нение  и  отправка  налоговой  отчетности  в  Кабинете  налогоплательщика  можно

обратиться  в  Единый  Контакт-центр  на  бесплатные  номера  1414,  8-800-080-7777,

кроме того на номера налогового управления по Толебийскому району 8 (72547)6-12-

62, 6-23-63   и Налогового департамента по  Южно-Казахстанской области  8 (725-2)

23-22-33.



Су  тасқыны,  негізінен  жиі  немесе  ұзақ  жауған

жаңбырдан,  қар  мен  мұздардың  тез  еруінен;  теңіз

суының  тез  еріп,  жағалаулар  мен  өзен  салаларына

қалыптағыдан  тым  көп  мөлшерде  ағуынан;  су

қоймалары  мен  бөгендерді  судың  бұзып  кету

жағдайларынан,  табиғи  және  жеке  адамдардың

кінәсінен де туындап жатады.

Мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы

кезінде ғана су тасқыны бір мезетте өтуі мүмкін. Ал басқа

жағдайларда су басу қаупінің алдын алуға немесе дер ке-

зінде қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік бар.

Тұрғылықты  жерлердегі  су  тасқыны  қауіпсіздігін

қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына

байланысты  болады.  Жергілікті  жер  жағдайын,  күн

райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда

су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл

тауып болжау қиын емес. Сонымен қатар гидрологиялық

болжамдарға даүнемі назар аударып отыру қажет.

Егер  сіз  өзіңізді  жекелеген  қаупсіздік  шараларымен

қамтамасыз еткіңіз келсе:

Су  толқынының  бірінші  соққысында-ақ  құлап

қалмайтын, мықты баспаналар мен жайлар тұрғызуыңыз;

Барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйретуіңіз;

Жеке  қайығыңыздың  болуы  (дұрысы  екеу:  біреуі-

кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі);

Жақын маңдағы ең биік нүктемен таныс болуыңыз;

Жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жол-

дары мен тәсілдерін білуіңіз керек.

Егер сіз су басу аймағында қалған болсаңыз:

Үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып

тұрған пешті сөндіру;

Үйдегі  қымбат  әрі  бағалы  заттар  мен  бұйымдарды

жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару;

Терезелер  сынбау  үшін  және  үйге  қалқып  жүрген

қоқыстар кірмеу үшін бірінші қабаттағы терезелер мен

есіктерді тақтаймен немесе фанермен мықтап шегелеп

жабу;

Үй жануарлары тұрған қоралардың есігіндегі ілгектерді



ашып қою керек.

Су тасқыны аяқ астынан болған жағдайда, ең алдымен

жылы әрі су өткізбейтін киім, көрпе, тамақ алыңыз және

тұрғылықты жердің тарихында ешқашан су алмаған биік

жерге шығыңыз. Егер ондай жер жоқ болса, онда қайықты

және  басқа  да  жүзіп  шығуға  болатын  нәрселерді

дайындаңыз.

Су  тасқыны  басылған  соң  үзілген  немесе  салбырап

тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ құбырларынан

сақтану керек. Үйге кірмес бұрын оның су екпінінен кейін

қандай жағдайда екенін білу қажет, құлауға шақ тұрған

үйге  кіру-қауіпті.  Тасқын  судан  тауып  алынған

тамақтарды  және  сол  судың  өзін  де  пайдалануға  бол-

майды.


Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы

жерлерде  болатын  су  тасқыны.  Олар  еріген  қар  мен

мұздың, жауын-шашынның салдарынан тау өзендерінің

тасуы 


негізінде 

болады. 


Қазақстанның 

таулы


аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгіл-

дерінде (мамыр-қыркүйек) болады.

Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады.

(жекелеген  жағдайларда  40-50  метрге  дейін  жетеді),

жылдамдығы тау өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5

м/с  артық).  Сел  тасқынынан  аман  қалу  мүмкін  емес,

сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән

беріледі.

Сел қаупінің белгілері:

Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;

Ауа  температурасының  тез  әрі  ұзақ  уақыт  жылы

болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел

қаупі бар өзендердің тасуы;

Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бе-

тінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда

болуы.


Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Жақын қалған және міндетті түрде болатын сел басу

қаупінің белгілері:

Теңіз-мұздақты кешендерде су жиналуын дәлелдейтін,

сел қаупі бар арналарда судың тоқтап қалуы немесе бір-

ден азаюы;

Сел қаупі бар арналардың жоғарғы жағында селге тән

дауыс- гуілдің пайда болуы;

Селмен  бірге  төмен  құлдилаған  тастардың  әсерінен

жердің дірілдеуі;

Селдің алғашқы толқынынан пайда болған лас шаңнан

тұратын бұлт пайда болуы;

Сел алдында жауатын таза емес, лай жауын.

Сел қаупі бар ауданда өзіңді қалай ұстау керек:

бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай ту-

ралы хабарламаларын үнемі тыңдап отыру;

сел қаупі бар аймақтың жоғарғы бассейнінде үздіксіз

нөсер жаңбыр жауса, қауіпті аймақтан кету;

жылжып келе жатқан сел ағынына 50-70 м-ден жақын

бармау;


жартастар мен тік жарлардың жанына жақын тұрмау,

сел жүру кезіндегі жердің дірілінен тас немесе жартас

құлауы мүмкін;

сел қаупі бар арналарда жүргенде адамдардың арасы

20-30 м. аралықтың болуы;

сел қаупі бар арналарға жақын жерлерге, өзен дамбы-

ларына немесе олардың астына дем алуға, шатырлық ла-

герлер орнатуға болмайды;

сел басу белгілерін байқаған жағдайда тез арада қауіпті

жерден аулаққа, биік тау қатпарларына кету;

сел жүріп кеткен соң оның арнасына түспеу, артынан

тағы бір сел толқыны болуы мүмкін;

сел жүріп өткен арнаға түскенде және онымен жүріп

келе  жатқанда  аса  сақ  болу,  әсіресе  сел  жырып  кеткен

жерлер өте қауіпті;

теңіз-мұздақты кешендерге сел қаупі жоқ кезде ғана,

дұрысы  жылдың  ең  суық  кезінде  барып,  оның  үстінде

жүрген дұрыс;

көлдегі  дамбылармен,  мұз  кесектерімен  немесе  қар

көшкінінің бетімен, келесі бетке өтуге талпынбау.



Е.ДОСКЕЛДИЕВ,

3 сынып сүңгуір 

Сел және су тасқынынан сақтанайық! 

Балаларға қамқорлық танытты 

Қайырымдылық  –  қай  заманда  болмасын

ерекше бағаланатын  асыл қасиеттердің бірі.

ҚР Ұлттық 

қауіпсіздік 

комитеті 

шекара

қызметінің 2041 әскери бөлімі қызметкерлері



қаладағы  №4  жалпы  орта  мектебінде  білім

алаты  аз  қамтылған  және  көп  балалы

отбасындағы,  сондай-ақ    ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларға  қамқорлық

көрсетіп, мектепке қажетті бұйымдарын алып

берді. 


Ауда көлемінде  жыл сайын балаларды

мектепке  дайындауда  қайырымдылық

қолдау,  оларға  қамқорлық  көрсеткісі

келетіндердің саны көбейіп жатқанын айта

кеткен жөн. Меценаттар  мектепке  қажетті

кеңсе  құралдары,  оқулықтар,  аяқ-киім,

мектеп формасына дейін алуына көмек береді.

“Ленгер жаршысы” 


Ленгер

жаршысы


2

22  ақпан  2014 жыл



Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі

Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығымен 2013

жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мем-

лекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу

ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер мен

толықтырулар  енгізілді.  Бұл  өзгерістер  мен  толықтырулар  2014

жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен

үміткерлердің  білімі  мен  жұмыс  тәжірибесіне  байланысты  тестілеудің  үш

бағдарламасы түзілген.  Бірінші бағдарлама бойынша басшы лауазымдар  (А-1,

А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-

2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2) санаттары кіреді.   

Ол  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  білуге  арналған  9  заңнамадан

және   мемлекеттік тілді білу тесті (20 тапсырма)  мен логикалық тесттен (10 тап-

сырма) тұрады. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15сұрақ), «Қазақстан Республикасы

ның Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»

(15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік

қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  (15

сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер ту-

ралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi ту-

ралы»  (15  сұрақ),  «Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  (15  сұрақ)

Қазақстан  Республикасының  заңдарын  бiлуге  арналған  тест  сұрақтары  кiредi.

Әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем де-

генде 10 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4,

D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арнал

ған және келесіні қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық

тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған

тестке  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  (15  сұрақ),  «Қазақстан

Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының

конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жем

қорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),

«Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтiнiштерiн  қарау  тәртiбi  туралы»  (15  сұрақ),

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республика-

сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ)

Қазақстан  Республикасының  заңдарын  бiлуге  арналған  тест  сұрақтары  кiредi.

Әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем де-

генде 8 дұрыс жауап болуы қажет.

Үшінші  бағдарлама  C-R-5,  E-4,  E-5,  E-R-4,  E-R-5,  E-G-3,  E-G-4  санаттарына

арналған  және  келесіні  қамтиды:  мемлекеттік  тілді  білуге  тест  (20  тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге

арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мем-

лекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

(15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн

қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»

(15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары

кiредi. Әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан

кем дегенде 8 дұрыс жауап болуы қажет.

«Б» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 125 минөт (150 сұрақ), 110

минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 100 минөт (90 сұрақ).

Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «электрондық үкімет» веб-

порталы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа

қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің халыққа қызмет

көрсету  орталықтарына,  сондай-ақ  уәкілетті  органға  немесе  оның  аумақтық

бөлімшесіне жүгіну жолымен белгіленген нысандағы өтінішті тапсырады.

«Б» корпусына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық

үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті халыққа қыз

мет көрсету орталықтарында, сондай-ақ уәкілетті органда немесе оның аумақтық

бөлімшесінде ала алады.Үміткерлер жалпы 4 құжат тапсырады. Ол тестілеуге жі-

беру туралы белгіленген нысандағы өтініш, бiлiмi туралы құжаттардың көшір ме-

лері  (салыстыру  үшін  түпнұсқаларын  ұсынбаған  жағдайда  нотариатта  куәлан

дырылған);  еңбек  қызметін  растайтын  құжаттың  көшірмесі  (салыстыру  үшін

түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);  ЖСН бар жеке

басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал