Пробация қызметінің ауқымы кеңейеді Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы аң



жүктеу 0.53 Mb.

бет3/6
Дата08.03.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

Майлыбай жАМАнМұрын

 АқтөбЕ қАлАсы

Әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы 

кодекстің 89-бабына сай, еңбек заңнама-

сында көзделген жұмыс уақытын және күн-

делікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 

қалыпты және қысқартылған ұзақтығын 

заңсыз асырған жұмыс берушіге алдымен 

ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданы-

лады. Оны қолдануға уәкiлеттiк берілген 

органның (лауазымды адамның) жасалған 

құқықбұзушылыққа ресми түрде терiс баға 

беруi және жеке немесе заңды тұлғаны 

құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге 

болмайтындығы  туралы  сақтандыруы 

болып табылатын ескерту жасау жазбаша 

нысанда шығарылады (43-бап).

Аталған жаза қолданылғаннан кейiн де 

осы әрекетті бiр жыл iшiнде қайталаған 

лауазым иелеріне 40, шағын кәсiпкерлiк 

субъектiлерiне  немесе  коммерциялық 

емес ұйымдарға 60, орта кәсіпкерлік субъ-

ектілеріне 80, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi-

не 120 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн-

де айыппұл салынады.

sultan.ns@mail.ru

*

Алтын көпір



Бас Прокурор Шанхай 

ынтымақтастық Ұйымының 

отырысына қатысты



Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов ҚХР Са-

нья қаласында Шанхай Ынытақтастық Ұйымына мүше 

мемлекеттердің бас прокурорларының 14-ші отыры-

сының жұмысына қатысты. Онда терроризмге қарсы 

іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық 

мәселелері кеңінен талқыланды.

Ауқымды іс-шараға ШЫҰ ел-

дері – Қытайдың, Қырғызстанның, 

Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбек-

станның жоғары қадағалау орган-

дарының басшылары, байқаушы 

мемлекеттер – Беларусь, Иран, 

Монғолия, Пәкістаннан арнайы 

өкілдер  келді.  Кездесу  кезінде 

Ж.Асанов осы маңызды шараны 

ұйымдастырғаны үшін қытайлық 

әріптестеріне алғыс білдіре оты-

рып, бұл алаңның терроризмге 

қарсы күрестің әмбебап құралда-

ры мен әдістерін жасап шығару 

жолындағы бірегейлігін атап өтті. 

Сондай-ақ,  ол  қатысушыларға 

террористік актілерді болдырмау 

және дағдарысты жағдайларды 

ауыздықтау бойынша  қазақстан-

дық прокуратураның тәжірибесі 

туралы, терроризмнің алдын алу 

кезінде құқық қорғау органдары 

баса назар аударатын негізгі фак-

торлар туралы ақпарат берді.

Үлкен мінберде сөз алған Бас 

прокурор  радикалдардың  кри-

миналдық болмысына, салафизм 

қаупіне, азаматтардың сирия-иран 

жанжалының аймағына шығуы-

на әріптестер назарын аударды. 

Радикал  «ұйымдардың»  пайда 

болу көздері сөз болып, Жақып 

Асанов шетелдік әріптестерімен 

қазақстандық мемлекеттік орган-

дардың  халықпен  жұмыс  істеу 

тәжірибесімен бөлісті. 

Бірлескен алдын алу шарала-

рын айта отырып, қазақстандық 

қадағалау ведомствосының бас-

шысы  оларды  іске  асыру  бой-

ынша  бірқатар  нақты  тетіктер 

ұсынды. 

Бұдан әрі прокурорлар қазіргі 

қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл 

бойынша одан әрі ынтымақтас-

тықтың өзекті аспектілерін талқы-

лады.


Сапар шеңберінде Жақып Аса-

нов ҚХР Жоғарғы Халық Проку-

ратурасының бас прокуроры  Цао 

Цзяньминмен келіссөздер жүргізді. 

Кездесу кезінде нақты қылмыстық 

істер  бойынша  өзара  іс-қимыл 

мәселелері  талқыланды.  ШЫҰ 

елдерінің бас прокурорларымен 

екіжақты  кездесулерде  өзара 

тиімді ынтымақтастықтың негізгі 

бағыттары нақтыланды. Кездесу 

қорытындысы бойынша хаттамаға 

қол қойылып, терроризмге қарсы 

күрес саласындағы өзара іс-қимыл 

мен тәжірибе алмасудың бірыңғай 

тәсілдері әзірленді.



ҚР Бас прокуратурасының 

баспасөз қызметі

әкімшілігімен бірге сотталушыны бостандыққа 

дайындап, қиындықсыз ортаға бейімделу ша-

раларын қамтитын дербес бағдарлама жасауды 

көздейді. Қасымов мырзаның айтуынша, бүгін-

де оның жекелеген элементтері шартты түрде 

бостандыққа шығару немесе жазаны жұмсақ 

түріне ауыстыру кезінде жүзеге асырылып жа-

тыр. Олар бостандыққа шығару сатысында ма-

мандық, еңбек дағдыларын алуға жағдай жасау, 

құжаттарды қалпына келтіру, жұмыс, тұрмыс  

мәселелерін жоспарлау шаралары. Осы заң 

жобасын қабылдаудың арқасында елімізде про-

бация қызметінің есебінде тұрғандарға бақылау 

жасаудың жаңа, толыққанды жүйесі құрыла-

ды. Қасымов мырзаның айтуынша, бұл біздің 

қылмыстық атқару жүйесінің 1955 жылы БҰҰ 

Конгресі қабылдаған Сотталғандар үндеуінің 

төменгі талаптарына сай келуіне жол ашады. 

Негізгі заң жобасында көрініс тапқан  жаңа 

ұғым – яғни, сотқа дейінгі баяндама мәселесі де-

путаттардың қызу пікірталасын тудырды. Олар 

бұл ретте судья өз шешімінде негізге алатын 

сотқа дейінгі баяндаманың субъективті көзқа-

растарға құрылу мүмкіндігіне алаңдаушылық 

білдірді. Өйткені, сотқа дейінгі баяндама артын-

да мыңдаған адам тұр. Сондықтан, теріс ақпарат 

берген  пробация қызметіндегілер үшін қандай 

жауапкершілік болатындығы сұралды. Сонымен 

қатар, сотталғандармен жұмыс бағдарламасын 

жасап, жүзеге асыратын мамандар деңгейіне 

қатысты да орынды талаптар қойылды. 

Министр мырза бұл мәселелерге қатысты 

жауаптан тосылмады. Оның сөзінен түйгеніміз, 

күдіктінің қолына берілетін сотқа дейінгі баян-

дама расында да судьяның оған қатысты қандай 

шешім қабылдауына негіз бола алады. Сон-

дықтан, оның шындыққа сай дайындалуы дең-

гейіне талап қатаң. Бұл ретте барлық ішкі істер 

қызметкерлері сияқты, пробация қызметкерлері 

де тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкер-

шілікке тартылып, жұмыс орнынан айырылудан 

бастап, қылмыстық жазаға тартылады. 

Балайым КеСеБАевА, 

Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылға арналған құқықтық 

саясат тұжырымдамасында соттардың бас бостандығынан айыруға 

балама шараларды неғұрлым белсенді  қолдануын, ол үшін осындай 

шаралардың орындалуына жауапты мамандандырылған орынды инсти-

туционалды дамыту қажет екендігі айтылады. Қазіргі  қолданыстағы 

пробация әлемнің барлық құқықтық жүйелерінде кеңінен тараған. 

Шетелдердің тәжірибесінде балама шаралармен және санкциялармен 

алмастыру арқылы бас бостандығынан айыру жазаларын қолданудың 

тәжірибесін азайту байқалады.  Мұнда үлкен үлес пробация қызметі-

не тиесілі. Батыс елдері мен Жапонияда пробация қызметтерінің оң 

тәжірибесі бар. Осындай  қызметтердің кеңінен дамуы нәтижесінде 

бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың үлесі жаза-

лаудың жалпы құрамының едәуір бөлігін иеленген. Мәселен, пробация 

Швеция мен Англияда жазалаудың жетпіс пайыздан астамын, Жапо-

нияда тоқсан пайызға дейінгі бөлігін құрайды. Сондықтан, аталған заң 

жобасы ең алдымен қылмыстық сот төрелігін қайта әлеуметтен-

дірудің  әлеуетін кеңейтуге,  еліміздің қылмыстық заңнамасын әлемдік 

талапқа жақындату үшін қылмыстық саясатты одан әрі  ізгілендіруге 

бағытталған. 

Заң жобасы пробация белгіленетін адамдарды әлеуметтік бейім-

деуді және әлеуметтік оңалтуды жақсартуға  септігін тигізеді. Со-

нымен қатар,  іс жүзінде осы заңды іске асыру барысында жергілікті 

атқарушы органдармен консультативтік кеңес орындарының рөлін, 

олардың жауапкершілігін, әсіресе, кәмелетке толмағандарға қатыс-

ты әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бойынша жауапкершілігін 

күшейтуді қажет деп санаймын. Бас бостандығынан айыруға бала-

малық шараларды тағайындау өзекті болып табылады. Сол себепті, 

сотталған адамдарды түрме қабырғасынан тыс жерде оң нәтижемен 

оңалту үшін пробация институтын одан әрі дамыту қажет. Қазіргі 

уақытта пробация қызметі өз дамуының алғашқы сатысында тұр. 

Нәтижесі өте жақсы. 

П

і

к

і

р

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетте)


№136 (2914) 

2 желтоқсан 2016

5

zangazet@mail.ru



сәті түскен сұхбат

–  Қайыржан  Ахметбекұлы, 

өміріміздің  барлық  саласына  ден-

дей енген сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күресті күшейту бағытында 

Мемлекеттік қызмет істері және 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент-

тігі құрылды. Сондай-ақ, кеселге қа-

тысты заң да жаңарып жатқанынан 

хабардармыз. Бұл құжат жемқор-

лыққа қарсы күресте өз пәрменділігін 

дәлелдей алды ма?

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл туралы» заң 2015 жылдың 

18 қарашасында қабылданып, 2016 

жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгенін 

білесіздер. Еліміз тәуелсіздік алғалы 

бері жемқорлық секілді індетке қарсы 

талай шаруалар қолға алынды. Қаншама 

мемлекеттік бағдарламалар жасалып, 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достас тығына 

кіретін елдер ішінде кеселге қатысты 

жұмыстарды жүйелейтін арнайы заң 

қабылдаған да біздің еліміз еді. 1998 

жылдан бері қолданыста болып келген 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

туралы» заң өзінің заман талабына 

сәйкес келмейтінін, жегіқұртты жеңу-

де дәрменсіз екенін көрсетті. Расын-

да, өмір бір орында тұрмайды. Және 

қылмыстың жасарып бара жатқаны, 

сонымен қатар, оның амал-айласының 

да өзгеріп тұратыны талас тудырма-

са керек. Осыған орай, жемқорлыққа, 

жал пы, жеңұшынан жалғасушыларға 

мықты тосқауыл қою мақсатында жаңа 

заңнама өмірге келген болатын.

«Жемқорлыққа қарсы жаңа заңна-

мамен өзара байланыста және сонымен 

қатарласа қабылданған мемлекеттік 

қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік 

қызметтің  жаңартылған  моделінің 

негізгі шеңберлерін және мемлекетті 

басқарудың барлық жүйесінің тиімділі-

гін күшейту бойынша одан арғы іс-қи-

мылдардың рет-тәртібін айқындайды», 

– деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назар-

баев. Әрине, қабылданғанына азғана 

уақыт өткен жаңа заңға тиімді, тиімсіз 

деп баға беру артық болар. Себебі, бұл 

құжаттың мақсатының өзі бұрынғы 

заңдағыдай кеселмен күреске емес, 

індеттің алдын алуға, соған қатысты 

іс-қимылды үйлестіруге бағытталған. 

Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл субъектілерінің тізбесі кеңей-

тілді. Оларға сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті ор-

ган,  мемлекеттік органдар, квазимемле-

кеттік сектор объектілері, қоғамдық бір-

лестіктер, сондай-ақ, өзге де жеке және 

заңды тұлғалар жатқызылды. Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мониторинг, сы-

байлас жемқорлық тәуекелдерін талдау,  

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стан-

дартты және мәдениетті қалыптастыру, 

сақтау сияқты іс-қимылдың жүйелі ша-

ралары енгізілген. Ең бастысы, жаңа заң   

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды 

әрқайсымызға міндеттейді.  

– Жегіқұртпен күрестегі жетіс-

тіктеріңіз қандай? 

– Ақтөбе облысында сыбайлас жем-

қорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайын 

анықтау мақсатында 61 мемлекеттік 

органның  2015-2017  жылдарға  ар-

налған іс-қимыл жоспары талқыланған 

болатын. Талдау барысында бірқатар 

мемлекеттік органдардағы кемшіліктер 

анықталды. Сонымен қатар, облыстық 

ішкі саясат басқармасының тапсыры-

сымен 12 ауданда, Ақтөбе қаласында ар-

найы сауалнама жүргізілді.  Сауалнама 

барысында 18 жастан жоғары 600 адам 

«Сіз мемлекеттің сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы жаңа саясатына сенесіз 

бе?» деген сауалға өз пікірін білдірген 

болатын.  Сауалға респонденттердің 

71 пайызы «иә» деп жауап берген. 24 

па йызы «жоқ», ал, 5 пайызы жауап беру-

ден бас тартқан. Мұның өзі қарапайым 

халықтың елдегі жүргізіліп отырған 

жұмыстарға көңілі толатынын, яғни, 

біздің  бағытымыздың  дұрыстығын 

көрсетеді. Біз жаңа бастамаларды қолға 

алған кезде міндетті түрде көпшілік-

тің пікірін ескереміз. Өйткені, біздегі 

қолға алынған реформалардың түпкі 

мақсатының өзі халыққа адал, сапалы, 

қолжетімді қызмет етуге негізделген. 

Біздің жұмысымызды тұтынатын да, 

оған қатысты шынайы баға беретін де – 

халық. Ендеше, халықтың ықыласына 

бөленіп, алғысын алғаннан артық біз 

үшін марапат жоқ. Жоғарыдағы сауал-

нама жемқорлыққа қарсы бағытталған 

жұмыстардың дұрыстығын дәлелдеді. 

Дегенмен, алдағы уақытта көпшіліктің 

толық ықыласына бөлену үшін кеселге 

қарсы бағытталған іс-қимылдарды әлі 

де ширата түскеніміз жөн.



– Заңның қолданысқа енуі мемле-

кеттік қызметкерлердің жауапкер-

шілігін көтеруге қаншалықты әсер 

етті деп ойлайсыз?

– Жазаның да жемқорлықты жою-

ға ықпалды емес екенін айғақтаған 

елдер  бар.  Мәселен,  көршілес  Қы-



Қайыржан Токушев, 

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 

Ақтөбе облыстық департаментінің басшысы: 

«халықтың  ыҚылАсынА 

бөленіп,  Алғысын алғаннан 

артық  марапат  жоқ»



(Соңы. Басы 1-бетте)

тайда «қолы таза емес» шенеуніктер 

мемлекет алдында сіңірген еңбегіне, 

лауазымына, осы уақытқа дейін алған 

марапатына қарамастан, өлім жазасына 

кесіледі. Бірақ, солай екен деп Қытайда 

жемқорлық түп-тамырымен жойылып 

кеткен жоқ. Өлім жазасы жария түрде 

орындалғанына қарамастан, бұл елде 

әлі күнге алтын көрсе жолдан тайып 

жатқан «періштелер» баршылық. Яғни, 

бұл жазалаудың кеселді жоюдағы күшті 

құрал бола алмайтынын айғақтайды. 

Бізге Швейцария, Сингапур секілді 

жемқорлықты тәрбие, тәртіп арқылы 

жеңген елдердің тәжірибесі үлгі болуы 

керек. 

Жаңа заңның қолданысқа енгені-



не бір жылға жуықтады. Содан бері 

өткізілген әдеп жөніндегі кеңесте 84 

адамның  жауапкершілігі  қаралды. 

Мұның ішінде 10 мемлекеттік қыз-

меткердің Әдеп кодексі талаптарын 

бұзғаны анықталды. Үнемі бақылау, 

түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, 

мемлекеттік қызметке кір келтіретін 

теріс қылық жасаушылар да болды. 

Осындай жағымсыз қылық көрсеткен 

10 қызметкердің тәртібі қаралғанын 

айта  кетейін.  Сондай-ақ,  көпшілік 

талқысына түскен 64 тұлға түрлі құқық 

бұзушылықтар жасаған.  Бұл нені біл-

діреді? Бұл кейбір мемлекеттік қызмет-

керлердің өз жұмысын түсінбейтінін, 

мемлекеттік  қызметтің  абыройын 

ойламайтынын көрсетеді. Біз жемқор-

лықпен күресті ең алдымен осындай 

жауапсыз қызметкерлерден арылудан 

бастауымыз керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая-

сатты жүзеге асырудың тиімді тәсіл-

дерінің бірі ретінде сыбайлас жемқор-

лық тәуекелдерін ішкі талдау маңызды. 

Оны облыста 65 мемлекеттік орган 

жүргізген. Ал, департамент қызмет-

керлері жүргізген сыртқы талдау нәти-

жесінде сыбайлас жемқорлықтың 85 

тәуекелі анықталды. Талдау жұмыстағы 

қателікті жоюға, күшті қай бағытқа 

бұру қажеттігін анықтау үшін қажет. 

Мамандар қорытындысы ескеріле оты-

рып жемқорлықтың 85 тәуекелінің 75 

пайызы жойылды.  

«Адалдық. кз» сайтындағы ашық 

келісімге 297 заңды тұлға қосылған. 

Ал, жеке тұлғалардың саны 12 мыңнан 

асты. Ұлт жоспарындағы нақты қа-

дамдардың барлығы сыбайлас жемқор-

лықтың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Мемлекеттің бағдарлы бағдарламалары 

мен  нақты  стратегиялары  жемқор-

лықтың жолын кесуге қалқан болады. 

Елбасы жолдауынан туындаған мін-

деттер, стратегияда қамтылған талап-

тардың бірі – шенеуніктер арасындағы 

сыбайластықты болдырмау, тамырынан 

үзу. Әлбетте, бекітілген шаралар  ай-

мақтағы сыбайластық жемқорлықтың 

көлеңкелі тұстарын ашуға септігін 

тигізеді. Жемқорлықтың жолын кесетін 

ашықтық, бұқарамен тұрақты түрде 

байланыс орнату мақсатында қазірге 

дейін департамент тарапынан сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  

қалыптастыруды көздейтін 3500 шара 

өткізілді. 



– Меніңше, бұл бағыттағы жұ-

мыстарға жастарды тарту тиімді 

секілді. Жемқорлыққа қарсы иммуни-

тетті жастар бойында қалыптас-

тыра алсақ ұтқанымыз емес пе?

– Оныңыз рас. «Жастар – келеше-

гіміз» дегенді жиі айтамыз. Сол бола-

шағымыз дейтін жастарға кері әсер ете-

тін сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз 

күресуіміз керек. Сондықтан, облыс-

тағы 368 орта мектепте «Адал ұрпақ»  

еріктілер клубы құрылды. Оның қазір 

25 мыңға жуық мүшесі бар. Әсіресе, 

жоғары сынып оқушылары арасында 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты 

кеңінен түсіндіріп, заңға қайшы келетін 

жағдайларды байқап қалған кезде қалай 

әрекет жасау керектігін үйреттік. Мұ-

ның маңызы өте зор. Жалпы, бізде Син-

гапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы 

күрестегі үлгісі негізге алынып отыр. 

Өйткені, бұл үлгі өте нәтижелі. Қазір 

мектептерде арнайы тәрбие сағаттары 

өтеді. Әртүрлі байқаулар қолға алынып, 

жоғары сынып оқушылары шығармалар 

жазады. 2017 жылы «Адал ұрпақ» об-

лыстық слетін өткізу жоспарланғанын 

айта кеткен жөн. Ал, студент жастар 

арасында «Мансап» клубын құрғанбыз. 

Онда студенттер заңнамаларды оқып,  

қызметтік құжат, қағаздармен жұмыс 

жасауды үйренеді. Бұл мектепте дәріс 

алғандар кейін мемлекеттік қызметке 

өткісі келсе, сынақтан қиналмай өтетін 

болады. Жастардың құқықтық сауатын 

көтеру  арқылы,  жемқорлыққа  жол 

бермеу ұстанымын бойларына сіңіру 

арқылы елімізді таза, әділетті, қауіпсіз 

мемлекетке айналдыра алатынымызға 

сенемін. 



– Кәсіби білікті мемлекет аппара-

тын құру бағытында қандай жұмыс-

тар атқарылды?

– Мемлекеттік қызмет саласы бірін-

ші реформа қатарына енгізіліп, оған 

нақты 15 қадам арналды. Ұлт жоспарын 

жүзеге асыру бағытында  былтырдан 

бері 59 заң күшіне енді. Оның ішінде 

«Мемлекеттік қызмет туралы» және 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи-

мыл туралы» заңға тәуелді 20-ға жуық 

заң актілері бар. Қазірдің өзінде Қа-

зақстанда мемлекеттік аппарат жұмы-

сының тиімділігін арттыру жетілдірілді 

деуге болады. Бәрінен бұрын конкурс-

тық  негіздегі  мансаптық  модульге 

ауысу толығымен аяқталды. Мемле-

кеттік қызметте мансаптық ілгерілеуге 

ынталы азаматтарға әлеуметтік серпін 

беріп, жоғары лауазымдарға тағайындау 

кезінде әділеттілікті қамтамасыз ету – 

бұл модельдің басты қағидаты болып 

табылады. 

Кәсіби білікті мемлекеттік аппа-

рат құру үшін мемлекеттік қызмет-

ке  қабылдау рәсімдері жаңартылды. 

Мемлекеттік қызметке бірінші төменгі 

лауазымдардан бастап қабылданады. 

Кейін іскерлік қасиеттерін көрсеткен-

дердің лауазымдары өсіріледі. Заңның 

28-бабы бойынша төменгі лауазымдағы 

қызметкердің мансабы тек конкурстық 

іріктеу негізінде өседі. Жоғары білімді 

азаматтар  жалпы  конкурс  арқылы, 

ал, мемлекеттік қызметкерлер ішкі 

кон курсқа қатысып, «Б» корпусының 

бос әкімшілік лауазымына өте алады. 

Мәселен, Ақтөбе облысында биылғы 

жылы мемлекеттік органдарда 381 рет 

конкурс өтті. 272 азамат бос орынға 

мемлекеттік қызметке алынды. «Б» 

корпусындағы  жоғары  лауазымды 

орындарға конкурстық негізде жылжы-

ту есебінен меритократия қағидатын 

нығайтуға баса көңіл бөлінеді.  

Ақтөбе облысының мемлекеттік ор-

гандарында бос орындарға мемлекеттік 

қызметшілердің арасында 500 ішкі кон-

курс өткізілді. Оған 269 қызметші қатыс-

ты. 224-і жеңімпаз деп танылды. Олар-

дың 61-і жоғары, 70-і тең, 93-і төменгі 

лауазымға  тағайындалды. Қалған 276 

орын  бос  қалды.  Және  әділдік  пен 

ашықтықты қамтамасыз ету үшін  бос 

орынға жарияланған конкурстық іріктеу  

бақылаушылардың қатысуымен  өт-

кізілді.  Тағы бір жаңашылдық туралы 

айта кету керек. Мемлекеттік қызметке 

алғаш рет қабылданушыларды іріктеу 

рәсімі орталықтандырылды.  

Сонымен қатар, соңғы жаңалық-

тарға сәйкес, үміткерлердің заңнама-

ны  қаншалықты білетіндігін тексеру 

үшін жүргізілетін тест сынағы, жеке 

қасиеттерін бағалау және конкурс жа-

рияланған мемлекеттік орында әңгіме-

лесу сияқты үш сатылы іріктеу жүйесі 

енгізілді.  

Биылғы жылы заңнаманы білуді 

анықтайтын тестіні 2151 адам тапсы-

рып, олардың 39 пайызы оң қорытынды 

алған. Республика бойынша бұл көр-

сеткіш 46 пайыз көлемінде. Яғни, бұдан 

нені көреміз? Бұл мемлекеттік қыз метке 

үміткер жастардың еліміздің заңнама-

ларын жетік білмейтінін білдіреді. Ал, 

өз еліндегі заңнан жетік ха бары жоқ, өз 

құқығын толық білмейтін мемлекеттік 

қызметкер өзге жұртқа қалай үлгі көр-

сетіп, құқығын сақтауына жәрдемдесуі 

мүмкін? Осыған орай, біз білім орда-

ларына барып, мемлекеттік қызметкер 

болуды армандаған жастарға жаңа заңна-

маларға қатысты түсінік беріп, құқықтық 

құжаттарды қарауға қызығушылығын 

туғызуды қолға алып жүрміз.

Мемлекеттік қызметкерлердің жа-

лақысын қызметінің нәтижесіне қа-

рай  өсіруді  және  бір  жаңашылдық 

ретінде айту керек. 2018 жылдың 18 

қаңтары нан енгізілетін «Б» корпусына  

еңбекақы төлеудің бұл жаңа жүйесі 

мемлекеттік қызметкердің біліктілігі 

мен атқаратын жұмысының сипатына, 

көлемі мен нәтижелілігіне тікелей бай-

ланысты болады. 

Мемлекеттік қызметкерлер жұмы-

сының нәтижесі тоқсан сайын баға-

ланады. Сол негізде бонус төлеу және 

оқыту бойынша шешім қабылданады. 

Қазіргі таңда облыстың мемлекеттік 

органдарында қызметші жұмысының 

жоспары мен жұмысты бағалау әдісте-

месі бекітілді. Үш тоқсанда 3565 мем-

лекеттік қызметші бағалаудан өткізілді. 

Оның 4,6 пайызы «өте жақсы», 75,5 

пайызы «тиімді» және 19,9 пайызы «қа-

нағаттанарлық» деген баға алды.  

Қызметшілердің  біліктіліктерін 

арттырып отыру да кәсіби білікті мем-

лекеттік аппарат құрудың алғышарты  

екенін белгілі. Сондықтан, біліктілікті 

3 жылда бір рет міндетті түрде артты-

рып отыруды заң тұрғысынан бекітудің 

маңызы зор.  Ақтөбе облысында 2016 

жылға арналған жоспарға сай, 326 мем-

лекеттік қызметші біліктілігін арттыр-

ған. Ол мақсатқа 13 млн теңге қаржы 

жұмсалды. 

Барлық  әкімшілік  қызметкер-

лерді  аттестациялау  –  мемлекеттік 

аппараттың кәсібилігін арттыру тетік-

терінің    бірі.  Алдын  ала  жасалған 

болжамға  сәйкес,  «Б»  корпусының 

3200 әкімшілік қызметшісі аттеста-

циядан өтеді. Қазір аттестация залын 

үлкейту  мәселесі  ше шіліп  жатыр.  

7 қа рашадан бері тес тілеу залы «Нұр 

Отан»  партиясының  облыс тық  фи-

лиалы  ғимаратына  көші рілді.  Тест 

тапсыратын компьютер санын кө бейту 

қарастырылуда. 



– Мемлекеттік қызметке қабыл-

даудағы жаңа талаптар, қызметтік 

өсудің жаңа шарттары ынталылар 

санын өсіріп отыр ма? 

–  Мемлекеттік  қызметке  тұруға 

ынталылар бұрын да болған, қазір де 

халыққа қызмет етсем дейтін үміткер-

лер аз емес. Дегенмен, сатылап өсу, жа-

лақының қызметкердің  талабына, жұ-

мыс нәтижесіне қарап берілуі талапты 

жастардың белсенділігін арттырғанын 

айта кетуіміз керек. 

– Мемлекеттік қызметте жоғары 

мәдениетті қалыптастыру бағы-

тында    және    мемлекеттік  қыз-

метшілердің заңға қайшы келетін, 

әдепсіз мінез-құлық көрсетпеуі үшін 

жағымсыз жағдайлардың алдын алу 

маңызды.  Сондықтан, мемлекет-

тік  қызметшілердің  моральдық- 

адамгершілік  бейнесі мен іскерлік  

қа сиеттеріне қойылатын талаптар 

күшейтілгені  дұрыс.  Осы  ретте 

жаңа этикалық ережелер туралы не 

айтасыз?

– Ұлт жоспарындағы 12-қадамда  

мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық 

кодексін жасау туралы тапсырма бар. 

2015 жылдың 29 желтоқсанында ҚР 

мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп 

кодексі мен «Әдеп жөніндегі уәкіл ту-

ралы» ереже қабылданғанын білесіздер. 

Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

қолданысқа енді. Енді әдеп жөніндегі 

уәкіл қызметтік әдеп нормаларының 

сақталуын және «Мемлекеттік қызмет 

туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қар-

сы іс-қимыл туралы» заңнамасы мен 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік 

қызметкерлерінің әдеп кодексі талап-

тарын бұзуға жол бермеу бағытында 

жұмыстар жүргізіп, кемшіліктің алдын 

алу жағын қамтамасыз ететін бола-

ды. Құқықтары мен заңды мүдделері 

бұзылған болса, мемлекеттік қызмет-

шілерге кеңес береді. Заңды тұлғалар-

дың мемлекеттік қызметші жұмысына, 

іс-әрекетіне қатысты жазған шағымда-

рын қарайды.  Жалпы, мемлекеттік қыз-

метшілердің әдеп нормаларын сақтауын 

қадағалайды.  

Әдеп жөніндегі кеңесте биыл 20 

әдептік іс қаралды. Әдеп кодексі та-

лаптарын сақтамаған 10 қызметкердің 

3-уіне сөгіс берілді. 4 қызметкерге 

қатаң сөгіс беру туралы тәртіптік жаза  

тағайындалды. Сонымен бірге мемле-

кеттік органдардың жұмыс нәтижелері 

қаралып, жұмыс берушінің 75 актісінің 

күші жойылды. 110 актіге тиісті өзгерту 

енгізілді. Екі қызметкердің қызметіне  

сай еместігі туралы ескерту берілді. Ал, 

бір қызметкер қызметінен босатылды. 

Сонымен қатар, кемшілікке жол берген 

105 тұлға тәртіптік жауапкершілікке 

тартылды.  

Осы жерде айта кету керек, Ұлт 

жоспарында  жазылған,  болашаққа 

бағыт сілтейтін нақты қадамдар мем-

лекеттік құрылымды нығайтуға, төмен-

нен биікке өрлеген жемқорлық пен 

тәртіпсіздіктердің, сонымен бірге құқық 

бұзушылықтың алдын алады.

Мемлекет екі жағдайда: бірінші – 

қылмыс көп, жазалау аз; екінші –  жа-

залау көп, қылмыс жоқ жағдайда ғана 

азады дейді ғой. Жемқорлықты дер 

кезінде ауыздықтай алсақ, жасалған 

жұмыс нәтижесін береді. «Жау жағадан 

алғанда, бөрі етектен тартады» демек-

ші, дағдарыс жағадан алғанда жемқор-

лықтың етектен тартуы егемендігімізге 

қауіп төндіруі ғажап емес. Сондықтан, 

сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресу 

керек. 

– Әңгімеңізге рақмет. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал