Қр оск: Алдын ала қорытындылар бойынша Мәжіліске үш саяси



жүктеу 175.84 Kb.

Дата23.01.2017
өлшемі175.84 Kb.

 

21 Наурыз 2016, 11:49 

ҚР  ОСК:  Алдын  ала  қорытындылар  бойынша  Мәжіліске  үш  саяси 

партия өтті 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  ҚР  Парламенті  Мәжілісі  үш  саяси  партиядан 

жасақталады.  Бүгін  ҚР  Парламенті  Мәжілісі    сайлауының  алдын  ала 

қорытындысын  жариялаған  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясының  төрағасы 

Қуандық Тұрғанқұлов осылай мәлім етті. 

«20 наурыз күні елімізде үлкен саяси науқан өз мәресіне жетті. Қазіргі 

уақытта  Орталық  сайлау  комиссиясына  келіп  түскен  мәліметтерге  сәйкес 

партиялық  тізімдер  бойынша  сайланатын  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлаушылар дауысы жария 

етіледі», - деді ол. 

Сонымен  Қ.Тұрғанқұловтың  атап  өтуінше,  «Нұр  Отан»  партиясына  - 

82,15,  Қазақстан  Коммунистік  халық  партиясына  -  7,14,  Қазақстанның  «АҚ 

ЖОЛ» Демократиялық партиясына - 7,18, «Бірлік» Саяси партиясына - 0,29,  

Жалпыұлттық  социал-демократиялық  партияға  -  1,18,  «Ауыл»  Халықтық-

демократиялық  патриоттық  партиясына  -  2  пайыз  сайлаушылардың  дауысы 

берілген. 

«Осылайша,  Парламент  Мәжілісіне  өз  үміткерлерін  ұсынған  6  саяси 

партияның үшеуі сайлау туралы заңда көрсетілген 7 пайыздық межеден өтті. 

Олар:  «Нұр  Отан»  партиясы,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық 

партиясы мен Қазақстан коммунистік халық партиясы»», - деді ОСК басшысы. 

Оның  атап  өтуінше,  партиялық  тізімдер  бойынша  сайланатын 

Парламент  Мәжілісінің  депутаттарын  сайлаудың  соңғы  қорытындыларын 

Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының 

негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс. 

 

 



19 Наурыз 2016, 09:00 

Қазақстанда сайлау алдындағы «тыныштық күні» басталды 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламент 

Мәжілісінің  және  жергілікті  мәслихат    депутаттарын  сайлау  алдындағы  

«тыныштық күні»  басталды. 

 Бұл күнде сайлауалды насихатқа тыйым салынады. 

«Сайлау туралы» Заң бойынша сайлау күні және дауыс беру алдындағы 

күні қандай да бір үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізуге болмайды. 

Еске  сала  кетейік,  20  наурызда  ҚР  Парламент  Мәжілісінің    және 

жергілікті  мәслихат  депутаттарының  сайлауы  өтеді.  Сайлау  сағат  7.00-де 

басталып,  20.00-де аяқталады.  Ал  21 наурыз  күні  ҚХА  атынан  ұсынылатын 

депутаттардың сайлауы  өтеді. 

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына 

үміткер  ретінде алты саяси партияның атынан 234 кандидатты тіркеді. 

ҚР-дағы  сайлауды  964  халықаралық  байқаушы  қадағалайтын  болады. 

Сонымен қатар ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға 

кандидаттар  мен  партиялардың  сенім  білдірген  адамдары,  қоғамдық 

бірлестіктер, 

ҮЕҰ, 


Қазақстан 

Республикасы 

бұқаралық 

ақпарат 


құралдарының өкілдері қатыса алады.   

Сайлауда 9 791 165 қазақстандық дауыс береді деп күтіліп отыр. 

 

 

17 Наурыз 2016, 13:01 



ТМД байқаушылары Қазақстанның заң органдарында кездесулер өткізді 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы 

байқаушылары  миссиясының  өкілдері  ҚР  Бас  прокуратурасында,  Ішкі  істер 

министрлігінде және Жоғарғы сотында кездесулер өткізді.  

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте 

аталған миссия штабының мүшесі Евгений Козяк мәлім етті. 

Оның атап өтуінше, миссия құрамында Әзербайжан, Армения, Беларусь, 

Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен, 

ТМД-ға  қатысушы  мемлекеттердің  Парламентаралық  ассамблеясынан, 

Беларусь пен Ресей одағы парламенттік жиналысынан, ҰҚШҰ Парламенттік 

ассамблеясынан, ТМД Атқарушы комитетінен 301 байқаушы аккредиттелген. 

«Сан  жағынан  бұл  халықаралық  байқаушылардың  ең  үлкен  миссиясы 

болып отыр. Олардың басым бөлігі ертең және арғы күні келеді»,- деді ол. 


Сонымен қатар, Е.Козяк сайлауды байқау аясында миссия мүшелері Бас 

прокуратурада,  Жоғарғы  сотта  және  Ішкі  істер  министрлігінде  кездесулер 

өткізгенін атап өтті. 

Еліміздің  Бас  прокурорымен  кездесу  барысында  миссия  өкілдеріне 

сайлау  науқаны  кезеңінде  заңаманың  сақталуын  қадалағау  бойынша 

атқарылған жұмыстар айтылды. 

Ал  Жоғарғы  сот  басшылығы  сайлау  процесіндегі  соттардың  рөлі 

жайында айтып берді. 

Ал  Ішкі  істер  министрімен  өткен  кездесу  барысында  сайлау  өткізу 

барысында  қауіпсіздік  сақтау  үшін  қабылданған  шаралар  жайында  сөз 

қозғалған. 

 

 



16 Наурыз 2016, 13:21 

20 қаңтар мен 19 ақпан аралығында БАҚ-та сайлау жөнінде 14 мыңға 

жуық материал жарияланды 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  20  қаңтар  мен  19  ақпан  аралығында  БАҚ-та 

сайлау жөнінде 14 мыңға жуық материал жарияланды. Бұл туралы бүгін  ҚР 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті. 

Оның  атап  өтуінше,  ағымдағы  сайлау  науқанына  орай,  БАҚ  бетіндегі 

материалдарға мониториг жүргізуді Орталық сайлау комиссиясының ҚР ИДМ 

Байланыс,  ақпараттандыру  және  ақпарат  комитетімен  бірлескен  нормасы 

жүзеге  асырды.  Мониторинг  48  республикалық  газетті,  15  журналды,  16 

республикалық  телеарнаны,  12  радионы,  174  өңірлік  газетті,  31  өңірлік 

телеарнаны, сонымен қатар барынша танымал 162 қоғамдық-саяси интернет-

ресурсты қамтыған. 

«2016  жылдың  20  қаңтары  мен  19  ақпаны  аралығында  БАҚ-та  сайлау 

тақырыбына  қатысты  13898  материал  жарияланды.  Оларда  партиялардың 

және сайлауға байланысты партиялық тізімге енген канидаттардың қызметтері 

жайында  айтылған.  Аталған  материалдардың  ішінше  республикалық 

телеарналардың 

эфирінен 

3757 


сюжет, 

республикалық 

мерзімді 

басылымдарда 1154 мақала жарияланды», - деді М.Сәрсембаев. 

Мұнан  бөлек,  өңірлік  БАҚ-та  3924,  ал  интернет-ресурстарда  5063 

материал жарық көрген. 

 


 

14 Наурыз 2016, 12:37 

ТМД  миссиясы  Қазақстандағы  сайлау  процесінен  айтарлықтай 

бұзушылықтар анықтаған жоқ - Е.Слобода 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  ТМД  миссиясы  Қазақстандағы  сайлау 

процесінен айтарлықтай бұзушылықтар анықтаған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР 

Орталық  сайлау  комиссиясында  өткен  брифингте  ТМД  байқаушылары 

миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода айтты. 

«Біз  облыстарда  болып,  аумақтық,  учаскелік  сайлау  учаскелерінің 

жұмыстарымен таныстық. Оларда айтарлықтай бұзушылықтар байқала қойған 

жоқ», - деді ол. 

Оның сөзінше, әдістемелік қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарағанда, 

бәрі дұрыс, құжаттарды рәсімдеуде де кемшіліктер байқалмайды. 

«Сондықтан әзірше біздің тарапымыздан еш сауал жоқ. Бірқатар азын-

аулақ  кемшілік  байқалды,  ол  барлық  елдерде  де  кездеседі.  Мәселен,  сайлау 

учаскелеріне  барған  кезде  дауыс  беру  процесін  байқауға  мүмкіншіліктер 

болуы тиіс. Сол себепті біз бірқатар сайлау учаскесіне дауыс беруге арналған 

кабиналарды  жылжытуды  ұсындық.  Міне,  осындай  техникалық  мәселелер 

болды», - деді ол. 

Естеріңізге  сала  кетейік,  партиялық  тізіммен  сайланатын  Мәжіліс 

депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауы  20  наурыз  күні,  ал  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттарын сайлау 21 наурыз күні өтеді. 

 

 

10 Наурыз 2016, 11:49 



ҚР  ОСК  Мәжіліс  депутаттары  сайлауының  жалпы  қорытындысын  27 

наурыздан кешіктірмей анықтайды 



АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Мәжіліс  депутаттары  сайлауының  жалпы 

қорытындысы 27 наурыздан кешіктірілмей анықталады. Бұл туралы бүгін ҚР 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.  

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент 

Мәжілісінің депутаттарын сайлауға орай Ассамблея сессиясы 21 наурыз күні 

сағат  08:00-де  басталады.  Дауыс  беруге  арналған  пункт  Ассамблеяның 

сессиясы  өтетін  ғимаратта  орналастырылады  және  Сессия  жұмысының 

басталуынан  бір  сағат  бұрын,  яғни  сағат  07:00-де  ашылады.  Дауыс  беруге 

арналған  пунктте  ол  ашылған  сәттен  бастап  дауыс  беру  нәтижелері 

анықталғанға дейін халықаралық және қазақстандық байқаушылар, бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өкілдері,  сондай-ақ  Ассамблея  сайлайтын  Мәжіліс 

депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдары қатысуға құқылы. 

«Ассамблеяның  жұмысына  оның  мүшелерінің  жалпы  санының  үштен 

екі  бөлігі  қатысқан  жағдайда,  ол  өткізілген  болып  есептеледі.  Бүгінгі  күні 

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 446 мүше бар. Сессияда Астана 

қаласының  қалалық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  дауыс  беруді  өткізу 

тәртібін  түсіндіргеннен  кейін  Ассамблея  мүшелерін  дауыс  беруге  арналған 

пунктке шақырады. Сайлау бюллетеніне Мәжіліс депутаттығына тіркелген 9 

кандидаттың  барлығы  енгізіледі.  Дауыс  беруге  арналған  сайлау  бюллетені 

Ассамблея  мүшесіне  сайлаушылар  тізімінің  негізінде  оның  жеке  басын 

куәландыратын  құжатты  ұсынғанда  беріледі.  Әр  сайлаушы  жеке  өзі  дауыс 

береді», - деді ол. 

М.Сәрсембаевтың сөзіне қарағанда, дауыс беру және дауыстарды санау 

аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы 

хаттама жасап, қол қояды. Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 

пайыздан жоғары дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі. 

Сессия  қалалық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  дауыс  беру  нәтижелері 

туралы хаттаманы жария еткеннен соң жабылады. 

«Қалалық  сайлау  комиссиясының  хаттамасы  Орталық  сайлау 

комиссиясына  сайлау  өткен  күннен  екі  күндік  мерзімнен,  22  наурыздан 

кешіктірмей  ұсынылады.  Сайланған  Мәжіліс  депутаттарын  тіркеуді  ОСК 

жүзеге асырады», - деді ОСК мүшесі. 

Сонымен қатар ол Мәжіліс депутаттарын сайлаудың жалпы республика 

бойынша  қорытындыларын  Орталық  сайлау  комиссиясы  2016  жылғы  27 

наурыздан кешіктірмей анықтайтындығын, ал сайлау қорытындылары туралы 

хабар БАҚ-та 30 наурыздан кешіктірмей жарияланатындығын еске салды.   

 


 

05 Наурыз 2016, 11:15 

ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Мәжіліс депутаттығына 

9 кандидатты тіркеді 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Қазақстан  Республикасы  Орталық  сайлау 

комиссиясы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  Кеңесі  ұсынған  Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты тіркеді. 

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт 

Мелдешов мәлім етті. 

Кандидаттардың сапалық құрамы мынадай. Ер кандидаттар  - 7 немесе 

77,8, әйелдер - 2 немесе 22,2 пайыз. Барлық 9 кандидаттың да білімі жоғары. 

Кандидаттар арасында үш дипломды инженер, 1 дәрігер, 1 заңгер, 1 оқытушы, 

тағы  үшеуі  -  басқа  мамандық  иелері.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясынан 

Парламент  Мәжілісінің  депутаттығына  тіркелген  кандидаттардың  төртеуі 

ғылым,  мәдениет  және  білім  қызметкерлері  болса,    үшеуі  -  V  шақырылған 

Парламент  Мәжілісінің  депутаттары.  Бір  қызметкер  -  мемлекеттік  емес 

меншік нысанындағы ұйымның қызметкері және біреуі орталық мемлекеттік 

органда жұмыс істейді», - деді ол. 

ҚР ОСК хатшысының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 

Парламент  Мәжілісінің  депутаттығына  кандидаттардың  орташа  жасы  57,5 

жасты құрайды. 

«Ертеңгі  күннен  бастап  Қазақстан  халқы  Ассамблеясынан  тіркелген 

кандидаттар үшін сайлау науқанының келесі кезеңі - сайлау алдындағы үгіт 

басталып, 19 наурыз күнгі 24.00 сағатта аяқталады»,  - деді Б.Мелдешов. 

Айта  кетейік,  2016  жылғы  21  наурызда  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының сессиясында 9 Мәжіліс депутатын сайлау өтеді 

 

 


 

03 Наурыз 2016, 12:07 

ҚР ОСК: Партиялар арасында саяси пікірсайыс өтеді 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  ҚР  Парламенті  Мәжілісі  депутаттығына 

кандидаттарын ұсынған саяси партиялар арасында пікірсайыс өткізіледі. Бұл 

туралы бүгін  ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен 

мәлім етті. 

«ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясы  саяси  пікірсайыс  өткізетін  болады. 

Көлемі,  уақыты,  регламенті,  тәртібі  анықталу  үстінде.  Содан  кейін  біз 

қосымша хабарын береміз. Әзірше уақыт бар. Үгіт науқаны аясында осындай 

шараны ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Л.Сүлеймен БАҚ 

өкілдерінің сауалына орай.  

Айта  кетейік,  ҚР  Парламенті  Мәжілісі  депутаттығына  5  саяси 

партияның,  атап  айтқанда,  «Нұр  Отан»  партиясының,  Қазақстанның 

коммунистік  халық  партиясының,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  демократиялық 

партиясының,  «Бірлік»  саяси  партиясының,  Жалпыұлттық  социал-

демократиялық  партиясының  және  «Ауыл»  халықтық-демократиялық 

патриоттық партиясының кандидаттары үміткер. 

 

 

 



01 Наурыз 2016, 12:00 

Сайлау-2016: Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 20 

байқаушы тіркелді 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылдың 20 

наурызына  тағайындалған  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 


депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 

20 байқаушыны аккредиттеді. 

2016 жылғы 1 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 

наурызға  тағайындалған  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісі 

депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының 

кезекті  сайлауына  халықаралық  ұйымдар  мен  шет  мемлекеттер 

байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. 

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком ҚР Сыртқы істер министрлігінің 

ұсынуы  бойынша  екі  халықаралық  ұйымнан  және  жеті  шет  мемлекеттен 20 

байқаушыны аккредиттеді. 

«Олардың  ішінде:  2  байқаушы  -  ТМД  Миссиясынан;  4  байқаушы  - 

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  Миссиясынан,  2  байқаушы  -  Армения  Республикасынан,  2  - 

Әзербайжан Республикасынан, 2 - Грузиядан; 2- - Латвия Республикасынан; 2 

-  Малайзиядан;  2  -  Ресей  Федерациясынан  және  2  байқаушы  -  Эстония 

Республикасынан», - деді ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.  

Осылайша, 2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком 

екі халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір 

халықаралық  ұйымнан  (Ислам  ынтымақтастығы  ұйымы)  және  сегіз  шет 

мемлекеттен 175 байқаушыны аккредиттеді. 

Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігі  2016 

жылғы  29  ақпандағы  жағдай  бойынша  26  мемлекеттен  шетелдік  бұқаралық 

ақпарат құралдарының 112 өкілін аккредиттеді. 

Шет  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың  байқаушыларын 

аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады. 

 

 

 



 

27 Ақпан 2016, 10:40 

Қ.Тоқаев Венада екіжақты кездесулер өткізді 

АСТАНА. 


ҚазАқпарат 

Венадағы 



ЕҚЫҰ 

Парламенттік 

Ассамблеясының қысқы отырысына қатысу аясында Сенат төрағасы Қасым-

Жомарт Тоқаев бастағын қазақстандық делегация бірқатар кездесу өткізді. 

Сенат  спикерінің  ЕҚЫҰ  адам  құқықтары  және  демократиялық 

институттар  бойынша  Бюро  директоры  Михаэль  Линкпен  әңгімесінде 

Қазақстандағы  ЕҚЫҰ  адам  құқықтары  және  демократиялық  институттар 


бойынша  Бюро  жобалары,  сонымен  бірге  Мәжілістегі  сайлауалды  науқаны 

жайлы сөз қозғалды. 

Қ.Тоқаев  Қазақстанда  халықаралық  байқаушыларға,  соның  ішінде 

ЕҚЫҰ  адам  құқықтары  және  демократиялық  институттар  бойынша  Бюро 

миссиясының  электоралды  үдерісіне  объективті  мониторинг  жүргізу  үшін 

барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті. 

Сенат  спикерінің  пікірінше,  сайлау  халықаралық  стандарттарға  сай 

өтеді. 


Сенат  Төрағасының  ЕҚЫҰ  Демократиялық  институттар  мен  адам 

құқықтары  жөніндегі  бюроның  директоры  Михаэл  Линкпен  кездесуінде 

ДИАҚБ-тың  Қазақстандағы  жобалары,  сондай-ақ  Мәжіліске  сайлауалды 

науқаны туралы сөз болды. Қ.Тоқаев Қазақстанда халықаралық байқаушылар, 

оның ішінде ДИАҚБ миссиясы үшін сайлау үдерістеріне шынайы мониторинг 

жүргізуге барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Сенат Төрағасының 

пікірінше, сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтеді. 

ДИАҚБ  басшысы  білікті  және  нәтижеге  бағдарланған  ынтымақтастық 

үшін  Қазақстан  билігіне  ризашылық  білдіріп,  байқаушылар  миссияның  тек 

деректерге  ғана  негізделген  мониторинг  жүргізу  ниетін  атап  өтті.  Оның 

айтуынша,  ДИАҚБ  міндеті  -  сынау  емес,  сайлау  үдерістерін  жетілдіру 

жөніндегі  ұсыныстар  мен  ұсынымдар  әзірлеу.  Бұл  тұрғыда  Бюро 

Қазақстанмен одан әрі өзара сындарды іс-қимылды көздейді. 

Сонымен бірге,  М.Линк  ДИАҚБ  мандаты  сайлауға  байқау  жүргізумен 

шектелмейтінінне  назар  аударды.  Бюро  Қазақстандағы  «100  қадам»  Ұлт 

жоспарын іске асыруға сарапшылық қолдау көрсетуге әзір. 

Қ.Тоқаевтың  ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  Төрағасы  Илкка 

Канервамен кездесуінде ЕҚЫҰ кеңістігіндегі дағдарыстар мен шиеленістерді 

реттеу, Ауғанстандағы жағдай, терроризм және есірткі тасымалы мәселелері 

бойынша пікір алмасылды. 

Қазақстан Сенатының басшысы мен ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто 

Монтелламен және ДИАҚБ-тың қысқа мерзімді байқаушылар миссиясының 

үйлестірушісі  Мариэтта  Тидэймен  кездесуде  биылғы  20  наурызда 

Қазақстандағы  сайлауды  байқау  үшін  ЕҚЫҰ  парламентшілерінің  қатысуы 

талқыланды.  Р.Монтелла  ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  сайлау 

қарсаңында 70-тей байқаушы жіберу туралы жоспарын жеткізді. Ол сондай-ақ 

биылғы  мамырда  Қазақстанға  келу  және  «Діндер  терроризмге  қарсы» 

халықаралық конференциясына қатысу ниетін жеткізді. 

ЕҚЫҰ  ПА  сессиясы  алаңдарында  Қ.Тоқаев  Болгария  парламенттік 

делегациясының басшысы Десислава Атанасовамен әңгімелесті, ол Болгария 

Халық  Жиналысының  Төрағасы  Цецки  Цачеваның  атынан  Болгарияға 

сапармен келуге шақыруды жеткізді. 

Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ ПА демократия, адам құқықтары және 

гуманитарлық мәселелер жөніндегі; экономикалық істер, ғылым, технология 

және  қоршаған  орта  жөніндегі;  саяси  мәселелер  және  қауіпсіздік  жөніндегі 

жалпы  комитеттерінің  отырыстарына;  сондай-ақ  үш  жалпы  комитеттің 

бірлескен отырыстарына қатысты. 


Делегация  басшысы  Қ.Тоқаев  Венада  болған  кезде  БҰҰ  Бас 

хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі 

және  қылмыс  жөніндегі  басқармасының  атқарушы  директоры  Юрий 

Федотовпен  кездесті.  БҰҰ  терроризмге,  есірткі  саудасына  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мекемелерімен  ынтымақтастықтың  келешегі 

талқыланды. 

Словенияның бұрынғы президенті Данило Тюрктің өтініші бойынша да 

кездесу болды. 

Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының 

Басшысы ретінде Король Абдалла бен Абдель-Азиз атындағы Халықаралық 

дінаралық және мәдениетаралық үнқатысу орталығының Бас хатшысы Фейсал 

бен  Абдулрахман  Муаммармен  кездесті.  Сенат  басшысы  2015  жылғы 

маусымда  Астанада  өткен  V  Съездің  нәтижелері,  атап  айтқанда  Қазақстан 

Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік қоғамдастыққа жария еткен «бес үндеуі» 

туралы айтты. Кездесу барысында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін 

Съезд  Хатшылығы  мен  Орталықтың  мәдениетаралық  және  дінаралық 

үнқатысуды  нығайту  мәселелері  бойынша  өзара  іс-қимылының  келешегі 

туралы әңгіме өрбіді. 

 

 

 



25 Ақпан 2016, 15:28 

ҚР ОСК 103 шетелдік байқаушыны аккредиттеді 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 

20  наурызға  тағайындалған  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісі 

депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттен тағы 

103 байқаушыны аккредиттеді. 

«Аталған  қаулыға  сәйкес  Ортсайлауком  Қазақстан  Республикасы 

Сыртқы  істер  министрлігінің  ұсынуы  бойынша  үш  халықаралық  ұйымнан 

және  бір  шет  мемлекеттен    103  байқаушыны  аккредиттейді»,  -  деді  қаулы 

жобасын таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова. 

Олардың  үшеуі  -  Америка  Құрама  Штаттарынан;  97-сі  -  ТМД-дан 

байқаушылар  миссиясынан    (оның  ішінде  33-сі  -  ТМД-ға  қатысушы 

мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан және 7-еуі Беларусь және 

Ресей одағының парламенттік жиналысынан), 3-еуі - Ислам ынтымақтастығы 

ұйымынан тіркеліп отыр. 


Осылайша, 2016 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау 

комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссияларынан, сонымен бірге Ислам 

ынтымақтастығы  ұйымы  мен  шет  мемлекеттерден  155  байқаушыны 

аккредиттеді.  Мұнан  бөлек,  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігі  2016  жылғы  25 

ақпандағы  жағдай  бойынша  25  мемлекеттен  шетелдік  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының 105 өкілін аккредиттеген болатын. 

Айта  кетерлігі,  шет  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың 

байқаушыларын  аккредиттеуді  Орталық  сайлау  комиссиясы  2016  жылғы  14 

наурызға дейін жүзеге асырады. 

 

 



 

23 Ақпан 2016, 11:46 

Т.Охлопкова:  Қазақстандағы  сайлауға  800-ден  астам  шетелдік 

байқаушы қатысады 

 АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Қазақстандағы  сайлауға  800-ден  астам 

шетелдік  байқаушы  қатысады.  Бұл  туралы  бүгін  ҚР  Орталық  сайлау 

комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті. 

«ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  миссиясының  құрамында  400-ден  астам,  ТМД-дан 

байқаушылар миссиясының құрамында - 300-ден астам, ШЫҰ миссиясының 

құрамында  10-нан  астам  байқаушының  келуі  күтілуде.  Сыртқы  істер 

министрлігі  қазіргі  кезде  шетелдік  БАҚ-тың  99  өкілін  аккредиттеді»,  -  деді 

Т.Охлопкова. 

Оның атап өтуінше, бүгінде Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің 

ұсынымы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан 40 байқаушыны және ТМД 

байқаушылар миссиясынан 12 байқаушыны аккредиттеді. 

«Халықаралық  байқау  сайлау  процесі  туралы  екі  жақты  білім  және 

ақпарат  алмасуды  қамтамасыз  етеді,  берік  халықаралық  қатынастар  мен 

ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдеседі», - деп атап өтті ОСК мүшесі. 

 

 


 

20 Ақпан 2016, 11:52 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін партиялық тізімдер бойынша сайланатын 

Парламент  Мәжілісінің  депуаттарын  сайлауда  сайлауалды  үгіт  басталды. 

Осыған  орай  Орталық  сайлау  комиссиясының  мүшесі  Ләззат  Сүлеймен 

баспасөз мәслихатын өткізді. 

Оның атап өтуінше, бүгіннен бастап партиялық тізімдер ұсынған саяси 

партиялардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын, жаңалықтар және 

талдау  бағдарламаларынан  өзге,  бар  ақпарат  партиялардың  сайлау  қорынан 

төленуі  тиіс.  Жаңалықтар  және  талдау  бағдарламаларын  дайындауда 

партиялар мен кандидаттардың қызметін тең үлесте жариялау жөніндегі талап 

сақталуы қажет. 

«Сайлау  туралы  заңға  сәйкес  сайлау  қорларын  құрмайтын  азаматтар, 

қоғамдық  бірлестіктер  қаржыландыруды  қажет  етпейтін  сайлауалды  үгіт 

жүргізуге  құқылы.  Сайлауға  қатысушы  саяси  партияларға  шарттық  негiзде 

баспасөз  бетiнен  орын  немесе  эфир  уақытын  беруге  Орталық  сайлау 

комиссиясының  партиялық  тізімді  тіркегені  туралы  шешімінің  көшірмесі 

және өкілетті адам қол қойған БАҚ басшысының атына жазбаша өтініш негіз 

болады.  Шарттың  талаптары  белгiлi  бiр  партияға  артықшылық  туғызбауға 

тиiс, ал саяси партияның бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге 

берген  келiсімi  басқа  да  партияларға  эфир  уақытын,  баспасөз  бетiнен  орын 

бөлуге келiсiм беруі болып табылады», - деді ол. 

Сонымен  қатар  Л.Сүлеймен  кандидаттардың  телевизия  мен  радиода 

сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне iле-шала, сондай-ақ 

баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым 

салынатындығын атап өтті. 

 

 

19 Ақпан 2016, 12:33 



ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясы  саяси  партияларды  адал  күреске 

шақырды 


АСТАНА.  ҚазАқпарат  -    ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясы  саяси 

партиялар өкілдері үшін семинар өткізді. 

«Біздің  семинар  ҚР  Парламенті  Мәжілісі  және  мәслихаттарының 

депутаттарын сайлау науқаны барысында сайлау заңнамасының нормаларын 

сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары аясында жүргізіледі», - деп атап өтті ҚР 

ОСК  төрағасының  орынбасары  Владимир  Фоос,  семинардың  жұмысын  ашу 

барысында. 

Сонымен қатар ол саяси партияларды адал күреске шақырды. 

 «Сайлау қатысушылары сайлау заңнамасының ережелерін сақтап қана 

қоймай,  лас  саяси  технологияларды  қолданбай  сайлауалды  күресті  адал 

жүргізгені маңызды», - деді Фоос. 

Орталық  сайлау  комиссиясы  төрағасының  орынбасары  20  ақпанда 

жұмыстың  ең  тиімді  кезеңі  -  сайлау  алды  үгіт-насихат  басталатынын  еске 

салды. 


«Сол кезде саяси партияларда жұмыс та көбейе түседі», - деп қосты ол. 

Семинар  жұмысына  ҚР  ОСК  мүшелері,  ҚР  Бас  прокуратурасы  1-ші 

департаментінің бөлім бастығы С.Сәмет, ЕҚЫҰ бағдарламалары Астанадағы 

кеңсесінің,  Сайлауды  бақылау  жөніндегі  республикалық  қоғамдық 

комиссияның және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық 

бірлестігінің өкілдері қатысты. 

 

 

 



17 Ақпан 2016, 11:22 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  миссиясынан  аккредителген 

байқаушылар  саны  40  адамға  жетті.  Бұл  туралы  бүгін  ҚР  Орталық  сайлау 

комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті. 

«Бүгінгі 

күні 


ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 

миссиясынан 

аккредителген 

байқаушылардың  саны  40  адамға  жетіп  отыр.  Олар  19  елдің,  оның  ішінде 

Австрия,  Германия,  Грузия,  Дания  Корольдігі,  Ирландия  Республикасы, 

Молдова, Нидерланды елдерінің байқаушылары», - деді ол. 

Оның  алға  тартқан  деректеріне  сәйкес,  Ресейден  6,  Германиядан  5, 

Америка мен Ұлыбританиядан 4-тен байқаушылар тіркеліп отыр. 

 

 


 

16 Ақпан 2016, 09:30 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясында 

Парламент  Мәжілісі  депутаттары  сайлауына  түсетін  партиялардың  тізімін 

сайлау бюллетеніне тіркеуге орай жеребе тастау рәсімі өтті. 

ОСК  хатшысы  Бақыт  Мелдешов  жиналғандардың  алдында  1-ден  6-ға 

дейін сандар жазылған қағаздарды арнайы хатқалтаға салып, саяси партиялар 

комиссияға  құжат  тапсыру  реттері  бойынша  оны  ашып,  өздерінің 

партияларының сайлау бюллетеніне тіркелу тәртібін анықтады. 

Жеребеге сәйкес сайлау бюллетеніне ең бірінші «Нұр Отан» партиясы 

енгізіледі.  Нөмірді  партия  Төрағасының  бірінші  орынбасары  Асқар 

Мырзахметов таңдаған болатын. Ал ҚКХП сайлауалды штабының жетекшісі 

Айқын Қоңыровқа 2-ші, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевке 3-

інші, «Бірлік» партиясы саяси бюросының мүшесі Роза Қуанышбаеваға 4-ші, 

ЖСДП сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары Асхат Рақымжановқа  5-

ші, «Ауыл» партиясының хатшысы Бөрібай Жексембинге 6-шы нөмір түсті. 

Жеребе  қорытындысына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда дауыс беруді 

өткізу  кезінде  саяси  партиялардың  атаулары  сайлау  бюллетеніне  осы 

тәртіппен енгізіледі. 

 

 



 

15 Ақпан 2016, 11:14 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясы  БАҚ 

басшыларына сайлауды ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгітті 

жүзеге асыру ережесін сақтау мәселелері жөнінде семинар өткізді.  


Семинар  барысында  Орталық  сайлау  комиссиясының  мүшесі  Ләззат 

Сүлеймен негізгі баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін 

электораттық  кезеңдегі  БАҚ  қызметін  ұйымдастыруға  қатысты  сайлау 

заңнамасының ережелері, партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы 

үгітін  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  жүзеге  асырудың  тәртібі  мен 

шарттары  туралы  ақпараттандырып,  сайлау  науқаны  барысын  жариялаудың 

негізгі қағидаларына көңіл бөлді. 

«Сайлау  алдындағы  үгіт  кезеңінде  БАҚ  қызметін  реттеу  -  сайлау 

процесінің  ашықтығын,  жариялығын  және  әділдігін  қамтамасыз  етудің 

маңызды бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ол. 

.Ал  ҚР  Инвестициялар  және  даму  министрлігі  Байланыс, 

ақпараттандыру  және  ақпарат  комитетінің  төрағасы  Т.Қазанғап  өкілетті 

органның  қызметі  туралы  айтты.  Сондай-ақ  БАҚ-тың  сайлау  процесіндегі 

және қоғамды оның барысы туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап 

өтті. 

ҚР  Бас  прокуратурасының  Әлеуметтік-экономикалық  саланың 



заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары Н.Сүйіндіков 

үгіт жүргізу науқанын құқықтық реттеу мәселелерін айқындап беріп, аталған 

мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі туралы айтты. 

Пікір  алмасу  барысында  сайлау  заңнамасы  нормаларының  сақталуын 

тиімді қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат өкілдері сайлау науқанын немесе 

сайлау  алдындағы  үгітті  жүргізуді  жариялауда  Сайлау  туралы  заңның 

талаптарын  бұзушылықтарды  айқындау  және  болдырмау  жолдары  мен 

әдістері  тәжірибелік  үлгілерде  қаралды.Бұқаралық  ақпарат  құралдардың 

өкілдері  БАҚ-тың  сайлау  органдарымен  және  сайлау  процесіне 

қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары 

мен тілектерін айтып, сайлау заңнамасының БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті 

жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларын іске асыру әдістерін талқылады. 

 

 

11 Ақпан 2016 



ҚР  ОСК  ЖСДП-ның  Мәжіліс  депутаттығына  үміткер  барлық 

кандидатын тіркеді. 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясының 

отырысында  Жалпыұлттық  социал-демократиялық  партиясының  партиялық 

тізімі толық тіркелді. 


«Сіздердің  назарларыңызға  Жалпыұлттық  социал-демократиялық 

партиясының  партиялық  тізімін  тіркеу  туралы  қаулы  жобасын  ұсынып 

отырмын. 

Қаулы 


бойынша 

Жалпыұлттық 

социал-демократиялық 

партиясының  партиялық  тізімі  тіркеледі.  Тізім  бойынша  тіркелген  ҚР 

Парламенті  Мәжілісінің  депутаттығына  кандидаттарға  куәлік  берілсін. 

Олардың  саны  -  23»,  -  деді  қаулы  жобасын  таныстырған  ҚР  ОСК  хатшысы 

Бақыт Мелдешов. 

Оның атап өтуінше,партиялық тізімге енгізілген азаматтардың ҚР-ның 

«Сайлау туралы» заңнамасына сәйкестігі еліміздің Ішкі істер министрлігі мен 

Бас  прокуратурасы  арқылы  тексерілген.  Аталған  ведомстволар  берген 

ақпараттарға сәйкес, партиялық тізімдегі азаматтардың барлығының да заңға 

сәйкестігі анықталды. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы 

және  мүлкі  туралы  декларациялары  салық  органдарының  анықтамаларымен 

расталды. 

Қаулы  жобасын  ҚР  ОСК  мүшелері  бірауыздан  мақұлдап,  ЖСДП-ның 

атауы дауыс беру бюлетеніне енгізілетін болып шешім қабылданды. 



 

 

09 Ақпан 2016 

Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына 234 кандидат ұсынды 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Саяси  партиялар  Мәжіліс    депутаттығына 

ұсынған  кандидаттардың  99  пайызы  жоғары  білімді.  Бұл  туралы  бүгін  ҚР 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. 

Оның атап өтуінше, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан 

Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің  депутаттарын  сайлауды  әзірлеу  мен 

өткізу  жөніндегі  негізгі  іс-шаралардың  күнтізбелік  жоспарына  сәйкес  2016 

жылғы 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталды. 

«Кандидаттарды  ұсыну  іс-шаралары  Конституцияға  және  сайлау 

заңнамасына толық сәйкестікте өтті. ҚР ОСК-ға барлығы 6 саяси партияның: 

«Нұр  Отан»  партиясының,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық 

партиясының,  «Ауыл»  Халықтық-демократиялық  патриоттық  партиясының, 

Қазақстан  Коммунистік  халық  партиясының,  Жалпыұлттық  социал-

демократиялық  партиясының  және  «Бірлік»  Саяси  партиясының  тізімдері, 

жалпы  саны  234  кандидат  ұсынылды.  Қазіргі  уақытта  «Нұр  Отан» 

партиясының,  «АҚ  жол»  ҚДП-ның,  «Ауыл»  ХДПП-ның  және  ҚКХП-ның 

партиялық тізімдері тіркелді», - деді ол. 


Қ.Тұрғанқұловтың атап өтуінше, олардың құрамында 10 ұлттың өкілдері 

бар  203  кандидат  қамтылған.  Тіркелген  кандидаттардың  80  пайызы  -  ер 

адамдар  және  20  пайызы  -  әйел  адамдар.  Кандидаттардың  99  пайыздан 

астамының жоғары білімі бар. 

Өз  партиялық  тізімін  тіркеген  партиялар  сайлау  қорларына  қаражат 

жинау үшін арнайы шоттарды ашу жөнінде жұмыс жүргізуде. Осымен қатар 

саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау 

қорларын  тіркеу  жүргізілуде.  ЖСДП  және  «Бірлік»  СП-ның  тізімдеріне 

енгізілген  кандидаттарға  қатысты  қазіргі  уақытта  олардың  Конституцияның 

және 


сайлау 

туралы 


заңның 

талаптарына 

сәйкестігін 

тексеру 


жалғастырылуда», - деді ОСК басшысы. 

 

 



 

7 Ақпан 2016, 12:44 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін  Жалпыұлттық  социал-демократиялық 

партиясы  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясына  алдағы  Мәжіліс  сайлауына 

үміткерлерінің партиялық тізімін тіркеу үшін ұсынды. 

«Бүгін  біз  алдағы  Парламент  Мәжілісі  депутаттарының  сайлауына 

өзіміздің партиялық тізімізді тапсырдық. Партиялық тізімізге сәйкес, 23 адам 

Орталық  сайлау  комиссиясына  құжаттары  дұрыс  болып  тіркелетін  болса, 

сайлауға қатысатын болады», - деді ЖСДП мүшесі Уәлихан Қайсаров. 

Жалпыұлттық  социал-демократиялық  партиясы  партиялық  тізімді 

тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынды: саяси 

партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы 

құжаттың  көшірмесімен  қоса  Жалпыұлттық  социал-демократиялық 

партиясының  партиялық  тізімді  ұсыну  туралы  кезектен  тыс  съезінің 

хаттамасынан  үзінді  көшірме,  партиялық  тізімге  енгізілген  азаматтардың 

тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, партиялық тізімге енгізілген әрбір 

адамның  өмірбаяндық  деректері,  салық  органының  партиялық  тізімге 

енгізілген  кандидаттардың  және  олардың  жұбайларының  табысы  мен  мүлкі 

туралы  декларация  тапсырғаны  туралы  анықтамалары,  партиялық  тізімге 

енгізілген  адамдардың  Жалпыұлттық  социал-демократиялық  партиясында 

мүшелігін растайтын құжаттар. 

 


 

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Орталық  сайлау  комиссиясының  хатшысы 



Бақыт Мелдешов алдағы сайлауда қазақстандықтардың шетелде дауыс беру 

тәртібін түсіндірді. 

«Сайлау кезінде Қазақстан азаматы шетелде болса, оған есептен шығару 

куәлігі  керек  емес.  Есептен  шығару  куәлігі  тек  Қазақсанның  ішінде  ғана 

беріледі.  Шет  мемлекеттегі  азаматқа  Қазақстан  азаматтығын  куәлігі  мен 

паспорты арқылы  дәлелдесе  жеткілікті.  Сол  құжаттарымен  қазақстандықтар 

шет  мемлекеттің  учаскесінде  сайлаушылар  тізіміне  енгізіледі.  Сөйтіп дауыс 

береді», - деп түсіндірді Б.Мелдешов. 

 

Дегенмен қазақстандықтар кез келген мемлекетте дауыс бере алмайды, 



дейді  ОСК  хатшысы.  Оның  айтуынша,  шет  мемлекеттерде  еліміздің  бар 

болғаны 65 сайлау учаскесі бар. Ол елдердің қатарында Ресей бар, онда 3-4 

учаске жұмыс істейді. Сондай-ақ, АҚШ бар, онда 2 учаске жұмыс жасайды. 

Қалған елдерде бір сайлау учаскесінен бар. Жалпы, 60-қа жуық елде учаске 

бар. 

 

 



 

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін    ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясының  



төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші 

орынбасары 

Асқар 

Мырзахметовке 



ҚР 

Парламенті 

Мәжілісінің 

депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды. 

Сондай-ақ  «Нұр  Отан»  партиясынан  партиялық  тізімге  енгізілген 

Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктері А.Мырзахметовке 

берілді. 

 


Айта  кетейік,  «Нұр  Отан»  партиясының  партиялық  тізімінде  127 

кандидат  бар.  Олардың  23  пайыздан  астамы  -  әйелдер.  «Нұр  Отан» 

партиясының  партиялық  тізіміне  енгізілген  кандидаттардың  60  пайызға 

жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы - 26 жаста. Партия ұсынған 

33  кандидат  Парламент  Мәжілісінің  депутаты  болған.  Сондай-ақ  ғылым, 

мәдениет  және  білім  саласының  қайраткерлері,  белгілі  спортшылар, 

коммерциялық  құрылымдардың,  мемлекеттік  органдар  мен  мекемелердің 

қызметкерлері ұсынылған. 

Күнтізбелік  жоспарға  сәйкес  саяси  партиялардың  тізімдердін  тіркеу 

ағымдағы  жылғы  19  ақпанға  дейін  жалғасады,  ал  20  ақпаннан  бастап 

партиялар үгіт жұмысына кірісе алады. 

 

 



 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясының 

отырысында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс 

сайлауына қатысатын партиялық тізімі толық тіркелді. 

 «Сіздердің  назарларыңызға  Қазақстанның    «Ақ  жол»  демократиялық 

партиясының  партиялық  тізімін  тіркеу  туралы  қаулы  жобасын  ұсынып 

отырмын.  Қаулы  бойынша  Қазақстанның    «Ақ  жол»  демократиялық 

партиясының  партиялық  тізімі  тіркеледі.  Тізім  бойынша  тіркелген  ҚР 

Парламенті  Мәжілісінің  депутаттығына  кандидаттарға  куәлік  берілсін. 

Олардың  саны  -  35»,  -  деді  қаулы  жобасын  таныстырған  ҚР  ОСК  хатшысы 

Бақыт Мелдешов. 

Оның атап өтуінше,партиялық тізімге енгізілген азаматтардың ҚР-ның 

«Сайлау туралы» заңнамасына сәйкестігі еліміздің Ішкі істер министрлігі мен 

Бас  прокуратурасы  арқылы  тексерілген.  Аталған  ведомстволар  берген 

ақпараттарға сәйкес, партиялық тізімдегі азаматтардың барлығының да заңға 

сәйкестігі анықталды. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы 

және  мүлкі  туралы  декларациялары  салық  органдарының  анықтамаларымен 

расталды. 

 «Сайлау заңнамасы бойынша Қазақстанның  «Ақ жол» демократиялық 

партиясы  жарна  төлеуден  босатылады.  Себебі  2012  жылы  өткен  сайлауда 

Қазақстанның    «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы    7  пайыздан  көп  дауыс 

жинаған болатын. Партиялық тізімді тіркеу туралы қаулы бұқаралық ақпарат 

құралдарында  жариялансын.  Қазақстанның    «Ақ  жол»  демократиялық 

партиясы  атауы  сайлау  бюллетеніне  енгізілсін»,  -  деп  қосты  комиссия 

хатшысы. 

Осыдан  кейін  ҚР  Орталық  сайлау  комиссиясы  мүшелері  сәйкесінше 

қаулыны бірауыздан қабылдады. 


 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» 

халықтық-демократиялық  патриоттық  партиясына  Мәжіліс  депутаттығына 

кандидаттардың куәлігін табыс етті. 

«Әрбір  саяси  партия  үшін  сайлау  алдында  Орталық  сайлау 

комиссиясына  партиялық  тізімін  тіркеуден  өткізу  маңызды  белес  деп 

есептейміз. Себебі, осыдан кейін негізгі жұмыстардың барлығы да басталады. 

Сайлауға  дайындық,  сайлау  бағдарламасын  насихаттау  жұмыстарының 

басталуы  осы  тіркелуге  байланысты  болғандықтан  асыға  күткен  едік. 

Кандидаттарымыздың  барлық  қажетті  құжаттарын  толық  тапсырғанбыз. 

Өткен съезде бекітілген партиялық тізіміміз толығымен тіркелді», - деді ОСК 

отырысынан  кейін  БАҚ  өкілдеріне  сұхбат  берген  «Ауыл»  ХДПП-ның 

төрағасы Әли Бектаев. 

Сонымен  қатар,  ол  алдағы  сайлау  барлық  деңгейде  заң  аясында  әділ 

өтетіндігіне сенетіндіктерін баса атап өтті. 

«Біздің 19 кандидатымыздың барлығы да жоғары білімді. Оның ішінде 

11  азаматтың  ауыл  шаруашылығы  мамандығы  бойынша  білім  алған.  5-еуі 

заңгер  және  экономист.  Олардың  барлығының  да  өмірлік  тәжірибелері  зор. 

Арамызда  бір  мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  5  ғылым  докторы,  3  ғылым 

кандидаты бар», - деді ол. 

«Ауыл» партиясының 397 мыңнан астам мүшесі бар екендігін атап өткен 

ол: «Біздің алдымызда тұрған негізгі бағдарламалық мақсаттардың бірі - ауыл 

шаруашылы және ауыл тұрғындарының болашағы. Ауыл шаруашылығы мен 

агроөнеркәсіп кешенін дамыту экономикамыз үшін де, мемлекетіміз үшін де 

өте  маңызды.  Екіншіден,  ауылдық  жерлердегі  әлеуметтік  мәселелерге  баса 

назар аударуымыз қажет. Осыған байланысты біздің нақты ұсынымыз бар», - 

деді. 

Айта  кетейік,  партиялық  тізімдер  бойынша  сайланатын  Қазақстан 



Республикасы  Парламенті  Мәжілісі  депутаттарының  сайлауын  әзірлеу  мен 

өткізу  жөніндегі  негізгі  іс-шаралардың  Ортсайлауком  бекіткен  күнтізбелік 

жоспарына сәйкес партиялық тізімдерді ұсыну 8 ақпанда, ал тіркеу 19 ақпанда 

аяқталады. 

2016 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға 5 партиялық 

тізім ұсынылып, үшеуі тіркелді. Олар  - «Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» 

ҚДП-ның және «Ауыл» ХДПП-ның партиялық тізімдері. 


 

 

 



АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Қазақстан  коммунистік  халық  партиясының 

сайлауалды штабы бүгін өз жұмысын бастады. 

«Бүгін партиямыздың сайлауалды штабының жұмысын бастай отырып, 

бізге  халықтың  ерекше  үміт  артып  отырғандығын  айтқым  келеді.  ҚР 

Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауына біздің партиямыз тек өзінің бар 

екендігін көрсету үшін ғана қатысып отырған жоқ. Біздің алдымызда тұрған 

басты  мақсат  -  дауыс  берушілеріміздің  мүдделерін  қорғап,  мемлекетіміздің 

ілгері  дамуын  қамтамасыз  ету»,  -  деді  штабтың  құрылуына  орай 

ұйымдастырылған  баспасөз  мәслихатында  партияның  хатшысы  Жамбыл 

Ахметбеков. 

Осы ретте ол алдағы сайлау Коммунистік партия үшін сынақ екендігін, 

одан табысты өту үшін барлық күш-жігерлерін жұмылдыратындықтарын атап 

өтті. 

«Біздің партиямыздың қатарында 103 мың мүше бар. Соның 32 мыңы 



жастар. Біздің мүшелеріміз негізінен Шығыс Қазақстан облысында, оңтүстікте 

және Қостанай мен Ақмола облыстарында тіркелген»,  - деді ол. 

Айта кетерлігі, Қазақстан коммунистік халық партиясының сайлауалды 

штабын басқару Айқын Қоңыровқа жүктеліп отыр. 

 

 

 



АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бірлік» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің 

сайлауына 8 үміткер қосады. Бүгін партияның кезектен  тыс екінші съезінде 

делегаттар 8 адамнан тұратын сайлау тізімін бекітті. 

Өз сөзінде «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның 

53 мың  мүшесі  Қазақстанды  гүлденген,  қуатты  мемлекетке  айналдыру  ісіне 

жұмыла үлес қосуға мүдделі екендігін атап өтті. 

Сонымен партияның сайлау тізіміне мынадай тұлғалар кіріп отыр: 

1. Болат Байқадамов, "Бірлік" партиясы төрағасының орынбасары. 



2. Мурат Қожамқұлов, "Бірлік" партиясының Ақмола облысы бойынша 

филиалының төрағасы. 

3.  Роза  Қуанышбаева,  ҚР  Кәсіподақтары  қауымдастығы  мүлік  және 

активтерді басқару басқармасының бастығы. 

4. Төлеген Қуанышев, "Бірлік" партиясы төрағасының орынбасары. 

5.  Мұрат  Раев,  Қазақ  Гуманитарлық-Заң  университеті  ректорының 

кеңесшісі. 

6. Серік Сұлтанғали, "Бірлік" партиясының төрағасы. 

7. Асқар Сыздықов, "Гранд -ДЮК Қазақстан" ЖШС басшысы. 

8.  Нұрлан  Шаухаманов,  Қызылорда  облысы  "Бейнеу  Шымкент"  газ 

құбыры ЖШС директоры. 

Съез делегаттары кезектен тыс өткелі отырған ҚР Парламент Мәжілісі 

мен  барлық  деңгейдегі  мәслихаттар  сайлауына  қатысу  туралы  қаулыны 

бекітіп, елімізді ең дамыған 30 елдің қатарына қосу жолында аянбай тер төгуге 

дайын екендіктерін жариялады. 

Сонымен қатар Елбасының 5 институционалды реформасын бірауыздан 

қолдау туралы маңызды шешім қабылдады. 

 

 



 

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Бүгін  Орталық  сайлау  комиссиясы  Мәжіліс 



таратылғаннан  кейін  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  және  барлық  деңгейдегі 

мәслихаттар  депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауларын  2016  жылдың  20 

наурызына белгілеу туралы қаулы қабылдаған алғашқы отырысын өткізді. 

Бұдан  басқа,  отырыста  ҚР  Парламенті  Мәжілісі  өкілеттілігінің 

мерзімінен  бұрын  тоқтатылуына  байланысты  Мемлекет  басшысының 

Жарлығымен  тағайындалған  Парламент  Мәжілісі  және  мәслиxаттар 

депутаттарының  сайлауларын  дайындау  және  өткізу  күнтізбелік  жоспары, 

сондай-ақ  осы  сайлау  науқандарын  ұйымдастыруға  қажетті  сайлау 

құжаттарының үлгілері бекітілді.   

«Сайлау  науқанының  барлық  негізгі  кезеңдерін  біз  Заң  нормаларына 



сәйкестендірдік», - деді ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал