Радиожурналистің СӨйлеу шеберлігі санақова Г



жүктеу 37.95 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі37.95 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



РАДИОЖУРНАЛИСТІҢ СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІ 

 

Санақова Г. 

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к., доцент Ж.С. Рамазанова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды 

қаласы 


 

Радио – адамзат үшін сымсыз хабар алғызатын таптырмас құралдың бірі. 

Қазіргі таңда кез келген адам үшін радио тыңдау күнделікті іс іспеттес. Радио 

ауа райынан бастап, ел мен жер жаңалықтарынан хабардар болудың ең тиімді 

бұқаралық  ақпарат  құралына  айналды.  Жалпы,  қазіргі  кезеңдегі  ақпараттық 

саясат,  әсіресе  қауіпсіздік  осындай  қоғамдық  хабар  тарату  орталықтарының 

болашағы  зор  екендігін дәлелдеп  отыр.  Өйткені қоғамдық пікірді  бұрмалау, 

санаға  манипуляция  жасау,  үкіметтік  көзқарасты  таңу  сияқты  құбылыстар 

кең  етек  жаюда,  кейде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  белгілі  қаржылық 

топтардың  қолшоқпарына  айналуда.  Қазақстанда  да  қоғамдық  телерадио 

хабар  тарату  мәселесі  –  күн  тәртібінде  тұрған  мәселе  [1; 306].  Оған  себеп  – 

радиоға бөлінер қаржы тапшылығы. Өте жақсы жұмыс істеп, ащы шыңдықты 

ашық  айтатын  кейбір  радиолар  нарықтық  бәсекеге  шыдас  бере  алмай,  өз 

жұмысын тоқтатты  

Соңғы жылдары ешқандай ақпарат құралы дәл радиодай өзгеріске түскен 

жоқ.  Кейінгі  20  жылдай  уақыт  бойы  радио  тек  дамумен  келеді.  Формат, 

пішін, стиль, мазмұн, мән дегендердің өзгергені, радиоарналардың көбейгені 

соншалықты  ақпарат  тасқынына  толас  жоқ.  Радионың  бұлай  дамуына 

көптеген тарихи-әлеуметтік фактор әсер етіп отыр. Олар: 

- халықтың жедел өсуі; 

- урбанизация және білім деңгейінің көтерілуі; 

-  міндетті  қызмет  азайғанына,  жекеменшіктің  дамуына  байланысты 

адамдардың бос уақытының көбеюі; 

-  басқа  елдермен  қатынас  жақсарғанына  байланысты  өзге  халықтардың 

ұлттық этникалық ерекшеліктерге қызығушылығы артуда; 

- ұлттық мәдениетке, тарихқа назар аударылуда; 

- басқа БАҚ-тың көбеюі (теледидар, баспасөз, интернет, кино т.б.). 

Қазіргі  кезде  радио  тыңдайтындардың  саны  күрт  артып  отыр. 

Радиозерттеуші  мамандардың  айтуынша,  Германияда  адамдардың  77%-ы 

радио  тыңдап,  73%-ы  теледидар  көріп,  74%-ы  газет  оқиды  екен.  Бұл  дерек 

«Кеуе»  газетінен  алынды.  Сонымен  қатар  демократизм,  интерактивтілік 

мәселелерінің маңыздылығы да артуда. 

Қазақстанда  «Форматты  радио»  деген  атаудың  пайда  болып,  дами 

бастағанына он жылдан астам уақыт өтті. Алайда форматты радионың жұмыс 

істеу қағидаттары, ерекшеліктері, пішіндері, әдіс-тәсілдері, мақсат-міндеттері 

әлі  зерттелінбеген  журналистика  ғылымының  бір  саласы  болып  табылады. 



WWW.ENU.KZ

 

 



Қазіргі  заманғы  тек  ақпарат  беру,  көңіл  көтеру  сияқты  міндеттерді  бетке 

алған радио арналар саласы көбейіп отыр. 

Қазір  қазақстандық  радиоарналар  өзінің  рейтингісін  жақсарту 

мақсатында халыққа кеңінен танымал әнші немесе әртістерді жүргізушілікке 

алады.  Олардың  радиодан,  оның табиғаты,  жанры,  пішіні,  қызметі  жайында 

кейде  хабары  да  болмайды.  Кез  келген  электронды  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  жүргізушісі  жан-жақты,  мәдени  құндылықтар,  тұрмыс, 

аспаздық,  көше  тазалығы  немес  қарыз  беру,  махаббат  немеске  ақылсыз 

бастық  туралы  сияқты  тақырыптар  төңірегінде  әңгімені  еркін  жүргізе  білуі 

шарт.  Тыңдарман  езу  тартатындай,  ойланып,  күрсініп,  бір  нәрсені  есіне 

алатындай,  бір  шаруаны  тындырып  тастайтындай  етіп  сөйлеу  қажет. 

Радиожурналистің 

көңіл-күйі 

– 

дауыстан 



кейінгі 

екінші 


құрал. 

Радиожүргізуші  көптеген  адамды  бірнеше  секундқа  өз  әлеміне  кіргізеді. 

Оларға  өз  әлеміндегі  ең  үздік  дүниені  беруге  тиісті  және  тыңдарманға 

барынша берілуге тырысу керек. Сонда ғана тыңдарман оған риясыз сенеді. 

Радиожурналистің дауысы – радиостанцияның кепілі. Бір жағынан, дауыс 

–  тыңдарманнан  жасырып  тұратын  перде  сияқты.  Дауысына  қарап,  оның 

бейнесін  көз  алдымызға  елестейміз.  Жүргізушінің  образы  –  оның 

жұмысындағы басты дүние. 

Сөйлеу  өнеріндегі  ең  бастысы  не  деп  сұрағанда,  Демосфен  айтылмақ 

сөздің  қалыпты  да  үйлесімді  дыбысталуына  ең  алғы  кезекте  ерекше  мән 

берудің аса қажеттілігін баса айтқан [2; 7]. 

Тіл  мәдениетіне  тән  басты  талаптардың  бірі  –  тілдің  халықтың 

қасиеттерін  дамыту,  яғни  ана  тілінің  теңдессіз  байлықтарын  талғаммен 

пайдалану аясынан әдеби тілге енгізу. Ол үшін хабар барысында тыңдарман 

қауымды елең еткізетін тілдік құралдарды, айқын, өткір айтылатын сөздерді, 

сөз  орамдары  мен  сөйлем  үлгілерін  таңдау  қажет  [2,  16].  Радиода  осы 

талаптар  мен  міндеттерді  орындамай  хабарды  тек  бос  сөзбен  өткізетіні  рас. 

Онда  тіл  мәдениеті  деген  ұғымды  мүлде  ысырып  қояды.  Екі  жүргізушіні 

қатар алып сөздерді қате айтқанына қарамастан, бірін-бірі жалындырып эфир 

берекесін  қашырады.  Бұнда  негізгі  сын  журналиске  айтылады.  Журналистің 

сөз  өнерін  меңгерудегі  негізге  алатын  басты  қағидаларының  бірі  -  «сөзіңді 

тіліңе  билетпе,  ақылына  билет»  деген  Бөлтірік  шешеннің  айтып  кеткен 

нақылы.  Журналис  айтар  сөзін  ақылмен  сайлап  алып,  жүрек  қалауымен  тіл 

қатып,  «тіліне  ұят  сіңген»  жандардың  қатарынан  орын  алса,  нағыз  абырой 

мен беделге қол жеткізеді. 

Cөз  арқылы  түйінделген  ой  қаншалықты  маңызды  болса  да,  ол 

тыңдаушыларға  тек  айтушының  сол  создерді  нақты  да  түсінікті, 

мөлшерленген күйде дыбыстауы, айтуы арқылы ғана әсер ете алады. Дауыс – 

тілдің, аса маңызды белгілерінің бірі [2; 17].  

Радиода  жүргізушінің  образы  маңызды  рөл  атқарады,  ол  –  жеке  тұлға. 

Жаңалықтарды  тыңдай  отырып,  біз  журналистің  дауысынан  гөрі,  оның 

мазмұнына  көңіл  бөлеміз.  Радио  жүргізушісінің  қолындағы  бар  қаруы  – 

дыбыс  пен  көңіл-күй.  Оны  дыбыс  пен  дауыстың  көмегімен  тыңдарманға 


WWW.ENU.KZ

 

 



жеткізе білу қажет. Жүргізушінің сауаттылығы да өте маңызды, сол арқылы 

көрермен де оның деңгейіне қарай ойысады. Радио тілі – ауызекі сөйлеу тілі. 

Сондықтан  онда  ауызекі  сөздер  еріксіз  тіл  ұшына  оралады.  Бұны  мүлдем 

болдырмау,  әрине,  мүмкін  емес,  дегенмен  тырысуға  болады.  Радио  тілі 

қарапайым,  қысқа  және  түсінікті  болуы  тиіс.  Қиындатып,  ақылгөйсіп 

сөйлейтін  жүргізуші  ешкімді  қызықтырмайды.  Жұртшылық  ашық,  қысқа 

сөйлейтін жүргізушіні қалайды. 

Тыңдарманды  эфирге  «қосудың»  бірнеше  мүмкіндігі  бар  және  олардың 

бәрі де сіздің образыңыздың ажырамас бөлшектері: 

- дауыс (тембр, ырғақ, екпін түсіру); 

- мазмұн (айтылатын әңгіме); 

- тіл (орамдары, сленг);  

- арақашықтық (тыңдарманға қатысты ұстанған ұстаным);  

- харизма (жүргізушінің бедел, ықпалы); 

-Радиода адамның ҚАЛАЙ айтқаны да, НЕ айтатыны да маңызды. 

Ақпараттық  бағдарламалар,  репортаж  –  қазақ  тілінің  қазіргі  кезеңдегі 

даму  деңгейінің  көрсеткіші  болып  табылатындықтан,  журналист  ақпаратты 

мәдениетті  түрде  әдеби  тіл  нормаларын  сақтай  отырып  жүргізуі  керек.  Сөз 

жаттау  актер  шеберлігінің ең  соңғы  сатыда  тұрған  керектілерінің  бірі  болса 

да,  сөзсіз  сахналық  бейне  жасау  мүмкін  емес.  Мылқау  адамның  да  «айтар» 

сөзі бар демекші, ол ым-ишарат арқылы айтылады, эмоция арқылы жеткізбей 

ме?!  Ал  актердің  аузынан  шығатын  шешен  сөздердің  тағдыры,  көрерменге 

әсері,  әрине,  айтушының  өрісі  мен  «дуасына»  тура  пропорционалды  екені 

сахна мен экранда қатты байқалады. Қазақта «әжептуір ән еді, пұшық айтып 

қор  қылды»  деген  айтушының  жауапкершілігін  арттырып,  кері  болған 

жағдайда  құтын  қашыратын  астары  мол  аталы  сөз  бар.  Ел  аузындағы  сөз 

айтудың  осындай  халықтың  «теориялары»  актер  қауымының  қаперінен  еш 

шығармайтын  қағидалары  іспеттес.  Сондықтан  шешендік  сөздің  кепиеті 

дегенде,  оның  актер  өнеріне  жасайтын  баға  жетпес  ықпалын  құрметтемеу 

кесірлік  болып  табылады.  «Екпінді,  кестеленіп,  ырғақтанып  тұрған  қанатты 

да  сұлу,  мағыналы  да  мәнді,  нұсқалы  да  ойлы  шешендік  сөздер  саналы 

актердің  тек  сахналық  бейне  жасаудағы  құдыретті  көмекшісі  ғана  емес, 

шынайы  суреткер  етіп  қалыптастыратын,  сөз  өнерін  көкейіне  қонған  дуа 

сынды  сезініп,  былайғы  өмірде  де  өн  бойына  тұлғалық  азық  ретінде 

сіндіретін, басқа пенденің пешенесіне бұйыра бермейтін бақыт» [3; 12].  

Тыңдарманның  құрышын  қандырып,  ұлттық  аудиторияны  өзіне  ұйытып 

алатын,  журналистикадағы  үн  үрдісінің  үздік  үлгісін  таныту  эфирді 

жүргізетін журналистердің кәсіби шеберлігі, ұлт жандылығы бірінші орында 

тұрса  дейміз.  Сонда  ғана  нағыз  теле-радиожурналистерінің  тілі  жоғары 

деңгейлі сапалық көрсеткішіне ие болады. 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1. Омашев Н. Радиожурналистика. – Алматы, 2005. – 464 б. 



WWW.ENU.KZ

 

 



2.  Рамазанова  Ж.С.Сөйлеу  техникасы.  –  Қарағанды:  ҚарМУ  баспасы, 

2012. – 106 б.  

3.  Жаманқұлов  Т.  Ұлттық театрды  дамытудағы  шешендік  өнердің  орны: 

өнертану. КДА. – Алматы, 2007. – 30 б. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал