Пробация қызметінің ауқымы кеңейеді Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы аң



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата08.03.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Пробация қызметінің 

ауқымы кеңейеді

Лебіз

Бүгінгінің бас тақырыбы



аң

Д

ат

П

а

8-бет

3-бет

(Соңы 4-бетте)

№136 (2914) 2 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

мүмкіндігі шектеулі 

жандардың мүддесі 

қорғалады

«антқа адалдық таныту — 

абырой»


ЕрЕкшЕ маңызға иЕ мЕрЕкЕ

ҚұрмЕтті оҚырмандар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республика сының 

Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттік мерекені қазақстандықтар биыл бесін-

ші рет атап өтуде. Айтулы мереке республикамыздың 

жаңа тарихында ерекше маңызға ие. 1991 жылы 1 жел-

тоқсанда өткен Бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы 

бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Тұңғыш 

Президенті болып сайлануын қолдап, отандастарымыз-

дың 98,8 пайызы өз дауыстарын берді. Сайлау тарихын-

дағы қазақстандықтардың бірегей бірлігінің арқасында 

болашақта мемлекет дамуының берік іргетасы қаланды. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылда қол жеткізген барлық табысы-

ның тарихы осының айқын дәлелі болып саналады. 

Еліміз халықаралық деңгейде кеңінен танымал болып, 

мәртебесі арта түсті. Әлеуметтік-эконо микалық сала-

сының белсенді дамуына миллиардтаған АҚШ доллары 

көлемінде шетел инвестициясы тартылды. Жаңа елорда-

мыз – Астана бой көтерді. Осынау жетістіктердің барлығы 

Мемлекет басшысы ұстанған бағытты кеңінен қолдаудың, 

тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында жүзеге асты. 

Қазақстанда заң үстемдігін, адамның құқықтары мен 

бостандығын  қорғауды  қамтамасыз  ететін  құқықтық 

мемлекеттің барлық институттары қалыптасқан және 

тиімді жұмыс істеуде. Тұңғыш Президенттің тікелей бас-

тамасымен барлық әлемдік стандарттарға толық сәйкес 

келетін мықты сот жүйесі қалыптасты.

Жақында болып өткен Судьялардың VII съезі еліміздің 

сот корпусы үшін жарқын уақиғаға айналды. Онда сот 

билігін одан әрі дамыту жөніндегі басым бағыттар, атап 

айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, лайықты сот 

корпусын қалыптастыру, сот практикасының бірлігін 

қамтамасыз ету, халықтың соттарға деген сенімін арттыру 

басымдықтары айқындалды. Бұл сот жүйесін нығайтып, 

олардың әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруде 

еліміздің одан әрі дамуына өз үлестерін қосуына мол мүм-

кіндіктер туғызады. 

Мерейлі мереке күні елімізге тыныштық, барлығыңызға 

амандық пен құт-береке және жаңа жетістіктер тілеймін! 

Отанымыз ел азаматтарының игілігі үшін одан әрі өсіп-өр-

кендей берсін! 

Қайрат мәми,

 Қазақстан республикасы Жоғарғы Сотының

төрағасы 

елімізде қылмыстық жазаны ізгілендіру бағытында  пробация қызметі жоспарлы түр-

де  жүзеге  асырылуда.  бүгінде  2012  жылы  қылмыстық  атқару  инспекциясы  базасында 

құрылған пробация қызметінің екі үлгісі қолданылады. олар бас бостандығынан айырыл-

мағандарға қатысты үкімдік және пенитенциардан кейінгі пробация. 

Орайы келген әңгіме



(Соңы 5-бетте)

Бастама


Қайыржан Токушев, 

Мемлекеттік қызмет істері және 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

агенттігінің Ақтөбе облыстық 

департаментінің басшысы: 

«Халықтың 

ықыласына 

бөленіп, 

алғысын 

алғаннан артық 

марапат жоқ»

Соңғы бірер күннің шамасын-

да түрмедегілерге рақымшылық 

жасалатындығы  жайлы  бұқа-

ралық  ақпарат  құралдары  жа-

рыса  айтуда.  Оған  Президент 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атал-

мыш мақсаттағы бастамасы се-

беп болғанын еске сала кеткен 

жөн. Нақтырақ айтсақ, Елбасы 

Конституцияның  61-бабының 

1-тармағын негізге ала отырып, 

Парламент  Мәжілісінің  қара-

уына «Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

байланысты рақымшылық жасау 

туралы» заң жобасын енгізген-ді. 

Яғни, егемендіктің ширекғасыр-

лық мерейтойының құрметіне 

мемлекет аяғын шалыс басып, 

түрме тұрғыны атанғандарға бос-

тандықтың дәмін татқызбақ. Ал, 

Конституцияның аталмыш бабын 

негізге алатын себебі түсінік-

ті.  Өйткені,  61-баптың  1-тар-

мағына сүйенсек, «Заң шығару 

бастамасы құқығы Республика 

Президентіне,  Парламент  де-

путаттарына, Үкіметке тиесілі 

және тек қана Мәжілісте жүзеге 

асырылады». 

Демек, ел Президенті өзіне 

Ата  Заң  берген  құзырет  шең-

берінде орынды бастама көтеріп 

тәуелсіздік тойында 

тағдыры түрмеге  тәуелділерге 



бостанДық берілмек

баспасөз — 2017

құрметті оқырман!



«заң газеті» және «Юридическая 

газета»«заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«заң газеті» 

«заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


тік әлсіз топтары, соның ішінде 

кәмелетке толмағандар, жүкті 

әйелдер, кәмелетке толмаған не-

месе мүгедек балалары бар әй-

елдер, мүгедектер, қарт адамдар, 

сондай-ақ ауыр емес қылмыстық 

құқықбұзушылық  жасағандар 

қылмыстық жазадан босатыла-

ды», – деді Мәжіліс депутаты 

әрі Заңнама және сот-құқықтық 

реформа комитетінің төрағасы 

Нұрлан Әбдіров аталмыш мәселе 

бойынша өткен жалпы отырыста. 

Мәжілісменнің сөзіне сенсек, 

заң  жобасы  рақымшылық  жа-

салатын адамдардың шеңберін, 

сондай-ақ, рақымшылық жасау 

акті  қолданылмайтын  субъек-

тілерді  анықтайды.  Мұнымен 

қатар, жазаның өтелмеген бөлігі 

айыппұлмен немесе бостандығын 

шектеумен алмастырылатынын 

немесе қысқартылатынын қапер-

ге салды. Рақымшылық жасауды 

қолдану шарттары көрсетілген 

заңды орындау, жоспар бойын-

ша, ол қолданысқа енген күннен 

бастап алты ай ішінде жүргізіл-

мек. Ал, ауыр және аса ауыр қыл-

мыс жасағандар рақымшылықтың 

«қызығын» көре алмайды. 

(Соңы 3-бетте)

отыр. Әрине, рақымшылық жасау 

мемлекет заңдарын бұзған азамат-

тарға қатысты ізгілік актісі, мем-

лекет тарапынан мейірімділік пен 

сенім білдірудің нышаны болып 

табылады. 

Басы ашық нәрсе, бұл шара 

бүкіл түрмедегілерге бостандық 

беріп, еркіне қоя береді дегенді 

білдірмейді. Рақымшылыққа ілі-

нетіндер кімдер, ілінбейтіндері 

қайсы, мұның бәрі заңда тайға 

таңба  басқандай  көрсетілген. 

Осы арада, Қазақстан Республи-

касы  Парламентінің  Мәжілісі 

Президент пәрменімен қарауына 

енгізілген заң жобасы бойынша 

жұмысты бастап та кеткенін еске 

салып өткен жөн. Сонда жаңағы 

мәселе хақында халық қалаулы-

сы Нұрлан Әбдіров түсініктеме 

берген болатын. «Осы жылы Қа-

зақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл-

дық мерейтойын атап өтуде. Рес-

публика  Конституциясы  адам 

және адамның өмірі, құқықтары 

мен бостандықтарын ең қымбат 

қазына деп жариялайды. Гума-

низм қағидатының бір көрінісі, 

оған сәйкес рақымшылық жасау 

актін қолданатын заңды қабылдау 

болып табылады. Заң жобасына 

сәйкес, азаматтардың әлеумет-



Қ

арттар мен жетімдер үйінсіз және түрмесіз ғұмыр кешкен ел болғанымызды 

жиі айтамыз. Қазір де солай болса, қанекей. Бірақ, олай емес. Дегенмен, 

мемлекетіміз мүлдем темір тор атаулының есігіне құлып сала алмаса да, 

ондағылардың санын азайту үшін түрлі қадамдарға барып жатыр. Сондай 

қадамның бірі – рақымшылық жасау.

Жемқорлықтың  қай  саланы  да 

іштен ірітетіні белгілі. Сондықтан 

да, бұл мәселемен мемлекеттік деңгей-

де, барша халықты біріктіру арқылы 

күрескенде ғана нәтижеге жетуге бо-

лады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу 

тетіктері 100 нақты қадамнан тұра-

тын Ұлт жоспарында да көрсетілген. 

Қазақстан Республикасы Президенті  

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жос­

пары  –  100  нақты  қадам  баршаға 

арналған қазіргі заманғы мемлекет» 

атты бес институтционалды рефор-

маға негізделген стратегиялық бағдар-

ламасы Мемлекеттік қызмет істері 

және жемқорлыққа қарсы іс­қимыл 

агенттігінің құрылымына өзгерістер 

енгізуге, жұмысын заман талабына 

сай, қайта қалыптастыруға мүмкін-

дік берді. Осы бағыттағы енгізілген 

жаңашылдықтарға қатысты қандай 

жұмыстардың атқарылып жатқа-

нын білу мақсатында Мемлекеттік 

қызмет істері және жемқорлыққа 

қарсы іс­қимыл агенттігінің Ақтөбе 

облыстық    департаментінің  бас-

шысы, әдеп  жөніндегі кеңес төраға-

сы  Қайыржан Токушевті әңгімеге 

тартқан едік. 

малық актілерге пробация мәселелері бойынша 

өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларында осы 

пробация қызметінің жаңа түрлерінің құқықтық 

негіздері жасалды.

Енді бұл қызметтердің қатарына сотқа дейінгі 

және пенитенциарлық пробация қосылмақ. Кеше 

Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда мақұл-

данған  «Пробация туралы» және «Кейбір заңна-


2

№136 (2914) 

2 желтоқсан 2016

zangazet@mail.ru

құқық

Көзқарас


Айтарым бар

Қайырымдылық

Біз бұл күнде экономикада, әлемдік 

саясатта, спортта, мәдени іс-шаралар-

да әлем мойындаған тамаша жеңістер-

ге жеттік, талай шыңдарға ту тіктік. 

Жетістікке жетіп қана қойған жоқпыз, 

елдің көшін бастаған Мемлекет бас-

шысының есті саясатының арқасында 

әлем елдерінің алдында  тыныштығы 

тұрақтаған елге айналдық. Тәуел-

сіздік алған алғашқы кезеңдегі қиын-

шылықтар артта қалды. Әлемнің ай-

барлы елдерімен тізе қосып, терезені 

тең ету ендігі міндетіміз. 

Тарихты халық жасайды десек 

те, сол тарихи бастамалардың ба-

сы-қасында халықтың бағына туған 

ерлер тұрғаны белгілі. Жаратқанның 

қолдауы болар, еліміздің ерлері тәуел-

сіздіктің әуел басынан-ақ дұрыс бағыт 

ұстанды. «Бір жағадан бас, бір жеңнен 

қол шығара» білді. Ел тізгінін ақыл 

мен парасаты мол, болашақты болжай 

білетін, көреген басшыға тапсырды. 

Ол  алдындағы  буынның  батасын 

алған, орта буынның алғысына ие 

болған, жас буынның шамшырағына 

айналған, барша халықтың қолдауын 

тапқан, атқарған істері аңызға айна-

лып үлгерген, ұлтының ірі перзенті 

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев. 

Тарихқа сәл шегініс жасасақ, тәу-

елсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік 

империяның құрсауынан енді босаған 

еліміздің басында қиын мезгіл орнаған 

еді. Алмағайып заман деп соны айтса 

керек. «Екі қолға бір күрек» дейтіндей 

жұмыс та жоқ. Дүкен біткенде «да-

рия» кезек. Сабан ақшаны сапырып 

ұстасаң да саудасы жоқ, құны жоқ сол 

бір уақытты аға буын өкілдері ұмыта 

қоймаған болар. «Күніне тоқсан түрлі 

бәле жауса, үмітің бір Құдайдан үзіл-

месін» деген нақылды берік тұтқан 

еліміз сонда да үміт үзбеді. Ең басты-

сы – бағалы олжамыз бар еді ол кезде. 

Ол бәріміздің жүрегімізді жібітіп, қай-

ғымызды тарқатып, қуанышымызды 

еселеген Тәуелсіздік! 

Елбасы сонда: «Күшіміз – жауап-

кершілікте. Бірлігіміз – әралуандықта. 

Еркіндігіміз – келісімде. Абыроймыз – 

игілікте. Қауіпсіздігіміз – ашықтықта. 

Тәуелсіздігіміз  – серіктестікте. Бо-

лашағымыз – бүгінде», – деген жеті 

тірекке сүйенді. Бұл жеті тірек ең қиын 

кезде, Тәуелсіздіктің алғашқы жылда-

рында сүйеу бола білді. Сол тарихи 

сәтте мемлекет басшысы халқымыз-

дың дүниетанымының түпкі мәнін 

тап басып, оның ең асыл қасиеттеріне 

жүгінді. Елмен бірге дамып, өсіп-өр-

кендеп келе жатқан Қазақстан Респуб-

ликасының сот жүйесі де ешқашан 

Елбасының  қамқорлығынан,  жіті 

бақылауынан сырт қалып көрген емес. 

Бүгінгі күнге дейін судьялардың жеті 

съезі өтті. Тек судьялар ғана емес, Ел-

басы, Парламент және атқарушы билік 

өкілдері, сондай-ақ, бұқаралық ақпа-

рат құралдарының өкілдері кең түрде 

қатысып келген әрбір съездің алға 

қойған биік мақсаттары болды және 

олар нәтижелі түрде іске асырылып 

отырды. Қол жеткізген табыстарымыз 

аз емес. Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

республика сот жүйесіндегі оңды 

өзгерістерді бағалай келе, соттардың 

азаматтар құқығын өз мәнінде қорғай 

алатын институт ретінде қалыптасып 

келе жатқанын, халықтың соттарға де-

ген сенімінің артып отырғанын әрдай-

ым атап көрсетуі біз үшін кәсібімізге 

деген үлкен құрмет сезімін туғызады.

Елбасы  тарапынан  соттар  ісін 

жақ сартуға ұдайы жағдай жасалынып 

отыр. Соның арқасында бүгінгі таңда 

тәуелсіз сот билігі қалыптасқаны бар-

шаға аян. Біздің ендігі мақсатымыз 

– халық сенімінің биігінен көрінетін 

қуатты сот қалыптастыру. Тәуелсіз де 

қуатты сот билігі қоғамдағы әлеумет-

тік теңдік пен тұрақтылықтың кепілі 

екенін бір сәт те естен шығармауымыз 

керек.


Жақында ғана Қазақстан Респуб-

ликасы судьяларының кезекті VII съезі 

ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қар-

саңында өткізілді. 1996 жылдан бастап 

әр төрт жыл сайын өткізілген судьялар 

құрылтайына Елбасымыздың өзі қаты-

сып, сот жүйесінің бағыт-бағдарын ай-

қындап, атқарылған жұмыстарға баға 

беріп, маңызды міндеттер жүктеп оты-

рады. Кешегі съезде осы кезге дейін 

қолданыста болған судьялардың әдеп 

нормалары толықтырылып, жаңар-

тылып, Судьялардың әдеп кодексінің 

жаңа нұсқасы қабылданды. Жетінші 

съездің басты жаңалығы осы. 

Бар саналы ғұмы рын еліне қызмет 

етуге арнаған, өз тағдырын халық тағ-

дырынан бөліп қарамайтын Тұңғыш 

Президенттің өмірі мен еңбегі сіздер 

мен бізге үлгі-өнеге! «Болмасаң да, 

ұқсап бақ...» деп Абай атамыз айтқан-

дай, Елбасының дау шешу әдістемесін 

терең оқып, зерделеп, зерттеп, әр судья 

өзі үшін шамшырақтай ұстауы керек. 

Тұңғыш Президент күні құтты бол-

сын, ағайын! Мәңгілік ел идеясының 

иесі Елбасымен бірге еліміздің ғұмы-

ры ұзақ, мерекесі мерейлі, болашағы 

баянды болсын! 

Жақсылық АЛАНОВ,

Маңғыстау облыстық сотының 

төрағасы

АзАт елдің арда ұлы

Ел үшін де, ер 

үшін  де  тәуел-

сіздіктен  асқан 

бақыт  жоқ.  Сан 

ғасырдың  сыны-

на  төзіп,  тезі-

нен өткен еліміз 

1991  жылдың  16 

желтоқсанында 

Тәуелсіздікке қол 

жеткізді.  Азат-

тықты  аңсаған 

ардақты  халқы-

мыздың  болаша­

ғына даңғыл жол 

2011 жылдың желтоқсан ай-

ында  Тұңғыш  Президент  күні 

Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ елі 

үшін жасаған еңбегін елеп, еске-

ру мақсатында күнтізбеге енді. 

Еліміздің жоғары заң шығарушы 

органы мұндай шешімді ең ал-

дымен 1991 жылғы 1 желтоқсанда 

өткен Тұңғыш Президент сайла-

уымен байланыстырады. Дәл осы 

1 желтоқсанда, алғаш рет өткен 

жалпыхалықтық сайлауда Егемен 

Қазақстанның негізін салушы – 

Нұрсұлтан  Назарбаев  Тұңғыш 

Президент болып сайланды. 

Тізгінді қолға алған күні-ақ Елба-

сы қазақстандықтарға алдағы өмірдің 

жеңіл болмайтынын, бірақ, жарқын да 

жақсы күндерге бірлік пен татулық, 

іскерлік пен қабілеттілік арқылы же-

туге болатынын уәде еткен. Расында, 

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан 

бастап мемлекеттік дамудың даңғыл 

жолына түсу – Елбасымыздың берік 

ұстанған бағыты. Қазақстан мемлекет-

тілігінің негізін қалаушы – еліміздің 

Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ха-

лықты жарқын істерге жұмылдыру, 

қоғамдағы татулық пен келісімді нығай-

ту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың 

ризашылығы мен құрметіне ие болған 

жаһандық және өңірлік бейбіт баста-

малардың авторы ретінде елдің сыртқы 

саяси бағытын дәл айқындау ісіне ора-

сан зор үлес қосып келеді. Мемлекет 

басшысының жан-жақты сараланған 

ішкі және сыртқы саясатының арқа-

сында еліміз саяси және әлеуметтік- 

экономикалық сілкіністерге ұшырамай, 

дербес  дамудың  өтпелі  кезеңіндегі 

қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, 

ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.

Рас, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 

жылы ішінде әлем мойындаған мемле-

кеттердің қатарына қосылды. Терезесі 

түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасыр-

лар бойы бабалар армандаған Тәуел-

сіздіктің Туы көкте көтерілді. Бірнеше 

елдермен дипломатиялық қарым-қаты-

нас орнап, өзінің қазақстандық даму 

жолын таңдады. 

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму 

тарихын бізге өткеннен іздеудің қажеті 

жоқ. Өйткені, біздің өзіміз тәуелсіз 

елімізбен бірге өмір сүріп келеміз. Тәу-

елсіздіктің қиыншылығын да, жемісі 

мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын 

өзіміз де бірге көріп, бірге ілгері жыл-

жудамыз. Содан да болар, елдің бүгінгі 

жетістігі мен табысы құдай берген 

несібе сияқты болып көрінуі де мүмкін. 

Бірақ, оның олай емес тігін, тәуелсіз 



тАрихи таңдау күні

елдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған 

жетістігін біз өзіміздің өткенімізбен 

және бүгініміз бен салыстыра отырып, 

тәуелсіздіктің жиырма бес жыл дық жо-

лын еңсеру бізге оңайға түспегендігін, 

мұның сарабдал жолында Елбасының 

даналығы мен көрегендігі жатқандығын 

айтқанымыз дұрыс.

Тұңғыш Президент күні – бұл та-

рихи таңдау күні. Тарихы да тереңде 

жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында 

тұңғыш рет қазақ даласында Президент 

сайлауы болып өтті. Бүкілхалықтық 

сайлауда дауыс берушілердің 98,7 да-

уысына ие болып, бірауыздан ел Прези-

денті атанды. Қазақстанның тағдырын 

өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл 

сол жылы 16 желтоқсанда бабалары-

мыздың арманына айналған Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздігін бүкіл 

елге жариялау бақытына ие болды. Ол 

елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде 

де үлкен құрметке ие.  

Бұл мерекенің тойлануының өзіндік 

ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы 

жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның та-

рихын танып, оның ел болып қалыптасу 

жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек 

еткенін жадында сақтайды. Жыл сайын 

Елбасы ел алдына шығып өзі жасаған 

жұмыстар жөнінде есеп беріп, елдің 

болашағы үшін алаңдап, алдағы жұмыс-

тарының жоспары ретінде Қазақстан 

халқына Жолдау жолдайды. Мұның бар-

лығы Нұрсұлтан Әбішұлының халқына 

деген сүйіспеншілігін, ел жүгін мойнына 

арқалай білгендегі жауапкершілігін ай-

қындайды. Сондықтан, аталмыш мереке 

үлкен қуанышпен аталып өтіледі. 

Осы орайда, Талдықорған маман-

дандырылған ауданаралық әкімшілік 

соты Тұңғыш Президент күнінің тарихи 

маңыздылығын және еліміздің өркен-

деу жолындағы бағытын  айқындау 

мақсатында Талдықорған қаласындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сы-

нып оқушыларымен кездесу өткізді. 

Ел Президентінің бастамасы бойынша 

2008 жылы Астанада алғашқы зият-

керлік мектебі ашылды. Бес жылдың 

ішінде зияткерлік мектептері еліміздің 

барлық өңірлерінде бой көтерген еді. 

Зияткерлік мектептерінде жоғары білік-

ті педагогтар дәріс береді, мектеп зама-

науи ғылыми-зертханалық және инте-

рактивті мультимедиялық жабдықпен 

жарақтандырылған. Зияткерлік мек-

тебінің осы және басқа да ерекшелік-

тері балалардың жан-жақты дамуына 

жағдай жасайды.

Сол себепті, осы айтулы  мереке 

қарсаңында осындай мектептің бірі-

не барып, өзара пікір алмасуды жөн 

көрдік. Талдықорған мамандандырыл-

ған аудан аралық әкімшілік соты қала-

мыздағы жоғары білім мекемелерімен, 

оның ішінде мектеп оқушыларымен 

осындай кездесулер өткізіп, өзара тығыз 

қарым-қатынас жасап келеді. 

Жоғарыда айтып кеткендей, еліміз-

дің қарқынды дамып, өркендеуіне үлес 

қосу жастардың міндеті. Тәуелсіздікті 

қорғап, алға жылжыту бағытында үл-

кен істер тындырылуы тиіс. Армандар 

– мақсаттарға, ал мақ саттар – нақты 

істерге айналуы тиіс.

Баршаларыңызды  осы  мереке-

мен құттықтап, өркендеу жолындағы  

еліміздің  жетістіктері өрлей берсін 

демекпін.  

Нұржан ҚАРАБАЕВ,

Талдықорған мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының 

төрағасы

АлМАТы ОБлыСы

Жиын

Кеше  Атырау  қаласындағы  

Н.Жантөрин атындағы филармония 

залында Тұңғыш Президент күніне 

арналған салтанатты жиын болды. 

Атырау  облыстық  ІІД  бастығы, 

полиция полковнигі Аян Дүйсембаев 

жиналғандарды мерекемен құттықтап, 

Ішкі  істер  министрінің    жолдаған 

лебізін оқып берді.

– Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл 

толды. Осы уақыт аралығында Елбасы-

мыз Қазақстанды халықаралық аренада 

жаңа деңгейге көтерді. Соның ішінде 

Ішкі істер саласының дамуында да 

Елбасының еңбегі өлшеусіз, –  деп атап 

өтті өз сөзінде департамент басшысы. 

Бұдан соң ІІД бастығының орынба-

сары, полиция полковнигі Қандарбек 

Бахтыгереев ҚР ІІМ және Атырау об-

лысы ІІД бастығының бұйрықтарымен 

таныстырды. Бұйрыққа сәйкес, кезек-

тен тыс полиция подполковнигі шенін 

Департаменттің Есірткі бизнесіне қар-

сы күрес басқармасының бастығы Рус-

лан Садировқа, Құрманғазы АІІБ аға 

учаскелік полиция  инспекторы Сағын-

дық Мадірге, «ҚР ІІМ Құқық тәртібін 

қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» 

Батыс Қазақстан облысы маман-

дандырылған ауданаралық эконо-

микалық сотының ұжымы балалар 

үйі тәрбиеленушілерімен кездесуді 

дәстүрге айналдырған. Тұңғыш Пре-

зидент күні қарсаңында сол жақсы 

дәстүрді жалғастырудың сәті түсті. 

Судья Н.Танкиева ата-ана қамқор-

лығынан  тыс  қалған  балалардың 

ортасында болып қайтты. Кездесу 

барысында балалар үйінде мерекелік 

шара ұйымдастырылды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері 

судьяға  өздерінің  оқудағы  және 

қоғамдық өмірдегі жетістіктері ту-

ралы айтып берді. Өз өнерін ортаға 

салған өрендерге судья сот ұжымы 

атынан сыйлықтар тарту етті. Кездесу 

соңында қонақтар тәрбиеленушілерді 

қызықтырған сұрақтарға жауап берді. 

Балалар мен тәрбиешілер қазыларға 

көрсеткен құрметтері үшін алғыста-

рын білдірді.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал