Президент



жүктеу 392.92 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі392.92 Kb.
  1   2   3   4

«ХХІ ғасырдың ең басты 

заңы – татулық!»



Ерліктері мәңгілік есімізде!

ПРЕЗИДЕНТ   

ҚҰТТЫҚТАДЫ

№ 9 (166),  

мамыр, 2014 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтіп, онда «Қазақстан - 2050» Страте-

гиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбын қамтыды.

«Стратегияда біздің ұлы көпэтникалық халқымыздың даналығы көрініс тапты. Ол біздің бірегей мәдениетіміздің 

принциптеріне, бейбітшілік пен рухани келісімге негізделген», - деді Елбасы өз сөзінде. Бұл ретте Елбасы Қазақстан 

халқы Ассамблеясы - бүкілхалықтық уәкілдік пен барлық азаматтардың мүдделерінің инновациялық моделі екендігін 

атап өтті. 

«ҚХА – әлем мәдениетінің, рухани келісімнің негізгі принципі, фундаменті. ҚХА – бүкілхалықтық уәкілдік 

пен барлық азаматтардың мүдделерінің инновациялық моделі, жас демократиямыздың табысты құралы. Ол барша 

Қазақстанда 820 этномәдени бірлестіктің қызметін шоғырлап отыр», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Елбасы 

ұлтты ұйыстыратын Ассамблея институтын одан әрі дамыту, елдегі тұрақтылықты сақтау мен экономикалық өрлеуге 

қажетті тың тетіктерді жария етті.

Мұнымен қоса, Елбасы толеранттылық, дос тық пен бауырластық идеяларын қазақстандықтардың жаңа буынының 

бүкіл ғасырларға қа былдауының жақсы нышанын көретіндігін және бәрі міздің мақсатымыз бір – біздің ортақ 

Отанымыздың өркендеуі екендігін тілге тиек етті.  – «ХХІ ға сыр дың ең басты заңы – татулық!».

Айта кететін жәйт,  аталмыш шараға бейбіт шілік, руханият және келісім мәде ниеті, ынтымағы жарасқан Ел бо-

луымызды қолдау аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік және азаматтық даму 

жөніндегі департаментінің қызметкері Г.С. Алғалиеваның жетекшілігімен Жастар саясаты орталығының студенттері 

де белсене атсалысты. 

Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын студент-жастар еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, 

өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлесін қосуға жұмыла атсалысатындықтарын 

жеткізді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкер-

шілік жүктеліп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын біздер. От-

анымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз.  Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел 

Мәңгілік Қазақстан!

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ:

Еуразия ұлттық университетінде профессор, «Еуразия» ғылыми-

зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, Мемлекеттік сыйлықтың 

иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, түрколог-ғалым, жазушы Қойшығара 

Салғараұлының 75 жасқа толуына байланысты «Ұлы Даланың тарихы: 

түріктер мен моңғолдар» атты дөңгелек үстел өтті. 

Жиын  барысында  университет  ректоры Ерлан Сыдықов 

Қ.Салғараұлын құттықтай келе, ҚР Президентінің құттықтау хатын оқып 

берді. 

«Құрметтi Қойшығара Салғараұлы! 75-ке толған мерей жасыңыз 



құтты болсын! Халқымыз өзiңiздi белгiлi журналист және ұлтымыздың 

көне тарихын зерттеп, зерделеп, жиған-тергенiн оқырманына жеткізуге 

бар күш-жiгерiн жұмсап келе жатқан қаламгер ретiнде жақсы бiледi. Сiздiң 

шығармаларыңыз тарих ғылымын насихаттауға, ұлтымыздың өткенiн танып, 

салт-санасын қалыптастырып, дамытуға қосылған үлес болып табылады. 

Еңбегiңiз елiмiздiң мемлекеттiк сыйлығымен атап өтiлдi. Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткерi құрметтi атағына ие болдыңыз. Денсаулығыңыз 

зор, отбасыңыз аман-есен болып, еңбегiңiздiң зейнетiн ұзағынан көре 

беріңіз!»  делінген Мемлекет Басшысының хатында. 

Осы сөздерден кейін,  университет ректоры Е.Сыдықов танымал 

тарихшыға Еуразия ұлттық университетінің ең жоғары марапаты – 

«Гумилев» медалін тапсырды.

Бабаларымыздың аңызға айналған батырлықтары, аталарымыз бен әкелеріміздің қайталанбас ерліктері қашан да ұрпақ есінде. Туған халқының сүйемдей жерін жау аяғына 

таптатпай, намысын найза ұшына байлаған, осынау ұлан-байтақ жерін көзінің қарашығындай сақтаған саналы ұрпақтарымен өскен,  өркендеген бұл – Қазақ Елі! Сондықтан еліміз 

Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бастап 7 мамырды Отан қорғаушылар күні мерекесі етіп белгіледі. Бұл мереке кешегі қылышынан қан тамған фашистерді жеңген майдан 

жеңімпаздарының атаулы мерейтойы 9 мамыр Ұлы Отан соғысы ардагерлері мерекесімен қатар тойланады. Демек, дәстүр жалғасты, ұрпақ сабақтастығы парасаттылықпен жалғасып 

отыр.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен  әлемдік өркениетке ұмтылып, бейбітшілік пен жариялылықты басты бағдарламасы етіп ұстанған мемлекетіміздің жеткен 



жетістіктері жетерлік. Аз жылдар ішінде іргесі берік, шаңырағы биік болып, халқымыз алаңсыз еңбек етіп жатқан Отанымыздың тыныштығын, шекарасының беріктігін сақтау елін 

сүйген әр азаматтың   ең қасиетті борышы, абыройлы қызметі болып қала берері сөзсіз. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып шығармашылық табыс, отбастарыңызға бақ-

береке келсін деп тілеймін! 

Құрметпен, ректор Ерлан СЫДЫҚОВ


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ллорет  де  Мар  қаласында 

(Испания)  өткен  «World  of 

Dance»  халықаралық  байқауға 

алыс  және  жақын  шетелдерден 

келген 


(Испания, 

Ресей, 


Беларусь,  Польша,  Румыния, 

Венгрия,  Украина  және  т.б.) 

бишілер тобы бақ сынасты. 

Қазақстан  туын  әлемдік 

деңгейде  желбіретіп  қайтқан 

Л.Н. 


Гумилев 

атындағы 



«Самұрық» шоу-балеті 

Испаниядан жеңіспен оралды

Еуразия 


ұлттық 

у н и в е р с и т е т і н і ң 

«Самұрық» 

шоу-


балеті  Бас  жүлде 

– 

Гран-приді 



қанжығасына  бай-

лап  қайтты.  Айта 

кететін 

жәйт, 


«Самұрық» 

шоу-


балеті  2  номинация 

бойынша  «Ұлттық 

би»  және  «Аралас 

хореграфия» 

өз 

өнерлерін көрсетті. 



Әрбір  би  өз  тарихы  мен 

мәні  және  отаншылдық  рухы 

кернеген көрініске толы болды. 

Сонымен  қатар  Ллорет-де-Мар 

қаласының  мэрі  «Самұрық» 

шоу-балетіне  алғыс  білдіріп, 

естелік сыйлықтар табыс етті.

«Самұрық»  шоу-балеті  Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры 

Ерлан Сыдықовқа және «Сенім» 

Коллектив физико - 

технического факультета 

поздравляет старшего 

преподавателя кафедры 

"Общая и теоретическая 

физика" Мырзакулова Ерлана 

Муратбаевича с утверждением 

ученой степени доктора PhD по 

специальности «6D060400 – 

Физика»  и желает ему  дальнейших 

научных успехов и достижений.  . 

Он успешно защитил диссертацию 

на соискание ученой степени 

доктора PhD на тему «Точные 

космологические решения 

некоторых моделей гравитации 

со скалярными и фермионными 

полями» в диссертационном 

совете при КазНУ аль-Фараби. 

Диссертационная работа 

выполнена под руководством 

доцентов Г.Нугмановой и К. 

Ержанова при общем научном 

руководстве заведующего 

кафедры “Общая и теоретическая 

Присвоение ученой степени

физика” профессора 

Р. Мырзакулова. 

Зарубежным научным 

консультантом является 

профессор  Д.Синглетон  

(Ка  лифорнийский 

Го -


сударственный уни-

верситет, США).

Научными инте-

ресами Мырзакулова 

Ерлана являются 

теоретическая и 

математическая физика, 

астрофизика, космология 

и гравитация. По теме 

диссертации им были 

опубликаны 16 работ, из них 6 в 

зарубежных научных журналах. 

При этом, следующие 5 статей 

опубликованы в зарубежных 

 

журналах с высокими импакт 



фактором согласно Thomson Re-

uters:


В настоящее время Е. 

Мырзакулов занимает должность 

старшего преподавателя кафедры 

“Общая и теоретическая физика” 

и ведет активные научные 

исследования по современным 

проблемам теоретической 

астрофизики и космологии. 

На данный момент его индекс 

Хирша (H – индекс) равен H=4, 

а индекс цитируемости равен 48 

(сайт: www.scholar.google.com). 

Согдасно базы данных Thomson 

Reuters его индекс Хирша равен 

H=3 и индекс цитируемости более 

28 (сайт: www.webofknowledge.

com).

Жаһандық өзекті 

мәселелер қаралды

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің жетістіктері-

не арналған Ғылым декадасы мен тұсаукесер-көрмесі осы 

факультеттің деканы Н.Л.Шапековның құттықтау сөзімен 

ашылды.

Ғылым декадасының аясында өткен «Заманауи 



ғылым: көкейтесті мәселелер және оларды шешу жолдары. 

Қазақстан-2050: стратегиясы: қазіргі заманның 5 қауіп-

қатері» атты ғылыми-практикалық конференцияда бел-

гілі ғалымдармен қатар студенттер мен магистранттар 

және докторанттар баяндамалар жасады. Олар негізінен 

әлемдегі демографиялық үйлесімсіздік, жаһандық азық-түлік 

қауіпсіздігінің қатері, судың өткір тапшылығы, жаһандық 

энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың таусылуы 

сияқты өзекті проблемаларға арналды.

Конференцияда г.ғ.д., профессор О.Б.Мазбаев пен б.ғ.д., 

профессор М.Ж.Нұрышевтың кіріспе сөздерінен кейін до-

кторанттар Н.Б.Қасенова мен И.В.Корольков, студенттер 

А.Н.Рахманова, Р.А.Төртаева, А.Ерімбетова, З.Тұрсымуратова, 

Ұ.Ә.Жамалбек, А.С.Қуанышбаев және басқалар өздерінің 

тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.

Халықаралық деңгейде студенттер алмасу рекрутингі 

бойынша өткен семинарда ESA Groupe менеджері Катрин 

Пелье ЖҒФ-нің студенттері мен магистранттары және докто-

ранттары үшін арнайы дәріс оқыды

ESA Groupe-нің әлемнің 40 елінде 136 халықаралық серік-

тестері бар. Жыл сайын ESA Groupe-нің 500 cтуденті шет ел-

дерде оқиды, сол сияқты біз де шет елдердегі серіктес универ-

ситеттерден 300 студенттер мен профессорларды шақырып 

отырмыз. Біз бүгінде Еуропа елдерімен ғана емес, Бразилия-

мен, Ресеймен және Қытаймен тығыз байланыс орнатып жа-

тырмыз.


Ғылым декадасының жабылу салтанатында оған 

қатысушыларға сый-сияпат көрсетіліп, оның аясында өткен 

шаралардың жоғары деңгейде өткендігі атап көрсетілді.

М.Жүніс

кәсіподақ  комитетіне  қолдау 

көрсеткені үшін зор алғыстарын 

білдіреді.

Еліміздің 

абыройын 

асқақтатып, 

мемлекетімізді 

бүкіл  әлемге  паш  еткен  жалғыз 

бишілер  тобы  -  «Самұрық» 

шоу-балеті  болды.  «Енді  білім 

ордамызды 

халықаралық 

деңгейде  тек  жоғары  беретін 

оқу  орны  ретінде  ғана  емес, 

сондай-ақ,  студент-жастардың 

шығармашылық  тұрғыдан  да 

дамуларына  жағдай  жасап  келе 

жатқан  оқу  ордасы  ретінде 

танитын  болады»,-деп  атап 

өтті  «Самұрық»  шоу-балетінің 

мүшесі.


«Самұрық» 

шоу-балетін 

жеткен 

жетістіктерімен 



құттықтай келе, алдағы уақытта 

шығармашылық  шабыт  пен 

еңбектеріне мол табыс тілейміз.  

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті Қазақстандағы бірден- бір жоғары 

оқу орны. Сондықтан да болар АҚШ Мемлекеттік 

хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша 

көмекшісі Ниша Десаи Бисвал Қазақстанға келген 

сапарында Еуразия ұлттық университетіне арнайы 

ат басын бұрды. Мәртебелі мейман алдымен оқу 

орнын аралап көрді, америкалық дипломатты қатты 

қызықтырғаны Түркі жазуының мұражайы мен 

Күлтегін ескерткіші болды.

Шетелден келген мейманға Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтар сөзін 

тасқа қашап қалдырып кеткен Күлтегін жазуларының 

мән-мағынасын түсіндірді. Одан соң Ниша Десаи 

Бисвал халықаралық қатынастар факультетінің 

оқытушылары мен студенттері алдында лекция оқыды. 

Әуелі сапар мақсатын сөз еткен көмекші Қазақстан 

мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық 

ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағына 

тоқтала келіп, Қазақстанның Орта Азияда көшбасшы 

мемлекет екенін жеткізді.

 - Мен бүгінгі аудиториядан сіздердің көздеріңе 

қарап, өз  еліне деген сүйіспеншілік пен болашаққа 



АҚШ Мемлекеттік хатшысының 

көмекшісі дәріс оқыды

деген оптимистік ұмтылысты 

байқадым, - деді Ниша 

Десай Бисвал. – Қазақстан 

географиялық жағынан да, 

тарих жағынан да бай ел, әсіресе 

болашағы жарқын: экономика, 

білім, ғылым, шағын және орта 

бизнес, өнеркәсіп, өндіріс, 

саясат, тіпті дипломатиялық 

қарым-қатынасқа дейін 

сырткөз қызығарлықтай. 

Сіздердің мемлекет Орта 

Азия аймағында көш бастап 

тұр: алға қойған мақсаттары 

айқын, әлемдік аренада өзіндік 

орны бар. АҚШ әрдайым 

Қазақстанның көш басынан 

көрінуін қолдап-қуаттайтынын 

өткен аптада Президент 

Обама Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевпен кездесуінде 

айтқан болатын.

Сауда және инвестиция саласы лекцияның 

маңызды тақырыбына айналды. Еліміз тәуелсіздік 

алғаннан бергі қазақстандық экономикаға құйылған 

америкалық инвестицияның көлемі 25 млрд. АҚШ  

долларын құраса, бірлескен кәсіпорындар саны 300-ге 

жеткен. Өткен жылы Қазақстан мен Америка Құрама 

Штаттары арасындағы тауар айналымы 2,75 млрд.  

долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 

тоғыз пайызға артқан.

Сондай-ақ Ниша Десаи Бисвал Қазақстан мен 

АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті әрі 

қарай кеңейту мен тереңдету жайын әңгімелей келіп, 

эстремизм, терроризм, ядролық қару тақырыбын 

сөз етті: Оңтүстік және Орталық Азиядағы ахуал

Украинадағы дүрбелең де лекция тақырыбынан тыс 

қалған жоқ.

Лекция соңында университеттің оқытушылары 

мен студенттері дәріс оқыған америкалық дипломатқа 

көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды 

жауап ала білді.

   


Баспасөз қызметі

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

Кәсіби білім сапасы артады

Түркі әлеміндегі 

ынтымақтастық

Еуразия  ұлттық  университеті 

мен Түркі Академиясы арасында 

«Ынтымақтастық туралы» Меморандумға 

қол қойылды. Үстіміздегі жылдың 18 мамыр 

күні Халықаралық түркі жазуының күні 

аталып өтеді. Естеріңізде болса, осыдан 

тура бір жыл бұрын Еуразия ұлттық 

университетінде Қазақстан Республикасы 

Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-

мәдени даму комитетінің төрайымы 

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен 

көшпелі мәжіліс өткен болатын. Онда 

көшпелі мәжілістің күн тәртібіне Руна 

жазуының күнін атап өту туралы мәселе 

қойылып, түркітанушы ғалым Мырзатай 

Жолдасбеков Руна жазуының күнін 

үстіміздегі жылы 18 мамырда атап өтуді 

ұсынған болатын. Ғалымның бұл күнге 

тоқтауының да өзіндік себебі бар: 18 мамыр 

– Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетіне Күлтегін ескерткішінің 

көшірмесі қойылған күн.

Еуразия  ұлттық  университеті мен Түркі 

Академиясы арасында «Ынтымақтастық 

туралы» Меморандум  Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан Сыдықов 

пен Түркі Академиясының президенті 

Дархан Қыдырәлінің қолымен бекітілді.

Шара барысында Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан Сыдықов 

және Түркі Академиясының президенті 

Дархан Қыдырәлі ыстық ықыластарын 

білдіре келіп, қос тарап та атқарылып 

жатқан ілкімді істерін атап өтті, сондай-ақ 

алдағы уақытта Меморандум шеңберінде 

көптеген істің атқарылатынын жеткізді.

Салтанатты қол қою рәсімінен кейін 

18 мамырда «Күлтегін күні» аталып 

өтетіндігі және ол күн «Түркі жазуының 

күні» болып белгіленді. Айта кетері, бұл 

шара Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар 

Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінде 

де аталып өтілмек. 

Басқосу соңында Л.Н.Гумилев 

атындағы   Еуразия  ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Сыдықов маңызды датаға 

байланысты ЕҰУ-де арнайы ғылыми 

симпозиум өткізу жөнінде ұсыныс білдірді. 

Бастама бірауыздан қолдау тапты. 

 

Баспасөз қызметі

Университетімізде 

тағылымды 

шаралар  жиі  өтіп  тұрады.  Солардың 

бірі    –  «Отырар»  кітапханасында  өткен  

Қазақстан 

Республикасы 

Парламенті 

Мәжілісінің  депутаты,  Ауған  соғысының 

ардагері, 

генерал-лейтенант, 

Халық 


қаһарманы  Бақытжан  Ертаевпен  жүздесу. 

«Қазақстандық  патриотизм  және  оның 

рухани тамыры» тақырыбына өткен кеш өте 

әсерлі болды. 

Бақытжан  Ертаев  жиналған  қауымға 

өзінің  балалық  шағы  мен  әскери  өмірі 

туралы  әңгімелеп  берді.  Студент-жастар 

кезінде    Ауған  даласында  соғысқан 

батырдың  естеліктерін  ерекше  ықыласпен 

тыңдады:


-  Сіздер  бақыттысыздар,  бейбіт  елде 

өмір  сүріп  отырсыздар,  болашаққа  деген 

сенімдеріңіз  зор.  Алдарыңызда  өркениетті 

өмірдің  есігі  ашық,  бірақ  осынау  өмірге  тұтас  халықтың  тарихы  негіз  болғанын 

естеріңізден шығармауларыңыз керек. Өз тарихын, өз тілін білмейтіндер патриот емес. 

Мәңгілік елдің мәңгілік тілін сақтаңдар. Ең бастысы - Отанды сүю, тарихты құрметтеу 

керек. Бұл жастарға айтар өсиетім, - деді кездесуде Халық қаһарманы.

Сондай-ақ  Халық  қаһарманы,  генерал-лейтенант  Ертаев  өзінің  жадында  қалған 

оқиғаларымен,  басқа  да  ойларымен  бөлісе  келіп,  бүгінгі  жастарды  патриот  болуға 

шақырды: «Біз, барлығымыз патриотпыз! Патриот болу дегеніміз – өз Отаныңды шын 

жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету», – деді ол. 

Кездесу соңында жиналған студент-жастар Батыр ағаларымен бірге естелік-суретке 

түсті: ол ертеңгі тарихтың жарқын беттерінен орын алары сөзсіз.

Халық қаһарманымен кездесу өтті

Білім алу мен ізденушілік қасиеті адам баласына о бастан Жаратқанмен берілген десек қателеспейміз. 

Адам баласын басқа тіршілік иелерінен ажырататын да осы ойлау қасиеті. Осы қасиетінің арқасында адам 

баласы табиғатты өзіне тәуелді етіп, бүкіл тіршілік әлемінің иесіне айналды. Қоршаған ортаны танып білуге 

құштар болған ежелгі ғұламалардың еңбектерінің негізінде бүгінгі ұрпақ сан алуан даналық ойдың иесіне 

айналды. Осының барлығы адамның білім алу және өзін-өзі жетілдіру қызметінің нәтижесі.

Ежелгі  Қытайдың  данышпаны  Конфуцийдің «Бір нәрсеге қолың жетпей немесе бір нәрседен айырылып 

қалатындай үреймен білім алу керек» деген сөздері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтар емес. Мұндай қанатты 

сөздерді орыстың ұлы ойшылы М. Горькийдың «Білімнен қаһарлы күш жоқ: білімді адам еш уақытта 

жеңілмейді. Жақсы өмір сүру үшін, жақсылап жұмыс істеу керек, ал аяғыңда нық тұру үшін  көп білу керек» 

деген сөздерімен жалғастырсақ, білімнің орны өмірде теңдесі жоқ екендігін аңғарамыз.

Білім адам баласына өмір сүру үшін қажет құрал. Ал кәсіби білім бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүрудің 

кепілі. Сондықтан да, мемлекеттер өз адамдарының кәсіби білім алуына жағдай жасап, біліктілігін көтерудегі 

саясатын белсенді жүргізуде. Қазақстан да осы салаға көп көңіл бөліп, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің 

арасынан орын алуға тырысуда.      

Кәсіби білім туралы мемлекеттің саясаты  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

2012 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты. Бұл құжат уәкілетті органдар үшін 

білім саласындағы дамудың одан арғы мақсатын анықтады – қазіргі заманғы және тиімді білім беру жүйесін 

қалыптастыру.  Соның ішінде, «Қазақстан-2050» Стратегиясында инженерлік білім беру жүйесін дамыту, 

білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту, білім беру әдістемелерін модернизациялау 

сияқты білім саласындағы жұмыстың басымдылықтары анықталды. Технологиялар трансферті, білім мен 

бизнесті үйлестіру, перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру бойынша «Жол картасы» сияқты 

инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты жөнінде сөз қозғалды.

Елбасының Жолдауында қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті өз үлесін қосуда. Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру сапасы 

және ғылыми жетістіктері бойынша ұлттық рейтингтік компаниялардың мәлімдеуі бойынша бірінші орынға 

ие болып, QS World University Rankings рейтингісіне сәйкес 17000 жоғары оқу орнының ішінде әлемдік 

деңгейде алғашқы үш жүздіктен көрінді. ТМД көлемінде мұндай жетістікке тек бес-ақ университеттің, яғни 

250 жылдық тарихы бар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, кеңестік кезеңде әрбір 

жастың арманы болған Санкт-Петербург университеті қол жеткізгенін білеміз. Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көр сететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша ҚР Прези-

ден ті нің «Алтын сапа» сыйлығын иеленген болатын.

Университеттің ұлттық және халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетуіне заң факультетінің 

қосқан үлесі аз емес десек, артық айтқанымыз емес. Бүгінде заң факультеті 15 жылдық мерейтойын өткізуге 

әзірлік жұмысын жүргізуде. Батыстың университеттері іспетті ғасырлар бойғы тарихы болмаса да, осы 

уақыттың ішінде заң факультеті ауыз толтырып айтарлықтай біраз жетістіктерге қол жеткізгені анық.  

Заң факультетінің ұжымы теориялық және тәжірибелік қоры мол оқытушы-профессорлық құрамнан 

жасақталған. Мұнда түрлі мемлекеттік органдарда жоғары лауазымды қызмет атқарған және құқық қорғау 

органдары жүйесінің шыңына жетіп, жастарға мол тәжірибесін беріп жүрген заңгерлер аз емес. Сондай-ақ, 

жыл санап, факультет ұжымына жас ғалымдардың енуі көрініс табуда. Заңгер ғалымдардың жоғары және 

төмен буыны арасында үйлесімдік орнап, факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы біршама жандану үстінде. 

Кәсіби заңгерлердің ғылыми ортасына айналған бұл ұжымда мемлекеттің білім және ғылым саласындағы 

саясатына аса жоғары көңіл бөлінеді. Мемлекеттің білімді дамыту туралы бағдарламасы мен министрліктің 

жоспарларында көрініс тапқан тапсырмалар нақты орындалуда.      

Елбасы білім саласы туралы сөз қозғай отырып, келесідей мәселені атап өтті: «Біз ашық нарыққа ең үздік 

шетелдік мамандарды тартып, оларды елімізде жұмыс істеуге шақыруымыз керек. Халықаралық тәжірибе мен 

білімге ие басқарушы кадрларды пайдалану қосарланған нәтиже береді: біз тек өндірісіміздің менеджментін 

модернизациялап қоймай, соған қоса отандық кадрларға білім береміз. Бұл – біз үшін жаңа тәжірибе... 

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек».

Мемлекеттің білім және ғылым саласындағы саясатының нәтижесінде соңғы жылдары заң факультетінде 

әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының профессорлары дәріс оқып, докторанттардың ғылыми 

диссертацияларына кеңесші болып тағайындалуда. Докторанттар Еуропаның танымал университеттерінде 

білім алып, машықтанудан өтуде. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушы-профессорлық 

құрам мен білім алушылар әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алып, біліктілігін 

көтеру үстінде. Осының барлығы факультет ұжымының кәсіби қызметтегі жетістіктері деп айтуға болады. 

Факультетіміздің он бес жылдық мерейтойына жетістіктермен келуі қуантарлық жағдай.

Заң факультетінің және жалпы университеттің болашағы мемлекеттің осы саладағы бүгінгі саясатына 

байланысты болып отыр. Бүгінде университетіміз автономиялық алып, әлемнің алдыңғы қатардағы жоғары 

оқу орындарымен терезесі тең қатынасқа түсуге бел буып отыр.

Жоғары оқу орындарына автономиялық дербестік беру Білім және ғылым министрлігі тарапынан 

жасалып отырған маңызды қадам десек артық айтқанымыз емес. Бұл саясаттың негізінде әлемдік білім 

кеңістігіне енген университетіміз икемді саясат жүргізуге мүмкіндік алып, болашақта үлкен жетістіктерге қол 

жеткізуі мүмкін. Университет пен факультеттер басқару, академиялық және қаржылық мәселелерді дербес 

шешіп, даму стратегиясын өзіне ұтымды етіп жасайтын болса, алға жылжулар болатыны анық.

Қазақтың конституциялық заңнамасының тарихына көз жүгіртіп қарасақ, автономиялық деген ұғым 

біз үшін жаңалық еместігін байқаймыз. Тарихта білім мен ғылым саласын конституциялық тұрғыдан бекіту 

«Алаш» партиясы программасының жобасында көрсетілгендей еш уақытта болмаған деуге болады. «Алаш» 

партиясының білім мен ғылымға қатысты саясаты бүгінгі таңдағы мәселелерді шешуге бағытталғандай. 1917 

жылғы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрген «Алаш» партиясы программасы жобасының   9-бабында 

«Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық hәм ақысыз болуы; жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш 

мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алды автономия 

түрінде болуы; хүкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер – профессорлар өзара сайлаумен қойылуы; ел ішінде 

кітапханалар ашылуы»  деп көзделген.  Жобадағы мемлекеттік тілде білім алу, қазақ жерінде университет ашу 

идеялары «Алаш» зиялыларының көрегендігі деп айтуға болады. Бұл идеяның астарында болашақта қазақ елі 

көзі ашық, интеллектуалдық тұрғыдан дамыған ел болсын деген мақсат-арман жатыр. Қазақтың зиялылары 

сол заманда ел болу үшін адами капиталды қалыптастыру маңызды екендігін түсінген. Сондай-ақ, білім беру 

автономды болып, үкімет тарапынан оқу барысына араласпау қажеттігі туралы идеялар бүгінгі таңдағы 

өзекті мәселелерді шешуге бағытталғандай. Университет автономиялығы туралы мәселені көтеруі «Алаш» 

зиялыларының әлемдік білім кеңістігінен жақсы хабардар болғанын байқаймыз. Мұндай ережелер ҚР  іс 

жүзіндегі Конституцияда әлі де көрініс таппай отыр. 

«Алаш» партиясының программасында көрініс тапқан оқытушы-профессорлық құрам мен басшылық 

сайлау арқылы қызметке келуін ұсынуы оқу мен білім алуда демократиялық қағиданың басшылыққа алынуын 

көздейді. Бүгінде, әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында басқарудың демократиялық жолы басшылыққа 

алынып, университет жетекшілігі мен оқытушы-профессорлық құрам сайлау арқылы қызметке алынады. 

Бұл мәселе ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде 

айтылған болатын. Өз дәрісінде Елбасы «Біз «білім – ғылым – инновация» басшылыққа алынатын 

постиндустриалды әлемге бет алудамыз. Мұнда жетекші университет ретінде автономдық мәртебеге, 

академиялық бостандыққа және ғылыми-зерттеу қызметіне негізделген жоғары оқу орындары танылады», - 

деп айтып кетті. 

Жалпы алғанда, заң факультетінің ұжымы мерейтой қарсаңында мемлекет саясатын бірауыздан 

қолдап, жоғары кәсіби білімнің сапалы және сұраныста болуын қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда және осы 

бағытынан болашақта да таймайтыны анық. 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал