Р. Б. Сейсебаева, Н. А. Саитова



жүктеу 125.39 Kb.

Дата22.05.2017
өлшемі125.39 Kb.

УДК 323(574)  

 

Р.Б. Сейсебаева, Н.А. Саитова  

 

Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  Философия  және  саясаттану 

факультеті,  саясаттану  және  саяси  технология  кафедрасы;Алматы, 

Қазақстан; 

Raykhansey@mail.ru

ninasait

@

mail.ru 



 

МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БЕКЕМДІ 

ДАМУЫНЫҢ БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ 

 

 

POLITICAL STABILITY OF THE STATE AS A CONDITION FOR 

SUSTAINABLE DEVELOPMENT  

 

ПОЛИТИЧЕСКАЯ СТАБИЛЬНОСТЬ ГОСУДАРСТВА КАК 

УСЛОВИЕ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ 

 

      

Абстракт  

Әлемдік  саяси  сахнада  Қазақстан  Республикасы  көптеген  факторлар 

бойынша  тұрақты  даму  үстіндегі  мемлекеттердің  бірі.  Тұрақты  дамуда 

экономикалық  өсімдері  мен  қатар  ішкі  саяси  тұрақтылық  және  де  әлемдік 

саясатқа ықпалын артатын, ұлттық мұддені қоргай  алатын, ұлттық мүддені 

тиімді  жүзеге  асыратын  мемлекет  қана  тең  құқылы  егеменді  мемлекет  бола 

алады.  Тұрақты  даму  қазіргі  әлемде  негізгі  құндылық.  Оның  алғы  шарты 

қатерлі  ішкі  саяси  жүйенің  тұрақсыздық  туғызатын  факторларын, 

қарсылықтар мен жанжалдардың  алдын алу.  Тұрақсыздықты болдырмаудын 

бірден  бір  жолы  қауіптер  мен  тәуекелдердірді  дер  кезінде  анықтау.  Ел 

дамуына 

әсер 


ететін 

қатерлер, 

тұрақты 

даму 


факторлары, 

тұрақсыздандырғыш  факторлар,  тәуекелдер  сынды  факторлар  зерттеліп, 

олардың  көлемі,  күші,  даму  траекториясы  айқындалуы  тұрақты  даму 

концепциясының жүзеге асуының алғы шарты және негізі болып табылады. 

Мақалада Қазақстан Республикасының саяси жүйе қауіптер мен тәуекелдері 

қарастырылңан. 

 

Abstract  

Republic of  Kazakhstan  is one of  the steadily  developing  States in  the global 

political  arena.  Along  with  economic  growth,  domestic  political  stability  is  the 

main condition for sustainable development of the state. 

The  ability  to  protect  national  interests  in  world  politics  is  an  indicator  of  a 

sovereign state.  In today's world, sustainable development is the highest political 

value.  It  is  main  conditions  of  the  prevention  of  threats  and  risks  to  political 

stability.  It is important to identify the risks and threats to the political stability of 

the  state,  correctly  identify  negative  and  positive  factors  of  sustainable 

development. Considered the risks of the political system of Kazakhstan are caused 



by  the  implementation  of  its  internal  policy.  The  frequency  of  occurrence  of  an 

event  such  as  parliamentary  crisis  is  the  basis  for  determining  the  probability  of 

risk.  The  article  describes  the  risks  of  the  Republic  of  Kazakhstan's  political 

system. 


 

      Абстракт  

Мировое  сообщество  признает  Республику  Казахстан  как  стабильно 

развивающее государтсво. 

Стабильное  развитие  предполагает  наряду  с    ростом  экономических 

показателей  и  внутриполитическую  стабильность,  только  то  государство, 

которое  способно  отстоять  свои  национальные  интересы  в  мировой 

политике,  умеет  реализовать  свои  нациолнальные  интересы  является 

суверенным  государством,  полноправным  субъектом  международных 

отноешений.  Устойчивое  развитие  является  высшей  ценностью  в 

современном  мире.  Главным  условием  обеспечения  стабильности 

государства  является  выявление,  оценка  и  предупреждение  рисков  и  угроз 

политической стабильности. В статье рассматриваются внутриполитической 

стабильности Республики Казахстан. 

 

Кілттік  сөздер:  саяси  тұрақтылық,  тұрақтылықты  қамсыздандыру, 

ұлттық мүдде, билік дағдарысы  

Key words:  political stability, stability, national interests,  crisis of power 

Ключевые 

слова: 

политическая 

стабильность, 

обеспечение 

политической стабильности, национальные интересы, кризис власти 

 

Қазақстан  Республикасының  «Мәңгілік  Ел» ұлттық  идеясы  негізіндегі 



саяси  бастамалар  сөзсіз  саяси  тұрақтылық  тұжырымдамасымен    ұштасады. 

Саяси  тұрақтылық  саясаттың  өзгерістерге,  инновацияларға  төзімділігінің, 

оның  икемділігінің  маңызды  көрсеткіші,  уақыт  талаптарын  қабылдай  білу 

және  оларға  жауап  беру  қабілетіне  ие  екендігін    белгісі.    Заңға  негізделген 

легітимді,  әділ  саясат  күйретудің  қаупінің,  әлеуметтік  шиеленістің 

ұлғаюының сырын сыртқа шығармайды, ол саяси тұрақтылықтың негізі және 

кепілі  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  саяси    тұрақтылыкты  қамтамасыз 

ету саясатты дамыту мен жетілдірудің терең қайнар көзі, табысты, нәтижелі 

саяси  қызметтің  міндетті  шарты.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.  Назарбаев  елдегі  реформа  туралы   «Қазақстан   тәуелсіз,  егемен 

мемлекет  ретінде  орнықты,  бейнелеп  айтқанда,   дүниежүзінің  саяси 

картасынан  өз  орнын  тапты.  Мемлекеттілікті  нығайту  мен  күшейту 

мәселелерін  шеше  отырып,  ұлтаралық  келісімге,  саяси  тұрақтылыққа, 

демократиялық 

үрдістердің 

дамуына, 

жаңа 

саяси 


инстиуттардың 

қалыптасуына  ерекше  маңыз  бердік  және  береміз.  Елімізде  азаматтық 

құқықтар  мен  адам  бостандығына  басымдылық  берілген»  –  деп  жазған 

болатын  [1]. 

Қазақстан  Республикасының  даму  стратегиясының  жеті  ұзақмерзімді 

басымдылықтарының    ұлттық  қауіпсіздік  пен  ішкі  саяси  тұрақтылық 



еліміздің  саяси  жүйесінің  дамуына,  саяси  жүйенiң  өзгерушi  әлеуметтiк 

жағдайға  икемдi  бейiмделу  қабiлетiнiң  жетілуіне  және  талап-қолдау  мен 

саяси  шешiм-әрекет  арасында  керi  байланыстың  тиiмдi  механизмiнiң 

қалыптасуына  маңызды  рөл  арттырады.  Еліміздегі  саяси  дамудың  мақсаты 

саяси  институттар  және  ашық  түрдегi  саяси  жүйе  арқылы  бiрте-бiрте 

күрделенiп  келе  жатқан  экономикалық  және  әлеуметтiк  мәселелердi  шешу 

болып табылады.

 

Дегенмен,  заманауи  әлем  «қоғам  тәуекелдері»  концепциясының 



шеңберінде  жүзеге  асады,  тәуекелдер  біздің  өміріміздің  бір  бөлшегіне 

айналды.  «Қоғамдық  тәуекелдердің»  басты  мақсаты  болып  тұрақтылық, 

әсіресе,  саяси  тұрақтылық  ретінде  түсінілетін  қауіпсіздік  саналады. 

«рефлексивті  модернизация»  және    «жалпыға  бірдей  тәуекел  қоғамы» 

концепцияларының  авторлары  атап  көрсеткендей,  заманауи  қоғам 

«байлықтың  өндіру  логикасы»  және  оны  барынша  әділ  бөлудің  тәсілдері 

«тәуекел  өндіру  логикасына»  ауысатын  түрлендіруші  тәуекелдерден  тұрады 

[2]


Ғылым  мен  технологияның  өсуімен,  сонымен  қатар  институционалдық 

өзгерістер  нәтижесінде  тәуекел  ортасы  үнемі  көбеюде.  Тәуекелді  түрлі 

түрлерінің бар екендігін саналы сезіне отырып,  қоғам «жақсыға» қол жеткізу 

емес,  бәрінен  бұрын,  «жаманның»  алдын  алу  ретінде  түсінілетін,  яғни  «тең 

құқықсыз қоғам» құндылықтарының жүйесінің орнын «қауіпсіз емес қоғам» 

құндылықтарының  жүйесі  басатын  заманауи  қоғамның  және  әлеуметтік 

игіліктің  негізгі  шарты  ретінде  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықтың  анық 

қажеттілігін түсінуде [2

с.14, 21]. 



Қазақстандағы  заманауи  жағдай  әлемдегі процестерден  тыс  емес,  өзара 

тікелей  байланысты  және  өзаратәуелді.  Әлемдік  түрлі  дағдарыс  туғызған 

жайсыздықтар арқылы  тәуекелдік сипат  алуда.  Қорларды жүзеге  асырудағы 

саяси тұрақсыздықтар тәуекелдері сапалық та, сандық та бұзылыстар арқылы 

туындауы  мүмкін.  Сандық  бұзылыстар  жағдаяттық  сипатқа  ие,  сонымен 

қатар,  билік  технологияларының  ауысуының  қажеттілігін  және  саяси 

режимнің  өзгеруін  көрсететін  сапалық  бұзылыстар  секілді  дағдарыстар  өсе 

түскен  жағдайда,  өз  сапасын  өзгертпестен  саяси  жүйе  арқылы  иегеріледі. 

Қазақстанның  саяси  жүйесінің  қарастырылып  отырған  тәуекелдері  оның 

экстракциялық  саясатының  жүзеге  асуымен  байланысты.  Парламенттік 

дағдарыс сияқты оқиғалардың жиілеуі тәуекел ықтималдылығы анықтаудың 

негізі болып табылады.   

Саяси  жүйе  өз  тұрақтылығын  игелігіндегі  қор  есебінен  сақтап  қалуға 

ұмтылатындығы белгілі. Бұл қорлар, өз кезегінде, оның азаматтық қоғаммен 

өзара  қатынасымен,  тіке  және  кері  байланыс  сипатымен  анықталады.  Саяси 

ғылымдар  теориясында  олар  саяси  тұрақтылықтың  реттеуші  және 

экстрациондық  типтері  ретінде  танымал.  Саяси  жүйенің  басқару,  реттеу, 

индивидтердің  және  топтардың  іс-әрекеттерін  координациялау,  азаматтық 

қоғамға  ықпал  ету  қабілеттерін  біз,  көбінесе,  заң,  жарлық,  бұйрық  сияқты 

тікелей мәжбүрлеу шаралары арқылы, сонымен бірге, бағаларды және еңбек 

ақыны  реттеу,  қоғамдық  пікірге  ықпал,  салық  төлеу  сияқты  т.б.  жанама 


механизмдер    арқылы  жүзеге  асатын  мемлекеттің  реттуші  саясаты  деп 

атаймыз.  Тұрақтылықты  қамсыздандырудың  экстракциялық  саясаты  адами, 

интеллектуалдық  және  физикалық  ресурстар  сияқты  қажетті  қорларды 

табумен    байланысты.  Саяси  жүйе  қорлары  азаматтық  қоғамның  даму 

деңгейіне  тікелей  тәуелді.  Бұл  жүйе  өкілеттік  билік  органдарына  таңдау, 

мемлекеттік  және  әскери  қызметке  тарту,  партиялық  аппаратқа  араластыру, 

саяси  құрылымдарға  эксперттік-анализдік  қызмет  көрсету,  саяси  жүйе 

институттарының  бюджетін  толтыру  механизмдері  және  т.с.с.  Мемлекеттің 

ресурстық мүмкіншілігі қандай болса, ол соншалықты өмір сүреді. Қазақстан 

өзінің  саяси  тұрақтылығын  қамсыздандыру  үшін  экстракциялық  саясат 

мүмкіншіліктерін  белсенді  түрде  қалыптастыруды  және  дамытуды 

жалғастыруда.  

Қорларды  жүзеге  асыруда  саяси  тұрақтылық  тәуекелдері  сандық  та, 

сапалық  та  бұзылыстар  арқылы  туындауы  мүмкін.  Сандық  бұзылыстар 

жағдаяттық  сипатқа  ие,  сонымен  қатар,  билік  технологияларының 

ауысуының  қажеттілігін  және  саяси  режимнің  өзгеруін  көрсететін  сапалық 

бұзылыстар секілді дағдарыста өсе түскен жағдайда, өз сапасын өзгертпестен 

саяси жүйе арқылы иегеріледі. Қазақстанның саяси жүйесінің қарастырылып 

отырған  тәуекелдері  оның  экстракциялық  саясатының  жүзеге  асуымен 

байланысты.  Парламенттік  дағдарыс  сияқты  оқиғалардың  жиілеуі  тәуекел 

ықтималдылығы анықтаудың негізі болып табылады.   

Тәуелкелдің жоғары деңгейінің басты белгісі болып саяси жүйенің негізгі 

түйінінің  және  билік  институттарының  әлсіреуі,  жалпыға  бірдей  белгісіздік 

пен  сенімсіздік  наразылықтарының  өршуі  саналады.  Саяси  жүйе  арқылы 

тұтынылған  әлеуметтік  технологиялардың  барлық  қорларының  шекті  өнімі 

саяси жүйенің негізгі тәуекелі болып есептеледі. 

Биліктің  тиімсіздігі  не  реформаларға,  не  революциялық  түбегейлі 

өзгерістерге алып келетін лигитимділік дағдарсына ұшыратады.  Билік және 

басқару  жүйесіндегі  қайшылықтарды  мойындай  отырып,  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2015  жылғы  қайта  сайлаудан 

кейін  мемлекеттік  шенеуніктердің  кәсібилігін  көтеруге,  сот  жүйесін 

реформалауға,  мемлекеттің  халыққа  есеп  беруге  міндеттілігін  қамтамасыз 

етуге,  экономиканы  диверсификациялау  және  шетелдік  инвестицияларды 

тарту  есебінен  экономикалық  өсуді  ынталандыруға  бағытталған  бес 

институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  бойынша  100  нақты  қадамнан 

тұратын  «Ұлт  жоспарын»  ұсынды.  «Қазақстандық  қоғам  өзгерістерге 

біртіндеп бейімделіп келеді. Бұл  бізге ішкі қайшылықтардың шиеленісуінен 

сақтануға,  саяси  тұрақтылықты  күшейтуге  мүмкіндік  беретін  маңызды 

фактор.  «Алдымен  –  күшті  мемлекет  пен  экономика,  сосын  -  саясат» 

принципін бұзу қоғамды «сындыратындығын» көптеген елдердің тәжірибесі 

көрсетіп  отыр.  Бірінде  саяси  режимдердің  бұзылысы  жүріп  жатса, 

екіншілерінде  –  экономиканың  құлдырауы,  кикілжіңдер  туындап,  тіпті 

азаматтық  соғыстар  болып  жатыр.    Біз  мұны  түрлі  елдердің  тарихынан 

білеміз  және  бүгінде  көптеген  мемлекеттерде  өз  көзімізбен  көріп  жүрміз. 

Соңғы  азаматтық  соғыстар  мен  әлемнің  түрлі  аймақтарындағы  қанды 


кикілжіңдердің  кезектесуі  мұқият  ойланылмаған  және  жеделдетілген 

демократизация  мемлекеттің  тұрақтылығына  кепіл  болмайтындығын  және 

тиімді  экономикалық  модернизацияны  қамтамасыз  ете  алмайтындығын 

көрсетті», - деп, атап өтті Қазақстан көшбасшысы [3].  

Ережеге  сай,  биліктің  тиімсіздігінің  алдын  алу  экономика  саласындағы 

реформалардан, әлеуметтік институттар мен институционалдық құрылымдар 

билігі  жарамсыздар  үшін  жаңа  нарықтық  қатынас  қалыптастыру 

ұмтылысынан  басталады.  Алайда,  жоғары  деңгейдегі  инерцияға  ие, 

басқарудың  және  қатар  бағынудың  күрделі  ұйымдастыру  құрылымымен 

қолайсыздандырылған  саяси  жүйелер  институттарының  өзі  тәуекелдерді 

күшейте  отырып,  реформалардың  жолындағы  кедергілерге  айналады. 

Сондықтан  да,  экономикалық  реформаларды  жүзеге  асыра  отырып  саяси 

элитаның өзі де маңызды өзгерістерге дайын болуы тиіс.  

Саяси  жүйе  тәуекелдерінің  ерекшелігі  биліктің  барлық  механизмдерін, 

оның  заңнамалық  және  конституциялық  процесстерін  қозғауында  болып 

табылады.  Мысалы,  Парламентті  тарату  және  Республиканың  заңнамалық 

билік  органдарының  мерзімінен  бұрынғы  сайлауы  билік  дағдарысының 

белгісі  болып  саналады  және  қазақстандық  саяси  процесте  бұл  қалыпты 

құбылысқа айналды, оның үстіне соңғылары өзінің дәрменсіздігін мойындап, 

өзін-өзі таратуда.  Сөйтіп, 2016 жылдың наурызында өткен Мәжіліс сайлауы 

тәуелсіз  Қазақстан  тарихындағы  алтыншы  парламенттік  сайлау  болды.  

Мерзімінен  бұрын  өткізілетін  сайлаулардың  басты  себебі  қаржылық  және 

экономикалық дағдарыстармен, сайлау процесін өткізуге алаңдамай, мүмкін 

болатын дағдарыстың алдын алуға жұмылдырылумен түсіндіріледі. Тағы бір 

аргумент  Мәжілісті  жаңарту  қажеттілігі  болып  саналады.  Қазір  107 

депутаттың 67 мәжіліс депутаты бірінші депутаттық мерзімді аяқтауда.  

Қазақстандық  тәжірибеде  заңнамалық  қызметте  1999  жылы  сайланған  және 

бірнеше депутаттық мерзімді атқарған депутаттар да бар.  

Қазақстанның саяси тәжірибесінде тек парламенттік сайлаулар ғана емес, 

сонымен қатар, президенттік сайлаулар да мерзімінен бұрын өткізілді.  

 

Алғаш  рет  Қазақстан  тарихында  саяи  партиялар  шынайы  билік 



тұтқасына, 1999 жылғы мемлекеттік даму бағдарламасын қабылдауға ықпал 

ету  мүмкіндігіне  қолжеткізді.  Сол  кезде  Қазақстанда  алғаш  рет  партиялық 

тізім  бойынша  сайлау  енгізіліп,  10  депутат  сайланды.  Демокартиялық 

өзгерістің жетістігі төрт партиямен  7%-дық кедергіні игеру болды:   Отан –

сайлаушыладың  30,9  дауысы,  төрт  орын,  Қазақстанның  Коммунистік 

партиясы 17,7%  дауыс, екі орын, Қазақстанның Ауылшаруашылық партиясы 

12,6  %  екі  орын  және  Қазақстанның  Азаматтық  партиясы  11,2  %  екі  орын. 

2007  жылы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  енгізілген 

өзгерістерге  сәйкес сайлаулар  тек  партиялық  тізім  бойынша  өткізіледі және 

Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқының Ассамблеясы сайлайды.  

 

1999  жылғы  сайлауда  «Нұр  Отан»  партиясының  ізашары  «Отан» 



билеуші  партиясы  партиялық  тізім  бойынша  бар  болғаны  30,9  %  дауыс 

жинап, нашар нәтиже көрсетті. Ол кезде партия атынан шығушы кандидаттар 



19  бір  мандатты  округта  жеңіп  шыға  алды  және  партия  палатада  23  орын 

алды.  


 

 «Нұр  Отан»  2007  жылы  сайлаушылардың  88,4  пайыз  дауысын  жинап 

ең  жақсы  нәтиже  көрсетті.  Сол  сайлауда  билеуші  партия  жеті  аймақта 

сайлаушылардың  90%-дан  астам  дауысын  жеңіп  алды.  Тарихи  нәтиже  Нұр 

Отанға  97,3%  сайлаушы  дауыс  берген  Батыс  Қазақстан  облысында 

көрсетілді. 

 

Соңғы жылдарда оппозиция бірінші рет аймақтағы жеңісті 2004 жылы 



ұстап  қалды,  ол  кезде  Қызылорда  облысында  «Ақ  жол»  партиясы  үшін 

37,95%  сайлаушы  дауыс  берсе,  «Нұр  Отан»  партиясына  -  34,49%  дауыс 

берген.  2004  жылғы  сайлауда  Қызылорда  облысымен  шамалас  дауыс 

көрсеткішін  оппозициялық  «Ақ  жол»  партиясына  32.74%  дауыс  берген 

Маңғыстау облысы көрсетті. Алайда ең наразылық көрсеткен Алматы болды. 

Билеуші  партия  Алматыда  ешқашан  70%-дан  артық  дауыс  жинамады,  ал 

оппозиция  әрқашан  жақсы  нәтиже  көрсетті.  2007  жылы  ЖСДП

 

Алматыда 

сайлаушылардың 23 пайыз дауысын жинады, ал 2012 жылы ел бойынша еш 

жерде  оған  бес  процент  те  дауыс  бермегенде,  ол  Алматыда  11%-дан  сәл  аз 

дауыс жинады.   

 

2016  жылы  өтетін  алтыншы  парламенттік  сайлау  мерзімінен  бұрын 



болсын  не  болмасын  ондағы  қатысатын  партиялардың  аздығымен  есте 

қалатын болады. 

1999  жылғы  сайлауға  9  саяси  партияның  өкілдері,  2  бірлестік  және 

тәуелсіз  кандидаттар  қатысты,  сонымен  қатар,  азаматтардың  барлығына 

қарсы дауыс беруге құқығы болды (7,1 %). 2004 жылы сайлауға 8 партия мен 

2 сайлау болгы қатысты, сайлау блоктарын кешірек қалыптастыруға тыйым 

салынды. 2007 және 2012 жылғы сайлауларға 7 саяси партия қатысты [3]. 

2016  жылы  сайлауға  үш  парламенттік  партия:  «Нұр  Отан»,  «Ақ  жол» 

мен «ҚКХП»

 

және «Бірлік» бірлескен саяси партиясы қатыса алады.  

Іnformburo.kz  жүргізген  сауалнама  мәліметтері  бойынша  дауыс  беруге 

қатысушылардың  52,5%-ы  жарысқа  түсуші  партиялардың  барлығының  да 

бағдарламасын қызықсыз деп санаған. Ең қызықсыз бағдарлама «Нұр Отан» 

партиясының  бағдарламасы  деп  танылып,  29,2  %  дауыс  жинаған.  Ал  ҚР 

парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына алғаш рет қатысып отырған 

«Бірлік»  бірлескен  саяси  партиясының  сайлауалды  бағдарламасы  онша  іш 

пыстырарлық емес деп есетелген [5]. 

Сауалнамаға қатысушылардың 52,5%-ы партиялардың бағдарламаларын 

қызықсыз  деп  санау  фактісі  мемлекеттің  экстракциялық  саясатын  жүзеге 

асырудағы,  саяси  жүйенің  ресурстық  мүмкіндіктерінің  әлсіреуіндегі,  билік 

партияларына  сенімсіздіктегі  және  сәйкесінше  саяси  жүйенің  тұрақтылығы 

тәуекелдерінің күшеюіндегі жаңылыстар туралы куәландырады. 

Саяси  жүйе  тәуекелдерінің  ерекшелігі  тек  биліктің  барлық 

механизмдерін  ғана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік-саяси  қатынастары, 

ресурстарды  бөлу,  бірінші  кезекте  жеке  меншікке  қатынас  механизмдерін 

қозғайтындығында.  2016  жылдың  наурызында  ҚР  үкіметінің  Жарлығымен 

2016-2020  жылдарға  арналған  жекешелендірудің  кешені  жоспарын  жүзеге 


асырудың  мақсаттық  индикаторлары  нақтыланды.  Үкімет  халықтық 

холдингтердің  республикалық  меншіктерінің  ең  ірі  65  компаниясынан 

тұратын мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторды жекешелендірудің 

басым объектілерінің тізімін құрды [6]. 

2014-2016,  2016  -2020  жылдарда  әлемдік  экономикалық  дағдарыс  пен 

теңгенің  әлсіреуі  жағдайында  «екінші  толқын»  объектілерін  бұқаралық 

жекешелендіру  тәуекелді  күшейтіп,  отандық  та,  шетелдік  те  инвесторлар 

үшін 


тартымды 

болып 


көрінбейді. 

Масштабты 

жекешелендіру 

экономикадағы  мемлекеттік  қатыстылықты  қысқарту  мақсатын  көздейді, 

мемлекеттік меншік  экономиканың,  жеке бизнестің  дамуын  тежейді,  мықты 

бақталастыққа  жағдай  жасамайды.  Алайда,  әлемдік  тәжірибеде  тұтастай 

жағымды  тенденция  ретінде  қарастырылатын  жекешелендіру  заманауи 

Қазақстан реалиясында олай көрінбейді. 

Қазақстан  шетелдік  инвесторларды  жекешелендіруге  қатысуға,  ішкі 

нарыққа бағытталған объектілерге қаражат салуға,белсенді түрде шақырады, 

алайда  саяси  тәуекел  мен  одан  да  жоғары  инвестицияланған  капиталды 

қайтармау тәуекелі жағдайында ұсыныс онша тартымды көрінбейді. Негізгі, 

ұлттық қызығушылық экономикалық жағдай тарапына күшті бетбұрыс берді. 

Енді әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдер мен оның мүмкін 

болатын салдарын нақтырақ қарастырайық.  

Қазақстанның 

көрнекті 

ғалымдарының, 

аналитиктарының, 

сарапшыларының, 

саясаттанушыларының, 

экономистерінің 

сөздері 

қаржылық тұрақтылықтың жүзеге асырылған саясатының жалғасы пайдасыз 

кәсіпорындардың 

банкротқа 

ұшырауының 

өсуіне, 


құрылымдық 

жұмыссыздықтың  көбеюіне  және  түрлі  халық  тобының  кірісін  шектен  тыс 

жіктеудің  сақталуына  алып  келетін  болады.  ҚР  ұлттық  экономика 

Министрлігінің статистикасы Комитетке сілтеме бере отырып: «Қазақстанда 

жұмыссыздық  деңгейі  2015  жылдың  қазанында  экономикалық  белсенді 

халықтың  4,9  %-ын  құрады»  деп  хабарлайды  ресми  баспалар  [7].  

Қазақстанның  заңдары  бойынша,  өзін-өзі  жұмыспен  қамтушылар  және 

мезгілдік  жұмыссыздық  жөнінде  айтпағанда,  жеміс  беріп  тұрған  ағашы  

немесе  көкөніс  өсіретін  жеке  меншік  ауласы  бар  адам  жұмыссыз  болып 

саналмайды.  Сәйкесінше,  еңбек  нарығындағы  шынайы  жағдай  біздің 

еліміздің  саяси  тұрақтылығына  қауіп  алып  келеді.  «2016  жылы  Қазақстан 

Республикасында  кедейшілік  сипатын  анықтау  1  кварталға  ең  төменгі 

күнкөріс деңгейінің  40  %-ы көлемінде»  деп  айтылады ҚР денсаулық  сақтау 

және  әлеуметтік  даму  Министрінің  2015  жылғы  10  желтоқсандағы  №  953 

Жарлығында»  [7].  Егер  2016  жылдың  1  қаңтарында  ең  төменгі  өмір  сүру 

деңгейі  22856  теңгені  құраса,  айлық  кірісі  9124  теңге  болатын  адам  кедей 

болып  саналмайды,  бүгінде  ол  эквивалентті  түрде  күніне  бір  доллардан 

аздықты  құрайтын,  айына  27  доллар  болып  есептеледі.  Әлеуметтік 

лифттердің,  түрлі  азаматтар  категориясы  үшін  құқықтық  аймақтың 

болмауымен  саяси  тұрақтылық  тәуекелі  тереңдей  түседі,  сондықтан  да 

кедейлер  мен  байлар  арасындағы  алшақтық  күшейе  береді.  Қазақстандағы 

әлеуметтік  кепілдіктер  азаматтар  үшін  жағымды  жағдай  жасаудың  құралы 



болып табылмайды, тек әр жыл сайын саяси тұрақтылық тәуекелін күшейте 

түсетін өмірді қолдаудың тәсілі болып саналады.  

Демократиялық  дамудың  жолына  түскеніне  көп  болмаған  Қазақстан 

Республикасы  үшін  түрлі  сипаттармен  араласқан  президенттік  республика 

жағдайында  саяси  тұрақтылық  мүмкіндігін  талдаудан  өткізу  өзекті.  Мұнда 

екі  сәтті  ерекшелеп  көрсетуге  болады.  Біріншісі,  президент  ылғи  да 

демократиялық лигитимділікке үгіттейді. Екіншісі, оның басқаруының нақты 

белгіленген  мерзімі.  Президенттік  басқару  жүйесі  мемлекет  басшысына 

атқарушы  билік  басшысының  қызметтерімен  қатар  президент  міндетін 

береді.  Әдетте,  Президенттік  басқару  формасының  артықшылықтарын 

басқарудың  парламенттік  формасының  әлсіз  тұстерымен  қарама  қайшы  қоя 

отырып,  кепілдендірілген  тұрақты  атқарушы  билікте  қарастырады.  Алайда, 

парламенттік  жүйелер  тұрақсыз  болып  көрінетін  күшіне  қарамастан,  терең 

дағдарыстарға сирек түседі, парламентік басқару жүйесінде кезекті бір билік 

дағдарыс  көрінсе,  президенттік  жүйеде  жалпыға  бірдей  режим  дағдарысы 

қайта  туындауы  мүмкін.  Президенттік  жүйенің  әлсіз  тұсы  болып  үнемі 

өзгеріп  отыратын  жағдайға  деген  икемділіктің  жоқтығы  болып  табылады. 

Бұл  қатаңдық,  көбінесе,  өлім  жағдайында  немесе  президенттің  өз 

қызметтерін  орындауға  қабілетсіздігі  жағдайында  көрініс  береді.  Соңғы 

жағдайда  мемлекет  басшысының  ауруын  өзінің  биліктегі  мерзімі  біткенше 

жасыруға  деген  ұмтылысы  жатады.    Мұны  Ресейде  Б.Ельцин  кезінде, 

Францияда  Ф.  Миттеран  мен  АҚШ-та  Р.Рейган  билігі  кезінде  байқауға 

болады. 

Президенттік билік жүйесінің осал жері заңнамалар идеологиялық және 

саяси  баламаларды  ығыстыратын,  ұйымдасқан  және  тәртіпті  партияларды 

ұсынған  кезде    демакратиялық  лигитимділікке  үміткер  бола  алуында. 

Әсіресе, президенттің курсына қарама қайшы келетін бағытты таңдауда.  Екі 

тарап  та  халық  дауысы  нәтижесінде  нақты  құрылған  балама  бағдарламалар 

арасындағы  еркін  бақталастық  негізінде  билік  алғандықтан  мұнда 

кикілжіңнен қашу мүмкін емес. Әлеуметтік және идеологиялық поляризация 

анық  байқалатын  елдерде  мұның  барлығы  атқарушы  және  заң  шығарушы 

билік  арасындағы  шиеленіске  алып  келеді.  Мұндай    ой  қорытындысы  бір 

режимнен  екінші  бір  режимге  ауысу    кезеңінде  және  билік 

консолидациясының  қажеттілігі  кезінде  ерекше  маңызды.  Сол  кезде 

президенттік  құрылымның  қатаң  жағдайы  парламентаризм  ұсынған  келісім 

перспективасына орын беруі мүмкін.  

Сонымен  бірге,  президенттік  басқару  формасы  жағдайында  саяси 

тұрақтылықты қалыптастыру қиындығы  тереңдейді және көп партиялы жүйе 

жағдайында  игерілмейді.  Салыстырудың  дұрыс  болуына  келесі  жағдайлар 

әсер  етеді.  Егер  постәлеуметтік  әлемді  шетте  қалдырса,  онда  президенттік 

жүйелерді,  көбінесе,  латынамерикалық  және  африкалық  мемлекеттер  жиі 

таңдайды.  Парламенттік  жүйе  Еуропада  және  бұрынғы  британдық 

колонияларда  басымдыққа  ие.  Президент  таңдау  процессі  қаншалықты 

маңызды болмасын, таңдау біреу, ал жеңіп шыққан адамның билік басында 



болу кезеңі мүлдем басқа нәрсе. Мұнда көбі президент тұлғасына және оның 

саяси икеміне байланысты.   

Мемлекеттік қайраткерлер, саяси көшбасшылар, қоғамдастықтар үнемі 

саяси тұрақтлықтың бар екендігін үнемі есте ұстаған дұрыс. Оны тудыратын 

факторларға билікті дербестендіруді, сонымен қатар оның сабақтастығының 

қамсыздандырылыу күрделілігін жатқызуға болады. Билікті лигитимді түрде 

жалғастыру  механимі  мәселесі  саяси  тұрақтылықты  негізгі  тәуекелдерінің 

бірі болып табылады.  

Әлеуметтік-саяси 

дағдарыстың 

ең 

қауіпті 


салдары 

болып, 


Қырғызстанда болып өткен, қазір Украинада болып жатқан азаматтық соғыс  

есептеледі. Қоғамның ішкі тұрақтылығын саяси құралдар көмегімен қалыпқа 

келтіре алмауы азаматтық соғысқа алып келуі мүмкін. Басты субъектілердің 

қарсы  тұру  типіне  байланысты  мұндай  соғыстар  ұлттық,  діни  және 

әлеуметтік  топтық  сипат  алады.  Қоғамдық  қайшылықтарды  басқарудың 

мұндай  формасы  ұзақ  және  қан  төгісті  болады.  Оның  мүмкін  болатын 

нәтижелерінің  бірі  –  жүйенің  толықтай  құлдырауы.  Жүйені  сақтап  қалған 

жағдайда да мұндай жеңіс бар қайшылықтарды толық жоя алмайды. Күшпен 

беткі  жағын  ығыстырып  шығарғанмен  де,  олар  жағдай  өзгергенде  қайта 

белсендендірілу үшін қоғамның түбінде сақталады. Биліктің өз еркімен кетуі 

және 

оппозицияны 



белсендендірудің 

бейбіт 


формасы 

саяси 


көшбасшылардың  кезекті  ауысуына  алып  келеді.  Осылайша,  саяси  режим 

тұрақты болып қалуы, саяси идеялар, саясатты жүзеге асыру құрылымы мен 

тәсілдері  өзгеріссіз  қалады.  Айқын  көрінетін  саяси  тұрақтылық  тікелей 

қауіппен  және  саяси  режим  дағдарысымен  байланысты.  Оның  саясатының 

шиеленістері  легитимді  режимнің  құлдырауымен  үйлеседі.  Саяси  және 

әлеуметтік-экономикалық өмір реформаларын жүзеге асыратын өтпелі саяси 

режимдер әлдеқайда тұрақсыз болып келеді. Сондықтан да, жүйенің тұтастай 

жоғары  нақтылығын  сақтаудың  қажетті  факторы  болып  оның  саяси 

тұрақтылықты  дамытудағы  тенденцияларының  және  заңдылықтарының 

бейімділігі мен ғылыми негізін анықтау саналады. 

 

Тұтастай  алғанда,  батыстық  ғалымдар  қалыптастырған  тәуекел  және 



тұрақтылық  мәселелерінің  әдістемелік  талдану  жағдайы  заманауи 

мемлекеттің  тұрақтылық  саясатының  негіздерін  түсінуде  принциптік  мәнге 

ие. 

Әлемдік  саяси  сахнада  Қазақстан  Республикасы  көптеген  факторлар 



бойынша  тұрақты  даму  үстіндегі  мемлекеттердің  бірі.  Тұрақты  дамуда 

экономикалық  өсімдері  мен  қатар  ішкі  саяси  тұрақтылық  және  де  әлемдік 

саясатқа ықпалын артатын, ұлттық мұддені қоргай  алатын, ұлттық мүддені 

тиімді  жүзеге  асыратын  мемлекет  қана  тең  құқылы  егеменді  мемлекет  бола 

алады.  Тұрақты  даму  қазіргі  әлемде  негізгі  құндылық.  Оның  алғы  шарты 

қатерлі  ішкі  саяси  жүйенің  тұрақсыздық  туғызатын  факторларын, 

қарсылықтар мен жанжалдардың  алдын алу.  Тұрақсыздықты болдырмаудын 

бірден  бір  жолы  қауіптер  мен  тәуекелдердірді  дер  кезінде  анықтау.  Ел 

дамуына 

әсер 


ететін 

қатерлер, 

тұрақты 

даму 


факторлары, 

тұрақсыздандырғыш  факторлар,  тәуекелдер  сынды  факторлар  зерттеліп, 



олардың  көлемі,  күші,  даму  траекториясы  айқындалуы  тұрақты  даму 

концепциясының жүзеге асуының алғы шарты және негізі болып табылады. 

Алайда,  батыстық  саяси  ғылымда  жалпы  әмбебап  теориялық  талаптар 

қатарының  бар  екендігіне  қарамасатан,  олар  заманауи  Қазақстанның  саяси 

және  әлеуметтік  жағдайының  ерекшелігіне,  ұлттық  қызығушылықтарына 

және мемлекеттің саяси тұрақтылығындағы ерекше тәуекелдерге  «тойтарыс 

бере де және шеше де алмайды». Саяси жүйенің қауіп-тәуекелдері ретінде біз 

тек  сыртқы  ғана  емес,  сонымен  бірге  елімізде  болып  жатқан  ішкі 

процесстерді  де  түсінеміз.  Сондықтан  да  Қазақстанда  саяси  ғылымдардың 

дамуы  қоғамдағы  өзгерістерге  сай  өзіндік  саяси  теориялардың  негізінде 

жүруі тиіс.  

 

1.



 

 Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. Жібек Жолы,- 2012 

2.

 

Bremmer Ian, Keat Preston. The Fat Tail: The Power of Political Knowledge 



in an Uncertain World. Oxford University Press, USA, 2010. – 272p. 

3.

 



 Назарбаев Н.А. Ұлт жоспары - бес институционалдық реформа // 

www.inform.kz/kaz/article/2777949 

4.

 

INTERNATIONAL ELECTION OBSERVATION MISSION Republic of 



Kazakhstan – Early Parliamentary Elections, 20 March 2016 

//

www.osce.org/kk/odihr/elections/kazakhstan/229146



 

5.

 



Предвыборную кампанию всех партий нашли скучной // informburo.kz 

6.

 



Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендіру 4даму кезеңнен өтті 

//https://strategy2050.kz/news/11645 

7.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика. Статистика Комитеті // 



www. stat.gov.kz 

 

 



 

 

1.



 

Nazarbaeyev N . Тauelsizdik belesteri. Zhibek zholy,- 2012 

2.

 

Bremmer Ian, Keat Preston. The Fat Tail: The Power of Political Knowledge 



in an Uncertain World. Oxford University Press, USA, 2010. – 272p. 

3.

 



 Nazarbaeyev N.  Ult zhospary – bes instistutsionaldyk reforma // 

www.inform.kz/kaz/article/2777949 

4.

 

INTERNATIONAL ELECTION OBSERVATION MISSION Republic of 



Kazakhstan – Early Parliamentary Elections, 20 March 2016 

//

www.osce.org/kk/odihr/elections/kazakhstan/229146



 

5.

 



 Predvybornuyu kompaniyu vseh partiy nashli skuchnoi// informburo.kz 

6.

 



 Kazakhstan memlekettik menshikti zhekeshelendiru 4 damu kezennen otti 

//https://strategy2050.kz/news/11645 

7.

 

 Kazakhstan Respublikasy Ulttyk ekonomika. Statistika komiteti // 



www. 

stat.gov.kz 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал