Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы



жүктеу 63.39 Kb.

бет1/12
Дата10.03.2017
өлшемі63.39 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Р е д а к ц и я   а л қ а с ы
Редакция алқасының төрағасы
Данияр ТАУМҰРАТ 
Бас редкатор
Талғат МАМАШЕВ
Жауапты хатшы
Жанар ЖАНАПИЯНОВА
Өмірзақ АЙТБАЕВ
Ғарифолла ЕСІМ
Мұхтар ШАХАНОВ
Нұргелді УӘЛИҰЛЫ
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ
Орынай ЖҰБАЕВА
Әбдіуақап ҚАРА (Түркия)
Жапарбай ШАДҚАМ (Иран)
Сұраған РАХМЕТ (Моңғолия)
Әбдуислам ТҰРСЫНБАЕВ (Мәскеу) 
Назарбек БАЙЖІГІТОВ (Қырғызстан)
Меллат РӘМЕТҰЛЫ (Қытай)
Тұрдыбай ҚАЛДЫБАЕВ 
(Өзбекстан)
МЕНШІК ИЕСІ: Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту 
және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
Альманах Қазақстан Республикасының 
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 
Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтіп,
2007 жылғы 23 шілдеде № 8514-А куәлігі берілген.
ТУҒАН ТІЛ № 2 (21), 2014
ЕЛАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ,
ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ АЛЬМАНАХ

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛАҒАТТЫ ӘҢГІМЕ 

БЕС БЕЛЕС БИІГІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ  23
 
 
28
М. МАҚАТАЕВТЫҢ КӨРКЕМДІК ДИСКУРС ӘЛЕМІ  
32
ӨСКЕМЕНДЕГІ ОТАНДАСТАР ФОРУМЫ 
38 
ТУРКИЯДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ 
43
Türkiyadaği kІşІ qwrilTay 
48
АРМАНЫҢ ОРЫНДАЛДЫ БАТЫР БАБА 
52 
БАЙ ӨЛКЕДЕГІ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ ЗОР ОҚИҒА 
54 
Bay-ÖlkedegІ  Tarihi Tağilimi zor oqiğa 
64
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АЙТЫЛЫМ ӨЛШЕМІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ТІЛ 
72
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ – АРҚА СҮЙЕР АЙБЫНЫМЫЗ 
80
«ДОСТИЖЕНИЯ КАЗАХСТАНА – НАША ГОРДОСТЬ» 
85
ТҰЛПАР БОЙ ЖАСЫРАДЫ... 
90 
ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ 
96
КҮЙ   
98
М А З М Ұ Н Ы
 

 

Құрметті оқырман!
Қолдарыңыздағы  альманахтың  алғашқы  беттері  Елбасының 
Ұлытау  төріндегі  сұхбатымен  ашылып  отыр.    Ел  бірлігі  мен 
ынтымағының  тарихи  алтын  бастауы  болған  қасиетті  мекенде 
осынау  әңгіме-сұхбаттың  өткізілгеніне  біршама  уақыт  болса  да 
оның маңыздылығы күн санап артуда. Ол қазақ қоғамы өмірінде 
айтарлықтай  серпіліс  тудырып,  өткен  тарихымызды  тағы  да  бір 
ой  сарабына  салып  безбендеуге,  алдағы  жүрер  жолымызды 
айқындап алуға мүмкіндік тудыратын ұлағатты да бағдарламалық 
құжат ретінде оқырмандарға ұсынылып отыр. Альманахтың бұл 
санында  оқырмандардың  танымдық  көкжиегін  кеңейте  беру 
үшін берілген басқа да маңызды материалдар жоқ емес.   Соның 
бірі  –  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кеңесшісі  Мұхтар 
Құл-Мұхаммед  ұйымдастырған  Ұлттық  Ғылым  академиясының 
жетекші  ғалымдарының  сұхбаты.    Айтулы  ғалымдарымыздың 
ана  тіліміз  бен  ел  тарихына  қатысты  пікірлерін  ғана  ықшамдап, 
өз  оқырмандарымызға  ұсындық.  Ал,  ғалымдардың  сұхбатын 
толық  оқимын  деген  оқырманға  «Егемен  Қазақстан»  газетінің 
ғаламтордағы  сайтына  көз  салған  жөн  екенін  ескерткіміз 
келеді.  Үстіміздегі  жылы  елін  жаудан  қорғаған  баһадүр  батыр 
бабаларымыздың  бірі,  бірегейі  Ер  Жәнібектің  300  жылдығы 
елімізде  кеңінен  аталып  жатқаны  белгілі.  Бұл  айтулы  халықтық 
мерекеден, батыр бейнесін ұлықтаудан «Туған тіл» альманағы да 
тыс қала алмасы белгілі. Альманахта жарық көрген Ер Жәнібекке 
арналған толғау мен Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өткен 
іс-шара ның  оқырмандарымыз  үшін  де  қызықты  болары  дау 
туғызбайды. Бұл нөмірден Түркиядағы кіші құрылтай мен Өскемен 
қаласында  өткен  «Отандастар  форумы»  туралы  да  макаланы 
оқи  аласыздар.  Және  биыл  халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамына  
25  жыл  толып  отыр.  Осыған  орай  «Қазақ  тілі»  қоғамының 
президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлының «Бес белес биігінде» 
атты мақаласы беріліп, онда  қазақ тілін мемлекеттік  тіл ретінде 
қалай  бекітіп,    Ата  заңымызға  қалай  енгізілгені,  ел  өміріндегі 
маңызды іс төңірегінде түрліше көңіл-күй қалыптасқаны туралы 
естелікті  оқырманның  ой-сарабына  ұсындық.  Алғысөзде 
альманахта берілген мақалалардың барлығын сараптап шығуды 
мақсат тұтқаным жоқ, алайда, жарияланған дүниелердің бәрі де 
талғамы жоғары оқырманның ойынынан шығады деген үміттемін. 
Әлемдегі  барлық  Қазақтың  амандығын  тілей  отырып,  келер 
жыл баршамызға тек жақсылық әкелсін, демекпін!                    
Алғы сөз
Талғат
МАМАШЕВ, 
«Туған тіл» альманағының 
Бас редакторы

4
–  Құрметті  Нұрсұлтан  Әбішұлы, 
бүгін  Жезқазған  өңіріне  келіп,  тек 
аймақ  үшін  ғана  емес,  жалпы  еліміз 
үшін  стратегиялық  тұрғыдан  аса 
маңызды  «Жезқазған  –  Бейнеу»  және 
«Арқалық  –  Шұбаркөл»  теміржол 
магистральдарының тұсауын кестіңіз. 
Бұл – біздің ел үшін шын мәніндегі та-
рихи оқиға. Енді осы сапар ауқымында 
Қазақ елінің рухани орталықтарының 
бірі  –  қасиетті  Ұлытау  жеріне  арнайы 
атбасын  бұрып  отырсыз.  Кезінде 
ақын  Қадыр  Мырза  Әлі  айтқандай, 
біздің елдің «тарихы қалың». Ендеше, 
сол  тарихымыздан,  әсіресе,  қазір  біз 
әңгімелесіп  отырған  Ұлытауға  бай-
ланысты  тарихымыздан  халқымыз 
қандай тағылым алуы керек?
–  Біріншіден,  Жезқазған  жерінде 
үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. 
ҰлыТАу ТөріНдЕгі 
ҰлАғАТТы ӘңгіМЕ
Қазақстан Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты
Елбасы Н. Назарбаев үстіміздегі жылдың 25 тамызында Жезқазған 
өңіріне барып, еліміздің экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігі 
үшін  аса  маңызды  «Жезқазған  –  Бейнеу»  және  «Арқалық  –  Шұбаркөл» 
теміржол  магистральдарының  тұсауын  кесті.  Осы  сапарында  ол 
Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне 
арнайы  атбасын  бұрып,  Әулиебұлақтың  жанында  отырып,  қазақ 
халқының  өткені  мен  бүгіні  және  болашағы  жайында  ой  қозғады. 
Мемлекетіміздің қалыптасу жолы, дін мен тіл, мәдениет пен ғылым 
мәселелері  жөнінде  келелі  пікір  білдерген  Елбасының  сол  сұхбатын 
назарларыңызға ұсынып отырмыз. 
Қазақс
тан – 
2050

5
Бұл  –  Жезқазған  өңірінен  ғұлама  ғалым 
Қаныш  Сәтбаевтың  мыс  кенін  табуымен 
және Жезқазған қаласының орнығуымен 
сабақтас  нәрсе.  Қазір  арада  50-60  жыл 
өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алын-
ды.  Жер  қойнауындағы  байлықтың  тау-
сылатын  кезі  болады.  Жезқазғанның 
төңірегіндегі  мыс  кені  де  таусылып, 
қаланың  жағдайы  нашарлай  бастады. 
Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында 
әрбір  кен  орны,  әрбір  электр  стансасы 
төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді 
мына  жердегі  жұмыс  ауқымы  біткеннен 
кейін  халық  не  істерін  білмей  қалды. 
Жезқазғанның 
теміржол 
тұйығында 
тұрғаны  бәрімізді  әр  уақытта  қинайтын 
еді.  Екіншіден,  Кеңес  Одағы  кезінде 
барлық  теміржол  Ресейге  қарай  салын-
ды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен 
қатыстыратын  жол  салынған  жоқ.  Ол 
Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай 
жоспарына  кірмеді.  Қазақстанды  ешкім 
ойламады.  Енді,  міне,  еліміздің  эконо-
микасы  ілгерілеп,  500  миллиард  теңге 
ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін 
осындай 1200 шақырымдық теміржол са-
лынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. 
Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда 
пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен 
ұшып  келе  жатқанда  өзің  көрдің,  тақыр 
даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол 
тақыр  далада  ел  тұрмайды.  Себебі,  онда  
жұмыс  та  жоқ,  шаруашылық  та  жоқ.  Ал 
теміржол  төрт  облыстың  бірнеше  ауда-
нына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың 
бойынан  жұмыс  табылады.  Жұмыс 
болғаннан  кейін  кенттер  бой  көтереді. 
Халық қоңданады, даламызды ел жайлай-
ды.  Экономикалық  жағы  өз  алдына  бір 
мәселе.
Комбинаттың  жұмысын  ұзарту  үшін 
былай  істейді.  Жердің  астында  қалған 
«целиктер»  болады.  Шахтаның  төбесін 
ұстап  тұру  үшін  жер  қойнауына  үлкен-
үлкен кенді қалдырып қояды. Сол кеннің 
ішінде  мыстың  бай  қоры  жатыр.  Оны 
алайын  десең,  үстінде  тұрған  ауылдар 
бар. Ол ауылдарды көшірмесе, «целикті» 
алған  кезде  ойдым-ойдым  жермен  бірге 
төмен  түсіп  кету  қаупі  төнеді.  Сол  үшін 
мемлекет  250  миллион  қаржы  шығарып, 
жұпыны үйлерде тұратын 6 мың халықты 
жақсы  үйлерге  көшіріп,  астындағы  кенді 
алады.  Кеннің  өзінің  200  миллион  тон-
на рудасы болса, содан 2 миллион тонна 
мыс  шықса,  комбинат  үшін  20-30  жылға 
жұмыс  табылады  деген  сөз.  Одан  кейін 
барлау  жұмыстары  жүрер  болса,  жұмыс 
орны  көбейе  береді.  Сондықтан  мұның 
маңызы өте үлкен.
Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте 
қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің 
тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының 
қай  шетіне  барсаң  да,  осындай  қасиетті 
жерлер  табылады.  Шығысқа  барсаң  – 
Берел  қорғаны  бар,  Орталыққа  келсең 
–  қалмақтармен  соғысқан  Аңырақай 
шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң 
–  Алтын  Орданың  хандары  тұрған 
Сарайшық  сияқты  қасиетті  мекен  бар, 
Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. 
Қазақстанда осындай қасиетті жерлер 
көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. 
Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз 
өз  тарихымызды  жаңадан  игеріп,  біліп 
жатқан  елміз.  Қазақтың  тарихы  өте  бай. 
Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. 
Тарих  жылы  деген  жылды  жарияладық. 
Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ 
тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. 
Қазақтың  көп  дүниелері  атадан  балаға 
ауызекі түрде беріліп келген.
Біздің  елдігіміз,  қазақ  жұртының  арғы 
түбі  ғұндардан  басталады.  Ғұндардан 
кейін  көк  түріктерге  жалғасады.  Одан 
кейін  Алтын  Орда  орнығады.  Сөйтіп, 
хандық  дәуірге  ұласып,  кейін  біртіндеп 
Тәуелсіздікке  келіп  тіреледі.  Осындай 
Қазақс
тан – 
2050

6
үлкен  тарихымыз  бар.  Жастарымыз  мұны 
білуі  керек.  Біз  кеше  ғана  пайда  бола 
қалған халық емеспіз. Бұл – жаңағы айтқан 
ғұндардың  да,  көк  түріктердің  де,  Алтын 
Орданың  да  орталығы  болған  жер.  Өзінің 
тұрған жері – Қазақстанның кіндік ортасы. 
Мұнда  тұрған  тау  –  аумағы  200  шақырым 
қырат-қырат таулар. Ең биігі – Әулиеата деп 
аталады. 1100 метр. Одан ағып жатқан мына 
біз  маңында  отырған  бұлақ  –  Әулиебұлақ 
деп  аталады.  Осының  бәрін  ата-баба-
мыз бекер атамаған ғой. Жаздың күні осы 
жерді  жайлаған  қазақ  малын  Ұлытаудың 
етегіне  айдап  келеді.  Батыстан  да, 
Оңтүстіктен де, Солтүстіктен де, Шығыстан 
да  ағылады.  Мына  таудан  бұлақ  ағады, 
төңірегі  жайылымға  қолайлы.  Мыңдаған, 
миллиондаған  мал  жатса  да  көрінбейтін 
шүйгін дала болған. Бар қазақ жан-жақтан 
келген соң киіз үй тігеді, ат шаптырып, той 
жасайды. Осы жерде қыз ұзатады, баласын 
үйлендіреді.  Бір-бірімен  құда  болып  тара-
сады.  Мына  елдің  қызы  былай  кетеді,  ана 
елдің жігіті мына жақтан қыз алады. Еліміз 
осылай араласады. Қазақтың кең даласын-
да  диалект  сөздің  жоқтығы  содан  деп  ой-
лаймын. Батыс Қазақстанды, Атырау облы-
сы мен Шығыс Қазақстанды, Оңтүстікті алып 
қарасақ,  барлық  әдет-ғұрпымыз,  баланың 
тууы, қыз ұзату, үйлену тойы, сүндет тойы, 
өлгендерді  жерлеу  салты  бір-бірімен 
үндес.  Мысалы,  Қытайдың  солтүстігі  мен 
оңтүстігінің,  батысы  мен  шығысының  ара-
сы біздегі сияқты 3 мың шақырым болса да, 
Пекиннің адамы оңтүстіктің тілін түсінбейді. 
Бізде олай емес.
Ұлытаудың  қасиеті  осындай.  Кең 
байтақ  жерде  қазіргідей  ұшақ,  теміржол, 
автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектес-
кенше  не  заман?  Әрқайсысы  өзін  өзі 
сақтап қалу керек болды. Сондай заман-
дар  өткен.  Мысалы,  Отан  деген  үлкен 
ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам 
баласы  алдымен  өзінің  шаңырағын  ой-
лайды.  Әкеңді,  шешеңді,  бауырларыңды, 
балаларыңды,  немерелеріңді  ойлайсың. 
Сол  жүрекпен,  сол  тілекпен  Отаныңды 
қорғайсың. Сондықтан, тарихыңды білген 
жөн  болады.  Тарихын  білмеген  ұлттың 
болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет 
үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол 
дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан, 
тарихымызды  таныту  үшін  қазір  көп 
нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың 
куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек.
Кезінде  мен  астана  болатын  жер 
іздегенде  Ұлытауды  көрейін  деп  әдейі 
келдім.  Қазақ  жерінің  нағыз  орта  тұсы 
екені  рас.  Бірақ,  қазіргі  заман  талабы-
мен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не 
әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге 
қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір 
елдің  ордасына  лайықты  жер  емес-ті. 
Бірақ,  қасиетті  мекен  ретінде  бағалана 
береді.  Міне,  теміржол,  басқа  да  жол-
дар  салынып  жатыр.  Келешекте  туризм 
орталығы  болып,  халқымыз  келіп  тәу 
ететін  қастерлі  жер  болып  қала  береді. 
Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп 
те  айтады.  Жошының  қазасын  естірткен 
кезде  «Ақсақ  құлан»  деген  күй  шыққан. 
Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани 
білуіміз керек.
–  Сіз  айтып  өткендей,  қасиетті 
Ұлытау  жеріндегі  ерекше  аура,  ерек-
ше  жағдай,  шынын  айтқанда,  маған 
да  сезіліп  тұр.  Тәуелсіздік  жылдарын-
да  біз  рухани  құндылықтарымызбен 
қайта  қауыштық.  өзіңіздің  руханият, 
мәдениетке  деген  ерекше  қамқор­
лығыңыздың  арқасында  халқымыз 
туған тілімен, дінімен, дәстүрімен қайта 
табысты. Алайда, жастар арасында ата 
дінді  дұрыс  түсінбей,  бұрмалап,  оны 
әртүрлі мағынада ұғатындар жеткілікті. 
Осы ретте еліміздің болашақ дамуында 
діннің  алар  маңызы  қандай  болуы  ке-
рек деп ойлайсыз?
Қазақс
тан – 
2050

7
– Біз, жалпы, діннен де, тілден де айы-
рыла жаздаған елміз. Кеңес Одағы кезінде 
тікелей  орыстандыру  саясаты  жүргізілді. 
Қазақтың тілі бір шоғыр қазақтардың тілі 
болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге ке-
рек болады? Қазақтың шекарасынан асып 
шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? 
Бір  жағынан  алып  қарағанда  оның  жөні 
бар.  Біз  еліміз  үшін,  жұртымыз  үшін  та-
рихымызды,  мәдениетімізді,  санамызды, 
ғұрпымызды өзіміздің тіліміз арқылы ғана 
жеткізе аламыз. Қазақтың кейбір сөз ора-
лымдарын,  Абайдың  сөз  өрнегін  басқа 
тілге,  мәселен,  орысшаға,  ағылшыншаға 
аударып  көрші.  Ол  мүмкін  емес.  Себебі,    
тілдің  өз  қасиеті  бар.  Сондықтан,  тіл 
жоғалатын болса, сол қасиет те жоғалады. 
Сол  сияқты  біз  тәуелсіздік  жылдарында 
дінімізге қайта оралып жатырмыз. Қарап 
отырсаң,  қазақ  ешқашан  дінінен  айры-
лып  көрген  емес.  Ешқандай  уақыт  үзілісі 
болмағандай,  дінімен  қайта  қауышты 
да,  әрі  қарай  жалғастырып  жүре  берді. 
Бұрынғыдай  қорықпай,  жасқанбай,  дінге 
бас иіп, Құдайға құлшылық етіп, мешіттер 
салып  жатырмыз.  Қаншама  азаматтар-
ды  –  білімді,  дінді  насихаттайтын  мол-
даларды  дайындап  келеміз.  Осының 
барлығы дұрыс қой, дініміз де, дәстүріміз 
де  қазаққа  керек,  әрине.  Дегенмен,  тек 
біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген 
басқа  елдердің  жағдайы  мүшкіл  болды. 
Мысалы, бір мұсылманның ішінен сүннит 
пен шиит болып бөлініп, қан төгіп жатқан 
халықтар қаншама? Бір діннің ішінде өзара 
ұғыспай,  ағымдармен  келіспей,  соғысып 
жатқан  католиктер  қаншама?  Сондықтан 
біз абайлауымыз керек. Біздің дініміз ке-
ремет,  басқа  діндердің  керегі  жоқ  деме-
ген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. 
Бірақ,  басқаны  да  үйренуіміз,  білуіміз, 
сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда 
мұсылманның діні де құрметтелетін бола-
ды.  Дінге  бас  ұрып  жүріп,  біз  оның  теріс 
жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян 
келтіретін  дін  ағымдары  бар.  Қан  төгіп, 
Қазақс
тан – 
2050

8
соғыспен,  дінмен  мемлекет  орнатып, 
мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер 
бар.  Баяғы  Мұхаммед  пайғамбардың  са-
хабалары тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Ос-
ман, Әлидің кезіндегі халифатты қайтадан 
орнатамыз  деген  ұмтылыс  жаулап  алу 
ниетінен туған болатын. Біз бұдан ажырап, 
дінді шынайы имандылыққа жақындатып, 
оның  жақсы  жағын  алуымыз  керек. 
Құранның  қасиетті  үкімдерін  орындау 
үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге 
жанымыз  ашу,  бауырмал  болу,  үлкенді 
сыйлау,  баланы  тәрбиелеп  өсіру,  Отан-
ды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы 
дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің мем-
лекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы 
болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, 
осындай исламды құрметтеуіміз керек.
Екінші жағынан, елдің барлығы мешітке 
барады  екен  деп,  оларға  топырлап  көп 
адам  ілеседі.  Менің  мәліметім  бойынша, 
Қазақстан  халқының  60  пайызға  жуығы 
ислам  дінін  қолдайды.  Соның  ішінде 
нағыз  дін  ұстанып  жүрген  халықтың 
мөлшері  20-25  пайыздан  аспайды.  То-
бырмен  жүргендер  де  бар  ішінде.  Бұл 
да  жақсы,  барып  үйрене  берсін.  Деген-
мен,  мешітке  барған,  қажылық  жасаған 
дұрыс  екен  деп  құр  әншейін  сән  көріп 
жүрмесе  болды.  Осы  күні  қалтасында 
ақшасы  болса,  ұшаққа  отырып,  қажылық 
жасап  қайтатындар  көбейді.  Заманның 
ағымына байланысты ол да дұрыс шығар. 
Бірақ, қажылықтың қасиеті басқада. Оған 
жолдың  азабын  көріп,  бірнеше  ай  жүріп 
баратын болған. «Абай жолы» романынан 
Құнанбайдың жасаған қажылығы жөнінде 
оқыдыңдар  ғой.  Ойлап  қараңдар,  ол 
кезде  ат  арбамен  қаншама  ай  жүріп, 
жол  қиындығын  тартып,  әзер  жететін. 
Сондықтан  дінге  бас  иетіндер  шын 
жүрекпен,  әділеттілік  үшін,  имандылық 
үшін барса деп ойлаймын. Құдайға шүкір, 
дініміз  өзіміздікі,  қолымызға  тиді.  Қазір 
бізге  ешкім  одан  алшақта  деп  айтпайды. 
Әркімнің өз еркі бар. Бірақ, осыны дұрыс 
жолмен жүргізуіміз керек.
– Біздің халқымыздың руханиятын-
да діннің орны қандай маңызды болса, 
тіл де сондай маңызға ие. Қазақ тілінің 
қолданыс  аясын  кеңейтуге  байланы-
сты ойларыңызды біле отырсақ.
– Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның 
өркендеуі  үшін  барлық  жағдай  жасалды. 
Конституцияға  «Мемлекеттік  тіл  –  қазақ 
тілі»  деп  тайға  таңба  басқандай  етіп  жа-
зылды.  Солай  ғой?  Ешкімге  қазақ  тілінде 
сөйлеме  деп  кедергі  жасап  отырған  бір 
адам  жоқ.  Өзіміз  қазақша  сөйлеуіміз  ке-
рек.  Қандай  мінбеден  қазақша  сөйлесең 
де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды. 
Қанша адам отырса да, соларға арналған 
аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге 
болады.  Біз  тілімізді  құрметтей  білуіміз 
керек.  Ешкімге  анау  сөйтпеді  деп  уәж 
айтудың жөні жоқ.
Мен  бәрін  білемін,  біздің  жазушыла-
рымыз,  мәдениет  өкілдері  «Біздің  тіліміз 
жетімдік  көріп  келеді,  тәуелсіздіктің 
жиырма  жылы  ішінде  байғұс  тіліміз 
жетімдіктен шықпай жүр» деп айта береді. 
«Бақытсызбын» деген адам бақытсыз бо-
лады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты 
болады.  «Тіліміз  бар»  деп  жүрсе,  тіліміз 
бар  болады,  «тіліміз  жоқ»  деп  жүрсе, 
тіліміз  жоқ  болады.  Қай-қайдағыны, 
ақырзаманды  басқа  орнатпай,  «Тіл  ту-
ралы»  заңды  қолданып,  өзімізбен 
өзіміз  қазақша  сөйлесуіміз  керек.  Тілді 
қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің 
майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі 
көрсетуіміз  керек.  Әйтпесе,  жыл  сайын 
100  мыңнан  астам  бала  мектеп  бітіреді, 
соның  80  пайызға  жуығы  қазақ  тілінде 
оқыған. Қазір орыстыкі болсын, басқаныкі 
болсын,  барлық  мектептерде  қазақ  тілін 
оқыту міндетті болып саналады. Қай мек-
тепке  барсаңыз  да,  6-7  сыныптағы  қай 
Қазақс
тан – 
2050

9
баланы  кездестірсеңіз  де,  ол  қазақша, 
орысша,  ағылшынша  сөйлеп  тұрады. 
Міне,  біздің  тілге  деген  қамқорлығымыз 
осы.  Мүмкін,  жұрт  «біздің  Президентіміз 
неге қазақша сайрамайды, ылғи да біраз 
сөйлеп  келіп,  орысшаға  ауысып  кетеді» 
деп  ойлайтын  шығар.  Мен  мұның  бәрін 
білемін.
Біз  тәуелсіздік  жариялағанда  Қазақ-
стан дағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 
40  пайыз!  Басқалар  «Сендер  азсыңдар, 
мына  мемлекетте,  қайдағы  тәуелсіздік 
сендерге?» деп айтпайтын ба еді? Деген-
мен,  елге  соның  бәрін  түсіндіріп,  күресе 
жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, 
міне,  қазақтың  саны  65  пайызға  жетті. 
Қазақстан халқының саны сол кездегіден 
азайып,  біразы  көшіп  кетті  ғой.  Ресейге 
көшті,  еврейлер  көшті,  немістер  көшті, 
анау көшті, мынау көшті... Осы тұста халық 
13-14 миллионға жуық болған еді. Қазір 4 
миллиондай халық қосылып, 17 миллион-
нан астық. Тіпті, Кеңес Одағы кезіндегіден 
де  көбейіп  барамыз.  Құдайға  шүкір,  жыл 
сайын  халқымыздың  саны  артуда.  Оның 
ішінде қазақтың саны көбеюде.
Ал  жарайды,  бәрін  тыйып,  қазақ 
тілінен  басқа  тілді  заңмен  жауып  тастап, 
ауыздарыңды  ашпаңдар,  сөйлемеңдер 
десек,  онда  Украина  сияқты  боламыз. 
Қазір қазақтың бәрі мұны түсінген шығар. 
Солай етіп, жұрттың басынан соғып оты-
рып,  қазақ  тіліне  әкеліп,  қантөгіс  қылып, 
тәуелсіздіктен  айырылу  керек  пе,  әлде 
ептеп-ептеп амал қолданып, мәселемізді 
шешу  керек  пе?  Әңгіме  сонда.  Ал 
таңдайық, қайсысын аламыз? 
Сондықтан  мен  бұл  жерде  де  сабыр-
лық керек деп ойлаймын. Болашақ біздің 
қолымызда.  Болашақ  бізге  бетін  бұрып 
тұр. Қазақтың саны көбейіп, тілдің ауқымы 
кеңейіп келеді. Көп облыстарда барлық іс 
қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Оған 
ешкім кедергі жасамайды. Қазағы көп ау-
дандар  қазақша  жүргізеді.  Оның  ішінде 
қазір  қазақша  сөйлейтін  басқа  ұлттың 
азаматтары қаншама? Көріп отырсыздар, 
барлық жерде бар. Оларды теледидардан 
көріп  жүрсіздер.  Журналистер  арасында 
да, қарапайым адамдар арасында да бар. 
Қазір  өз  тағдырын  Қазақстанмен  бай-
ланыстыратын  адамның  бәрі  баласына 
қазақ  тілін  үйретіп  жатыр.  Ал  енді  тари-
хын, болашағын қазақпен бірге деп сана-
майтындар бәрібір кетеді. Оған біз тыйым 
сала алмаймыз, салып та отырған жоқпыз. 
Сондықтан, өз халқымыздың сана-сезімін 
үйретіп,  өз  тілімізді  өзіміз  бағалауымыз 
керек. 
Мен  қазақтың  тілін  ғана  білемін, 
басқасы  құрысын  деп  жүргендердің  кім 
екенін  алып  қарайықшы.  Ол  –  не  орыс 
тілін жөнді білмейтін адам, не ағылшын 
тілін  мүлде  білмейтін  адам.  Оқуға 
мойынсұнбайды, сөйлегісі келмейді. Со-
лар: «Қазақтың тілі ғана жақсы, қазақтың 
тілінен  басқа  сөз  жоқ»  дейді.  Сонда  біз 
мына  өркениетпен  қалай  жалғасамыз, 
айтыңдаршы? Орыс тілін алайық. Ол да 
белгілі.  Бізге  орыс  елінің  тізесін  баты-
рып жіберген кезі болды. Сол орыстың 
тілін  үйренеміз  деп  қазақ  тілінің 
қолданысы  азайды  деген  мәселеге 
тіреледі  ғой.  Кейбір  ұғымдарды  орыс 
тілінен енген деген желеумен біржақты 
аударуда. Дүние жүзіне ортақ сөздердің 
қазақша  баламасын  тауып  жатыр.  Мен 
талай  жазушылармен,  композиторлар-
мен  сөйлесіп  жүрмін.  «Пианино»,  «пи-
ано»  деген  халықаралық  термин.  Оны 
біз «күйсандық» дедік. Ешқандай жанас-
пайды. Сандық пен күйдің арасына пиа-
ниноны  қосуға  бола  ма?  Мысалы,  ком-
позиторды  дүние  жүзінде  композитор 
дейді. Біз «сазгер» деп жүрміз. «Саз» де-
ген басқа мағынаны береді. Мұның бәрі 
неден  шығып  жатыр?  Өйткені  орыстың 
тілінен  арылу  керек  деп  ойлаймыз. 
Қазақс
тан – 
2050

10
Біресе  түріктен,  біресе  арабтан,  біресе 
парсыдан аламыз. Сөйтіп, бұзып жүрміз.
Тілді байыту керек! Оған халықаралық 
ұғымдарды  енгізсек,  тіліміз  дамиды. 
Онда  тұрған  ештеңе  жоқ.  Бұдан  қорқып, 
шошудың қажеті жоқ. Тіліміз  өркендеп, өсіп 
келе жатыр дей аламын. Қазір ешқандай 
қауіп жоқ. Қазақстанда мемлекеттік тілдің 
болашағы зор. Дүниеде 6 мың тіл бар. Жыл 
сайын  оның  10  пайызы  жойылып  оты-
рады.  Қажет  еместері...  Оны  қолданатын 
адамдар  аз,  ауқымы  тар.  Солай  болып 
жатыр.  Ал  мына  ағылшын  тілін  дүние 
жүзі  халқының  70  пайызы  қолданады. 
Неге  оны  қолданады?  Ол  –  ғылым 
мен  білімнің,  ақпарат  құралдарының, 
интернеттің,  медицина  мен  мәдениеттің 
тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүреміз 
деуге  болады.  Әрине,  болады!  Бірақ 
онда  ағылшын  тілі  арқылы  тарап  жатқан 
ілімді білмейсің. Оны білмесең, өркендеп 
өсуіңе жол ашпайсың, болашағыңа балта 
шабасың.  Сондықтан,  біз  мемлекетімізді 
алға  сүйреп,  экономикасын  көтеріп, 
өркендеп-өсіп, озық отыз елдің қатарына 
қосыламыз  деп  отырғанда,  халқымыз, 
жастарымыз  ағылшын  тілін  білмесе, 
қалай  болады?  Мысалы,  1  жарым  мил-
лиард  халқы  бар  қытай  елі  қытай  тілін 
құрметтеп отыр ғой. Бірақ, барлық элита-
сы, бизнесі ағылшын тілінде де сөйлейді. 
Жапондардың  бизнес  элитасы,  ғылым-
білімі  ағылшын  тілінде.  Бір  миллиард 
халқы  бар  Үндістан  тәуелсіздігін  алған 
кезде ағылшын тілін доғарып тастады да, 
5-6 жылдан кейін қайта оралды. Сингапур-
да да, Малайзияда да солай болды. Мына 
бізді  отарлаған  елдің  тілі  құрысын  деп 
қолданыстан  алып  тастап,  керек  болған 
соң  қайтып  келді.  Сондықтан  үш  тілді  – 
мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын 
тілін игергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде 
біздің  мемлекеттік  тіл  қатар  келе  жатыр. 
Біз  соны  неге  ойламаймыз?  Біз  осылай 
үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің 
жолымыз ашық болады. Осыны түсіну ке-
рек. Бұл жерде асығыстық жасамау керек. 
Сабырлы болған жөн. Біздің көпұлтты бо-
лып  отырғанымызға  ешкім  кінәлі  емес. 
Тағдыр  солай  болды.  Өзге  халықтардың 
да  ешқандай  жазығы  жоқ.  Орыстардың, 
украиндардың,  белорустардың,  ұйғыр, 
шешен секілді халықтардың не кінәсі бар? 
Осылай  болды,  тарих  бізді  көпұлтты  етті. 
Бәрінің басын қосып, Қазақстанның бірлігін 
сақтап, төзімділік танытып, экономикамыз-
ды өркендетіп, өсе беретін болсақ, келешек 
қазақтың қолында болады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал