Проблемы языкознания



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/43
Дата07.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

 
Список литературы 
1  Кубрякова  Е.С.,  Демьянков  В.З.,  Панкрац  Ю.Г.,  Лузина  Л.Г.  Краткий  словарь 
когнитивных терминов. – М.:МГУ,1996. – С.90. 
2  Красных  В.В.  Виртуальная  реальность  или  реальная  виртуальность?  (Человек. 
Сознание. Коммуникация). – М.: Диалог - МГУ, 1998. -352с. 
3  Попова  З.Д.,  Стернин  И.А.  Понятие  «концепт»  в  лингвистических  исследованиях.  – 
Воронеж, 2000. – 30с.   
4 Попова, З. Д. Общее языкознание. Учебное пособие / З. Д. Попова, И. А. Стернин. 2-е 
изд., перераб. и доп. М. : ACT: Восток - Запад, 2007. 408, с. 
5 Жинкин Н. И. О кодовых переходах во внутренней речи // Жинкин Н. И. Язык – Речь 
–  Творчество  //Избранные  труды.  –  М.:  Изд-во  "Лабиринт",  1998;  Горелов  И.Н.  Основы 
психолингвистики.  Учебное  пособие.  М.:изд.-во    Лабиринт,  1997.  224с;    Залевская  А.А. 
Введение в психолингвистику. М.: Российск. гос. гуманит. ун-т, 1999. 
6 Маслова В.А. Лингвокультурология, М.: 2001. -С. 40. 

11 
 
7  Кубрякова  Е.С.  О  современном  понимании  термина  «концепт»  в  лингвистике  и 
культурологи // Реальность, язык и сознание: междунар. сб. науч. тр. Тамбов, 2002.  
8  Степанов  Ю.С.  Константы.  Словарь  русской  культуры:  Опыт  исследования.  –  М.: 
Школа «Языки русской культуры»,1997. – С.41. 
9 Воркачев С.Г. «Из истории слов»: лингвокультурный концепт// Новое в когнитивной 
лингвистике. Кемерово, 2006. С. 3-14. 
10 
Карасик  В.И.  Лингвокультурные  концепты:  подходы  к  изучению  // 
Социолингвистика вчера и сегодня. Сб.науч. тр. – М.,  2004. – С. 135. 
11  Карасик  В.И.  Культурные  доминанты  в  языке  //  Языковая  личность:  Культурные 
концепты. Сб. науч. тр. – Волгоград: Перемена,1996. – С.3 -15. 
12 
Карасик  В.И.  Лингвокультурные  концепты:  подходы  к  изучению  // 
Социолингвистика вчера и сегодня. Сб.науч. тр. – М.,  2004. – С. 48. 
13 Воркачев С.Г. «Из истории слов»: лингвокультурный концепт// Новое в когнитивной 
лингвистике. Кемерово, 2006. -С.8. 
14  Гольдин  В.Е.  Ассоциативный  словарь  как  особый  источник  данных  о  внутренней 
семантической сети// Вопросы искусственного интеллекта (Вестник НСМИИ РАН), 2010 № 
2. -С.90.   
 
Мақала мәдениеттану мен когнитивтік лингвистика әлеуетінде «концепт» ұғымының 
мән-мағынасын ашып көрсету мәселесін қарастырады.  
«Концепт»  лингвокогнитивтік  көзқарас  тұрғысынан  адамның  білімі  мен  тәжірибесі 
көрініс  табатын  сананың  ментальды  бірлігі  мен  оның  ақпараттық  құрылымын  білдіреді. 
«Концепт»  түсінігі  лингвомәдени  көзқарас  бойынша,  мәдениеттің  негізгі  бірлігі  ретінде 
танылып,  құндылық  компоненті  тұрғысынан  зерттеледі.  Лингвокогнитивтік  концепт  –
жеке сананың мәдениетке бағытталуы болса, лингвомәдени концепт  – мәдениеттің жеке 
санаға  қарай  бағытталуы  болып  табылады.  Концепт  тәжірибенің  мазмұнын  білдіретін, 
сонымен  қатар  өзіндік  құрылымы  бар  екі  тұжырымныңбазалық  бірлігі  ретінде  беріледі: 
концепт өзегі, концепт перифериясы, жақын маңдағы периферия, (қашықтықтағы) алдағы 
периферия т.б. 
 
In the present article we consider “concept” as a main notion of two branches of linguistics: 
cognitive linguistics and cultural studies. Concept from the cognitive point of view is represented as 
a  mental  unit  of  consciousness  and  that  information  structure  which  reflect  knowledge  and 
experience of people. According to lunguacultural approach the concept is represented as a basic 
unit  of  culture  and  studied  from  the  point  of  view  of  its  components  of  value.  Linguacognitive 
concept directs its studies from personal consciousness to culture, and linguacultural concept does 
it from culture to personal consciousness. In the paper concept is represented as a basic unit of two 
disciplines  reflecting  experience  contents  and  having  the  following  structure:  kernel,  periphery, 
nearest periphery, furthest periphery.   
 
 
 
 
 
ӘОЖ 81’42:811.512.122 
А.С. Адилова 
Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Қарағанды, Қазақстан 
adilova2010@mail.ru
 
 
КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ «ДАЛА», «ҚАЛА» БЕЙНЕСІ  
 
Қазақ  ұлттық  концептосферасындағы  базалық  концептінің  бірі  –  «дала» 
қаламгерлердің  дүниетанымында  ұлттық  болмыс,  ділдің  тікелей  көрінісі  ретінде  түрлі 

12 
 
тілдік  бірліктермен  танылады.  Дала  концепті  жалпыұлттық  құндылықтарды  таныта 
алатындықтан,  «қала»  концептіне  контраст  жұп  ретінде  көркем  мәтіндерде  жиі 
қолданылады. Көркем мәтіннің концептуалды-мазмұндық ақпараты үшін аса маңызды бұл 
контраст  концепт  ұлт  менталитетіндегі  өзгерістер  динамикасын  таныта  алатынын 
түрлі кезеңде шығармашылықпен айналысқан қазақ ақындарының өлеңдері көрсетеді. 
 
Кілт  сөздер:  көрке  мәтін,  концепт,
 
«дала»  және  «қала»  концепті,  контраст 
концептілер, ұлттық діл, менталитет, урбанизация 
 
Кез  келген  халықтың  тіл  байлығын  оның  сөздік  қоры,  грамматикалық  мүмкіндіктері 
және  концептосферасы  танытады,  анықтайды,  ал  концептілер  аясына  ұлттық  таным, 
мәдениет  үшін  айрықша  құнды,  семантикасында  ғасырлар  тереңінен  аса  мол  ақпарат 
жинақталып,  қатталған,  мағынасы  қоғамдағы  басым  көпшіліктің,  ақын-жазушылардың  әр 
буынының  өз  түйсінуі,  бағалауы  арқылы  дамып,  кеңейіп,  толығып  отыратын  концептілер 
кіреді.  Зерттеушілердің  пікірінше,  концептосфераның  құрылымында  түрлі  зоналар  бар:  «В 
структуре  концептосферы  есть  ядро  (когнитивно-пропозициональная  структура  концепта), 
приядерная зона (иные лексические репрезентации важного концепта, его синонимы и т.д.)  
и  периферия  (ассоциативно-образные  репрезентаци.  Ядро  и  приядерная  зона 
преимущественно репрезентируют универсальные и общенациональные знания, а периферия 
- индивидуальные)» [1; 2, 95]. 
Қазақ  халқының  ұлттық  концептосферасының  өзегі  деп  саналатын  концептінің  бірі  – 
дала, оның бір тармағы – ауыл.  
Поэтикалық  мәтіндердегі  концептілерді  санада  танылу  деңгейіне,  ақиқат  дүниедегі 
болмысына,  өзіндік  ерекшелігіне  қарай  шартты  түрде  метафизикалық,  ұлттық-мәдени  және 
эмоционалдық  концептілер  деп  жіктеген  А.  Әмірбекова  халқымыздың  ұлттық  мәдениеті 
үшін  аса  маңызды  көш,  домбыра,  қамшы  сияқты  концептілер  қатарында  атаған    «дала» 
жөнінде  «қазақтың  өмірін,  жайлауын,  мал  шаруашылығын,  дархан  кеңдікті,  жазықтықты 
объективтендіреді.  Автор  танымында  дала  кеңдік  эталоны  ретінде  алынып,  қазақтың  кең-
байтақ  жеріндегі  ұлттық-мәдени өмірді,  яғни қазақ даласындағы жырмен ұйықтап, жырмен 
оянған,  еркіндікті  сүйетін  халықтың  болмысын  сипаттайды»  [3,  10]  дей  келіп,  түрлі 
концептілік құрылымда берілген дала бейнесін мысалға келтіреді және оны ақиқат дүниеде 
жұпта танылатын контраст концептілер қатарында атайды [3, 11]. 
Көркем  әдеби  үдеріске  қатысушы  ақын-жазушылар  өзінің  таным-түсінігіне  сай  өзін 
қоршаған  ортаны,  ондағы  түрлі  өзгерістерді,  қоғамдық  өмір  құбылыстарын  өз  бетінше 
саралап,  түсініп,  бағалап,  оқырманға  ерекше  әсерлі  етіп  жеткізуді  көздейді.  Осы  тұрғыда 
қазақ  прозалық  және  поэзиялық  мәтіндерінде  ауыл  (дала)  мен  қала  образының 
интерпретациясы  зерттеушілер  үшін  ерекше  маңызды,  себебі  бұл  -  халықтың  діл-
болмысындағы өзгерістің көркем танымдағы көрінісі.  
Жалпы,  қазақ  халқының    тұрмыс-тіршілігі,  таным-нанымы  көшпелі  өмір  салтына 
байланысты  болғандықтан,  оның  дүниетанымында  дала,  далаға  тән  кеңдік,  сол  дала 
тіршілігіне  бейімделу  үнемі  көрініс  табады.  Әлеуметтік,  саяси,  тарихи,  қоғамдық 
өзгерістерге    байланысты  қазақтардың  көшпелі  өмір    салты  біртіндеп  отырықшылыққа 
көшкеннен  кейін  халықтың  бойында,  ойында,  мінез-құлқында  далаға  тән  және  даламен 
байланысты    қалыптасқан  қасиеттер,  белгілер  ауыл  ұғымына  көшті,  яғни  қазақтарға  тән 
кеңдік,  жомарттық,  ақ  ниет,  кеңпейілділік  тікелей  ауыл  ұғымымен  байланыстырылады. 
Ғаламдық  урбанизациялық  үдеріске  байланысты  қазақ  халқының  қалаға  шоғырлануының 
нәтижесінде халық психологиясы, менталитеті, мінез-құлқы, әлемді танып-түйсінуі өзгеріске 
ұшырады. Осы  себепті қазақ қаламгерлерінің түрлі  буындарының көркем шығармаларында 
(мәтіндерінде) қала мен дала образы түрліше интерпретациялана бастады, тіпті көп жағдайда 
қарама-қарсы  қойыла  бастады,  яғни  көркем  мәтіннің  вербалды  қабатындағы  осы 
образдардың контраст мәнді тілдік құралдармен берілуі жиі байқала бастады. Қазақ көркем 

13 
 
әдеби  үдерісіндегі  мұндай  дуализмнің  бастауында  зар  заман  ақындары  [4],  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров [5] тұрғаны белгілі.  
Өткен ғасырда өмір сүрген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың соңғы шығармасы деп 
есептелетін  «Айтыс  (қала  ақыны  мен  дала  ақынының  айтысқаны)»  поэмасы  1919  жылы 
жазылғанмен,  аяқталмай  қалған.  Кезінде  авторды  дала  ақынының  өзі  деп  есептеп,  ескілікті 
аңсаушы, алашордашыл, ұлтшыл, ұсақ буржуазияшы ретінде айыптауға негіз болған поэмада 
дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзгеруінің нақты себебі қала деп көрсетілмесе де, көптеген 
мәселелерге қатысты өзіндік бағалау ашық қайшылыққа құрылған. 
Қазақ халқының өркениетпен бірге келген, келетін түрлі өзгерістерден  әлі де болса ада
таза кезінде жазылған бұл туындыда автор дала мен қаланы қарама-қарсы қойып, дала, сол 
далада  өмір  сүріп  жатқан  адамдар,  даланың  артықшылығы  туралы  өз  пайым-танымын 
көрсетеді.   
Ақын даланы, даланың ерке баласы қазақты эмоционалды реңі айқын, экспрессивтілігі 
жоғары,  жағымды  коннотациялы  лексикалық  бірліктермен  сипаттайды.  Даланың  әр 
маусымдағы  табиғаты,  онда  тіршілік  кешіп  жатқан  халықтың  түрлі  әлеуметтік  топтары, 
адамдар  арасындағы  шынайы  туыстық,  жанашырлық  қатынастар,  ұлттық  дәстүрлер,  ел 
билеушілер мен қарапайым халықтың сөзге тоқтауы,  ел шетін қорғаған батырлар мен ислам 
дініне беріктік, қыр қазақтарында сақталған ана тілі  мен кеңдік,  тіл арқылы көрінетін діл-
болмыс пен ұлттық ұстанымдар, жомарттық, үлкенді сыйлау, шынайылық сияқты ерекшелік-
қасиеттерді  көрсетеді.  Аталған  түсініктер  тура  мағынадағы  номинативтер  арқылы,  тұрақты 
тіркестермен және ақын танымына сәйкес ой модельдерімен берілген:  Мен қазақ, қазақпын 
деп  мақтанамын;  Сүйгенім  қазақ  өмірі,  өзім  қазақ;  Ерікті  ен  даланың  құсынша  ұшып, 
ержеттім  кеңшіліктің  сүтін  ішіп;  Даламның  кеңшілігін,  бейқамдығын,  Жаным  іздеп, 
жүрегім  сүйеді  анық;  Даладағы  фальшысыз  самородтың,  Олармен  ауыстырман  бір 
күлісін; Ақ көйлек дала адамы аңқылдаған, Жүрегінен мейірімі сарқылмаған, т.б.   
Алайда  ол  біртіндеп  мәтін  модальділігін  өзгертеді,  яғни  оның  сөзінде  алаңдаушылық, 
сенімсіздік,  болашақтан  үрейлену  тәрізді  сезімдерді  сипаттайтын  жағымсыз  мәнді  тілдік 
бірліктер  пайда  болады,  бұлар  көбінесе  қала  тұрмысы,  күнделікті  тіршілік,  ондағы  адами 
қасиеттердің  өзгеруі,  мінез-құлықтың  құбылмалылығы,  әлеуметтік  жіктің  тереңдеуі, 
әділетсіздік,  жалғандық  т.б.    секілді  мәселелерді  суреттегенде  жиі  байқалады:  Қылсам  да 
мұны көріп шүкіршілік, Жүрегім сескенеді нені біліп?  Қорқамын бұл заманы кетер ме деп
Қаладан қазағыма  мінез жұғып;  Мас болып  партияға қызып алған,  Далалық  табиғатын 
бұзып алғанЖұқтырдың көп күйеңді, қала,  маған, Бізді де қойған жоқсың есен-аман... 
Ақынның  бұл  ойлары  атақты  әл-Фарабидің  «Қайырымды  қала  тұрғындарының 
көзқарастары  жайлы»  трактатында  надан    қалалардың  бірі  деп  санаған  Бағдатқа  берілген 
сипаттамамен ұштасып жататыны аңғарылады [6], яғни  қажеттілік, айырбас, опасыздық пен 
бақытсыздық  салтанат  құрған,  атаққұмар,  билікқұмар  және  бетімен  кеткендер  тұратын, 
материалдық  құндылықтар  мен  ақша,  тәнқұмарлық,  билікке  құмарлық  сияқты 
көшпенділердің  діл-болмысына  жат  қасиеттер  үстемдік  ететін  қаланы  оқырманның  көз 
алдына келтіреді, содан сақтандырады. 
Даланы  жайлаған  өз  халқының  өміріне,  мінез-құлқына,  билікке  таласына  С. 
Торайғыровтың  көңілі  толмайды,  сондықтан  да    қала  ақынының  жауабына  түрлі  сын 
көзқарасын салғаны байқалады. 
Ақын  қазақ  даласында  болып  жатқан  өзгерістердің  тек  сол  кезеңде  ғана  пайда  бола 
салмағанын түрлі реминисценциялар арқылы көрсетеді. Көшпелі өмір салтының өзгеруімен 
пайда  бола  бастаған  қалаға  орналасудың,  үй  салудың  себеп-салдарын,  қала  тұрғынының 
тұрмысын,  сол  тұрмыстың  біртіндеп  сананы  билеуге  көшкенін,  қазақ  менталитетіндегі 
өзгерістерді  әр  типті  келтірінді  құрылымдармен  вербалдаған  ақын  мәтінаралық 
байланыстардың  әлеуетін ерекше бағалағаны, пайдаланғаны байқалады. Мәселен, батырлар 
жырына,  зар  заман  ақындарының,  Бұқардың,  Махамбеттің,  Абайдың    өлеңдеріне,  А. 
Байтұрсыновтың  «Масасына»  сілтеме  жасайтын  цитаталар,  реминисценциялар  поэманың 
семантикасын, континуумын кеңейте, толықтыра түскен. 

14 
 
С.  Торайғыровты  толғантқан  мәселелер  одан  бұрын  «зар  заман  ақындарының» 
өлеңдерінде де «қала», «шаһар», «қорған», «үй», «бекініс» ұғымдарына қатысты сөз болғаны 
белгілі. Зерттеушілер бұның негізінде  көшпелі өмір салтынан алыстап, отырықшылыққа бет 
бұру нәтижесінде қазақтың ата қонысы мен жерінен айырылып қалу, қазақы мінездің өзгеру 
қаупі жатқанын айтады [4].  
Қазақ  үшін  дала  халықтың  бітім-болмысын,  ұлттық  рухты  танытатындықтан,  оның 
дүниетанымында,  лексикасында  даланы  сипаттайтын,  онымен  ассоциацияланатын  тілдік 
бірліктердің  де  мол  болуы  заңды.  Ал  сол  даланың  перзенті  –  ақын-жазушылардың  көркем 
мәтіндерінде  тілдік  құралдар  күрделі  ойды  ашатын  тақырыпқа  сай  таңдалып,  іріктеліп 
алынады.  Олар  негізгі  ойды  беретін  бір  немесе  бірнеше  сөздің  лексика-семантикалық 
парадигматикасы,  синтагматикасы  арқылы  мәтіндегі  ойды  жылжытып,  оқиғаны  сипаттап, 
дамытып  отырады.  Туындының  тілдік  қабатын  ұйымдастырушы  автор  мұндай  сөздермен 
өзінің субъективті көзқарасын да білдіріп отырады.  
«Дала» сөзін лексикографиялық деректер былай анықтайды: 1. Кең байтақ жазық өңір, 
құла  дүз.  ...  2.  Есік  алды,  тыс.  ...  3.  Ауылды  жер,  қыр  [7].  Бұл  сөздің  осында  көрсетілген 
мағыналары  ақын  М.Мақатаевтың  «Біздің  жақтың  іңірі»  өлеңінде  (жасырынған  күн  мен 
ауылдың елең-алаң түні, егіс даласындағы қызған еңбек, ауыл түнінің оттары, адамдардың 
дауысы,  пысқырынған  аттар,  сықырлыған  арба,  тасыған  арна,  қыр  астынан  шыққан  ай) 
көрсетілсе,  бірінші  мағынасы  М.Жұмабаевтың  «Жазғы  жолда»  шығармасында  жағымсыз 
реңде  өзектенген:  шаң  үйірілген,  аспан  күңіреніп,  жерді  қусаған  жапан  түз,  меңіреу  дала. 
Осы кеңдік мағынасы мүлде қарама-қарсы сипатта Ж. Қашқыновтың өлеңінде берілген, яғни 
мұндағы жағымды мән айқындауыш болып тұрған синоним сөзбен күшейтіле түскен:  
... Топырағыңды тағы айналып басыппын, 
Сағыныштың жырын шайқап тасыттың. 
О, туған жер, гүл жазира – кең дала, 
Мен өзіңе өмір-бақи ғашықпын!  
Осы орайда  ақын Р. Нұрбайдың  «ӘКЕ деген  үш әріптен таныдым, ДАЛА деген  төрт 
әріптің  кеңдігін»  деген  жолдары  да  тағы  бір  мағынаны  өзектендіріп  тұрғанын  айта  кеткен 
жөн. 
«Ауыл» концептісі Қ. Мырзалиев поэзиясында ойсурет типінде объективтенген. 
Түрлі сезім органдары арқылы қалыптасқан стереотипті ассоциациялар негізінде пайда 
болған  ойсурет,  яғни  дала  –  жайлау,  жайлаудағы  жусан,  бұлақ,  сағым:  Құшағын  жайып 
шара көл, Жайлауға көшіп барады ел,  Қайтарда, досым, мен үшін, Бір иіскем жусан ала кел; 
...Бір жұтым бұлақ ала кел; ...Бір құты сағым ала кел, соңғы жолдағы сағым сөзі далаға тән 
кеңдікті репрезентациялап тұр; ақынның танымдық моделінде бұл концепт және оның өзгеру 
динамикасы  теңеу,  эпитет,  метафоралар  арқылы  берілген:  Көне  етіктің  ұлтанын  жұлып 
алар,  көктемдегі  көк  сазың;  Кеңсірікті  қаңсытып  жіберетін  аңызақ,  ыстығың;  Инесі 
бар  аяздың  жебесінде;  жылқылары  тұратын  біреуінің  мойынына  біреуі  иек  артып; 
әулиесі, бас иіп сыйлайтыны; ауыл-ана; кәрі қыр; маңмаңгердің тарамай құйрық-жалын, 
машинасын жуады күн батарда; күн нұрымен ойнайды антенналар әр шатырдың әдемі 
үкісіндей;  көкжиекке  көзіңді  суаратын;  баяғы  еркін  ауыл,  еркін  халық;    далаға  тән 
ыстық пен суық байқауы. 
Ал  С.  Ақсұңқарұлы  өзінің  «Дала  философиясы»  өлеңіне  дала  туралы  барлық  түсінік-
пайымын  енгізген,  яғни  осы  сөздің  лексикалық  мағынасына  кірмейтін,  алайда  ұлттық  әлем 
бейнесіне  тән  және  өзінің  жеке  тұлғалық  қиялынан  туған    ассоциациялар  байқалады.  Дала 
образын  ақын  коннотациясы  айқын  сөздер  арқылы  бірнеше  тармақпен  көрсетеді  және 
олардың бәрі ұлттық дүниетаныммен, тарихпен, мәдениетпен тікелей байланысты, яғни дала 
персонаж,  заттық,  тактильді  бейнелер  арқылы  объективтенген.    Жағымды  және  жағымсыз 
бояулы сөздердің семантикасы арқылы дала образындағы қайшылық та байқалады. 
ХХ ғасырдың ІІ жартысында жазылған көркем мәтіндердегі концептуалды ой даламен 
байланыстырылған  қазақы  мінез-құлыққа  қаланың  теріс  ықпалы  болса,  ХХІ  ғасырдың 
басындағы  мәтіндерде  даланы,  ауылды  аңсау,  сағыну,  өзгерту  сияқты  ойлар  өзектене 

15 
 
бастағанын  байқауға  болады,  мәселен,  Н.  Дәутайұлының    әңгімесінде  ауылдың  жаңа 
бейнесін  жасамақшы кейіпкер қазақты дала мен ауылсыз елестете де алмайды, алайда оның 
ауылды,  даланы  аңсауы,  сағынуы  тек  сезім  ғана  емес,  ол  сол  сезімін  қазақ  үшін  пайдалы, 
жақсы іс жасауға ұмтылады, яғни жаңалық енгізуді көздейді:
 «
Ауыл қалашығын салсақ. Биік, 
биік  сан  қабат  үйлерден  емес.  Бір,  екі  қабат.  Ұлттық  нақышпен.  Үйлердің  жобасы 
жаңазамандық, ал келбеті қазақы ою-өрнек... Осыны айтып ұшы-қиырсыз далаға көзін салып, 
демін  терең  сіңіріп,  біраз  тұрып  қалған.  -  Қазақ  түгел  қалаға  көшіп  кетпейді  ғой,  көке. 
Ауылсыз да қазақ бола ма? Қазақ дегеніміз, дала мен ауыл емес пе. Өзім солай ойлаймын, — 
деген сосын. - Сөйтетінің жақсы-ау. Ал әкеңнің мына тірлігіне кім ие болып, кім жалғайды? - 
деп сұраған бұл Жалғасқа сынай қарап. - Білмеймін, - деген ол. - Мен жаңа ауыл саламын, 
көке».  Бұл  өткен  ғасырдың  70-жылдарынан  басталған,  М.  Мақатаевқа  «ұят  болды-ау» 
дегізген тенденцияға жауап десе де болады.
  
Жайсандық,  жомарттық,  ашықтық,  кеңдік,  сезімталдық,  адаммен  қарым-қатынаста 
және  өз  ісіне  адалдық,  ар-намысты  жоғары  қою,  рухани  әлемінің  байлығы,  адамзатқа 
мейіріммен қарау, ақ көңілділік,  уәдеге берік болу, айтқан сөзін орындау сияқты қасиеттер 
кең далада еркін өскен әр қазақтың бойынан табылатын еді, бірақ  урбанизациялану үдерісі 
кезінде бұлар біртіндеп өзгере бастады. Үлкен қалада өмір сүру, ондағы күнделікті қарбалас 
тіршілік,  шектелген  аумақ,  түрлі  эмоциялар  мен  әсерлерді  бақылау,  жасыру,  дәстүрлі  
мәдениеттің  мегаполистегі  тұрмыспен  қабыспауы,  көптеген  жайттарға  қатысты  ұлттық 
көзқарастың  жоғалуы  қазіргі  қоғамда  өмір  сүріп  жатқан  адамның  мінез-құлқына  өзінің 
таңбасын салып кетті. Басым көпшілігі қала тұрғындарына айналып үлгерген халық кеңдікті 
жоғалтып,  бар  нәрсені  жоқ  дейтін,  басқа  адамдарға  аса  бір  сенімсіздікпен,  қорқынышпен 
қарайтын  болды,  құдайы  қонақ  келеді  деп  әрқашан  ашық  жататын  есік  жабық  тұратын 
болды,  бұрынғы  жайсаңдық  пен  ашықтық  жоғалып,  мінез  өзгерді,    екі  сөйлеушілік, 
көрсеқызарлық, қатыгездік байқалуда. Мұның бәрі бұрынғы қазақтың қанында, жанында бар 
қасиеттерден  арылуға  себеп  болып  отыр.  Ұлттық  дүниетанымдағы  осындай  өзгерістер 
нәтижесінде  қазақ  ақын-жазушыларының  көркем  мәтіндерінде  даланы  аңсау  жиі  көрініп, 
қала  концептісі  қаламгерлердің    әлем  бейнесінде  индивидуалды  түйсінуі,  танымының 
репрезентациясы ретінде көп қатпарлы, көп мағыналы құрылым түрінде байқалады 
Қазақ халқының урбанизацияның алғашқы кезеңіндегі мінез-құлқы Ж. Жақыпбаевтың 
өлеңінде көрініс тапқан: Елден келсең, енді үйіне келіп көр, Қарсы алады жары күліп, күліп 
төр.  Ауылынан  ала  келген  мінезбен  Айғайлайды  ақ  көңілден  жігіттер.  Осы  менталитет 
өзгерісіне  қаланың  ықпалы  «қырттар  қыспағы»  тіркесімен  метафораланған:  Қалаға  келіп 
көрсем де қырттар қыспағын, Өзімді тауда жүргендей жайсаң ұстадым.  
Бұл  мінездің  өзгеру  себебі  Н.  Бәдіғұлдың  шумақтарында  нақтылана  түскен:  Моп-
момақан түлегі едік даланың, Жанымызда жоқ еді еш нала-мұң. Қалаға кеп, тағалы аттай 
тарпаңдап,  Үйіріңе  сен  осқыра  қарадың!  Моп-момақан  түлегі  едік  даланың,  Жанымызда 
жоқ еді еш нала-мұң. Қалаға кеп, қағаз қажап жүйкені, Үйіріме мен қабарып қарадым!..
  
Ал  Г.  Салықбай  поэзиясында  қала  концепті  бірнеше  фрейммен  танылады:    а)  Қала  – 
суық:  Қар қаланы, Қала қарды паналап, Бауырласып, құшақтасып, бағалап, Екі суық бірін-
бірі жылытты – менің етігім жайлы ұмытты...; Көктем, міне, көз қадайды Күн иіп, Мұз еріді 
аздап  қалған  мұң  ұйып...;  Шаһар  мынау  тым  қатыгез  өзіңдей....Өлтіреді  білдірмей;  Жыл 
өзгерді. Кім өзгерді? Қала қар. Қар көңілім қайдан пана таба алар?  Жапырақ қашқан қала 
түз  сияқты,  естегім  ертең  қатар  мұз  сияқты,  Қайырымсыз  қара  жел  боп  сабаладың, 
Қарғалар  ғана  қалған  күз  сияқты;  Топырақ  суып,  жаз  өтті  дедім,  Сап-сары  қала  тоңды-ай 
кеп... ә) Қала – адамдар: Алматыға қар жауып тұр – дымқыл қар, арық ағаш артын бағып, 
тың  тыңдар,  Және  адамдар  өзіне-өзі  тығылған,  Және  шамдар  –  жеңілтектеу  құбылған; 
Есік ашып бала-арманның есті үні, Елең етті ертеңгі бақ өскіні.  Басып қалды басы ауырған 
көшені  Түрлі-түсті  киімдердің  көшкіні;  б)  Қала  –  техника,  сауда  мекені:  Қозғалыстың 
таусылғандай мәні ақыр, Сарайда да көрсетілмес сый тегін. Сымтемірден қайыр сұрап қала 
тұр,  Науқасынан  айыға  алмай  жүйкенің...;  Маңдайында  жазу  жанып-өшеді,  Бізбикештің 
төркініндей дүкендер; Көк те сұр, көлік те сұр, қала – сұрғылт... Әмірін жүргізіп тұр қарасұр 

16 
 
бұлт. ... Кім саған кінә тақсын күзгі қала... в) Қала – астана: Бас қаланы басып қалды қарша 
үміт, Бұлбұл біткен әніменен жар  салып. г)  Қала – эмоционалды жай-күй: Шілде мынау. 
Қаңсып,  шөлдеп  барамын,  Сені  және  су  көремін  түсімде:  Сенбес  едім:  сең  соққандай 
қаланың Сендей адам жүреді екен ішінде; Қайрамақшы болады қала шарық. Аспан жақтан 
адалдық  күткен  едім,  Бара  жатыр  ол  дағы  аласарып;  Күмәнді  қала,  Тұманды  қала 
Белгісіздіктің  буынан;  Береке  кеткен  беймаза  қаланың  ішін  кезеді  өлең...  Қашып  тұр  өңі 
қаланың, Түсімде еді тым сұлу. Тасып жатыр қара су...Қара суда тас қала, Тасқа айналмай 
мен  қалай  төзіп  жүрмін,  масқара!  Қала  дел-сал.  Көңіл  тоқтады;  Серги  алмай  сәуірдің 
самалынсыз.  Қарс  жауып  қабағын,  қала  да  үнсіз;  Ал  есімің...  өшкен  сайын  жаңғырды, 
қызыл  көзін  қылмыңдатып  көшелер;  Маңдайымды  толтырды  қатал  тағдыр  қаламы, 
кескілейді жол түрлі қажып біткен қаланы. 
 
Қала  өмірінің  халық  менталитетіне  кері  әсерін  сезіп,  білген    шарасыздық  күйі    Е. 
Раушанов  танымындағы  «қала»  концептілік  құрылымының  бір  тармағын  танытады:  ...  Көк 
кептер  мезі  болған  жауыннан  көп,  Ойлайды  алда  қанша  дауыл  бар  деп.  Қалаға  үйрене 
алмай  жүрсе  керек,  Ол  дағы  мен  сияқты  ауылдан  кеп.  ...  Бұйығып  үндемейсің,  жазған 
құсым,  Ал,  айтшы,  не  істейміз  көнбегенде?  Ақын  Алматы  қаласын  заттық  және  тактильді 
бейнелер арқылы танытады: Тезірек Алматыға қайтам сосынСағынтып дулы нөпір, Шулы 
аламан. Ару кент, Арман қала шұғылалы,  - Алматы, ағын-халық шұбырады; Содан соң 
ба? Күледі жел жындана, Күрсінеді жасыл қала, гүл қала; ... екеуміз...сосын мұң ғана бар-
ды, осынау іңкәр қалада; Қосыла алмайды дүрмекке көңіл, Қосыла алмайды әнге өжет. Бұл 
неткен қала, неткен өмір, Мағына да, мән де жоқ. 
Қала  концептісі  қазақ қаламгерлерінің  кейінгі  буынында  мынадай  тілдік  бірліктермен 
берілген,  олардың  арасында  синкретті,  плеонастикалық,  перифрастикалық  тіркестер  жиі 
кездеседі.  Айта  кету  керек,  бұл  ақындардың  танымдық  моделіндегі  қалалар  міндетті  түрде 
астана емес, өздері тұратын немесе жиі болатын қалалар:  
Серік Ақсұңқарұлы танымындағы Алматы: Алматы барсаң – кеткісіз еді, Арбайтын 
еді  ұстап  ап!  ...  асқақ  қала  да  алая  қарады,  Аңыздап  келген  балаға...Қала  тұр  сақтап 
бейіштегі  әрін,  Думанға  батып  не  түрлі  Күнекей  деген  періште  барын  ұмытып  қалған 
секілді!  Хош,  Алматы,  деймін  сонда  ішімнен,  Бірге  ұшып  шық  көңілімнің  құсымен.  Сайқал 
қала  –  сайқал  қатын  секілді,  Маған  опа  бермейтінін  түсінем;  Өз  ұлын  сыртқа  теуіп, 
Магнитше Өңезін неге тартад ішіне бұл? Алыстан ақынына бетін беріп, Тұр шаһар қызыл-
жасыл  түрге  еніп,  Болғанымен  өзі  әдемі,  Әсемдікті  Ұқпайтын  жәлеп  қатын  секілденіп... 
Хош,  өлең!  Сөніп  таңғы  үміт,  Әуреге  мені  сала  ма.  Қаламақысыз  қаңғырып,  Мен  қалдым 
қарау  қалада; Қарағанды: Аптап ыстық. Қаны кепкен бұтаның. Қара нөсер тамбай – миы 
жұқарып. Қара көмір қызыл шоқтай жатып ап, Қарағанды кетер ме екен тұтанып? 
Кәпұлы  Дәулеткерей  қала  концептін  былай  вербалдаған:  Қамырық  оймен  қамалып 
қалаға  мәжнүн...;  Қаланың  тірлігі  дәл  осы  –  Дәтіңе  дәретін  сындырар!  Астана,  бүгін  асқақ 
қаласың, Жаһанға әлі жақсы аттанасың; Бөбек  қала бал тілегі, қараңғылық тәлтіреді; тірлік 
сұм ниет мына қалада. 
Қарағандылық  ақындар  Руслан  Нұрбай  мен  Серік  Сағынтай  үшін  де  қала  концепті 
ақиқат дүниені эмоциялық жай-күй арқылы таныту нәтижесі ретінде вербалданады. Мәселен, 
Р.  Нұрбай:    «Елордасың  біз  үшін  есімі  ерен,  Қызығамын  жұлдызды  кешіңе  мен.  Ерте 
жылдың  айтады  естелігін,  Құлын-қала,  желі  ғой  Есіл-өзен;  Ей,  көшкен  құс,  кеше  менің 
малым  боп,  Жөнеп  жүргем  мынау  жалпақ  далада.  Қазір  менде  үйір  де  жоқ,  табын  жоқ. 
Таңылғанмын  табыт  бетон  қалада»  десе,  С.  Сағынтай  «Біздің  ауыл...  тар-қапас  қала 
қазір,  Біздік  тағдыр  –  бәйгеге  балама  жыр.  Менің  тәнім  –  қаланың  қуыршағы,  Жаным 
болса дүбірлі далада жүр;  Жатыр Бұқпа лайланып, жаны ышқынып, Тас қаланың табанын 
ағыс  қылып..;  Маған  арман  –  даладағы  дарқан  күй,  Маған  арман  –  қырмызы  қыр  етегі... 
Теңіз  даланың  иірімі  екен  жалмауыз  Сені  де  жұтқан,  мені  де  жұтқан  сұм  қала».  Соған 
қарамастан қаламгер парадоксалды қорытынды жасайды: «Сағынғанмен, аңсағанмен даланы, 
Қалай  қиып,  тастап  кетем  қаланы?  Тас  көшеде  тайғанақтап  табаным,  Жүрегім  де  тасқа 
айналып  барады».  Ал  бұл  дегеніміз  «даламыз  да,  қаламыз  да  «елес  қуған  ессіздердің» 

17 
 
мәдени-рухани  кеңістігіне  айналған  мезетте  ақындық  рух  арайлаған  авторлық  «МЕН»-нің 
пәлсапалық ой түйіндеулерін жасауының өзіндік өрнегі» [8, 12]. Сондықтан да бұл контраст 
концептілердің  құрылымын қалыптастыру эволюциясы әлі де жалғасуда. 
Сонымен,  келтірілген  мысалдардың  өзінен  дала  сөзінің  мынадай  мағыналарда 
қолданылғаны байқалады: 1) кеңістік, 2) үйдің сырты, алды, 3) ауыл орналасқан жер, 4) адам 
мекендемейтін  құла  дүз,  5)  туған  жер,  6)  сұлулық,  7)  ұлылық,  8)  батырлық,  9)  халық,  10) 
даңқ, 11) дала перзенттері, 12) Абай, 13)  ақын, 14) Махамбет, 15) әке, 16) шaңсыз aya, тaзa 
қoныс, 18) мінез - ақ көңіл; 19) ауыл-ана;  20) жайлау, жайлаудағы жусан, бұлақ, сағым т.б. 
Бұл лексикалық бірліктердің әрқайсысының ассоциативтік өрістеріне кіретін басқа да сөздер 
контекст арқылы өзектеніп, тұтас дала концептісінің түрлі фреймдерін қамтиды. 
Қазақ көркем мәтіндерінде  «қала» концептісінің когнитивтік моделі   былайша көрініс 
тапқан:  1. Қала – астана;  2. Қала  – жат  менталитет; 3. Қала  – суық; 4. Қала  – тас мекен;  5. 
Қала – қапас;  6. Қала – адамдар; 7. Қала – техника, сауда мекені; 8. Қала – сайқал әйел; 9. 
Қала – даңғаза; 10. Қала – асқақ; 11. Қала – ару; 12. Қала – гүл.  
Байқалып  отырғанындай,  контраст  концептілердің  сыртқы  құрылымы  түрлі  тілдік 
бірліктермен  берілген,  яғни  олардың  қатарында  этнолексика  (қоныс,  жайлау,  жерошақ, 
құлын-қала), дәстүрлі қолданыстар (Жaз жaйлay, күзгi күзeк, қысқы тeбiн, дулы нөпір, шулы 
аламан),  троптар  (Қала  қалжың  айтады,  түрлі-түсті  киімдердің  көшкіні,  қызыл  көзін 
қылмыңдатып  көшелер,  Және  адамдар  өзіне-өзі  тығылған,  Және  шамдар  –  жеңілтектеу 
құбылған,  Сымтемірден  қайыр  сұрап  қала  тұр),  трансформацияға  түскен  фразеологизмдер 
(сең соққан қала), соны метафоралар (қажып біткен қаланы, бетон табыт қала, тар қапас, тас 
қала,  күмәнді  қала),  қарапайым  лексика  (даңғаза,  жынды,  сайқал,  жәлеп,  Дәтіңе  дәретін 
сындырар қала тірлігі), жағымды-жағымсыз  коннотациясы айқын сөздер кездеседі.  
Қорыта  айтқанда,  поэзия  мәтіндерінде  «дала/қала»  контраст  концептісі  ұлттың 
ментальді  дүниесін  ақындардың  жеке  тұлғалық  әлем  түйсінуімен  қабыстыруы  нәтижесінде 
объективтеніп,  олардың  сезімдік-көркем  танымын  көрсетеді,  концептілер  құрылымын 
кеңейтіп,  мазмұнын  байытады.  Ал  прозалық  мәтіндерде  аталған  жұп  концептінің 
вербалдануы  өзгеше  болатыны  сөзсіз,  бұл  олардағы  психологиялық  (субъективті), 
географиялық  (қала,  ауыл,  дала,  табиғат),  тұйықталған  кеңістік  (үй,  бөлме,  палата,  көлік) 
психологиялық-концептуалды  қызмет  атқаратынымен  байланысты.  Сондай-ақ  ән  мәтіндері 
де аталған концептілердің құрылымына қатысты мол дерек беретіні айқын. 
 
Пайдаланылған әдебиет 
1 Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка // Русская словесность. Антология. – М., 
1997. 
2  Маслова  В.А.  Современные  направления  в  лингвистике:  учебное  пособие  /  В.А. 
Маслова. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. – 272 с. 
3  Әмірбекова  А.  Концептілік  құрылымдардың  поэтикалық  мәтіндегі  вербалдану 
ерекшелігі  (М.  Мақатаев  поэзиясы  бойынша):  филол.  ғыл.  канд.  ...  дисс.  авторефераты.  – 
Алматы, 2006. - 26 б. 
4 Қамзабекұлы Д., Омарұлы Б., Шәріп А. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. – 
Алматы: ARNA-B, 2013. – 192 б. 
5  Еспенбетов  А.  С.  Творческая  биография  Султанмахмута  Торайгырова:  автореферат 
диссертации на соискание ученой степени доктора фллологическлх наук. – Алма-Ата, 1993. – 
46 б. 
6 Аль-Фараби, А.Н. Трактат о взглядах жителей добродетельного города. Философские 
трактаты. - Алма-Ата: Гылым, 1970.  
7 Қaзaқ тiлiнiң сөздiгi / Жaлпы peдaкциясын бaсқapғaн Т.Жaнұзaқoв. – Aлмaты: Дaйк – 
Пpeс, 1999. – 774 б. 
8  Әліәкбар  Ә.Ә.  Дауылапаз  Дулеткерей  /  Кәпұлы  Дәулеткерей.  Бөрісырғақ.  – 
Алматы: Хантәңірі, 2014. – 280 б. 
 

18 
 
Пайдаланылған көркем әдебиет 
1 Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. - Aлмaты: Ғылым, 1993.  
2 Мақатаев М. Соғады жүрек. – Алматы: Жазушы, 1982. 
3 Жұмабаев  М. Шығармалар. – Алматы: Білім, 1995. 
4 http://alashainasy.kz/proza/nespbek-dautayulyi-aygyirks-58202/ 
5
 
Жақыпбаев Ж. Ләйла. – Алматы: Атамұра, 2002. 
6 Бәдіғұл Н. Ойлан // Қазақ әдебиеті,  14.12.12, №51. 
7 Салықбай  Г.  Аспандағы  аңсарым. – Алматы: 2001. 
8 Раушанов Е. Ғайша бибі. – Алматы: Жазушы, 1991. 
9 Мырзалиев Қ. Көш. - Алматы, Жазушы, 1973. 
10 Ақсұңқарұлы  С.  Адам  Ата – Хауа  Ана. – Алматы: 2000. 
11 Кәпұлы Дәулеткерей. Бөрісырғақ. – Алматы: Хантәңірі, 2014. – 280 б. 
12 Нұрбай Р. Ар-Рух. – Алматы: Palitra-phess, 2014. 
13 Сағынтай С. Жазу. – Астана, 2007. 
 
Концепт  «дала»  -  один  из  базовых  концептов  в  казахской  национальной 
концептосфере, он отражается в различных языковых единицах как национальное естество 
в  мировоззрении  писателя,   прямое  проявление  его  менталитета.  Так  как  через  концепт 
«дала»   можно  познать  общенациональные  ценности,  в  художественных  текстах  его 
часто используют в качестве контрастной пары к концепту «қала». Динамику изменений в 
национальном  менталитете  казахских  поэтов,  занимающихся  творчеством  в  различные 
периоды, показывает этот очень важный для концептуально-содержательной информации 
художественного текста контрастный концепт.  
The concept 'dala' is one of the basic concepts of the Kazakh National sphere of concepts. It is 
reflected  in  various  language  units  as  the  national  nature  in  a  writer's  worldview,  direct 
manifestation of his mentality. Since  
 through the concept "dala" it is possible to know the national 
values,  it  is  often  used  in  literary  texts  as  a  contrast  to  the  concept  pair  "kala".  The  dynamics  of 
changes in the national mentality of Kazakh poets creating their works in different periods, shows 
contrast  concept  which  is  very  important  for  the conceptual  and  content  information  of  a  literary 
text.
 
 
 
 
ӘОЖ 811.512.122’373 
К.С. Алдашева
1
, А.С. Набидуллин

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы, Қазақстан 
kama_kz89@mail.ru, aibosha@mail.ru 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал