Программа для изучения английского языка и англо-русско-казахский словарь состоящий из более распространенных 3000 слов в повседневной жизни выбранные



жүктеу 0.66 Mb.

бет2/7
Дата06.05.2017
өлшемі0.66 Mb.
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7

2.1.2 Ақпараттық жүйенің тіршілік циклі 

 

Ақпараттық  жүйенің  тіршілік  циклі  жүйенің  әр  түрлі  күйін  көрсетеді. 



Оның  алғашқы  қажеттілігенен  бастап  толық  пайдаланып  біткенге  дейін 

қарастырады.  



Каскадтық үлгі 

Келесі  кезеңге  ауысу  алдыңғы  кезеңде  жұмыстарды  толық  аяқталуын 

білдіреді (Cурет 2.2). 

Аралық бақылаумен кезең бойынша үлгісі  

БЖ  ны  әзірлеу  кезеңдер  арасында  кері  байланыс  циклдарымен 

итерациялармен 

жүреді. 


Кезеңаралық 

түзетулер 

каскадтық 

үлгімен 


салыстырғанда  әзірлеу  процесінің  еңбек  жұмсалымын  азайтуға  мүмкіндік 

береді;  әр  кезеңнің  өміршеңдік  уақыты  әзірлеудің  бүкіл  кезеңіне  созылады 

(Cурет 2.3). 

Спиральды  үлгі үлгі 

Әзірлеудің бастапқы кезеідеріне ерекше көңіл бөлінеді –сол немесе басқа 

техникалық  шешімдердің  іске  асырылуы  тексерілетін  және  түптұлғаларды 

(макеттеу) құру көмегімен негізделетін стратегия жасау, талдау және жобалау. 

Шиыршықтың  әрбір  орамы  өнімнің  қандай  да  бір  нұсқасын  немесе  оның 

қандай да бір құрамдасын құруды болжайды, мұнда жобаның сипаттамасы мен 

мақсаттары нақтыланады, оның сапасы анықталады және шиыршықтың келесі 

орамының жұмысы жоспарланады (Cурет 2.4). 

 

 

 



Cурет 2.2  Каскадты модель 

 

 

 

Cурет 2.3  Аралық бақылаумен жүретін кезең бойынша үлгісі 



 

 

 

Cурет 2.4  Спиральды  модель 

 

Тіршілік циклының ең көп таралған екі түрі қолданылады: 

 

каскадты  модель (мерзім 1970–1985 жылдардан бастап);  



 

спиральды  модель (мерзім  1986 жылдан бастап).  



Ақпараттық жүйелердің тіршілік циклы – осы жүйеге қажеттілік туғаннан 

бастап  оның  қолданушылардың  қолданысынан  толық  шығу  уақытымен 

аяқталатын әртүрлі жағдайларды қамтитын олардың құрылуы және пайдалану 

кезеңі. Ақпараттық жүйелердің өміршеңдік кезеңі өз ішіне төрт сатыны алады: 

жоба  алды,  жобалық,  енгізу,  функциялану.  Жобалық  жұмыстардың  сапасына 

жүйенің  функциялану  тиімділігі  байланысты  болады,  сондықтан  әрбір  саты 

бірқатар  кезеңдерге  бөлінеді  және  жұмыс  нәтижелерін  көрсететін 

құжатнамалары құруды қарастырады. Жоба алды сатысында келесі кезеңдерді 

бөлуге болады: 

 



Жобалау  үшін  материалдарды  жинау  –  жүйенің  тұжырымдамасы 

нұсқасын  әзірлеу  және  таңдау,  объекті  мен  басқару  қызметінің  барлық 

сипаттамаларын  анықтау,  ішкі  және  сыртқы  ақпараттық  байланыстар  ағынын, 

міндеттер  мен  жаңа  технологиялық  жаңдайларда  жұмыс  істейтін  мамандар 

құрамын,  олардың  жүйенің  болашақ  пайдаланушысы  ретіндегі  дайындық 


деңгейін қарастырады.  

 



Материалдарды  талдау  және  құжатнаманы  құру  –  техника-

экономикалық  негіздеуді  жобалау,  нығайтуға  тапсырмалар  құру.  Басқарушы 

ақпараттықжүйені  сәтті  құру  үшін  мекеме  ішінде  де,  сыртқы  ортада  да 

ақпараттық ағындардың өту жолдары әр тарапты зерттеледі.  

Жобалау сатысы бөлінеді: 

 



Техникалық жобалау кезеңі – ақпараттық жүйені қамтамасыз ету және 

функциялық  бөліктері,  өндірістік,  тұрмыстық,  финанстық  жағдайарды 

модельдеу  бойынша  жобалық  шешімдер  құрылады,  міндеттер  қойлады  және 

блок-схемалар мен олардың шешімі жүзеге асырылады.  

Жұмысты  жобалау  кезеңі  –  жүйені  әзірлеу  және  жетілдіру,  құрылымды 

түзеу,  әртүрлі  құжатнамаларды  түзу  жүзеге  асырылады:  техникалық 

құралдарды  қою,  орнату,  пайдалану  бойынша  нұсқаулықтар,  лауазымдық 

нұсқаулықтар. 

 

2.1.3 Ақпараттық жүйені енгізу сатысы 

 

Пайдалануға  енгізуге  дайындық  –  бұл  кезеңде  техникалық  құралдарды 

орнату, жүйені баптау, қызметкерлерді үйрету, сынамалы қолдану жүргізіледі.  

Іске қосудан бұрын жүйенің барлық құрамдастарының тәжірибелік сынақтарын 

жүргізу.    Жұмыстарды  тапсыру-қабылдау  актімен  рәсімделетін  өнеркәсіптік 

пайдалануға тапсыру.  

 Ақпараттық  жүйенің  функциялану  сатысында  жұмыс  режимінде 

функциялар  мен  басқарушы  параметрлерді  түзетуге  болады.  Сонымен  қатар 

оперативті  қызмет  көрсету  және  басқару  жүзеге  асырылады.  Ұйымды 

басқарудың  ақпараттық  жүйесін  құру  –  едәуір  күрделі  әрі  бейнетті  үрдіс. 

Компанияның  өзгертудің  ең  типті  және  қарапайым  формасы  автоматтандыру 

болып  табылады.  Ұйымды  өзгертудің  ең  терек формасы  – автоматтандырудан 

өз  дамуын  алған  –  бұл  тәртіптерді  рационалдау.  Компанияның  едәуір  терең 

өзгеруі  бизнес-процестердің  реинжинирингі  болып  табылады.  Оның  мәні 

бизнес-процестерді  талдау,  ықшамдау  және  жаңашаландыру  болып  табылады. 

Жаңа  ақпараттық  жүйелер  компанияның  функциялануын  өзгеріп  немесе  тіпті 

ондағы  қызметтердің  бағытын  өзгерте  отырып,  бүкіл  ұйымның  құрылымын 

түбегейлі  өзгертуі  мүмкін.  Компанияның  қызметін  өзгертудің  мұндай 

радикалды формасы парадигманың ауысуы деп аталады. Парадигманың ауысуы 

жеке тәртіптер мен процестердің емес, компанияның қызметінің сипатын қайта 

қарауды көздейді. 

 

 



 

 

2.2 Деректер қорын басқару жүйесі 



 

2.2.1 Деректер қорын басқару жүйесі 

 

Дерекқорды  басқару  жүйесі  (ДҚБЖ)  –  дерекқорларды  құруға,  оларды 

өзекті  жағдайда  қуаттауға  және  оларда  қажетті  ақпараттарды  іздеуді 

ұйымдастыруға қажетті бағдарламалық және тілдік құралдардың кешені. ДҚБЖ

 

компьютердің сыртқы жадында күрделі құрылымды деректердің үлкен көлемін 



сенімді сақтау және оларға тиімді жетімділікті қамтамасыз етеді 

(Cурет 2.5). 

   

 

 



Cурет 2.5  ДҚБЖ 

 

ДҚБЖ ге қойылатын негізгі талаптар 

Деректердің  қарама-қайшылықсыздығы.  Қоймада  жоқ  тауарға  тапсырыс 

беріліп  немесе  енгізу  қателігінің  нәтижесінде  тапсырыстағы  сатып  алушы 

туралы  ақпарат  сатып  алушылардың  картотекасының  деректеріне  сай 

келмейтін  жағдай  болмауы  тиіс.  Мұндай  талап  бүтіндік  талабы  деп  аталады. 

Дерекқорлардың  бүтіндігі  ақпараттың  зат  саласын  толық,  қайшылықсыз  және 

адекватты бейнелейтін қуаттауды көздейді. Деректердің бүтіндігіне қойылатын 

талаппен  транзакция  түсігінігі  байланысты.  Транзакция  –  бір  бүтін  ретінде 

қарастырылатын дерекқорлар үстінде операциялар тізбегі. 

Мысалы,  жүйеде  белгілі  бір  тауарға  тапсырысты  рәсімдегенде  мынадай 

операцияларды  орындау  қажет:  тапсырысты  тіркеу  және  тауардың  белгілі  бір 

санын  резервтеу,  сонымен  қатар  осы  тауардың  қоймада  азаюы.  Егер  деректер 

өзгеруінің  кез  келген  кезеңінде  шалыс  болса,  онда  ДҚ  (дерекқор)  бүтіндігі 

бұзылады.  Осындай  бұзылыстардың  алдын  алу  үшін  «Тапсырысты  рәсімдеу» 

транзакциясы  енгізіледі,  онда  ДҚ  үстінен  не  барлық  қажетті  операциялар 

жасалуы тиіс, не болмаса бастапқы жағдайға келтіру қажет (тауар сатылмады, 

оның қоймадағы саны өзгермеді). 

Сақталып  тұрған  деректердің  өзектілігі.  Кез  келген  уақытта  ДҚ  дағы 

ақпарат заманауи болуы тиіс. 

Деректерді  көп  аспектілі  қолдану  –  әртүрлі  көздерден  жалғыз  ДҚ  ға 

ақпараттың  түсуі  және  жетімділік  ережелері  мен  функцияларға  сай  оны 

мекеменің кез келген бөлімінде қолдану мүмкіндігі. 

Жүйені түрлендіру мүмкіндігі – оны кеңейту және деректерді түрлендіру 

мүмкіндігі, сонымен қатар бүтіндей жүйе үшін нұқсансыз жаңа функцияларды 

толықтыру. 

Сенімділік – ДҚ бүтіндігі техникалық шалыстарда бұзылмауы керек. 

Жетімділік  жылдамдығы  –  талап  етілген  ақпаратқа  жылдам  жетімділікті 

қамтамасыз ету. 



 

2.2.2 Дерекқордың жіктелуі 

 

Сақталатын ақпараттың сипаты бойынша: 



 

фактографиялық; 



 

құжаттық. 



Фактографиялық  дерекқорда  дәйектер  –  шынайы  әлемнің  объектілері 

қасиеттерінің  (атрибуттары)  нақты  мәндері  тіркеледі.  Ақпарат  белгілі  бір 

форматта енгізіледі, айқын құрылымға ие. 

Құжаттық ДҚ – барлық мүмкін болған құжаттар. Сондай-ақ бұл тек қана 

мәтіндік  құжаттар  ғана  емес,  сонымен  қатар  графика,  видео  және  дыбыс 

(мультимедиа)  болуы  мүмкін.  Мысалы:  архивтер.  Құжаттық  дерекқор 

құрылымсыз  объектілер,  қамдалған  тақырыптар  немесе  іздеудің  басқаша 

формаланған аппаратының жиынтығын құрайды. 

Деректерді сақтау тәсілі бойынша (өңдеу технологиясы бойынша): 

 



орталықтандырылған; 

 



үлестірілген (мысалы Internet). 

Орталықтандырылған дереқор бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. 

Егер  бұл  есептеуіш  жүйе  ЭЕМ  желісінің  құрамдасы  болып  табылады,  мұндай 

базаға үлестірілген жетімділік болу мүмкін. Дерекқорды пайдаланудың мұндай 

тәсілін ДК жергілік желіде жиі қолданады.  

Үлестірілген  дерекқор  бірнеше,  мүмкін  қиылысатын  немесе  тіпті  бір-

бірін қайталайтын, есептеуіш желінің әртүрлі ЭЕМ да сақталатын бөліктерден 

тұрады.  Осындай  базамен  жұмыс  үлестірілген  дерекқорды  басқару  жүйесінің 

(ҮДБЖ) көмегімен жүзеге асырылады. 

Желілік  жетімділікпен орталықтандырылған дерекқор  жүйелері  мынадай 

жүйелердің әртүрлі архитектурасын болжайды



Файл-сервер 

ДҚ  жүйелерінің  архитектурасы  желілік  жетімділікпен  желінің 

машиналарынан  бірі  орталық  ретінде  бөлінуді  болжайды  (файлдар  сервері). 

Мұндай машынада желілер жұмысшы станция функциясын атқарады, олардың 

көмегімен  қолданушы  жүйенің  орталықтандырылға  дерекқорға  жетімділігі 

қуатталады.  Дерекқор  файлдары  қолданушылар  сұранысына  сай  олардың 

өңделуі  жүретін  жұмысшы  станцияға  беріледі.  Сол  деректерде  жетімділіктің 

үлкен  қарқындылығында  ақпараттық  жүйенің  өнімділігі  төмендейді. 

Қолданушылар  олар  жұмысшы  станцияларда  монополиялық  қолданатын 

жергілікті ДҚ ды да құруы мүмкін. 

Клиент-сервер 

Бұл тұжырымдамада орталықтандырылған деректерқордан басқа орталық 

машына (дерекқор сервері) деректердің өңдеудің негізгі көлемінің орындалуын 

қамтамасыз  ету  керектігі  түсініледі.  Клиент  беретін  деректерге  сұраныс 

(жұмысшы станциямен) серверде іздеу және деректерді шығаруды туындатады. 

Шығарылған деректер (бірақ файладар емес) желі бойынша серверден клиентке 

тасымалданады. 


 

2.2.3 Деректер моделі 

 

Деректерді ұйымдастыру құрылымы бойынша: 

 

иерархиялық; 



 

желілік; 



 

реляционды; 



 

объективті дерекқор;



 

 



объективті-реляционды.

 

Иерархиялық  ДҚ  –  бұл  мұндай  ДҚ  да  жазбада  элементтердің  реттілігі 



болады,  бір  элемент  негізгі  болып  есептеледі,  қалғандары  –  бағыныңқы. 

Жазбадағы  деректер  тепкішектің  баспалдағы  ретінде  белгілі  бір  тізбекте 

реттелген,  және  деректерді  іздеу  баспалдақан  баспалдаққа  тізбекті  «түсімен» 

ғана  жүзеге  асырылады.  Мұндай  жүйеде  деректердің  қандай  да  бір  элементін 

іздеу  бірнеше  алдыңғы  иерархиялық  деңгейлерді  тізбекті  өтуге  байланысты 

едәуір  қиын  болады.  Иерархиялық  ДҚ  ды  дискіде  сақталатын  файлдардың 

тізімдемесі,  NORTON  COMMANDER  де  көруге  қол  жетімді  тізімдемелер 

ағашы,  –  мұндай  ДҚ  құрылымын  көрнекі  көрсету  және  ондағы  қажетті 

элементті  іздеу  (MS-DOS  жүйесімен  жұмыс  істегенде)  құрайды.  Осындай  ДҚ 

түрлік шежіре болып табылады (Cурет 2.6). 

 

 

 



Cурет 2.6 – Иерархиялық модельдегі байланыстар көрінісі 

 

Желілік  ДҚ  –  бұл  дерекқор  едәуір  икемділігімен  ерекшеленеді,  өйткені 



онда  вертикальді  иерархиялық  байланыстарға  қосымша  горизонтальді 

байланыстар орнату мүмкіндігі бар. Бұл деректердің талап етілген элементтерін 

іздеу  процесін  жеңілдетеді,  өйктені  барлық  алдыңғы  басқыштарды  міндетті 

өтуді талап етпейді (Cурет 2.7). 

 


 

 

Cурет 2.7–Желілік модельдегі байланыстар 



 

Реляциялық  дерекқор  –  бұл 

өте  жиі  қолданылады  және  әмбебап  болып 

табылады.  Деректер  кесте  түрінде  сақталады.  Бағанадағы  барлық  элементтер 

бірдей  түрге  (сандық,  таңбалық)  ие,  ал  әрбір  бағана  –  қайталанбайтын  ат. 

Кестеде  бірдей  жолдар  жоқ.  Мұндай  ДҚ  артықшылықтары  көркемдік  және 

деректерді ұйымдастыруың түсініктілігі, қажетті ақпаратты іздеу жылдамдығы. 

Объективті дерекқор  –  бұл объектілік деректермен жұмыс жасау үлгісі. 

Дерекқордың  мұндай  үлгісі  көптеген  жылдардан  бері  болуына 

қарамастан,  жаңа  болып  табылады.  Және  оның  құрылуы  дерекқордың 

объектілік  үлгісін  қолданушы  жеңіл  қабылдағандықтан  үлкен  перспективалар 

ашады, өйткені абстракцияның оғары деңгейі ашылады. 

Объективті-реляциялық  ДБЖ  (ОРДБЖ)  –  бұл  объективті-бағытталған 

амалдарды  жүзеге  асыратын  кейбір  технологияларды  қуаттайтын  реляциялық 

ДБЖ  (РДБЖ):  объектілер,  кластар,  ұрпақ  дерекқордың  құрылымы  мен 

сұраныстар тілінде іске асырылған. 

 

2.2.4 Дерекқорды басқару жүйесінің құрылымы мен функциялары 

 

ДҚБЖ әдетте келесі құрамдастардан тұрады: 



 

сыртқы  және  оперативтік  жадта  деректерді  басқаруға  жауап  беретін 



ядро; 

 



деректерді  шығару  мен  өзгерту  және  машина-тәуелсіз  атқарылатын 

ішкі  кодқа  сұранысты  оңтайландыруды  қамтамасыз  ететін  дерекқор  тілінің 

процессоры; 

 



ДҚБЖ  мен  қолданушы  интерфейсін  құратын  деректерді  қозғалтатын 

бағдарламаларды  интерпретациялайтын  атқару  уақытын  қуаттайтын  қосалқы 

жүйе; 



 



ақпараттық  жүйеге  қызмет  көрсету  бойынша  бірқатар  қосымша 

мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалар (сыртқы утилиттер). 

Осыған байланысты ДҚБЖ негізгі функцияларын құруға болады.  

Деректерді  анықтау.  ДБЖ  бастапқа  форма  түрінде  деректерді  анықтау 

және  осы  анықтамаларды  сәйкес  объектілік  формаға  түрлендіру  амалдарын 

жеткізуі  керек.  Яғни  ДҚБЖ  оларды  дерекқорда  сақтауға  қажетті  формада 

деректерді түрлендіреді.  



Деректерді  қозғалысқа  келтіру.  ДҚБЖ  қолданушының  сұрыптауға, 

өзгертуге  немее  базадағы  бар  деректерді  өшіруіге,  немесе  оғған  жаңа 

деректерді  енгізуге  сұраныстарын  өңдеуге  қабілетті  болуы  қажет.  Яғни,  ДБЖ 

қолданушылар мен дерекқор арасында интерфейсті қамтамасыз етеді. 



Деректерді  сақтау  және  оларға  жетімділікті  басқару.  ДҚБЖ  ЭЕМ 

сақтаушы  құрылғысында  деректерді  сақтауды  бағдарламалық  қуаттайды  және 

деректермен өнідірілетін барлық әрекеттерді басқарады.  

Деректердің  бүтіндігін  қорғау  және  қолдау.  ДҚБЖ  қолданушылар 

сұраныстарын бақылауы және деректерді өзгеру операциясы кімге қол жетімді, 

ал деректерді алу операциясы кімге қол жетімді екенін анықтауы тиіс. Сонымен 

қатар  ол  ДҚ  да  сақталатын  деректердің  бүтіндігін  қадағалайды.  ДБЖ 

өзгерістерді тіреу, резервтік көшіріп алу және шалыстардан кейін дерекқордың 

қайта қалпына келуін жүзеге асырады.  



 

 

2.2.5 Microsoft SQL server ДҚБЖ 

 

Ірі  ұйымдарда  қолданылатын  ең  таралған  ДҚБЖ  ден  бірі  Microsoft 



компаниясының Microsoft SQL server ДҚБЖ болып табылады. Ол деректердің 

реляциялық    үлгісін  қолданады.  Microsoft  SQL  server  клиент-серверлік  ДБЖ 

болып табылады, бұл оны күшті серверге ие кірі ұйымдарда қолдануға жақсы 

етеді.  


SQL  (Structured  Query  Language  –  құрылымданған  сұраныстар  тілі)  – 

реляциялық  дерекқор  үшін  дерекқорды  басқару  тілі.  SQL  өздігінен 

бағдарламаландырудың  Тьюринг-толық  тілі  болып  табылмайды.  SQL 

реляциялық  дерекқордағы  деректерді  шығару  және  басқарудың  қарапайым 

стандартталған  тәсілі  ретінде  құрылған.  Қазіргі  кезде  SQL  (басым  бөлігінде 

Oracle ді жүзеге асыруда) дерекқорды басқару тілдерінің арасында ең танымал 

болып қала береді, әйтесе де бірқатар баламалары бар. 

Барлық  заманауи  клиент-серверлік  ДҚБЖ  бір  жалпы  қасиетке  ие  – 

олармен  жұмыс  SQL  -  Structured  Query  Language  (құрылымдалған  сұраныстар 

тілі)  тілінде  жүргізіледі.  Бұдан  басқа,  Delphi  де  dBase  және  Paradox  типті 

қарапайым  файлдық  ДБЖ  мен  SQL  көмегімен  жұмыс  жасау  мүмкіндігінен 

әзірлеушілерді  айырмау  үшін  BDE  өзінің  ішкі  механизмдерін  пайдалана 

отырып олар үшін ед SQL таза қолдану мүмкіндігін берді.  

SQL  тілінің  стандартын  ANSI  (Америкалық  стандартардың  ұлттық 

институты) белгілейді. Сонымен бірге, ДБЖ әрбір өндіруші тілді өте пайдалы 

болатын  өзіндік  кеңейтулерді  өзінің  борышы  деп  санайды.  Кейде  олар  тіл 

стандартын  біршама  бұзады,  әйтесе  де  жақсы  идеялар  даму  үрдісіне  ие  және 

өздерінің  сапасының  пайдалалығынан  өздігінен  із  жүзінде  стандартқа 

айналады.  Мұнда  біз  SQL  ді  ANSI-89  және  ANSI-92  нұсқаларының  толық 

қуатталатын барлық ДҚБЖ негізінде қарастырамыз.  

SQL  тілі  реляциялық  дерекқорда  деректерді  қозғалысқа  келтіру, 

дерекқордың  құрылымын  анықтау  және  көп  қолданушы  ортада  деректерге 



жетімділік  құқықтарын  басқаруға  арналған.  Сол  себепті  SQL  ітіл  3  негізгі 

бөліктерден тұрады: 

 

деректерді қозғалысқа келтіру тілі 



(Data Manipulation Language, DML); 

 



деректерді анықтау тілі 

(Data Definition Language, DDL); 

 

деректерді басқару тілі 



(Data Control Language, DCL). 

Осы  барлық  тілдер  SQL  тілінің  бөлігі  болып  табылады.  Олардың  әр 

қайсысы  өзінің  саласына  арналған  SQL  командаларының  жиынтығынан 

тұрады.  ДҚ  мен  жұмыс  істеу  барысында,  4  негізгі  көмандадан  тұратын 

деректерді  қозғалысқа  келтіру  тілі  пайдаланылады  - 

SELECT,  INSERT, 

UPDATE  және  DELETE,  олардың  көмегімен  таңдау,  қою,  жаңарту  және 

деректерді өшіру жүзеге асырылады. 

Деректерді  анықтау  тілі  ДҚ  құрылымын  –

  кестелер,  индектер  және  т.б. 

құру және өзгертуге қызмет етеді. Ол негізгі үш командадан тұрады - CREATE, 

ALTER  және  DROP  (құру,  өзгерту  және  өшіру),  олардың  әрқайсысы  6 

объектілерден бірін – дерекқор, кесте, вируталды кесте, индекс, триггер немесе 

сақталатын  тәртіпті  әрекетке  келтіреді.  Осылайша,  мысалы  CREATE 

командасы үшін бір келесі 6 нұсқаны аламыз:  

 



CREATE DATABASE – дерекқор құру; 

 



CREATE TABLE – кесте құру; 

 



CREATE VIEW – виртуалды кесте құру; 

 



CREATE INDEX – индекс құру; 

 



CREATE TRIGGER – триггер құру; 

 



CREATE PROCEDURE – сақталатын тәртіпті. 

 

2.2.6 Кесте құру және өшіру 

 

SQL тіліндек кесте CREATE TABLE командасы арқылы қолданылады: 



 

 CREATE TABLE <Кесте атын жазамыз> 

                                  (<Өріс аты> <типі>                  

                                     . . . 

                                  <Өріс аты> <типі>); 

Мысалы: 


CREATE TABLE     Dictionary 

                                 (d_id Integer 

                                 english VARCHAR(15) 

                                 kazakh NCHAR(15); 

 

Кестені өшіру үшін келесі инструкция қолданылады: 



 

DROP TABLE  <Кестенің аты>; 

 

Мысалыға  DROP TABLE ; Dictionary атты кестеге қатысыты 



файлдардың бәрі өшіріледі. 

Кесте өрістерінің құрамын өзгерту. 

Өрістердің  құрамын  өзгерту  деген  өрістерді  өшіру  не  қосуды  білдіреді, 

және  кестені  басқа  ешқандай    қосымшалар  қолданбауы  қажет.  Өрістердің 

құрамын өзгерту үшін ALTER TABLE инструкциясын қолданамыз: 

 

 ALTE TABLE <кестенің атын жазамыз> 



 ADD <өріс аты> <өріс типі>, 

 DROP <өріс аты>; 

 

ADD  кестеге    жаңадан  өріс  қосады,  ал  DROP  кестеден  атымен 



көрсетілген өрісті өшіріп тастайды. DROP және ADD бір–біріне мүлдем қатысы 

жоқ және еркін орналаса алады. 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

3    Деректер қорын жобалау 



 

 

3.1 ДҚ құрудың алғашқы кезеңі 

 


Жұмыстың жалпы сипаттамасы 

Бұл  жобада  ағылшын  тілін  үйренуге  арналған  бағдарлама  және, 

ағылшынша-орысша-қазақша сөздік құрастыру қарастырылған. Бұл бағдарлама 

сөздік,  арнайы  сабақтар,  кестелер,  ағылшынша-қазақша  мақал-мәтелдер, 

ағылшын тілінен білімін тексеруге арналған тесттерден тұрады.  

Дереқордағы шешілетін мәселелер 

Ағылшынша-орысша-қазақша  сөздікке  дереққор  жасау  және  әр  тілде 

жеке іздеу сұраныстарын жасау. Етісіктерді сұрыптау үшін қосымша кесте құру 

және  сұраныстар  жасау.    Ағылшынша-қазақша  мақал-мәтелдер    үшін  жеке 

кесте  және  тілашардың  әр  тақырыбына  жеке  кесте  құру  керек.  Оларға 

сұраныстар жасау.  



 

3.2 

Концептуалды жобалау 

 

Қажетті мәлімет қолданушылардың талабы 

Жоба пайдаланушының барлық негізгі талаптарын қанағаттандыру керек. 

Бұл  жүйенің  негізгі  пайдаланушылары  университет  мұғалімдері  мен 

студенттері  болады.  Негізгі  талаптар  алынған  ақпараттың  ұсынылатын 

тиімділік деңгейінде негізделеді. Жүйеге қойылатын негізгі талаптардың тізімі: 

 



жүйе  қолданыста  қарапайым  болу  керек.  интерфейс  ыңғайлы  болу 

керек; 


 

жүйе қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек; 



 

жүйе дерекқордың тұтастығын қамтамасыз ету керек; 



 

жүйе  толығымен  интеграциялану  керек,  яғни  мәліметтердің  артылуы 



және артық жаңартулар болмау керек. 

 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал