Психологиялық- педагогикалық практикум


Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза ретінде дамуының динамикасы. Қажеттілік



жүктеу 381.59 Kb.
бет28/32
Дата07.11.2022
өлшемі381.59 Kb.
#23447
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
семинарға қосымша материалдар
13suraq
Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза ретінде дамуының динамикасы.
Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі.
Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер - қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалдық объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар.
Мотивация - бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі.
Темперамент-индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық ерекшелігі жағынан мінездеме беру.
Қабілеттілік- қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы психикалық қасиет.

  • өмірдің алдында қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер.

Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.
Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы өнімділігі және қарқындылығы.
Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған.
Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне жатқызылады.
Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам-өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш- сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысадыАдамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктере байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай «көрсе құмар» әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл- үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып келеді. Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология, философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді. Эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі. Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі нәтижесінен қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т. қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әрнәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады.
Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық. Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.
Ал, А.Н.Маркова танымдық түрткілерді үш топқа бөліп қарастырған.

  1. жаңа білімдерді игеруге бағыттау мен сипатталатын ауқымды оқу түрткілері;

  2. білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталған оқу-танымдық түрткілер;

білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталумен ерекшеленетін, өз бетінде білім алу түрткісі.
В.А.Сластенин тұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:
- жеке тұлғаның қалыптасуының негізі, ол студенттің әрі қарай дамуының факторы ретінде көрінеді;
-ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі болады;
- танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге шығармашылық күш беріп, білім сапасына, оның тереңдеуіне әсер етеді;
- өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың дамуының ішкі шарты болып табылады;
Аталған зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен қызығушылықтар- оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі қарай жетілдіреді. Яғни,ғылыми танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге, ізденуге деген қызығушылықтарын туғызады. Ал,өзіндік білім түрткісі – оқушылардың білімін жетілдіру әдістері. Бұл деңгейлер оқушылардың нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға бөлінеді. Кеңейген әлеуметтік топтар деп оқушылардың өз Отанына, қоғамына тиімді болу үшін білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз борышын өтеу, жауапкершілік сезіммен оқу керектігін түсінуі деп есептеген жөн .
Әрбір түрткі мен қызығушылық әрекеттің орындалуында басқарушы роль атқарады. Оқушылардың әлеуметтік және танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға, талпындыруға қоғам алдындағы борыштарын өтеуге, өзіндік білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйретуді жатқызамыз.
Адамда түрткі мен қызығушылықтың өркендеуі әртүрлі іс-әрекеттердің дамуына байланысты. Оған оқудағы жеке пәндердің түрлері және оқу жаттығуларының формалары кіреді. Мұндай кең мағынада оқушылар өздерінің оқу пәндері мен жаттығуларына ден қойып, бар көңілімен орындайды. Олар білімдерін толтыруға және мектеп бағдарламасынан қалмай оқуға, өздерінің танымдық көзқарастарын дамытуға талпынады. Сонымен бірге болашақ мамандықтарын таңдап алуға ұмылады.
Психологтар оқыту мотивациясын терістеу және дұрыстау деп екіге бөледі. Терістеу мотивациясына оқушының оқуға деген талпынысының төмендеп кетуі нәтижесінде болады, оған мектептегі ескертулер мен төменгі баға, ата-аналарының балаларын ұрып-соғуы және қорқытуы, сыртқы ортамен байланыстағы қобалжулары жатады.
Ал, дұрыстау мотивациясынан керісінше, оқушылардың оқу бағдарламаларын оқуға деген талпынысы, оқуда, еңбекте табысқа жетуге деген құштарлығы, білім жетілдіру бағытындағы талаптары көрінеді. Сонымен қатар сыртқы ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасы байқалады. Түрткілердің, қызығушылықтардың түрлері оқушылардың көзқарасына жақын болуы керек. Осыған байланысты оқушының мінез-құлқын да қарастыруға болады. Қарым-қатынас үрдісі нәтижесінен қанағат алуға ұмтылу және басқа адамдармен қатынасты жақындатуда байқалады. Мұнда оқушы басқа адамдармен, мұғалімдермен, достарымен өзара қарым-қатынаста болады. Негізгі ерекшелігі, өзін-өзі тәрбиелеуі және жеке тұлға болып қалыптасуы жатады.
Әрбір іс-әрекет белгілі бір түрткілерден, қызығушылықтардан туындайды. Демек, оқу жүйесін жақсарту үшін оқу ахуалында қойылған мақсатқа, белгілі бір білім іскерліктерді меңгеруге ықпал етеді. Мұндай жағдайларда білім мен іскерліктер басқа негізгі мақсаттарға, қолайсыз жағдайларға қалмау, қоғамдық немесе жеке табыстарға жету, даңқ атақ құмарлықты қанағаттандыруға жету құралы ғана болады.



жүктеу 381.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет