Құралай рахымбай жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/6
Дата22.01.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Құралай РАХЫМБАЙ

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

№ 42 (164)

20 қазан, 2016 жыл

2-бетте

  

«САМҒАУ» 

ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ

14  пен  29  жас  аралығындағы  қа­

ланың  барлық  жастарына  арналған 

«Сам ғау»  жастар  сыйлығын  тағайындау 

2012 жылдан бері жүзеге асып келеді. Сый­

лықтың  басты  қағидасы  –  мемлекеттік 

жастар  саясатын  жүзеге  асыру,  жетілдіру 

және  дамыту.  Сонымен  қатар,  жастардың 

өз саласында және қоғамның жалпы дамуына 

қосқан  үлесі  мен  инновациялық  идеялары 

қошталады.  Үміткерлер  арасынан  үздік 

деп танылған  он жасқа  100 мың теңге 

көлемінде    сыйақы  тағайындалады. 

Осы кезеңге дейін 40 жас «Самғау» 

сыйлығының иегері атанған.

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ              ЖЫЛ

АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫНЫҢ              ТАБЫСЫ

25

іни 



мазмұндағы 

дү   ние лерді,  киім­

дерді, бас киімдер­

ді  киюге  рұқсат  жоқ 

жә  не  болған  да  емес, 

– деп мектептерде хид­

жаб киюге тыйым салы­

натынын 


мәлімдеді 

Бі лім 


және 

ғылым 


вице­ми нистрі  Эльми­

ра Сухан бердиева бри­

финг ке зінде. 

NO COMMENT



Д

Құралай СЛӘМҚЫЗЫ

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР – 440 

Азан  шақырып  қойған  аты  – 

Нұр мағанбет.  Көтерілісшілердің 

не гізгі  күші    мергендер  жаса ғын 

басқарған.  Оның  өлімнен  қорық­

пайтын  өжеттігі,  көздегенін  құр 

жібермейтін  мергендігі  бертінге 

дейін жыр болып жеткен. Тіпті ел 

аузында «Амангелдінің көзі мер­

ген,  Кейкінің  қолы  мерген»  де­

ген сөз қалған. Кейіннен орыстың 

әскерлері  қазақ  мергенін  алдап, 

қолға  түсіріп,  оны  айуандықпен 

өлтіреді.  Кейкінің  екі  қолы  мен 

басын  кесіп  алып,  басын  бір  ай 

бойы Торғай қаласының орталық 

алаңына  сырыққа  шаншып  қоя­

ды.  Соңыра  мергеннің  сүйегі 

Орын борға  жөнелтіліп,  кейіннен 

Пе тер бордағы  антропологиялық 

қор дың  кунсткамерасында  сақ­

тау лы келген. 

Жылдар  бойы  көрші  елдің 

мұ ражайында  сақталып  келген 

батыр  бабамыздың  басы  бірер 

апта  бұрын  елге  қайтарылды. 

Нақ ты айтқанда, 6 қазан күні Кей­

кі  батырдың  бассүйегі  Ас та на ға 

жеткізілді.  Алайда   ан тро по ло­

гиялық сараптама  үшін батырдың 

бассүйегі  Вен грия ға  женелтілген 

еді.  Буда пеш тегі  Жаратылыста­

ну  ғылым да ры  мұражайындағы 

маман дар    бассүйек  арқылы  ба­

тыр дың  бет­бейнесін  қалпына 

кел тіру жұмыстарын биылғы жел­

тоқсан айына дейін жасап  бітірмек. 

Нақты  айтқанда,  «Үш  өлшемді 

мо дельді  суретке  түсі ріп,  ДНҚ 

сараптамаларының  үл гі ле рін   ал­

ған соң, Кейкі батыр дың бас сүйегі 

Қазақстанға қайтары лады. Сосын 

ресми  түрде  өтетін  салтанатты 

кеште  батырдың  бассүйегі  оның 

туған  жері  Торғай  ауданындағы 

жер қойнына тапсырылады.  Сон­

дай­ақ,  онда  батырға  арналған 

тарихи  ескерткіш  орнатылады», 

– деп жеткізген мұражайдағы ма­

мандар. 

Кейкі  батыр  бассүйегінің  ел­

ге  қайтарылуын  –  Қостанай  өңі­

рін дегі  ұрпақтары ғана емес, қа­

зақтың  игі­жақсысының  барлы ғы 

жылы  қабылдап,  қуаныш...біл­

дірген. Тіпті бассүйекті қарсы алу 

үшін талай адам әуежайда сағат­

тап күтіп тұрған. 

Міне, тоң жібіді. Сең қозғалған 

сияқты.  Ендігі  міндет  –  қазақтың 

соңғы  ханы  Кенесарының  басын 

елге қайтару.

Елімізде  дінге  ешқандай  қы­

сым  жоқ  дегенмен,  соңғы  уақытта 

Ақтөбе,  Алматыдағы  терактілер 

діни  ағымдардың  мемлекет  тұ­

тас тығына  қауіпті  екенін  таны­

та  бастаған.  Содан  да  болар,  же­

дел жаңа министрлік құрылып, сол 

министрліктің 

ұйымдастырумен 

жер­жерде  ақпараттық  түсіндіру 

тобы  жұмысқа  кіріскен.  Бірер  күн 

бұрын  «Нұр  Отан»  партиясының 

ғимаратында  республикалық  ақ па­

раттық түсіндіру тобының мү шелері 

Қызылорда өңіріне ат басын тіреп, 

студенттермен,  үкі мет тік  емес 

ұйымдармен және БАҚ өкілдерімен 

кездесу өткізді. 

Астанадан  арнайы  келген  

рес   пуб ликалық  ақпараттық  тү­

сін діру  тобының  мүшелері:  Дін 

іс  те рі  комитетінің  исламдық  ді­

ни   бірлестіктермен  байланыс тар 

баскармасының  бас  сарап  шы сы 

Нұрғали  Қабылов,  дін  мә   се   лелері 

жөніндегі  ғы лы ми  зерт теу  және 

талдау орталығы ның бөлім басшы­

сы Тұрар Әбу ов, елордадағы «Нұр 

Астана»  ме шітінің  наиб  имамы 

Әділ хан  Серікбай.  Топ  мүшелері 

жастар дың  жат  ағымның  жетегіне 

еріп кетуінің себебін, елімізде заң­

мен  реттелген  діни  қызметтің  рө ­

лін  жіті  түсіндірді.  Республика 

аймағында  қауіпті  танылған  ді ни 

ағымдар  мен  радикалды   топ тар 

жайлы  да  сөз  болды.    2011  жылы 

қабылданған  «Діни  қыз мет  және 

діни  бірлестіктер  тура лы»  заңға 

тоқталып,  оны  ег жей­тегжейлі  тү­

сіндірген  Дін  іс тері  комитетінің 

исламдық  діни  бір лес тіктермен 

бай ланыстар  бас кармасының  бас 

сарапшысы Нұр ғали Қабылов «Заң 

бойынша  діни  қызметті  тек  діни 

бірлестіктің  өкілдері  ат қа ра  ала­

ды. Кез келген адам кө ше ге шығып, 

дінді  наси хаттап,    уа ғыз  айта 

алмайды.   Сондай­ақ,  ді ни  шара­

ларды үй жайларда өткізуге тыйым 

салынған. Құл  шы лық орындарында 

ғана  өт кі зуге  рұқсат  берілген»  деп 

заң да ғы  баптарға  баса  тоқталды. 

Бү гінде  қалтасы  қалың  азамат­

тар  әр  жерде  мешіт  салдыруды  

«мо даға»  айналдырған.  Енді  ол 

да  заңмен  қадағаланады.  Нақ­

ты  айтқанда,  мешіт  салмас  бұ рын 

нақты  сол  аймаққа  оның  қа жет­

тілігі  туралы  мүфтияттың  ке лісімі, 

құрылыс  орны  туралы  жер гілікті 

әкімшіліктің рұқсаты талап етіледі. 

Діни  әдебиеттер  де,  оны  тара­

ту  да  қатаң  қадағалауға  алын ған. 

Мәселен, түрмедегі діни бағыттағы 

кітаптардың  барлығы  дін  істері 

комитетінің  сараптамасынан  өткен 

соң табысталады.  Сол секілді діни 

басылымдар  заң  аясында  рұқсат 

етілген арнайы орындарда ғана са­

тылуы тиіс.



МЕКТЕПТЕ 

ХИДЖАБ КИЮГЕ 

ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Қазақ  халқының  даңқ­

ты  ұлдарының  бірі,  аса 

көрнекті  қолбасшы,  Ис­

лам  дінінің  үлкен    дағуат­

шы сы,  халық  жанашыры  

Жалаңтөс  баһадүрдің  өш­

пес  өмір­өнегесі    ұрпақ­

тан  ұрпаққа  жалғаса  бе­

ре ді.  Шыңғыс  ханнан 

ке йін гі    әлемді  тітіреткен 

әй гілі  Асқақ  Темірдің  бас 

уәзірі  болған  Ораз  Қара­

маш ұлының  ұрпағы,  тірі­

сінде  әулие  атанған,  тақуа 

Сейітқұлдың  бел  баласы  

Жалаңтөс  баһадүрдің  Са­

мар қанның  Темірден  ке­

йінгі  әйгілі әмірі болғанын 

бүгінде  екінің  бірі  біледі. 

Күллі  әлемге  аты  мәшһүр 

бабамыз  бүкіл  өмірінде  42 

соғысқа  қатысып,  бәрінде 

жеңген екен. 

Ұрыстың небір әдіс­айласын терең меңгеріп, батырлығымен де, 

қолбасшылығымен  де  заманындағыларды  таңғалдырған  Жалаңтөс 

баһадүрге  сол  тұста  жүз  жылда  ілуде  біреуге  берілетін  «Аталық» 

лауазымының берілуі тектен тек болмаса керек. Өмірінде тек соғыс 

өнерімен  ғана  аты  шықпаған,  сонымен  бірге  Самарқан  аймағының 

Әмір­Темір көрегеннен кейінгі  ел қамын жеген парасатты кемеңгер 

билеушісі болды. Сол себепті  халық оны Абдул­Кәрім  Байқажыұлы, 

Алланың  сүйген  құлы    Сейітқұл  қажы    баласы  деп  атаған.  Елдің 

әлеуметтік­экономикалық    жағынан  өркендеп,  дамуына  зор  үлес 

қосқан.  Әлемнің  інжу­маржандары    санатындағы  «Шер­Дор»  мен 

«Тіллә­Қари» медреселерін  салдырып, Регистан алаңын жаңғыртып, 

сәулет өнерінің абызы атанған.

Міне, ұлы бабамыздың  осындай ұланғайыр еңбегін, өнегелі өмір 

жолын өлеңмен өрген Сардарбек жырауға алғысымыз шексіз. Мерей­

той  қарсаңында жаңадан жазып бітірген осы еңбегін маған жолдап, 

оқып  көруімді    өтінген  болатын.  Дастанды    басымды  көтерместен 

бір демде  оқып шықтым. Ұлы Абай «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

теп­тегіс жұмыр келсін айналасы» дейтіндей, өте құнды дүние боп 

шығыпты.


Мен ойланбастан бұл кітапты  шығаруға атсалысатынымды айт­

тым. Бір жағы дастан, екінші жағынан батырлардың батыры атанған, 

кемеңгер  қолбасшы  Жалаңтөс  баһадүр  туралы  белгілі  ғалымдар 

мен шежірешілердің мақалаларынан  топтастырылған осынау құнды 

дүниені  қалың  қазаққа  жеткізу  керек  деп  шештім.  Сөзсіз,  бұл  кітап 

бабамыздың туғанына 440 жыл тойына ең бір лайықты тарту бола­

ды деп ойлаймын.

Нәжімәдин МҰСАБАЕВ 

республикалық «Жалаңтөс баһадүр»

қорының президенті, қоғам қайраткері

КӨРНЕКТІ ҚОЛБАСШЫ –

ЖАЛАҢТӨС

ЖАУҒА ШАПТЫМ ТУ БАЙЛАП



Шепті бұздым айғайлап, Елді-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап... деп келетін Ақтам-

бердінің жырлары бар.  Қай уақытта да батырды заман туғызған. 1916 жылы қазақ жеріндегі жаппай 

ұлт-азаттық көтеріліске Ресей ақ патшасының июнь жарлығы түрткі болды. Дариядай толқыған 

қалың  қазақты  ақ  патшаның  жазалаушы  әскері  қоғадай  жапырып,    бала-шаға,  шал-шауқанды  ат 

тұяғының астына алып, азаматын асып, атып,  Сібірге айдап, қара жұмысқа жекті. Осы кезде қазақ ба-

тырлары да қарап қалмай, туған халқын қанатының астына алып, патша әскеріне қарсы бой көтерді. 

Торғай көтерілісін ұйымдастырушы сондай батырдың бірі Кейкі Көкембайұлы еді. 

МЕШІТ САЛМАС БҰРЫН 

МҮФТИЯТТЫҢ РҰҚСАТЫ КЕРЕК

МАҚСАТЫМЫЗ –– ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ҚОЛДАУ және ҚАНАТТАНДЫРУ



Облыс жастарының ХІІ форумы жайында толығырақ 6-7 беттерден оқисыздар

№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Жалғасы. Басы 1-бетте

Ж.ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ 

ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЛАФИЗМ 

ДІНИ АҒЫМЫНА 

ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ

Министрлік  қазіргі  күнде  тиісті  мемлекеттік  ор­

гандармен  бірлесіп  салафизм  мәселесін  мұқият 

қарастыруда.

Осыған  дейін  Қазақстанда  23  лаңкестік  және 

экстремистік  ұйымдарға,  соның  ішінде  салафиттік 

бағыттағы  «Ат­Тәкфир  Уәл­Хиджра»  экстремистік 

ұйымына  тыйым  салынған  еді.  Осы  ретте  салафизм 

ұйым емес екендігін атап өту қажет. Ол – діни ағым, 

көзқарастар  жүйесі.  Еліміздің  қолданыстағы  заңдары 

қазірдің өзінде заңсыз уағыз жүргізу, жасырын діни жи­

ындар  мен  радикалды  діни  әдебиеттерді  таратудың 

жолын  кесуге  барлық  мүмкіндікті  береді.  Оларды 

орындауды қамтамасыз ету керек. 

Салафизм тақырыбына келетін болсақ, мемлекет­

тік  құрылысы  шариғатқа  негізделген  жекелеген  ел­

дерде  салафизмге  жақын  діни  ағымдар  дәстүр 

ретінде  орнығуы  мүмкін.  Ал  Қазақстанда,  отандық 

дінтанушылардың пікірінше, салафизм Қазақстан үшін 

айтарлықтай қауіп тудыратын әлеуетке ие. Салафизм 

ұстанушылары өз идеялары мен құндылықтарын біздің 

ұлттық  мәдениетімізден,  рухани  дәстүрлеріміз  бен 

құндылықтарымыздан  жоғары  қояды.  Салафилердің 

барлығы  ашық  айтпаса  да  қатаң  діни  қағидаларға 

құрылған  мемлекетті  қоғамдық  құрылыстың  «иде­

алды  жүйесі»  деп  есептейді.  Біз  қазіргі  күнде  ис­

лам  әлемінде,  соның  ішінде  бірқатар  араб  елдерінің 

өзінде,  салафизм  идеялары  беделді  діни  тұлғалар 

мен    заманауи  ислам  ойшылдары  тарапынан  сынға 

ұшырап отырғанын көріп отырмыз. Осыған байланыс­

ты салафизмді Қазақстан Республикасы үшін мүлдем 

жат әрі теріс діни ағым деп санаймыз. Елімізге сырт­

тан келген бұл діни ағым күн өткен сайын халық та­

рапынан тойтарысқа ұшырауда. Жалпы, қазақстандық 

қоғам радикализмге жетелейтін бұл жат ағымға теріс 

көзқараста.  Осы  себепті  бүгінгі  күнде  еліміздегі  са­

лафизм  жақтастарының  саны  азайып  жатқаны 

байқалады  және  олардың  Қазақстанда  ұйымдасқан 

құрылымдары  жоқ.  Сондықтан  алдағы  уақытта  сала­

физм идеологиясын насихаттайтын ұйымдардың пай­

да болуына, әдебиеттерінің таралуына және интернет­

сайттарының  жұмыстарына  жол  бермейтін  боламыз. 

Қажет  болған  жағдайда,  Қазақстан  мұсылмандары 

діни  басқармасына  діндар  азаматтар  тарапынан  ел 

мешіттерінде  бекітілген  тәртіп  ережелерін  сақтауға 

көмектесеміз. 

Біз қазақстандық дана халқымыз елімізге жат са­

лафизм  ағымының  таралуына  заңмен  тыйым  сал­

май­ақ  жол  бермейді  және  зайырлы  қағидаттарды 

басшылыққа  алатын  заманауи  Қазақстанды  құруды 

таңдайды  деп  сенеміз.  Бұл  таңдауды  Қазақстанның 

әрбір  азаматы  қолдауы  тиіс.  Жұмыла  көтерген  жүк 

жеңіл болады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚ РЕЙТИНГІ 

ҚАЛАЙ КӨТЕРІЛЕДІ?

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары таяу ке­

лешекте  көрермен  мен  оқырман  көңілінен  шығатын 

болады.  Бұл  туралы  Ақпарат  және  коммуникациялар 

министрлігінің  алқа  отырысында  ведомство  басшысы 

Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі  уақытта  «Kazakh  TV»  мен  «Білім  және 

мәдениет»  телеарналарын  «Kazakh  TV»  логотипі 

аясында  біріктіру  жүзеге  асырылуда.  «Хабар  24» 

телеарнасының  таралым  себеті  барынша  өзгерді, 

жаңалықтар  контенті  қысқартылды  және  ақпараттық­

сараптамалық  әрі  көркем  бағдарламалар  өндірісі  арт­

ты. Дәл осындай жұмыстар барлық мемлекеттік телеар­

наларда, сонымен бірге газеттерде де жүргізіледі».

Бүгінде ақпараттық жұмыс стратегиясы әзірленген. 

Онда  контент  қалыптастырудың  екі  басты  параметрі 

бар.  «Біріншісі,  қоғамның  рухани  тірегін  нығайтуға, 

отбасы  құндылықтарын,  білім,  отансүйгіштік  және 

«Мәңгілік  ел»  патриоттық  актісінде  белгіленген 

басқа  да  құндылықтарды  ілгерілетуге  бағытталған  – 

құндылықтар  картасы.  Екіншісі,  азаматтарға  салалық 

бағдарламалар  туралы  ақпарат  беруге  бағытталған 

–  мемлекеттік  PR  стратегия.  Ең  алдымен,  «100  нақты 

қадам»  Ұлт  жоспарына  қатысты  2017  жылдан  бастап 

бірыңғай республикалық және 16 өңірлік медиа жоспарға 

көшеміз.  Мысалы,  қазіргі  уақытта  біздің  ақпараттық 

пуль 58 медиа жоспар бойынша жұмыс істейді. Олар­

ды жүзеге асыру алгоритімі орталық мемлекеттік орган­

дар мен ұлттық компаниялардың ақпараттық жұмыстар 

ережесінде бекітіледі», ­ деді Д.Абаев.



Қызылордада Ақтөбе облысы­

ның  12  аудан  әкімі  бастаған  де­

легациясы  қонақта  болды.  Жал­

пы,  Қызылорда  мен  Ақтөбе 

ара сындағы  аймақаралық  байла­

ныс  биылғы  наурыз  айынан  бас­

тап жақсы қарқын алды. Шара ел 

тәуелсіздігінің  25  жылдығы  ая­

сын да ұйымдастырылды. 

Ақтөбеліктердің  бұл  жолғы  са­

пары  Арал  ауданынан  басталды.  

Қа ла  қақпасынан  Арал  ауданының 

әкімі Абзал Мұхимов күтіп алып, Сыр 

мақамымен  Ерсейіт  Әлиев  өз  ар­

науын  ұсынды.  Мұнан  соң  мейман­

дар  аудан  орталығындағы  Рәміздер 

алаңында,  Ә.Нұрпейісов  атындағы 

әдебиет үйінде болды, Мәңгілік алау 

және  Төлеген  Медетбаев  пен  Зей­

нолла  Шүкіровтің  ескерткіштерін 

та  ма  шалады.  Одан  әрі  делегация 

мүшелері  Қамбаш  көлінің  жағасын­

да  орналасқан  «Қамбаш  балалар­

ды  сауықтыру  және  қосымша  бі лім 

беру  орталығында»  болды.    Мұн­

да  балалардың  бос  уақытын  тиім ді 

өткізуге көңіл бөлінген. Бас сейн, жа­

тын  бөлмесі,  емдеу  профилак ти­

калық  корпусы  бар,  аталған  орта­

лықта  мектеп  бітіруші  түлектерге 

де  назар  аударылған.  Олар  төрт 

негізгі  пән  және  бесінші  таңдау  пәні 

бойынша  тереңдетіп  білім  алады. 

Облыстық  білім  басқармасының 

бас шысы  Бақытжан  Сайлыбаев   де­

легаттарды  аймақтағы  білім  сала­

сында  атқарылып  жатқан  жұмыс­

тар мен  таныстырды.  Меймандар  

аталған  орталық  жұмысына  жоғары 

баға  беріп,  тәжірибе  алмасатынын 

жеткізді.  «Ақтөбе  мен  Қызылорда 

–  ежелден  төскейде  малы,  төсекте 

басы  қосылған  көрші  облыстар.  Екі 

өңір бұрыннан тығыз араласа ды. Об­

лыс  басшысы  Бердібек  Сапар баев­

тың бастамасымен осындай орталық 

ашу  жоспарда  бар.  Қамбаш  көлінің 

жағасында  орналасқан  орталықтың 

ерек шелігі,  балаларды  ҰБТ­ға  да­

йын дау жұмысы қызықтырып отыр», 

­  деді  Ақтөбе  облысы  білім  бас қар­

масының  басшысы  Райхан  Нұр­

қожаева. Делегат мүшелерін Қа за лы 

ауданында  әкім  Нәжмадин  Шамұ­

ратов  қарсы  алып,  бірқатар  нысан­

дарды  аралатты.    Қазалы  көлік­тех­

никалық колледжінде жұмысшы және 

орта  буын  мамандықтарды  даярлау 

тәжірибесімен танысып, Ақтөбе көлік, 

коммуникация  және  жаңа  техноло­

гиялар  колледжі  арасында  кәсіптік 

білім  беру  және  мамандар  даяр­

лау саласындағы серіктестік туралы 

меморандумға  қол  қойылды.  Мұнан 

әрі  ғарыш  айлағындағы    «Байқоңыр 

кос модром мұражайында» болды. 

Аймақаралық  жүздесудің  екінші 

күнінде  Қармақшы  ауданының  әкімі 

Сұлтан Мақашов бастаған делегация 

мүшелері  Қорқыт  бабаның  рухына 

құран бағыштады. Сырдария ауданы­

на қарасты Нағи Ілиясов ауылындағы 

мәдениет үйі, мешіт пен спорттық ке­

шен  қонақтардың  қызығушылығын 

тудырды.  «Нағи  Ілиясов  ауылынан  

үлгі  аларлық  дүние  көп.  Алдағы  уа­

қытта  Қызылорда  облысымен  ке ліс­

сөз  жүретін  болады»,  ­  деді  Қоб да 

ауданының  әкімі    Мейрамбек  Шер­

мағамбетов.

Елбасының  өңіраралық  коопе­

ра цияны  дамыту  туралы  бастама­

сын  алғашқылардың  бірі  болып 

қол  ға  алған  қос  облыстың  әкімі  осы 

уа  қыт қа  дейін  біраз  тындырымды 

тірлікке  ұйытқы  болды.  Қызылорда 

жыл  соңына  дейін  Ақтөбе  облы­

сын  11  мың  тонна  азық­түлікпен, 

ауылшаруашылығы 

өнімдерімен 

қам  тиды  деген  ақпаратқа  сүйенсек, 

бұл  әріптестік  байланыс  өңірлерді 

қарыш тап 

дамытудың 

қадамы 

болмақ.


ӨҢІРАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ

Қазақстан  мұсылмандары  діни 

бас қармасының  2020  жылға  дейінгі 

даму бағдарламасы қабылданып, он­

да  төрт  бағыт  қамтылған.  Біріншісі, 

са палы  уағыз.  Яғни  жаңа  тәртіп  бо­

йынша жұма намазының уағызы ал­

дын­ала бекітіледі. Екіншісі, діни са­

уатты  арттыру.  Бұл  бағыт  бойынша 

дінге бет бұрған жастардың еліміздегі 

Нұр­Мүбәрак  университетінде  ғана 

білім алуы қадағаланады. Ал шетел­

ге   тек  мүфтияттың  жолдамасы­

мен ғана бара алады.  Оның өзінде 

магистратура  және  доктарантура  

бо йын ша  білімін  жетілдіру  үшін 

шетел ге  жіберуге  рұқсат  етілген.  Ді­

ни  білімін  жетілдіру  үшін  шетелде  

оқып  жатқан  300  баланың  тек  100­

іне ғана діни басқарма жолдама бер­

ген  екен.  Өткен  жылы  күмәнді  діни 

орталықтарда  бі лім  алып  жатқан  87 

студент, биылғы жарты жылдықта 47 

студент  елге  қайтарылған.  Үшіншісі, 

радикалды  ағымдарға  қарсы  әрекет 

ету.  Бұл  бағытта  6  топ,  37  теолог 

маман   жұ мыс  жасаса,  ал  соның  2 

тобы орыс тілді аудиториямен жұмыс 

жүр гі зеді.  Төртінші  бағыт  —  атаулы 

қа йырымдылық  қызмет.  Бұл  ретте   

Қазақстан  мұсылмандары  діни  бас­

қар ма сының атқарып жатқан шаруа­

сы жетерлік. «Мектепке жол» акция­

сы  аясында  көптеген  оқушыны  мек­

тепке  даярлау,  апатты  аймақтарға 

көмек  көрсету,  «Қарттарға  құрмет» 

акциясы аясынан қалыс қалмау сын­

ды іс­шараларын айтуға болады.  

Соңғы уақытта министрліктің пәр­

ме німен  көптеген  күмәнді  діни  сайт­

тарға  тосқауыл  қойылып,  Қазақстан 

аумағында таратылатын 500­ге жуық 

әдебиетке тыйым салынған.

Қалалық жер қатынастары бөлімінде жыл ба­

сынан бері 2 412 тұлғаға қызмет көрсетілді. Оның 

ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы  

2096 адамға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 

316 тұлғаға қызмет көрсетілген. Бұл туралы ОКО­

да  өткен  брифингте  Қызылорда  қалалық  жер 

қатынастары  бөлімінің  басшысы  Б.Сарменбаев 

баяндады.

«Былтырғы  жағдаймен  салыстырғанда,  мем­

лекеттен  көрсетілетін  қызметтер  47  пайызға  ар­

тып  отыр.  Ал  халыққа  қызмет  көрсету  орталығы 

арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі 86 пайызды 

құрайды», — деді ол. Сонымен қатар, брифинг бары­

сында Қазалы аудандық жер қатынастар бөлімі мен 

Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің басшыла­

ры биыл атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

МӨЛДІР САБЫРЖАН

МЕШІТ САЛМАС БҰРЫН 

МҮФТИЯТТЫҢ РҰҚСАТЫ КЕРЕК

ПРЕСС ТУР

БРИФИНГ

ТОҒЫЗ АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ


№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

–  Мамандығыңыз  педагог,  

тарих  пәнінің  мұғалімі.  Алай­

да қазір басқа саланың қызмет­

керісіз.  Бұдан  нені  аңғаруға  бо­

лады? Біліктілік пе, әлде?..

– Адам бұйырған несібесін жи­

наушы ғана. Әу баста мұғалім бо­

лу ды  армандадым.  Арман  қуып 

Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ­ға  

оқуға  түстім.  Жұрт  қатарлы  көк 

қа ғаз  алып,  мұғалім  де  болдым.  

Алай да  маған  нан  басқа  сала­

дан  бұйырыпты.  Бүгінде  «Мүге­

дек терге  арналған  оңалту  орта­

лығының»  әлеуметтік  жұмыс 

жө  ніндегі  маманымын.  Бұл  жерге  

туыс­тамыр  жағалап  келгенім 

жоқ.  Орталықтың  басшысы  білікті 

ма ман дарды  қадірлейтін  кісі. 

2013  жылы  дипломымды  алып, 

жаңадан ашылған орталыққа атба­

сын тіредім. Қолымда – түйіндеме. 

Мекеме  басшысы  Мейрамбек 

Әбдікәрімов  жылы  қабылдады. 

Алайда тиісті жұмыстың жоқтығын, 

тек  хатшының  орны  бос  екенін 

айтты.  Мұрын  шүйіріп,  қарап 

жатуға  болмайтынын  білемін. 

Әкем  мен  шешем  қандай  жұмыс 

болса  да  қашпауға  үйретті.  Со­

лардан  сіңірген  тәрбием  бой­

ынша 


жұмысқа 

орналастым. 

Әрине  хатшылық  –  қағазбасты 

жұ мыс.  Келген­кеткен  хаттарды  

рет тестіріп,  басшының  тіке лей  

нұсқауымен  жұмыс  істеп  жүр дім.  

Бәлкім басшылық жұ мыс тағы тия­

нақтылығым мен жауап кер шілігіме 

тәнті  болған  шығар,  әл де  жауап­

ты қызметті сеніп тап сыруға лайық 

маман  деңгейіне  көтерілген  болу­

ым керек, әйтеуір бір жылдан соң 

әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман 

қызметіне ойыстым. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал