Р. Е. Жандилдина аға оқытушы, магистр



жүктеу 63.48 Kb.

Дата30.05.2017
өлшемі63.48 Kb.

221 

Жұмекен  Нәжімеденовтың  поэзиясына  талдау  жасай  отырып, 

табиғат  көрінісін  ерекше  құбылыстармен  жан  бітіріп,  кейіптеу  тәсілдері 

арқылы  өрнекті  ой  түйе  білгеніне  көз  жеткіземіз.  «Поэзия  тілі  көркем 

мағына  мен  ассоциациялық-эстетикалық  байланыстар  жүйесіне,  стильдік 

бояу-нақыштар  мен  музыкалы  үнге  құрылады.  Поэзия  тілі  –  бейнелі, 

мәнерлі, нұрдай таза мөлдір тіл» [5,33]. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: Ағымдар мен әдістер. – Қарағанды , 2009. 

2.  Нәжімеденов Ж. Алтын қалам.- Алматы: «Ән-Арыс» баспасы, 2010. 

3.  Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  –  Алматы:  «Аруна  LLd» 

ЖСШ, 2010. 

4.  Нәжімеденов Ж. 2 том. – Алматы: «Жазушы», 2010. 

5.  Алпысбаев.Қ. Көркем шығарманы талдау. – Алматы,1995. 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ АКЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУДА 



МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

Р.Е. Жандилдина 

аға оқытушы, магистр 

Қ.Жылқыбаева 

студент 

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ 

Арқалық, Қазақстан 

 

Аннотация.  Возможности  педагогики  Монтессории  развивает  ум  детей 

дошкольного возраста. Педагогика Монтессории обеспечивает полную свободу детей 

в группе. Педагогику Монтессории важно разработать с раннего возраста. В системе 

образования Монтессории должны соблюдаться основные принципы. 

В педагогике Монтессории учитывается  роль педагога. 

Abstract.  The  possibilities  of  pedagogy  Montessori  develops  the  mind  of  children  

of  preschool  age.  Education  Montessori  obespeçïvaet  polnwyu  svobodw  children  in  the 

group.  It  is  important  to  develop  an  early  age  Montessori  pedagogics.  Stored  in  the  basic 

principles of the Montessori educational system. The role of pedagogy Montessori teacher. 

 

 

Ұрпақ  болашағы  –  тәрбие  мен  білімде.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаевтың 

халыққа 

Жолдауында 

«Кішкентай 

бүлдіршіндердің  дамуына  ықпал  ететін  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы 

сатысы  ретіндегі  мектепке  дейінгі  білім  беруге  баса  назар  аударған  жөн 

және  бұл  сатыны  олардың  шығармашылық  және  интеллектуалдық 

қабілеттерін  дамытуға  арналған  тиімді  бағдарламалармен  қамтамасыз  ету 

қажет.  Әрбір  балалардың  білім  алуға,  еңбекке  және  қоршаған  ортаға 

бейімі, 

қарым-қатынасы 

нақ 

осы 


кезеңде 

қаланатынын 

естен 

шығармауымыз керек» - деп айтылған [1.65б.]. 



М.Монтессори педагогикасы негізінде ақыл-ойды дамыту – баланың 

жасына,  тәжірибенің  молаюы  мен  тәрбиелік  ықпалдардың  әсеріне 

байланысты  ойлау  әрекетінде  пайда  болатын  сан  және  сапалық 


222 

өзгерістердің  жиынтығы.  Мектепке  дейінгі  шақта  білімнің  қорлануы 

шапшаң  қарқынмен  жүргізіледі,  таным  процестері  жетіледі,  бала  ақыл-ой 

әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектепке дейінгі баланың ақыл-

ой  дамуын  қамтамасыз  етудің  оның  барлық  кейінгі  іс-  әрекеті  үшін  зор 

маңызы бар. 

Баланың  ақыл-ойын  дамыту  әлеуметтік  ортаның  ықпалымен  жүзеге 

асырылады.  Ол  айналадағылармен  араласу  процесінде    тілді,  сонымен 

бірге  қалыптасқан  ұғымдар  жүйесін  меңгерді.  Соның    нәтижесінде 

мектепке  дейінгі  бала  тілді  меңгеріп  алатындығы  сондай,  оны  қарым-

қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады. 

Мектепке  дейінгі  баланың  акыл-ойының    амуы  алғашында  қарым-

қатынаста,  заттық  әрекеттерде,  ал  сонан  соң  оқу,  еңбек,  өнімді  жұмыс 

(сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады. 

Ақыл-ойдың  неғұрлым  тиімді  дамуы  оқыту  және  тәрбиелену 

ықпалымен жүргізіледі. 

Қазіргі  М.Монтессори  педагогикасында  ақыл-ой  дамуының  негізгі 

көрсеткіштері  –  білімдер  жүйесін  игеру,  олардың  қорын  жинау,  

шығармашылық  ойды  дамыту  және  жаңа  білімдер  алуға  қажетті  кызмет 

әдістерін меңгеру деп есептейді. 

М.Монтессори  жүйесі  дәстүрлі  педагогикадан  мүлдем  ерекшеленеді 

және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы 

келмейді.  Сонымен  қатар,  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты 

бойынша 

«Денсаулық», 

«Қатынас», 

«Таным», 

«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» деп аталатын 5 білім беру салалары 

бойынша  ортаны  ұйымдастыру  қарастырылған.  Бұл  білім  беру  салалары 

М.Монтессоридің  әдістемесі  бойынша  ортаны  ұйымдастыруымен  үндес 

болып келеді. 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  бойынша 

«Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Шығармашылық»,  «Әлеуметтік 

орта» салаларымен тығыз байланысты. 

М.Монтессори педагогикасының ерекшеліктері: 

- Монтессори 

педагогикасында 

ерте 

жастан 


дамытудың 

маңыздылығы  ескерілген; 

- М.Монтессоридің  педагогикалық  әдісін  түсіну  және  қолдану 

ерекшелігі; 

- М.Монтессоридің  педагогикалық  жүйесінің  негізгі  қағидаларының 

сақталуы; 

- М.Монтессори педагогикасындағы педагогтың ролі; 

- М.Монтессори  педагогикасында  арнайы  дамытушы  аймақтарының 

құрылуы және дидактикалық материалдарды пайдалануы; 

- М.Монтессори  педагогикасының  топта  балаларға  толық  еркіндікті 

ұсынуы. 

«Бар  жақсы  балаларға  дей  отырып»,  М.Монтессоридің  қалдырып 

кеткен  дәйек  сөзін  еске  аламыз:  «Жас  ұрпақтан  мықты,  күшті  тұлғалар 

тәрбиелеп  шығаруымыз  міндет,  ал  мықты  адамдар  деп  −  біз  өзіне  сенімді, 

тәуелсіз  тұлғаны  айта  аламыз».  Өз-өзіне  сенімді,  тәуелсіз,  өзін  сыйлайтын 


223 

тұлға  тәрбиелеу  М.Монтессоридің  алға  қойған  мақсаты.  М.Монтессори 

педагогикасының  ерекшелігі  балаға  деген  көзқарас  пен  қарым-қатынас. 

Қайталанбайтын  өзіндік  көзқарасы,  алға  қойған  мақсат-мүддесі  бар  тұлға 

ретінде қарау. М.Монтессори өзінің педагогикалық жүйесін бала табиғатына 

байланысты құрды. Баланың өсіп жетілуіне не қажет? Оның қажеттілігі өзіне 

қызмет  атқаруға  деген  ұмтылыс  екендігінде  екені  өзі  ашқан  мектептерінде 

дәлелдеп  берген.  Монтессоридің  пікірінше,бала  анасының  көкірегінен 

ажыраған күнді  өзіндік қызметке көшудің басы, - деп есептейді. Сондықтан 

сол өмірге бейімдеу Монтессори ортасында іске асады. 

Монтессори 

әдістемесі 

әрбір 

тәрбиеленушіге 



деген 

даралы 


тәсілдемеге  негізделген.Бұған  сәйкес,  балдырғандар  мен  бүлдіршіндер 

дидактикалық 

материалдар 

мен 


ұйымдастырылған 

оқу 


іс-әрекеті 

ұзақтығын  әрдайым  өздері  таңдай  отырып,  өзіндік  ағыммен  ырғақта 

дамиды.  Ең  бастысы  М.Монтессори  педагогикасының  ерекшелігі  −  бала 

өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды. Ата-аналар мен педагогтар бұл 

үрдісте  қараушы  рөлін  ойнайды,  сезгіш  және  ықыласты  болады,  олар  жас 

зерттеушіні түсіну үшін лайықты шарттар жасау керек [2.74б.]. 

Мектепке  дейінгі  ұйымда  баланың  әртүрлі  іс-әрекет  салалары  тек 

қана  балаларда  емес,  олардың  ата-аналар  алдында  үлкен  танымалдығын 

білдіреді. Мектеп жасына дейінгі баланың еркін жұмыс жасауы санау, оқу, 

ойын әрекеттерінде көрініс табады. 

Әрине,  балабақшада  балалар  тек  қана  күнде  жаңа  материалмен 

таныса  бермейді.  Балалардың  қатысуларымен  өте  қызықты  мерекелер, 

ойын-сауық кештері ұйымдастырылады. Бірақ, еңбек пен балалардың ойын 

әрекеттерін ажырата алған жөн. Айтар болсақ, балабақшадағы тәрбиешілер 

өте  тәжірибелі  педагогтар,  олар  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  үнемі 

жаңа  нәрселерге  үйретеді,  өздері  әртүрлі  мерекелерді  ойлап  табады, 

балалармен жұмысты қызықты формаларда жүргізеді. 

М.Монтессори  педагогикасында  балалар  өз  ойын  білдіру  саласында 

барынша  көп  еркіндік  алады,  мектепке  дайындық  мерзімде  жеңіл  өтеді.  

Ең  бастысы,  олар  өздік  түрде  білім  алады  және  олардың  құмарлықтарын 

тоқтата  алмайсың.  Әрине,  мұнда  ең  маңызды  рөлді  тәрбиешілер  мен  ата-

аналар  ойнайды,  олар  баланың  ерекшілігін  қабылдау  үшін  тілектестік 

атмосфера 

жасаулары 

қажет. 

Баланың 


ерекшілік 

қасиеттерін 

бастапқылыққа қойып нақты тұлғаны тәрбиелеуге болады [3.41б.]. 

Мария  Монтессори  италияндық  дәрігер  әйел.  Бұл  жүйені  осыдан  

100  жыл  бұрын  сол  ойлап  тапқандықтан,  соның  атымен  аталады.  Қазіргі 

кезде  Монтессори  жүйесін  146  мемлекет  қолданады.  Бұл  жүйе  бойынша  

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық 

ойлау  қабілетін,  есте  сақтауды,  сөйлеуді,  елестетуді,  қимылды  дамытады. 

Оның негізгі қағидасы – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту 

және  баламен  дербес  тіл  табысуға  негізделген  жаттығуларды  таңдап  алу. 

Мұнда  бала  дидактикалық  материалдар  мен  сабақ  уақытының  ұзақтығын 

өзі  таңдайтын болғандықтан  оқытудың  ерекшеліктері бар. Сондай-ақ  олар 

өз  қателіктерін  өздері  көріп,  соны  өздері  түзеп  отырады.  Монтессори 

әдістемесінің  маңызды  ерекшелігі  –  баланың  жеке  қабілетін  көрсете 



224 

алатын  және  көрсеткісі  келетін  арнайы  ортаны  құру.  Бұл  Монтессори 

ортасы  деп  аталады.  Бұл  ортада  психологиялық  жайлылық,  таңдау 

еріктілігі және тәрбиешінің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. 

М.Монтессори 

педагогикасы 

арқылы 

мектеп 


жасына 

дейінгі 


балалардың  ақыл-ойының  дамытудың 

мақсаты  − 

балалардың  зейінін,  ойлау, 

зерде  үрдістерін  дамыту,  қиялдарын  ұштау,  тапқырлыққа  жетелеу,  қызықты 

ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  жұмысы  балабақшада 

өтілетін  барлық  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  (көркем  әдебиет, 

сауат  ашу,  сурет,  қарапайым  математика,  музыка,  дене  шынықтыру  және 

т.б.)  баланың  жасына  қарай  жүргізіледі.  Мысалы,  «Жазда  балабақша 

ауласында»,  «Жайлауға  саяхат»,  «Шопан  ата  қонақта»,  «Ыдыс  дүкені», 

«Мектеп»,  «Мұғалім»,  «Дәрігер»  және  т.б.  шығармашылық  ойындар 

өткізіледі.  Бұл  ойындарға  қажетті  материалдарды  тәрбиешілер  дайындап, 

балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі-түсті 

кәмпит,  нан,  тоқаш,  құрт,  ыдыс-аяқ,  «Жайлау»  ойыны  үшін  жасалған  киіз 

үй,  үй  мүліктері,  төсек-орын,  көрпе  жастық,  кілем,  алаша  −  балалардың 

бұрын  үйренген  сөздердің  дұрыс  айтуға,  бір-бірімен  сөйлесіп,  пікір 

алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  ақыл-ойын  тәрбиелеуді  дұрыс 

ұйымдастыру  үшін  олардың  ақыл-ой  дамуының  заңдылықтары  мен 

мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой  тәрбиесінің 

міндеттері,  мазмұны,  ұйымдастырылуы  мен  әдістері  белгіленеді.  Кеңестік 

психология  мен  педагогика  ақыл-ой  тәрбиесі  міндеттерін  тиімді  шешу 

жолдарын  бір  жағынан,  баланың  мүмкіндігін  барынша  пайдалану  және 

екіншіден,  ағзаны  жалпы  қажытатын  тыс  міндеттер  жүктеуді  болдырмау 

үшін  мектепке  дейнгі  шақтағы  ақыл-ой  дамуының  мүмкіндіктері  мен 

заңдылықтарын  зерттеумен  шұғылданады. 

Монтессори  әдісінің  мәні  −  баланы  өзін-өзі  тәрбиелеу,  өзін-өзі  оқыту, 

өзін-өзі  дамытуға  бағытталған.  Бұл  педагогикалық  жүйеде  адамның  еркіндігі 

мен қадір қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді. Тәрбие 

үдерісіне  қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі  –  баланың  рухани  еркіндігіне 

құрметпен  қарау.  М.Монтессори  үшін  адамның  рухани  дамуы  оның 

психикалық  және  физикалық  дамуымен  тығыз  байланысты.  Монтессори 

саналылық  пен  ойлаушылық  қабілетінің  дамуы  үшін  сезім  мүшелері 

қабылдауының, қозғалыс дамуының маңыздылығын үнемі көрсетіп отырды. 

Жас  ұрпақ  тәрбиесі  сияқты  үлкен  міндетті  шешуге  мектепке  дейінгі 

қоғамдық  тәрбиенің  орны  ерекше.  Олар  өмір  есігін  жаңа  ғана  ашқан  жас 

буындар  денесінің,  ақыл-ойының,  сана-сезімінің  дамуына,  адамгершілік 

қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. 

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын 

мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту 

және  тәрбиелеу  мәселесіне  ерекше  мән  берілуде,  себебі  осы  кезеңде 

балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. 

 

 



225 

Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі  тәрбие мен білім беру − бүгінгі 

күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі 

дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой-өрісінің  кеңеюі  балабақша 

қабырғасында басталатыны сөзсіз 

Қай  кезеңде  болмасын  балабақшада  Монтессори  әдісі  еш  уақытта 

орнын  жоғалтқан  емес.  Бала  табиғатында  білуге  құмар,  тумысынан-ақ 

өсуге,  жетілуге  ұмтылысы  басым.  Сондықтан  да  қарқынмен  дамып  бара 

жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық 

мінезді  сақтай  отырып,  бала  тәрбиесінің  әдістерін  тынбай  ізденіп,  жиі 

жаңартып отыруы заңды құбылыс[4.12б.]. 

М.Монтессори  технологиясы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға 

жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де 

жұмыс  жасай  алуына,  таңдау  жасай  алуына,  өз  уақытын  ұйымдастыра 

білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді. 

Әр  заманның  ұсынары  бар  және  қалай  болғанда  да  заман  ағымынан 

қалмай,  ілгері  жүру  –  ұлы  мұрат.  Қазіргі  заманда  білім  беру  әлемдік 

құрылымның маңызды элементінің біріне айналады. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  ҚР  МЖМБС  №499  бұйрығына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. - Астана қ., 2016 ж. 

2.  Баймұратова 

Б.Б., 

Сәтімбекова 



М.С., 

Жұмабекова 

Ф.Н. 

Балбөбек 



бағдарламасы.- Алматы: Шартарап, 2000. 

3.  Методика  раннего  развития  Марии  Монтессори.  От  6  месяцев  до  6  лет: 

Дмитриева В.Г. − Санкт-Петербург: Эксмо, 2008 г. 

4.  Учим  буквы  по  методике  Монтессори:  Мари-Элен  Пляс  −  Санкт-Петербург, 

Клевер-Медиа-Групп, 2014 г. 

 

 



БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ  

ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Б.Е. Бәйкен  

магистр, 

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ 

Арқалық, Қазақстан 

 

Аннотация.Формирование  компетентности  через  познавательных  интересов 

детей. Опыт ребенка постепенно пополняется и развивается разными видами знаний. 

Задача  компетенции:  развитие  детского  саморазвития.  Будущее  поколение  является 

активным  членом  общества  в  будущем.  При  компетентности  ребенок  усваивает 

навыки, умение и знания. 

Ключевые  слова.  Компетентность,  позновательный  интерес,  индивидуальная 

способность. 

Abstract.  Competence  through  the  formation  of  cognitive  interests  of  children. 

Childrens' experience postepenno popolnyaetsya and razvïvaetsya raznımï vïdamï knowledge. 

Task  Competence:  Development  detskogo  samorazvïtïya.  Future  generation  GX  aktïvnım 

çlenom  society  bwdwşçem.  When  kompetentnostï  rebenok  wsvaïvaet  navıkï  wmenïe  and 

knowledge. 

Keywords.

 

Сompetence, cognitive interest, the individual's ability. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал