Проблемалардан алай тылу а



жүктеу 79.16 Kb.

Дата22.04.2017
өлшемі79.16 Kb.

6

САБА

10  а а


 

 

   «Т



»

СА ТАНДЫРУ

Ж МСАЛМАЙТЫН  

ОР

КРЕДИТТІК 

ШАРТТАР

Т ЛЕМДЕР

Ж НЕ

АУДАРЫМДАР

Ы ТАР

Ж НЕ МІНДЕТТЕР

ЕСЕП

ЖИНА  

А ША

СА

РЕД

А

НЕСИЕ: 

ПРОБЛЕМАЛАРДАН 

АЛАЙ  ТЫЛУ А 

БОЛАДЫ?

Е  ЖА СЫ

КРЕДИТ

Й БЮДЖЕТІ

АРЖЫЛЫ  САУАТТЫЛЫ   

БА ДАРЛАМАСЫ

2

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

ҚЫМБАТТЫ ДОС!

сіз  қолыңызға  халықтың  қаржылай  сауаттылығын  арттыру  жөніндегі 

бағдарламаның  бірыңғай  кітапшасын  ұстап  отырсыз,  оны  KMF  өзінің  барлық 

филиалдары  мен  бөлімшелерінде  жүзеге  асырады.  бұл  бағдарламаны                 

KMF-демеу  Қоры  америкалық  ACDI/VOCA  ұйымының  қатысуымен  жасаған. 

сіздерге  қандай  тақырыптардың  қызықты  және  пайдалы  болатынын  түсіну 

үшін, біз клиенттердің арасында оқытуға қажеттілікті бағалау жөніндегі зерттеуді 

жүргіздік. Зерттеудің нәтижелері бойынша біз негізгі 10 тақырыпты анықтадық. Әр 

тақырып бойынша сіздер KMF-тің қызметкерлері жүргізетін сабақтарын өтіп, осы 

кітапша түріндегі үлестіру материалдарын ала аласыздар. сабақтарымыздың 

негізіне біз қазақстандық отбасылардың нақты мысалдарын алдық.

біз,  бағдарлама  сіздерге  пайдалы  идеяларды,  тәсілдер  мен  құралдарды 

ұсынып,  олар  сіздерге  пайдасын  тигізіп,  отбасыларыңыздың  қаржысын 

неғұрлым табысты басқаруға және оның әл-ауқатын арттыруға көмектеседі деп 

үміттенеміз.

СізДерге KMF-Тің креДиТТік ҚЫзМеТкерлеріМен Бірге             

келеСі САБАҚТАрДАн өТуге кеңеС БереМіз:

сіздерге бақыт және өркендеуді тілейміз!        

Құрметпен, «KMF-демеу» Қоры.

Егер  мен  қаласам,  мен  бұны  істей  аламын:  үй  бюджеті 

және отбасындағы қаржылық жоспарлау.

Отбасымның қаржылық есебі.

Өмірде неше түрлі жағдайлар болады. Отбасылық әми-

янды күтпеген жағдайлардан қалай қорғауға болады.

Қор жинаудың әр түрлі тәсілдерінің «оңды» және «теріс» 

жақтары.


жақсы несиені қалай таңдауыма болады?

Несие: Проблемалардан қалай құтылуға болады?

Келісім-шартқа қол қоймастан бұрын нені білу керек?

менің  қарыз  алушы  ретіндегі  құқықтарым  және  мін-

деттемелерім.

«Қолма-қол ақшадан» «қолма-қол ақшасыз» есептесуге – 

төлемдерді жүзеге асырудың нұсқалары.

сақтандыру: ол маған керек пе?

1 сабаҚ:                                    

                                       

                         

          

2 сабаҚ:

        


          

3 сабаҚ:


        

          

4 сабаҚ:

                  

5 сабаҚ: 

                 

6 сабаҚ:

                  

7 сабаҚ:

                   

8 сабаҚ:

        


          

9 сабаҚ:        

          

 

                         



          

10 сабаҚ:     

           


2

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

НЕсиЕ: ПрОблЕмалардаН Қалай Құтылуға бОлады?

1

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы



1.

2.

3.



4.

неСие АлуДЫң ережеСі және неСие ҚАйТАруДЫң БАрЫСЫнДА 

прОБлеМАлАрДЫң пАйДА БОлу ҚАупін АзАйТу үшін, 

неСиені өТеу ҚАБілеТіМізДі ҚАлАй АнЫҚТАйМЫз.

Біз ҚАнДАй МАҚСАТТАрғА неСие АлАМЫз?

бизнеске салу үшін – тауарлар мен жабдықты сатып алу, бизнеске арналған 

жайды сатып алу және оны жөндеу;

Үй шаруашылығына арнап – үй мен жиһаз сатып алу, үйді жөндеу, отбасы 

мүшелерін оқыту;

тұтыну – үйлену тойына, демалуға, киім-кешек сатып 

алуға және т.б.; 

Күтпеген жағдайларға – ауру, жазатайым уақиға, жКО, 

жарақат және т.б. 

Несиелер  тұтынуға  және  күтпеген  жағдайларға  пайдалану  үшін 

онша жарамайтын. Неге?

Тұтыну  және  күтпеген  жағдайлар  –  бұл  өз  қалауымызды 

қанағаттандырып  немесе  қиын  жағдайдан  шығатын  сәттер,  бірақ 

бұлар  қарызға  алған  ақшаның  есебінен  орындалады,  оның  өз                     

құны бар.



Бұндай  мақсаттар  үшін  мүмкіндігінше  жинақ  Қорды 

пайдаланғаны дұрыс.

пАйДАСЫз неСие

Несиелер  бизнесті  дамыту  үшін  және  үй  шаруашылығына  

пайдалы.

Бизнесті  дамытуға  арналған  несие    қосымша  табыс  алуға 

мүмкіндік береді.



                                                                                                                 

үй шаруашылығына арналған несие  оның құнын арттырады.

пАйДАлЫ неСие

2

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

тәттімгүл  азық-түлік  сатады.  Отбасының  шығындарын  алғаннан 

кейін, оның қолында 150 000 теңге қалады. Ол тауарды сатып алуға 

несие алды. жаңа сауда орындарын ашпады.

бұндай табыспен тәттімгүлге несиенің қажеті жоқ. Ол бизнесін 

бар табысымен қаржыландыра алатын еді.

ТиіМДі неСие – ТиіМСіз неСие.

неСиелерДі АйЫрЫп ТАнуДЫ үйренеМіз.

Қанат автокөлікті сатып алу үшін 3 жылға несие алды. автокөлікті 

сатып  алғаннан  кейін  отбасы  қала  сыртына  демалысқа  жиі  шыға 

бастады. сонымен бірге, жұмыстан кейін кешке Қанат адамдарды 

тасып ақша таба бастады.

Нұрлан  бұзауларды  сатып  алу  үшін  9  айлық  несие  алды.  6  айда 

олар өсіп, Нұрлан оларды сатудан ақша тапты.

сатып  алынған  автокөлікті  пайдаланудың  мерзімі  –  несие 

мерзімінен ұзағырақ. Несие төленіп, автокөлік Қанаттың қолында 

қалды, сонымен қатар автокөлік қосымша табыс әкеледі.

Несие  мерзімі  бұзауларды  сатып  өткізудің  мерзімінен  асып 

тұр.  Нұрлан  бұзауларды  сатып  табыс  алды,  бірақ  әлі  де,                    

несие бойынша пайыздарды төлеп жатыр.

бахтиярдың  дүкені  тоналды.  Ол  45%  жылдық  пайызға  несиені 

рәсімдеп, 2 айдың ішінде сатудың бұрынғы дәрежесіне қайта жетті.

айжан ауқымды тауар көлемін сатып алу мақсатымен несие алды. 

Несие бойынша ол 45% жылдық пайыз төлеп отыр, бірақ көтерме 

сатып  алу  25%  жеңілдікке  ие  болды.  тауарды  жекелеп  сатуда    

айжан 100% үстеме қосады. сауда  көлемі 50%-ға өсті.

Несие  күтпеген  жағдайларды  үлкен  мәселе  туғызбай  және 

артық шығынсыз шешуге көмектесті.

Несиені пайдалану нәтижесіндегі табыс, несиені өтеуге кеткен 

шығындардан жоғары болып отыр.


2

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

НЕсиЕ: ПрОблЕмалардаН Қалай Құтылуға бОлады?

3

Тиімді несиелер



Тиімсіз несиелер

Несиенің есебінен алынған 

активті пайдаланудың мерзімі 

несиенің мерзімінен асады.

Несие мерзімі аяқталғанша   

несиенің есебінен алынған 

активтер ерте өткізілді. табыс 

алынды бірақ несиені төлеу 

жалғасуда.

Несиенің есебінен алынған 

активтен түскен қосымша табыс   

несие құнынан жоғары.

Неисені пайдаланудан түскен 

табысы несие құнынан төмен.

Несие тауарлар немесе 

құралдар бағасында үнемдеуді 

және қосымша табысты алуға 

көмектесті.

Несиені пайдаланудан кейін 

алынған табысы – несиені өтеуге 

жеткіліксіз.

Несиенің көмегімен несиені өтеуге 

және пайда табуға жеткілікті 

табыс алынды.

Кейбір қажеттіліктерді өтеуге 

басқа, арзанырақ қаржы көздері 

бар (жеке жинақ қор, бизнестің 

жеке қаражаттары).

Күтпеген жағдайларда 

көмектесетін несие.

тым кеш, немесе тым ерте 

яғни мерзімсіз берілетін несие.

Өте қымбат несие.

Несиенің шарттары сіздің 

бизнесіңіздің қажеттіліктеріне 

сәйкес келмейді (негізінен – өтеу 

кестесі).

«ТиіМДі және ТиіМСіз неСиелерДің Белгілері»

«тиімді несиені» «тиімсіз несиеден» қалай айыруға болатынын қарастырайық



4

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

Несие бойынша төлемнің сомасы

30 000 теңге

Отбасының жалпы айлық табысы

160 000 теңге

Отбасының жалпы айлық шығындары 120 000 теңге

Платежеспособность



75%

өзіңнің ТөлеМ ҚАБілеТТілігіңДі ҚАлАй АнЫҚТАуғА БОлАДЫ?

МЫСАл:

біз  қандай  несиенің  «тиімді»,  ал  қайсы  «тиімсіз»  болатынын  анықтадық. 

бірақ  ең  жақсы  несиенің  өзі,  егер  біз  оны  өтей  алмасақ,  проблемаларды                

туғызуы мүмкін. Өзімізді осыдан қалай қорғаймыз? 

бізге 

өзіміздің  төлем  қабілеттілігімізді  бағалау  –  яғни  қарызды  өтей 

алу  қабілетімізді  бағалау  керек.  бұл  үшін  отбасымыздың  табыстары  сомасын 

айлық  төлемнің  сомасымен  салыстыру,  басқа  сөзбен  айтқанда,  біздің 

несиені  өтеуге  және  ағымдағы  шығындарды  жабуға  жеткілікті  қаражатымыз 

бар  екеніне  көз  жеткізу  қажет.  бұл  жерде  бізге  төлем  қабілеттілігінің                                                                   

формуласы көмектеседі. 

Нәтижесі 70%-дан аспауы керек. 

Егер  отбасының  несие  бойынша  төлейтін  сомасы  таза  табысының                                  

70%-нан  аспаса  (отбасының  жалпы  табыстарынан  отбасының  барлық 

шығындарын  «шегереміз»),  отбасы  дұрыс  өмір  сүріп,  күтпеген  жағдайларды 

еңсере  алады  деп  саналады.  бізге  бұнда  несиені  өтеу  қабілетінің  формула-      

сы көмектеседі.



75% деген нәтиже нені білдіреді? 

 

бұл  отбасының  төлем  қабілеттілігі  мүмкіндік  деңгейіне  сәйкес  келмейді. 



Оларға  несие  бойынша  өтеу  ретінде,  өз  табысының  тым  көп  бөлігін  төлеуге 

тура келеді. Олар өз шығындарын қысқартуына және көп нәрсені тұтынудан бас 

тартуына тура келеді деген сөз, әйтпесе, несиені өтеуде қиындықтар туындауы 

мүмкін.


Басқаша айтқанда – отбасы тым көп қарыз алып қойған.

ТөлеМ ҚАБілеТТілігінің ФОрМулАСЫ:

< 70%

несие бойынша айлық төлемінің сомасы

жалпы табыстыр – жалпы шығындар

4

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

НЕсиЕ: ПрОблЕмалардаН Қалай Құтылуға бОлады?

5

Несие  әртүрлі  мақсаттарға  жетуге  пайдалы  болуы  мүмкін.  алайда,                     



дәрі-дәрімекті  қабылдағандай,  несиені  шамадан  тыс  алу  да  (артық  несие                       

алу) өте қауіпті.

Несиені  шамадан  артық  алу  –  бұл  несиелер  бойынша  қарыздың  үлкен 

мөлшерде  пайда  болуы  ғана  емес,  сонымен  бірге  оларды  уақытында  өтей 

алмау да. 

Сіздің несие бойынша төлеміңіз таза табыстармен салыс-

тырғанда тым жоғары.

 

Сіз  бұрын  өз  қаражатыңыздан  есептесетін  заттарды        

енді несие алып сатып аласыз.

Бар несиелеріңізді өтеу мақсатында жаңа несие аласыз.

Сізге несиенің мерзімін ұзартуға тура келеді.

Сіз  жинақ  ақшаны  несиелер  бойынша  төлемдерді  өтеуге 

пайдаланасыз. 

шАМАДАн ТЫС ҚАрЫзғА САлЫнуДЫң Белгілері:


6

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы



несиені шамадан тыс алу мерзімін кешіктіруге төлемеуге әкелуі мүмкін.

Мерзімін  кешіктіру

  –  бұл  біздің  шартпен  көзделген  өтеу  мерзімін                    

бұзуымыз.

Төлемеу

  –  бұл  біздің  несиені  бұдан  ары  қайтаруға  мүмкіндігіміздің            

болмауы.

Мерзімін кешіктірудің салдары

Төлемеудің салдары

топтық несиелеу кезінде топта 

мүшеліктен айырылу мүмкіндігі – 

топтан шығару.

Кепілдіктен айырылу.

Қосымша шығындар – 

өсімақы және айыппұлдарды төлеу.

сот шығындары – әдетте 

несие берушілер сотқа жүгінеді.

Келесі қарызды алғанда тиімді 

шарттарға қол жетімсіздігі.

Кез келген банктен кредит алу 

мүмкіндігінен айырылу – төлемегені 

туралы ақпарат кредиттік бюроға 

жіберіледі.

Келесі қарыздардың шарттары 

ағымдағыдан қатаң болуы мүмкін.

Әріптестер арасында және қаржы 

мекемесінің қызметкерлері 

алдында беделін жоғалту.



6

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

НЕсиЕ: ПрОблЕмалардаН Қалай Құтылуға бОлады?

7

Белгілеп алу үшін



8

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

Белгілеп алу үшін


8

ҚаржылыҚ сауаттылыҚ бағдарламасы

НЕсиЕ: ПрОблЕмалардаН Қалай Құтылуға бОлады?

9

KMF – жОБА кеңеСшіСі ТурАлЫ

 

KMF  Орталық  азиядағы,  Кавказ,  тмд  елдері  мен  Шығыс  Еуропадағы 



микроқаржыландыру  саласының  көшбасшыларының  бірі  болып    табылады. 

Компания өз қызметін 1997 жылдан бастады.



кМF-тің  негізгі  бағыты  –  өз  клиенттеріне  топтық  және  жеке  кредиттерді 

келесі қызмет түрлері үшін беру: бизнес, сауда, диқаншылық, мал шаруашылығы, 

өндіріс, қызмет көрсету, сондай-ақ, тұтынушылық кредиттендіру.

бүгінгі күні «КмF» мҚұ 130 000-нан аса клиенттері бар және өзінің қызмет 

ету тарихында 200 мыңнан астам кредит беріп үлгерген Қазақстандағы ең ірі 

микроқаржыландыру  ұйымы  болып  табылады  (2015  жылғы  1  наурыздағы 

мәлімет).

республикамыздың ірі қалалары мен ауылдарында орналасқан KMF-тің 18 

филиалы мен 75-тен астам бөлімшелерден тұратын кең аймақтық желісі бар. 

жалпы алғанда, аталмыш бөлімшелер арқылы 3500-ге жуық шалғайдағы елді 

мекен тұрғындары микроқаржыландыру қызметіне қол жеткізіп отыр.

Компания  өз  клиенттерімен  сенім,  сыйластық  пен  түсіністікке  негізделген, 

ұзақ  мерзімді  серіктестікке  құрылған  бағытты  ұстанады.  KMF  18  жылғы 

қаржылық  қолдауының  арқасында  200  мыңға  жуық  қазақстандық  өз  кәсібін 

ашуға, оны кеңейтуге, тұрмысын жақсартып, балаларына сапалы білім беруге 

мүмкіндік алды.

KMF-тің  әлеуметтік  жауапкершілікке  негізделіп  құрылғандығы  және 

сол  бағытты  ұстанатындағы  аса  маңызды  болып  табылады.  Компания  өз 

тұтынушыларына  кредиттендірудің  қосымша  шарттары  мен  қызмет  көрсету 

жағдайын  жақсарту  мақсатында  тұрақты  түрде  жұмыс  жүргізеді,  оның  ішінде 

қаржылық емес қызметтер де бар. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап, «KMF-

демеу» корпоративті қорымен бірлескен, халықты Қаржылық сауаттылыққа тегін 

оқыту – қаржылық емес өнімі іске қосылды. KMF-тің әлеуметтік міндеті – сапалы 

қызмет  көрсете  отырып,  тұтынушыға  қаржылық  сауаттылықтан  мейлінше 

хабардар болуына үйрету.

сенім білдіргендеріңізге рахмет!

 


Ж а 

 - «KMF» М  

 

К а а


 

 

а



 

www.kmf.kz

  а


а   

« а


  а а

» 

 а



а 

а . 


ЖОБА БАСТАМАШЫСЫ:

СА ТАНДЫРУ

Ж МСАЛМАЙТЫН  

ОР

КРЕДИТТІК 

ШАРТТАР

Т ЛЕМДЕР

Ж НЕ

АУДАРЫМДАР

КРЕДИТТІ 

Д РЫС ТА ДАУ

Е  ЖА СЫ

КРЕДИТ

Ы ТАР

Ж НЕ МІНДЕТТЕР

ЕСЕП

Й БЮДЖЕТІ

ЖИНА  

А ША

А Т БЕ 


А а

 Ж а


а  

., 285 «Д», 8 (7132) 55 43 42, 55 40 21

  

АЛМАТЫ 


Р

а

  



., 45 Г, 8 (727) 374 20 53

а а


 

., 30, 8 (727) 266 83 51, 266 83 52

 

АСТАНА 


А а  

., 75, 8 (7172) 55 93 27, 55 93 28, 55 93 29

 

АРА АНДЫ


Н. 

 

., 25, 8 (7212) 42 51 33, 41 27 56



 

ОСТАНАЙ 


Ба а а

 

., 201, 8 (7142) 59 32 47, 59 32 48



 

К КШЕТАУ 

 

., 62, 8 (7162) 26 92 82, 26 46 05



 

ЫЗЫЛОРДА 

Ж

а  


., 9 Д, «Е  А »  / , 8 (7242) 26 38 47

 

ПАВЛОДАР 



А . Б

 

. , 66, 8 (7182) 59 36 96, 59 36 97



ПЕТРОПАВЛ  

Б

 



., 16, 8 (7152) 46 38 45, 46 38 53

 

СЕМЕЙ 



Б. М

 

., 31/33, 8 (7222) 56 11 05



 

ТАЛДЫ ОР АН 

А а  

., 245, 8 (7282) 27 03 51, 27 15 47



 

ТАРАЗ 


Ба а   а

 

., 187, 8 (7262) 46 80 71, 46 80 72



 

Т РКІСТАН 

С. Е

а  


., 249 А, 8 (72533) 4 33 41, 4 33 32

 

ОРАЛ 



Са а

 

., 89/1, 8 (7112) 26 75 23, 26 75 54



 

СКЕМЕН 


30-Г а

 

, 24/1, 8 (7232) 61 51 26, 61 51 27



 

ШЫМКЕНТ 


Т

   


., 27 А, 8 (7252) 53 52 99, 53 55 05, 54 51 77 

Ж. Т


а  

., 28 А-Б, 8 (7252) 39 30 71, 39 30 70



«KMF-Д

» К

а

  

8 (727) 250 68 77, 250 68 78,  а : 250 68 76






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал