Қр білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты НҰРДӘулет ақыш замана рухы



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/24
Дата15.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
НҰРДӘУЛЕТ АҚЫШ
ЗАМАНА РУХЫ
Әдеби зерттеулер мен сын мақалалар
АЛМАТЫ 2013

2
ББК
УДК
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
Ғылыми кеңесі ұсынған
Жауапты  редакторы:  ҚР  ҰҒА  академигі,  филология  ғылым-
дарының докторы, профессор С.С.Қирабаев
Пікір жазған: филология ғылымдарының кандидаты С.Қосанов.
Ақыш  Н.Б.  Замана  рухы.  –  Әдеби  зерттеулер  мен  сын 
мақалалар. – Алматы: ..., 2013, – ...б.
Әдебиеттанушы  ғалымның  бұл  жинағына  соңғы  он  жыл 
көлемінде жазылған жекелеген әдеби зерттеулері мен сын мақалалары 
енгізілген.  Төрт  бөлімнен  тұратын  кітапқа  тәуелсіздік  жылдары 
жарық  көрген  прозалық  шығармалар  әр  қырынан  зерттеледі  және 
сонымен бірге Кеңес дәуірінде оқырмангдар назарына іліккен кей-
бір көркем туындыларды да замана талаптары тұрғысынан жаңаша 
талдау  үрдісі  байқалады.  Сондай-ақ  жаңа  кітаптарға  жазылған 
рецензияларжәне  әдебиеттанушы  ғалымдар  мен  жазушылардың 
шығармашылық портреттері де ұсынылып отыр.
Кітап қазақ әдебиетінің соңғы жылдардағы даму барысынан ха-
бардар болғысы келетін көпшілік оқырмандарға, филолог ұстаздарға, 
ізденушілер мен зерттеушілерге арналады.
Б.--------------
ISBN
@Ақыш Н.Б.
@ «...» баспасы, 2013

3
І БӨЛІМ
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ
ЗАМАНАУИ ТАҚЫРЫПТЫ ҚАУЗАҒАН 
РОМАНДАР
Ұзақ  замандар  бойы  Ресей  империясына  бодан  болып    келген  қазақ 
жұртының тұншыға аңсаған арманы алдымыздан жарық етіп шыға келген-
де, қоғамның кейбір мүшелерінің не істерлерін білмей, рухани тұрғыдан 
дағдарып қалғаны да рас. 
Бірақ  бұл  тарихи  сілкіністен  естерін  ең  алдымен  тез  жинап  алғандар 
әдебиетші қауым, ақын-жазушылар болды. Қоғамдық күрт құбылыстарды 
өздерінше  сараптап,  көркем  ойдың  шоғын  жаңаша  мақаммен  қоздатып, 
отын  жігерлене  үрлеуге  жеделдете  кіріскендер  солар.  Баспа  беттерінен 
қазақ халқының арман-мұңын, жоғы мен бары сараптаған әр түрлі жанрдағы 
шығармалармен бірге тәуелсіздік рухының әсерінен заманауи тақырыпты 
қозғаған романдар да жарық көре бастады. 
Тәуелсіздік рухының әсерімен өмірге келген романдардың бір тобының 
көркемдік мақсаты – қазақ халқының басынан өткізген отаршылдық зар-
даптарын шындық тұғырына иек арта отырып жеткізу. Сондықтан бұрынғы 
жабық тақырыпты қозғаған бұл туындыларды еліміздің тәуелсіздік алуы-
мен  бірге  келген  көркем  ізденістердің  айқын  нышандарының  бірі  деп 
танығанымыз абзал. 
Сонымен  бірге  уақыт  көшіне  ілесе  келген  тың  тақырыптарды,  өмір 
ұсынып отырған жаңа бедерлерді жинақтап көрсету де эстетикалық мұратқа 
айналды. Әдебиеттің тақырыбы өткен тарихты қозғаумен шектелмейтіні, 
әр  қаламгер  өзі  өмір  сүріп  отырған  кезеңнің  көркем  келбетін  жасауға  да 
ұмтылатыны  белгілі.  Бұл  жағынан  қазақ  романшылары  оқырман  қауым 
алдында  қарыздар  болып  қалмай,  замана  толқыны  лектіп  әкелген  өзекті 
мәселелерді  көрсетуде  қол  қусырып  қала  алмады.  Осындай  мазмұндағы 
романдардың бел ортасында Д.Досжанның «Ақ Орда» (2005), С.Елубайдың 
«Жалған  дүние»  (2003),Ж.Шаштайұлының  «Жаңғырық»  (2004),Мир 
Шайырдың    (М.Іңірбаевтың)  «О,  данышпан  дүние»  (2008),  Д.Батырдың 
«Жарсыз өткен ғұмыр» (2008), Қ.Жиенбайдың «Ән салуға әлі ерте» (2008), 
Ә.Ыбырайымұлының «Ұяластар» (2005)  тәрізді біраз романдары бар. 
Қалың бұқара қауым қашанда өзінің көсемдері мен елді алға сүйрейтін 
тұлғаларына  сүйініп,  сүйсініп  отырған.  Еліміздің  өз  бетінше  саяси  дер-
бестік алуына орай күшейе түскен азаттық рухы бұл мәселеде өзінің қуатты 
сипатын көрсете білді. Соның нақты көрінісі – Азия картасында жаңадай 

4
пайда болған жас мемлекет Қазақстан Республикасының алғашқы Прези-
денті Нұрсұлтан Назарбаевтың  әдеби шығармаларымыздың  кейіпкеріне 
айнала бастауы. Бұның өзі бостандыққа ұмтылған елдің қоғамдық жалпы 
ортақ көңіл күйінен туындап жатыр деп білгеніміз абзал.
Іс  жүзінде  1989  жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасының  бірінші 
басшысы болып жұмыс істеп келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы осы жиырма 
жылдан астам уақыт ішінде өзінің қандай деңгейдегі басшы екендігін тек 
өз еліне ғана емес, сыртқы жұрттарға, халықаралық қауымдастыққа жан-
жақты таныта білгені мәлім. Тәуелсіздігін енді ғана алған жас мемлекеттің 
басшысы болу міндеті өз алдына үлкен сын болып табылатындығын ешкім 
жоққа шығара алмаса керек. 
Қазақстан  Республикасының    Президенті  жайында  жазылып  жатқан 
шығармалар  жоқ  емес,  баршылық  деуге  болады  Өз  уақытында  баспасөз 
беттерінде  Елбасы  туралы  жарық  көрген  түрлі  поэзиялық,  прозалық 
туындылардың,  эсселер  мен  көркем  очерктердің  мазмұны,  міне,  осын-
дай    нақты  пайымдауларға  әкеліп  саяды.  Оларда  Елбасының  бейнесі  не-
гізінен  қоғамдық  ірі  тұлға  ретінде  әр  қырынан,  әртүрлі  адами  индекстер 
тұрғысынан көрініп жататын. 
Кейінірек Н.Назарбаевтың  саяси тұлға ретіндегі феноменін айқындауды 
мақсат  еткен  жеке  кітаптар  жарық  көре  бастады.  Елбасының  азаматтық 
және саяси тұлғасы әр автор өз таным-түсінігіе лайық әр түрлі деңгейде 
сомдалып  келеді.  Олардың  ішінде  Қ.Олжайдың  «Президент  пырағы», 
У.Қалижановтың  «Президент»,  Б.Сапаралының  «Елбасының  балалық 
шағы» атты еңбектердің жарық көруі Президент ғұмырбаянын әр тараптан 
түрлі  фактілермен  толықтырған  шығармалар  болды.  Бұларда  Елбасының 
саяси портретімен бірге жеке адами қасиеттері, өмірбаянына тән жекеле-
ген қызықты фактілер сөз болады, саяси тұлға ретіндегі ерекшеліктеріне 
талдаулар жасалады. Бейбіт Сапаралы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық 
шағы туралы жазса, Уәлихан Қалижанов оның Президент болып жүрген 
жылдардағы  іссапарлары  жайында  ақпараттық  очерктер  мен  эсселер 
шоғырын өмірге келтірді.  
Әр мемлекеттің азаматы өзінің көсемі жайында толық мағлұмат алуға 
құқылы екендігін және сонымен бірге тіпті көптеген кісілер үшін мұның 
қажеттілік екендігін сезіне білу – қандай дәуірде болсын кездесіп жататын 
құбылыс. Уақыт өткен сайын Н.Назарбаев бейнесі жаңа фактілермен, тар-
тымды штрихтармен толыға түсуде. 
Осынау  үрдіс  поэзиямен  бірге  көркем  прозамызда  да  кеңінен  көрініс 
таба бастады. Сөйтіп Елбасының көркем туындылардың кейіпкеріне айна-
лу үдерісі табиғи түрде жүрді деуге болады. 
Бұл  тақырыптағы  шығармалардың  ең  көлемдірегі  –  танымал  жазушы 
Дүкенбай  Досжанның    төрт  бөлімнен  тұратын  «Ақ  Орда»  атты  рома-
ны.  Оны  Н.Назарбаевтың  бейнесі  айқынырақ  көрінген  шығармалардың 
бірі  ретінде  де  атауға  болады.  Туындының  жанрын  автор  «роман»  деп 

5
айқындағанымен,  ол  бәрібір  бірыңғай  таза  көркем  дүние  емес.  Қызмет 
үстіндегі  көзі  тірі  мәртебелі  лауазым  иесі  жайында  таза  көркем  туынды 
жазудың  өзіндік  қиындықтары  болатыны  мәлім.  Бүкіл  дүниежүзіне  та-
нымал  бедерлі  тұлға  жөнінде  көркем  ойдың  көрігін  беталды  қыздырып, 
жазушылық  қиялға  рабайсыз  жел  беру  мүмкіндігі  шектеулі.  Осы  талап-
ты  жақсы  түсінген  Д.Досжан  да  көркемдік  кеңістігінде  көсіле  жөнелуге 
бейім ойын қақпақылдап, нақты фактілер мен деректердің шеңберінде ғана 
өлшеп-тамап қана қолданады.
Романның  прологында  қазақтардың  Алтын  ордадан  бөлініп,  дербес 
хандық  ретінде  өзінің  Ақ  ордасын  жеке  тіккен  сонау  1465  жылдан  тар-
тып,  тәуелсіздік  тұғырына  жету  жолдарына  шолу  жасалған.  Сонан  кейін 
барып,  автор  болашақ  Президенттің  балалық  шағына  жайлы  әңгімелеп, 
ата-анасының  қабатында  алған  тәлім-тәрбиенің  нәріне  көркемдік  көзін 
жүгіртеді.  Осы  арада  бір  атап  айтатын  жағдай  –    романның  таза  көркем 
шығарма  канондарымен  жазылған  тұсы  да  осы  балалық  шаққа  қатысты 
жылдардың  суреттері.  Бала  Нұрсұлтанның  әкесі  Әбіш,  анасы  Әлжан, 
ұстазы Тәкура және айналасынан табылатын басқа да нақты адамдардың 
бейнелерінің  сомдалуында  таза  көркемдік  үрдістің  белең  алып  кететін 
сәттері  де  аз  емес.  Әсіресе  Әбіш  бейнесін  сомдауда  автор  деректілікке 
көп бағына бермеген сияқты. Ол кісінің еңбекқорлығы, жайбасарылыққа 
төзімсіздігі, адалдығы әр тұстан  андағайлап көрініп отырады.
Президенттің  балалық  шағын  бейнелеу  барысында  нағыз  көркем 
шығармаға тән болып келетін үрдістер романның ажарын аша түсуге қызмет 
етерлігі сөзсіз. Ал бас қаһарманның кәмелеттік жасқа толып, еңбекке ара-
ласа  бастаған  жылдарының  сипатталуы    басқаша  көркемдік  ракруста. 
Ата-ананың аялы алақанынан, өзінің туып-өскен ыстық ұясынан алыстап, 
өндіріс ошақтары  қайнап жатқан Орталық Қазақстанға келуі,  ол арадан 
жолдама алып, одан ары батыс қиырдағы Днепродзержинск қаласына қарай 
асып кетуі – жас жігітті өмір талқысына салған сынақтар. 
Түрлі  ауыртпашылықтарды,  өзіне  тән  емес  жат  ортаны  көре  жүріп, 
қандай  алуан түрлі сынақтардың өтуі де болашақ Президенттің азаматтық 
тұғырнамасының қалыптасуына ықпал еткен алғышарттар еді. Негізінен ер 
адамдардан тұратын жұмысшылар қауымының қарадүрсін ортасы – адамдар 
арасындағы  өзара  бауырмалдықпен  бірге  қаталдықтың,  безбүйректік 
мінездердің де қақтығысып қалып жататын жері. Бір біріне күш көрсету, 
балағат сөздерге иек арту – олар үшін қалыпқа түскен күнделікті көрініс. 
Сонымен бірге өмір сүрудің Кеңес адамына тән өзіндік үлгісі, партиялық 
қатаң талап жас адамның  өз тұғырын тауып, жетілуіне тікелей ықпал жа-
сап отырады. 
Романда  осы  жағдайлар  жас  Нұрсұлтанның  қабылдап,  түйсінуі,  сезі-
нуі  арқылы  өрбіп,  дамып,  әр  қырынан  көлденеңдей  ашылып  жатады  
Днепродзежинскдегі  оқу  мен  Теміртаудағы  қорытпашылық  –  болашақ 
Президенттің өмірлік ұстанымын орнықтырып, қяил қанатын қатайтып, ең 

6
алдымен адамгершіліктің, адалдық пен еңбекқорлықтың сара жолын салған 
өмірлік факторлар екендігіне ерекше көңіл бөлінген. Осы жолда кездескен  
түрлі адамдардың барлығы да жас кейіпкерді өмірдің оңды жақтарына бау-
лып, бірыңғай жақсы әсерге бөлей берсе, реалистік ұстанымдарға салқыны 
тиер  еді.  Әр  түрлі  көлеңкелі  істерге  азғырып,  өзі  әу  бастан  шырақ  етіп 
бағыттаған  бағдарынан  ауытқымау  үшін  әрекет  жасайтын  пиғылы  теріс 
Атабектің шырмауына жас Нұрсұлтан түсе қоймайды. Оның азғыруға ер-
мейтіні, имандылық пен ар-ождан жолынан ауытқып кетуді ойға да алмай-
тыны кейіпкердің әу бастағы адамгершілік тінінің мықтылығын көрсетсе 
керек.
Тәуелсіз  жас  мемлекеттің  Президенті  болып  сайланғаннан  кейін-
гі  кезең,  жекелеген  писхологиялық  сәттерді  айтпағанда,  негізінен  дере-
ктілікті  ғана  тиянақ  етіп  отырады.  Баяндалып  отыратын  оқиғалар  мен 
саяси-экономикалық  іс-шаралардың  басым  бөлігі  оқырманға  бұқаралық 
ақпарат құралдары арқылы немесе шежірелік шығармалар арқылы жақсы 
таныс. Оларға көркем әдебиет нысаны етіп, бояу жағып, әрлеу үлкен жа-
уапкершілікті талап етпек. Д.Досжанның тақырып-тақырып бойынша сол 
деректердің ізін қуалай отырып, әңгіме жүргізу себебі сондықтан болар.  
Қазақстан тарихындағы тәуелсіздіктің алғашқы он бес жылындай уақыт 
ішінде айтылатын әңгімелердің басым көпшілігі оқырманға таныс та. Таныс 
болғандықтан да, оларды құр қайталаумен шекетеліп  қалмау үшін жазушы 
түрлі формалық ізденістерге де барып отырады.  Атап айтқанда, мемлекет 
өмірінде орын алған әрбір ерекше мәселеге немесе салаға бас қаһарманның 
қалай араласқандығын әңгімелеу үшін ол сол сөз ететін мәселесіне орай 
бөлек-бөлек  тақырып  қойып  отырған.  Деректіліктің  тынысы  айқын 
болғандықтан да, кітаптың көп бөлігін алып жатқан осы бөлімдерге көркем 
әдебиет өнімі ретінде терең талдау жасаудың қажеті шамалы.
Осы тәуелсіздіктің  он бес жылы ішінде Н.Назарбаевтың арқа сүйегені 
– өзінің  айналасына топтасып, жоғары эшелонда қызмет еткен жүздеген 
қайраткер тұлғалар. Олардың қайсысы қандай қызметте болғанын, мемлкет 
ісіне қандай үлес қосқанын шежірені парақтай отырып, тауып алуға бола-
ды. Бір қызығы, романда олардың арасынан аталатын адам аттары санаулы 
ғана. Ерекше еңбегі сіңген адам ретінде көбірек аталатын есімнің бірі – Ка-
малтин. Бұл арада автор кейіпкерді іріктеп алу жолында қандай қағидатты 
негізге алды екен деген сұрақтың төбе қылтитуы әбден заңды.
Роман мәтінін парақтап оқу барысында Д.Досжанның жазушы ретіндегі 
қалам ұстасы бірден байқалып отырады. Әлбетте, қолы қалыптасып, қатып 
кеткен  жазушыға  «машығыңды  өзгерт»  деп  ешкім  айтпауға  тиіс.  Дегені-
мен, Сыр бойы қазақтарының сөйлеу ләмін, жекелеген диалектілер мен го-
ворларды Жетісу, Сарыарқа өлкелеріндегі кейіпкерлерге апарып таңу онша 
тапқырлық болып таныла қоймаса керек. Бұл қисынсыздықты байқататын 
жекелеген мысалдар: «...иін қолтықтағы картоп пен қауын ойылып бітіпті» 
(29-б.), «үпілмәлік жұмыртқасын ерте жарды» (29-б), «Омай деген» (30-б), 

7
«Атасының нәлеті-ай», «...әгәрки», (47-б) «әйелі мәтіби шығады деген рас 
екен-ау»(50-б.),  «нақа»,  «пәлі»  (58-б),  «сол  сүлейлердің  қасында»  (66-б), 
«шіби қоразға ұқсаған шенеунік» (87-б.), «үймек омақа» (92-б.) «Әттес-ай» 
және т.б.  
Бас қаһарман Нұрсұлтанның сөз саптасы былай болып келеді: «Ой, көке, 
ит байласа, тұрғысыз Үшқоңырдың иен жайлауында колхоздың сиыры мен 
қойын күйсете жайып жүргеніміз жетпей ме» (26-б.), «құда қаласа, ертең 
жолға шығып кетеміз» (65-б.), «құдай қаласа» (75-б.), «неғыласың, көке» 
(84-б.), «Иә, құдая, көрсеткеніңе шүкір» (158-б.), «қалып кетіп жүрмесін» ( 
205-б.) және т.б. Бұлар да Сыр өңіріндегі қазақтарға тән сөздер.
Бір қызығы нәсілі мұсылман автор «Құран Кәрімнен» гөрі басқа діннің 
кітаптарына алдымен жүгінетін жерлері бар. Мысал үшін алатын болсақ, 
олар: «Қасиетті Інжілде дүниені дүние еткен» (24-б.), «...жаратқан иеден 
қуғын көріп, жабырқаған мұңлы шайтан» (24-б.), «Інжілде мұны сәл ғана 
басқаша баяндайды» (118-б.), «Қасиетті кітапта жазылған сегіз есікті жұмақ 
іші  осынау  жұмыр  жердің  үстінен,  үлгісінен  алынған,  –  деді  Нұрсұлтан 
Әбішұлы» (160-б.), «Қасиетті кітапта жазылған сөз» (476-б) және т.б. Басқа 
дінге    уағыздап  жүрген  миссионерлер  «Қасиетті  кітап»  деген  жазуы  бар 
кітапшаларды қазақтарға тықпалап әлек.
Осы мысалдарға қарап, Елбасымыз Ислам дінінен гөрі басқа ағымдарға 
беріліп кеткен жоқ па екен деген күдік туады.
Діни терминдерде де ауытқушылық ба-йқалады. Мәселен,  «...мұсылман 
елі туралы не айтасыз?» (162-б.). Бұны сұрап тұрған – Сауд Арабиясының 
королі Фахд Ибн  Абдель Азиз. Ал бұл арада дұрысы «Ислам елі» болуы 
керек, «мұсылман» сол Ислам дінін тұтынатын адам. «Жаналғыш мүңкір-
нәңкір періштесі» (298-б.). Діни түсінікте жаналғыш періште Әзірейіл, ал 
мүңкір-нәңкір адам өлгеннен кейінгі тергеуші. 
Оқырманның  көңілін  шайдай  ашатын  бір  қызықты  жайт  –  бас 
қаһарманның маңында бәденді, сымбатты қыз-келіншектердің айналсоқтап 
жүретіндігі. Адамның ет пен сүйектен жаратылған адамның пендешілігі-
не  қарай  тартатын    бұндай  ұстаным  негізінен  тарихи-саяси  бағыттағы 
шығармаға жеңіл рең беріп, оқырманның шұқшия түсуіне себепкер. 
«Қыз  Үшқоңыр  жайлауының  жап-жасыл  шалғынды  жотасы  іспетті, 
жалаңаяқ жүгіріп, ішіне түссең болды, ертегі әлеміне алып кететін керемет 
секілді. Мұндай да керемет мол тұңғиық жанар болады екен-ау дүниеде, о, 
тоба... Күмілжіп, үні шықпай тұрғанда, қыз сыңқ етіп күлді...» (Б.35-36). 
«Қасы-көзі қиылған талдырмаш қыз, танымай қала жаздады. Оныншы 
сыныпта бірге оқыған, біразырақ аңсары ауған, тәкәппар сұлудың нақ өзі... 
Нұрсұлтанның  жүрегін  мына  қыз  жылы  алақанымен  сипағандай  сезілді, 
елжіреді, еңкейіп, бойжеткеннің шие ернінен өпті» (71-б.). 
«Бас изеген бозбаланың дәл жанына көбелекке ұқсап, қона-қона кетісті. 
Дөңгелек  жүзді  ажарлы  қазақ  қызы  сылдыр  етіп  күлді:  «Дәл  осылай 
үндемес ойнап қашанғы отырамыз» – деді» (76-б.).

8
«Бойжеткеннің толып туған ай нұрындай келбетіне ынтықты» (76-б.).
«Сарыағаш ауданының әкімі» деп таныстырған мықынды, талшыбықтай 
бұратылған, қасы-көзі қиылған, қыр мұрынды, үшкіл иекті аққұба келіншек 
табалдырықтан, ішке иіліп сәлем берді...  жазық маңдайлы, астыңғы ерні 
көпсіңкі,  бұрымы  тізесін  қаққан  мүсінді  келіншекке  мәртебелі  қонақтың 
жанары  арбалып  қалды.  Күн  қайда  ығысса,  соған  бұрылатын  күнбағыс 
секілденді...» (226-б.).  
«Сөз жоқ, мына Айсұлу жер бетінде ұшырасқан көп сұлудың бірі емес, 
сөзінде ме, көзінде ме, әйтеуір бір сұрапыл тұнып тұрған сиқыр бар» (227-
б.). Сұлуларды осылай нәшіне келтіре суреттеген жазушы қаламының бей-
нелілігі  оқырманды  тәнті  етері  қапысыз.  Бірақ  бас  қаһарманның  жоғары 
лауазымды ресми тұлға екендігін де қаперден шығарып алмаған абзал бо-
лар еді. 
Соңғы жылдары баспасөз бетінде жиі сөз болып жүрген шығармалардың 
бірі  –  Мир  Шайырдың  (ақын  Мырзағали  Іңірбаевтың)  «О,  Данышпан 
дүние» атты трилогиясы Қазақстанның тәуелсіздік алуын жан-жақты су-
реттеуді мақсат еткен көлемді туындылардың қатарында. Н.Назарбаев бей-
несін жасауға талпыныс нышаны осы эпикалық еңбекте де бар.
Қазақстан тарихында орын алған желтоқсан оқиғасынан бастау алатын 
ірі қоғамдық саяси мәселелер көтерілген романның өн бойында туған елге, 
ұлтқа  деген  шексіз  сүйіспеншілік,  сабырға  ырық  бермейтін  патриоттық 
пәрменділік  менмұндалап,  атойлап  тұр.  Бүкіл  адамзат  тарихын  да  елеулі 
орын алған осынау айтулы оқиғаны әңгімелеу барысында автор сабырлы 
түрде сырттай бақылаушы деңгейінде қалып қоймаған. Кейіпкерлердің іс-
әрекеті,  пікір  қақтығыстары  арқылы  ұлтжандылық  рухын  көркемдікпен 
әрлеп, көсемсөзге тән арынмен әспеттей біледі. 
Өткен  ғасырдың  сексенінші  жылдарының  аяқ  шені.  Алматыдағы 
желтоқсан  дүмпуінен  басталған  ұлттық  сипаттағы  наразылық  толқыны 
бүкіл  Кеңес  Одағының  түпкір-түпкіріне  тарап,  халықтың  көңіл-күйін 
ойнақшытып,  шайқап тұрған шағы. Міне, осындай аумалы-төкпелі уақытта 
Қазақстандағы    толқыныстың  екінші  кезеңі  басталады.  Ол  –  1989  жылы 
Жаңаөзендегі болған қозғалыс. 
Желтоқсаннан соң бір-екі жылдан кейін орын алған Жаңаөзен оқиғасын 
суреттеу  барысында  автордың  өз  предметін  жақсы  білетіндігін  аңғартады. 
Бұл  тұстағы  көріністер  де  саяси  және  ұлтаралық  қарым-қатынастардың 
шындығын өз деңгейінде ашып көрсете алған. Қазақ халқының бостандыққа 
ұмтылу  бастан  кешкендері  сонау  ежелгі  тарихтың  тамырынан  бастау 
алатындығы да романның идеялық-көркемдік ойларының ауқымын кеңейте 
түседі.  Ұлт-азаттық  мәселесіне  қатысты  шиеленісті  жағдайларды  бүкіл 
адамзаттық  проблемаларымен  ұштастыру,  одан  қала  берді  галактикалық 
кеңістіктегі орасан ауқымды құбылыстармен байланыстырып отыру — бұл 
туындының тынысын кеңейте түсетін көркемдік ұстанымдардың бір парасы.
Өтпелі  кезеңдегі  қарапайым  халықтың  тәуелсіздік,  ұлттық  еркіндікке 

9
деген көзқарасы романда  осы қаладағы толқуды суреттеу арқылы көрініс 
тапқан. Жаңаөзендегі теріс оқиғаның шығуына себеп болған факторлардың 
үлкені  ол  –  СОКП  Орталық  Комитетінің  1987  жылы  қазақ  ұлтшылдығы 
туралы  шығарған  қаулысы.  Осы  қаулы  ұлтаралық  келісім  мәселелерін 
нығайтудың орнына, керісінше, оны ушықтыра түскені көшедегі қарапайым 
халықтың көзқарасы арқылы бейнеленген.   
Қаулыдағы  «Қазақ  ұлтшылдығы»  деген  жалғыз  ауыз  сөздің  бүкіл 
халыққа  күйе  болып  жағылғаны,  енді  басқа  ұлт  өкілдері  қымс  етсе  бол-
ды, қазақтарды шетінен ұлтшыл санап, қара есікке теріс мінгізудің аз-ақ 
алдында жүргені қарапайым халық өкілдерінің өзара диалогтары арқылы 
берілген. Ұлттық проблема қашанда шетін мәселе болып келгенін жасыруға 
болмайды, ал сол аталған қаулы тікелей буынсыз жерге соғылған пышақ 
сияқты әсер етеді. Тек орыстар ғана емес, қазақ жерінде жүрген басқа ұлт  
диаспораларының өздері де байырғы ұлтты көзге шұқып, өңменінен итеріп, 
тіпті жұмысқа да тұрғызбай қояды. 
Жаңаөзен  мұнайын  игеруге  қатысып  жатқан  кавказдық  ұлт  өкілдері 
енді жай қатардағы қосалқы жұмысшылардың өздерін жергілікті халықтан 
алмай,  Кавказдан  тасып  әкелетін  болған.  Өтпелі  кезеңдегі  экономикалық 
дағдарыс  қарқын  алған  сайын,  байырғы    тұрғындар  да  тығырық  тіреле 
береді, ұлатаралық шиеленіс күшейе түседі. Соның салдары осы жердегі 
әбден  астамсып  алған  кавказдықтарға  қарсы  қазақтардың  бас  көтеруі  – 
осындай теріс саяси-әлеуметтік құбылыстың салдары.
Романда осынау шоқтықты да өзекті мәселелер жан-жақты қамтылмаған, 
қаланың  орталық  алаңында  қарапайым  жұртшылық  өкілдерінің 
кавказдықтарды  тықсырып  қоршап  алуының  бейнеленуі    репортаждық 
деңгейде. Құқық қорғау өкілдерінің өздері де осы кавказдықтар жағында. 
Қазақ жерінде жүріп, қазақтың өзін басынған басқа ұлт өкілдерін ұлы қазақ 
даласы  әруақытта  көріп  келеді.  Соның  бәріне  момын  қазақ  солай  болуы 
тиіс деген ұғыммен көніп, намысын қолдан беріп келгені де, ресми түрде 
көп  айтыла  бермегенімен,  тарих  алдындағы  шындық.  Кейбір  өлең  жол-
дарында қазақ халқын «Намысын қолдан бермеген» деп суреттейтіні бар 
ғой. Бұны ақындық поэтиканың шалқыған көңіл-күй әуеніне берілуі ғана 
деп ұққан жөн болар. Ал шынтуайтына келгенде, қазақтың ұлттық намы-
сы талай келімсектердің табанында тапталғанын, халықтың біртуар алғыр 
перзенттерінің өздері де сол намыстың кегін қайтара алмай, бұл дүниеден 
арманда өтіп жатқанын жасырып-жабудың керегі не?
Демократиялық үрдістерді пайдалана отырып қана, қазақ халқының же-
келеген өкілдері  жер-суын тартып алып, өздерін қорлаған басқыншы келім-
сектерге қарсы шыға білді. Жаңаөзендегі ұлттық кемсітушілікке наразылық 
білдіру сондай қарсылықтың санаулы көріністерінің бір болса керек. Ро-
манда  жергілікті  милиция  құрамалары  қорғап  тұрған  кавказдықтардың 
қазақтарға қарсы мылтық алып шыққаны да байқалып қалады. Оны қоршап, 
қорғап жүрген милиция басшылары сол отты қаруды тартып алудың орны-

10
на «көрмес түйені де көрмес» қағидатын ұстанып, тартыншақтық таныта-
ды. Осыдан кейін келімсектердің көпе-көрнеу басынуына жергілікті құқық 
қорғау орындарының да жол беріп отырғандай көрінуі  қисынды. 
Толқыныс  салдарынан  тек  Жаңаөзеннің  ғана  емес,  мұнайлы  өлкенің 
маңайдағы ауыл-селоларында да осындай қарсылықты ахуал орын алған. 
Үстемдік  көрсеткен  ұлт  өкілдерін    елдеріне  қуып  тастағаннан  кейін, 
қарапайым  халықтың  жеделдетіп  ойластыра  бастағандары  –  болшақтағы 
өз  тағдырлары.  Республикаға  империя  орталығынан  келіп,  елді  бір 
дүрліктірген  бірінші  хатшы  Колбиннің  қайтадан  Ресейге  оралуы  мүмкін 
екендігі жөнінде әңгіме белең алып тұрғандықтан да, енді жаңа басшы кім 
болады деген ой халықты күн сайын мазалайтын басты мәселелердің біріне 
айналған. Сөздері жоғары жаққа өте ме, өтпей ме, онда шаруалары жоқ, 
қарапайым халық өз ойларын ортаға салып, тықпалай бастаған.
«Бұл  күндері  бірінші  хатшы  Колбинді  Москваға  қызметке  ауысты-
рады  екен  деген  қауесет  күшейіп  тұрғандықтан,  оның  талабы  жиналған 
халықтың ойымен орайласа кетті:
– Қазақстан Республикасын өзінің азаматы басқарсын!
Орта жастардағы азамат ентелей дауыстады:
– Бірінші хатшылыққа кандидатураны да жазып жіберейік!
– Ал, айтшы кімің бар? – деп сұраған жаңағы жасыл телпекті ақсақал 
оның жауабын күтпестен, дауыстады:
–  Жаз  Назарбаев  деп.  Тәуір  азамат.  Жарайды  осы.  Енді  көбейтпе» 
(1-кітап, 310-б). 
Бұның өзі қарапайым жұртшылық өкілдерінің ел басқару жұмысында 
көптен жүрген көшелік қалпы бар алғыр азаматқа деген ықылас-сенімінің 
айқын көрінісі. Назарбаевтың бейнесі  романда алдымен халық аузынан ай-
тылып, қарапайым кейіпкерлердің баға беруімен жалғасын табады. 
Романының  екінші  кітабында  Назарбаев  туралы  ойын  Мір  Шайыр 
ары қарай жетілдіре түсіп, енді оның Президент болып сайланғаннан кей-
інгі  бейнесін  сомдауға  талпыныс  жасалады.  Жазушының  бұл  ниеті  екін-
ші  кітапта  тек  эпизодтық  көрініс  арқылы  ғана  орындалған.  Бірақ  соның 
өзінде  Н.Назарбаевтың  республика  халқына  жақсы  таныс  ресми  бей-
несі  көлденеңдеп  өтеді.  Бұл  арада  ресми  деген  сөз  жаңсақ  қолданылып 
тұрамағанын,  роман  мәтініндегі  Назарбаевқа  қатысты  тұстардың  артық-
ауыс  қоспасыз,  шынында  да,  ресми  түрде  берілгенін  ескерген  жөн.  Енді 
осы  арада  бұл  тұжырым  дәлелді,  нақты  болу  үшін  романы  мәтініне  көз 
жүгіртуге тура келеді. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Н.Назарбаевтың Маңғыстау облы-
сына келіп, Ақтау қаласында өткізген мәжілісі суреттелетін эпизод. 
«Сіздер мен біздерге тағдыр өте күрделі, шешуші, сонымен бірге өте 
бақытты  кезеңде  өмір  сүріп,  қызмет  етуді  жазыпты,  –  деді  Президент. 
Бұл  осы  жиынға  қатысып  отырған  әркімнің  бүгінгі  таңдағы  өз  маңызын 
қадірлей түсетіндей дәрежеде асқақ естілді. Әрі бұл сөздерге жас егемен 

11
мемлекеттің тағдыры, елдің қазіргі қиындау күйі бейнеленген ауыр мағына 
сыйып тұр» (2-кітап, 36-37-беттер). Көркем шығармадан гөрі Елбасының 
сапарынан  берілген  ресми  репортажға  көбірек  ұқсайтын  осы  жолдардан 
Президенттің жеке адами қалпы емес, ресми болмысы көлденеңдейді. Ав-
тор осынау  нақты түсініктеме берумен шектеліп қалмай, Президент сөзінен 
үзінді келтіруді одан әрман жалғастыра түседі: 
«– Экономика саласындағы қазіргі халіміз біздердің ешқайсысымызды 
қанағаттандыра  алмайды,  –  деп  жалғасты  Президент  сөзі.  –  Қайта  құру 
жылдарында  тәуелсіздік  алғанға  дейін,  өндірістік  салалардың  қарқыны 
тым бәсеңдеп кетті. Енді қайтадан екпін ала алмай, әлек. Осындай шақта 
біз басқарудың жаңа үлгілерін де қалыптастыруға құлшыну үстіндеміз. Ол 
ол ма, республика ішінде, сондай-ақ алыс және жақын шетелдермен жаңа 
экономикалық,  өндірістік  қатынастарды,  нарықтық  қатынастарды  жедел-
дете орнатуға ұмтылып бағудамыз. Бұған қоса өндіріс салаларын модер-
низациялау, жаңа технологияларды енгізу де жүріп жатыр. Ол үшін жаңа 
кадрлерді оқыту, даярлау, іске кірістіру өз алдына бір жұмыс. Өмірге келген 
ұлттық  валютаның  позициясын  нығайту,  құнсыздануына  жол  бермеу  те-
геуірінді  ақыл  мен  тәсілді  қажет  етіп  отыр.  Сөйтіп,  біз  жүргізіп  жатқан 
экономикалық реформалар өміріміздің барлық салаларын қамти, ауыр жы-
лжып келеді» (37-бет).
Жоғарыдағы  авторлық  мәтін  мен  кейіпкер  сөзін  оқыған  кезде  көркем 
шығармадан гөрі «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде беріліп жататын ре-
сми есепті оқығандай күй кешеріңіз анық. Бұндай тәсіл роман жанрының 
табиғатына келе ме, келмей ме деген сауалдың төбесі қылтиып қалуы әбден 
ықтимал.  Бұған  жауап  беру  үшін  мына  бір  мәселеге  назар  аудара  кеткен 
жөн.
Кең  тынысты  көлемді  шығарманың  ара  арасында  осы  келтірілген 
үзінді сарындас ресми тілмен жазылған, сіреспе мәтіндерді берудің  айта 
қаларлықтай  оғаштығы  бола  қоймас  та.  Бірақ  автор  кейіпкерінің  жан 
дүниесіне еніп, оның адам ретіндегі кескін-келбетін, ішкі әлемінің иірім-
дерін беру үшін ішінара таза көркемдік үлгілеріне де жүгініп отырғаны аб-
зал болар еді. Сонда  жоғарыдағыдай ресми стиль мен көркем проза стилі 
өзара кезектесіп, кейіпкерге айналып отырған ел Президентінің жеке адам 
ретіндегі тұлғасын аша түсуге қызмет етері сөзсіз.
Автордың  бұл  арада  ептеп  мүлт  жіберіп  алған  тұсы  стильдердің  осы 
айтылған үйлесімдіктерін сақтай алмай, тек бір-ақ ұстаныммен шектеліп 
қалуында болып тұр. Президент тұлғасын жасауға аса сақ қараймын деп, 
көркем ойдың  ауанына түсе алмай, ресми стильмен ғана шектеліп қалған 
сияқты. Тізгінді тең ұстай алмаудың салдарынан автор көркемдік жүгін бір 
жағына қарай ептеп аунатыңқырап алған.
Шынында да, аса жоғары лауазым иесін көркем әдебиеттің кейіпкеріне 
айналдырудың  өзіндік  қиындықтары  болатынына  көз  жұма  қарауға  бол-
майды. Автор сол сақтықтан аса алмаған деген пайым жасай аламыз.

12
Рас,  романның  бір  тұсында  Президенттің  ықшам  портреті  жасалады: 
«Президент  жүзінің  жұқарыңқырай  түскені  байқалады.  Самайындағы 
азғана ағы тау баурайына қонақтаған жұқалтаң қырау тәрізді. Маңдай шашы 
сирей, аздап  кейін  ашыла түскен. Өтпелі  кезеңнің  салмағын  сезініңкіреп 
жүргені білінеді» (36-б). Елбасының портреті толық болмаса да, оқырман 
көзіне  елестей  алатындай  деңгейде.  Кейіпкер  тұлғасын  сомдау  барысын-
да  қолданылатын  көркемдік  құралдардың  бірі  осылайша  жүзеге  асқан. 
Тек  Президенттің  «сезіп»  емес,  «сезініңкіреп»  жүруі  ғана  буалдыр  ойға 
мұрындық болатындай.
Үш  кітаптан  тұратын  «О,  данышпан  дүние»  –  Кеңестік  империяның 
Горбачев дәуіріндегі демократиялық үрдістер енді белең ала бастаған кезі-
нен  бастап,  Қазақстанның  жиырма  бірінші  ғасырға  аяқ  басқан  кезеңіне 
дейінгі аралықты кең тыныспен баяндайтын эпикалық полотно. Уақыт кел-
бетін  сездіре  алатын  әралуан  кейіпкерлер  қатарының  молдығы  шығарма 
табиғатына  ешқандайда  да  қайшы  емес.  Олардың  мінез-құлықтары  мен 
көзқарастарының дараланып берілуі де әдебиет теориясы талап ететін не-
гізгі канондардың ауқымынан табылып жатады.  
Романның бас кейіпкері Әлигер есімді жігіт – Алматы қаласында орын 
алған  Желтоқсан  оқиғасының  жалаң  куәгері  ғана  емес,  ұлттық  мүдде 
жолында  қолынан  келгенше  әрекет  жасай  білген  қайраткер  де  азамат. 
Шығармада онымен пікірлес, мақсаттас Сұлтан, Байген, Ілияс, Сәлімкерей, 
Кәмила, Ләзиза, Рамила және басқа көптеген замандастарының түрлі бей-
нелері жалт етіп қап, көзге түсіп отырады. Бұлардың ешқайсысы да қазақ 
халқын көнбіс құл етуге бағытталған отаршылдық жүйенің таскөз тегеурін-
мен ымыраға келмек емес. Ұлтты қорлық пен мазақтан құтқарудың түрлі 
амалдарын ойластырып, осы бағытта өздері дауласып қалып жүреді, тіпті 
кейді достық пен махаббат тәрізді адами асыл сезімдерден де ұлттық патрио-
тизмді жоғары қоя алатын тынымсыз әрекет иелері. Желтоқсан оқиғасының 
жекелеген адамдардың тағдырларына салқынын тигізіп қана қоймай, отар-
шыл,  өктем  ұлт  пен  оған  бағынышты  кіші  халықтардың  саяси-қоғамдық 
және әлеуметтік ара салмағын да айқындап, жіктеп берген құбылыс екендігі 
шығармада  ешқандай  емеурінсіз  ашық  суреттелген.  Оқиғаға  байланысты 
өршіп кеткен шовинистік пиғылдардың көріністерін автор аяусыз шенейді. 
Ұлты қазақ болса болды, ондай адамды қорлап, қинау керектігін, реті келсе 
тіпті өлтіре салуға да болатынын жазушы жасырып-жауып жатпастан, же-
келеген эпизодтар арқылы батылдықпен айта білген.
Шығарманың  біраз  жерінде  публицистикалық  сарын  басымдау 
болағнымен,  “О,  данышпан  дүние!..”  романының  патриоттық  рухын, 
ұлтжандылық сипатын мейлінше күшейте түсу үшін мұндай мәнердің де-
меушілік  рөл  атқарып  тұрғанын  еске  ала  кеткені  жөн.  Автор  Желтоқсан 
оқиғасының тарихи-әлеуметтік себептеріне ой көзін жүгірте отырып, оның 
психологиялық-моральдық параметрін де көркемдік өлшемдерге сыйғызуға 
тырысады.  Оқиғаның  сырына  үңілу  талпынысы  көбінесе  кейіпкерлердің 

13
диалогтары арқылы жүзеге асып жатады. Мысалы, мемлекеттік қауіпсіздік 
комитетінің  қызметкері  Әли  Асқаров  пен  романның  бас  кейіпкері 
Желтоқсан қозғалысына қатысушы Әлигердің арасындағы әңгімеден осы 
күрделі мәселеге үңіліп, талдау жасау талпынысы байқалады. Бұл жағдай 
оқырманға  көптеген  сұрақтардың  шетін  қылтитатын  тиісті  жауаптардың 
мейлінше күрделі болып келетінін сездіреді. 
Желтоқсан  қасіреті  романда  апалы-сіңілілі  Нұрила  мен  Кәмиланың 
тағдырлары арқылы едәуір терең бейнелеген. Жазушы бұл тарихи қасіретті 
қарапайым адамдардың ой-толғаныстары, қарым-қатынастары арқылы ғана 
бейнелеумен  шектеліп  қалмай  мемлекеттік  деңгейдегі  лауазым  иелерінің 
кешегі көзқарастары арқылы да талдау жасауды ниет қылады. Оның нақты 
мысалы  —  сол  кездегі  республиканың  үкімет  басшысы  Н.Назарбаев  пен 
көрнекті  мемлекет  қайраткері,  жазушы  Әбіш  Кекілбаевтың  оңашадағы 
әңгімесі. Бұнда екі тарихи тұлға өзара дос, сырлас адамдар ретінде бейне-
ленеді әрі көбінесе пікірлері де ұштасып жатады. Бірақ романда екеуі де 
Желтоқсан оқиғасына қатысты ұрымтал әрі ой айта білетін терең пікірдің 
иесі ретінде көрінген деп бағалау қиын. 
Оқиға барысында Нәсіпқали Марабаев, Иманғали Тасмағанбетов тәрізді 
жекелеген басшы тұлғалардың есімдерінің аталуы да романның деректік 
сипатын айқындай түседі.
Шығармада  Әбдірахим,  Фазыл  қария,  Берікбол,  Уәли  Асфендияров, 
Иветта  Ғайсина,  Шон  Ғайсин,  Мадрит  Майданов,  Нәбия,  Сұлтан,  Ра-
миля,  Зия,  Тойбек  Дауыл,  Терек  Айханов  және  т.б  көптеген  кейіпкерлер 
сол  кезеңдегі  қоғамдық  әлеуметтік  портретті  айқындай  түсетін  персона-
ждар.  Тіпті  шығарманың  соңына  қарай  Америка  Құрама  Штаттары  мен 
басқа да елдердің азаматтары Қазақстандағы болып жатқан саяси-тарихи 
оқиғалардан тысқары қала алмай, өз пікірлерін білдіріп жатады. 
Аталған  романның  бірінші  кітабы  Қазақстанның  тәуелсіздік 
қарсаңындағы күрделі кезеңін суреттесе, қалған екеуі тәуелсіздікті нығайту 
жолындағы қам-қарекеттердің елеулі  полотносын жасауға арналған. 
С.Елубаевтың  «Жалған  дүние»  романынын  оқыған  оқырман  одан 
бұрын  жарық  көрген  «Ақ  боз  үй»  және  «Мінәжат»  романдарындағы 
кейіпкерлердің арғы тағдырларының қалай қалыптасқанына қанық болады. 
Бір бірімен жалғасып жатқан бұл үш шығарма қазақ халқының тарихындағы 
елу  жылдық    кезеңде  орын  алған  жекелеген  оқиғаларды  қамтиды.  Яғни, 
жанрлық  сипаттарына  қарағанда,  бұлардың  түпкілікті  айқындамасы, 
біздіңше, роман-трилогия.
«Ақ боз үйде» өткен ғасырдың  жиырмасыншы-отызыншы жылдарына 
көркем барлау жасалса, «Мінәжат» кейіпкерлердің отыз жетінші жылдың 
зобалаңы  мен  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  тағдырларынан  сыр 
толғайды. Ал «Жалған дүниенің» кейіпкерлері – сол романдарда көрінген 
басты қаһармандардың ұрпақтары.
Трилогияның бірінші кітабында көрінген бас кейіпкерлерден арасынан 
Хансұлудың әбден қартайып өлермен шаққа жеткен кезеңіне куә боламыз. 

14
Бас кейіпкер Едіге болса, бір кездегі ер жігіт Бұлыш пен Балзия арудың бел 
баласы. Замана ағымымен тағдырлары түрлі өткелектерден өтіп келе жатқан 
бұл адамдардың  өмірлері бейбітшілік орнаған жаңа заманда да бір арнаға 
түсіп,  тыныштық әлдиіне қарай ыңғайлана алмапты. Бір замандарда саяси 
нәубеттің әсерімен зорлық-зомбылықты, қасіретті нәубеттерді бастан кеш-
кен аталар мен әжелердің  ұрпақтары тағы да күрес жолында көрінеді. Бұл 
кезеңдегі күрестің сипаты бөлек, енді саясаттан гөрі әлеуметтік-моральдық 
мәселелер алдыңғы планға шығып, өз өктемдігін жүргізе бастаған.
Басынан өткізбеген қиындығы жоқ Хансұлу – бүгінде өлім аузындағы 
кейуана.    Өзінің  о  дүниеге  аттанатынын  жақсы  түйсінгенімен,  жаны 
байыз  тауып,  байырқалар  емес.  Өйткені  шешімін  таппаған  түйткілді 
мәселелер  көп,  жан  дүниесін  аясыз  жабырқатып,  мынау  пәни  жалғанда 
жалғызсырататын  да  солар.  Алатаудай  арқа  тұтып  жүрген  Алматыдағы 
бастық баласы Тұлымхан тағдыр тәлкегіне ұшырап, сүмірейіп, ауылдағы 
үйіне  қайтып  келіп  отыр.  Жай  келмей,  маскүнемдіккке  салынып,  қай 
жағынан болсын, тұңғиыққа қарай мүлде құлдырап кеткен.
Бар  үміт  артары  –  жоғары  оқу  орнына  түскен  немересі  Бөпенай  еді, 
оның да болашағы бұлыңғыр. Тек бұлыңғыр ғана емес, кәрі әжені шошы-
татындай қатерлі сияқты. Оған әженің бастығырылып жатып көрген түсі 
айғақ. Осы түс арқылы автор қасиетті кейуананың бірер жылдан кейін орын 
алған Желтоқсан оқиғасын мегзеп отырғаны анық. Осынау ауыр түсті көріп 
жатып,  көз  алдына  әлденелер  елестеген  ананың  қиналып  жатып  өмірден 
өтіп кетуінде де символдық мән бары байқалады. 
Бас  қаһарман  Едіге  отыз  екінші  жылдың  ашаршылығы  туралы  рома-
нын бастыра алмай,  басы қатып, сенделіп жүр. Бір қарағанда, ол тек өзінің 
қара басының қамы, шығармашылық мұраты жолында ғана күресіп жүрген 
сияқты көрінеді. Бірақ бұл арада кейіпкердің жазушы екенін ұмытпауымыз 
керек. Өйткені жазушы деген бүкіл бір халықтың арман-мүддесін, ұлтының 
өзекжарды мәселелерін көтеретін белсенді тұлға. Демек, Едіге өз халқының 
тағдырындағы  қасіретті  кезеңді  суреттеу  арқылы  сол  халықтың  мұң-
мұқтажын да көркем ойдың өзегіне айналдырып отыр. Ендеше оның күресі 
– бүкіл бір ұлттың рухани мүддесі үшін күрес.
Шығарма оқиғасының едәуір бөлігі оқырманның көз алдында шегіністі 
баяндаулар  арқылы  көлденеңдеп  жатады.  Олар  бас  кейіпкерлер  Хансұлу 
мен Едігінің өз өмірлерінің  қайтып келмес жылдарына ойша барлау жа-
сауы арқылы берілген. Хансұлу ой сапарын сонау отызыншы-қырқыншы 
жылдарға бағыттаса, Едігенің еске алатын кезеңдері әлдеқайда бертінірек. 
Оның  шығармашылық,  әлеуметтік  қырларымен  бірге  астасып  көрінетін 
–  моральдық  ұстанымдары.  Былайынша  өзіне  өзі  иелік  жасауға  шамасы 
қаптал жетерлік жігіт ағасы қыз-келіншекке келгенде босаңдау. Өзімен бір-
ге кино түсірісіп жүрген Назыкен есімді қызға көңілі кетіп, әуейі болуы бас 
кейіпкердің пендешілік осалдығынан хабар беретін деталь. 
Кейіпкердің  мұндай  пендешілік  әлсіздіктері  қазақ  прозашыларының 
көптеген  шығармаларына  тән.  Мысалы,  Ө.Ахметтің  «Жылыстап  өткен 

15
жылдар-ай»  хикаятындағы  бас  кейіпкер  тележурналист  Ерғалиға  өзімен 
бірге  қызметтес  Айнұр  деген  жас  қыздың  көңілі  кетіп,  соңынан  қалмай 
қояды. Бұл екеуінің қыз-жігіт ретіндегі ара қатынасы да іссапарда жүрген 
кезде  айқындалады.  «Жалған  дүниеде»  кейіпкерлер  –  кино  түсірушілер 
болса,  «Жылыстап  өткен  жылдар-айда»  телехабар  түсіруші  журнали-
стер.  Ситуациялардың  бұлайша  ұқсастықтарына  қарап,  оларды  бел-
гілі  бір  мамандық  иелерінің,  нақтырақ  айтқанда,  телевидение,  кино 
қызметкерлерінің  өмірінде  кездесетін  типтік  құбылыс    емес  пе  екен  деп 
қалуға да болады. 
Дегенімен, ұқсас ситуациядан туындайтын оқиға шешімі екі шығармада 
екі басқа.  Едіге Назыкенге өзі ынтызарлық көрсетіп, екеуі күнәлы әрекетке 
барса, Ерғали өзіне жабысқан жас арудан ат-тонын ала қашады. 
«Жалған дүние» романы бас кейіпкер Едігенің Өктем үнмен сұқбаттасып 
жүріп,  ақыры  соңында  жүгіріп  келе  жатқан  бойы  қазаға  ұшырауымен 
аяқталады.  Жалпы  түрлі  естелік  баяндаулар  және  Өктем  үнмен  сұқбат 
құру формасы туындының постмодернистік үлгілерді де негізге алғанын 
байқатса керек. «Іштегі бір қозғаушы күш, адамды өмір майданына айдап 
салып отыратын күш көзі тартылғандай. Кісі кәртайғанда сол күш, өмірге 
деген құштарлық сарқылмақ. Оны жұрт кәртаю дейді. Ақиқатына келген-
де, сол «кәртаю» мысықтабандап келген ажал емес пе? Ал бұның ажалы 
төбеден  түскен  жайдай  болды.  Сонымен  не  ұқтың?..  Болжағаның  сол... 
бір шым-шытырық түс көргендей болдың» (154-б.) деген философиялық 
түйіндеулер романдағы авторлық кредо екендігі де айқын.
Бас қаһарманның өлім алдындағы түсініксіз сәті «Кенет кеуде тұсының 
лау ете түскенін сезді, өзінің лезде от тиген қауырсындай лапылдап бара 
жатқанын сезді. Дүние шыр айналды да, іле құлаққа ұрған танадай тым-ты-
рыс бола қалды. Қауырсындай қалқып, айналып ұшып келеді Едіге» (156-б) 
деп суреттеледі. Бұл арадан қаны тамған реализмнің емес, постмодернистік 
ізденістің қазақ прозасындағы кезекті үлгісін байқаймыз. Мүмкін, жиырма 
бірінші ғасырдың романына тән өзіндік үлгі болуы әбден ықтимал.
Д.Батырдың «Жарсыз өткен ғұмыр» романы жеке адамның қалыптасу 
жолындағы  қам-қаракеттеріне  арналғанымен,  ұсақ  оқиғалардың  фонын-
да  Қазақстан  жұртының  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы  тіршілік 
қалыптары, жүдеу пішіндері көрініс тауып жатады. Романның негізгі фабу-
ласы – жасы біразға келсе де, белгілі бір мінәйім себептермен  шаңырағын 
дұрыстап  құра  алмай  жүрген  Мақан  есімді  азаматтың  өзіне  жар  іздеу  
жолындағы  жігіттік  жорықтарының  төңірегінде.  Бұл  арада  «жігіттік 
жорық» деген тіркесті сөздің реңін келтіру үшін атүсті қолданып отырған 
жоқпыз. 
Бір  таныс  әйелі  Қазақстанның  солтүстік  нүктесіндегі  Петропавловск 
қаласында өзінің туған сіңілісі тұратынын, оның жар іздеген жігіттің қойып 
отырған тиісті талаптарына  толық жауап бере алатынын айтады. Бас кейіп-
кер Мақанның Алматыдан пойызбен солай қарай аттануы әліг оңды хабар-

16
ды естігеннен кейін. Бүкіл жол бойында қайта-қайта ойына алып, сырттай 
жүрегін  лүпілдетіп  келе  жатқан  қызға  да  ақыры  кездесуі  психологиялық 
интерперетациялар сипатында көрінеді. 
Өзіне бейтаныс осы бойжеткенмен қауышқаннан кейін, оны тіксінткен 
жай – жігіт пен қыз екеуінің өмірлік ұстанымдарының, көзқарастарының 
бір бірінен алшақ болып шығуы. Оқиға арнасының күрт өзгерткен себепті 
ахуал – қыздың ақыры өзі күткендей емес, таныс әйелі суреттегеннен гөрі 
өзгеше болмыста көрінуі. Соншама  жол жүріп келіп, іздеп тапқан қызы 
көңілін  көншіте  алмағандықтан,  Мақан  қайтадан  жолға  шығып  кетуге 
мәжбүр.
Несі    ұнамай  қалғанын  жігіт  қызға  бірден  айта  алмай,  Алматыға 
оралғаннан  кейін  барып  қана  телефон  арқылы  жеткізеді.  Сыпайылығы, 
момындығы, ішкі мәдениетінің жоғары екендігі – Мақанның мінез-құлқын 
ашуға  ықпал жасайтын адами факторлар. Бірақ оған қарағанда  өзі бірер 
күн қасында өткізген кәрі қыз Күнсұлудың бейнесінің ашылуы айқынырақ. 
Жасы қырықты қусырып қалған қыздың  тыртысқан мінезі, зымияндығы 
әрі  сараңдығы  сияқты  жағымсыз  қылықтары  жігітті  еріксіз  кері  сер-
пиді. 
Жігіттің әу бастағы жоспарынан тыс әрекеттерге жетелейтін жағдай – 
жолшыбай  пойыз  үстінде  жолыққан  тәжік  келіншегі  Мусавиттің  әйелдік 
қылығы,  тартымдылығы.  Көзді  жұмып  жіберіп,  осы  тартымды  жанға 
үйленбек болуы да логикалық жағынан бірсыпыра дәлелденген. Сүр бойдақ 
жігіт осы аталған екі ұрғашыдан басқа бір жатақханада тұратын Жансая 
деген келіншектен де үмітті. Қырықтан асқанша өз өмірін дұрыс құра ал-
май жүрген ортан қолдай азаматтың тағдырында кедергілердің көп болуы 
себебі  неде  деген  мәселеге  жауап  іздеп,  бас  қатырудың  қажеті  шамалы 
сияқты көрінеді. Бас кейіпкер өміріндегі  тұрмыстық сәтсіздікке қоғамдағы 
әлеуметтік немесе моральдық проблемалардың қатысы жоқ. Оның осын-
дай  жалғызбастылығында  әлеуметтік-идеялық  астардың  бар  екендігі  де 
байқалмайды. Сүр бойдақтың тағдыры бір кездейсоқтықтың ғана салдары 
екендігі сезіліп отырады. 
Сондықтан бұл шығарманың әлеуметтік немесе психологиялық  аста-
ры  тереңде  деп  тұжырымдасақ,  көтере  бағалаған  болып  шығар  едік.  
Шығармаға идеологиялық талаптар қойылмағанның өзінде әлімсақтан келе 
жатқан эстетикалық қағидаттардың болатындығын естен шығармағанымыз 
абзал. Оқиға фонында ішінара жылт етіп көрініп қалатын әлеуметтік-эко-
номикалық қиындықтар, саяси жүйесіздік – тәуелсіздіктің алғашқы жыл-
дарында  орын  алған  құбылыстар  екендігі  өмір  шындығы.  Бірақ  олар 
шығарманың негізгі көтеретін мәселесі емес, тек фон ғана.
Романның  тілдік  қолданысында  көзге  түсетін  кедір-бұдыр  сөйлемдік 
құрылымдар,  орашолақ  тіркестер  өте  сирек.  Сонымен  бірге  көркемдік 
бағыттағы ізденістің нәтижесінде туындаған көркемдік үлгілері, соны бо-
яулар да ерекше менмұндалап тұрған жоқ.  Қалай болған күнде де аталған 

17
туындыда  уақыт  тынысы,  өтпелі  кезеңнің  типтік  құбылыстары  біршама 
сәтті бейнеленген.
«...Құдай бір айналдырса, келекесіне ұшыраған басты шыр айналдыра-
ды екен... Бір кездерде алдына биік мақсат қойып, күн ілгері сызған ұлы 
арман жолының нобайы түбірімен күл-талқан күйреді» (7-бет). «Ұяластар» 
романының (авторы – Әділбек Ыбырайымұлы) бастапқы беттерінде кезде-
сетін осынау жолдар бүкіл шығарма мазмұнының әлеуметтік кредосы десе 
де болғандай.  Өйткені ҚазМУ-нің  журналистика факультетін бітіріп, өз 
болашағына үлкен сеніммен қарай бастаған Жапар есімді жас маманның 
арманы  түбірімен  қалай  күйрегені  ары  қарайғы  оқиғалар  тізбегі  арқылы 
көрініс табады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін жедел басталып кет-
кен  жекешелендіру  жұмысымен  айналысатын  мекемеге  ілініп,  әжептәуір 
бастық  болып  шыға  келген  Жапардың  алдынан  болашақ  сағымдана  қол 
бұлғағандай болып көрінуші еді. Бірақ оның осы арманына бөгеліс болған 
– туыстарының басынан өткен түрлі қырсықтар. 
Алдымен мал ұрлап, түрмеге түскен туысы Жүсіпті құтқару үшін  басын 
тауға да, тасқа да ұрып, жанталасса, кейін саудагер әйелдің ақшасын тонай-
мын деп  қолға түсіп қалған тетелес інісі Сапарды құтқару әлегімен болып 
кетеді. Бас кейіпкерді діңкелетіп жіберген – қолында билігі бар заң иелері-
не жолығып сөйлесу, олардың тілін табу харакеттері, сыбайлас жемқорлық 
дендеген қоғамның тынысты тарылтып, бұғау салуы, туыстарын құтқарып 
қалу  үшін  жанталасып,  әркімнен  қарызға  көп  ақша  іздеу  сияқты  тек 
әурешіліктерден тұратын тіршілік. Туыстары үшін күйіп жүрген замандағы 
мұндай таусылып бітпес тауқыметке шыдас беретін мықты денсаулық, те-
мірдей беркі жүйке керек екендігі сөзсіз.
Романның  жалпы  фабуласының  негізгі  бөлігі  бас  кейіпкердің  осы 
бағыттағы    құр  әурешілікке  толы  сандалыстарынан  тұрады.  Осы 
жағынан алып қарағанда, романда бестселлер сияқты шытырман оқиғалы 
шығармаларға тән нышандар бой көрсетіп қалатын тұстары да баршылық. 
Адамдардың мінез-құлықтары мен мақсат-мүдделерінің ашылатын сәтттері 
де сондай оқиғалар үстінде. Бұл жағы шығарманың табиғатына бек жара-
сып тұр десек, артық айтқандық бола қоймас.
Екінші жағынан алып қарағанда, шығармада психологиялық прозаның 
да нышандары байқалып қалып жатады. Бұл көркемдік құбылыстың шым-
шымдап  көрініс  табуы,  сезілуі,  негізінен,  бас  кейіпкер  Жапардың  ой-
толғаныстары,  күйзелісті  көңіл  күйі  арқылы.  Өздерінің  пайдакүнемдікті 
ғана  ойлаған  ақымақтығынан  имандылық  пен    заңның  шеңберінен  ат-
тап, есі дұрыс адам баласы бара қоймайтын  лас іске ұрынған адамдар – 
Жапардың  жақын  туыстары.  Романның  бастапқы  беттерінде  інісі  Жүсіп 
мал  ұрлығымен  ұсталып,  бір  әке-шешеден  туған  ағайындылардың  бас 
көтерері Жапарды әуреге салса, онан кейін тетелес інісі Сапар  саудагер 
әйелді тонап, қолма қол істі болады. Онан кейінгі әурешілікке душар еткен 

18
– кіші інісі Жайнақ, төбелеске қатысып жүріп, қосақ арасында кісі өліміне 
ортақтасып қалады. 
Осындай  парықсыздықпен жасаған қылмыстары үшін ағайындылардың  
бәрі де құқық қорғау орындарының қолдарын түсіп, заңды түрде қамалады. 
Романның бүкіл фабуласын құрайтын мазмұндық компоненттер – бас кей-
іпкер Жапардың бауырларын түрмеде босатып алу жолындағы  тауқыметті 
әрекеттері.  Бірге  туған  жақындарының  тағдырлары  үшін  де  ол  қолының 
қысқалығынан  қарамастан,  барын  салып,  түбі  көрініп  бітпейтін  әуреге 
түседі, өзінің бар тірлігін жинап қойып, солар үшін күйеді. 
Екінші жағынан баласының бірі істі болғанына  орай қиналып отырған 
шешесінің көңілін орнықтырмақ. Алайда басынан қаншама қиындықтарды 
өткізіп  жүріп,  су  түбіне  кетіп  бара  жатқан  туыстарын  құтқарып  қалған 
сауапқа  толы  әрекеті  ақталмайды.  Сөйтіп  бүкіл  күш-қуатын,  қаржысын, 
өлшеусіз  уақытын,  денсаулығын  арнаған  туыстары  өзінің  қуанышына 
ортақтасуға да жарамайды. Шығармадағы әлеуметтік идеяның түйіні табы-
латыны да осы тұс.
Осындай  бір  бітіп  болмайтын  әурешіліктермен  жанталасып  жүрген 
жігіттің соңына қарай жүйкесі сыр беріп, ақылынан алжасудың аз-ақ ал-
дында  қалуы  да  –  оқиғалар  салдарынан  туындайтын  психологиялық 
тұрғыдан жасалған қисынды тұжырым. Бірақ болуға тиісті ондай жағдайға 
жеткізбеген оқыс оқиға – кейіпкердің тосын қазасы. Осы арада кейіпкерді 
жол апатынан өлтірмей-ақ, оқиғаны оның жынданып кетуімен аяқтаса, ро-
ман көркемдік тұрғыдан ұта түсер ме еді, қайтер еді деген ой келеді. Әрине, 
кейіпкер қазасының символикалық астары да жоқ емес, сонымен бірге ол – 
романдағы көркемдік өлшеміне сай жазылған ең әсерлі эпизодтардың бірі. 
Романда  1986  жылы  жер-көкті  шулатқан  Желтоқсан  оқиғасының    да 
суреттеліп  қалатын  жерлері  бар.  Бұған  қатысты    нақты  көріністер  оқиға 
орын алған Алматы қаласындағы  Брежнев атындағы алаңда өтіп жатады. 
Қазақтың ауылдан келген қарапайым  жастарының  өз ұлты үшін шеттері-
нен шейіт болатын тұстарын суреттеген эпизодтарды жайбарақат оқудың 
өзі  қиын.  Жастардың  қазаға  ұшырауына  себеп  –  жазалау  үшін  әкелінген 
әскерлердің командирінің қазаққа деген өлшеусіз өшпенділігі, оның әмірін 
мүлтіксіз орындап, жастарды шетінен өлтіріп жатқан жауынгерлердің  мей-
лінше қатігездік танытуы. Мұның ар жағында отарлаушы ұлт орыстардың 
да қазақ  сияқты бұратана ұлтты жек көру сезімі жатыр.
« – Жетпіс жыл бойы мойынымызға мінгізіп отырмыз, дандайсыған!
Маржалар бел алып, автобустың ішін кернеп барады. Орыс атаулының 
бәрі қазаққа жирене қарайтындай..» (330-б).
«-Аяқтары сыңғырлардың бәрі Брежнев алаңына барған. Неге сол жерде 
қырылып қалмайды!
-Айтпаңыз, күндерін көре алмай жүріп, бас көтергендері несін алған?!
-Шетінен аямай жазаға тартса екен!» (331-б.)
Жазушы  көп  қаламгерлер  бара  бермейтін  осынау  ащы  шындықты 
көрсету үшін еш мәймөңкесіз Желтоқсанның қанды оқиғасын натуралистік 
деңгейде көрсете білген.

19
Билік  органдары  тарапынан  адам  құқықтарын  аяққа  таптап,  
жүгенсіздікке баруы, қатардағы әскери адамдарды былай қойғанда, олардың 
командирі, еңгезердей полковниктің өзі жас қызды  күрзідей жұдырығымен 
сілейте сабауы – сол замандарда құлаққашты болып кеткен «Осындай Совет 
адамы» деген үлгілі стандартқа  мүлде қарама-қарсы сипаттағы факторлар. 
Жастарды  қаланың  сыртына  алып  шығыпы,  шеттерінен  бастарын  сапер 
күректерімен қақ айырып,білгендерін істеп жатқандар да осындай үлгідегі 
Совет жауынгерлері. Алаңға барған студент Жапардың көзімен берілетін 
бұл суреттердің барлығы да – шын мәніндегі қанқұйлылық көріністері.
Әдебиетіміздің  қоржынында  желтоқсан  тақырыбына  арналған 
шығармалар  бұл  күнге  дейін  едәуір  қордаланып  қалды  деуге  болады. 
Кейбір    шығармалардың  аңдатпасында  Желтоқсан  тақырыбы  көтерілгені 
айтылғанымен,  сюжеттік  желісін  қуалап  оқи  бастасаң,  оқиғаға  тікелей 
қатысты детальдардың тапшылығы көзге атойлап ұрады немесе тақырыпты 
желеу етіп, жанама нәрселерді термелеп кету нышаны байқалып қалады. 
Әділбек  Ыбырайымұлының  аталған  романында  әңгімені  тақырып 
төңірегінде  ғана  өрбітіп,  алыстан  орағыту  деген  жоқ,  басқа  мәймөңкені 
былай қойып, автор ең алдымен Желтоқсан оқиғасының негізгі жарасын 
ашып көрсетуге ден қояды. Бірден алаңда болған оқиғаларды іріктей су-
реттеп, оның ең трагедиялы тұстары қазбалауы, Кеңес дәуірінде мейлінше 
белең алып тұрған отаршылдық жүйенің қатігездігін, сол жүйенің жемісі 
болып табылатын орыс шовинистерінің  қазаққа деген теріс пиғылын ба-
тыл түрде ашып көрсетуі осының дәлелі. 
Тағы  айта  кетерлігі  –  романның  кейіпкерлері  әлдеқандай  қомақты 
әлеуметтік немесе келелі тарихи мәселелерді шешумен емес, жеке бастық 
деңгейдегі  проблемалардың  шылауында  жүреді.  Өздері  құрбаны  болып 
жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресуге де дәрменсіз, оған мүмкіндіктері 
де жоқ. Сондықтан аталған шығарма кеңестік дәуірдегі әдеби шығармаларда 
өзіндік  мұрат  ретінде  танылатын  социалистік  реализм  талаптарына  жа-
уап беруді мақсат етіп қоймаған.  Ол, әринен, шарт емес. Бірақ қомақты 
қоғамдық  идеяларды  көтере  алмаған  соң,  роман  тәрізді  көлемді  қажет 
ететін  жанрдың  табиғаты  да  торлық  ашылмай  жатса,  шығарманың  әлі 
толық піспегені. Бұндай кемшілік басқ да шығармаларға тән.
Қазақ  халқының  тарихындағы  тақсіретті  жағдаяттардың  бірі  –  Арал 
теңізінің  ортайып  кетуіне  байланысты.  Теңіз  деп  аталатын  бұл  үлкен 
көлдің тартыла бастауы оның аквториясын мекендейтін тұрғындардың да 
тағдырларына тікелей әсер еткені түсінікті. Ал онымен жапсарлас жатқан 
Байқоңыр аймағында орын алған өзгерістер де экологиялық тұрғыдан  тағы 
да күрделі күйінде қалып отырғаны жасырын нәрсе емес.
Байқоңыр  ғарыш  айлағының  экологиялық  тұрғыдан  алғандағы  зи-
яны  жайында  публицистика  өкілдерінің  қалам  тербеп,  теле-радио 
қызметкерлерінің хабар таратып жататыны рас. Қазақ жазушыларының бұл  
тақырыпқа  көркем  шығармалар  арнауының  себебі  сонда  тұратын  халық 
тағдырына жіті назар аударғандықтан. 

20
Бұл мәселенің қандай көркемдік шешім тапқанын осы бір тақырыпқа 
арналған  екі  туындыны  қысқаша  талдау  арқылы  көз  жеткізе  аламыз.  Ол 
туындылар – Адам Мекебаевтың «Дауылы кенеттен көтерілетін жер» және 
Қуаныш Жиенбаевтың «Ән салуға әлі ерте» романдары.
«Дауылы кенеттен көтерілетін жер» деп аталатын романының оқиғасы 
негізінен  Сырдария  өзенінің  төменгі  ағысына  таяу  жердегі  қуаң  алқапта 
өтеді.  Жазушының  «Дауылы  кенеттен  көтерілетін»  деуінің  мәнісі 
фабуланың  дамуы  барысында  біртіндеп  ашылады.  Ол  бүгінгі  таңда 
экологиялық тұрғыдан аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі ғарыш 
айлағының    қазақ  даласына  тигізіп  жатқан  қасіретіне  байланысты.  Тепе-
теңдігі мен өзінің ежелгі қалпы бұзылған табиғаттың біртіндеп өзгеріске 
түсуі ғылыми тұрғыдан заңдылық.  
Жапан түзде келе жатқан адам аяқ астынан көтерілген қатты дауылдан 
абыржып қалады да, жанын қоярға жер таба алмайды. Жергілікті тұрғындар 
неге  олай  болуының  себебін  аңдап  үлгірген  екен.  Байқап  қарасақ,  осын-
дай шалт, тосын мінез  таяу маңдағы Байқоңыр ғарыш айлағының  тікелей 
көрінеді. Аспанға ғарыш зымыраны қалай ұшты, артынан жер-көкті  шаңға 
бөктіріп, долы дауыл да солай көтеріліп кетеді екен. Роман кейіпкерлерінің, 
яғни жергілікті тұрғындардың бұған еттері үйреніп алған,  аспаннан бөгде 
жолақ көрсе  болды, артынан ауа райының күрт құбылатын болжамай-ақ 
біліп отырады. 
Романның бас кейіпкері, бозбала жігіт Азаматтың осы тақырып қозғала 
қалса, қасындағы кісілерге айтатын мәліметі мына тақілеттес:  « – Біздің 
ауылда да осындай дауыл болып тұрады, – деп күбірледі. – Аспаннан кос-
мос  кеңістігіне  қарай  созылған  ақ  жолақ  із  байқаса-ақ    бітті,  әлгі  сіздер 
айтқа  мерзім  шамасында  жындана  соғатын  қатты  желді  күте  береміз. 
Күштілігі  сондай,  кейде  есік  алдында  қалған  анау-мынау  жеңіл-желпі 
нәрселерді шыңылата ұшырып, басқа жаққа апарып тастайтын шағы да жиі 
ұшырасады» (Мекебаев А. Шығармалары, бірінші том. 131-б). 
Шаруа  қамымен  жүрген  ел  адамдарының  айтар  әңгімесі  алдымен 
шаруашылық  жайы.  Ал  сол  шаруашылыққа,  адамның  денсаулығына  кес 
болып тұрған не нәрсе дегенде, ең алдымен табиғаттың осылайша өзгеріп 
кеткен  төтенше  құбылысы  сөз  болады.    Кейіпкерлердің  өздерінің  жеке 
өмірлерімен бірге жалпыхалықтық мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырып 
отыруы да шығарма мазмұны бойынша қалыпты үрдіс. Өйткені  көздерін 
тырнап ашқалы бар тіршілігі осы табиғатпен тығыз байланыста көрінетін 
еңбек адамдары үшін сол табиғаттың қазіргі қалыбын, өзгеріп бара жатқан 
жағдайын айтпай өту, оған көзжұмбайлықпен қарау мүмкін емес. 
Одан  әрі  әңгімені  өрбіте  келіп,  романның  тағы  бір  кейіпкерлері 
Шәңгерей мен Досболдың арасындағы диалог былайша өрбиді: «– Алдағы 
сен  баратын  жерден  бұрынғы  Аралдың  бізге  жақын  толқын  соғып  жата-
тын жағалауы елу бір шақырым болатын. Ал қазір теңіз суын көру үшін екі 
жүзден кем жүрмейсің.

21
– Қалайша?                           
–  Не  қалайшасын  сұрайсың,  Сырдария  мен  Амудария  өзендерінің  
бойындағы жоғарыдағы ел тасбөгет салып, қолдан су қоймаларын жасап, 
теңізге жеткізбей, құртып жатқан жоқ па?» (Сонда, 131-б).
Жастар  арасындағы  имандылық,  достық  пен  махаббат  мәселесіне 
қатысты  өмірде  ұшырасып  қалатын  күрделі  адамгершілік  құбылыстарды 
ойға арқау ете отырып, жазушы  қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдағы 
қасіреттерінің бірі болып табылатын Арал проблемасы мен ғарыш айлағы 
Байқоңырдың  тіршілік  иелеріне  тигізіп  отырған  экологиялық  зардапта-
рын  көлденең  тартады.  Бұл  тақырыптарға  жазылып  келе  жатқан    басқа 
да  көркем  шығармалармен  салыстырып  қараған  жағдайда,  жазушының 
ұстанатын  көркемдік-идеялық  бағыты өз тұрғысынан айқын. 
«Дауылы кенеттен көтерілетін жер» романының негізгі кейіпкерлері – 
өмірге қарай енді қадам басқан көкөрім жастар. Алғашында жоғары класс 
оқушылары ретінде көрінетін Қапан, Азамат, Балсая, Төлеутайлар мектеп 
бітірісімен, өмірге араласып, өз жолдарын айқындау қамымен әуреге түсіп 
жүреді. Оларды бір кездегі қазақ жастарын мал шаруашылығына жіберуді 
жақтаған Кеңестік саясаттың құрбандары деуге де келеді. Жас кейіпкерлер 
арасында орын алып жатқан түсініспеушілік те, психологиялық, моральдық 
бағыттағы  тартыстар  да  –  шығарма  мазмұнына  динамика  беруге  тиісті 
көркемдік  атрибуттар.  Дегенімен  роман  оқиғасының  өрбуіндегі  баяулық 
сыры  неде    деген  сұрақтың  туындауы  ықтимал.  Сюжеттің  қарқынын 
бәсеңдететін  себебін  жазушының  жалаң  оқиғаны  жедел  дамытуға  күш 
сала бермей, олардың әрқайсысының астарынан философиялық-әлеуметтік 
түйіндеулер іздеуінде болса керек. 
Қ.Жиенбайдың  «Ән  салуға  әлі  ерте»  романы  –  қарапайым  еңбек 
адамдарының  тағдырлары  мен  бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік  ділгір 
мәселелерді  ұштастыра  көтерген  шығармалардың  қатарынан.  Оның  бас 
кейіпкері  Әбдімәлік  –  бір  қарағанда  салдыр-салақтау  көрінетін,  мінез-
құлығы  жадағай,  алаңғасарлау  оптимист.  Өзі  әрі  тепловоз  машинисі  әрі 
Байқоңыр  ғарыш  айлағы  басшылығының  қарапайым  халық  арасындағы 
өкілі. Айналасындағы жұрттың тілі таба білетін ақкөңіл де жұғымды жан 
болғанымен, мынау өмірде түсінбейтін, тіпті қаншама тырысса да, түсіне 
алмайтын  құбылыстары  аз  емес.  Осындай  еңбек  адамының  бүгінгідей  
алашұбар,  қым-қиғаш  көзқарастар  қақтығыстарының  ортасында  жүріп, 
әу  баста  діттеп  алған  өмірлік  принциптеріне  мақсаткерлікпен  тынымсыз 
ұмытылып жатуының өзі кішігірім ерлікке пара пар болып көрінеді.
Тепловоз  жүргізушісі  болып  жүріп-ақ,  Әбдімәлік  өзі  теңдес  бұқара 
халықтың мүддесін ойлаудан, сондай ішкі беймазалықтың әсерімен түрлі 
қоғамдық істерге араласып кетуден тартынған емес. Араласа қояйын деп 
ұмтылып  жүрген  ол  жоқ,  оны  белсенді  етіп  шығарып  тұрған  –  мынау 
пәни  жалғандағы  таусылып  болмас  тіршілік  түйткілдері,  қақтығысқан 
қайшылықты  жағдаяттар.  Соның  бірі  айлақтан  аспанға  зымырандар 
ұшырудың салдарынан орын алып жатқан экологиялық зардаптар.

22
«Ән  салуға  әлі  ерте»  романында  бас  кейіпкер  Әбдімәліктің  жа-
нын  салып  жүргені  –  осы  түйінді  мәселенің  қалайда  оң  шешімін  табу. 
Сол  Байқоңырдың  іргесінде  жапсарлас  жатқан    қазақи  мекен  Төретам 
кентінің ахуалы қандай, оның  тұрғындары неғып қалт-құлт өмір кешуде, 
зымырандардың  ұшуынын  зиян  тартып  жатса  да,  өкіметтің  кеңшілігінен 
қаға беріс қалып қоя беретіні несі деген мәселе оған дейін көп ешкімнің 
басын  қатыра  қоймапты.  Кеңес  өкіметі  ыдырап,  бұрынғы  мемлекет  мен-
шігіндегі шаруашылықтар тарап кеткен заманда бұл елді мекеннің тағдыры 
назардан тіпті шет қалған сыңайлы.
Жазушы осынау әлеуметтік мәселені кейіпкер көзімен лирикалық ше-
гіністер арқылы саралай келіп, роман оқиғасына қатысушы персонаждар 
тағдырларын  да  ширықтыра  түседі.  Жеке  адамның  күйкі  тіршілігінің  ел 
тағдырымен  ұштасып  жатуы  алдымен  шешілмеген  түйінді  мәселелер 
арқылы көрініс тауып отырады.
Өздері дәл түбінде тұрып жатқандарымен, ғарыш айлағының аумағына 
жергілікті  тұрғындардың  ешқайсысы  аттап  баспаған.  Оған  рұқсат    жоқ. 
Бір  кезде  тікелей  алып  державаның  орталығы  Мәскеуге  бағынған  бұл 
пұшпаққа  қазақтың  табаны  Қазақ  елі  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  де  тиер 
емес.  Оның  босағасынан  алғаш  рет  аттап  кірген  жергілікті  қазақ  ол    – 
осы Әбдімәлік қана. Онда да күн сайын емес, айына үш-ақ рет сығалауға 
құқылы. Міне, осындай ұлттық тұрғыдан түйінді болып келетін құбылысты 
бейелеу  арқылы  автор  үлкен  саяси  деңгейдегі  проблемаларды  көркемдік 
шеңберінде қозғауға құлаш ұрған. 
Түйе  сүтін  құрғатып,  осы  жерден  зеңгір  көкке  көтерілетін 
ғарышкерлердің тамағы ретінде айлақ басшыларының алдында идея тас-
тап жүрген де осы Әбдімәлік. Жергілікті тұрғындарға мұрындары шүйіре 
қарайтын  астам  мінезді  ресейліктер  осы  жолы  қалыптасқан  жағдаймен 
санаспастан,  Әбдімәлік  ұсынысын  қабыл  алады.  Сөйтіп  қазақ  түйесінің 
сүті де ғарыш кемесімен бірге аспанға көтеріледі,  ұлттық тұрғыдан алып 
қарағанда да осының өзі үлкен жеңіс. 
Табиғат  берген  қоғамдық  белсенділігінің  арқасында  ел-жұрттың  ал-
дында  беделі  өсіп,  қай  әлеуметтік  топтың  да  өз  адамы  саналып  кеткен 
өңірдің  белгілі  адамы  Әбдімәліктің  жеке  басының  проблемалары  өз  ал-
дына.  Оқиғаның  ортан  белінен  асқанда  барып,  автордың  оқырман  алды-
на көлденең тартатыны да – осы оқиғалық линия. Қаншалықты талантты, 
алғыр болса да, бағы ашылмай, өмірдің моральдық қиындықтарын көріп 
жүрген қызы Мейрамкүлдің тағдыры тіпті бөлек сюжеттің өзегіне айналуға 
лайықты. Оның басынан өткен түрлі хикаяттардың өзі жеке бір шығармаға 
жүк боларлық. Ал Әбдімәліктің әйелі Патшагүл болса, өз түсінігімен, өз 
кебімен өмір сүріп жатқан бір жан. Тым асау мінезі жоқ, сонысымен де ай-
наласына жұғымды бұл кейіпкер – қазақ әйелдерінің өзіндік типтік үлгісі.  
Жанама  персонаждардың  көркемдік  табиғатын  ортақ  талаптар 
деңгейінде аша білу қай жазушыға да сын. Бас кейіпкермен әр салада, әр 

23
тарапта қарым-қатынас жасап жүрген  жандардың бірі Қаражан бейнесін 
автордың күрделі етіп сомдап шығуы жанр табиғатына лайықты ізденістен 
туса керек.  Романдағы бұл персонаж қыртысы мол, қулығы да жетерлік, 
заманың    тазы  болса,  түлкі  болып  шал  қағидатымен  өмір  сүруге  бейім. 
Мынау пәни жалғанды қайтіп жалпағынан баса білудің философиясын бір 
кісідей меңгеріп алған. Ондай адаммен жақынырақ жұғысу кейіпкер үшін 
қай жағынан да тәуекелге бару деген сөз.  Жалпы романда өзіндік болмыс 
бітімімен  қызықты  шыққан  кейіпкерлер  қатары  біршама.  Бірақ  талдау 
көлемнің тарлығынан құлаштап талдау жасаудың мүмкіндігі шектеулі.
Бүгінгі таңда адамдар арасындағы күрделі қатынастарды былай қойғанда, 
мемлекеттер арасындағы, тіпті құрылықтар арасындағы ахуалдардың шым 
шытырық болып келетінін жазушы баяндау барысында  өзіне тән ұтымды 
юмормен жеткізеді:  «Оның үстіне Еуропаңыз біз қарт құрылықпыз дей-
тін  кеудемсоқтықпен  Азияға  әлі  күнге  дейін  төбесінен  қарағысы  келеді. 
Ал  Азияңыз  да    аспандаған  көкірегін  көрінгенге  таптатқысы  келмейді. 
Іштей текетірес, бақай есеп. Ақпарат кеңістігіндегі, интернет жүйесіндегі 
мәліметтерге  сүйенсең,  екі  ұлы  құрылық  арасындағы  достық  ахуалына 
қылдай кінә таға алмайсың» [162 б].
Байқоңыр  аймағынан  басталған  ірілі-ұсақты  оқиғалар  кеңістігі  ұлғая 
түсіп,  автордың  көркем  танымы  осылайша  құрылықтар  арасындағы 
күрделі қарым-қатынастың табиғатын зерделеуге ауысып жатады. Жазушы 
қарапайым  адамның  күнделікті  тіршілігіндегі  ұсақ-түйек  жағдаяттарды 
тәптіштеу  барысында  көркем  кеңістік  ауқымын  кеңейте  түсу  жағына 
ықыласты. Сонымен бірге шығармада ішінара оқиғаға дайындық кезеңін 
кеңірек баянауға көбірек көңіл бөлінетінін де ескеру керек. 
Адамның  жан  дүниесіне  үңіле  түсуге  жетелейтін  оқиғалар  фонының 
экологиялық-әлеуметтік  мәселелер  болып  табылуы  адам  мен  табиғаттың 
тұтастық нышанындай. Жекелеген кейіпкерлер бойындағы өзіндік мінез-
құлықтарды  да  жазушының  қисынын  келтіріп,  тарқата  білуі  де  ізденіс 
амалдарының көрінісі. 
Осы арада Қуаныш Жиенбайдың аталған романын жаңа ғасыр көгіндегі 
дүниежүзілік  әдеби  ізденістерден  қазақ  прозасының  да  шет  қалмағанын 
білдіретін  шығарма  ретінде  де  айта  кеткеніміз  абзал.  Авторлық  ұстаным 
мен кейіпкердің жаң дүниесіндегі бұрқаныстардың ұштасып жатуы, бірін 
бірі  жетелеп  шығып,  тарқатылып  беретін  ой  ағымы  мен  бейсаналық  си-
паттар  жазушының  өз  көркемдік  өрісін  кеңейтуге  тырысқан  ізденісі  деп 
бағалануға лайықты. 
Кідірісті  болып  көрінуі  мүмкін  жекелеген  тұстарына  қарамастан, 
қарапайым еңбек адамының тағдырын елдік мүдде тұрғысынан суреттей-
тін көлемді романнан оқырманның эстетикалық олжа ретінде танып ала-
ры, тауып алар тұстары жоқ емес. Ел өмірінің жиырма бірінші ғасырдағы 
ауқымды мәселелерін адам тағдырлары арқылы талдап көрсетуге арналған 
«Ән салуға әлі ерте» романы – қазақ прозасының кейінгі кезеңде көрініп 
жүрген үлгілерінің бірі. 

24
Сонымен Адам Мекебаевтың «Дауылы кенеттен көтерілетін жер» және 
Қуаныш  Жиенбаевтың  «Ән  салуға  әлі  ерте»  романдарында  ашық  бейне-
ленген мәселелердің бірі – Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы ұшынып 
тұрған экология ахуалдың адамдар өміріне қалай әсер ететіндігі. Тақырып 
бір болғанымен, кейіпкерлер тағдырларын суреттеуге, сол арқылы идеялық-
эстетикалық түйін жасауға жазушылар әрқилы көркемдік ізденістер жолы-
мен келген. 
Бірінші  шығармада  айлақтың  ауыл  шаруашылығына  тигізетін  теріс 
ықпалы  бейнтеқор  адамдардың  тіршіліктері  арқылы  көрініс  тапса,  екін-
шісінде тікелей айлақ басындағы жағдайдың әлеуметтік-моральдық сипат-
тары суреттеледі. Бірақ айналып келгенде, осы шығармалардағы идеялық 
желінің сыздықтап келіп құятын арнасы біреу.
Заманауи  тақырыпқа  арналған  романдар  шоғырының  жеке-же-
ке  алғандағы  көркемдік  бітім-болмыстары  қысқаша  алғанда  осындай 
деңгейде. Уақыт шындығын сөз еткен романдардың  табиғатына тәуелсіздік 
кезеңінің  рухы  сапалық  өзгерістер  енгізгенін  айтып  өткеніміз  абзал. 
Көркемдік-эстетикалық талаптар тұрғысынан алып қарағанда, осындай за-
мануи тақырыпты көтерген романдардың олқы соғатын тұстары бар ма? 
Шындықтың  бетіне  тура  қарап,  жоқ  деп  айту  кімнің  қолынан  келер 
екен?  Талданған  дүниелер  мінсіз  деп  айта  алмаспын.  Кемшілік  атаулы 
әсіресе  оларды  кеңестік  дәуірдегі  тәуір  романдардың  бітімімен  салы-
стырып  қарағанда,  анығырақ  көрініп  жатады.  Ең  алдымен  жекелеген 
шығармалардағы тақырыптың ұсақтығы, кейіпкердің әлеуметтік деңгейдегі 
жүк  көтере  алмайтындығын  айтпасқа  болмайды.  Соның  салдарынан 
күнделікті  тұрмыстық  ұсақ  мәселелерді  төңіректей  беру  жағы  басымдау. 
Кейбір  кейпкерлер  көлемді  эпикалық  туындыға  бас  қаһарман  болудан 
гөрі екінші қатардағы персонаждың қалпында ғана әрекет жасап жатады. 
Мүмкін, роман авторлары алдыңғы буын өкілдеріндегі талант деңгейлеріне 
жете алмай жатқандай көрінуі де. 
Кеңес  дәуірінде  жақсы  деп  аталып  жүрген  романдардың  негізгі  ерек-
шелігі  –  жазылуының  шымырлығында,  сюжеттің  қалпты  үрдіспен  дами 
отырып,  кесек  әлеуметтік  ойларға  әкеліп  түйінделуінде,  кейіпкерлер 
бейнесәнәі  нақтылығында  олып  келетін.  Осы  айтылғанда  тәуелсіздіктен 
кейін жазылған романдарды сылбырлау.
Солай    болған  күннің  өзінде  заманауи  тақырыпты  көтерген  жиырма 
бірінші ғасырдың бастапқы жалдарындағы романдар соны ізденістерімен, 
ой  еркіндігінің қанаттана түсуімен, уақыт тынысын өз  қалпында жеткізе 
білудегі талпыныстарымен оқырман көңілін жылыта алады. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал