Психологиялық Қызметті ұйымдастыруға арналғАН



жүктеу 0.8 Mb.

бет1/7
Дата18.05.2017
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 



университеті 

 

Педагогикалық технологиялар институты 



 

«Педагогика және психология» кафедрасы 

 

 

 



 

 

 



 

 

Садуахасова А.Б.  



 

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН 



ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ  

 

 



 

Оқу – әдістемелік нұсқау 

(5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне 

арналған) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ақтау, 2011 ж 

 


 

 

ОӘЖ: 159.99 (072)   



 

 

 



 

ҚҰРАСТЫРҒАН:  Садуахасова  А.Б.  «Психологиялық  қызметті 

ұйымдастыруға  арналған  әдістемелік  материалдар  жинағы.  Оқу  әдістемелік 

нұсқау. – Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2011, 58 б. 

 

 

 



 

 

 



 

Бұл  әдістемелік  нұсқауда  студенттерге  мектептегі  іс  –  тәжірибе 

барысында  қолдануға  болатын  және  оқу  процесіндегі  мамандыққа 

бағытталған  пәндерді  меңгеруге  қатысты  тақырыптар  бойынша  қысқаша 

дәріс  мазмұны  мен  кеңестер,  нұсқаулықтар  және  әдістемелік  материалдар 

берілген.     

 

 

 



Рецензент: пс.ғ.к., доцент Жумагалиева Б.К.  

 

 



 

 

 



 

 

Ш.  Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және 



инжиниринг  университетінің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  шешімімен  баспаға 

жіберілді.  

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік  

технологиялар және инжиниринг университеті, 2011 ж. 

 


 

Алғы сӛз 

 

Психологиялық  қызмет  қазіргі  білім  беру  жүйесінің  құрамдас  бӛлігі 

болып  табылады,  ол  баланың  интеллектуальдық  және  жеке  мүмкіндіктерін, 

нышан,  қабілет,  қызығушылық  пен  икемділігін  мезгілімен  анықтап,  оларды 

оқыту  мен  тәрбиелеуде  барынша  кең  пайдалануды  қамтамасыз  етеді. 

Сонымен  қатар  психологиялық қызмет  баланың психологиялық даму  қорын 

уақтылы  анықтап,  оқыту  мен  тәрбиелеуде  пайдалану  жолдарын  кӛрсетеді. 

Егер дамуы  жағынан басқа балаларға қарағанда артта  қалған балалар болса, 

практик  психологтың  міндеті  дамудағы  кідіріс  пен  оның  себептерін 

уақытында  анықтап,  жою  болып  табылады.  Егер  дарынды  балалар  болса, 

олардың  психологиялық  дамуының  жеделдетілуін:  ертерек  нышандарды 

анықтап, оларды жоғары дамыған қабілетке айналдыруы керек.  

 

Білім  жүйесіндегі  психологиялық  қызметтің  тағы  бір  қиын  міндеті  - 



білім  беру  мен  тәрбиелеудің  сапасын  кӛтеру  мақсатында  балаларды  оқыту 

мен  тәрбиелеу  үрдісін  үнемі,  балалық  шақтың  бүкіл  кезеңінде  бақылауға 

алып  отырудан  кӛрінеді.  Бұл  педагогикалық  үрдістерді  баланың 

психологиялық дамуының табиғи және әлеуметтік заңдарына, білім беру мен 

тәрбиелеудің  психологиялық  теориясының  негізгі  қағидаларына  қатаң  

сәйкестікте  құрудың  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Психолог  жұмысының 

практикалық  мақсаты  -  түрлі  балалар  мекемелерінде  қолданылатын  оқыту 

мен  тәрбиелеудің  мазмұны  мен  әдістеріне  ғылыми  тұрғыдан  баға  беріп,  әр 

жастағы  балалардың  дамуы  жӛніндегі  ғылыми  мәліметтерді  ескере  отырып, 

оларды  жетілдіруге  байланысты  нұсқаулар  беріп  отыру.

 

Қазіргі  уақытта 



психологиялық  қызмет    әлеуметтік  ортаның  барлық  салаларында  кеңінен 

тарап  келе  жатыр.  Білім  беру  жүйесінде,  оның  ішінде  орта  мектепте,  осы 

қызметті  ұйымдастырудың  ӛзіне  тән  қиындықтары  мен  шешілмеген 

мәселелері әлі де болса кездесіп отыр.  

Еңбектің  қай  түрі  болмасын  адамның  психологиялық  мүмкіндіктерін 

мейлінше  толық,  жан-жақты  ескеріп,  соған  сәйкес  ұйымдастырылса  ғана 

жақсы  нәтиже  берері  сӛзсіз.  Адамның  жан  дүниесімен  сырласып,  оның 

психологиясын  зерттеп  жүрген  мамандар,  психологиялық  кӛмектің  әрбір 

тұлға  үшін  аса  қажет  екенін  айтады.  Атақты  педагог  К.Д.Ушинскийдің 

«Адамды  жан-жақты  тәрбиелеу  мен  дамыту  үшін  оны  жан-жақты  біліп  алу 

керек»  деген  қағидасы  қазіргі  заманға  лайықталып  айтылғандай. 

Психологиялық  білімді  мектеп  тәжірибесінде  қолдану  және  психологиялық 

қызмет кӛрсету психологтың кӛмегімен іске асырылады.  

 

Мектептегі  психологиялық  қызметтің  негізгі  мақсаты  мектеп 

оқушыларының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына,  олардың  шығармашылық 

мүмкіндіктерінің  ашылуына,  қабілеттері  мен  бейімділіктерінің  дамуына 

кӛмектесу,  олардың  психологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу,  мұғалімдер 

ұжымында психологиялық қызметті ұйымдастыру.  

 


 

Міндеттері: 

-

 



оқушылардың  мектепке  бейімделуін  түзету  мақсатында  және 

үлгермеушілікті  болдырмаудың  алдын-алу  мақсатында  арнаулы 

бағдарламалар жасау; 

-

 



балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау; 

-

 



оқушылардың  дамуындағы  «дағдарыс»,  «ӛтпелі»,  «қиын»  кезеңдерге 

үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу; 

-

 

үлгерімі,  тәртібі  тӛмен  оқушылармен  диагностикалық  коррекциялық 



жұмыстар жүргізу; 

-

 



кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру; 

-

 



мектеп  әкімшілігі  мен  мұғалімдерге,  ата-аналарға  оқыту  мен 

тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, ӛзара қарым-қатынас үлгілері, 

оқушылардың  психикалық  процестерінің  даму  заңдылықтары  туралы 

психологиялық кеңестер беру; 

-

 

ҰБТ – ға оқушыларды дайындауда психологиялық кӛмек кӛрсету. 



Мектептегі  қызметтің  әдіснамасы  негізінен  жеке  тұлғаны  дамыту 

теориясына негізделеді. Оның ӛзі іс әрекет теориясынан, таным теориясынан 

дамыту  теориясына  жол  ашады.  Мұның  ӛзі    негізгі  құндылық  қарым 

қатынасты құрайды. Бұл қарым-қатынас мектеп әкімшілігі, мұғалім, ата-ана, 

оқушы арқылы жүзеге асады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің 

теориялық негіздері. 

Жоспар:  

1.

 

Білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  қызметтің  теориялық 



тұжырымдамалары. 

2.

 



Бала дамуындағы «дағдарыстық жас» кезеңдерінің алатын орны. 

3.

 



Білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  қызметтің  негізгі  аспектілері 

(ғылыми, қолданбалық, ұйымдастырушылық және тәжірибелік).  

 

Білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  қызметтің  ғылыми  негіздемесі 



ретінде отандық психологиядағы адам психикасының дамуы мен әлеуметтік 

табиғаты  ретіндегі  теориялық  ерекшеліктері  алынады.  Онда  адамның 

психикасы  дамудың  ӛнімі  және  психикалық  даму  адамзаттың  жинаған 

әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде қарастырылады (филогенетикалық 

және  онтогенетикалық  қатынастарда).  Мұнда  Л.И.Божович,  Л.С.Выготский, 

А.В.Запорожец, 

А.Н.Леонтьев, 

А.В.Петровский, 

С.Л.Рубинштейн, 

Д.Б.Эльконин  және  басқа  да  авторлардың  еңбектерін  ерекше  атап  ӛтуге 

болады.  Осы  теориялық  кӛзқарастарға  сай,  жеке  адам  сана  мен  жүріс-

тұрыстың  қоғамдық  формаларын  меңгеру  барысында  қалыптасады.  Жеке 

адамның  қалыптасуы  дүниеге  келген  уақыттың  алғашқы  минутынан  бастап 

және  баланың  психикалық  дамуымен  қатар  жүреді.  С.Л.Рубинштейн 

психиканың дамуы сандық ӛзгерістердің сапалыққа ауысуы  арқылы жүретін 

ӛзгеру процесі деп кӛрсеткен. Баланың психикалық дамуының негізгі шарты 

ретінде ӛзінің іс-әрекетін алуға болады. А.Н.Леонтьев «баланың психикалық 

дамуы  адамдардың  дамуының  ӛткен  тәжірибесін  меңгеруі»  деп  кӛрсеткен. 

Баланың  белсенді  мотивациялық  іс-әрекетінде  оның  жеке  адам  болып 

қалыптасуы  жүреді.  Бұл  қалыптасу  баланың    жас  ерекшелігіне  сай 

онтогенездің  негізгі  іс-әрекетінің  негізінде  жүреді  (қарым-қатынас,  еңбек, 

ойын, оқу). Негізгі іс-әрекетті бӛліп кӛрсету оның ӛсіп келе жатқан баланың 

психикалық дамуына әсерін түсінуі үшін қажет.  

Баланың 


кез-келген 

іс-әрекетті 

меңгеруі 

үлкендермен 

қарым-

қатынасының  және  олардың  тікелей  басқаруының  негізінде  жүзеге 



асырылады.  Сондықтан  да  үлкендермен  қарым-қатынас  жасау,  баланың 

психикалық  және  жеке  адамдық  дамуына  қажетті  шарт  болып  табылады. 

Үлкендермен  қарым-қатынас  әрбір  жас  кезеңінде  жеке  адамның  қалыптасу 

процесінде  ӛте  маңызды  болып  табылады.  Дамудың  алғашқы  кезеңінде 

үлкендермен  қарым-қатынастың  формасы,  мазмұны  және  қызметі  баланың 

заттық  әлемді  меңгеруіне  бағытталады.  Қарым-қатынас  барысында 

басқалармен  қарым-қатынас  жасауға  деген  қажеттілік,  эмоционалдық 

қатынас,  психикалық  процесстер,  заттық-манипулятивтік  іс-әрекет  дамып, 

тек  баланың  6-7  жасында  ғана  ӛзіне  ғана  тән  қарым-қатынасы  кӛріне 

бастайды.  Ерте  мектептік  шақта  үлкендермен  қарым-қатынас  баланың  жеке 

тұлғасының  дамуының  негізгі факторы  бола  отырып,  осы  кезеңнің соңында 


 

құрбыларымен  қарым-қатынас  маңызды  роль  ала  бастайды.  Жасӛспірімдік 

шақта қарым-қатынас құрбы-құрдастарымен жүзеге асырыла отырып, негізгі 

қызметі қоршаған ортадағылармен ӛз қатынасын орнатуға бағытталады. Осы 

кезеңде  бала  саналы  түрде  орта  тәртіптерін  қабылдай  отырып,  ӛзінің 

жекелеген  ерекшеліктеріне  бағдар  жасай  бастайды.  Жастық  шақ  кезеңінде 

үлкендермен  қарым-қатынас  болашаққа  мақсат  құрумен  байланысты  бола 

отырып,  маңызды  бола  түседі.  Осыған  орай,  қарым-қатынас  жасауға  деген 

қажеттілік – адамның әлеуметтік қажеттіліктерінің негізгілерінің бірі болып, 

ӛте ерте пайда болып, біртіндеп дами бастайды. Тәжірибеде кӛрсетілгендей, 

баланың  бұл  қажеттілігі  қанағаттандырылмаса,  әрі  қарайғы  дамуыда 

жүрмейді.  Кӛптеген  балалармен  мектеп  оқушыларында  үлкендермен 

формальды емес қарым-қатынастың қанағаттандырылмауы жоғары үрейлену 

деңгейіне, ӛз-ӛзіне сенімсіздікке, тұрақсыз, әрі ӛзін-ӛзі адекватты емес түрде 

бағалауға,  жеке  дамуындағы  қиындықтарға  және  беімделу  процесінің  қиын 

жүруіне  әкеліп  соғады.  Тәжірибелік  психологияда  баланың  психикалық 

дамуында,  әрбір  жас  кезеңінде  негізгі  рольді  оқыту  алады  деген  принципті 

дұрыс қолдана білу керек. Басқаша айтқанда, Л.С.Выготскийдің кӛрсетуінше, 

оқыту  «ӛзекті  даму  зонасына»  емес,  «жақын  аймақты  даму  зонасына» 

бағытталуы  керек.  «Жақын  даму  аймағы»  баланың  ӛз  бетімен  жүзеге  асыра 

алмайтын,  бірақ  үлкендердің  кӛмегімен  жүретін  міндеттердің  мазмұнымен 

анықталады.  Бұл  баланың  дамуында  тек  кӛмекті  қажет  етудегі  келесі  этап 

болып  саналады.  Баланы  оқыта  отырып,  үлкендер  балаға  дербес  түрде  жете 

алмайтын  ерекшеліктерімен  сипатталады.  Л.С.Выготскийдің  кӛрсетуінше, 

егер де бала ересектің кӛмегімен міндетті шеше алмаса, онда ол «жақын даму 

аймағына» жетпегендігін кӛрсетеді және ешбір даму эффектісі болмайды деп 

кӛрсеткен.  «Жақын  даму  аймағы»  сыртқы  бақылауға  кӛрінбейтін, 

психикалық процестердің есейгендігін кӛрсете отырып, болжау мен оқытуда 

маңызды роль атқарады. Оқыту мен дамудың ӛзара байланысы туралы сұрақ 

тек  психологиялық  теорияға  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогикалық 

практика  үшін  де  маңызды  болып  табылады.  С.Л.Рубинштейннің 

кӛрсетуінше,  әрбір    оқыту  концепциясы  қандай  да  бір  деңгейде  даму 

концепциясын ӛзіне енгізеді дейді. Жекелік даму жоғары жүйке іс-әрекетінің 

құрылымдық дамуымен, сонымен қатар оқытумен де анықталады. Даму мен 

оқытудың,  даму  мен  тәрбиенің  бірлігі  осы  үрдістердің  ӛзара  байланысын 

білдіреді.  Даму  оқыту  мен  тәрбиелеуді  шарттандырмайды,  керісінше, 

баланың  психикалық  қасиеттері  тәрбиелеу  мен  оқыту  үрдісі  барысындағы 

дамудың  нәтижесі  болып  табылады.  Ересек  адамдар  ұйымдастыратын  және 

бала  ӛмір  сүретін  білім  беру  ортасы,  біріншіден,  бала  меңгеретін  білімдер, 

дағдылар,  іс-әрекеттен  тұрса,  екіншіден,  баланың  осы  білімдерге, 

дағдыларға,  ережелерге,  іс-әрекеттерге  деген  қатынасынан,  үшіншіден, 

баланың  ӛз-ӛзіне,  ӛзін  қоршаған  құрбыларымен  үлкендерге  деген 

қатынасынан  және  осы  ортада  алатын  орнын  түсінуінен  тұрады.  Білім  беру 

мен  психикалық  дамудың  тиімділігі  қаншалықты  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

құралдары,  мазмұны,  әдістері  жастық  және  жекелік  дамудың  психикалық 

заңдылықтарын  ескеруіне  байланысты  болады.  Сонымен  қатар  үлкендердің 



 

әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істеуде, баланың бойында қоршаған орта 

ӛміріне  деген  қызығушылығын,  оқуға  деген  құштарлығын,  білімді  дербес 

түрде  меңгеруіне  және  іс-әрекет  үрдісіне  белсенді  қатысу  қажеттілігінің 

кӛріну деңгейі, оқытудың тиімділігін кӛрсетеді. 

    Әрбір  жас  кезеңінде  бала  ӛзіне  деген  қандайда  бір  қатынасты  талап  етеді. 

Білім беру орындағы, оның  ішінде, білім берудің тәжірибелік  психологиясы 

мектепке дейінгі шақты (3-6/7 жас), мектептік шақты (6-9 жас), жасӛспірімдік 

кезеңді  (10-14  жас)  және  ерте  жастық  шақ  уақытын  қамтиды  (15-17  жас). 

Л.С.Выготский  жасты  жалпы  даму  циклінде  сандық  әрі  сапалық 

ӛзгерістермен  сипатталатын  ерекшелік  деп  кӛрсетеді.  Жас  ерекшеліктері 

жалпы  дамуға  бағытталатын,  жастың  аса  ерекше  ӛзгерістері  мен  сипаттары 

арқылы кӛрінеді. Қандай да бір жас кезеңі жеке адамның арнайы психикалық 

процестері  мен  қасиеттеріне,  психологиялық  сапаларына  сезгіш  деңгейде 

болады.  Әрбір  жас  кезеңінің    дамуының  бастапқы  шағында  тек  осы  жасқа 

ғана  тән  бала  мен  орта  арасында  қайталанбас  қатынас  туындайды.  Мұны 

Л.С.Выготский  осы  жастың  әлеуметтік  даму  жағдайы  деп  атаған.  Дамудың 

әлеуметтік  жағдайы  осы  жас  кезеңіне  сәйкес  келетін  психикалық  даму 

динамикасы  мен  сапалы  психикалық  құрылымдар  арқылы  сипатталады. 

Осыған  орай,  әрбір  жас  кезеңіне  жекелеген  ерекшеліктерімен  жаңа 

құрылымдардың  жиынтығы  ғана  емес,  сонымен  қатар  жеке  адам 

құрылымының  бірегейлігі  және  осы  жас  кезеңіне  тән  даму  тенденциялары 

жатады.  Басқаша  айтқанда,  баланың  жас  ерекшеліктік  психологиялық 

сипаттамасы  оған  тән  жекелеген  сипаттармен  емес,  әрбір  жас  кезеңіндегі 

жеке  адамдық  құрылымының  әртүрлілігімен  кӛрінеді.  Л.С.Выготскийдің 

жеке  адамның  дамуындағы  сезгіштік  кезеңдер  идеясына  сүйене  отырып, 

кӛптеген психологтар әрбір жас кезеңінің психикалық даму сипаттамаларын 

бӛліп  кӛрсету  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Н.С.Лейтестің  кӛрсетуінше,  балалық 

уақытында  кӛрінетін  дамудың  жоғары  мүмкіндіктері  тек  ӛтпелі,  белгілі  бір 

уақытқа  ғана  байланысты  болады.  Сондықтан  да  дамудың  жоғарғы 

қарқынында, әрбір жас кезеңінің жастық жетістігі айқын түрде кӛрініп, жеке 

адамның  дамуына  маңызды  үлесін  қоса  білуі  маңызды  болып  саналады. 

Баланың  әрбір  жас  кезеңін  толық  түрде  ӛткеруі,  келесі  кезеңнің  жаңа 

құрылымдарының  кӛрінуіне  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кездегі  білім  беру 

орындарында 

балалардың 

ерекшеліктері 

мен 


әрбір 

жасқа 


тән 

қызығушылықтары,  жекелеп  айтқанда  ойын,  оқу  іс-әрекетінде,  тәрбиелік 

шараларды  ұйымдастыруда,  балалармен  қарым-қатынасында  толығымен 

ескеріле бермейді. Әсіресе кӛптеген мәселелер ӛтпелі кезеңдерде туындайды.  

Бала 

дамуының 



дағдарыстық 

кезеңдер 

теориясына 

сәйкес 


(Л.С.Выготский)  әрбір  ӛтпелі  немесе  дағдарыстық    кезең,  біріншіден, 

қоғамдық қатынастар жүйесіндегі баланың обьективтік орны, екіншіден, ішкі 

позициясының  ӛзгеруі  арқылы  кӛрінетін  дамудың  әлеуметтік  жағдайының 

ӛзгеруінің 

нәтижесі. 

Әрбір 


ауыспалы 

кезең 


ұқсас 

мазмұндық 

ерекшеліктерімен жалпы заңдылықтар арқылы кӛрінеді. Бір кезеңнен екінші 

кезеңге ауысуда мазмұны тұрақты кезеңдердегі даму ерекшелігінен тұратын, 

даму  дағдарыстарынан  тұрады.  Ауыспалы  кезең-жас  ерекшеліктік  дамудың 


 

негізгі  сатылары  болып  саналады.  Бұл  уақытта  балада  осы  жас  кезеңіне  тән 

негізгі жаңа психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасқан болуы керек. Бұл 

кезеңдердің 

негізгі 

мазмұндық 

ерекшеліктері 

П.П.Блонский 

мен 

Л.С.Выготский 



еңбектерінде 

жазылған. 

П.П.Блонский 

кӛрінетін 

ауысулардың  нақтылығы,  айқындылығына  кӛңіл  бӛледі.  Л.С.Выготский  «ең 

алдымен  ауыспалы  кезең  бұл  баланың  ӛткен  тәжірибесінен  жинаған 

ерекшеліктерін  жоғалтуымен  кӛрінетін  кезең»  дейді.  Дамуға  сәйкес  келетін 

ауыспалы  кезеңдер  жеке  адамның  мүмкін  болатын  жаңа  сипаттарымен 

толықтырылып  кӛрінеді.  Дамудағы  ауыспалы  кезеңдердің  жағымсыз 

мазмұны  кез  келген  ауыспалы  жастың  басты  және  негізгі  мәнін  құрайтын, 

жеке адамның жағымды ӛзгерістерінің келесі жағы болып саналады.  

     «Дағдарыстық жас» - кӛп кездесетін нақты емес түсінік. Оны басқаша ӛте 

күрделі, дағдарыс қалпы деуге болады. Біз әртүрлі зерттеулердің жұмысында 

дағдарыстық  жасты  сипаттауларында,  талдауда  қарама-қарсылықты, 

сәйкессіздікті  кӛреміз.  Бір  жағынан,  авторлар  жеке  адамдық  жаңа 

құндылықтардың  талдауына  кӛп  кӛңіл  бӛле  отырып,  осы  даму  кезеңдерінің 

арнайы  психологиялық  ерекшеліктерін  кӛрсетсе,  екіншіден,  балалардың 

осындай ерекшеліктерге сай қиын тәрбиеленетіндігін ескертеді. Қазіргі кезде 

бұл  ұғымды  жасӛспірімдік  уақыт  туралы  (10-11-ден  14-15  жасқа  дейін), 

сонымен қатар жастық шақ дағдарысы (16-17 жас) туралы айтуда қолданады.  

Дағдарыс  психологиялық  дамудың  ерекше  құбылысы  ретінде  ӛте  ертеден 

қарастырылып,  біраз  уақыт  ӛткен  соң  бұл  ұғымды  эмпирикалық  түрде 

қарастыру  тоқтатылғанмен,  қазіргі  кезде  бұл  мәселеге  деген  қызығушылық 

күшеюде.  Кӛптеген  уақытқа  дейін  бұл  мәселе  терминологиялық  қарама-

қайшылықты  тудыру  мүмкіндігіне  байланысты,  кӛптеген  әдебиеттерде 

қарастырылмады. Қарастырылатын мәселенің адекваттылығына байланысты, 

«дағдарыс»  ұғымының  орнына  «ауыспалы  кезең»  ұғымын  қолданған  дұрыс 

болады.  Себебі  фактілі  түрде  алатын  болсақ,  бала  ӛзінің  дамуының  бір 

кезеңінен  екінші  кезеңіне  ауысады.  Ауыспалы  кезеңде,  екі  жастың 

кездесуінің  негізінде,  бір  жастың  даму  кезеңінің  тоқтауын  және  екінші 

жастың  дамуының  басталуын  кӛрсететін  дағдарыстар  туындайды.  Бұл 

мәселенің  педагогикалық  тәжірибеде  қарастырылуының  практикалық 

құндылығы,  осы  жастағы  балалармен  жұмыс  істеудің  қиындығына 

байланысты болып отыр. «Бала ӛзінің дамуында белгілі бір кезеңдерде қиын 

тәрбиеленетін  жүріс-тұрысымен  кӛрінеді»  деп  жазады  Л.С.Выготский. 

Ауыспалы  кезеңнің  мазмұндық  сипатының  мәні  мен  білімін  түсіну,  әртүрлі 

жас  кезеңдерінде  оқу-тәрбиелік  процесті    ұйымдастыруда  балалардың  жас 

ерекшеліктік  психологиялық  ерекшеліктерін  дұрыс  ескере  білуге  мүмкіндік 

береді.  Жастық  дамудың  тағы  да  бір  маңызды  бӛлігіне  кӛңіл  бӛлейік. 

Жасӛспірімдік  және  жастық  шақ  уақытындағы  психикалық  және  жеке 

адамдық  дамудағы  қиындықтар  мен  ерекшеліктер  жыныстық  жетілумен 

байланысты  болады.  Қыздар  мен  ұл  балаларда  бұл  кезеңде  жай  ғана  есею 

сезімі  пайда  болып  қана  қоймай,  белгілі  бір  жынысқа  жатқызу 

дифференциациясы, яғни «ішкі ер позициясы» немесе «ішкі әйел позициясы» 

арқылы жүреді. Физикалық тез ӛсу және жыныстық жетілу жасӛспірімдердің 


 

ішкі және сыртқы әлемінде айқын ӛзгерістер және ӛз-ӛздерімен қарама-қарсы 

жыныс  ӛкіліне  деген  қызығушылықтар  тудыртады.  Жасӛсіпірімдерде  жаңа 

түйсінулер,  сезімдер,  уайымдар  туындайды,  сонымен  қатар  осы  кӛзқарас 

тұрғысынан  ӛздерін  түсінуге  деген  қажеттілік  қалыптасады,  «ересек  ер», 

«ересек  әйел»  секілді  идеалдар  пайда  болады,  бұл  болса  ӛз  кезегінде  ата-

аналарға, 

мұғалімдерге, 

тәрбиешілерге 

аса 


бақылана 

қоймайтын, 

жасӛсіпірімнің ӛзіндік сана-сезімінің бір кӛрінісін құрайды. Мектептегі оқу-

тәрбиелік  жұмыстың  бағдарламалары  мен  әдістері  жасӛсіпірімнің  ӛзін  жеке 

жыныс  ӛкілі  туралы  ойын,  қыз  балалар  мен  ұл  балалардың  қажеттіліктерін, 

мотивтерін,  құндылық  бағдарларын,  басқа  жыныс  ӛкілдеріне  деген 

қатынастарын  ескермейді.  Баланың  жынысына  сәйкес  жеке  тұлғасының 

дамуының  міндеті  біріншіден,  психикалық  жынысын,  екіншіден  қарама-

қарсы  жыныс  ӛкілдерімен  қатынас  жүйесін  қалыптастыру  болып  табылады. 

Жастық ерекшеліктер жекелік ерекшеліктермен бірлікте болатындықтан, жас 

ӛз бетінше жеке адамның стандарттық психикалық дамуын анықтамайды.  

Психологияда  жеке  адамның жекелік  ерекшеліктері ретінде  индивидті 

басқалардан  ерекшелендіретіндерді  айтуға  болады.  Олардың  қалыптасуына 

адамның  табиғи  қасиеттері,  әлеуметтік  орта,  дамудың  жалпы  деңгейі,  жеке 

адамның  бағыттылығы,  әртүрлі  қасиеттері  мен  сапаларының  ӛзара  қатынас 

сипаты үлкен әсерін тигізеді. Жекелік ерекшеліктер тек осы адамға ғана тән, 

оның  психикасы  мен  тұлғасын  құрайтын,  қайталанбас  адам  ретінде 

сипаттайтын  ерекшеліктер.  Психологтар  (Б.Г.Ананьев,  С.Л.Рубинштейн, 

Н.С.Лейтес,  Б.Д.Эльконин  және  т.б.)  кӛрсеткендей,  жеке  адамның  жастық 

ерекшеліктері  дамудың  жекелік  нұсқасы  формасының  негізінде  кӛрінеді. 

С.Л.Рубинштейн 

ғалымдардың 

даралық 

ерекшеліктерді 

жас 

ерекшеліктерінен  бӛліп  қарауға  болмайтындығына  кӛңілдерін  аудартуға 



тырысқан.  Себебі  бӛліп  алып  қарауда  жекелеген  адамдардың  ерекшеліктері 

мен  қабілеттіліктері  мистификацияланып,  оны  зерттеуге,  қарастыруға  деген 

жол  жабылып  қалады.  Автордың  кӛрсетуінше  «жас  ӛздігінен  психикалық 

дамудың  қандай  да  бір  стандартын  анықтамайды,  жас  ерекшеліктер 

даралықпен  бірлікте  және  тек  соның  ішінде  ғана  болады»,  -  дейді.  Білім 

берудің  практикалық  психологиясы  жоғарыда  отандық  авторлардың 

кӛрсеткен  теориялық  тұжырымдамасына  сүйенеді.  Бұл  тұжырымдама 

жағымды  шарттар  болған  жағдайда  барлық  балаларда  дамуға  деген 

қабілеттілік болатындығын білдіреді. Сондықтан да тәрбиешіде, мұғалімде ӛз 

оқушыларының үлгермеушілігіне, олардың нашар деңгейде дамыған ақыл-ой 

мүмкіндіктерін  кіналай  алмайды.  Себебі,  баланың  мүмкіндіктері  оқытудың 

ұйымдастырылуы  мен  оның  мазмұнына  байланысты.  Білім  беру  баланың 

әртүрлі  аймақтарда  және  іс-әрекет  түрлерінде  баланың  қабілеттіліктерін 

дамытуға бағытталғанда ғана мазмұнды болады. Дегенмен де, тұлғалық және 

кәсіби есейгендікке кез-келген психикалық дені сау бала жете алады. Мұндай 

биіктіктерге жету кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Неліктен? Бұл 

сұрақтың  себебі  ӛте  кӛп  болды.  Мүмкін  ең  маңыздысы  психикалық  даму 

тұрғысынан  әрбір  адам  ӛзінің  балалығы  мен  жастық  шағын  толық  түрде 

ӛткізгендігі  маңызды.  Сондықтан  да,  баланың  ӛмірінің  алғашқы  күндерінен 


 

бастап,  оның  әрбір  жас  кезеңінде  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыра  алатындай, 

ӛмірін  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Бұл  баланың  қоршаған  ортаны  тануға 

деген  қызығушылығы,  ӛзінің  белсенділігі  және  нақты  жас  кезеңіне  тән  іс-

әрекет  түріне  ересек  адаммен  бірге  қатысуы  арқылы  кӛрінеді.  Сонымен 

қатар, баланың жағымды  түрде даралық дамуы  жүзеге асуында, әрбір жаста 

кӛрінетін жаңа құрылымдар маңызды болып табылады. 

Жалпы  алғанда  білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  қызмет  – 

мемлекеттің    бірегей  білім  беру  жүйесінің  негізгі  құрылымдарының  бірі. 

Неліктен қазіргі кезде психологиялық қызмет қарқынды түрде дами бастады 

деген  сұрақ  туындайды.  Оның  себептері  неде?  Мүмкін,  тәжірибе  қажет 

болар?  Шынында  да,  педагогикалық  тәжірибеде  баланың  психологиялық 

біліміне  деген  қажеттілік  туындап  отыр.  Психологиялық  қызмет  ӛзінде 

баланың дамуы  туралы  білім  мен  ӛмірде  және  білім  беру  орындарында  осы 

дамуды  жүзеге  асыратын  тәжірибе  мүмкіндіктерін  қамтиды.  Әсіресе,  білім 

беру тәжірибесінің балалар туралы ғылыми білімге деген қажеттілік пен осы 

қажеттіліктердің  әрбір  баланың  психикалық  және  жеке  адамдық  дамуын 

қанағаттандыруы  осы  саланың  туындауына  әкелді.  Ғылым  мен  тәжірибенің 

кездесуінде,  психологиялық  құбылыстар  мен  педагогикалық  шарттар  ӛзара 

байланыста  болады.  Толығырақ  айтқанда,  білім  берудің  психологиялық 

қызметі – бұл ғылыми, қолданбалық, тәжірибелік және ұйымдастырушылық 

аспектілердің  бірлігінен  тұратын,  біріккен  құбылысты  айтамыз.  Әрбір 

аспектінің ӛзінің шешуі кәсіби біліктілікті талап ететін міндеттерден тұрады.  

Ғылыми  аспект  білім  берудің  тәжірибелік  психологиясы  туралы 

теориялық  және  әдістемелік  мәселелері  бойынша  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізуді  білдіреді.  Білім  берудің  тәжірибелік  психологиясы 

психикалық  дамудың  жас  ерекшелік  заңдылықтарының  жекелік  түрде 

кӛрінуін,  оқушы  жасындағы  балалардың  психологиялық  денсаулығының 

негізі  болатын  жеке  адамдық  және  даралық  даму  шарттарын  қарастырады. 

Бұл  жерде  міндет  ретінде,  психодиагностикалық  және  дамытушылық 

бағдарламалардың  операционалдық  түрде  құрылуы  мен  ғылыми  түрде 

негізделуі,  сонымен  қатар  психологиялық  білімдерді  қазіргі  білім  беру 

жүйесінің нақтылы жағдайларында, құралдарды, тәсілдерді, әдістерді  кәсіби 

түрде 


қолдануды 

айтуға 


болады. 

Бұл 


зерттеу 

жұмыстарының 

академиялықтан  айырмашылығы,  онда  тек  қандай  да  бір  психологиялық 

механизмдер  мен  заңдылықтарды  анықтап  қана  қоймай,  нақты  бір  баланың 

жеке  адам  болып  қалыптасу  жүйесіндегі  механизмдермен  заңдылықтардың 

дамуының психологиялық шарттарын кӛрсетеді. 

Қолданбалы аспект білім беру қызметтерінің психологиялық білімдерді 

қолдануын  білдіреді.  Мұндағы  негізгі  әрекет  етуші  субъектілерге 

тәрбиешілер,  мұғалімдер,  әдіскерлер  және  т.б.  оқыту  мен  тәрбиелеу 

бағдарламасын  ұйымдастырумен  жүзеге  асыруға  қатысатын  барлық 

қызметкерлер жатады. 

Ұйымдастырушылық  аспект  мазмұндық  және  ұйымдастырушылық 

сұрақтарды  жүзеге  асыратын  құрылымдық  бӛліктерден  тұратын  және 

тәжірибелік  психологтардың  кәсіби  біліктілік  арттыруға  жауап  беретін, 



 

құрылымдық  бӛлігін  айтамыз.  Бұл  бӛліктер  иерархиялық  байланыста  бола 

отырып  мынадай  топтардан  тұруы  мүмкін:  тәжірибелік  психологтар, 

психологиялық 

қызметтің 

ғылыми-әдістемелік 

бӛлімі 

(орталықтар, 



кабинеттер), 

республикалық 

немесе 

білім 


беру 

министрлігіндегі 

психологиялық  қызмет  бӛлімдері.  Тек  түбегейлі  түрде  ұйымдастырылған 

бӛлім қызметкерлері ғана білім беру жүйесіне білікті психологиялық қызмет 

кӛрсете  алады,  балаларға,  ата-аналарға,  мұғалімдер  мен  білім  беру 

орындарына нақтылы түрде кӛмек кӛрсете біледі. 

Тәжірибелік  аспектіні  білім  беру  орындарының,  оның  ішінде  бала-

бақша,  мектеп  және  басқа  да  білім  беру  жүйесінің  қызметкерлері  жүзеге 

асырады. Олардың міндеті – қандай да бір нақтылы мәселелерді шешу үшін 

балалар  тобымен,  тәрбиешілермен,  мұғалімдермен  және  ата-аналармен 

жұмыстар  жүргізу.  Олардың  міндеті  жаңа  әдістер  құру  емес,  керісінше, 

ғылыми түрде бекітілген әдістер мен тәсілдерді кәсіби түрде дұрыс қолданып 

ӛңдей білу. Барлық аспектінің жүйелі дамуы психологиялық қызмет үшін ӛте 

маңызды.    

 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал