Пробация қызметінің ауқымы кеңейеді Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы аң



жүктеу 0.53 Mb.

бет4/6
Дата08.03.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сұхбаттасқан

 Бақыт ЖАНШАЕВА

АҚТӨБЕ


6

№136 (2914) 

2 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ТАЛҚЫ

Білген жөн



Мұрағатқа тапсырылуға жататын 

азаматтық істер тиісінше қалыптасты-

рылуға және ресімделуге тиіс. Іске 

тіркелген барлық құжаттар тігілуге 

және нөмірленуге, олардың тізімде-

мелері және куәландыру парақтары 

жасалуға міндетті. Іс жүргізу арқылы 

аяқталған  барлық  азаматтық  істер 

мұрағатқа тапсырылады. Істі толық 

тексеріп болған соң судья іс мұқабасы-

ның жоғарыдағы сол жағына сиямен 

«Мұрағатқа» деген бұрыштама соғып, 

қолының толық жазылуын қамтамасыз 

етеді және бұрыштаманың күнін қояды.

Сот отырысының қызметін қамтама-

сыз ететін қызметкер (сот отырысының 

хатшысы) мұрағатқа тапсырылуға жата-

тын барлық іс жүргізуді тағы да мұқият 

қарап шығуға міндетті, ол заңды күші-

не енген сот шешімінің орындалуына 

ерекше назар аударуға тиіс. Бұл ретте 

мынадай қағидаларды басшылыққа алу 

қажет: 

1) талабы қанағаттандырылып ше­



шіл ген азаматтық іс өндіріп алушыға 

атқару парағын бергеннен кейін не 

өндіріп алушының өтініші бойынша, 

немесе соттың бастамасы бойынша 

орындауға жіберілгеннен кейін атқару 

қызметімен орындалған болып есеп-

теледі;

2) талап қоюды қабылдаудан бас 



тартылған азаматтық іс шешім заңды 

күшіне енгеннен кейін атқарумен орын-

далған болып есептеледі;

3) егер сот айыппұл төлеу туралы, 

мемлекеттік бажды немесе мемлекет 

табысына өзге де сомаларды өндіріп 

алу туралы шешім шығарса, өндірілген 

соманың мемлекет табысына түсуін 

растайтын құжат іске тіркелгеннен 

кейін іс атқарумен аяқталған болып 

есептеледі;

4) мұқабаларда тақырыптар нақты-

лануы, атап айтқанда, мыналар көр-

сетілуі тиіс: азаматтық істерде – та-

раптар (талапкер, жауапкер) және істің 

мәні;


5) азаматтық істерді қалыптастыру 

және  ресімдеу  осы  Қағида  бойын-

ша белгіленеді және оған сәйкес кел-

тіріледі.

Орындау мерзімі аяқталғанға дейін 

істер олар қалыптастырылған орында 

немесе БҚҚ қызметінің арнайы бөлін-

ген бөлмесінде сақталады. Қойылған 

талаптар бұзылып, ұқыпсыз ресімдел-

ген сот істері мен құжаттар мұрағатқа 

қабылданбайды.

Сот отырысы хатшысынан, кеңсе 

мамандарынан азаматтық істерді (на-

рядтарды) мұрағат қызметкері қабыл-

дайды, өткізу тізімдемесінің негізінде 

құжаттарды тапсыруды жүзеге асыра-

тын қызметкердің қатысуымен: 

1) осы тізімдеме бойынша тапсы-

рылатын істердің (нарядтардың) нақты 

болуын және істер (нарядтар) тізімде-

месіндегі жазбаға сәйкестігін

2) Істер номенклатурасы бойынша 

уақытша сақталатын (10 жылға дейінгі) 

істердің (нарядтардың) бар болуын

3) істер (нарядтар) парақтарының 

істер (нарядтар) тізімдемесінің дерек-

терімен нөмірленуін;

4) іс (наряд) құжаттарының тізімде-

месінің бар болуын және дұрыс толты-

рылуын; 


5) істің (нарядтың) куәландыру па-

рағының бар болуын; 

6) мұқаба деректемелерінің істер 

(нарядтар) тізімдемесіндегі тиісті жаз-

балармен сәйкестігін; 

7) тапсырылатын істердің (нарядтар-

дың) физикалық жай­күйін тексереді. 

Дыбыс­бейнежазу құжаттамасы іс 

жүргізумен аяқталған, ұйымның (ме-

кеменің) қызметінде пайда болған ды-

быс­бейнежазу құжаттары түседі. Ды-

быс­бейнежазу құжаттамасын сақтауға 

қабылдау кезінде мұрағат қызметкері 

өткізу тізімдемесі бойынша құжаттарды 

тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның 

қатысуымен: 

құжаттардың жинақтылығын; 

құжаттардың физикалық сақталуын; 

қоса берілетін мәтіндік ілеспе құ-

жаттаманың жинақтылығын тексереді. 

Ісқағаздарын жүргізумен аяқтал ған 

істер (нарядтар) оларды қалыптастыру 

орындарында сақтау мерзімі өткеннен 

кейін осы Қағиданың 6­қосымшасына 

сәйкес, қабылдау­өткізу тізімдемесі 

бойынша бөлек толтырылып, мұрағатқа 

тапсырылады:

Біріншіден, қабылдау­өткізу тізім-

демесінің 1­бағанында істердің (на-

рядтардың) жалпы нөмірі қойылады, 

әрбір іске (нарядқа), томға, бөлікке жеке 

нөмір қойылады. «Істің индексі» деген 

2­бағанға Істер номенклатурасынан 

істердің (нарядтардың), журналдардың, 

карточкалардың тиісті индекстері тасы-

малданады. Азаматтық істерде индекс 2 

санымен белгіленеді.

«Істің (томның, бөліктің) тақыры-

бы» деген 3­бағанға тапсырылатын 

істердің (нарядтардың) Істер номенкла-

турасы бойынша тақырыптары қойыла-

ды. Ал, «Істің (томның, бөліктің) күні» 

деген 4­бағанда істердің (нарядтардың) 

күндері немесе істердің (нарядтардың) 

шеткі күндері қойылады.

6­бағанда істердің (нарядтардың) 

сақталу мерзімдері Істер номенклату-

расына сәйкес мынадай құжаттар үшін 

көрсетіледі:

– тұрақты мерзім сақталатын құжат-

тар үшін – «Тұрақты» деген белгі;

– уақытша сақталатын (10 жылдан 

астам) – сақтау мерзімі және «СТК» 

деген белгі (Істер номенклатурасына 

сәйкес);

– уақытша сақталатын (10 жылға 

дейінгі) – сақтау мерзімі аяқталатын 

жыл және «СТК» деген белгі (Істер но-

менклатурасына сәйкес) таңбаланады.

«Ескертпе» деген 7­бағанға істердің 

(нарядтардың) физикалық  жай­күйінің 

ерекшеліктері туралы, істерде (наряд-

тарда) «Қызмет бабында пайдалану 

үшін» деген белгісі бар таратылуы шек-

теулі құжаттардың болуы туралы белгі 

қойылуы мүмкін.

Азаматтық істер «Төрелік» ақпа-

раттық жүйесінің тіркеу журналының 

және карточкалардың (есепке алу­ста-

тистикалық, электрондық) деректеріне 

сәйкес мұрағатқа тапсырылады.

Құрылымдық  бөлімшенің  тиісті 

қызметкері (ісқағаздарын жүргізуші не-

месе сот отырысының хатшысы) істерді 

(нарядтарды) тапсыру нәтижелерін қа-

былдау­өткізу тізімдерімен ресімдейді, 

оларда мыналар көрсетіледі:

1) азаматтық істер бойынша – тарап-

тардың (талапкердің, жауапкердің) де-

ректері, мәні, сондай­ақ, шеткі күндері, 

парақтар саны, істерді тапсыру күні, 

істердің жалпы саны және олардың тір-

кеу нөмірлері (номенклатура бойынша 

индекс) көрсетіледі.

Қабылдау­өткізу тізімдемесі екі 

дана да басылады, олардың біреуі ағым­

дағы мұрағат үшін жауапты қызмет-

керде, екіншісі тиісті құрылымдық 

бөлімшеде сақталады. Қабылдау­өткізу 

тізімдемесіне соттың төрағасы бекітетін 

құрылымдық бөлімше қызметкерлері:

құрастырушы (ісқағаздарын жүр-

гізуші, сот отырысының хатшысы);

мұрағат үшін жауапты адам қол 

қояды.

Мұрағатқа түскен әрбір іс (наряд) 



үшін  жеке  (реттік)  мұрағат  нөмірі 

бекітіледі, ол істердің (нарядтардың) 

жылдық тізімдемесіне сәйкес беріледі. 

Түскен істер (нарядтар) кейін бума-

ларға қалыптастырылады, олар әрбір 

тізімдеме шегінде реттік нөмірлермен 

нөмірленеді. Бумалардың жуандығы 30 

сантиметрден аспауға тиіс.

Мұрағатқа түскен, тұрақты және 

уақытша (10 жылдан астам) сақтау 

мерзіміндегі ұйымдық­өкімдік құжат­

тама істеріне (нарядтарына) мұқабаның 

сол жақ жоғары бұрышында «мұрағат-

тық шифр» деген мөртаңба қойылады, 

онда кейін жарыққа өшпейтін сиямен 

және анық жазумен мұрағат деректе-

мелері (қордың нөмірі), тізімдеменің 

нөмірі,  істің  (нарядтың)  тізімдеме 

бойынша нөмірі және буманың нөмірі 

қойылады. 

Азаматтық істерде істің соттағы 

нөмірі, жауапкердің тегі, аты, әкесінің 

аты, талаптың мәні, мұрағаттық нөмір 

және бума нөмірі, жойылу күні көр-

сетілуі  шарт.  Істерді  (нарядтарды) 

қалыптастыруды  және  ресімдеуді 

құрылымдық бөлімшелерде ісқағазда-

рын жүргізу үшін жауапты қызметкер 

жүзеге асырады. Істерді қалыптасты-

ру орындалған құжаттарды Істер но-

менклатурасына сәйкес топтастыру 

және істің ішінде құжаттарды жүйелеу 

бойынша жүргізіледі.

Ұйымдық­өкімдік құжаттамасы бар 

істерді (нарядтарды) қалыптастыру 

кезінде мынадай негізгі қағидаларды 

сақтау қажет:

1) іске (нарядқа) орындалған, Істер 

номенклатурасы  бойынша  істердің 

тақырыптарына сәйкес дұрыс ресімдел-

ген құжаттарды ғана орналастыру;

2) бір мәселені шешуге қатысты 

барлық құжаттарды бірге орналастыру 

керек.


Құжаттарға қосымшалар оларды 

бекіту немесе жасау күніне қарамастан, 

олардың қатысы бар құжаттарға қоса 

тіркеледі. 180 парақ көлемінен асатын 

қосымшалар жеке томды құрайды, ол 

туралы құжатқа белгі қойылады.

Істерге (нарядтарға) бір күнтізбелік 

жылдың құжаттары топтастырылады, 

оларға мыналар жатпайды: 

1) ауысатын істер (нарядтар); 

2) сот істері мен жеке істер (осы қыз­

меткер жұмысының барлық кезеңінде 

қалыптастырылатын істер);

3) тұрақты және уақытша сақтау 

құжаттары істерге (нарядтарға) бөлек 

қалыптастырылады;

4) құжаттың мемлекеттік, орыс және 

өзге тілдердегі нұсқалары іске (нарядқа) 

бірге топтастырылады;

5) жеделхаттар, факсограммалар-

дың, телефонхаттардың көшірмелері 

іске Істер номенклатурасына сәйкес 

жалпы негіздер бойынша орналасты-

рылады;


6) істерге (нарядтарға) қайтарылуға 

жататын құжаттар, құжаттардың артық 

даналары мен шимай қағаздары тігіл-

мейді; 


7) істің (нарядтың) көлемі 4 сан-

тиметрден аспайтын жуандықпен 180 

парақтан аспауға тиіс, аталған пара-

метрлерден асқан жағдайда іс (наряд) 

томдарға немесе бөліктерге бөлінеді;

8) істе (нарядта) бірнеше том (бөлік) 

болған кезде істің нөмірлері (индекс­

тері) мен тақырыбы әрбір томда қойы-

лады, ал, соңғы томда (бөлікте) «соңғы» 

деген сөз қосылып жазылады. Құжат-

тарды қайта жүйелендіруді жүргізу 

кезінде логикалық және хронологиялық 

белгілер басшылыққа алынады, яғни, 

құжаттар істе (нарядта) логикаға және/

немесе оларды жасау уақытына сәйкес 

орналастырылады.

Құжаттар істің (нарядтың) ішінде 

мәселені жариялау дәйектілігіне сәйкес 

(хронологиялық тәртіппен, шешілетін 

проблемалар бойынша) орналастыры-

лады немесе істің (нарядтың) басында 

бастама болған құжат, кейін мәселені 

түпкілікті шешуге мүмкіндік берген 

құжат, одан кейін – мәселені шешу 

барысын  көрсететін  өзге  құжаттар 

орналас тырылады. 

Ұйым (мекеме) негізгі орындаушы 

болған жоғары тұрған ұйымдардың 

(мекемелердің) актілері мен тапсырма-

ларын орындау жөніндегі есептік және 

ақпараттық сипаттағы барлық құжаттар 

олардың орындалуы бойынша бөлек 

істерге (нарядтарға) тігіледі. Басқа 

жағдайларда осы құжаттар ағымдағы 

жылдың хат жазысу ісіне (нарядына) 

тігіледі. Жоспарлар олар жасалған, 

бекітілген немесе түскен күніне қара-

мастан, қай жылға немесе қай жыл үшін 

жасалған болса, сол жылдың тиісті 

істерінде (нарядтарында) қалыптасты-

рылады.

Хат жазысу ісқағаздарын жүргізу 



жылы бойынша және олардың жаса-

луына қарай хронологиялық ретпен 

топтастырылады,  бұл  ретте  құжат­

жауап құжат­сұраудан кейін орнала-

стырылады. Өткен жылы басталған, 

белгіленген мәселе бойынша хат жазы-

су қайта жаңартылған кезде  құжаттар 

алдыңғы жылдың ісінің (нарядтың) 

индексі көрсетіліп, ағымдағы жылдың 

ісіне (нарядына) қосылады.

Құжаттарды қалыптастыруды жүр-

гізу кезінде құрылымдық бөлімшелер 

құжаттар құрамын талдауға негізделеді, 

сондай­ақ, басқа құжаттардағы онда 

мазмұндалған ақпараттың қайталану 

сипаты  нақтыланады.  Құжаттарды 

істерге  (нарядтарға)  қалыптастыру 

істің құжаттарын парақтап тексеру 

арқылы жүргізіледі (кино­, фото­, бей-

неқұжаттар монтажды үстелде немесе 

экранда қаралады, ал, фоноқұжаттар 

тыңдалады).

Құжаттарды олардың мұқабасына 

шығарылған істердің (нарядтардың) 

тақырыптарының негізінде іріктеуге 

жол берілмейді. Мұрағатқа тапсыруға 

дайындау (қарау, тыңдау) кезінде құжат-

тардың екінші және келесі даналары, 

шимай жазулар, құжаттардың ресім-

делмеген көшірмелері алынып таста-

луға тиіс. Істі (нарядты) қалыптастыру 

кезінде құжаттың физикалық­химиялық 

және техникалық жай­күйіне назар ау-

дарылады.

Ұйымның (мекеменің) істері (на-

рядтары) оларды жүргізу кезінде және 

жыл аяқталғаннан кейін ресімделуге 

тиіс. Істі ресімдеу мұқабада істі (наряд-

ты) тізімдеу, брошюралау, парақтарды 

нөмірлеу мен куәландыру парақта-

рын  жасау  жұмыстарының  кешені-

нен тұрады. Ресімдеуді құрылымдық 

бөлімшенің ісқағаздарын жүргізу үшін 

жауапты қызметкері БҚҚ қызметінің 

әдістемелік көмегімен және бақыла-

уымен жүргізеді.

Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 

сақтау мерзімдеріне қарай істер (наряд­

тар) толығымен немесе ішінара ресім-

деледі. Толығымен ресімделуге сақтау 

мерзімдері тұрақты, уақытша (10 жыл-

дан астам) және жеке құрам бойынша 



ҰҚЫПСЫЗ РЕСІМДЕЛГЕН ҚҰЖАТТАР 

МҰРАҒАТҚА ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ

істер (нарядтар) жатады. 

Іске (нарядқа) құжаттар картоннан 

жасалған қатты мұқабаға кемінде төрт 

жерден тесіліп, аса мықты жіппен ті-

гіледі және барлық құжаттардың мәтіні, 

күндері, қолбелгілері мен олардағы 

бұрыштамалар  еркін  оқылатындай 

мүмкіндік ескеріліп түптеледі. Бірінші 

және соңғы тесіктер парақтың жоғарғы 

(төменгі) шекараларынан бір сантиметр 

арақашықтықта жасалады. Істерді (на-

рядтарды) тігуге немесе түптеуге дай-

ындағанда темір және пластмасса бекіт-

пелер (түйреуіштер, қыстырғыштар 

және басқалар) құжаттардан алынады.

Іске (нарядқа) енгізілген құжаттар-

дың сақталуын қамтамасыз ету және 

орналасу тәртібін бекіту мақсатында 

куәландыру парағы мен ішкі тізімде-

меден басқа, оның барлық парақтары, 

оның ішінде жеке парақтарға ресімдел-

ген бұрыштамалар (фишкалар) барлығы 

нөмірленеді, парақтар қара, графит 

қарындашпен нөмірленеді, цифрлар 

парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына 

құжаттың мәтініне тиіспей қойылады. 

Істің  (нарядтың)  ішкі  тізімдеме 

парақтары бөлек нөмірленеді. Онда 

жеке парақты құрайтын фотосуреттер, 

сызбалар, диаграммалар және басқа 

да иллюстративті және ерекше құжат-

тар сыртқы жағынан сол жақ жоғары 

бұрышынан нөмірленеді. Бүктеліп са-

лынған парақ жазылып, оң жақ жоғарғы 

бұрышында нөмірленеді.

Бекітіліп жапсырылған құжаттары 

(қиындылар, үзінділер, фотосуреттер 

және т.с.с.) бар парақ бір парақ ретінде 

нөмірленеді. Егер құжатқа бір шетімен 

басқа құжаттар (мәтін қиындылары, 

үзінділері, аудармалары және т.с.с.) 

жап сырылған болса, онда құжаттардың 

әрқайсысы жеке нөмірленеді.

Іске (нарядқа) тігілген салымда-

ры бар конверттер нөмірленеді, бұл 

ретте алдымен конверт, содан кейін 

конверттің ішіндегі әрбір салым реттік 

нөмірмен нөмірленеді. Іске түптеліп, 

қосымшалар жеке том ретінде ресімде-

леді және бөлек нөмірленеді.

Істің (нарядтың) парақтарын нөмір-

леуде қателер табылған жағдайда олар-

ды қайта нөмірлеу жүргізіледі. Па-

рақтарды қайта нөмірлеу кезінде ескі 

нөмірлер сызылады және жанына па-

рақтың жаңа нөмірі қойылады, істің 

(нарядтың) соңында жаңа куәланды-

ру парағы жасалады, бұл ретте ескі 

куәландыру парағы сызылады, бірақ, 

істе (нарядта) сақталады. Істегі (наряд-

тағы) парақтардың саны қорытынды 

жазбаға сәйкес істің (нарядтың) мұқа-

басына қойылады.

Куәландыру  парағын  істің  (на-

рядтың)  мұқабасына  немесе  соңғы 

құжаттың жаңа сыртқы жағына шыға-

руға тыйым салынады. Құжаттарды 

есепке алу және тіркеу кітаптарында 

куәландыру  парағы  соңғы  таза  па-

рақтың сыртқы жағына, картотекалар-

да – карточка форматының жеке таза 

парағында жазылады. Куәландыру па-

рағына тиісті құрылымдық бөлімшенің 

басшысы және оны жасаған адам қол 

қояды және қойылған қолдың толық 

жазылуы, лауазымы мен жасалған күні 

көрсетіледі.

М.ЖАНПЕЙІСОВА,

Ақтөбе қалалық соты 

кеңсесінің бас маманы 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ЖОҒАРҒЫ  СОТЫНЫҢ, 

ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СОТТАРДЫҢ, ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ СОТ-

ТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ АППАРАТЫ-

НЫҢ) ЖӘНЕ СОТТАР ӘКІМШІЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМ-

ЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛЫП-

ТАСТЫРУ, ІРІКТЕУ, ЕСЕПКЕ АЛУ, УАҚЫТША САҚТАУ ЖӘНЕ 

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ТҰРАҚТЫ САҚТАУҒА 

ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ҚАҒИДАДА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ 

МҰРАҒАТҚА ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ КӨЗДЕЛГЕН. 

ОСЫ ТӘРТІПТЕРГЕ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА ТЕРЕҢІРЕК ТОҚТАЛУ 

СОТ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗГЕ 

ҮЛКЕН КӨМЕК БОЛАРЫ АНЫҚ.


7

zangazet@maiI.ru



№136 (2914) 

2 желтоқсан 2016

Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент

Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

Бас редактор



Бекжан ӘШІРБАЕВ

Бас редактордың орынбасары



Айнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнер 

міндетін атқарушы

Шолпан НҰРЖАУОВА

Нөмірдің кезекшісі



Түймегүл ИБАШЕВА

Астана

Алматы 

Атырау

Ақмола 

Қызылорда 

Оңтүс тiк 

Қазақстан

Шығыс 

Қазақстан

Газет  бетiндегi  жарияланымдардың 

позициясы мен фактiлерi үшiн редакция 

жауап бермейдi.

Жарнама  мен  хабарландырулардың 

маз мұнына жарнама берушi жауап ты. 

Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне 

байланысты талап-тiлектер хабарлан-

дыру жарияланған күн нен бастап екi ай 

мерзiм iшiнде қа былданады. 

Газеттi  есепке  қою  туралы 

№12292-Г 

куәлiктi 2012 жылғы 20 ақпанда Қа-

зақстан  Респуб лика сының  Мәде ниет 

және ақпарат министрлiгi берген. 

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-

тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС 

компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-

маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр 

ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт 

плюс» ЖШС баспаханасында басылып 

шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 

8 (727) 51-78-31

Алматы қаласы 

Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

факс: 8 (727) 292-29-92 

E-mail: zanreklama@mail.ru



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

Меншiк иесi:

 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI 

СЕРIКТЕСТIГI

Айша Құрманғали,

8 707 851 91 13; 

Айтақын Бұлғақов,

8 702 239 62 99

Құралай ҚУАТОВА

8 701 678 9077

Қалкөз Жүсiп, 

8 701 300 14 74.

Нағымжан Сауяев,

8 778 282 7782.

Шадияр Мекен бай ұлы,

8 775 773 56 65.

Азамат Қасым,

8 702 276 93 76

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ЖАРНАМА БӨЛІМІ: 

«ÞðÑëóæáà» ÆØÑ

Êөêøåòàó  қ.,  М.Горьêий  êөøåñi,  37, 

107-бөлмå. 

Òåл.: 8 (7162) 25-77-17



«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑ

Ïàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40. 

Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Àéäè» ÆØÑ

Қàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11. 

Òåл.: 8 (7112) 42-00-71

Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí 

Íұðғèñûíұëû ÆÊ

Ïåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58, 

30-бөлмå, 3-қàбàò

Òåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.: 

8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59

Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊ

Қоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ 

67  (Чåхоâ-Гоголь  êөø.  қиûлûñû), 

8(714-2)  50-97-07,  8-7758847211, 

8-7013506918 

«Îçàò-1» ÆØÑ

Àқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31. 

Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344

жәíå Àқòàó қàлàñû



ИП  «SAPA  KZ»  Аòûðàу  қàëàñû, 

87781063779, e-mail:zan-at@mail.ru 

Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊ

Øûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.



ÆØÑ  «Íàçàð-1  фèðìàñû»  ÆØÑ 

(«РУТÀ» ÆÀ) 

info@nazar1.kz

Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47, 

à/ж 144. 

Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10



«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà 

«Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ., 

Ë.Òолñòой, 28. 

Òåл.: 8 (7112) 50-88-05

«Ðåêëàìà» ÆØÑ

Îрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1. 

Òåл.: 8 (7112) 50-47-34

«Ëèð» ÆØÑ 

Қоñòàíàй  қ.,  Áàйòұрñûíоâ  êөøåñi, 

67, 

417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03



«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑ

Òàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй 

3  үй,  1  ï.  Òåл.:  8(7282)  24-29-66, 

87058147221



ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,

ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-À

òåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.

«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í. 

Қûзûлорäà  қ.,  Әйòåêå  би  ê-ñі.,  27, 

òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-

28-28; 8 (700) 332-24-78.



ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû 

Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚΠàóмàғû

òåл.: 87017268772, 87054422939

ИП Íîâîñåëîâà Ïåòроïàâл қàлàñû, 

Êоíñòиòóциÿ Қàзàқñòàí êөøåñі, 

28 үй, 1-қàбàò òåл: (87152) 46-74-77

«Вåðñàëü  Бèçíåñ»  Àòûрàó  қàлàñû, 

Мàхàмбåò êөøåñі, 107-à, 2-êàб., òåл: 

32-14-29, 30-65-24, 8701 920 45 38

ÆÊ «Ìàðцåфåй», Өñêåмåí қàлàñû, 

60 òåл, 8(7232) 578414, 87772256506



ÆÊ  «Бàõäàуëåòîâà  А.»  Àлмàòû 

қ.,  Æібåê  жолû  ê.,  55,  Àлмà  ñàó-

äà  орòàлûғû,  4-қàбàò,  426-íүê-

òå.  Òåл:  2714939.  87052083694 

Email:ardawka_94@mail.ru

ЖАРНАМА 


ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

050012, Алматы қаласы, 

Х.Досмұхамедұлы көшесi 

(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.

Қабылдау бөлмесi: 

292-43-43; 292-79-61 (факс); 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал