Принциптерін дамыту арқылы тасымалдау процесін қазіргі талаптарға және халықаралық



жүктеу 61.46 Kb.

Дата20.03.2017
өлшемі61.46 Kb.

№ 3 (88) 2012

419


принциптерін  дамыту  арқылы  тасымалдау  процесін  қазіргі  талаптарға  және  халықаралық 

стандарттарға сай қамтамасыз ететін жаңа технологияларды пайдалану көлік саласының сапалы 

өрлеуіне мүмкіндік беретіндігін шетел тәжірибесі растап отыр. 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылдарға  дейінгі  Көлік  стратегиясын  жүзеге  асыру  әлемдік 

көлік  жүйесіне  интеграциялану,  ұлттық  көлік  заңнамасының  халықаралық  заңдармен  үйлесімін, 

көлік  жүйесінің  бәсекеге  қабілетті  болуын  қамтамасыз  ету,  мультимодальді  тасымалды  дамыту, 

технологиялық  процесс  логистикасын  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру  мақсатында 

транзиттік  әлеуетті  қарқынды  дамытуды  және  республика  территориясына  халықаралық  көлік 

ағындарын тартуды қарастырады.

Көлік  логистикасы  мамандандырылған  логистикалық  орталықтар  арқылы  жүк  ағындарын 

оңтайландыру  мен  ұйымдастырудың  жаңа  әдістемесі  ретінде  көлік  ағындарының  тиімділігін 

арттыруға, көлік қызметін ұсынатын өндірушілер мен тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік 

жасайды.

Логистиканы  пайдаланатын  отандық  кәсіпорындар,  дәстүрлі  қалыпта  жұмыс  жасайтын 

кәсіпорындармен  салыстырғанда,  ішкі  және  халықаралық  тасымалдауларда  тұрақтылық,  болжау 

мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілік сияқты бірқатар артықшылықтарға ие. Келешекте логистика көлік 

компанияларына  ішкі  және  сыртқы  нарықта  қаржылық  тұрақтылыққа  жетуге,  тасымалдау  көлемін 

арттыруға мүмкіндіктер береді. 

Көлік дәліздерін дамыту және игеру – отандық тасымалдаушылардың көлік нарығындағы үлесін 

арттырудың бірден бір жолы. Көліктік қызмет экспортына  сұраныс    2015  ж.    әлемдік    көрсеткіш 

бойынша  жылына 8–           9 млрд. долл. жетуі мүмкін. Болашағы мол осы нарықта клиенттерге неғұрлым 

ұтымды  шарттар  ұсыну  –  маңызды,  әрі  шешімі  табылатын  міндет.  Шетелдік  тасымалдаушылар 

дәстүрлі айналмалы маршруттармен салыстырғанда, халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық 

құрамдасын пайдалану арқылы бір контейнерден 600 долл. дейін, әуе рейсінде 50 мың. долл. дейін 

үнемдейді.  Бұл  Қазақстан  Республикасы  арқылы  өтетін  транзиттік  ағындар  пайдасына  шешудің 

маңызды дәлелі бола алады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР статистика агенттігі. Статистикалық жылнама. - Астана, 2010.-516 б.

2. Сұлтанов К. Транзиттік жүк тасымалдары // Магистраль. – 2011. –  №3. – 7 – 8 б.

3.  Атамкулов  Е.Д.,  Жангаскин  К.К.  Железнодорожный  транспорт  Казахстана:  реструктуризация  и  пути 

интеграции в мировую экономику /Под общей ред. Р.К. Сатовой . – Алматы: Экономика, 2003. – 742 б.

4. Абдалиев С. Корпоративное  управление и стратегическое  планирование на железнодорожном транспорте 

// Магистраль. -2010. -№ 4. -15-19 б.

5. Исингарин Н.К. Транзит – это выгодно. Актуальные проблемы железнодорожного транспорта Казахстана. 

- Алматы: Экономтрансконсалтинг, 2007. – 76 б. 

Редакцияға 15.02.2012 қабылданды.

А.Қ. НҰРҒАЛИЕВА

ӘДЕБИЕТ ПӘНІ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ТҮРЛЕРІ

Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  басты  мақсаты  –  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау.  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды 

қалай  тәрбиелесе Қазақстан  сол  деңгейде болады. Сондықтан  ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр»  

деп баса көрсеткендей,  ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру  

бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында [1].  

Мемлекетіміздің іргелі ел болып қалыптасуы үшін өз тілін қадірлеп, қастерлеп, аялай алатын, сөз 

өнерінің  құдіретін  түйсіне  білетін саналы  жас ұрпақ  тәрбиелеу  -    ұстаздың  міндеті. Әсіресе,  адам 

бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер 

мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы  әдебиет пәнінің әр сабағы десек болады.

 «Әдебиет – сөз өнері”, өнердің бір саласы. Әдебиет пәні - өнер пәні, «адам тәрбиелеу құралы» 

десек, ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана 

алып  беріп  қоймайды,  ең  бастысы,  өмірдің  ең  қымбаттысы,  ең  асылы  –  жақсылық  пен  ізгіліктің 

ұрығын себеді. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, 

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

420


адамзатты  құрметтеуге  дейінгі  сезімдері  тәрбиеленеді.  Әдебиет  арқылы  жасөспірімдер  алдында 

еліміздің  тарихы,  оның  ғасырлар  қойнауында  қалған  сөз  сандығы  ашылады,  солар  арқылы  халық 

арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. 

Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауы  шын  мәніндегі  басты  жаңалық  пен  жақсылықтың 

нышаны  болды.  XXI  ғасыр  деңгейінде  білім  беру  мен  кәсіптік  даярлау  тақырыбы  -  Жолдаудың 

басты  бөлімдерінің  бірі  “Қазір  бой  жарыстаратын  емес,  ой  жарыстыратын  заман”  деп  Елбасымыз 

айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз.  Бұл  Жолдау көзі қарақты, көкірегі 

ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді [2]. “Сабақ беру үйреншікті жай 

шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж.Аймауытов 

айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл өнер сабағы. 

Асыл  сөз  өнерін  терең  ой  мен  эмоция,  сезімге  беріліп,  шабыттана  қиялдау,  елестету,  болжау  мен 

оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі 

күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.

Білім  беру  жүйесіндегі  түбірлі  өзгерістер  мектеп  мұғалімдерінің,  жалпы  оқытушы  қауымның 

шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  үлкен  жол  ашуда.  Олар  өздерінің  тәжірибелерінде  сабақтың 

көптеген  түрлерін  кеңінен  пайдалануда.  Оқыту  барысының  нәтижелі,  жемісті  болуы  мұғалім  әдіс-

тәсіліне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мұғалім мен оқушының арасындағы 

арақатынас, яғни мұғалімнің оқытуы, оқушының оқуы деген мәселе жүзеге асады. Бұл қызмет оқыту 

әдістеріне  жатады.  Оқыту  процесі  оқыту  әдістері  арқылы  жүзеге  асады.  Әдебиетті  оқытуда  сөздік 

әдіс,  көрнекілік  әдіс,  тәжірибелік  әдіс,  түсіндірмелі-иллюстративтік  әдіс  немесе  репродуктивтік 

әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, 

мәнерлеп  оқудың  орны  ерекше.  Білім  берудің  жаңа  мазмұны  оқушы  мен  мұғалімді    үздіксіз  білім 

алуға  қажеттілігін,    жаңа  білім  игерудегі  шығармашылық  қарым-қатынасын,      өз  еркінше  білім 

мен  іскерліктерін  қалыптастыруға  негізделеді.    Жаңа  заман  мұғалімі  өз  білімін  қолданумен  қатар, 

шәкірттерін  зерттеушілік-ізденушілік  әрекетін  ұйымдастырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  керек. 

Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін  мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер 

мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай 

отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін береді. 

Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық 

және  ойлау  қабілеттерін  дамытып  отырады,  ал  педагогтар  үшін  кәсіби  шеберліктерінің  өсуіне 

жәрдемдеседі.  Оқытудың  жаңа  технологиялық  әдістерін  пайдалана  отырып,  өздіктерінен  ойлана 

алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.

Әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыру үшін дәстүрлі және 

дәстүрден тыс оқыту түрлерін қолдануға болады. Сонымен қатар ақпараттық технологияның қазіргі 

кездегі қол жеткізген жетістіктерін сабақ оқыту барысында тиімді пайдалану мұғалімнің тәжірибесіне 

байланысты  болып  табылады.  Әлбетте,  дәстүрлі  сабаққа  аралас  сабақ  жатады.  Мектепте  барлық 

пәндер бойынша оқытылатын сабақ типтері мынадай:

1.    Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары

2.    Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;

3.    Қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;

4.    Білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау-тексеру сабақтары;

5.    Аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі [3, 288]. 

Оқыту үрдісінде сабақтың бұл түрі жиі қолданылады. Оның құрылымы алты элементтен тұрады:  

ұйымдастыру  кезеңі;    үй  тапсырмасын  сұрау;  жаңа  сабақ  материалын  түсіндіру;  жаңа  материалды 

бекіту; үйге тапсырма беру.

Сонымен қатар қазіргі кезде сабақ оқыту барысында оқытушылар оқытудың дәстүрден тыс түрін  

қолданысқа енгізуде. Қ.Бітібаева сабақтың дәстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: 

1. Дәріс сабақ. 

2. Семинар сабақ. 

3. Пәнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос)үштік сабақ.

4. Конференция сабағы. 

5. Сот сабақтары. 

6. Жәрмеңке сабағы. 

7. Пресс-конференция сабағы. 

8. Концерт сабағы. 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

421


9. Пікірталас сабағы.

10.Айтыс сабақтар. 

11. Композициялық сабақ. 

12. Әдеби монтаж сабағы. 

13. Көзқарас сабағы (урок «Взгляд»). 

14. Брифинг сабақтары. 

15. Ерлік сабағы. 

16. Іздендіру сабағы. 

17. Кездесу сабақтары. 

18. Практикалық сабақтар. 

19. «Ұлылар мінбесі» сабағы. 

20. Емтихан, есеп-сынақ сабақтары. 

21. Реферат қорғау сабақтары.  

22. Пікір қорғау сабақтары. 

23. Көкпар сабағы. 

24. Жарыс сабағы.

25. Ойын сабақтары  [4, 264]. 

Сабақтың  бұл  түрлерінің  қай-қайсысын  алып  қарасаңыз  да  баланың  танымдық  белсенділігін 

арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай 

сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, 

білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды. Осындай сабақ барысында оқушылар 

өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады.

Оқытудың  қандай  әдіс-тәсілдерін  қолданбасын  ол  оқушыға  түсінікті  әрі  жеңіл  болуы  шарт.  Әр 

ұстаз,  жас  маман    біріншіден,  педагогикалық  шығармашылық    пен  шеберлігін  арттыруы  қажет, 

екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай, оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу 

керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына 

сай құрастырылғаны жөн.

«Қалыпты  сабақтан  дәстүрлі  емес  сабақтың  өзгешелігі,  жалпы  сабақтың  дәстүрлі  құрылымы 

сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді» [4, 15]. Дегенмен, дәстүрлі сабақ құрылымы 

дәстүрден тыс сабақ түрлерінде толық сақтала бермейді. Дәріс, (қос)үштік сабақтарында оқушыларды 

бағалау кезеңі болмайды. Практикалық, семинар сабақтарында жаңа материал өтілмейді. Ал қайталау 

мен білімді тексеру сабақтарында үйге тапсырма беру және оқушылар білімін бағалау кезеңдері ғана 

болады. Қайталау сабағы типіне жататын сабақ түрлерінің әрқайсысының арнайы құрылымы, ережесі, 

тәртібі болады. 

Мысалға  дебат  сабағын  алайық.  Әдебиет  сабағын  дебат  түрінде  өткізу  үшін  төмендегідей 

талаптарды есте ұстау қажет:

1. дебат сабағының айқын мақсаты болуы керек;

2. дебат сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек;

3. оқушылар дебат сабағы алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс;

4. дебат сабағының тақырыбы талас туғызатындай болуы керек;

5. оқушылар дебат сабағына толық қатысуы тиіс;

Дәстүрден тыс сабақтың бір түрі ретінде дебат сабағының білімділік мақсаты тақырып бойынша 

білім толықтыру, дамытушылық мақсаты оқушының ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, 

танымдық  белсенділігін  арттыру,  өз  бетінше  жұмыс  жүргізу  және  ой  қорытуға  дағдыландыру, 

ізденімпаздыққа  үйрету  болатын  болса,  тәрбиелік  мақсаты  адамгершілікке,  еңбексүйгіштікке, 

ұйымшылдыққа,  достық  көмек  беруге  ұмтылуға  үйрету  болып  табылады.  Міндеті  –  тақырыпты 

толық меңгерту, оқушының қызығушылығын туғызу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету 

және сөйлеу мәдениетіне төселдіру. Бұл ретте, сабақ мақсат-міндетінің тақырып ерекшелігіне қарай  

айқындалатынын атап өтеміз.

Ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім 

өз  білім-білігін,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  және  жаңа  педагогикалық 

технологияны меңгеруі тиіс. 

Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық 

оқу-әдістемелік  жүйеге  жаңа  талап  қойылды.  Осы  талаптарды  ескере  отырып,  оқушыны  оқуға 

қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, 

оқушылардың ойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

422


Бұл ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. XXI ғасырдың 

басты  талабы    оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық, 

ғаламдық,  коммуникациялық  желілерге  шығу  болып  табылады.  Ал  бұл  сауаттылықтың  алғашқы 

баспалдағы  мектептен  басталады.  Сабақты  ақпаратты-қатынастық  технологияларды  қолдана 

отырып  өткізу  –  жаңа  білім  берудің  басты  шарты.  Қандай  да  бір  тақырыпты  игеру  кезеңінде  ең 

бастысы  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытып,  таным-түйсігін  жетілдіруде  оқытушы  қызметі 

өте жоғары. Қазіргі таңда оқушының ойлап қана қоймай, өз көзқарасын білдіріп, басқалармен сөз 

таластыра  алатындай  дәрежеге  қол  жеткізуі  ең  бірінші  ұстаздың  еңбегі  болып  табылады.  Сабақ 

оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны,  интернет жүйесін пайдаланудың маңызы зор. Бұл мұғалімнің 

тапсырмасын  оқушы  өзі  жан-жақты  ізденіп,  саралап,  жүйелеп  отырып  орындауына  мүмкіндік 

туғызады.  Оқушылардың  ой  еркіндігін  жетілдіру  ғылыми  шығармашылыққа  баулу  -  білім  беру 

ісін  демократияландырудың  негізі  болып  табылады.  Әсіресе,  әдебиет  пәнін  тереңдетіп  оқытуда 

оқушыларды  ғылыми  жұмыстарға  баулу  тәсілдері,  әр  түрлі  ізденіс  сипатындағы  тапсырмаларды 

жүйесімен  нақты  орындату  мұғалімнің  ізденімпаздығын  көрсетеді.  Мысалы,  М.Әуезовтің 

бәрімізге белгілі «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейбір бөлімдерін талдау барысында мұғалім 

оқушылардың өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді. Кеңес үкіметі кезінде жазылған романда 

Абай кедейлердің жақтаушысы да, ал оның туған ікесі Құнанбай нағыз қаніпезер ретінде суреттеледі. 

Кейінгі кездері осы эпопеяны талдаған көптеген ғалымдарымыздың зерттеу еңбектерін оқушылардың 

өздеріне іздету арқылы тарихи шындықтың олай емес екеніне көз жеткізулеріне болады. Романдағы 

көптеген тарихи тұлғалардың «қылышынан қан тамған қызыл кеңес» кезіндегі саясаттың құрбаны 

екендігін де оқушылардың өздері айта алатындай дәрежеге жеткізе білген мұғалім- нағыз әдіскер, 

шебер  ұстаз. 

Жаңа  технологиялық  үрдістің  кең  таралуының  еркіндігін  әр  пән  мұғалімдерінің  өздерінің 

дәстүрлі сабақтарынан бастап әр тараптанылған сабақ түрлерін, ашық сабақ үлгілерін компьютерді, 

интербелсенді тақтаны, электронды оқулықты, мультимедия кабинетін еркін меңгере отырып өткізуі 

үлкен жетістік [5]. Технология - қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын 

ала ойластырылған нақты жобасы, ягни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын 

жобасы. Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология 

–  бұл  қандай  да  бір  жұмысты,  өнерді  шеберлікпен  іске  асыру  жиынтығы.  Әдебиет  сабақтарында 

сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық 

маңызы  мен  мәні  зор  идеяларды  игеруге  болатын  нақтылы  әдістер  және  тәсілдер.  Инновациялық 

білім  -    іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  пәндердің  мазмұнын  тереңдетуге,  ұстаздың 

кәсіптік  шеберлігін  арттыруға,  оқу  ісін  дамытуға  бағытталған.  Ең  бастысы,  оқушыны  келешек 

өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды. Заман талабына сай 

шәкірт  шығармашылығын  дамытуға,  мұғалімнің  қажеттіліктеріне  жан-жақты  жауап  беретін  тиімді 

технологиялар шексіз.  Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап 

анализ жасау - әр ұстаздың міндеті. 

Сонымен  сабақ  түрлері  өтілетін  тақырып  ерекшелігі,  сынып  оқушыларының  құрамы,  жас 

ерекшелігі,  білім  дәрежесі,  сондай-ақ  сабақ  мақсатына  байланысты.  Ал  сабақтың  ойдағыдай  өтуі 

пән  мұғалімінің  теориялық  білімі  мен  дайындық  деңгейіне,  сынып  оқушыларының  оқу-танымдық 

іс-әрекетін ұйымдастыра алуына және сол іс-әрекеттің нәтижесін болжай білуіне  байланысты дегіміз 

келеді.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі. -№2, 2000. 

2.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  –  2030».  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы.  -  Алматы.  «Білім 

баспасы», 1998.

3.  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.. Педагогика. –Алматы: Эверо, 2004. -420 б.

4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. -Алматы: Мектеп, 2003.  -336 б.

5.  Мұхаметжанова  С.Т.,  Жартынова  Ж.Ә.  Интерактивті  жабдықтармен  жұмыс  жасаудың  әдіс-тәсілдері. 

-Алматы, 2008. -15 б.



Редакцияға 20.01.2012 қабылданды.

Split by PDF Splitter






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал