Психологиялық- педагогикалық практикум



жүктеу 381.59 Kb.
бет21/32
Дата07.11.2022
өлшемі381.59 Kb.
#23447
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
семинарға қосымша материалдар
13suraq
Тапсырманы бағалау
Тапсырма кілттік сөздер бойынша бағаланады: әрбір дұрыс жауапқа -2; дұрыс емеске 0 балл қойылады.

  1. Кілт:
    1) кітап, 2) май шам, 3) көзілдірік, 4) қайық, 5) ара, 6) көбелек, 7) ағаш, 8) мұғалім, 9) шаң, 10) жел, 11) алма, 12) нан, 13) жидек, 14) кеш, 15) Асанов.



2-тапсырма Танымдық ойын құрастырыңыз.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С.Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді - деп қарастырады. Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз – танымдық ойындар. Танымдық ойындар - тұлғаны ойландырудың тиімді бір тәсілі. Танымдық ойындардың түрлері өте көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина (сұрақ-жауап), психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, қара есептер, треинг, тест т.б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілетін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі. Оның дәлелі ретінде төмендегі сөзжұмбақтарды ұсынамын.

жүктеу 381.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет