Психология негіздері



жүктеу 305.82 Kb.

бет1/8
Дата07.05.2017
өлшемі305.82 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ғ .А .  А б а ев а
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ 
ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құраіы
Алматы  2014
9 b O U > S

УДК 447 
ББК  74.3 
К 67
Рецензенттер:
п.г.д.,  профессор  Иманбаева С.Т. 
п.ғ.к.  Халыкова Б.С.
К 67  Ғ.А. Абаева. Арнайы  педагогика жэне психология  иегіздері. 
Оку
кұралы  -  Алматы,  2014 -   146 б.
ISBN 998-601-281-947-2
Оқу  құралында  қазіргі  таңдағы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту 
мен  тэрбиелеуді  ұйымдастырудағы  ілімдік  жэне  арнайы  педагогикалык  жэне 
психологиялық  аспектілері  қарастырылған.  Ерекше  білім  алуды  кажет  ететін 
балалардың  топтарына  психилогиялык-педаі огикалык  сипаттама  бере  отырып, 
олармен 
жүргізетін 
коррекциялық 
дамыту 
жұмыстарының 
өзгешелігі 
көрсегілген.
Құрал  калың  оқырманға,  жоғары  оку  орындарындағы  студеттер  мен  пэн 
оқытушыларына,  арнайы  жэне  жалпы  білім  беру  мекемелердің  тәжірибелік 
кызметкерлеріне арналған.
УДК 447 
ББК 74.3
ISBN 998-601-281-947-2
©  Ғ.А. Абаева, 2014 
©  ЖШС «Medet Group», 2014

М а зм ұ н ы
Кіріспе 
.  4
Арнайы  педагогиканын  максат,  міндеттері,  салалары,
терминологиялык аппараттары 
^
Қалыпты  жэне  калыпты  жагдайдан  ауыткыған баланың психикалық
жэне дене дамуынын  негізгі  заңдылықтары 
30
Дамуында ауыткулары  бар балалар  категорияларының жіктелуі 
42
Ой-өрісінде  жетіспеушілігі бар  балалардың  психологиялық- 
педагогикалык сипаттамасы 
50
Психикасының дамуы  тежелген  балалардың психологиялык- 
педагогикалык сипаттамасы 
60
Көру  кабілеті  закымдалған балалардын психологиялык-педагогикалык 
сипаттамасы 
66
Сөйлеу тілі бұзылған  балалардың психологиялык-педагогикалык 
сипаттамасы 

75
Есту қабілеті  бұзылған  балалардын психологиялык-педагогикалык 
сипаттамасы 
87
Тірек  козгалыс аппараты бұзылған  балалардын  психологиялык- 
педагогикалык сипаттамасы 
95
Ерте жастағы  балалар  аутизміне шалдыққан балалардын 
психологиялык-педагогикалык сипаттамасы 
104
Күрделі  кемістіктері  бар балалардын психологиялык-педагогикалык 
сипаттамасы 
112
Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  білім беруді ұйымдастыру жүйесі 
120
Қазақстан  Республикасындағы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларга
заманауи білім беру мәселелері  мен даму тенденциялары 
133
Қолданылған  әдебиеттер тізімі 
144
~ 3 ~

Кіріспе
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саясатындағы  жоғары 
міндет  -   мемлекетіміздің  тұрғындарын  сапалы  білім  берумен 
қамтамасыз  ету,  білім  беру  сапасын  жоғарлату  болып  табылады. 
Сонымен 
катар 
Қазақстан 
Республикасындағы 
білім 
беруді 
дамытудың 
2011 -2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру 
жүйелеріне  енгізу,  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  мэселесі 
енгізілген.  2010  жылы  Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру 
туралы»  Заңына  өзгерістер  жэне  толыктырулар  енгізілді:  «Мемлекет, 
даму  жағдайы  мумкіндігі  шектеулі  азаматтардың  білім  алуына, 
дамуының  бұзылуын  түзетуге  жэне  әлеуметтік  бейімделуіне  білім 
берудін  барлық  деңгейлеріне  ерте  жастан  оның  ішінде  инклюзивті 
білім  беруді  дамыту  жолымен  қамтамасыз  етеді».  Бұл  өзекті  мэселе 
педагог  мамандардың  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс 
істеу кұзыреттілігін  көтеруді басты орынға қояды.
Арнайы  педагогика  жэне  психология  негіздері  -   мүмкіндігі 
шектеулі 
балалардың 
психикалық  даму 
заңдылықтарын, 
жас 
ерекшелігіне  сэйкес  жетекші  іс-эрекет  типтерін,  баланың  калыпты 
психикалық  дамуының  шарттарын,  калыптан  ауытқыған  жағдайдагы 
дамуын,  сонымен  катар  аталған  топтағы  балаларға  коррекциялық 
педагогикалык 
көмек 
көрсетудің 
міндеттерін, 
қағидаларын, 
мазмұнын карастырады.
~ 4 ~

¥сынылған  оку  материал  теориялык  жэне  тәжірибелік  жағынан 
камтамасыздандырылған.  Эр  дэрістің  максаты,  жоспары,  такырып 
бойынша негізгі ұғымдары,  мазмұны толық ашылған,
Семинарлык  (практикалык)  сабактарында  теориялык  білімін 
бақылауға  арналған  сұрактар  мен  тапсырмалар,  репродуктивті- 
практикалык 
деңгейдегі 
тапсырмалар, 
өз 
бетімен 
орындауға 
бағьггталған тапсырмалар тізбесі бар.
Білім  алушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  тексеруге  жэне 
бағалауға арналған теориялык жэне тест тапсырмалары ұсынылған.
¥сынған  оқу  кұралы  педагог  мамандардың  ғылыми  ой-өрісін 
кеңейтуге,  инклюзивті  білім 
беру  жағдайында  педагогикалык 
дайындығының  теориялык  сапасын  жоғарлатуға,  дамуында  түрлі 
ауытқушылығы 
бар 
балалардын 
жас 
ерекшелік 
дамуының 
зандылықтарын,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  элеуметтік  оңалту 
мен  интеграциялаудың  негізгі  жолдары  туралы  теориялык  жэне 
тәжірибелік білімдерін  калыптастыруга бағытталған.
5
  ~

С АБ А К МАЗМҰНЫ
Дәріс 1
Тацырыбы: 
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ МАҚСАТ,
МІНДЕТТЕРІ,  САЛАЛАРЫ, ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ 
АППАРАТТАРЫ
М ацсаты:  дамуында  ауытқулары  бар  балаларды  оқыту  жэне 
тэрбиелеу  туралы  ілімнің  пайда  болуына,  қалыптасуына  жэне 
дамуына  ретроспективті  шолу  жасау,  осы  балаларға  көрестілетін 
кемектің  жағдайын,  осы  бағыттағы  қателіктер  мен  жасалымдарды 
карастыру  жэне  арнайы  педагогиканың  қазіргі  проблемаларына  баға 
беру.
Жоспары:
1. 
Дамуында 
ауытқулары 
бар 
балаларды 
оқыту 
жэне 
тэрбиелеу  туралы  ілімнің  пайда  болуына,  қалыптасуына  жэне 
дамуына тарихи шолу жасау.
2. 
Арнайы  педагогиканың  пэні, 
нысаны,  мақсаты  мен 
міндеттері.
3. 
Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері.
4. 
Арнайы педагогиканың салалары.
5. 
Л.С.  Выготскийдың дефектологияға коскан үлесі.
~ 6 ~

Такырып  бойынша негізгі р ы м дар :
Дефектология,  дефектолог,  ерекше  білім  алу  кажеттіліктері, 
мүмкіндіктері  шектеулі  бала  (балалар),  дамуындағы  ауытқулар, 
олигофренопедагогика, 
логопедия, 
тифлопедагогика, 
сурдо­
педагогика,  көптеген  бүзылыстар,  түзету,  патология,  өтемақы, 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  элеуметтік  жэне  медициналық- 
педагогикалық түзетушілік колдау көрсету.
Мазмұны
Коптеген  жылдар  бойы  дефектология  саласындагы  мүмкіндігі 
шектеулі  түлгаларды  зерттеу,  оқыту  мен  тэрбиелеу  мэселесі  баска 
ғылыми  салалармен  бірігіп  қарастырылып  келеді.  Психикалық 
дамудың  кешеуілдеуі  дефектологиялык  зерттеулерде  клиникалық, 
психологиялық жэне педагогикалык  түрғысынан зерттелген.
Дамуында 
ауыткулары 
бар 
балалар 
туралы 
Аристотель 
заманынан  белгілі.  Тэн  саулыгына  табынушылық  көп  ғасырлар  бойы 
кұрылған  ежелгі  Спартада 
ауыткулары  айкын  білінетін  адамдар 
(жэне бірінші  кезекте балалар)  өлім кесілген  болатын.
Кейіннен  медицина дами  келе  осындай  балаларға  көмек  көрсету 
мэселелері  көтеріле  бастады.  Дамуында  бүзылыстары  бар  балаларга 
көмек  корсетудің  бірінші  кезеңі  калыпты  жағдайдан  ең  айкын 
білінетін  ауытқулары  бар  балалармен  байланысты  еді  -   бүл 
психикалык жэне  интеллектілік ақаулар.
Француз  психиатр  дәрігері  Филипп  Пинель  (1745-1826) 
алгашқы  рет  есі  ауысқандарға  адамгершілік  көзқарас  білдіріп,
~ 7 ~

сондай-ақ  осындай  ауруларға  ғылыми  ыңғайын  тапты.  Жан-Этьен- 
Доминик  Эскироль  (1772-1840)  -  «деменция»  түсінігін,  «ақыл 
кемшілігі» 
ұғымын 
енгізді. 
Эскироль 
жарыместіктің 
симптоматикалық жіктемесінің негізігі салушылардың бірі  болды.
Песталоцци  (1746-1827)  алғашқы  рет  жарымес  балаларды 
ерекше формада оқытып тэрбиелеу қажет деген ойын білдірді.
Жан  Итар  (1775-1838)  терең  интеллектілік  ауытқушылықтары 
бар 
балаларға 
көмек 
көрсетудің 
медицинальщ-педагогикалъщ 
бағытының  негізін  салды,  оның  ішінде  медициналық  тәсіл  басым 
болып отыр.
XIX  ғ.  ортасындағы  жаратылыс  ғылымдары  саласында  ашылған 
іргелі  жаңалықтар  жарыместіктің  сипаты  мен  мэнін  түсінуде  екі 
жаңа:  анатомиялық-физиологиялық  (Б.  Морель,  Э.  Крепелин,
А. 
Берштейн, 
Г. 
Трошин 
жэне 
т.б.) 
жэне 
психологиялық- 
педагогикалық  (Ж.  Филипп,  П.  Бонкур,  Т.  Симон,  А.  Бинэ  жэне  т.б.) 
бағыттың  пайда  болуына  себеп  болды.  Э.  Крепелин  (1856-1926) 
«олигофрения» ұғымын енгізді.
XIX 
ғ.  басы  мен  XX  ғ.  соңында  келесі  негізгі  тәсілдер  бөліп 
шығарылды:
1. 
Медициналық-клиникалық:  кемістігі  этиологиясы  біліміне 
негізделген.  Дамуындағы  бұзылуына  алып  келетін  анатомиялық- 
физиологиялық 
жэне 
генетикалык 
бұзылыстар 
себептері 
қарастырылған.

2. 
Психологиялық: 
Мүгедек 
адамдардын 
психикалык
қызметінің,  эмоциялық аясының жэне  жалпы жеке түлғаның  бейнесін 
карастырады.
3.  Педагогикалык:  дамуында  акауы  бар  балаларды  окыту  мен 
тәрбиелеудін  педагогикалык  ұстанымдарын,  түзету  әдістері  мен 
формаларын зерттеп үйымдастырады.
Қазакстанда  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  көмек  көрсету 
жүйесінін  пайда  болуының  алғышарттары  өткен  ғасырдың  20-шы 
жылдарында  салынды.  1931  ж.  Қазакстанда  кажеттіліктері  ерекше 
балаларды 
жалпы 
міндетті 
оқытуды 
енгізу 
туралы 
шешім 
кабылданды.  1969-1970 жылдары  арнайы  мектептердің саны 49 жетті. 
1992  ж.  Қазакстанда  сегіз  типті  126  арнайы  мектеп  ашылып  үлгерді. 
Біздің 
мемлекетімізде 
XX 
ғ. 
90-шы 
жылдарында 
басталған 
элеуметтік-экономикалық 
өзгерістер 
демократизация 
жэне 
гуманизация  үстанымдары  негізінде  білім  беру  жүйесінің  сапалы 
жаңартылуына 
түрткі 
болды. 
Қазакстан 
Республикасынын 
«Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  элеуметтік  жэне  медициналык- 
педагогикалык  түзетушілік  қолдау  туралы»  Заңы  (2002  ж.)  арнайы 
білім  беру  мәселелерін  жаңа  деңгейде  шешудегі  бастаушы  нүктесі 
болды.
Казакстанда 
балаларды 
окыту, 
үйрету 
жэне 
тэрбиелеу 
проблемасының  дүрыс 
ьщғайын 
табу 
кешенді 
медициналык- 
недагогикалык сипатты иеленді.
~ 9 ~

XX 
ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап  екі ғылымның:  арнайы 
педагогика  мен  арнайы  психология  саласының  бағыттары  дербес 
дами бастады.
Арнайы 
педагогика  аралас  ғылымдармен, 
соның  ішінде 
медицинамен,  арнайы  психологиямен  тығыз  байланыса  отырып, 
педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды.
Арнайы  психология  зақымдалған  психикалық  ерекшеліктерін, 
оның  ішінде  себептерін,  оның  мэнін,  заңдылыктарын,  танымдык 
эрекеттері мен эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын  зерттейді.
Арнайы  педагогика  жалпы  педагогиканың  кұрамдас  бөлігі  бола 
отырып,  оның  бір  саласы  ретінде  дене  жэне  психикалық  дамуында 
кемшілігі  бар  тұлғаларға  арнайы  білім  берудің  теориялык  жэне 
колданбалы аспектілерін кұрастырады.
Қазіргі  уақытта  халықаралық  педагогикалык  теория  мен 
практикада  «арнайы  педагогика»  мен  «арнайы  білім  беру»  атаулары 
катар  колданылады.  Бұл  атаулар  элемдік  білім  беру  жүйесіндегі 
гуманистік 
көзқарастар 
бойынша 
«коррекция», 
«қолдау» 
түсініктерімен  сэйкес  келеді.  Ағылшын  тіліндегі  «special»  атауының 
түп-тамыры  бойынша  «ерекше,  жеке»  деген  үғымды  бере  отырып, 
арнайы  педагогиканың жеке түрдегі  бағытын анықтайды.
Арнайы  педагогика -  педагогикалык білімнің құрамдас бір бөлігі 
болғанына  карамастан,  көлемді  ғылым  саласы  (латын  тілінен 
аударғанда  specialis  -   туыс,  түр)  деген  мағынаны  береді.  Нақты 
түрдегі  кабылданған  аныктамасы,  арнайы  педагогика  -   мүмкіндігі
~  1 0 -

шектеулі 
тұлғаларға 
арнайы 
білім 
берудің 
теориясы 
мен 
технологиясын зерггейтін ғылым.
Арнайы  гіедагогиканың  нысаны  педагогикалық  феномен  ретінде 
карастырылатын  ерекше  білімді  кажет  ететін  тұлғаларды  арнаулы 
окыту  нроцесі.
Арнайы  білім  берудегі  зерттеулер  мен  педагогикалық  көмек 
көрсету жұмысының субъектісі -  мүмкіндігі  шектеулі  тұлга.
Арнайы  педагогиканың  пәні  -  арнаулы  окыту  мен  тәрбиелеудің 
теориясы  мен  тэжірибесі,  дамудағы  кемшіліктерді  алдын  алу,  түзету 
мен  жою,  олардың  элеуметтенуіне  бағытталған  коррекциялык- 
педагогикалык жұмыстардың кағидалары,  мазмүны  мен  әдістері.
Арнайы  гіедагоі иканын  мақсаты  -   психикалық  немесе  дене 
дамуында  кемшілігі  бар  түлғаларға  білім  беру  мен  оларды 
әлеуметтендірудегі  арнаулы  білім  беру  мазмүнының теориялык  жэне 
практикалык мәселелерін карастыру.
Арнайы  педагогика  білім  беру  жүйесіндегі  мэселелерді  шешуде 
(П.П.  Блонский,  Л.С.  Выготский,  Д.Б.  Эльконин,  Т.А.  Власова,  М.С. 
Певзнер,  Т.  Келлер,  В.И.  Лубовский,  Ж.И.  Намазбаева,  Р.А. 
Сулейменова,  А.  Грюневальд,  К.ван  Рейвейк,  В.  Вейнс,  Р.  Штайнер 
жэне  т.б.)  теориялык  кағидалары  мен  ғылыми  ілімдеріне  сүйене 
отырып,  негізгі  міндеттерді  теориялык жэне  практикалык міндеттерге 
бөледі.
~  п   ~

Теориялыц міндеттері:
• 
арнаулы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  теориялық-әдіснамалық 
негіздерін  кұрастыру;
• 
мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
кағидаларын,  эдістері мен мазмұнын кұрастыру;
• 
мүмкіндігі 
шектеулі 
тұлғаларға 
білім 
берудегі
педагогикалық жүйелерді  зерттеу;
• 
дамудағы 
кемшіліктердің  алдын 
алу  мен 
жоюдағы
педагогикалык кұралдарды аныктау, жасақтау жэне жүзеге  асыру.
Практикалыц міндеттері:
• 
арнаулы  білім  беру  мекемелерінде  және  инклюзивті  білім 
беру жағдайында педагогикалық процесті үйымдастыру;
• 
арнаулы  білім  берудегі  педагогикалық  технологияларды 
жасақтау;
• 
білім 
беру 
жэне 
коррекциялық-дамыта 
окыту
бағдарламаларын кұру;
• 
мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға  кэсіптік  білім  беру,  оларды 
әлеуметтік-еңбекке бейімдеу бағдарламаларын  қүру;
• 
алдыңғы 
қатарлы 
педагогикалық 
іс-тәжірибелерді
корытындылау.
Арнайы  педагогика  жалпы  педагогиканың  құрамдас  бөлімі 
ретінде 
жалпы 
педагогикалык 
түсініктерге 
сүйеніп, 
арнайы 
педагогиканын  ерекшелігін  анықтайтын  арнайы  терминологияны 
колданады.
-   1 2 -

Қазіргі 
білім 
беру 
жүйесіндегі 
нормативтік-кұкыктык 
күжаттарда  арнаулы  білім  беру  саласында  колданылатын  кейбір 
терминдерге аныктама беріледі.
Арнаулы  білім  беру  жүйесі  -   мүмкіндігі  шектеулі  түлғалардың 
арнайы  білім  алуы  үшін  жағдай  жасаудағы  мектепке  дейінгі,  жалпы 
жэне кэсіптік білім  беру.
Мүмкіндігі  шектеулі  тұлга  -   жалпы  білім  беру  бағдарламасын 
меңгеруде  белгілі  бір  шектеушілік  туындайтын  дамуында  дене 
немесе  психикалык жетіспеушілігі  бар тұлға.
Кемшілік  -   психологиялык-медициналык-педагогикалык  кеңес 
беру  үйымының  жэне  ересектерге  катысты  медициналық-сараптау 
комиссиясының  корытындысы  бекіткен  дене  немесе  психикалык 
кемшілік.
Дене  кемістік  -   адам  психикасы  дамуының  жэне  (немесе) 
жүмыс  істеуінің  ұзак  уакыт  бойы  әлеуметтік,  медициналык  жэне 
педагогикалык түзету  аркылы  колдануды  кажет  ететіндей  созылмалы 
бүзылуы.
Психикалыц 
кемістік 
-  
адам 
психикасының 
дамуында 
аныкталған  уакытша  немесе  гұракты  түрдегі  сөйлеудің  эмоциялық 
ерік  аясының  кемшілігі,  оқытуда  киындыктар  туғызатын  психикалык 
дамудың кешеуілдеуі.
Ауыр  кемістік  -   мемлекеттік  (оның  ішінде  арнаулы)  білім  беру 
стандарттарына  сәйкес  білім  беру  колжетімді  болмайтын  жэне  оқыту 
мүмкіндіктері  өзіне  -   өзі  кызмет  көрсету  дағдыларын,  қоршаған
~  1 3 -

дүние  туралы 
қарапайым 
білімдерді  жэне 
қарапайым  еңбек
дағдыларын 
немесе  аясы  тар  кәсіби  даярлықты  меңгерумен 
шектелетін дәрежедегі психикалық жэне (немесе) дене кемістігі;
Ерте  цолга  алу  -   психикальщ  жэне  дене  бұзылыстары 
скринингін, 
медициналық 
психологиялық 

педагогикалық
дигностиканы,  емдеуді, дамыта окытуды  қамтитын, сэби жастағы (үш 
жаска 
дейінгі) 
балаларды 
әлеуметтік 
жэне 
медициналык- 
педагогикалық түзету арқылы қолдау.
Әлеуметтік 
бейімдеу  -  
нысаналы 
әлеуметтік 
жэне
медициналык-педагогикалық  түзету  арқылы  колдау  процесінде 
кемтар  балалардың  қоғамда  кабылданған  құндылықтарды,  мінез- 
құлық  ережелері  мен  нормаларын  игеруі  мен  қабылдануы  жэне 
еңбекке  даярлануы  жолымен  әлеуметтік  орта  жағдайларына  белсенді 
түрде икемделуі.
Күрделі  кемістік -   эрбірін  бөлек  алғанда  аномальдык  дамудың 
күрылымы 
мен 
сипатын  анықтайтын бірқатар 
бастапқы
ауыткулардың бірігуі.
Арнаулы  (түзету)  білім  беру  мекемелері  -   мүмкіндігі  шектеулі 
тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.
Арнаулы  білім  беру  жагдайлары  —  мүмкіндігі  шектеулі 
тұлғадарға  жалпы  білім  беру  мен  кәсіптік  білім  берудегі  арнаулы 
оқыту мен  тәрбие жағдайлары.
Компенсация  -   (лат.  compensatio  -  өтеу,  теңдестіру,  толықтыру) 
-   организмнің  бұзылған  немесе  толык  дамымаған  қызметтерін
~  1 4 -

алмастыру,  толыктыру  немесе  қайта  кұру.  Бұл  жүре  иеленген  немесе 
туа  біткен  кемістіктердін  нэтижесінде  пайда  болған  организмнің 
күрделі,  эр алуан үрдісі.
Коррекция  -   (лат.  correctio  -  түзеу)  -   балалардың  психикалық 
жэне  дене  дамуының  кемшіліктерін  түзетуге  немесе  оның  салдарын 
женілдетуге бағытталған  педагогикалык шаралар жүйесі.
Коррекциялық  процесс  -   дамудағы  анықталған  кемшіліктерді 
түзетуге  бағытталған  арнайы  педагогикалык  көмек  түрлері  немесе 
әлеуметтік ортадағы түзете-дамыта окыту процесі.
Емдік педагогика -  арнайы  педагогикадағы  көзкарастар  жүйесін 
медициналык түрғыда карастыру.
Реабилитация, 
 
бүзылган 
функцияларды 
медициналык, 
әлеуметтік,  білім  беру тұрғысынан  кайта калыпка келтіру процесі.
Абшитация 
-  
ерте 
жастағы 
балалардын 
дамуындағы 
функцияларды  калыпка  келтіру.
Скрининг 
-  
мүмкіндігі 
шектеулі 
түлғаларды 
анықтау 
максатымен жүргізілетін  жаппай  стандартты түрдегі тексеру.
Мониторинг  -   білім  саласындағы  белгіленген  процестің  алға 
қойылған  максат-міндеттерге сэйкестігін  бакылау әдісі.
Педагогикалык,  зерттеу  мен  көмектіц  субъектісі  -   ерекше 
білімді  кажет ететін  мүмкіндігі  шектеулі түлға.
Арнайы 
педагогикалык, 
көмек 
-  
арнаулы 
мамандардың 
басшылығымен  үйымдастырылған  педагогикалык  жагдайлар,  ерекше
~  15  ~

білімді  қажетсінетін  балалардын,  жеке  дамуын  қамтамасыз  етудегі 
оқыту мен тэрбиелеудің ерекше мазмұны,  формалары,  эдістері.
Ғылыми таным саласы ретіндегі  арнайы педагогиканың зерттеу 
тацырыбына  дене  жэне  психикалык  кемшіліктері  бар  балалар  жэне 
оларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  проблемалары  жатады.  Дефектология 
бірқатар  тәуелсіз  салаларды  біріктіреді:  кұлағында  мүкістігі  бар 
балаларды 
тәрбиелеу 
жэне 
оқыту 
мэселелерін 
зерттейтін 
сурдопедагогиканы; көзінде  мүкістігі  бар  балаларды тәрбиелеу жэне 
оқыту  мэселелерін  зерттейтін  тифлопедагогиканы;  ой-өресінде 
кемістігі 
бар 
балаларды  оқыту  жэне  тәрбиелеу  мэселелерін 
қарастыратын 
олигофренопедагогиканы; 
сөйлеу 
қабілетінде 
кемістіктерді  зерттеу,  түзету  жэне  алдын  алу  мәселелерімен 
айналысатын  логопедияны.  Сонымен  қатар  дефектология  тірек- 
қозғалтқыш  аппараты,  мінез-қүлкы  бүзылған,  ақаулары  күрделі  жэне 
т.б.  балаларды  оқыту  жэне  тәрбиелеу  мэселелерін  зерттейді. 
Дефектологиялық 
ғылымға 
арнайы 
педагогика, 
элеуметтану, 
философия,  арнайы  психология  тараулары  енгізілген.  Дефектология 
медициналық ғылымдармен тығыз байланысты.
J1.C.  Выготский  (1896-1934)  17.11.1896  ж.  Белоруссияда  Орша 
каласында  туған.  Аса  көрңекті  психолог  Лев  Семенович  Выготский 
дефектология  ғылымының  дамуына  ден  қойып,  оның  өзекті 
мэселелерін  зерттеуге  көп  күш  жұмсады.  1923  жылдың  аяғында 
РСФСР  Халық  ағарту  комиссариатына  қарасты  тәрбиесі  қиын  деп 
саналатын  балалармен  1926  жылға  дейін  жэне  осы  кезден  бастап
~  1 6 -

Комиссариатқа  қарасты  Медициналык  жэне  педагогикалық  станция 
жанынан  өзі  кұрған  кеміс  балалардың  психологиясын  зерттеу 
лабораториясында  кызмет  істейді.  Осы  станция  негізінде  1929-1930 
жылдары 
тэжірибелік 
дефектология 
институты 
кұрылды. 
Институттың  директоры  И.И.  Данюшевский  Выготскийді  институтқа 
ғылыми  жетекшілік  қызметке  шакырады.  Сөйтіп  ол  мүнда  өмірінің 
соңғы кезіне дейін жемісті  қызмет атқарады.  1944 жылы  бұл  институт 
РСФСР  Педагогика  ғылымдары  академиясы  кұрылған  кезде  соның 
құрамына  енді.  Мэскеу  университетінің  заң  факультетін  жэне
А.П.  Шанявский  атындағы  Халық  университетінің  филология 
факультетін  бітірген.  20-шы  жылдардың  ортасында  Наркомпроста 
жүмыс  істеп,  ақаулы  балалык  шақ  бөлімшесін  басқарды,  Медицина 
Университетінде 
психология 
институтында 
дэріс 
оқыған. 
Эксперименталды  дефектологиялык  институтын,  қазіргі  кезде  -   РАО 
Коррекциялық 
педагогикасы 
институтын 
құрады. 
Қазіргі 
дефектологиядағы  бағыттардың  барлығы  JLC.  Выготскийдің  іргелі 
эксперименттік жэне теориялык зерттеулеріне  негізделген деп айтсак, 
артык  емес.  Оның  психикалық  даму  теориясы  калыпты  жағдайдан 
ауыткыган балалық шакты  зерттеудің  негізіне алынды.
JT.C.  Выготскийдің  бірден  колға  алған  мэселесі  дефектологияны 
ғылыми  тұргыдан  іздестіру.  Осы  бағытта  ол  дамуында  кемістігі  бар 
балаларды  зерттеп,  оларға  сапалы  тэлім-тэрбие  беру  мен  окытудың 
өзіндік  эдіс-тэсілдерін  іздестірді.  Сөйтіп,  дефектология  ғылымының
~  17 ~
?sopoZ

болашакта 
шұғылданатын 
мәселелерінің 
аукымын, 
мақсат- 
міндеттерін аныктап  берді.
Дамуында 
кемістігі 
бар 
балалардың 
психикалық 
даму 
ерекшеліктерін  іздестіріп,  оларды  одан  эрі  өрістету  үшін  қалыпты 
дамыған  балалардың  психикалык  даму  заңдылықтарымен  салыстыра 
отырып,  зерттеу  кажеттігіне  көңіл  аударады.  Дамуында  кемістігі  бар 
балалардың  денесі  мен  ақыл-ой  кемістігін  толыктырып  отырудың 
талап-тілектері  балалардың  жеке  басының  дамуымен  ұштасып 
отыратындығына  ерекше  мэн  берді.  Мұндам  қүрделі  мәселелерді 
шешіп отыру үшін баланың бойындағы кемістіктер мен олардың сыр- 
сипаты  да  алуан-алуан  болып  отыратындығын  аныктап  алу  керек 
дейді.  Осындай  талаптарды  жүзеге  асыру  үшін  ең  алдымен  кеміс 
балалардың  сан  қилы  ауру  түрлерін,  не  зақымға  үшырау  салдарынан 
ақыл-ой  мен  сезім  күйлерінің  түрліше  екендігін  анықтап  алу  керек 
болады.  Олардың  жоғарғы  дәрежедегі  психологиялык 
қызмет 
деңгейінің де түрліше екендігін ескеру керек.
Балалардың  бойындағы  түрлі  кемістіктердің  сырткы  көрінісін 
жэне  олардың  белгілерін  эуел  бастан  анықтап  алып,  оларды 
өзгертудің, 
сөйтіп 
баланың 
бойындағы 
сапа  жағынан 
жаңа 
қасиеттерді  тэлім-тэрбие.  арқылы  қалайша  түзетуге  болады  деген 
міндеттерді  шешіп  отыру  күн  тэртібінің  маңызды  мәселесі  деп 
санады.  Баланың  психикалық  дамуы  мен  денесінде  пайда  болатын 
жаңа  қасиеттер  оның  бүкіл  өткен  емір  кезендерде  калыптаскан 
заңдылық  сияқты.  Алайда  бұл  қасиеттер  баланың  бойынан  бірден

дайын  күйінде  аңғарылмайды.  Егер  баланың  бойындағы  кемістігін 
анғарып  калғандай  болсак,  ондай  кемістіктерді  калайша толықтыруға 
болады  жэне  сол  кемістіктерді  бүдан  былайғы  даму  кезендерінде 
жандандырудын 
тиімді 
эдіс-тэсілдерін 
іздестіру 
керек. 
JI.C.  Выготский  мұндай  мәселелерді  шешуде  бала  бойында  пайда 
болатын  сапалык  өзгерістерді  өзі  өмір  сүрген  ортаға  жэне  сыртқы 
жағдайға  бейімдеу  заңдылыктарына  сүйене  отырып  шешуге  болады 
дейді.  Өйткені  мұндай  зандылык  калыпты дамыған  балалар  мен  кеміс 
балалардын дамуында бірдей.
Даму  заңдылыктарын  ашып  көрсету  үшін  адамның  туған 
күнінен  бастап  оның  организм  тіршілігін  камтамасыз  ететін  қызмет 
түрлерінің  де  мән-жайын  талдай  отырып  іздестіру  керек.  Мұндай 
зерттеулер  тек  психикалык  процестермен  бірге,  жоғарғы  жүйке 
жүйесінің 
өзара  үштастығын, 
түрлі 
кызмет 
ерекшеліктерінен 
туындайтын 
себеп-салдарлардың 
пайда 
болуы 
мен 
организм 
тіршілігінің  әсерленулерін  де  қамтиды.  Жоғарғы  жүйке  қызметінін 
өзара 
үштастығы 
мен 
олардан 
туындаған 
себеп-салдар 
байланыстарын  бүкіл  адам  организмінің  қалыпты  кызмет  атқаруын 
камтамасыз  ететін  бүл  жайттар  организмнің  белгілі  калпынан 
ауытқып,  кемістік  түрлерінің  пайда  болу  себептерін  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Л.С. 
Выгосткийдің  осы  бағытта  жүргізген 
зерттеулері  дамуында  кемістігі  бар  балалардын  жоғарғы  психикалык 
кызметінің 
даму 
сипатын 
карапайым 
психикалык 
даму 
ерекшеліктерімен 
салыстыра 
отырып, 
қарастыру 
нэтижесінде
~  1 9 -

айқындала  түсті.  Осындай  зерттеулер  баланың  ақыл-ойы  мен 
жекелеген 
сезім 
мүшелерінің 
кемістіктерін 
түзетіп, 
оларды 
толықтыру  үшін  жоғарғы  психологиялық  қызметтерді  жетілдіре  түсу 
қажет  деп  көрсетті.  Осы  орайда,  бала  кемістігін  карапайым 
жаттығулар  арқылы  түзетуге  болады  дейтін  пікір  дәрменсіз  болып 
калды.  Ол  тұжырымға  орай,  Выготскийдің  барлык  еңбектерінде 
психиканың  жоғарғы қызметі  мен  оның  қарапайым  қызметі  арасында 
алшақтық  кездеседі  дейтін  бірсыпыра  дефектолог  мамандардын  ойы 
шындыққа  сай  келмейтіндігі  анықталды.  Себебі,  жоғарғы  жүйке 
жүйесінің 
барлык 
деңгейі 
өзара 
тығыз 
байланыста 
болып 
отыратындығы кез келген көзі маманға белгілі жайт.
Л.С.  Выготский  зерттеулерінде  қамтылған  маңызды  мэселенің 
бірі  -   бала  психикасын  дамытуда  оқыту  үрдісінің  алатын  орны  мен 
ақыл-ойын  жетілдіруде  жетекші  фактор  екендігін  айрыкша  атап 
көрсетеді.  Ол  өзінің  бұл  пікірлерін тәжірибе  жүзінде дэлелдеп,  оқыту 
ісін  үнемі  баланың  табиғи  дамуынан  ілгері  жүргізу  керек  деді. 
Өйткені,  бала  табиғаты  сезімтал,  эрбір  нәрсені  шапшаң  қабылдап, 
олардың  мэн-жайын  тез  түсіне  алады,  осындай  ерекшелігіне 
байланысты,  оқу  үрдісі  баланың  өздігінен  ойланып  толғануын,  эрбір 
нәрсені  байыптап  үғынуға  жетелеп  отырады  деп  санады.  Баланың 
сезімталдық  ерекшеліктері  сензитивтік  кезең  деп  аталады.  Бүл  бала 
үғымталдығының  өрбуі.  Мұндай  кезеңдер  баланың  эртүрлі  жастағы 
даму  кезеңдерінде  қайталанып  отырытандықтан  оку  мазмүны  мен
~ 20 ~

игеруге  тиісті  материалдар  да  күрделене  түсіп,  баланын  ойланып- 
толғану эрекеттерін өрістетеді.
Л.С.  Выготский  аныктаган тағы бір  маңызды мэселе -  жекелеген 
психикалык  кызметтердің  дамуы  мен  қалыптсауы  бала  дамуыньщ 
түрлі  кезеңдерінде  бірі  ерте,  бірі  кеш  дамып,  адам  санасында  түрліше 
деңгейде 
болатындығын 
өзі 
жүргізген 
тәжірибелер 
аркылы 
баяндайды.  Адам  психикасының  дамуындағы  мүндай  заңдылық  тек 
дамуында  кемістігі  бар 
балаларда  гана  емес,  калыпты  дамыған 
балаларды  да  окытып,  тэрбиелеу  істерінде  маңызды  екендігіне  көз 
жеткізді.  Бала  психикасынын  бастапқы  даму  кезеңінде  қабылдау 
үрдісінің  алатын  орны  ерекше. 
Ал,  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың  психикалык  дамуы  мен  оның  санасында  жетекші  роль 
атқаратын  ес  процесі.  Бүл  кезеңде  бала  есінін  каркынды  дамуы 
кабылдауы  мен  сөйлеу  тіліне,  ойлау  эрекетіне  негізделіп,  олардың 
дамуы  неғүрлым  күрделене  бермек.  Мектеп  жасындағы  балалар 
санасының дамып  жетілуінде жетекші  процесс  -  ойлау  әрекеті.  Ойлау 
эрекетінің  бүл  кезеңінде  каркынды  дамуы  бала  санасынын  өзге  де 
психикалык 
үрдістерінің 
шапшаң 
дамып, 
оның 
танымдық 
эрекеттерінін  тереңдеуіне қолайлы  жағдай тудырады.
Л.С.  Выготскийдің  айтуы  бойынша,  эр  кемістік  бірнеше  сатылы 
болады.  Органикалық,  яғни  биологиялык  ауытку  кемістіктің  бірінші 
сатысы  болып  есептелсе,  сол  кемістіктің  салдары  -  оның  екінші 
сатысы  болып  табылады.  Яғни,  баланы  кем  ететін  ақаудың  өзі  емес, 
оның  салдары.  Мысалы:  баланың  көру  қабілеті  нашар  немесе  мүлдем
~ 21  ~

жоқ  болғанда,  ол  бірнеше  екі  сатылық  кемістікке  әкеледі:  кеңістікте 
еркін  бағдарлана  алмайтындыгы,  кимыл-қозғалысының  бұзылуы, 
дүние-танымының  тарлығы  жэне  т.б.  Баланы  өзгелерден  кем  етіп 
сезінетіндігі  көру  кабілетінің  зақымдалуы  емес,  оның  салдары  болып 
есептеледі.
Л.С. 
Выготскийдің 
адам 
мүшелерінің 
компенсаторлық 
мүмкіндіктері, 
кемістіктің 
күрделі 
құрылымы, 
оның 
ішіндегі 
биологиялық  жэне  элеуметтік  ортаның  өзара  серпінді  қатынасы, 
белсенді  жэне  жақын  арадағы  даму  аймақтары  туралы  жэне  тағы 
басқа да ілімдері  отандастық психология  мен дефектологияның  даму 
жолдарын  сол кезде-ақ анықтап, қалдырған.
Қорытынды:
Арнайы  педагогика  мен  оның  пэн  салалары  жанама  ғылыми 
салалармен 
тығыз 
байланысты, 
Арнайы 
педагогика  олардың 
мағлұматтарын  зерттеулерде  жэне  практикалык  кызметінде,  арнайы 
білім  беру  технологиялары  жасалымдарында  қолданады.  Мұндай 
жанама  салалардың  қатарына  мыналар  жатады:  философия,  тарих, 
педагогика,  психология,  клиникалық,  әлеуметтік  жэне  арнайы 
психология, 
физиология,  медицина,  элеуметтану,  лингвистика, 
психолингвистика,  әлеуметтік  педагогика,  физика,  информатика, 
негіздері  тиісті  оқу  пэндерінің мазмұнына  кірген  гуманитарлык жэне 
гылыми пәндер.
Арнайы  педагогика  саласындағы  ғылыми  жэне  практикалық 
білімнің  бара-бара  нэзік  болып  бара  жатқан  дифференциациясы
~  


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал