Преподавание в школе, колледже и вуз-е



жүктеу 1.33 Mb.

бет7/11
Дата08.01.2017
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІІаміііі феномеиі

Исраил  САПАРБАИ,

ақын,  композитор. 

(«Егемен  Қазақстан»,  13  тамыз,  2010)

ә,  бүгінде  Шәмші  Қазақ  деген  халыққа, 

халық  Шәмші  деген  алыпқа  айналды! 

Алып  қашанда  анық!  Көзге  анадайдан 

көрініп  түрады.  Көрініп  қана  қоймайды, 

көп  өтпей-ақ  өзіңізге  айналып  жүре  береді.  Бүған 

таңқалмасқа  шараңыз  жоқ.  Түтас  халыққа  айналған 

адамды  жақсы  көрмеуге  бола  ма?!  Жатырқау  жаттың 

ici,  жақындау  -   Хақтың  ici.  Өйткені,  Рух  -   Хақ  тарапы- 

нан  адам  баласына  жіберілетін  үлы  шарапат,  шафқат! 

Ол  екінің басына  қона  беретін  Бақтан да  аяулы  һәм  әзіз. 

Бак,  қонбалы,  Рух  үшпалы.  Түтас  халықтың  бақытты  һәм 

баянды  болуы  бақтың  өзіне  ғана  емес,  рухқа  байланы- 

сты.  Бүл  -   әзелгі  ақиқат.  Біздің  Өнер  деп  жүргеніміздің 

тірегі  де,  жүрегі  де  осы  Рух.  Өнерін,  оның  ішінде,  өнер 

адамын  кәкке  көтерген  елдің  әрқашанда  өресі  биік, 

өрісі  кең.  Көбелек  те  қонарға  гүл  тандайды.  Әуедегі  қүс 

та  үшып-қонарға  тал  тандайды.  Хак,  тарапынан  адам 

баласына  жіберілетін  Рухтың  да  дәл  осындай  қадір- 

қасиеті  бар.  Сол  рухтың  патшаға  емес,  басқаға  емес, 

Шәмшіге,  иә,  біз  білетін  Шәмшіге  адаспай,  айнымай 

келіп  қонғанын,  міне,  енді  шамалаған  боларсыз.  Ұлы 

композитордың,  әйгілі  ән  падишасының  соншалықты 

атақты  һәм  к,арапайым,  кішіпейіл  һәм  кірпияз,  көпшіл 

һәм  көнекөз,  сергек  болмағының  қыр-сыры  да  осы 

арадан  қылаң  берсе  керек,

Халық  әндерін  не  үшін  жақсы  көретініміз  бесенеден 

белгілі, ал Шәмші әндері ше? Естіген сайын емешегіміздің 

үзіліп 

түратыны 



неліктен? 

Нәші 


келсін, 

келмесін 

айтқымыз  кеп  түратыны  несі  екен?  Сонан  соң  естіген 

сайын  жүрегімізге  еніп,  айтқан  сайын  жан-дүниемізді 

аялай,  аймалай,  әлдилей  түсетін  әуенінде  нендей  сыр, 

сиқыр  жатыр?  «Алты  айлық  әндерді»  былай  қойғанның 

езінде,  небір  айшықты  әндер,  неше  жерден  әуезді,  саз- 

ды  болғанымен,  уақыт  өте  келе  көңілден  көшіп,  сана- 

дан  өшіп  қалып  жатқанын  да  көріп,  біліп  жүрміз.  Ал,

Шәмші  әндерінің,  қай-қайсысы  болсын,  айтқан  сайын 

жаңғыра,  жаңара  түсетіні  неліктен?  Осыған  аз-кем  бол­

са  да  ой  жіберіп  көрген  жеріңіз  бар  ма?  Бар  болса,  бул 

жөнінде  нендей  уәж,  дәлел,  дәйек  айта  алар  едіңіз? 

Музыка  әлеміне,  саз  сиқырына  көз  майын  тауысып,  сөз 

мәйегін сарп етіп жүрген сарабдал енертанушылар бүған 

не  дейді?  Айтпақшы,  сол  сабаздарыңыз  бүгінде  бар  ма 

екен  өзі?  Бар  болса,  неге  бой  керсетпейді?  Басқа  басқа, 

Шәмші  шығармашылығының  соңына  неге  шырак,  алып 

түспейді?  Шынын  айтсақ,  тәуелсіздікке  к,ол  жеткізген 

аз  ғана  жылдың  ішінде  жол-жөнекей  жоғалтып,  не  то- 

налтып  үлгерген  рухани  игіліктеріміз  бен  ізгіліктеріміз 

аз  емес  сияқты.  Өнер  дейтін  әлемнің  басқа  саласын 

ауызға  алмағанның  өзінде,  әдебиет  сыншысынан  ай- 

рылды,  музыка  зерттеушісінен  қол  үзді.  Сыншьісы  өлген 

әдебиеттің  ондырып  оқырманы  болмайтынына  да 

соңғы  кезде  көзіміз  жетіп  жүр.  Ал,  «енертанушы»  деген 

сөздің  қоғамдык,  қолданыстан,  адамдық  арақатынастан 

шығып  қалғанын  немен  түсіндіруге  болады?  Бул  ненің 

салдары?  Кешегі  бар  бүгін  неге  жок,?  Әуелі  экономика- 

мызды  епке  келтіріп,  түрмысымызды  түзеп  алайық  де- 

генге  қулақ  ассақ,  шалқып  шаттанып,  балқып  баптанып 

жүргеніміз  тағы  шамалы.  Есті  ел  материалдық  игілік 

пен  рухани  қүндылықты  егіз  қатар  алып  жүрсе  болар 

еді...  Барқадар  жүрт  жол-жөнекей  барын  жоғалтпайды, 

жоғын  табады.  Керуен  көштен  бірде  уық,  бірде  басқүр... 

жолай  жоғала  берсе,  келер  кезек  бір  күні  Шәнырак,қа 

келіп  жетпесіне  кім  кепіл?  Әйтпегенде,  күні  кешегі 

Шәмші,  Нурғиса,  Әсеттердің  тағдыр,  таланты,  анау 

Садық,  Сыдық,  Мүқандардың  мәңгілік  музасы  қай 

халықтың  тайқы  мандайына  тар  келіпті?!

Айтулы  өнер  адамының  өмірінде  туған  күні,  өлген 

жылы  деген  болмайды.  Ол  шенге  де,  шекпенге  де, 

шекке  де,  шеңберге  де  сыймайды!  Ұлылықты  танып 

білем  десеңіз,  әуелі  өзіңіздің  зердеңізге  зейін  салыңыз. 

Ал,  зерде  жеке  адамга  да,  жәми  жамағатқа  да  бірдей 

қатысты.  Ұлттың  үлы  болмағы  есіктегі  мен  бесіктегінің 

белгі,  нышанынан  көрініс  табады.  Төрдегінің  бәрі  үлық 

емес,  төсенішті  жерге  де  салуга  болады.  Жердегінің 

бәрі  қүлың  емес,  қадіріңе  мәзірі  сай,  қурметіңе  қүзыры 

қүп.  Ұлылық  үғымын  аса  асқақтата  берудің  қажеті  жоқ. 

Оның  Тәңірі  көкте,  тамыры  жерде.  Аралықта  өмір  бар. 

Ол  біреуге  узак,,  біреуге  қысқа.  Шәмшінің  өлердегі  j



жасын  қайдам,  өнердегі  жасы  үзақ,  тым,  тым  үзақ!.. 

Қазақтың  бүгінге  дейінгі  және  бүгіннен  кейінгі  ғүмыры 

қаншаға  үзарса,  Шәмшінің  аты  да,  заты  да  соншаға 

созылмақ!  А қиқи  шындык,  осы.  Аталып  отырған  сексен 

жылдығыңыз  сол  үзақ-сонар  өмірдің  көзмоншақтай  бір 

үзігі  ғана!  Аңызға  айналған  адамның  ақиқаты  да  аңыз. 

Өз  басым  Шәмші  туралы  не  айтсам  да,  не  жазсам  да 

алдымен  осы  қағидаға  арқа  сүйеймін.  Әркім  әр  саққа 

жүгіртіп  жүрген  «Сыған  серенадасы»  да  әу  бастан  осы 

устанымға  негізделіп  жазылған.  Кім  не  десе  о  десін, 

көркем  шығарманың  райы  да,  шырайы  да  алдымен 

Шындыққа  жүгінеді.  Арғысы  толығымен  қаламгердің 

кдпауында.  Ал,  біз  айтып  отырған  Шындықтың  көзі  -  

Шәмшінің  өзі!  Төмендегі  мөлтек  дүниелер  де  түтастай 

алғандағы  «Шәмші  ғүмырдың»  таңдай  жібітер  ащылы- 

түщылы  тамшылары.



Бүйымтай

Шәмші  аға  күтпеген,  ойламаған  жерден  телефон 

шалды.  Түнгі  он  бір  шамасында,  Тараздан.  Әнін  әрі 

тыңдап,  әрі  айтып  жүргеніміз  болмаса,  ол  кісімен  бүлай 

ауызба-ауыз  сөйлесіп  отырғаным  алғашқы  мәрте. 

Түн  ішінде  сонау  Тараздан  іздеу  салғанына  сәл-пәл 

таңданғанымды  қалай  біліп  қойғанын  қайдам:

-   Әй,  Исраил,  кештетіп  хабарласып  отырғанымды 

кешір,  айналайын,  немене,  келіннің  қасына  жатып 

қал  па  едің?  -   деді  салған  жерден,  -   гәп  былай,  бір 

бұйымтай  боп  түр...ағаңның  бүйымтайы.  Екеуміз  бір  ән 

жазуымыз  керек.  Сүйегі  -   сенікі,  сүйініші  -   менікі.  Тез 

арада.  Солай  болып  қалды.  Тыңдап  тұрмысың?

-   Тындауын  тықдап  түрмын  ғой,  бірақ...бурын- 

соңцы-Сізбенен...

Онсыз  да  үзік-созык,  сөзімді  ортасынан  шорт  кесіп 

тастады:

-   Сөзді  қой  да,  іске  кіріс.  Қашанғы  Сабырхан  мен 

Өлімқуловтың  сөзіне  ән  шығара  беремін.  Оларды  қоя 

түрып,  сендерге  ауысамын  енді.  Әңгіме  былай:  ертең 

дәл  осы  уақытта  Шымкенттен  хабарласамын.  Бүгін 

ойлан,  ертең  жаз.  Екеуміз  екі  бірдей  қоянды  бір  оқпен 

атып  алайықдеп  турмыз.  Мен  мүндағы  біреулерге  уәде 

беріп  қойып  едім...  Ал,  уәде  -   қудайдың  ici.  Жазатын 

сөзіңнің  ішінде  «шарф»  және  «туфли»  деген  сәздер 

болсын,  не  шумағында,  не  қайырмасында...

-  Апыр-ай, әуелі әнін,  былай...оның үстіне әлгі айтқан 

сездеріңіз  әнге  келіңкіремейді  ғой,  -   дей  бергенімде:

-   Әй,  сен...айналайын-ау,  ақын  емессің  бе?!  Несі 

бар,  есебін  тауып  енгіз  де  жібер,  кілтін  тауып,  кіргіз  де 

жібер!  Әнмен  бірге  айтылғанда  кез  келген  сөздің  кедір- 

будыры  байқалмай  кетеді.  Болды,  мен  ертең  дәл  осы 

уақытта  Шымкенттен  бір  хабарымды  беремін.  Телефон- 

мен  ауызба-ауыз  оқып  бересің.  Мен  жазып  аламын. 

Әннің  шығуы  сенің  сәзіңе  байланысты...

-   Дегенмен,  аға...Шәмші  аға...  Әлгі  «шарф»  пен 

«туфлиді»...

Байланыс  үзіліп  кетті.  Аң-таң  қалпы,  әрі-сәрі  күйде

мен  қалдым.  Анау-мынау  кісі  емес,  Шәмші  ағаның  өзі 

к,үда  түсіп  отыр!  Маған.  Бірінші  рет.  Ертең  ел  аузында... 

әнмен  қоса...  Қуанып  та  түрмын,  қүп  алып  та  түрмын, 

бірақ,  қобалжуым  одан  да  күшті.  Ағаның  алуан  турлі 

әндері  қүлағымнан  кетпей,  түні  бойы  үйықтай  алсам- 

шы...


Таң  атқан  сон,  да  тағат  тапқаным  шамалы.  Әні 

белгісіз  мәтіннің  бірнеше  түрін  қағазға  түсіріп,  ит әурем 

шықты.  Қалайда  жазуым  керек,  бүгін,  кешке  дейін! 

«Шарфқа»  аса  қиналған  жоқпын,  үйқасқа  болмаса 

да,  сөз  арасына  салып  жіберсем  қайда  барады?  Оның 

үстіне  Мүқағалида,  әлгі,  «Сен  маған  шарфыңды  бер, 

шарфыңды  бер...»  деген  тіркес  бар  емес  пе?  «Туфлиі» 

қүрғырды  қайтсем  екен?  Қүдай  қүп  көргенде  ол  да 

табыла  кетті!  Тағы  да  сол  Муқағалидан.  Жерден  жеті 

қоян  тапқандай  қуандым.  Күн  батты.  Ымырт  үйірілді. 

Қараңғылық  қоюланды.  Мәтін  әзір-мәзір.  Шәмші  ағаны 

күтіп  отырмын.  Айтқандай-ақ,  дәл  түнгі  он  бір  кезінде 

ағамыз  телефон  соқты,  Шымкенттен.  Қырағатпен  емес, 

кәдімгі,  қырылдаған  дауысымен:

-   Исраил,  айналайын,  уйықтап  қалған  жоқсың  ба? 

Мен,  әлгі,  кешегі  уәде  бойынша...

-   Мәтініңіз  дайын,  ағасы,  оқып  берейін  бе?

-   Ә,  солай  дейсің  бе?  Ой,  айналайын,  мен  қазір, 

түра  түр...ал  айта  бер,  қулағым  сенде...

Үш  шумақ,  бір  қайырма.  Әлгі  мың болғыр  екі  сөздің 

бірін  екінші  шумаққа,  екіншісін  қайырманың  ішіне 

ытқытып  жібергем.  Демімді  әрең  алып  күтіп  түрмын. 

Ағамның  бір  ауыз  сөзін.  Арада  үнсіздік.  Ұзаққа  со- 

зылып  барады.  Менен  сабыр  қашайын  деді.  Жоқ, 

қырылдағаны  қырағаттан  да  артық  сол  дауыс...Арғы 

жақтан  анық-қанык,  естіліп  түр:

-   Айналайын-ау, 

мынауың  қатып  кетіпті  ғой?! 

Бәрінен  де  бүрын  «Бөкебайың»  үнап  түр,  ал  «Топыли- 

ды»  қайдан  тапқансың?  Соны  айтшьі?

-   Е,  ол  дегеніңіз  өзіңіздің  досыңыз  Мүқанда, 

Мүқағалида  бар  емес  пе?

-   Иә,  иә,  дүрыс  айтасың.  Кәне,  оқьіп  жіберші?

Төпеп  турған  нөсерге  қарамай-ақ,

Бір  қыз  кетіп  барады  жалаңаяк,.

Жалтыраған  әдемі  топылиын

Кім  біледі,  жауыннан  барады  аяп...

-  Топыли...Оныңда таппайтыны ж о қ екен.  Мықтының 

аты  мықты  ғой...

-   Мен  оны  аздап  өзгерттім,  ен  мәтініне  бейімдеп...

-   Қалай  деп?

-   Топылай  деп...

-   Бүл  да  дүрыс  екен.  Бәсе,  Сабырхан  айтып  еді,  осы 

балаға  сүрау сал  деп...  Жаңылмаған  екенбіз,  жақсы  бол­

ды.  Рахмет,  айналайын,  әнін  үзамай  естисің...

-   Сау  болыңыз...

Бірақ,  өкінішке  қарай,  ести  алғам  жоқ.  Қолмен 

жазылған  сөзін  де  таба  алмай  қойдым.  Ән  туды  ма, 

тумады  ма,  ол  жағын  да  біле  алмадым.  Көбіне  ел  ара- 

лап  жүретін  Шәкеңнің  жағдайы  о  бастан  белгілі...  Араға



л*44»I W   £010жал 

**

уақыт  түсіп  кетті.  Өзіндей  болмаса  да,  көзіндей  болып 

соңында  қалған  қағаз,  қаламының  арасынан  табылып 

қалар  ма,  бәлкім,  кім  біледі...



«Сыған  серенадасы»  қалай  жазылды?

Шәкеңнің  Шымкентке  келуі  соңғы  кезде  жиіледі. 

Кәбінесе  не  Тараздан,  не  «Манкент»  шипажайынан 

Оразбек  Бодықов  екеуі  самауыр-шәйнектей 

т і з і л і с і п

 

кеп 



тұрғаны.  Оның  себебі  бар.  Біріншіден,  күтіп  алатын, 

басы-қасында  болатын,  шығарып  салатын,  қасында 

жүретін  інілері  мунда  көп.  Қаланың  өзінде  белді  қыз- 

метте  істейтін  інілері  Мухамеджан  Рүстемов,  Қуаныш 

Төлеметов,  Рыстай  Артықбаев  бар.  Сонау  Мырзашөлдің 

орталығы  Гагаринде түратын  Көбейді туыс-туғанынан да 

артык,  кереді.  Жетісайдың  музыкалық  драма  театрында 

бірі  күйші,  бірі  әнші -   Бөрі  Исаев,  Жеңіс Қарғабаев және 

ак,ын  Әлібек  Мейірбеков  тағы  бар.  Екінші  бір  себебі, 

соңғы  кезде  денсаулығы  әжептәуір  сыр  беріп  жүр. 

«Манкентті»  айтпағанда,  Жетісайда  да,  Мырзашөлде 

де  Шәкеңнің  деніне  дауа  минералды  жылы  су  бар. 

Ара-арасында  ауруханаға  да  жатып  шығады.  Осындай 

бір  күндері  қалада  емделіп  жатқан  ағамыздың  хал- 

ахуалын  сүрай  бардым.  Екі  иығынан  дем  алып  жатыр 

екен.  Көкірегі  сыр-сыр  етеді.  Мандайы  шып-шып  тер- 

ге  бөккен.  Палата  іші  қапырық.  Әбден  әлжуазданып 

қалган  ағамыздың  жанына  желдеткіш  қоюға  да  бол- 

майды  екен,  Кірерін  кірсем  де,  көңілін  немен  аула- 

рымды  білмей  далмын.  «Кеше  Мухтар  келіп  кетті... 

Бүгін  сен...  Алматыға  алып  кетемін  дейді,  ол  жағыңда 

бір  оңып  түрғандай...»  Көкірегі  сыр-сыр  еткен  ағамыз 

алып  келген  оны-мүныма  көз  салмады.  Бет-жүзі  жүдеу 

болған  соң  ба,  қос  қүлағы  одан  сайын  қалқая  түсіпті. 

«Не  ем  қабылдап  жатсыз?»  -   дедім  дегбірім  кетіп. 

«Дәрісі  дарымай  жатыр...дәрі  басқа,  дауа  басқа  білем...» 

Медбике  келіп  тершіген  мандайын  мақтамен  сүртіп, 

ем-дом  жасады.  «Аға,  -   дедім  ентігі  саябырсыған  бір 

сәтте  -   айып  көрмесеңіз,  көкейде  көптен  жүрген  бір  са- 

уалым  бар  еді...»  «Анау  әйнекшені  ашшы  әуелі»,  деп  өзі 

де  орнынан  қозғалып,  отыруға  әрекеттене  берді.  Бесін 

ауып  қалған  мезгіл  ғой,  әйнекшенің  аржағынан  ептеп 

желемік  ішке  енгендей  болды.

-   Ал,  айта  бер,  айналайын...

-   Айтсам...кешіріңіз,  Сіздің  басқа  әндеріңіз  бір 

төбедағы,  «Сыған  серенадаңыз»  бір  төбе.  Өлердей 

жақсы  көремін.  Сыры  белек,  сиқыры  ерек  бір  дүние. 

Қалай  шықты?  Қашан?  Соны  білсем  деп  едім...

-   Сүрағаның  жақсы.  Бірақ,  қазір  мен  айта  алар  ма 

екенмін...

Ұзақтау  әңгіме  ғой  ол...Анау  Алматыңдағы  Қадыр 

ағаңнан  сурасаң  қайтеді?

-  Ол кісі қайда  қашар дейсіз,  ертең Алматыға қайтам 

ғой,  сонда...  Дегенмен,  өзіңізден  естісем  деп  едім...

-   Сүрамайтын  кезде  сүрадың-ау...  Білгенің де  дүрыс. 

Қадыр  айтар-айтпас...  Қайдағыны  еске  түсірдің-ау, 

қарағым...

...Арғысы  қалың  журтқа  белгілі.  Қайталаудың  қажеті 

жоқ.  Қазір  мүны  екінің  бірі  біледі.  «Сыған  серенадасы» 

ойдан  шығарылған дүние емес.  Ағаның алқына, деміге, 

қинала  отырып  айтқан  бес-алты  ауыз  ақиқатының 

айна-қатесіз  айғағы. 

Ұштығы  үшан-теңіз  бір  үзік 

мелтек  сыр  ғана.  Жалт  етпе  жастық  дәуренінің  ең  бір 

елеулі  де,  қалаулы  түсы  болар,  бәлкім...  Аз  кун  болса 

да  армандай  азат  әлемнің  ішіне  еніп  үлгерген  елгезек 

жігіттің  ғажайып  түс  көргендей  осынау  бір  қас  қағым 

сәттік  алай-дүлей  сезім  төңкерісін  сол  жігіттің езіне  неге 

қимаймыз?  Тіпті,  қызғанатынымыз  қалай?  Оның  үстіне 

ол  жігіттің  түла  бойында  болашақ  үлы  композитордың 

бүкіл  болмыс-бітімі  менмүндалап  түрса  ше?!  Мәселен, 

сіз,  иә,  мына  сіз  сол  Шәмші  сияқты  кез  келген  көшеде 

кез  келген  әлгі  сыған  қыз-келіншектерімен  кездесе 

қалсаңыз,  олар  сізге  «бал  ашамын,  бар-жоғыңызды 

болжап  беремін...»  деп  қиылып,  қиылғанымен  қоймай, 

қылмықцап  қылық  көрсетіп  түрса,  қайтер  едіңіз?  «Кет 

әрі!»  деп  қабақтан  к,ар  жаудырып  өте  шығу  оп-оңай. 

Көбіміз сөйтіп те жүрміз. Ал,  Шәмші  ейткен жоқ.  Еркінен 

гөрі  елп  етпе  елікпелігі  басым.  Оны  аз  десеңіз,  ожданы

-   азат  ой  мен  сергек  сезімнің  серісі.  Бүл  -   үрдіс  кешегі 

бірегей  Біржаннан,  ақиы қ  Ақаннан  қалған  сарк,ыт. 

Сол  сарқытты  сарқып  емес,  сақтай  алғанның  өзі  өнер 

емес  пе?!  Оны  айтасыз,  сізге  өтірік,  маған  шын,  сол 

Ақаныңыз  Шәмші  Қалдаяқовтың  түсіне  екі  рет  енген. 

«Бүл  жүрісіңді  қой,  анау  айкәпір  ащы  уыңнан  тыйыл!» 

деген.  Суыңнан  емес,  уыңнан  деп  отыр.  Қабағын  шы- 

тып,  қатқыл  үнмен.  Үшіншісінде  Шәкеңнің  өзі  Ақаңның 

басына  барған.  Құраннан  аят  қайырып,  алақан  жайып, 

кеш  болса  да  кешірім  өтінген.  Бүған  да  дәлел  керек  пе? 

Күдік,  кумәніңіз  болса,  анау  Арыстанбаб  бабамыздың 

қасы  мен  қабағының  аясында  байыз  тауып  жатқан 

Өзағаңның  рухынан  сүраңыз!  Күнәлі  адам  күдікшіл 

келеді,  зиялы  адам  үмітшіл  келеді.  Бәріміз  де  күнәдан 

ада-күде  емеспіз,  әйткенмен  көкірек  қуысыңызда  сол 

күнәдан  арылмақ  ниеттің  жұмыртқа  басып,  балапан 

ұшырып  жатқанынан  артық  не  бар  дейсіз?!

Жасыратын  несі  бар,  біз  көбіне  Шәкенді  к,үр 

мақтанның  қүрбанына  айналдырып  жүрміз.  Қулдығына 

жарасақ  бір  сәрі...  Әрі  кеткенде  бірер  естелік  кітап  қана 

жарыққа  шығардық.  Ана  бір  жылдары  «Кеңсайдағы» 

жатаған  қабірінің  қараусыз  қалып,  шөп-шаламнан 

көрінер-көрінбес  боп  жатқанының  да  куәсі  болғанбыз. 

«Ештен  кеш  жақсы»  деп,  өзімізді  өзіміз  жүбатқанымыз 

болмаса,  Шәмші  өмірі  мен  өнеріне  қатысты  шара- 

лар  едәуір  кешігіп  барып  қолға  алынды.  Бүл  орайда 

ақын-жазушылар,  баспасөз  қызметкерлері  аз  дабыл 

қаққан  жоқ.  Нәтижесінде  Шәмші  Қалдаяқов  әндерінің 

фестивалі  дүниеге  келді.  М ың  болғыр  атпал  азамат 

Амалбек  Тшановтың  арқасында  ол  фестиваль  түңғыш 

рет  Шымкент  шаһарында  түсауын  кесті.  Шынын  айту 

керек,  алғаш  республикалық,  кейін  келе  халықаралық  j 

мәртебеге  ие  болған  бүл  игілікті  іс  кейінгі  кезде  әқаба 

судай  тартылуға  айналып  бара  жатқан  сыңай  таныта-  ]

• • •  


П і м л и ш

  ө л е м і і д е



ды.  Олай  дейтініміз,  әнқумар  жүрт  арасында  алғашқы 

кездегідей  қүба-қуп  қүлшыныс,  әмбеге  ортақ  эсер 

әдепкідегідей  емес.  Рас,  «Шәмші»  журналы  шығып  жа- 

тыр.  Рас,  жыл  сайын  Алматыда  екі  рет,  Астанада  екі  рет 

Шәмші  әндеріне  арналған  дәстүрлі  концерттер  өткізіліп 

жүр.  Журналдың  көркемдік  сапасы  мен  мазмүнына  көш 

жүре  түзеледі  деген  баға  беруге  болар.  Ал,  жыл  сайын 

ең кемінде үш-төрт рет бірі екіншісін  қайталаудан  аспай- 

тын  концерт өткізудің аяғы  немен  тынбақшы?  Күндердің 

күнінде «Шәмшіден де зеріктік» деп жүрмейміз бе? Жаңа 

әндерін  неге  естімейміз?  Сауатты,  білімді,  мандолино- 

ны  айтпағанда,  күйсандықтың  қүлағында  қулыншақтай 

ойнайтын  ағамыз  әр  жаңа  шыққан  әнін  нотаға  түсіріп, 

мүмкіндігінше  муқияттап  жүретінін  кім  білмейді?  Олар, 

өзі  айтқандай,  үш  жүзден  әрі  асып  жығылмайтын  ба 

еді?  Рас,  бәрін  жауһар  демесек  те,  тіске  басары  мен 

іске  асары  аз  емес  екені  ал-анық.  Шын  жанашырлық 

жасайды  екенбіз,  сол  әндерді  біртіндеп  неге  жарық 

дүниеге  шығармасқа?  Әншейіндегі  елп  етпе  елгезек 

әншілеріміздің  осы  орайдағы  еңбегі  мен  ізденісі  қайда? 

Тіпті,  Шәмші ағамыздың су жаңа  әндерінен  арнайы  кеш, 

концерттерді  неге  уйымдастырмасқа?  Көрермен  мен 

тыңдарманда  айып  ж оқ.  Барға  мәзір,  азга  шүкіршілік 

қарапайым  халықтың  қашанғы  қасиеті.  Мейлі,  шығып 

жатсын,  мейлі  бүғып  жатсын,  әр әннің өз тағдыр-талайы 

бар.  Әйткенмен,  сахнаға  шығуын  сан  жылдар  сағына, 

зарыға  күтіп  жатқан  ән  муңлықтың  көзайым  сүйінішін 

көппен  бірге  ертерек  көргенге  не  жетсін?!  Әсіресе, 

Шәмшідей  үлы  рух  иесінің  ырзалығы  үшін!

Шәмшіні  «Вальс  королі»  деуге  әбден  дағдыланып 

кеткенбіз.  Маған одан  гері  «Ән  падишасы» деген айшуақ 

ат  көбірек  үнайды.  Себебі,  онда  көңіл  тоғайтатын 

толыққанды  айдарлы  әлем,  әсіре  лақаптан  ада-күде 

ән  иесіне  лайықты  рухани  лауазым  бар.  Байқаған  кісіге 

Шәмші әндерініңауқым-аясы, өлшем-мөлшері бірыңғай 

вальстің  аясында  түсалып  қалатындай  аса  тар  емес. 

Қудайға  шүкір,  айтушысынан  шендессіз  шеберлікті  та- 

лап  ететін  шеңберсіз,  шексіз дүрдана дүниелері  аз  емес. 

Әлі  күнге  бізге  таңсық  шығармаларын  айтпағанда, 

«Теріскей»,  «Өмір  өзен»,  «Отырардағы  той»,  «Дүнген 

қызы»,  т.б.  шоқтығы  биік  бір  шоғыр  әндерін  қайда 

қоясыз?!  Адамзат  баласының  әлімсақтан  бергі  арман- 

арзуындай  азат  дүниені,  ботак,анның  кезіндей  ба- 

рынша  бекзат  багы  -   бостан  әлемді  көз  алдыңызға 

айна-қатесіз  әкелетін  «Сыған  серенадасы»  ше?  Біздің 

ғашык,  та  машык,  пәруана  көңіліміз  осы  әнге  неге  сон- 

ша  айырықша  ынтық,  іңкәр,  ынтызар?  Бүл  әнді  кім 

айтпады  дейсіз?!  Бәрі  де  өз  шама-шарқынша  әрледі, 

әспеттеді,  әуелетті...  Кезінде  Ш әмші  ағамыз:  «Сыган  се- 

ренадасын»  Зәуре  Есбергеновадан  асып  ешкім  де  айта 

алған  жоқ»  деп  ағынан  жарылған  болатын.  Одан  бері 

біраз  жыл  араға  ат  шалдырды.  Жарылқаушысын  күтіп 

жамбастап  жатып  алған  ән  қайта  дүниеге  келді.  Алтын- 

бек,  Мақпалдар домбыра  сазымен  нәштеп,  нақыштады. 

Шымкенттік  әнші  қызымыз  Қадиша  Сейітованың  кең

л ? 4 »   1411  2 0 1 0  т л л  



*  »

тынысты,  әуезді  дауысымен  едәуір  биікке  шарықтады. 

Ақыр 

соңында 


әнші-сазгер 

Лүқпан 


Жолдасовтың 

бірегей,  тамаша  әрлеуі  нәтижесінде  лирикалық  мақам 

сазы  мәйін,  жумсак,  әншіміз  Тоқтар  Серіков  аталмыш 

әнді  өзінің  құтты  орнына  біржолата  қондырды.  Өн 

жәми  журтшылықтың жүрегіне  үялады.  Өз  қүпиясын,  өз 

сыр-сымбатын  алғаш  рет  бетін  ашқан  арудайын  әмбеге 

жария  етті.  Әлемі  тылсым,  әсері  n/лсім  айырықша  ән 

төресі  деп  таныдык,.  Мүндай  әндер,  ақ  жарылып  мой- 

ындауымыз  керек,  айында,  жылында  емес,  мыңнан  бір 

мезетте бір-ак, туады! Және  мүндай  ән төресінің ілкіалды 

ішкі  иірім,  үйірім,  үйлесімімен  қоса,  сөз  ж оқ,  сүңғыла 

көз  сүқтанатындай  тағдыры  болады!  Қызығасың  да, 

қызғанасың!  Қызғанасың  да  қызығасың!  Бүл  ән,  мен 

сіздерге 

айтайын, 

қазақы 


қауым 

қарындастықтың 

қаймана  харекетінен,  тозақы  түрмыс-тіршіліктің  аядай 

ғана  аясынан  әлдеқашан  шығып  кеткен!  Жігіт  Ш әмшінің 

жүдырықтай 

жүрегіне 

сыймай, 

аласүра 


алқынып, 

булыға  бүлқынып  аспан  әясына  үшып  шыққалы  бері! 

Бәлкім,  жүлдызы  жамыраған,  айы  ақ  шәлі  жамылган 

түн  жарымында,  бәлкім,  шашақты  шапағы  шартарапқа 

шашырай  төгілген  таң  шағында...  Оны,  тағы  да  айтайық, 

қалақтай  қазақ  баласы  Ш әмші  мен  жамалы  жәннаттай 

сыған 

қызы 


ғана 

біледі! 


«Шәмші 

шынтуайтында 

сығандар  таборында  болған  ба,  болмаған  ба?»  де­

ген  әлдебіреулердің  қитүрқы ,  қысыр,  қы рсы қ  сурағы, 

«Шәмші  сыгандар  арасында  болмаған,  бүл  ойдан 

шығарылған,  қиялдан  туған»  деген  сияқты  бейша- 

ра,  бейбақ  түсініктер  мен  усақ-түйек  уғымдар,  шынын 

айтсам,  мені  елең  еткізбейді.  Әңгіме  әннің  туғанында! 

Оның  басқаныкі  емес,  Ш әмш інікі  екенінде!  Ш әмшінің 

әнін  Шәмшіге қимайтын  ағайындар арамыздан табылып 

жатса,  оған  да  таңқалуға  болмас,  амалың  қанша?..

...Огинскийдің 

«Полонезін» 

алыңыз. 


Қандай 

ғажайып,  сазды  дүние!  Сөзі  жок,  болғанымен,  өзі  бар! 

Бәрімізге  ортақ,  бәрімізге  етене.  Біртуар  дүние,  туасы, 

үлт  тандамайтын  болса  керек.  Ол  адамзат  қауымының 

ортақ  игілігі.  Аталмыш  ән,  өздеріңіз  білесіздер,  «Туған 

жермен  қоштасу»  деп  аталады.  Әскери  шендегі  граф 

Клефас О гинскийдің туған  жері  Польшаны  тастап  шығар 

алдындагы  өкініші  мен  өксігі...Огинский  бүдан  бүрын  да 

жиырма  шақты  полонезді дүниеге келтірген.  Бірақ... атын 

шығарған,  артында  қалған  мәңгілік  музасы  мен  мүрасы 

осы.  Әрине,  О гинский  мен  Шәмші  және  ол  екеуінің 

қоғамы  мен  заманы  езара  салыстыруға  келмейді.  О гин­

ский  -   үлт-азаттық  күресінің  көсемі,  Шәмші  -   қазақ 

ән  енерінің  қайталанбас  хас  өкілі.  Екеуін  табыстырып 

отырған  алтын  арқау,  ж іб е к  желі  ән-әуен  әлемі

«Қазақ  ән  өнерінің...»  деген  сезімізге  қайтара  бір 

үңілсеңіз, 

айтпағымызды  алдын  ала  аңғара  қояр 

едіңіз.  Біз,  бүгінгі  үрпақ  Шәмші  рухының  алдында  әлі 

көп-көп  қарыздармыз.  Өзіміз  ғана  қызықтап,  өзіміз 

ғана  ардақтау,  кешірерсіз,  аздық  етеді.  Әсіресе,  ке- 

шеден  бүгінге  келіп,  кемелдікке  аяк,  басқан  кезімізде. 

Шәмшіні,  әрі  кеткенде,  анау  Штраустардың  қатарына


сөзбен  қоямыз  да,  оны  іспен  дәлелдей,  дәнекерлей  ал- 

маймыз.  Қазақы  үғымға  сайсак,,  Ш әмш інің  басқаныкі 

емес,  тек  өзіміздікі  болғаны  өзіміз  үшін  жетіп  арты- 

латын  сияқты.  Қайтерсің,  тар  ая,  тапшы  түсінік.  Бұған 

етіміздің үйренгені  қа-ш-ан...  Егер  өзепнде  өксігінен  гөрі 

өрті  басым  халық  мына  біз  болсақ,  Абайды  әлдеқашан 

алты  әлемге,  Шәмшіні  тым  болмағанда  ТМД  елдеріне 

әйплей  алар  едік.  Ал,  менің  түйсігім  мен  түсінігімдегі 

Шәмші  езіне  қонымды  киімімен  болсын,  өзіне  жа- 

расымды  жүріс-түрысымен  болсын,  әзіне  лайықты 

тағдыр-талайымен  болсын,  ең аяғында  бір  ғана  «Сыған 

серенадасымен»  болсын  (өмір  болса,  өзге  дүниесін  де 

езектен  тебе  қоймаспыз)  Штраустың  ғана  емес,  анау 

Шопен,  Моцарт, 

Бетховендердің  қатарында  түруға 

әбден  лайықты!  Шәмші  ағадан  «Сыған  серенадасын» 

аттай  қалап  алғанымның  мәнісі  мен  түгі  төркіні,  міне, 

осында  жатыр.  Мен  оны  екі  жылдай  көкейіме  сақтап, 

көкірегімде  хатгап  жүрдім.  Журналистикаға  жуықтау 

жанр  эссеге  де,  тіпті  поэзияның  қара  нары  поэмаға 

да  қиғым  келмеді.  Неге  дейсіз  бе,  Шәмші  ағаның  ау- 

рухана  төсегінде  жатса  да  менің  кәңілімді  қимай  жан 

сырын  қинала  отырыгі  айтк,аны  үшін!..  Мен  сүрамай, 

ол  айтпай,  ішінде  кетсе  қайтер  едім?  Қүдайдың  бүл 

да  болса  иігені  де...  Ойлана,  толғана  жүріп  драмалык, 

шығармаға 

тоқтадым. 

М үны ң 


алдында 

«Ауылдан 

келген  ару»,  «Әмір  Темір»  атты  сахналық  дүниелер 

Алматы  мен  Шымкент  театрларында  жүріп  жатқан. 

«Сыған  серенадасы»  поэтикалык,  драма  үлгісінде  жа- 

зылды.  Әрине,  муның  алдында  сығандар  өмірі  туралы 

жазылган  шығармаларды,  экранды қ  дүниелерді  іздеп 

жүріп  ок,уға,  көруге  тура  келді.  Соның  ішінде,  әсіресе 

үнағаны  Пушкиннін,  «Сығандар»  поэмасы.  Содан  бо- 

лар,  Пушкиннің  Алекосын  сол  күйінше  алдым.  Онда 

жағымды  болса,  мүнда  жағымсыз  кейіпкер.  Шәмшіні 

Изольдаға  біржола  басыбайлы  бермес  ушін  Сағыныш 

линиясын  к,оса  тандадым.  Өйткені,  қанша  дегенмен 

біздің  менталитетіміз  басқашалау  ғой.  Шынтуайтында, 

ол да  өмірде  бар  адам,  жасанды,  жалған  кейіпкер  емес. 

Ш әкеңнің  «Сағынышым  менің»  әні  қазақтың  осы  бір 

аяулы  қызына  арналған.  Қазіргі  күнде  бул  пьеса  жеті, 

сегіз  театрда  бірдей  жүріп  жатыр.  Шәмші  аруағының 

әзіздігін,  Шәмші  рухының  мәңгі  өлмес  өміршеңдігін 

осыдан-ак,  пайымдай  беріңіз!

Іздеймін,  табамын  деген  адамға  керінбей  жатқан 

көмбе,  ашылмай  жатқан  бүлақ  көзі  аз  емес.  Әлімсақтан 

әрі,  болымсак,тан  бері  шартарапты  шарлап  кеткен 

сығандардың  өмір  тағдыры  да  осы  тақылеттес.  Жыл 

қүстары  секілді  олар  да  жылы  ж аққа,  әлдеқайдағы 

әлдебір  Жұмақстан  әлеміне  әуесек.  Қүстар  үшпалы, 

сығандар  көшпелі.  Мифке,  романтикаға,  қиял-ғажайып 

әлеміне  жаны  жақын  серішатыс  адам,  әлдеқалай  кезіге 

қалса,  сығандардың  сыңсыған  скригжасына,  алпыс 

екі  тамырынды  ерітіп,  балқытып  әкететін  ән  биіне,  ги ­

тара  сазына,  қызуқанды  қы здың  қылықты  қимылы 

мен  назына  лезде  арбалып  жүре  беретіні  айдан  анық.

Орыс  ақсүйектерінің  қай-қайсы сы   да  осы  халден  ада- 

күде  арыла  алмаған,  керісінше,  керек  болса,  сыған 

қызының  бір  сәттік  ыстык,  жанары  мен  бір  кештік  оттай 

қүшағы  үшін  бар  дүние-мүлкін,  үй  жайын,  жар  қосағын 

тәрк  етуге  дейін  барған!  Бәлкім,  біздің  Шәмшіміз  де 

әуейілікпен  емес,  әуесектікпен,  еріккендіктен  емес, 

еліткендіктен  «Тасгақтағы»  табордан  бір-ақ  шыққан 

болар  ма!..  Әбден  мүмкін-ау.  Әрі-беріден  соң,  ол  да, 

мына  біз  де  кешегі  көшпелі  журттың  бүгінгі  бір  түтам 

жүрнағы  емеспіз  пе?!  Күнделікті  мезі  тірліктен  меймана 

ен  жайлауға,  пешенелі  пенделіктен  періштелік дүниесіне 

кеткісі  келіп  тұратын  қүбақан  қүлын  қүдайым  озі  кешіре 

көргей  дейміз  дағы...

«Сығандардың  дулы,  шулы  дабыры

Бессарабияны  кезіп  жүр...»  («Сыгандар»  поэмасы- 

нан).


Сол  дабыр,  сол  тобыр,  сол  табордың  шадыман 

шағы  П уш киннің де  басын  шыр  айналдырып,  шабытын 

шаргіып  өтпесе  нағылсын!..

...Әзекті  қызыл  шоқтай  өртеп  жүрген  бір  өкініш 

бар.  Ол  Ш әмші  өміріне  кеш,  өте  кеш  үңілгендігім. 

Жазылған  бір  ғана  пьеса  көңілге  жүбаныш,  арманға 

алданыш  бола  алмайды.  «Ұлык,  болсаң,  кіш ік  болдың» 

қарапайым  ғана  бір  үлгісіндей  Шәмші  Қалдаяқов 

ғүмыры  біреуге  аңыз,  біреуге  ән,  біреуге  ақик,ат...Үшеуі 

де,  бәрібір,  үлы  тулғаның  толыққанды  тағдырының 

кесімді  пішімді  үлгісін  сомдай  алмақемес.  Шәмшіғүмыр 

күрделі  де  қарапайым,  әсерлі  де  қызықты...  Біз  әлі 

оның  бәріміз  болып  бар  болғаны  алғышартында  ғана 

жүрміз.  Ш әмші  берді,  біз  алдық.  «Бергеннің  берекесі, 

алғанның  мерекесі»  деп  жүре  беруге  де  болады.  Бірақ... 

«Алмақтың да  салмағы  бар»  деген  сөз  балаға  емес,  ал- 

дымен  санаға  қарагі  айтылса  керек...

PS:  кеше  бір  әріптесім  «Ш әмш інің  қасында  бір  емес, 

бірнеше  жыл  жүрдім,  бірақ  «Шәмші  сығандар  таборы- 

на  қоныпты,  сыган  қызға  ғаш ы қ  болыпты»  деген  сөзді 

естіген  емеспін»  д -е-п  отыр.  Дүрыс  айтады,  ішіне  кіре 

алмаған  адамға,  қы ры қ  жыл  бірге  жүрсе  де,  сыртын 

бермесе,  кім  ішін  ақтара  қойсын...



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал