Программалау» пәні бойынша 050703 «Ақпараттық жүйелер»




бет1/4
Дата14.04.2017
өлшемі1 Mb.
түріПрограмма
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар институты

Техникалық кибернетика кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Java тілінде программалау» пәні бойынша

050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

Алматы 2009


2

050703 – «Ақпараттық  жүйелер» мамандығы  үшін «Java тілінде  программалау» пәні

бойынша оқу-әдістемелік кешен

Құрастырған:    Сон А.Г., пед.ғыл.канд., ТК каф. доценті

Төлегенова Б.А., ТК кафедрасының оқытушысы

                                           Алматы: ҚазҰТУ, 2009. -  _____б.

Аңдатпа: Студенттің  пәндік оқу-әдістемелік  кешені (СП  ОӘК) белгілі  бір  курстың

концепциясын  анықтайтын  құжат  болып  табылады. Оқу-әдістемелік  кешенді  типтік

бағдарламалар  негізінде  тьютор  дайындайды, ол  баспаханалық  әдіспен  басылып, кредиттік

жүйе  бойынша  оқитын  студенттерге  арналады. Оқу-әдістемелік  кешен  студенттерге  пәнді

оқытуды бастамас бұрын алдын ала беріледі және ол пәннің оқу бағдарламасынан (Syllabus),

курстың  тақырыптық  жоспарынан, студенттердің  өздік  жұмыстарына  арналған  тапсырмалар

жүйесінен, пән  бойынша  есеп  беру  жұмыстарының  орындалу  реті, жазба  жұмыстарының

тақырыптарынан және емтихан сұрақтарының тізімінен тұрады.

Осы  оқу  әдістемелік  кешеннің  ерекшелігі  оқыту  кезеңінде  тақырыптарды  уақытымен

және оқу сабақтарының түрлеріне қарай бөлінген және студенттердің өздік жұмысын дәрістік

және  дәрістен  тыс  уақытта  ұйымдастыру, студенттердің  танымдық  және  шығармашылық

қызметтерін  жандандыру  мен  оқу  және  зерттеу  кезеңдерінің  өзара  байланысын  қамтамасыз

ету

.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы



Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2009

3

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар:

Сон А.Г, пед.ғыл.канд, техникалық кибернетика кафедрасының доценті

Төлегенова Б.А, техникалық кибернетика кафедрасының оқытушысы

        Байланыс түрі: кафедра телефоны 257-71-96

Кафедрада болатын уақыты:

телефон, E-mail

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы «Java тілінде программалау»

Кредиттер саны: 3

Өткізу орны: техникалық кибернетика кафедрасының компьютерлік зертханалары

1- кесте


Оқу жоспарының көшірмесі

Бір аптадағы академиялық сағаттар

Курс

Семестр


Кред

иттер


Дәрістер

Зертх.


сабақтар

СӨЖ*


СОӨЖ*

Барлығы


Бақылау

түрі


1

 2

3



4

5

7



8

9

10



3

 6

3



2

1

3



3

   9


емтихан

1.3 Пререквизиттері: бұл пәннің алдында оқылуға тиісті пәндер (мамандықтың жұмыс оқу

жоспарындағы пәндер тізімі).

«Java тілінде  программалау» пәні «Ақпараттану», «Алгоритм  тілдерінде  программалау»,

«Программалау  технологиясы», «Объектілі-бағытталған  бағдарламалау» пәндерін  оқу

барысында алынған білімдерге негізделеді.

1.4  Постреквизиттері:  осы  пәнмен  шектес  пәндер  тізімі (мамандықтың  жұмыс  оқу

жоспары бойынша).

Осы  пәнмен  өзара  байланысы  бар  пәндер  тізімі: «Web технологиясы», «Ақпараттық

жүйелердің бағдарламалық құралдары».

1.5  Пәннің қысқаша мазмұны

Бұл  курс  күрделі  және  қазіргі  заманғы Java тілінде  программалауға  арналған.   Оның

құрамында Java-ны  өңдеу  үшін  қажет  ОББ  үрдістерін, тіл  негіздерін, торап, файлдармен,

желілермен жұмыс істеуге арналған кітапханалар, қолданушы интерфейсінің терезесін (GUI)

құруға және т.б. енгізуді мазмұндау берілген.

Мамандарды  даярлау  барысында «Java тілінде  программалау» пәнінің  мақсаты - Java

платформасының негізгі қасиеттеріне, құралдары мен утилиттеріне түсінік беру, студенттерді

кең  көлемдегі  есептер  үшін  қосымшалар  жасауға  үйрету, Java-технологиясын  ары  қарай

дамытып оқыту үшін негіз беру.

«Java тілінде программалу» пәнін оқу барысында

студенттер: :

-

типтерді, мәліметтер сипаттамасын, оларға қолданылатын амалдарды, тіл операторларын;



-

объектілі –бағытталған бағдарламалау принциптерін;

-

қосымшаларды өңдеу үшін кластарды қолдануды;



-

файлдармен жұмысты;

-

графикалық интерфейсті тұрғызу принциптерін, графикалық примитивтерді;



-

қосымшалардың апплетке түрленуін білулері қажет.

Студенттер:


4

-

шартты  операторларды, циклдік  операторларды  қолдануды, қосымшаларды  өңдеу



массивтерін;

-

кластар құруды, клас әдістерін құруды, объектілерді жариялауды;



-

клиенттік компоненттер құруды.

-

желімен жұмыс жасай білулері керек.



1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:

- тапсырмалардың түрлері мен тізімі (курстық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары,

есептік-графикалық тапсырмалардың тізімі, типтік есептер және т.б.)

- ұсынылған әдебиеттер тізімі;

- орындау уақыты;

- бақылау түрлері (тесттер, экспресс-сұрақ, есеп беру, реферат, доклад және т.б.).

Графикті төмендегі үлгі бойынша тьютор құрастырады (2-кесте) және ол студенттерге

оқу семестрі басталар алдында тапсырылады.

          2-кесте

Тапсырмалар түрлері және оларды орындау мерзімі

Бақылау

түрлері


Жұ-

мыс


түрі

Жұмыстың тақырыбы

Ұсынылатын әдебиетке

беттерін көрсету арқылы

сілтеме

Тапсыру


уақыты

Ағымдық


бақылау

З1

Java-ның интегралданған



ортасы. Java-дағы қарапайым

қосымшалар

1нег[13-104],

2нег[111-170],

3қос[815-830].

3 апта


Ағымдық

бақылау


ӨЖ  Java-да қарапайым

программалар өңдеу

1нег[13-104],

2нег[111-170],

3қос[815-830].

4 апта


Аралық

бақылау


З2

Бірөлшемді және екіөлшемді

массивтерді өңдеу

1нег[13-104], 2нег[111-

170] 3қос[815-906],

4қос[15-44]

5 апта

Ағымдық


бақылау

ӨЖ 


Мәліметтер файлын қолданып,

программалар өңдеу

1нег[129-145],

5қос[529-563].

6 апта

Ағымдық


бақылау

ӨЖ 


Кластар-коллекциялар,

кластар-утилиттер

5қос[157-189].

7 апта


Ағымдық

бақылау


З3

Кластарды қолданып,

программаларды өңдеу

1нег[310-339],

5қос[77-98]

8 апта


Аралық

бақылау


АБ 

Циклдерді, шартты операторды

қолданып, программалар құру.

Массивтерді өңдеу.

1нег[59-181],

2нег[111-170],

4қос1нег[59-181].

1нег[13-104], 2нег[111-

170] 3қос[815-906],

4қос[15-44]

8 апта

Ағымдық


бақылау

З4

Графиканы қолданып,



қосымшалар өңдеу.

1нег[341-368],

2нег[551-641]

3қос[1005-1092]

10 апта

Ағымдық


бақылау

ӨЖ 


Компоненттерді қолданып

қосымшаларды өңдеу

1нег[341-368],

3қос[1005-1092]

11

апта


Ағымдық

бақылау


З5

Компоненттер  қолданып

қосымшалар өңдеу.

1нег[341-368],

3қос[1005-1092

12

апта



Аралық

бақылау


АБ 

Басқару элементтерін

қолданып, программалар құру

1нег[341-368],

3қос[1005-1092]

13 апта


Ағымдық

бақылау


З6

Апплеттер құру

1нег[411-449],

2нег[243-264],

13

апта


5

4қос[105-115].

Ағымдық

бақылау


ӨЖ 

Басқару элементтерін

қолданып, программалар құру,

жағдайларды өңдеу.

1нег[341-368],

3қос[1005-1092]

14

апта


Аралық

бақылау


З7

Желіде жұмыс жасау

1нег[492-531],

2нег[723-746]

15

апта


1. Бақылау түрлері реттік саны көрсетілген ағымдық және аралық бақылаудан. Бір аптада

екі бақылаудан артық жоспарлауға рұқсат етілмейді.

2. Бақылау  түрлеріне  зертханалық, семестрлік  жұмыстар, коллоквиумдар, рефераттар,

есеп беру, докладтар және т.б. жатады.

3. Жұмыстардың тақырыптарында сөздерді қысқартуға рұқсат етілмейді.

4. 4-ші  бағанды  толтырғанда  әдебиеттің  реттік  санын  және  тік  жақшада  бет  номерін

көрсету керек (Мысалы, 1нег. [10-13]).

5. 5-ші бағанда балдар бүтін сан түрінде көрсетіледі.

1.7 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Бишоп Д., Java 2. Питер, 2002

2. Д. Вебер, Технология  Java в подлиннике: Пер. с англ.-СПб.: БХВ-Петербург, 2000.

Қосымша әдебиеттер

3. Дейтел Х.М., Дейтел П.Д., Сантри С.И. «Технологии программирования на Java», 2003

4. Питер Вейнер Языки программирования  Java и JavaScript, ЛОРИ, 1998

5. Хабибуллин И.Ш. Самоучитель Java 2.-СПб.:БХВ-Петербург, 2007

1.8 Білімді  бақылау  және  бағалау. Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық

университетінің  барлық  курстары  мен  барлық  пәндері  бойынша  студенттердің  білімін

тексеруде  рейтингтік  бақылау  қолданылады. Білімді  бағалау  жайлы  мәліметтер  бақылаудың

барлық түрі көрсетілетін балдық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын шкала түрінде беріледі.

Білімді  қорытынды  бақылауда  мамандықтың  жұмыс  оқу  жоспарымен  анықталған

балдарды бөлудің (кесте) үш вариантының біреуі болуы мүмкін.

Мамандықтың  жұмыс  оқу  жоспарына  енгізілген  әр  пәннің  рейтингі  қорытынды

бақылаудан тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады.

Әр пән үшін бақылаудың келесі түрлері бекітіледі: ағымдық бақылау, аралық бақылау,

қорытынды бақылау.

Ағымдық  бақылау  түріне: бақылау  жұмыстары, рефераттар, семестрлік  тапсырмалар,

коллоквиумдар, зертханалық  жұмыстарды  орындау  және  басқалар  жатады. Қорытынды

бақылауға курстық жоба немесе курстық жұмыс және емтихан жатады. Қорытынды бақылау

түрлеріне байланысты бақылау түрлерін әртүрлі разбалловка жасау қолданылады (3 кесте).

3-кесте

Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу



Нұсқаулар

Қорытынды бақылау



түрі

Бақылау түрлері

%

Қорытынды бақылау



100

Аралық бақылау

100

1.

Емтихан



Ағымдық бақылау

100


  Ағымдық  бақылаудың  қорытындысын  өткізу  мерзімі  пән  бойынша  оқу  процесінің

күнтізбелік кестесімен  белгіленеді (4-кесте). Ағымдық  бақылау  саны  пәннің оқу-әдістемелік

кешенінде көрсетілген пәннің мазмұнымен және оның көлемімен анықталады.


6

4-кесте


«Java тілінде программалау»

 пәні бойынша

бақылаудың барлық түрлерін өткізудің күнтізбелік кестесі

Апта


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10 11 12 13 14 15

Бақылау


түрлері

З1 З1 З1 З2 З2 ӨЖ З3 З3

АБ

З4 З4 З5 З5 АБ



З6

ӨЖ З7


Балдары 1 1 1 1 1 1 1 2 1 1 1 1 2

1

1



Бақылау түрлері: З – зертханалық жұмыс; ӨЖ - өздік жұмыс; АБ – аралық бақылау;

Студент  жалпы  ≥30 рейтинг  балы  есебімен  қорытынды  бақылауға  жіберіледі.

Қорытынды  бақылауға  ≥ 20 балл  жинаған  жағдайда  ғана  өткізілді  деп  есептелінеді. Пән

бойынша қорытынды баға шкала бойынша (5-кесте) анықталады.

5-кесте

Студенттердің білімдерін бағалау



Баға

Әріптік эквивалент

Рейтингтік балл

(пайызбен %)

Балмен

А

95-100



4

Өте жақсы

А-

90-94


3,67

В+

85-89



3,33

В

80-84



3,0

Жақсы


В-

75-79


2,67

С+

70-74



2,33

С

65-69



20,

С-

60-64



1,67

D+

55-59



1,33

Қанағаттанарлық

D

50-54


1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49


0

1-ші модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1. Программаны орындау қай әдістен басталады?

2. public модификаторы нені білдіреді?

3. Негізгі мәліметтер типі қандай екі топқа бөлінеді?

4. Бүтін сандар типін атаңыз?

5. Шартты операция қалай орындалады?

6. while циклдік операторы қалай орындалады?

7. Массивті сипаттаудың үш этапын атаңыз?

8. Java-да сандарды енгізу қалай жүзеге асырылады?

9. Массивке мәліметтер енгізу қалай жүзеге асырылады?

10. Массивке мәліметтер шығару қалай жүзеге асырылады?

11. Коснтруктордың ерекшеліктерін атаңыз?

12. Аталық кластың конструкторы қай команданың көмегімен шақырылады?

13.  Визуалды интерфейс түсінігі нені білдіреді?

14. Орналасу менеджерлерінің функциясы қандай?

15. Объектілі-бағытталған программалаудың мақсаты қандай?

16. Нақты сандар типін атаңыз.

17. Пернетақтадан сандар енгізуді іске асыру үшін қандай пакетті импорттау керек?

18. Файлға мәліметтер енгізу қалай жүзеге асырылады?

19. Файлға мәліметтер шығару қалай жүзеге асырылады?

20. Объектілі-бағытталған программалауда мұрагерлік принципі не үшін қажет?



7

2-ші модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1. Терезеде графиканы орналастыру қалай іске асырылады?

2. Graphics класының әдістерін атаңыз.

3. Component класының әдістерін атаңыз.

4. Қай кнопканың басулы екенін қай әдіспен білуге болады?

5. Label объектісі қандай конструкторлардың көмегімен құрылады?

         6.   Label класында қандай жағдайлар болады?

7. MouseEvent жағдайы қандай жағдайларды туындайды?

8. Button объектісі қандай конструкторлардың көмегімен құрылады?

9. Checkbox объектісі қандай конструкторлардың көмегімен құрылады?

10. List класының конструкторларын атаңыз.

11. List класының әдістерін атаңыз.

12. TextField класының әдістері мен констукторларын атаңыз.

13. TextField класының әдістері мен констукторларын атаңыз.

14. Контейнерде меню жолын қалай орнатуға болады?

15. Апплет қалай құрылады?

16. Апплетке сурет қалай шығаруға болады?

17. HTML-файлда апплет қалай жазылады?

18. ActionEvent жағдайы нені білдіреді?

19.  тегінің параметрлерін атаңыз.

20.


Socket класының әдістерін атаңыз

.

Аралық аттестаттауға арналған сұрақтар



1. Java – программасының орындалу ретін атаңыз.

2. Шартты опратордың формасы қандай?

3. Циклдік оператордың формасы қандай?

4. Екі өлшемді және бір өлшемді массивтер қалай жарияланады?

5. Объектілі –бағытталған бағдарламалаудың мақсатын атаңыз.

          6.  Конструктор неге арналған.

7.   Айнымалылардың көріну облысы қандай?

8. Файлға жазуды қалай жүзеге асыруға болады?

9. Файлдан оқуды қалай жүзеге асыруға болады?

10. Апплетті қалай құруға болады?

11. Апплетте суретті қалай көрсетуге болады?

12. HTML- файлда апплет қалай жазылады?

         14. ActionEvent  оқиғасы нені білдіреді?

15. Объектілі-бағытталған программалаудың мақсатын атаңыз?

16.

Socket класының конструкторларын атаңыз.



17.

java.net пакетіндегі InetAddress класы не үшін қолданылады?

18.

URL класының конструкторларын атаңыз.



19.

URL класының жалпы әдістерін атаңыз.

20. Қосымшалардың апплетке түрлену ережелерін атаңыз.

1.9 Саясат пен процедура

Студенттер  сабаққа  міндетті  түрде  қатысулары  тиіс. Егер  студенттер  сабаққа  келмесе

(орынды  немесе  орынсыз  себептер  бойынша), онда  оларды  сабақтан  тыс  уақытта  өтейді.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмаларды студент оның алдындағы тапсырмаларды

орындап  өткізгеннен  кейін  ғана  ала  алады. Студент  қорытынды  бақылауды  тапсыруға

бақылау түрлерінің барлығын тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі.


8

2.  НЕГІЗГІ  ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2

.1 Курстың тақырыптық жоспары  әрбір  тақырып  үшін  қарастырылған  тақырыптар  аты



мен академиялық сағаттар саны көрсетілген кесте түрінде құрылады.

Кесте 6


Курстың тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттар саны

Тақырып аты

Дәріс 


Практи

калық


Зертха

налық


СӨОЖ  СӨЖ

1

2



3

4

5



6

1. Мәліметтердің құрылған типтері, оларға

қолданылатын операциялар. Басқарушы

операторлар.

2

1

3



3

2. Мәліметтерді енгізу және шығару.

2

1

3



3

3. Массивтер. Массивтерді өңдеу.

2

1

3



3

4. Файлдармен жұмыс. Ерекше жағдайларды

өңдеу.

2

1



3

3

5. Жолдармен жұмыс.



2

1

3



3

6. Java-да обектілі-бағытталған программалау.

2

1

3



3

7. Пакеттер мен интерфейстер.

2

1

3



3

8.  Графикалық примитивтер.

2

1

3



3

9. Визуалды интерфейс құру. Орналасу

менеджерлері.

2

1



3

3

10 . Оқиғаларды өңдеу.



2

1

3



3

11. AWT-ның негізгі компоненттері.

2

1

3



3

12. Меню құру.

2

1

3



3

13.  Апплеттер.

2

1

3



3

14.


Желімен жұмыс.

2

1



3

3

15. Желімен жұмыс. Деректер қорына қосылу.



2

1

3



3

БАРЛЫҒЫ:


30

15

45



45

2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі

Тақырып 1. Java-да объектілі-бағытталған программалау.

Java-ның  интегралданған  орталары. Мәліметтердің  тұрғызылған  типтері, оларға

қолданылатын  операциялар. Басқарушы  операторлар. Java-дағы  қарапайым  қосымшалар.

Мәліметтерді  енгізу  мен  шығару. Файлға  мәліметтерді  енгізу  мен  шығару. Массивтер.

Массивтерді өңдеу. Кластар. Кластарды қолдану.

Дәріс 1.


Мәліметтердің  тұрғызылған  типтері, оларға  қолданылатын  операциялар.

Басқарушы операторлар.

Java программалау  тілі  бұған  дейінгі  бір  де  бір  программалау  тіліне  ұқсамайды. Ол

компьютердегі WWW браузерлер ортасындағы жұмысты жеңілдету үшін өңделген.

Java  тілінің  негізгі  жетістіктерінің  бірі  болып,  тек  қана  статикалық  мәтіндермен  және

графикамен ғана емес, сондай-ақ әртүрлі динамикалық объектілермен де жұмыс істеуі болып

табылады. Java тілінде  программалаудың  ең  маңызды  ерекшелігі  қолданушы  компьютерінің

типіне тәуелді еместігі болып табылады. Java-апплеттері үшін бұл маңызды емес, олар Java-

ны  қолдаушы  броузер  орнатылған  кез-келген  компьютерде  іске  қосылу  мүмкіндігі  бар  бас

түйінінде  сақталады. Java үшін  өңдеудің  кейбір  интегралданған  орталарының

ерекшеліктерінің  бірі  болып, программалау  тілінің  өзі  сияқты, платформаға  тәуелді


9

болмайды, соның  арқасында  компьютер  ауысқан  жағдайдың  өзінде  бір  ортада  жұмыс  істей

беруге болады. Java объектілі-бағытталған программалау тілі болып табылады. Бұл дегеніміз

мұнда жазылған программа өзара байланысты объектілерден тұрады дегенді білдіреді.

Java тілінде  жазылған  программа  бірден  қандай  да  бір  нақты  процессор  командаларына

емес, Java виртуалды  машинасының  командалары  деп  аталатын  машиналық  командаларға

жинақталады.

Java виртуалды  машинасы дегеніміз – бұл  жүйемен  бірге  командалардың

орындалу  кодтарының  жиынтығы. Бірінші  сатыда Java тілінде  жазылған  программа

компилятор  арқылы  байт-кодтарға  аударылады. Бұл  компиляция  қандай  да  бір  нақты

процессордың  және  қандай  да  бір  нақты  компьютердің  архитектурасының  типінен  тәуелді

болмайды. Ол программа жазылып  болғаннан кейін бірден бір  рет қана орындалады.  Байт-

кодтар  бір  немесе  бірнеше  файлдарда  жазылады, сыртқы  жадыда  сақталуы  мүмкін  немесе

желі  арқылы  беріледі. Бұл  әсіресе  шағын  көлемді  байт-кодтары  бар  файлдар  үшін  қолайлы.

Одан  кейін  компиляция  нәтижесінде  алынған  байт-кодтарды JVM-ді  іске  асыратын  жүйесі

бар  кез  келген  компьютерде  орындауға  болады. Бұл  кезде  процессор  типі  де, компьютер

архитектурасы да маңызды емес.

Қарапайым программаға мысал келтірейік.

Экранға мынадай хабарлама шығару: «Java программалау тілін үйренеміз»

class HelloWorld{

public static void main(String[] args){

System.out.println (“Java программалау тілін үйренеміз”);

}

}

1. Барлық  программа  бір  немесе  бірнеше  кластардан  тұрады, берілген  қарапайым



мысалда тек бір ғана

класс (class) бар.

2. Кластың басы class қызметші сөзімен белгіленеді, одан кейін кластың аты беріледі, ол

еркін түрде таңдалады, берілген жағдайда Helloworld. Кластың құрамы түгелдей ирек жақша

ішіне жазылады және

кластың денесін құрайды.

3. Барлық  әрекеттер  ақпараттарды  өңдеу  әдістерінің  көмегімен  орындалады, қысқаша

жәй


әдіс деп айтады. Әдістер аттарымен ерекшеленеді. Әдістердің біреуі міндетті түрде main

деп аталуы тиіс, программаның орындалуы осыдан басталады.

4. Әдіс нәтижесінде әрқашанда бір ғана мән береді, оның типі міндетті түрде әдіс атының

алдында  көрсетіледі. Сондай-ақ  әдіс  біздің  жағдайдағыдай  процедура  рөлін  атқарып,

ешқандай  мәнді  қайтармауы  да  мүмкін. Сонда  қайтарылатын  мән  типінің  орнына void сөзі

жазылады.

5. Әдіс  атынан  кейін  жақшада, үтір  арқылы, аргументтер  немесе  әдіс  параметрлері

тізбектеліп  жазылады. Әр  аргумент  үшін  оның  типі  көрсетіледі  де  бос  орын  арқылы  аты

жазылады.

6. Әдіспен қайтарылатын мәннің типі алдында

модификаторлар жазылуы мүмкін. Public

сөзі - бұл  әдісті  кез-келген  жерден  қолдана  беруге  болатынын  білдіреді;  static сөзі main ()

әдісін  программаның  ең  бастапқы  орындалуы  кезінде  шақыруға  мүмкіндік  береді.

Модификаторлар жалпы міндетті емес, бірақ main () әдісі үшін олар қажет.

Берілген аттың жәй айнымалының емес, әдіс аты  екендігін ерекшелеп  көрсету  үшін  әдіс

атынан кейін жақша қойылады.

7.

Әдіс денесі, оның барлық құрамы ирек жақшаға алынып жазылады.



Мысалда main () әдісінің  орындайтын  жалғыз  әрекеті System.out.println күрделі  аты  бар

басқа  әдісті  шақырумен  және  оған  өңдеу  үшін  бір  аргументті, «Java программалау  тілін

үйренеміз!» мәтіндік  тұрақтыны  берумен  шектеледі. Мәтіндік  тұрақтылар  тек  қана

шектеушілер  болып  табылатын  және  мәтін  құрамына  кірмейтін  тырнақшаларға  алынып

жазылады.

System.out.println құрама  аты Java API-ға  кіретін System класында println() әдісі  бар

PrintStream класының, Java API кластарының бір данасынан тұратын, out атты айнымалымен


10

анықталатынын  білдіреді. Println() әдісінің  әрекеті  әдетте  мәтіндік  терминалды  экранға

шығарумен  байланысты  өзінің  аргументін  шығатын  ағынға  шығарумен  шектеледі. Java тілі

кіші  және  үлкен  әріптерді  айырады, main, Main, MAIN аттары Java компиляторының

“көзқарасы ” бойынша әртүрлі. Мысалдарда String, System міндетті түрде бас әріппен жазылу

керек, ал main кіші әріппен жазылады.

Біздің  мысалда  программаны  ағымдағы  каталогта World.java атты  файлда  сақтау  қажет.

Содан соң файлдың атын аргумент түрінде бере отырып, компилятор шақырылады:

javac HelloWorld.java

Компилятор  байт-кодпен  файл  құрып, оған Helloworld.class атын  береді  де, осы  файлды

ағымдағы каталогқа жазады.

Одан  кейін  оған  аргумент  ретінде  класс  атын  беріп (файлды  емес), интерпретаторды

шақыру керек:

Java HelloWorld

Экранда пайда болады:

  Java тілінде программалауды үйренеміз

Java тілінде әртүрлі типтегі тұрақтыларды әр түрде жазуға болады:

- бүтін;


- нақты;

Нақты тұрақтылар тек қана ондық санау жүйесінде екі түрде жазылады:

- бекітілген нүктемен:  37.25, -128.678967, +27.035;

- жылжымалы  нүктемен: 2.5е34, -0.345е-25, 37.2Е+4; Е  латын  әріпін  бас  әріппен  немесе

кішкене әріппен жазуға болады; бос орын мен жақша қолданылмайды.

Нақты  тұрақтының  соңында F немесе f әріпін  қоюға  болады, онда  тұрақты float типті

форматта  сақталады (төменді  қара): 3.5f, -45.67F, 4.7e-5f. D (немесе d) әріпін  жазуға  да

болады:  0.045D, -456.77889d, бұл double типін  білдіреді, бірақ  бұл  артық  болады, өйткені

нақты тұрақтылардың өзі де double типті форматта сақталады.

Жеке белгілерді жазу үшін келесі формалар қолданылады:

Баспа белгілерді апострофта жазуға болады: 'а', 'N', '?'.

Басқарушы белгілер апострофта кері еңкейтілген сызықпен жазылады:

'\n' — ASCII 10 кодымен newline жолын аудару белгісі;

'\r' — 13 кодымен CR арбаны (каретки) қайтару белгісі,;

'\f' — 12 кодымен FF парағын аудару белгісі,;

'\b' — бір қадамға қайтару белгісі BS,  8 кодымен;

'\t' — көлденең табуляция белгісі НТ,  9 кодымен;

'\\' — кері еңкейтілген сызық;

'\"' — тырнақша;

'\'' — апостроф.

Кез  келген 0 ден 255 дейінгі  ондық  кодировкасы  бар  белгінің  кодын, сегіздік  санау

жүйесінде  үш  цифрдан  асырмай  кері  еңкейген  сызықтан  кейін  апостроф  ішінде  жазуға

болады: '\123' —S әріпі, '\346' —Ж  әріпі  СР1251 кодировкасында. Баспа  және  басқарушы

белгілер  үшін  бұл  форма  қолданылмайды, өйткені  алдыңғы  пунктте  көрсетілгендей,

компилятор  бірден  сегіздік  сандау  жүйесіндегі  жазбаны  жоғарыда  көрсетілген  формаға

аударады. Ең үлкен код '\377' — ондық сан 255.

Unicode кодировкасындағы кез келген символдың коды латынның u әріпімен төрт оналты

орынды цифрмен: '\u0053' —S әріпі, '\u0416' —Ж әріпі және  кері еңкейтілген сызықтан кейін

апострофта жазылады. Символдар char типті форматта сақталады.

Символдар қатары тырнақшаға алынады. Басқарушы символдар мен кодтар да дәл осылай

кері  еңкейген  сызықпен, жолдарға  жазылады. Жолдар  бастапқы  кодтың  бір  қатарында

орналасуы  мүмкін, ашылған  тырнақшаны  бір  қатарға, ал  жабылатын  тырнақшаны  келесі

қатарға жазуға болмайды.

Жолдық тұрақтылар үшін плюспен белгіленетін жалғасу операциялары анықталған.



11

"Жалғасу " + "қатар" нәтижесінде "Жалғасу қатары" қатарын береді.

Ұзын қатарды бір қатарлы тұрақтылар түрінде жазу үшін, жабу тырнақшасынан кейін бірінші

және келесі жолдарға қосу (+) қою керек, сонда компилятор екі (немесе бірнеше) қатарды бір

қатарлы тұрақтыға жинайды, мысалы:

"Бір қатарлы тұрақты, жазылған "+

"бастапқы мәтіннің екі қатарында"

Java тілінде  құрылған, бастапқы  мәліметтердің  барлық  типтері, екі  топқа  бөлінеді:

примитивті типтер және сілтемелі типтер.

Сілтемелі типтер

массивтерге (arrays), кластарға (classes) және интерфейстер (interfaces)

болып бөлінеді.

Примитивті  типтер  барлығы  сегіз. Оларды

логикалық  тип boolean және сандық  деп

бөлуге болады.

Сандық типтерге бүтін: byte, short, int, long, char жатады.

Бүтін типтілерге қолданылатын операциялар

Арифметикалық амалдарға жататындар:

- қосу + (қосу);

- азайту – (сызықша);

- көбейту * (жұлдызша);

- бөлу / (еңкейтілген сызық- слэш);

- бөлгеннен қалған қалдықты алу (модуль бойынша бөлу)  % (процент);

- инкремент (бірге арттыру) ++;

- декремент (бірге кеміту) --

Нақты типтер Java-да екеу: float және double.

Стандартты  арифметикалық  және  тригонометриялық  функцияларды  орындау Java

тілінде арнайы Math класының  көмегімен жүзеге  асырылады. Ол  әр программада автоматты

түрде берілетін Java.lang пакетіне жатады. Math класының кейбір әдістерін келтіреміз:

Final double PI

double pow (double, double)

double sqrtr (double)

double atan (double)

double cos|sin|tan (double) // радианмен

double random ()

int round (float)

long round (double)

value abs (value)

value max (value, value)

value min (value, value)

Екі  кездейсоқ шамалардың  арасынан max әдісін  қолдана  отырып, ең  үлкен  санды  табу

туралы мысал:

Class pr{

Pr()


{double random1, random2;

random1=Math.random();

random2=Math.random();

System.out.println("қосынды"+random1+random2);

System.ou.println("max"+Math.max(random1,random2));

}

public static void main (string[] args) {



new pr();

}

}



Java тіліндегі негізгі операторлар жинағы:

12

    айнымалы және басқа да объектілерді сипаттау операторлары;

    өрнектеу операторлары;

    меншіктеу операторлары;

    If шартты операторы;

    while, do-while, for үш циклдік операторлары;

    switch нұсқаулы операторы;

    break, continue және return өту операторлары;

   {}-блогы;

    бос оператор – жәй нүктелі үтір.

Мұнда Java операторлар жинағы толық келтірілмеген, ол тілді оқып-үйрену барысында

толықтырылады.

Java тілінде goto операторы болмайды.

Кез келген оператор нүктелі үтірмен аяқталады.

Меншіктеу операциясы теңдік белгісімен (=) белгіленеді, оның сол жағында айнымалы

тұрса, оң жағында айнымалының типімен бірігетін өрнек тұрады:

х = 3.5, у = 2 * (х - 0.567) / (х + 2), b = х < у, bb = х >= у && b.

Блокта  тіл  ережесі  бойынша  тек  бір  ғана  оператор  жазылатын  орындарда,  ноль  немесе

бірнеше операторлар енгізе алады. Мысалы,  {х = 5; у = ?;}. Бос  блок жазуға  да болады, ол

үшін  қос өрнекті жақша {} аламыз.

Операторлар  блогі  айнымалылар  әрекеттерінің  шектелу  облысы  үшін  және  программа

мәтінінің оқылуын жақсарту үшін қолданылады.

Шартты оператор (if-then-else statement) Java тілінде келесі түрде жазылады:

if (логӨрнек) then оператор1 else оператор2

және  келесі  түрде  орындалады. Алдымен  логикалық  өрнек (логӨрнек) есептеледі. Егер

шешімі true болса, онда

оператор1 орындалады  және  осымен  шартты  оператор  жұмысын

тоқтатады,

оператор2 әрекет  етпейді, ары  қарай if операторынан  кейінгі  оператор

орындалады. Егер  шешімі false болса, онда

оператор2 орындалып, оператор1 мүлдем

орындалмайды.

Шартты  оператор  қысқаша

if (логӨрнек) оператор болады  және false жағдайында

ешқандай жұмыс атқарылмайды.

Тіл синтаксисі then және else бұтақтарына бірнеше оператор жазуға тиым салады. Қажет

жағдайда ирек жақшалардағы блок операторлары құрылады.

Шартты  операция  үш  операндадан  тұрады. Алдымен, нәтижесінде true немесе false

мәндерін қабылдайтын еркін логикалық өрнек жазылады, содан кейін сұрақ белгісі қойылады,

содан соң қос нүктемен ажыратылған екі еркін өрнек келтіріледі, мысалы,

х < 0 ? 0 : х

х > у ? х  — у : х + у

Мысал. Квадратты теңдеудің түбірлерін табу

class Kwur1 {

public static void main(String[] args) {

double a=1,b=2,c=3,d,d1,a1;

d=b*b-4*a*c;

if (d<0) {

         d1=0.5*Math.sqrt(-d)/a;

         a1=-0.5*b/a;

         System.out.println("x1="+a1+"+i"+d1+", x2="+a1+"-i"+d1);

} else {


         d=0.5*Math.sqrt(d)/a;

         a=-0.5*b/a;

         System.out.println("x1="+(a+d)+",x2="+(a-d));

         }

}


13

}

Циклдің негізгі операторы – while операторы келесі түрде болады:



while (логӨрнек) оператор

Алдымен,


логӨрнек логикалық  өрнегі  есептелінеді; егер  оның  мәні true болса, онда

циклді  құрайтын  оператор  орындалады. Одан  кейін  қайтадан

логӨрнек есептеледі  және

опеаратор  әрекет  етеді, яғни  ол false мәні  шыққанша  орындалады. Егер

логӨрнек басында

false-қа  тең  болса, онда

оператор бір  рет  те  орындалмайды.  Алдын  ала  тексеру  циклдің

орындалуының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, толып кетуден, нольге бөлуден және басқа да

қолайсыздықтардан сақтайды. Сондықтан  while операторы негізгі болып табылады, ал кейбір

тілдерде ол тіптен жалғыз циклдік оператор болып табылады.

Циклдегі оператор бос болуы мүмкін, мысалы, келесі код бөлігі:

int i = 0;

double s = 0.0;

while ((s += 1.0 / ++i) < 10);

s гармоникалық қосындысы 10 мәніне жететіндей  і көбейтіндінің санын есептейді.

Шексіз цикл ұйымдастыруға да болады:

while (true)

оператор


Егер циклге бірнеше оператор жазу керек болса, онда операторлар блогін {} қолдануға

болады.


Циклдің екінші операторы - do-while операторы келесі түрде болады: do

оператор while

(логӨрн).  Мұнда  ең  алдымен оператор орындалып, содан  кейін  логикалық  өрнек логӨрн

есептеледі. Цикл

логӨрн true-ге тең болғанға дейін орындалады.

Сontinue операторы  тек  цикл  операторларында  қолданылады. Ол  екі  түрге  ие. Бірінші

түрі  тек  қана continue сөзінен  тұрады  және  жедел  түрде  келесі  цикл  итерациясына  өтуді

жүзеге асырады. Код үзіндісінде continue операторы нольге бөлуден сақтандырады:

for (int i = 0; i < N; i++){

if (i '== j) continue;

s += 1.0 / (i - j);

}

Вreak операторы  цикл  операторларында  және  осы  конструкциялардан  жылдам  шығу



үшін нұсқа операторында қолданылады.

Нұсқа  операторы switch бірнеше  бағыт  бойынша  тармақталуды  қамтамасыз  етеді. Әр

тармақ  тұрақтымен  немесе  қандай  да  бір  бүтін  типтің (long типінен  басқа) тұрақтылық

өрнегімен белгіленеді және таңдалады.  Барлық конструкция мына түрде болады:

switch (БүтінӨрн){

case констӨрн1: оператор1

case констӨрн2: оператор2

. . . . .

case констӨрнN: операторN

default: операторDef

}

 Жақшаға  алынған



констөрнек өрнегі byte, short, int, char типтерін  қабылдайды, бірақ

long типі  емес. Тұрақтылардан  құралған  бүтінсанды  өрнектер  немесе  бүтін  сандар,

констӨрнек long  типті бола алмайды.

1нег[13-104], 2нег[111-170].

3қос[815-906], 4қос[15-44].

Бақылау сұрақтары:



14

1. Java тілінде программалаудың ерекшеліктерін атаңыз.

2. Java-программаның орындалу реті қандай?

3. Шартты оператор формасы қандай?

4. Цикл операторының формасы қандай?

5. break операторын белгімен нұсқа операторында қолдануға бола ма?

Дәріс 2.

Мәліметтерді енгізу және шығару.

Java-да сандарды енгізуді басқару мəліметтерді енгізуге қарағанда күрделі. Мəліметтерді

енгізуге  арналған Java тілінің  барлық  құралдары  мықты  болып  табылады  жəне  берілген

программалау тілі қарапайым  альтернативті болмайтынымен келісуге тура келеді.

Енгізу  ағындары. Ағын термині  бір  деректен  түсетін (мысалы  пернетақтадан  немесе

дискідегі  файлдан) мəліметтер  тізбегін  бейнелеу  үшін  қолданылады. Java тілінде System.out

объектіне  эквивалент  болып System.in объектісі  табылады. System.in объекті  алдын-ала

жариялауды  талап  етеді, оның  классы  болып  InputStream абстрактілі  класы  табылады.

System.in объекті InputStreamReader деп  аталатын, нəтижесінде  объект  құрылатын  басқа

класқа  конструктор  параметрі  ретінде  берілуі  керек. Сонымен  қатар  программаға

пернетақтадан  мəліметтер  енгізуді  буфер  арқылы  жүзеге  асырған  бəрінен  ыңғайлырақ,

сондықтан объект құрғаннан кейін оны BufferedReader класына берген дұрыс.

Пернетақтадан енгізу үшін ағынды жариялау.

Import java.io.*;

BufferedReader stream = new BufferedReader

(new InputStreamReader(System.in));

Java.io пакеті  беріледі. System.in объектісінің  негізінде InputStreamReader объекті

құрылады  жəне  оны  stream идентификаторы  меншіктелетін BufferedReader объектін  құру

үшін қолданады. Алдымен жоғарыда көрсетілген үш класс анықталатын java.io пакетінің им-

порты  орындалады. Содан  кейін BufferedReader класының  барлық  қасиеттеріне  ие  болатын,

System.in объектімен  байланысты  жаңа  ағын  құрылады. Стандартты  жариялау  келесі  түрде

болады:

BufferedReader in = new BufferedReader



(new InputStreamReader(System.in));

Мұнда in пернетақтамен байланысты ағын тəрізді анықталады.

Оқу  кезінде  байқаусызда  мəліметтердің  жоғалуымен  немесе  оларда  дұрыс  емес

форматтың  болуымен  байланысты  қателер  жиі  болуы  мүмкін. Мұндай  жағдайлар

келеңсіздіктер  деп  аталады. Java əр  əдісте  барлық  мүмкін  болатын  келеңсіздіктер

көрсетілгенін талап етеді. Сондықтан мəліметтерді оқымас бұрын мəліметтердің оқылуы іске

асырылатын əр əдісті жариялағаннан кейін, оны шақыратын жəне келеңсіздіктерді өңдемейтін

кез келген əдіс үшін trows IOExeption командасын қосу керек

Жолдарды оқу. Println əдісіне сəйкес, BufferedReader класы қолданушылардың  назарына

пернетақтадан  енгізілетін  жолға  жолдық  айнымалы  мəтінін  меншіктейтін readLine əдісін

береді.

Жолдарды  оқу: String = stream.readLine(); - stream ағынынан String типті  мəліметтер



жолын алады жəне оны String жолына меншіктейді.

Java-да  сандарды  енгізу  үшін Display жəне Stream екі  класы  өңделген. Display –

мəліметтерді біруақытта енгізу мен шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кең тараған

қолданушы  интерфейсі. Stream – Java тілінің  консолдарының, командалық  терезе  немесе

мəтіндік файл көмегімен мəтіндік мəліметтерді енгізу-шығарудың қарапайым құралдары.

Display  класы.  Display  класының  интерфейсі  екі  тақтадан  тұрады:  сол  жақ  тақта

мəліметтерді енгізу үшін, ал оң жақ тақта – мəліметтерді шығару үшін. Екі тақта да экранда

біруақытта  бейнеленеді. Олардың  əрқайсысы  тақтада  сыймайтын, ақпараттарға  енуді

қамтамасыз  ететін  айналу  жолағымен  қамтылады. Терезенің  төменгі  бөлігінде  екі  батырма

бар: Дайын  жəне  жабу. Біріншісі  қолданушы  мен  программа  арасындағы  өзара  əрекетті



15

қамтамасыз етеді, ал екіншісі программа жұмысын аяқтауға жəне терезені жабуға мүмкіндік

береді. Шығару тақтасы өз жұмысын үш этапта орындайды:

- Мəліметтерді енгізу қажеттілігі жайлы хабарламаның бейнеленуі.

- Қолданушы орындау керек əрекеттер жайлы ақпараттар шығару.

- Қолданушы  енгізген  мəндердің  оқылуы, өрнектердің  орындалуы  жəне  нəтиженің

бейнеленуі.

Көрсетілген əрекеттер Жабу батырмасы басылғанға дейін программамен қайталана береді.

Енгізу тақтасы. Енгізу тақтасында қолданушы қажет жағдайда өзгерте алатын мəліметтер

бейнеленеді. Берілген тақта келесі операцияларды орындау үшін қолданылады:

1. Программа  қандай  мəліметтерді  өзгерту  керектігі  жайлы  мəлімет  береді. Əр  мəн  үшін

аты  бар  стандартты  өріс  құрылады. Бастапқы  мəндер  өрістерге  берілуі  мүмкін, ол

программаны  тестілеу  кезінде  өте  пайдалы  болып  табылады, яғни  қолданушы  əр  өріс  үшін

жаңа мəліметтер ойлап таба бермейді.

2. Қажет  жағдайда  қолданушы  өрістердегі  мəндерді  өзгерте  алады. Барлық  мəндер

өзгертулерді талап ете бермейді. Мəндерді дұрыс мəліметтер енгенше өзгерте беруге болады.

3. Қолданушы  Дайын  батырмасын  басады. Программа  терезе  өрістеріндегі  барлық

мəндерді  оқиды  жəне  өзінің  ішкі  мəндер  кестесін  жаңартады  да  қажетті  есептеулер

орындайды.

4. Программа  өзіне  қажет  кез  келген  мəндерді  алады, қажетті  есептеулер  орындауды

жалғастырады  жəне  нəтижелерді  экранға  шығарады. Программаның  басқа  мəліметтермен

келесі жүктелуінде 2-4 қайталау керек.

 Display класының əдістері: new Display(String) – создает новый объект Display с заголов-

ком; void println(String) – шығару тақтасына жолды басып шығарады; void promt (String,value)-

создает  на  панели  ввода  поле  с  подписью  и  начальным  значением; void ready(String)-

программа  Дайын  батырмасының  басылуын  күтетіндігі  жайлы  хабар  шығарады; int get-

Int(String) – параметр ретінде көрсетілген белгіге сəйкес int типті мəнді алады; double getDou-

ble(String) – параметр ретінде көрсетілген белгіге сəйкес double типті мəнді оқиды; String get-

String(String) - параметр ретінде көрсетілген белгіге сəйкес String типті мəнді алады.

Программа  бірінші  бес  əдісті  қолданып  жазылуы  мүмкін.  Соңғы  екеуі  getInt  əдісінің

вариациялары болып табылады.

Display класын  қолдану. Display класын  қолданудағы  бірінші  қадам  осы  кластың

объектісін құру болып табылады. Жариялау мына түрде болады:

Display display new Display(“text”).

Кез  келген  программада  ең  аз  дегенде  бір  терезе  генерацияланады, бірақ  мұндай

қахеттілік сирек туындайды. Объект құру кезінде Display класына  берілетін параметр болып

терезе тақырыбы табылады. Келесі этап – шығару тақтасында бастапқы нұсқаларды бейнелеу.

Мұнда println əдісі  қолданылады. Мəтіндік  өрісті  енгізу  тақтасына  орналастыруға dis-

play.promt  (“text”,value)  əдісі  мүмкіндік  береді.  Мəтіндік  өрістерден  мəліметтер  оқу  үшін  ең

алдымен Дайын батырмасы  басулы  болуы  керекБатырманы  баспай  программа  қолданушы

өзгертулер енгізіп болған-болмағанын анықтай алмайды. Затем осуществляется вызов одного

из  методов get. Например, h=display.getInt(“text”). Параметр  ретінде  берілетін  жол  енгізу

тақтасындағы өрістердің қайсысы керек екенін анықтауға мүмкіндік береді. Display объектісі

ағымдағы  мəнді  қайтарады  жəне  оған  айнымалы  меншіктейді. Javagently пакетінің Display

немесе Stream кластарына  ену  үшін  программаға  сəйкес import javagently.* операторын

қолдану керек;

 

Stream жаңа  классы 1997 жылы  жазылған  жəне  мыңдаған  қолданушылар  өз



программаларында  сəтті  қолданған. Бұл  класс javajently пакетінде  қолданылады. Ол  он  бір

əдісті қолдануға мүмкіндік береді.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал