Проблемы языкознания



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/43
Дата07.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

АЙҚОНЫС – көл, Қостанай обл. 
AIKONIS – köl, Kostanay obl. 

АРАЛСОР – көл, Қостанай обл. 
ARALSOR - köl, Kostanay obl. 

АЙДАРЛЫ – қыстау, Жамбыл обл. 
AYDARLI – kıstau, Jambıl obl. 

АНҚАТЫ – өзен, БҚО  
ANKATI – özen, BKO 

АРАЛ – қала, Қызылорда обл. 
ARAL – kala, Kizilorda obl. 

АРЫС – өзен, ОҚО 
ARIS - özen, OKO 

БАҚАНАС – өзен, Алматы обл. 
BAKANAS - özen, Almaty obl. 
 
2-кесте.    Антропонимдерді қазақ-латын қарпіне сай рәсімдеу  
 
№  Кирилл қарпімен берілуі 
Латын қарпімен берілуі 

МӨЛДІР 
MÖLDİR 

АЙНҰР 
AYNUR 

ӘЙГЕРІМ 
ӘİGERİM 
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі  деп 
жазылған.  Осыған  сәйкес  аталмыш  жер-су  атауларын,  дүниеге  келген  сәбилердің  аты-
жөндерін  мемлекеттік  тілде  рәсімдеудің  кезі  келді.  Кез  келген  елде  онимдерді  ана  тілінде 
реттеу  бірінші  кезекте  тұрады,  себебі  олар  сол  тілдің  реалийлері  ретінде  ұлттық  таным, 
тарих,  мәдениеттен  көрініс  береді.  Екіншіден,  тілдік  саясат  орын  алады,  яғни  тілдің 
мемлекеттік  тіл  ретінде  мәртебесін  сақтау.  Үшіншіден,  нысандарды,  азаматтарды  ұлттық 
бірегейлендіру үрдісі жүреді. Төртіншіден, географиялық нысан атаулары мен кісі есімдері 
ұлт тәрбиесінде негізгі рөл атқарады.   
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты». 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  –
Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл. 
2 Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. – Алматы: Санат, 1998. 
3  Ескеева  М.Қ.  Ортақ  түркі  әліпбиі  –  жалпытүркілік  сананы  жаңғыртудың  кепілі  // 
Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы. – Астана, 2012. – 23-28 б. 

52 
 
4  Әбдуәлиұлы  Б.  Транслитерация  және  қазақ  ономастикасының  мәселелері  // 
Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы. – Астана, 2012. – 40-47 б. 
5 Ермолович Д.И. Имена собственные на стыке языков и культур. – Москва: Р. Валент, 
2001. 
6 Рсалиева Н.М. Қазақ ономастикалық атауларын ағылшын тілінде транслитерациялау 
ережесі (ЖОБА) // Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы. –Астана, 2012. – 67-89 б. 
 
В  данной  статье  рассматривается  правильная  передача  казахских  онимов  на  основе 
латинской  графики.  Проанализированы  вопросы  соответствия  оформления  онимов 
международному  уровню,  проблемы  стандартизации  географических  названий  на 
страницах  международных  СМИ,  картах  и  атласах.  Даны  рекомендации  при  переводе    
топонимов с одного языка на другой, а также при их написании. Представлены правильные 
варианты написания фамилий, имен, отчеств граждан казахской национальности на основе 
латинского алфавита.  
 
This  article  discusses  the  correct  transfer  of  Kazakh  Onim  based  on  the  Latin  alphabet. 
Conforming Onyms to the international usage, problems of standardization of geographical names 
in  maps,  atlases  and    international  media  are  observed.    The  advantages  of  transferring  to  Latin 
alphabet  are  defined.  Recommendations  on  translating  and  writing  the  toponyms  from  one 
language into another are given. The citizen’s full names whose nationality is Kazakh are shown in 
the Latin alphabet.  
 
 
 
ӘОЖ 81:002 (каз) 
Б.Х. Исмағұлова
1
, М.Қ. Қанабекова

Орталық Азия университеті

Қазақ  мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

ismagulova.b@mail.ru; menya.56@mail.ru 
Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ НЕОЛОГИЗМДЕР СӨЗДІГІ: 
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ 
 
Мақалада  тәуелсіздік  кезеңінде  қазақ  тілінде  пайда  болған  жаңа  сөздер  мен 
қолданыстар сөздігінің қоғамдағы қажеттілігі және мемлекеттік тілдің дамуындағы ролі 
қарастырылады.  Осы  әлеуметтік  қызметінен  туындайтын  неологизмдер  сөздіктерін 
құрастыруда  қолданылатын  негізгі  ұстанымдар  анықталады.  Лексикографиялық 
бағыттағы  теориялық-тәжірибелік  зерттеулердің  жүргізілуі,  жаңа  қолданыстар 
сөздігінің  қажеттілігі  мен  әлеуметтік  маңыздылығы  атап  көрсетіліп,  қазіргі 
неографиядағы cөздік корпусын
 
құрастырудың өлшем-критерийлері зерделенген. 
 
 
Тірек  сөздер:
 
қазіргі
 
қазақ  тілі,  неологизмдер,  жаңа  қолданыс,  жаңа  сөздер  сөздігі, 
лексикография, коммуникация. 
 
Тәуелсіз,  егемен  еліміздің  жиырма  бес  жылдығының  қарсаңында  қоғамда  орын  алған 
түбегейлі  реформалар  қатарында  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  ерекше  атап  өту 
қажет.  Себебі  қазақ  тілінің  осы  қысқа  мерзімдегі  тіршіліктің  көптеген  саласында  қатынас 
құралына  айналып  қолданыс  аясының  айтарлықтай  кеңеюі  тіл  қабаттарының  жан-жақты 
дамуына әкелгені анық. Осы тұрғыдан қарасақ, әсіресе сөз қорының көбейіп өсуі, яғни жаңа 
сөздер мен белгілі сөздердің жаңа қолданыстары орасан зор екенін байқаймыз. Сол себептен 
зерттеуші  ғалымдар  соңғы  ширек  ғасырда  орын  алған  лексика-семантикалық  өзгерістерді 

53 
 
«лексикалық бум»  деп пайымдайды. Оның негізінде қоғамдағы күрделі  өзгерістер жатқаны 
сөзсіз:  шынайы  тіршілік  пен  адамның  сана-сезіміндегі  саналуан  өзгерістер  өмірге  жаңа 
атауларды  алып  келуде.  Бұл  құбылыс  –  әрбір  тілде  орын  алатын  заңдылық:  неғұрлым 
қоғамдық  өзгерістер  терең  және  түбегейлі  болса,  лексика  қоры  да  жаңа  сөздер  мен  жаңа 
қолданыс арқылы өседі.  
Осыдан  қоғамда  бірнеше  қажеттілік  туындайды.  Біріншіден,  сол  жаңа  сөздердің  
көпшілікке  түсінікті  болуы  нәтижелі,  оң  қарым-қатынас,  коммуникацияға  әкеледі,  дұрыс 
түсінбеу,  мүлдем  түсінбеу  деген  қатынасқа  кедергі  жасайтын  жағдайларды  жояды.    Екінші 
қажеттілік  тілдің  даму  тынысынан  туындайды,  яғни  жоғарыда  айтқан  лексикалық 
инновациялардың  қолданысқа  ену-енбеуі:  неологизмдердің  қайсысы  тілге  сіңіп 
лексикасында  орын  алады,  қайсысы  окказионализм  ретінде  қолданылады,  қайсысы  мүлдем 
қолданусыз қалады – тіл мамандарының назарында болып зерттелуі. Бұл мәселелердің сырт 
көзбен  қарағанда  тіл  біліміне  жақынырақ  болып  көрінгенмен  әлеуметтік  қажеттілігі  сөзсіз, 
себебі  сөзді дұрыс қолдану және оны адресаттың адресант ойлаған мағынасында түсінуі (бір 
сөзбен  айтқанда  «дұрыс»  түсінуі)  коммуникацияның  сапасын  көтеріп,  жеңілдетеді.  Үшінші 
қажеттілік тілді қолданушыға байланысты, нақтырақ айтқанда – қолданушының мемлекеттік 
тілді  меңгеру  деңгейі  мен  қабілетіне:  а)  қазақ  тілді  тұлға  (ұлты  қазақ,  қазақ  тілі  –  ана  тілі 
немесе ұлты қазақ емес, ана тілі – басқа тіл, бірақ қазақ тілін жете меңгерген) қазақ тілінде 
еркін сөйлеп, әрқашан қатынас құралы ретінде қолданады б) орыс немесе басқа тілді тұлға 
(ұлты  қазақ  не  басқа)  қазақ  тілін  үйренуде.  Қазақ  тілді  тұлғалар  жаңа  сөздер  мен  жаңа 
қолданыстарды  сөйлеу  іс-әрекетінде  дұрыс  түсініп  орынды  пайдалануды  қажет  етеді.  Ал 
қазақ  тілін  үйреніп  жүрген  адамдар  да  қоғамда  жиі  қолданылып  жүрген  және  өзінің 
мамандығы, іс-тәжірибесінде қажет  жаңа сөздерді біліп, қолдануға мәжбүр.  
Қазақ әдеби тілі лексикасы динамикасындағы жаңалықтар мен өзгерістерге байланысты 
ғылыми сипаттағы лексикографиялық еңбектер қатарында атқаратын маңызды істердің бірі – 
тіл дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған жаңа атаулар мен қолданыстарды тану, бір 
жүйеге  түсіріп  жинақтау,  олардың  қолданыстағы  жай-күйін  жіті  қадағалап  отыру.  Бұл 
бағытта  алғаш  рет  қолға  алынған  ғылыми-тәжірибелік  ізденістер  1985-1990  жылдардағы 
авторлар  ұжымы  дайындаған  «Қазақ  лексикасындағы  жаңа  қолданыстар»  атты  жинақтан, 
1992 жылғы «Жаңа атаулар» сөздігінен басталып, бүгінде жалғасын тауып отырған ғылыми-
теориялық  зерттеулердің  жүргізілуі  мен  сөзжасам,  терминжасам  тәжірибесіне  негізделген 
қазіргі  қазақ  тілі  лексикасынының  даму  сипаты  көрсетілген  еңбектердің  жарыққа  шығуы 
болып  табылады.  Демек,  қазақ  әдеби  тіліндегі  лексикалық  «жаңалықтарды»  дер  кезінде 
жинақтап,  қолданыстағы  нормалық  шегін,  мағыналық  өрісін  анықтау  маңызды  болмақ. 
Ғалым  Ш.  Құрманбайұлының:  «Соңғы  жылдар  көлемінде  қазақ  тіліндегі  сөзжасам, 
терминжасам  үдерісі  біршама  жанданып,  сөздік  құрамымызға  жүздеген  жаңа  атаулар 
қосылды.  Сондай  атауларды  уақтылы  жинақтап,  олардың  қолданысын  қадағалап  отыру  тіл 
үшін өте маңызды. Мұндай жұмыс лингвистер тарапынан жүйелі түрде жүргізіліп отырмаса, 
жаңа  қолданыстарды  дер  кезінде  сараптан  өткізіп,  олардың  арасынан  сәтті  жасалғандарын 
іріктеп  алу  мүмкіндігін  қолдан  шығарып  аламыз»  деген  ой-пікірінде  бұл  мәселеге  тіл 
мамандары тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыру қажеттілігі баса айтылған [1, 4 ].  
Тілде  жаңа  сөздер  мен  мағыналардың  пайда  болуы  –  тіл  үшін  оның  өміршеңдігін 
дәлелдейтін  табиғи  үдеріс.  Бұл  бізді  қоршаған  ақиқат  өмірде  болып  жатқан  жаңалық-
өзгерістермен байланысты және де бүкіл қолданыстағы тілдерді олардың ажырамас қасиеті 
ретінде  сипаттайды.  Табиғат  пен  қоғамдағы  ақиқат  өзгерістерден  басқа  танымның  үнемі 
жаңарып отыратын үздіксіз үдерісі жаңа сөздер мен мағыналардың жасалуында маңызды рөл 
атқарады, олардың нәтижесі жаңа сөздерден көрініс табады. Осыған байланысты жаңа сөздер 
туралы  ғылым  ретінде  неология:  а)  тілдің  даму  жүйесінде  оның    әлеуметтік-тарихи 
шарттылығы  ретінде  жүретін  номинативтік  үдерістер  механизмін  табуға  және  сипаттауға 
тиісті  тілдің  сөздік  құрамын  толықтыру  мәселелеріне  арналған  зерттеулерден  және  ә) 
жаңадан  пайда  болған  лексикалық-семантикалық  сөздердің  әрбірінің  мағынасы,  басқа 
сөздермен тіркесі тізімінен тұратын  және сондай зерттеулердің өзінше нәтижесін көрсететін 

54 
 
сөздіктер  мен  жаңа  сөздердің  анықтамалықтарынан  тұрады.  Мұнда,  кейбір  ғалымдардың 
пікірінше,  ондай  сөздікте  белгілі  уақыт  ішінде  пайда  болған  неологизмдер  келтірілгені  өте 
маңызды,  тіпті  егер  жаңадан  пайда  болған  сөз  бір  рет  қолданылса  да  окказионализмге 
жатады [2]. 
Дамыған  тілдерде,  зерттеулер  мәліметі  бойынша,  бір  жылдың  өзінде  газет-
журналдардан жазып алынған неологизмдер саны ондаған мың бірліктерді, жаңа атауларды 
құрайды.  Олардың  қолданысын  қадағалап  отыру,  жіті  бақылау,  мағынасын  түсіну, 
стилистикалық мәніне байланысты ерекшеліктерін білу және т.б. қарапайым тіл қолданушы 
үшін лексикалық қорымызда болып жатқан жаңалықтарды толық тану мүмкін емес. Мұндай 
жағдайда жол табудың бір амалы – белгілі бір дәуірде, кезеңде пайда болған жаңа сөздерді 
жинақтап  бірізге  түсіру,  мағынасын  түсіндіру,  яғни  лексикалық  инновациялар  үдерісінің 
даму сипатын айқындайтын арнайы неологизмдердің сөздігін жасау әрекеті болмақ.  
Жаңа сөздік пайда болған хронологиялық (мерзім) межесін көрсету неліктен маңызды? 
Бұл  жөнінде  орыс  тіл  білімінде  біршама  теориялық  тұжырымдар  жасалды.  Ал  қазақ 
терминологиясын бірізділендірудің және аударма жасаудың нәтижесінде пайда болған жаңа 
қолданыстарды сөз мәдениеті аспектісінде зерттеген Айман Алдаш орыс тілінде лексикалық 
«жаңалықтарды»  даралау  үшін  бірнеше  межелер  ұсынылғанын  атап  өтеді:  «...солардың 
ішінде зерттеушілердің негізгі тірек ететіні – жаңа сөздердің пайда болған мерзімі. Бұл белгі-
меже  аса  маңызды,  өйткені  ол  сөзтізбе  жасау,  картотека  қорын  түзу  жұмысымен  тығыз 
байланысты»  [3,  43].  Демек,  тілдік  хронологиялық  өлшем  бойынша  лексикалық  жаңа 
бірліктерді топтастыру да аса маңызды болып табылады. Бұл бағытта бірді-екілі еңбектер де 
жарияланып,  олардың  сөзжасамдық,  терминдік  табиғаты,  нормалану  дәрежесі  мен  әдеби 
тілде  қалыптану  мәселелері  біршама  сөз  болды.  Әсіресе,  академик  Р.  Сыздықтың 
еңбектерінде бұл мәселелер кеңінен талданып, лингвистикалық сараптаудан өткізіліп, тілдік 
деректермен дәйектеліп тұжырымдалады [4]. Айталық, ғалымның тілдегі жаңалықтар жайлы 
мына  бір  таным-түсінігіне  назар  аударалық:  «Жаңа  қолданыстарды  өзге  де  тілдер 
тәжірибесіндей,    қазақ  дүниесінде  де  жаңа  қолданыстарды  тіркеп,  түсіндіріп,  мысалдарын 
келтіріп ұсынып отыруды бастағанымыз да, әрі қарай жүргізіле беретіндігіміз де құптарлық 
іс. Және жаңа сөздер мен жаңа мағыналарды жинастыруды кезеңдерге орай әрбір 10-15 жыл 
барысындағы  лексикалық  жаңалықтар  деп  жүргізген  тиімді.  Мұндайда  ең  соңғы  жаңа 
бірліктермен қатар, мұның алдындағы онжылдықтарда пайда болғандарының орнығу немесе 
ығысу  процесі  көрінетін  болады,  бұрын  сәтсіз  шыққандарының  алмастырылғаны,  қысқасы, 
«қозғалыс» сипаты айқындала түседі» [5, 181 ].  
Бұл  қайсыбір  тілде  пайда  болған  неологиялық  бірліктердің    «жаңалық»  сипат-
белгілерін  өте  жылдам  жоғалтып,  жалпы  ұлттық  әдеби  тілдің  игілігіне  айналуымен 
байланысты. Демек, жаңа сөздер мен мағыналар сөздігінің міндеті – тілде пайда болған жаңа 
сөздерді  дер  кезінде  байқау,  тілді  кез  келген  пайдаланушы    оларды  бірдей  дәрежеде 
түсінетіндей  және  өз  сөзінде  қолданатындай  етіп  олардың  мағынасы  мен  қолдану 
ерекшеліктерін  тани  білуі  тиіс.  Бұл,  өз  кезегінде,  қоғам  мүшелерінің  тиімді  әрі  ыңғайлы 
қарым-қатынас жасауына жағдай туғызады. 
Егер  «тіл  тұтынушысы»  бір  тілді  емес  көп  тілді  білетін  болса,  жаңа  сөздер  мен 
мағыналар  сөздігіне  деген  қажеттілік  арта  түседі  және  бұл  жердегі  негізгі  мәселе  әр  тілде 
сөйлесушілерді  бірлестіруге,  олардың  өзара  түсінісуін  мен  ынтымағын  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  біріктіруші  міндет  жүктеледі.  Бұл  –  мемлекеттік  тілді  игерту  тұрғысынан 
шешімін  табуы  тиіс.  Өйткені  мемлекеттік  тілді  нашар  білетін  және  оны  жаңадан  үйреніп 
жүрсе де, сол тілде сөйлесуге бар ынта-ықыласымен кіріскен адамдар түгілі сол тілде еркін 
сөйлейтін адамдар арасында да жаңа сөздер легін игеріп үлгермейтіндіктен, тілдік кедергілер 
пайда  болуы  мүмкін,    сондықтан  жаңа  сөздерді  көпшілікке  барынша  түсіндіріп  отыру  аса 
қажет.  
Жаңа  сөздер  мен  мағыналар  сөздіктері  лексикографиялық  тәжірибеде  ерекше  орын 
алады,  өйткені  белгілі    уақыт  ішінде  қандай  да  бір  тілде  пайда  болған  жаңа  сөздерге, 
жасалуы  мен  қолданысына  тіл  мамандарының  айрықша  назар  аударуына  мұндай 

55 
 
сөздіктердің  ықпалы  зор  және  тіл  қолданушылар  арасында  жаңа  сөздер  мен  оның 
мағыналарын  жете  тануға  және  оларды  тілдік  тәжірибеде  дұрыс  қолдану  қағидаларын 
игеруге  бағдар  болатыны  даусыз.  Неологизмдердің  дәлме-дәл  ұғымдық  көрінісін,  олардың 
мағыналарын,  қолдану  ерекшеліктерін  түсіндіру  міндеті  жүктелген  жаңа  сөздердің  арнайы 
сөздігін  жасау  қажеттілігі  әлеуметтік-экономикалық  және  лингвистикалық  факторлардан 
келіп  шығады.  Қазіргі  қазақстандық  қоғамда  жүріп  жатқан  «лексикалық  дүмпу» 
жағдайларында  қазақ  тілі  жаңа  сөздері  мен  мағыналары  сөздігінің  маңыздылығы  олардың 
мемлекеттік  тілде  сөйлесуге  ұмтылған  адамдардың  әлеуметтік  қажеттілігіне  айналып 
отырғандығынан деп түсіну қажет. Тілде пайда болған жаңа сөз тілдің сөздік құрамын одан 
ары толықтыру көзі  болғандықтан, жаңа  лексикалық қолданыстарды тіркеу, олардың тілге 
немесе  сөзге  қатысты  дәрежесін  бағалау  –  неологиялық  сөздіктердің  міндеті  болып 
табылады.  Олар  белгілі  бір  тіл  құралдары  арқылы  берілетін  шағын  мәнмәтінді,  олардың 
лексикалық  маңызын  грамматикалық  және  стилистикалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
лексикалық  жаңа  сөздерді  қолдану  шарттарын  көрсету  сияқты  практикалық  міндеттерді 
шешуге    арналған  және  тілдік  инновация  маркерлері  қызметін  атқарады.  Жаңа  сөздердің 
пайда  болу  механизмін  теориялық  тұрғыдан  түсіну,  тілде  олардың  туындау  себептері  мен 
заңдылықтарын анықтау, тілдің әрбір даму кезеңіндегі олардың мәртебесін белгілеу және т.б. 
жаңа  сөздердің  арнайы  сөздіктерінде  қазіргі  қазақ  тілінің  лексикалық  инновация  үдерісін 
толық көрсету мүмкіндігін береді. 
Жаңа  сөздер  сөздіктері  сөздіктердің  жалпы  жүйесіне  арнаулы  микрожүйе  жасай 
отырып енеді. Лексикография саласында сөздіктердің тәжірибедегі жіктелуін ескере отырып, 
қазіргі қазақ тілінің жаңа сөздерінің қолданыстағы сөздіктерін [6] тілі  бойынша – бір тілді; 
лексикалық  ауқымы  бойынша  –  арнаулы;  көлемі  бойынша  –  толық:  безендірілуі  және 
ақпаратты нақтылау бойынша – баспалық, сөздік корпусында материал беру тәртібі бойынша 
– жиілікті деп бөлінетіндігін ескеріп отырған жөн. 
Неологиялық  сөздіктер  туралы  айта  отырып,  жаңа  сөздерді  лексикографиялық 
сипаттауға  арналған  ғылым  ретінде  неографияның  белсенді  дамуын  атап  өткен  жөн,  оған 
жаңа  сөздер  ғұмырындағы  сатылық  идеясының  авторы,  Ресей  ғалымы  Н.З.  Котелованың 
еңбектері  дәлел бола алады, бұл идеяның негізінде сөздер ғұмырының үш басқышы немесе 
үш сатысы туралы ілімі жатыр. Сонымен, сөз ғұмырының бірінші сатысы  – бұл сөйлесудің 
әрқилы талаптарынан туындаған, нақты сөйлесушінің сөзінде сол сөздің пайда болуы; екінші 
сатысы  сол  сөздің  тыңдаушының  сөзіне  қосылуы;  үшінші  сатысы  –  сол  сөздің  жаппай 
қолданысқа  енуі.  Сөздің  сатылы  дамуына  құрылған  неологиялық  сөздіктер  типологиясына 
сәйкес  тілдегі  жаңа  сөздің  ғұмырын  көрсететін  басылымдардың  үш  түрі  бар:  бұл:  а) 
күтілмеген тілдік өзгерістер легін көрсететін жыл сайынғы сөздіктер; ә)  он жылдық кезеңді 
қамтитын анықтамалық-сөздіктер, немесе Н.З. Котелованың жаңа сөздер мен мағыналардың, 
терминология  бойынша  «онжылдық»  сөздіктері 
[6;  7;  8];
  б)  неологиялық  түсіндірме 
сөздіктер  немесе  бірнеше  онжылдықта  пайда  болған  сөздерді  қамтитын,  әлі  академиялық 
түсіндірме  сөздіктерге  енбеген,  бірақ  жалпы  қолданыста  (узуста)  орныққан  [8,  50] 
неологизмдер  банкі.  Егер  сөздіктердің  алғашқы  екі  түрі  жаңа  сөзді  сипаттау  міндетімен 
шектелсе және алдына нормативтік мақсаттар қоймаса, сөздіктің үшінші түрі қалыпты норма 
жүйесіне жатады: тек «уақыт сынағынан өткен», жалпы тілдік игілікке айналып, әдеби тілге 
енген сөздерді ғана қабылдайды. 
Лексикография  тәжірибесінде  сыртқы  өлшемдерді  (кіріспе  бөлімнің  болуын, 
қысқартулар тізімін, сөздіктің өзін, қосымшаларды), сөздік құрастырудың негізгі өлшемдерін 
(қолданушының болашағы тұрғысынан сөздіктің міндетін), тілдік тұлғаларға (жазушыларға, 
журналистерге,  филологтарға,  аудармашыларға),  студенттерге,  қарым-қатынас  саласы 
қызметкерлеріне  және  т.б.  арналған  сөздік  көздерінің  саны  мен  сапасын,  сөздіктің  макро 
және  микроқұрылымын  (материалдың  орналасуының  дәстүрлі  әліппелік  ұстанымын,  сөздік 
мақаласының  кем  дегенде  төрт  бөліктен:  бас  сөзден,  грамматикалық  белгіден, 
дефинициядан,  дәйексөзден  (цитатадан  құралу  міндеттілігін)  анықтайтын  белгілі 
ұстанымдар бар. 

56 
 
Оның  үстіне,  қазіргі  неографияда  cөздік  корпусын    құрастыру  және  неологиялық 
типтегі  сөздік  мақаласының  анықтамалықтарын  дайындау  мақсатында  арнайы  ұсыныстар 
жасалды. Мәселен, неологизмдер сөздігінде: 
-
 
сөздермен  бірге  басқа  да  лексикалық  жаңалықтарды  да,  мәселен,  сөздердің  жаңа 
мағыналарын, жаңа морфемаларды, тұрақты сөз тіркестерін (дәстүрлі түсіндірме сөздікте сөз 
сөзтізбенің негізгі элементі болып табылады) белгілеп қою мақсатқа лайық болуы керек
-
 
авторлық  сөз  тіркестері  болмауы  тиіс:  жаңа  сөз  шынайы  және  қатаң  құжаттық 
мәнмәтіндер күйінде (авторлық сөз тіркестері ерекшелігі болып табылатын кейбір түсіндірме 
сөздіктерден өзгеше) берілуі керек. 
-
 
 көркемдеу  материалы  міндетті  (түсіндірме  сөздікте  көркемдеу  материалы 
факультативті); 
-
 
сөздің  этимологиясын  барынша  толық  және  дәл  келтіру  қажет,  бұл  оның 
семантикалық-деривациялық «уәжін» айқындайды және жаңа сөздік бірлігінің мағынасы мен 
қолданысына демеу болады: 
-
 
сонымен  қатар,  белгіленген  тілдік  бірліктер  қолданылатын  мәнмәтіннің  құжаттық 
және  жағдаяттық  құрамдас  бөліктерін  нақтылау  үшін  ақпараттық  категориялар  жүйесін 
үнемі жетілдіріп отыру, белгілердің қосымша әрекет-тәсілдерін енгізу ұсынылады. 
Бұл  сөздік  мақаласын  прагматикалық  аймақпен  толықтыру,  яғни  жаңа  сөзді:  а) 
әлеуметтік  және  кәсіби  көрсеткіш;  ә)  жаңа  сөздік  бірлігін  жасына,  ұлтына,  аумақтық 
ерекшелігіне  қарай  қолдану;  б)  жағдайдың  үндестігі  (ресми  –  бейтарап  –  ресми  емес);  в) 
сөздің  диахроникалық  тереңдігі  (архаикалық  –  тарихи  –  жаңа);  г)  оны  қолданудың  жиілігі  
бойынша    сипаттауға  мүмкіндік  береді.  Бұдан  байқайтынымыз,  сөзтізбе  сөздік  мақаласына 
прагматикалық  аймақтың  енгізілуі  неологизмдерді  сөздік  қолданушы  мүддесінде  дәлірек 
лексикографиялық сипаттауға жағдай жасайды, бұл тілге дұрыс көзқарасты қалыптастырады. 
Қорытындылай  келе,  қазақ  тілі  жаңа  сөздерінің  сөздіктерін  қалыптастыру  «тіл 
тұтынушысы» көзқарасы тұрғысынан жасалған белгілі бір өлшемдер (критерийлер) негізінде 
жүзеге  асырылады.  Жаңа  лексикалық  бірліктерді  сипаттауға  арналған  лексикографиялық 
басылымдар  жаңадан  пайда  болған  сөздер  жайлы  барынша  толық  ақпарат  береді: 
жұртшылық  тарапынан  жаңа  атаулардың  қабылдану  деңгейін  анықтайды,  ойды  жеткізудің 
құралдары  мен  тілдік    формаларының  даму  сипатын  көрсетеді,  сөздіктің  мақсаттары  мен 
міндеттері,  оның  макро  және  микроқұрылымын  қалыптастыратын  көздері  мен  өлшемдері 
туралы  мағлұмат  береді,  бұл  аталым  (номинация)  актілерінде  көрініс  табатын  адамзат 
қоғамы  тарихын  дәл  бақылап  отыруға  мүмкіндік  береді  әрі  «тіл  тұтынушысының»  жаңа 
сөзді дұрыс түсініп қабылдауына зор септігін тигізеді. 
Белгілі  мерзімде  жаңа  сөздер  мен  жаңа  қолданыстардың  қосылуын  тіркеп  отыратын 
тарихи басылым болғандықтан жаңа атаулар сөздігі тіл мен қоғам дамуының дәлелі болып 
табылатыны сөзсіз. Нақты айтқанда, белгілі тарихи кезеңнің мәдени түрлілігін, соның ішінде 
тілдегі  жаңалықтар  арқылы  қоғамдағы  өзгерістердің  бағыттарын,  күшін,  сандық 
көрсеткіштерін  тіркей  келе,    бұл  неографиялық  еңбек  өз  заманының  маңызды  белгісіне 
айналады. 
Әдебиеттер тізімі 
1 Құрманбайұлы Ш. Жаңа атаулар мен жаңа қолданыстар.  – Алматы: Сөздік-Словарь, 
2012.  – 256 б.  
2  Заботкина  В.И.  Новая  лексика  современного  английского  языка:  учеб.  пособ.  для 
инс-тов и фак-тов иностр. яз. – М.: Высшая школа, 1989. -126 с 
3  Алдаш  А.  Сөз  мәдениеті:  жаңа  қолданыстар  негізінде.  Монография.  –Алматы: 
Сардар, 2015. 43-б. 
4 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілі – 60 жылда (дамуындағы тенденциялар) // Қаз ССР ҒА 
Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. 1977. – №3. – Б. 1-8. 
5 Сыздық Р.Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – А., 2009. – 181 б. 
6  Сыздықова  Р.,  Сарыбаев  Ш.,  Алдашева  А.,  Уәлиев  Н.  Қазақ  лексикасындағы  жаңа 
қолданыстар.  –  Алматы:  Ғылым,    1990.-136  б.;  Құрманбайұлы  Ш.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі 

57 
 
жаңа атаулар мен қысқарған сөздер. – Астана: ІС-Сервис ЖШС, 2009. – 256 б. 
7  Новое  в  русской  лексике.Словарные  материалы.  /Под  ред.  Н.З.Котеловой.  –  М.: 
Русский язык, 1980; 1981; 1986.  
8 Котелова Н.З. Проект словаря новых слов. – Л., 1982. – 210 с. 
 
В статье рассматривается социальная потребность в словаре новых слов и значений, 
появившихся  в  казахском  языке  в  годы  независимости,  а  также  роль  функционирования  и 
развития  государственного  казахского  языка.  На  основе  анализа  теоретико-практических 
исследований  в  области  лексикографии  приводится  описание  основных  принципов 
составления словаря неологизмов. С учетом требований современной неологии  и неографии,  
дается характеристика критериев отбора словника и разработки словарной статьи.  
 
The  article  considers  the  social  need  of  the  new  words  and  the  using  in  the  dictionary, 
appeared in the Kazakh  language in the years of independence, also its role in the functioning and 
development  of  the  state  Kazakh  language.  It  describes  the  basic  principles  of  compiling  a 
dictionary of neologisms on the basis of the latest theoretical and practical research in the field of 
lexicography.  Taking  into  account  the  reguirements  of  modern  neology  and  neography  and  the 
development of the glossary are given in this article. 
 
 
 
УДК 81.42 
С.Н. Касенов, А.О. Мукашева 
Кокшетауский государственный университет имени Ш.Уалиханова 
Кокшетау, Казахстан 
muk-ak-om@mail.ru 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал