Преподавание в школе, колледже и вуз-е



жүктеу 1.33 Mb.

бет6/11
Дата08.01.2017
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

-   Бұл  хрестоматияның  шығуы  және  оның 

жаңалығы  мен  құндылығы  туралы  айта  кетсеңіз...

-   Өзім  5  жылдан  аса  жеке  ән  салу,  яғни  дауыс  қою 

пәнінен  сабақ  беріп  келемін.  Осы  уақыт  аралығында 

байқағаным  -   қазіргі  өркениетті  дамыған  заманы- 

мызда  ултымыздың  баға  жетпес  әндерінің  санының 

көптігіне 

қарамастан, 

олардың 


ноталарының 

күй 


сандықтың  сүйемелдеуіндегі  үлгідегі  басылып  шыққан 

жинақтары  өте  аз.  Дегенмен,  соңғы  жылдары  көптеген 

музыкалық  білім  беретін  оқу  орындарында  халык, 

әндерін  жинақтап,  басып  шығарып  жатыр.  Олар да  аз... 

Кейбіреулерін  шықты  деп  естігеніміз  болмаса,  кәзбен 

көргеніміз  жоқ.

Өткен  ғасырдағы  атақты 

музыка 


зерттеушілері 

А.Затаевич 

пен 

Б.Ерзаковичтер 



қурастырып 

кет- 


кен 

қазақ 


әндерінің 

жинақтары 

бүгінгі 

танда 


кітапханаларда  санаулы,  тіпті  жоқтың  қасы,  табылса 

тозығы  жеткен.  Сондықтан,  осындай  оқу  қүралдарыньің 

жетіспеушіліктерінен  туындаған  оймен  және  улттық 

әнеріміздің  бай  қазынасының  бірі  -   ән  өнерінің 

өркендеуіне 

улес 


к,осу 

мақсатында 

кафедрадағы 

әріптестеріме  үсыныс  білдірдім.  Ұсынысымды  өздері 

де  көптен  бері  осындай  ойда  жүрген  3  үстаз  -   п.ғж., 

профессор  А.Ш.Қожахметова,  профессор  М.О.Жүніс,

аға  оқытушы  ГА.  Тоқсанбаевалар  құптай  кетті.  Әрине, 

мүндай  ж инақ  шығарсам  екен  деген  арман,  ойлар  әр 

үстаздың  көкейінде  болуы  мүмкін.  Бірақ,  сол  ойды 

іске  асыру  барысында  бірлестіктің  басын  қосып,  істің 

нәтижелі  шығуына,  алтын  уақыттарын  бөлгіздіртіп, 

ізденушілік  пен  шыдамдылық  танытуға  үйымдастыра 

білу, тіл табыса  алу  -  оңай  шаруа  емес.  Бүл  хрестоматия 

Т.  Жүргенов  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Академиясының 

кәсіби  ок,у-әдістемелік  кеңесінде  талқыланып,  бекітілді.

Біздің  топтағы  қурастырушылардың  әрқайсысының 

хрестоматияға 

қосқан 


улестері 

орасан 


зор. 

Аса 


жауапкершілік  пен  біліктілік  танытқан  тобыма  риза- 

мын!


Жұмыс 

барысында 

көптеген 

қиыншылықтарға 

кездестік.  Көп  ізденуге  тура  келді.  Енді  сол  қиын- 

шылықтардың 

бәрі 

артта 


қалып, 

жумысымыздың 

нәтижелі  жемісін  көріп  жатырмыз.

Оқу  қуралының  жаңалығы  мен  құндылығы  неде 



десек,  жинаққа  35  ән  жоғары  дауысты  әншілерге 

іріктеліп  алынды.  Әр  әнге  қысқаша  әдістемелік  нуск,ау 

беріліп,  әндердің  үлттық  накышын  сақтап,  орындау  ба- 

рысында  әуен  сөздерінің  орфоэпиялық  заңдылықтарға 

байланысты  өзтеріске  еніп,  дүрыс  әндетілуіне  көп 

кәңіл  бәлінді.  Кейбір  әндердің  тональностерін  жоғары


дауыстарға  ы ңғай лап,  көтеріп  ж а зд ы қ.  Сирек  айты- 

лып  ж үрген  3 -4   әндер  кірді.  Х алы ққа  кеңінен  таралған 

«Ш илі  өзен»  әні  б үгінгі  күнге  д ейін  халы қ  әні  деп  ата- 

лып  келді.  Ал,  тарихи  деректерде  бүл  әнді  ақы н  Ілияс 

Ж ансүгіровтың  ш ы ға р ға ны н,  он ы ң   туған  ауылы ның  жа- 

нында  «Ш илі  өзек»  дейтін  ж ер  бар  екенін,  әннің атының 

«Ш илі  өзек»  екенін  зайыбы   Ф атим а  Ғабитова  «Өртеңде 

өнген  гүл»  атты  еңбегінде  айтқан  екен.

Сол  сияқты  танымал  ға ш ы ғы н а   деген  ж үр е к  сы ­

рым  тау  еркесі  -  елікке  балаған  сезім  туралы  «Елік-ай» 

әнін  кейбір  жерде  әлі  күнге  д ейін  «  Илигай»  деп  о ры н- 

дап  жүр.  М іне,  осындай  қүнды   ж аңал ы қтар  ұсынылып 

отыр.

-   С іздердің  е ң б е к т е р ің із  к ім ге   а р н а л ға н ?

-   Біріншіден,  әнш ілік  өнерге  арналған.  Екіншіден, 

алғаш қы  

қурасты ры лған 

е ңбек 

болғанды қтан 



әрі 

каф едрамыздың  қүры л ғаны на  30  ж ы л  толуына  сәйкес 

келгендіктен,  сол  30  ж ы л д ы ққа   а рнады қ.

-   Ән  та ң д а у   қ а н д а й   п р и н ц и п т е р м е н   ж ү з е ге  

асты?

-   Алдымен,  ж о ға ры   дауысты  әнш ілерге  әндер 

іздестіріліп  іріктелді,  ал  іріктеу  -   ж еңілден  күрделіліге 

қарай,  тәрбиеленуш і  -   болаш ақ  әнш ілердің  ән  айту 

мүмкінш іліктеріне  байланысты  болды.

-   Басы лы мны ң  қ а р ж ы л а й   д ем еу ш іс і  кім?

-  


Біз 

қурасты руш ы лар 

езім ізге  өзіміз  демеуш 

болды қ.


-  

Ж и н а қ   аз 

ғ а н а  

д а н а м е н  

ш ы қ қ а н  

екен 

ал д ағы   у а қ ы т т а   қо с ы м ш а   басып  ш ы ғар у   жос- 

пар л ар ы ң ы зд а  бар  ма?

-   Қазір  біз  ж и н а қ т ы ң   2-том ы м ен  жум ы с  жаса\ 

үстіндеміз.  Осы  2  том  ж а р ы қ   көрсе,  еңбектеріміздіі 

тусау  кесерін  өткізу  ж оспары м ы зда  бар.  Сонан  соі- 

халы қты ң  сураны сына  бөленіп  жатсақ,  екі  томды  д; 

қосы м ш а  көбейтуді  ойласты рармыз.



-   Т о р ғы н  

А б ибуллак,ы зы , 

біз  С іздің  оперг 

әнш ісі  е к е н ің із д і  ж а қ с ы   б іл ем із.  Сіз  осы  әнш іли 

өнер  м ен   п е д а го ги к а л ы қ ,  ұйы м д асты р уш ы л ы қ  іс- 

әр еке тте р д і  қ а л а й   бір ге  алы п  жүрсіз?

-   Ә нш ілік  өнерге  деген  сүйіспенш іліктің,  шәкір' 

тәрбиелеуге  қуш тар л ы қ  пен  талпыныстың  әсері  дег 

ойлайм ы н.  М а ға н   арты лған  ж ауапкерш ілік  пен  сенімд 

ақтау  үшін  ж а қсы   ұйы м дасты руш ы   болуға  тырысамын.

-

 



Ә ң г ім е ң із г е   к ө п - к ө п   рахм ет !

Сүхбатты  ж ү р г із г е н   Нартай  БЕКМОЛДИНОВ

Ж у р н а л   о қ ы р м а н д а р ы   о с ы   хрест омат ияға  ен- 

ген  к е й б ір   ш ы ғ а р м а л а р м е н   б а с ы л ы м н ы ң   4 8-51 

беттерінде  таныса  а л а д ы .

А В А 


__ ,

мініі  iisoidpnepi

Б ауы р ж ан   ЕРДЕМБЕКОВ,

ф илология  ғы л ы м д ар ы н ы ң   докторы. 

« А қи қат»   ж урналы нан  алынды.

М

узыка 


саласында 

жазба 


м әдениетінің 

болмауына 

қарамастан,  Абай  ә н д е р ін ің   бізге  толық  жеткен  себебі, 

олардың  халы қты ң  ж үр е гін д е   сақталуында.  Композитор 

б олғаны м ен,  нота білм еген А б ай д ы ң  әндері ауызша тарал- 

ды.  Абай  әнде р ін ің   халы ққа  кең  таралуына,  бірінш ід ен,  ән  табиғатының 

халык,к,а  ж а қы н д ы ғы ,  ты ндауш ы сы н  баурап  алар  тосын  әуен  мен  терен 

мазмун  болса,  екінш іден,  сол  әндерді  үлкен  сахна  -  сахарада  нағыз 

күміс  көм ей  әнш ілердің  оры ндауы   еді.  А бай  әндерін  орындаушылар  ән 

ө нер інің  хас  ш еберлері-тін.  А қ ы н н ы ң   өзі  айтқандай:  «Адам  аз  мүны  біліп 

ән  саларлық,  тындауш ы  да  аз  ол  әннен  бәһра  аларлы қ»,-  деп,  Абайдың 

ж аңа  әндерін  тосы рқап  қабы лдауш ы лар  да  аз  болмады.  Сол  кезде  энші 

шәкірттер  тек  әнді  таратушылар  ғана  емес,  терең  мазмүнға  қүрылған


ғибратты  әндердің  насихатшысына  айналды.  Бұл  арә- 

да  сазгер  Абай  өз  бойындағы  барлық  қүндылықтарды 

әнге  деген  ыстық  ықыласын,  езі  шығарған  әндерін 

орындап  халыққа  таратушы  әнші  шәкіргтеріне,  сол 

уақыттың  жырын  жырлап,  мүң  мүқтажына  араласуы- 

на,  өз  бойларындағы  таланттарын  шындап,  көрсете 

білулеріне  жол  ашты.  Әнші-музыканттар  Абай  үйіне 

жиналып,  ездері  шығарған,  біреуден  үйренген  ән- 

күйлерін  Абай  алдында  ортаға  салып,  сыннан  өткізіп 

отырған.  Абайдың  Татьянасын  әнші  шәкірттердің  ав- 

тордан  үйренуі  тусын  Әуезовтен  тындап  байқайық: 

«...Мүхамеджән 

домбыраға 

жаңағы 


әннің 

бас 


қайырмасын  тыңқылдатып  көрді.  Келмей  жатыр.  Абай 

бүл  кезде  әз  кезегін  жүріп,  сәл  босап  отыр  еді.

-  

Жоқ,  теріс  тартып  отырсың,  -   деп  домбыраны 



қайта  алды.  Жаңағы  әнін  үш-терт  қайырып  тартып 

өггі.  Мұхамеджан  енді  домбыраны  қайта  алғанда, 

іркілместен  қатасыз  тарта  жөнелді.  Сол  арада  жаттап 

алған  алғашқы  екі  ауыз  елеңді  әнге  де  салып  жіберді» 

[1.  574-6.].

Абай  қасындағы  аса  талантты  әнші-музыканттарды 

атағанда,  алдымен  Мүқа  Әділханүлы  есімі  айтылады. 

Сонау  Халиолла  қаладан  келіп  жүрген  кездерде  Абай 

ауылының  ән  мен  куйін  келтіретін  Муқа  келе-келе  Абай 

ауылындағы  әншілер  мектебінің үстазына  айналды.  М у­

зыка  өнерін  қаладан  арнайы  үйреніп  келген  Мүқадан 

«Көкбай,  Шәкәрім, Ақылбай,  Мағауия,  Кәкітай, Турағүл, 

Әлмағамбет,  Мүхамеджан,  Өтегелді,  тағы  бірнеше  жа- 

аар  домбыра,  гармон,  скрипка  тартып,  музыка  тілін 

үйреніп  шығады.  Абайдың  қызы  Күлбадан,  Ысқақтың 

қызы  Рахималар  да  гармон  ойнауды  үйренеді»  [2, 

Б.  125-126].  Бүгінгі  тілмен  айтсақ,  Мүқанікі  музы­

ка  үйірмесі  іспетті.  Абайдың  Мүқа  сияқты  талантты 

ауылына  алғызуы  сияқты  өнегелі  ici  өз  шәкірттерінің 

өмір  жолында  да  жалғасқан.  Мәселен,  Мағауия  інісі 

Түрағүлдың  ән-күйге  әуестігін  біліп,  Семейден  Яков  де­

ген скрипкашыны алдырып,  ақы төлеп, Түрағүлға скрип­

ка  үйреткен.  Мүқаның  талантын  аса  жоғары  бағалаған 

Абай  оны  музыка  саласында  оқыту  үшін  Мәскеу,  Петер- 

бор  сияқты  үлкен  қалаларға  жібермек  болып,  арнайы 

киім  тіккізіп,  жол  жабдығын  да  дайындаған  көрінеді. 

Ел  арасындағы  көп  кикілж іңнің  бірі  қолбайлау  болып, 

Муқа  бүл  сапарға  бара  алмай  қалған  екен  [3,  279-6,]. 

Музыкант  Мүқа  домбыраны  да  өзі  жасайтын  шебер 

болған.  Ең  өкініштісі  -  М үқаның  музыкалык,  мурасы 

нотаға  түспей,  жасаған  домбыралары  бізге  жетпей 

қалғандығы.  Абайдың  немересі,  Ақылбайдың  үлы  Ис- 

раил  Мүканың  күйлерін  сақтап,  тартып  жүргенмен, 

дер  кезінде  нотаға  түспеген  музыкалык,  мүраның  қазір 

көбінен  кез  жазып  қалдық.  Мүқа  скрипкада  ойнап, 

орыс  күйлерін  қазақ  даласына  әкелді.  Австрия  компо­

зиторы  И.Штраустың «Көгілдір Дунайда»  вальсін  скрип­

када  тамылжыта  орындағаны  соншалык,,  сол  күйдің 

осерінен  «Он  саусақ  бірі  басып,  бірі  қаға»  дегі  баста- 

латын  лирикалық  күйге  толы  өлеңін  шығарады.  Әнші 

шәкірттердің  көшбасшысы  ғана  емес,  Мүқа  солардың 

ішіндегі  үздігі-тін. 

Қ.Мүхамедханулы  былай  дейді: 

«1909  жылы  Семейде  «Народный  дом»  деп  аталатын 

орында  қазак,,  татар  өнерпаздары  домбырашы,  скрип- 

каты ,  әнші-күйшілердің  жарысы  болғанда,  оған  Абай 

шәкірттері  Муқа  Әділханов,  Әлмағамбет  Қапсалямов, 

Мүхамеджан  Майбасаровтар  да  қатынасады.  Осы  өнер

салыстыру  жарысында  бас  бәйге  Муқаға  беріледі»  [3, 

283-6.].  Абай дүниеден  өткен  соң,  үлы  ақынды  еске  алу 

кештерінде  Мүқа,  Элмағамбеттер  үстаз  әндерін  айтып, 

күй  орындаған.  Абайдың  талантты  шәкірті  деп  таныған 

М.Әуезов  Мүқаны  ертеден  біліп,  араласып,  кейіннен 

Мүқа  образын  эпопеясында  ең  жарқын  бейнелердің 

бірі  ретінде  сомдады.

Жалпы,  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  әнші-ақындар 

бейнесі  деген  тақырыптың әлі  көбесі  сөгіле  қойған  жок,. 

Әу  баста  эпопеяның  кейінгі  екі  кітабында  Абай  және 

оның  маңайындағы  шәкірттері  тақырыбын  көтермек 

болған 


М.Әуезовтің 

жоспары 


саяси 

қысымның 

салдарынан 

іске 


аспай 

қалғанда, 

жазушы 

Абай 


айналасындағы  әншілік  дәстүрге  көп  салмақ  салуына 

тура  келді.  Эпопеядағы  ақын  шәкірттердің  орнын  әнші 

шәкірттер  басып,  тиым  салынған  Абай  мектебі  деген 

үғымның  оқырман  санасынан  мүлде  өшіп  қалуынан 

сақтағандай 

еді. 


«Абай 

жолында» 

ән 

тақырыбы 



Абайдың Ділдә  ауылына  қайын-дап  барғанда,  Сүйіндік- 

Тоғжан  ауылындағь!  көріністер-де  қылаң  беріп  қап, 

Әйгеріммен  кездесуінде  бір  жарк,  ететіні  бар.  Нағыз 

әннің  шарықтауы  -   «Жайлауда»  тарауында,  Абай  ау­

ылына  Біржанның  келуімен  көркем  керініс  тапқан. 

Біржанның  қасында  ән  үйренген  Әмір  мен  Оралбай, 

Әйгерім  мен  Керімбалалар  сомдалған.  Біржаннан  үлкен 

ән  қуатын  алған  Абайдың айналасы  енді  әнді  күнделікті 

түрмыстың  бір  қажеттілігіне  айналдырғандай.  Эпопеяда 

қалаға  келе  жатқан  Абай  балалары  жарыса  ән  шырқап, 

ел  ішінің  ығырынан  мезі  болған  әке  көңілін  бір  уақ  жа- 

дырататын  эпизод  бар.  Бүл  келесі  бір  биікке  шырқаған 

ән тақырыбына барар баспалдақ іспетті  еді.  «Татьянаның 

сахарадағы  ані»  Әуезов  көркем  шығармасының  өнер 

тақырыбын  қозғаған  ең бір  кестелі  түсы  ғана  емес,  жал­

пы эпопеяның алғашқы  іргетасы осы «Татьяна жырынан» 

бастап  қаланған.  Яғни,  әлемге  аты  мәшһүр  эпопеяның 

бастау  бүлағы  ән  тақырыбында  жатқандығы  тегін  емес. 

Татьяна  әнінің  Мүхамеджан  арқылы  Абайдың  езге 

шәкірттеріне  жетуі  эпопеяда  аса  тартымды  суреттелген: 

«Олар тегіс  көшіріп  болған  соң,  осы  кеш  бойында  біреу 

домбырамен,  біреу  үнмен  ылғи  «Татьяна  хатын»  айтуда 

болды.  Тек  үйрене  алмағандар  Мұхамеджанға  баста- 

тып,  өздері  екіден-үштен  қосылып  отырып айтты.  Соны- 

мен,  түн  ортасы  ауғанша,  барлығының  ден  қойғаны  - 

Мүхамеджан  әкелген  жаңалық  сый  еді.  Көп  мезгіл  етіп, 

жатарманға  тақағанда,  бүл  үйдің  ішінде  домбыра  тар­

тып,  ән  сала  білетін  адамның  барлығы  да  Татьяна  әнін, 

мүңын  жаттап  алды»  [1,  580-6.].  Нағыз  өмір  шындығы 

жазушы  к,иялындағы  көркемдік  шындықпен  астасып, 

бірігіп,  түтасып  кеткендей.  «Ақшоқыда  туған  өлең,  өлең 

мен ән, сан-саналы жырлар кешіріліп жатталып, әуендеп 

толқып,  тарап  жатты.  Алуан  сырлы  жаңа  сөз  Арқаның 

қоңыр  желіндей  жай  жылжып,  бірақ  кең  жайылып  та- 

рады»  [1,  586-6.].  Осынау  қүдіретті  әнді  таратушы  жас 

әншілердің  келесі  бір  легі  туралы  сөз  эпопеяда  бүдан 

былай  кеңінен  сөз  бола  бастады.  «Абай  жолын»  сүзген 

адамға  бірден  байқалатыны,  Әуезов  ән  тақырыбын 

сомдағанда  өмір  шындығынан  алыс  кетпеген.  Көкбай, 

Мүқа,  Әлмағамбеттер  Абай  әнін  жарыса  шырк,айды. 

Мүқа  «Айттым  сәлем,  Қаламқасты»  созса,  Әлмағамбет 

«Көзімнің  қарасын»  айтады.  Қаладан  келген  Әбіш 

Мүқамен  бірігіп скрипка тартып,  өнер  көрсетеді,  барлық 

жерде  Абайдың  сөзі,  Абайдың  әні  жас  енерпаздардың



л

аузында.  Төрт  кітаптан  түратын  эпопеяның  соңы  да 

әнмен  бітеді.  Бірақ,  қайғылы,  қазақ  даласына  жаңалық 

шашқан ұлы өнердің иесін жоқтаған  азалы ән.  Ән  өнерін 

ерекше  кдцірлеген  кемеңгер  ақынны ң  қабірінде  жоқтау 

айтқан  асыл  жар  -  Әйгерім  сазы  оқырман  жүрегін 

елітеді.  Жазушының  соңғы  сөйлемдеріне  қулак,  түрейік: 

«Адал  жар  жоқтауымен  Абай  жаңаша  жолға  өтті.  Ол 

өлмеске  қадам  басты!  Ә йгерімнің  әні  мен  соған  оралып 

айтылған  Дәрмен  жыры  Абай  туралы  кейін  туатын  бар 

өнердің  басы  еді.  Жаңа  туған  әннен  бастап  Абай  жаңа 

туысқа  ауысқан»  [4,  6 0 5 -6 .].  Ән  мен  өлең!  Абай  езі  тірі 

кезінде  мүлде  жаңа  сатыға  көтерген  осынау  бір  өнердің 

екі  қанатын  ары  қарай  самғата  алар  урпак,  бар  ма  де­

ген  сауалға  жауап  қатады  жазушы.  Бар!  Ол  -  Абайдың 

енерлі  шәкірттері.  Топырағы  кеппеген  Абай  қабірінің 

басындағы  жаңашыл  жы р  мен  өзгеше  ән  Абай  өнерінің 

жалғасы  болып,  шартарапқа  тарап  жатты.

Абайдың  жанындағы  ак,ын  шәкірттерді  сомдауға 

мүмкіндік 

болмағаннан 

кейін 


салмақты 

әнші 


өнерпаздарға  салған  Әуезов,  әнші  жастардың  тек  Абай 

әндерін  таратудағы  еңбепн  ғана  сөз  ете  алды.  Жас 

енерпаздар  эпопеяда  тек  Абай  әндерін  орындаушы, 

таратушы.  Ал,  өз  жандарынан  ән  шығарғандары  ту­

ралы  Әуезов  сөз  қозғамаған.  Өйткені,  композиторлык, 

дегеніңіз  -  нағыз  ақындық.  А қы нд ы қ  туралы  сөз 

қозғауға 

мумкіндік 

болмағандықтан, 

Ш әкәрімнің, 

Көкбайдың,  Әсеттің,  Уәйістің,  Ақылбай  мен  М ұқаның 

композиторлык,  қарымы  туралы  Әуезов  айтпады.

Өзі  ән  шығармағанмен,  Абай  әндерін  насихаттау- 

да  үлкен  еңбек  сіңіріп,  көзі  тірісінде  «Абайдың  әншісі» 

атанған  өнерпаздың  бірі  -  Әлмағамбет  Қапсөләмулы. 

Жасынан  Абай  жанында  жүріп,  кемеңгер  ақынның 

ішкі  тебіренісін  дөп  басатын  сезімтал  Әлмағамбеттей 

Абай  әндерін  көңілден  шығарып  орындайтын  адам 

кемде-кем  болса  керек.  Абайдың,  Біржан  сияқты  үлкен 

әншілердің  әндерін  орындаған  Әлмағамбет,  қолқалап 

жүріп  Ақылбайға  да  ән  шығартып,  оны  Турағүлмен 

қайыншылап  барған  Матай  жерінде  орындайтыны  бар. 

XX  ғасырдың  басындағы  Абайға  арналған  кештерде 

Әлмағамбеттің  ән  айтқаны туралы  баспасөз  беттеріндегі 

қысқа  хабарлардан  басқа  әнші  туралы  нак,ты  дерек 

ж оқтың  қасы.  Бізге  жеткен  дерек  -  Әлмағамбеттің  уш 

үлыныңбірі  -  Шәбден  ақсақалдың әңгімесі  [5]  мен  ақын 

М.Ыбырайүлының  Әлмағамбет  туралы  мақаласы  [6] 

ғана.  Ел  аузындағы  естеліктерге  жүгінсек,  Әлмағамбет 

Тобықты  ішінде  Тоғалақ  деген  атадан.  Әлмағамбеттің 

үш  үлының  бірі  -  Шәбден  әкесінің  өнерін  үстаған 

енерпаз,  кейіннен  қуйма  қүлақ  шежіре  адам  болған. 

Әлмағамбеттің 

қасиетті 

домбырасы 

осы 


Шәбден 

ақсақалдың  тапсыруымен  Абай  мүражайынан  к,унды 

жәдігер  болып  орын  алды.  Сол  Шәбден  ақсақалдың 

айтуынша, 

малдың 

бабын 


білген 

Әлмағамбеттің 

әкесі  Қапсәләмді  Абай  ж ы лқы   бағуға  әдейі  алдырып, 

тағдырдың  жазуымен  Әлмағамбет  Абайдың  тәрбиесін 

көріп  өседі.  «Абай  өз  балалары  Мағауия,  Тұрағүлмен 

бірге  Әлмағамбетті  де  үш  қыс  Семейде  орыс  музыкан- 

тына  беріп  үйреткен»  [5,  7 9 -6 .],  -   деп  жазады  Шәбден 

Әлмағамбетүлы.  Әлмағамбет  әнші  ғана  емес,  бірнеше 

музыкалық  аспаптарда  ойнаған  шебер  күйші  болған. 

«Дунайская 

волна», 

«Лезгинка», 

«Возвратное  вре­

мя»,  «Банкрот»,  «Полька»,  «Птичий  марш»,  «Крико-

ЗО ІО ж ш  

••

вяк»  деген  басқа  халықтың  ән  мүралары  Әлмағамбет 



арқылы  елге  тараған,  Қазак,  зиялылары  Нүрғали  және 

Нәзипа 


Қүлжановалармен 

ж ақы н 


араласып, 

Абай 


есімін  халыққа  таныстыруда  бірлесе  жумыс  істеді. 

Тәңкерістен  кейін  Семей  қаласында  үйымдастырылған 

қазақ  театрының  белді  бір  мүшесі  болған  Әлмағамбет 

әнші  өм ірінің  соңына  дейін  Абай  әндерін  халық  ара- 

сында  орындап,  насихаттаудан  бір  танған  емес.  Оның 

қолқалауымен  Ақылбай  да  ән  шығарған.

Жалпы,  Ақылбай  ән-күйге  аса  бейім  болғанымен, 

әншілік  жолға  да  мықтап  түспеген  сыңайлы.  Көптің 

қолқалауымен  ән  айтып,  күй  тартқаны  болмаса,  суы- 

рылып  шығып,  әншілік  өнерге  аса  бейіл  қоймаған. 

Әйтпесе,  жасынан  сал-сері  Ақылбайға  әншілік  өнер 

жат  емес.  Ш ебер  музыкант,  жақсы  әнші  Ақылбайдың 

бізге  бір  ғана  әні  жеткен.  О ның  әзі  екі  ауызы  ғана 

сақталған.  «Бір  ән  тауып  Әлекең  бер  деген  соң»  деп 

басталатын  екі  шумак,  өлең.  Қ.Мүхамедханүлы  осы 

екі  шумақты  екі  бөлек  ән  деп  көрсетеді  [7,  Іб -б .]. 

Анығында  бүл  бір  ән  сияқты.  Белгілі  әнші,  сазгер, 

жазушы  Ж .Кәрменовтің  Ақылбайдың  ішкі  толғаныс, 

сезімінің  пернелерін  деп  басып,  Ақылбай  әнінің  шығу 

тарихын  көркем дік  шешімге  шебер  орайластырған 

«Ақылбайдың  әні»  әңгімесінен  танысуға  болады  бүл 

әнмен.  Бірақ,  әңгімеде  айтылғандай,  Мекайылдың 

емес  [8],  М.Ыбырайүлы  келтіргендей  М ағауияның  да 

емес  [6],  Түрағүлдың  қалындығы  Сақыпжамалды  алуға 

Матай  жеріне  барарда  Ақылбайдың  Әлмағамбетке 

шығарып  берген  әні.  Сауык,қой,  өнерлі  Матайдың 

жеріне  қүдалар  Ақылбайдың  жаңадан  шығарып  берген 

әнімен  барған  екен.  Сақыпжамал  -  Матай  елінің  белгілі 

байы, 

Делбегетейдің 



бауырын 

жайлайтын 

Әлжан 

қажының  қызы.  Әлжан  -  ХҮІІІ  ғасырдың  бас  кезінде 



өмір  сүрген  атақты  Қүттымбет  батырдың  үрпағы,  Өз 

заманында 

батьірлығымен 

аты 


шык,қан, 

кейіннен 

бойындағы 

қасиетімен 

елдің 

аңызына 


айналған 

Жалаңаш  батырдан  Назар  туса,  Назардан  Әлжан  туған 

[9,  4 7 -6.].  Ш амамен,  1835 -1 91 8  жылдары  өмір  сүрген 

Әлжан  елінде  бірнеше  жыл  болыс  болған,  елге  қадірі 

артып,  қартайған  шағында  Мекеге  барып,  қажы  ата- 

нады.  Әлжанмен  сыйласқан  Абай  байдың  қызын  өзі 

көріп,  үнатып,  Түрағүлға  әперген.  Қазіргі  Әлжан  көлінің 

жағасына  Абай  бастап  келген  қүдалықта  Ақылбай  әнінің 

тұсауы  кесілген  екен.  Сақыпжамалдан  үлы  -  Жебіраил, 

екі  қыз  -  Ақылия  (А қы ш )  пен  Мәкен  туады.  Түрағүлды 

қуғы нға  салған  кеңес  заманының  белсенділері  Томскіде 

оқуда  жүрген  баласы  Жебіраилдың  түбіне  жетсе,  екінші 

үль!  Зүбаир  елден  кетіп,  қы рғы з  жақта  аштан  өледі.  Ел 

естелігіне  қүлак,  түрсек,  Ақылбайдың  «Ақтамақ»  деп 

аталып  кеткен  Көкен  қызға  арналған  «Асықтық  сәлем 

айттым  Кекеніме,  жүре  берме  әркімнің  жетегінде»  деп 

келетін  ән-өлеңі  де  болған  көрінеді  [10,  497-6.].  Осы 

әнге қатысты  бір деректі Т.Әлімқүлов  келтіреді:  «Осы күні 

Оңтүстік  Қазақстанда  «Сәкеннің  әні»  деп  салатын  бір ән 

Абайдың  баласы  М ағауияның  (дүрысы  -  Турағүлдың 

Б.Е)  қалындык,  ойнауға  бара  жатып  шығарған  әнінен 

айнымайды»  [11,  151 -6 .] 

деген  пікіріне  де  қулақ 

аспай  болмайды.  Абай  ауылының  әні  қазақ  жерінің 

екінші  бір  қиырына  Сәкен  арқылы  жетуі  ықтимал  не­

месе  осы  әуенге  үқсас  ән  болуы  да  мүмкін.  Бүған  жау- 

апты  ән  өнерін  зерттеушілер  береді  деген  ойдамыз.


Түрағулдың  езі  де,  балалары  да  әнші  болған.  Жебіраил 

әнді домбырамен  жақсы  айтқан,  әсіресе Абайдың «Мен 

көрдім  узын  қайың  қулағанын»  нақышына  келтіріп 

орындаушы  еді  делінеді  естеліктерде  [12,  96-  б.].  Ал, 

Мәкен  Түрағүлқызы  -  Абай  әндерін  бірден-бір  бізге 

жеткізуші  адам.  Осы  арадә  айта  кетуіміз  керек,  Абай 

әндерін  жүртқа  жайып,  насихаттаушы  әнші  шәкірттер 

болса, 


кейінгі 

буын, 


дөлірек 

айтқанда 

Абайдың 

үрпақтары  ақын  баба  ән  мүрасының  бүгінге  жоғалмай 

жетуіне  айтарлықтай  үлес  к,осгы.  Отызыншы  жылдары 

А.Жүбанов  Абайдың  әндерін  Түрағүлдың  кенже  қызы 

Мәкен  Ахметжанованың  орындауынан  жазып  алып, 

нотаға  түсірсе,  Л.Хамиди  Әрхам  Ысқақовтың  айтуымен 

біраз  әнін  нотаға  салады.  Шәкәрім  эндерінің  дені  бізге 

үлы  Ахат арқылы  жетсе,  әнші  М үқаның скрипкада,  дом- 

бырада  ойнаған  күйлерін  сақтаған  Ақылбайдың  баласы 

Исраил  болған.  Абай  урпақтарының  өнері,  игі  істері  ту­

ралы  әңгіме  бөлек  бір  тақырыпқа  жүк  боларлық.

Турағұл 


әнші, 

шебер 


музыканттығымен 

қоса, 


сазгерлік өнергеде қулаш сермеген сыңайлы. Түрағұлды 

көзімен  көрген  Н.Алдажаровтың  естелігіне  тоқталайык,: 

«Түраш  аға  ақын,  әрі  композитор  болған.  «Әйел  сыны» 

деген  өлеңі  бар,  әнін  де  езі  шығарған:

Дәл  қарға  бет  қызылы  тамған  қандай,

Ақ  таңлақ  айналасы  атқан  таңдай.

Кірсіз  тіс,  жайнаған  көз,  қырлы  мүрын

Әжімсіз  аппақ  тегіс  тіп-тік  маңдай, 

-   деген. 

Тураш  ағаның  осы  өлеңі  мен  әні  үмыт  болмасын 

деп  магнитофонға  жаздым»  [12,  95-6.] 

деп  бізге 

белгілі  «Хат»  өлеңінен  үзінді  келтіреді.  Түрағүл  әншілік, 

сазгерлік жолға  түспегенімен,  бүл  өнерден де  қара  жаяу 

еместігі  байк,алады.

Абайдың  ән  мектебінің  ірі  өкілі  -   Майбасардың 

Мухамеджаны.  Сол  уақытта  әншілік  пен  сал-серілік 

қатар 


жүргенін 

ескерсек, 

Мүхамеджан 

жасында 


қасына  топ  жиып,  салдык,  қүрып,  ел  аралап,  ән  сала­

ды.  Қасында  К,үдайбердінің  баласы  Әмір  бар.  Әмір 

Қүдайбердінің  Ботантай  деген  екінші  әйелінен  туған 

да,  бала  көтермеген  Төлебике  бәйбіше  Әмірді  бала 

қып  алған.  Әнші,  серілігіне  қоса  Құнанбайдай  алыптың 

ерке де,  тентек  немересі  Әмір  Абай  ортасына  жарқ  етіп 

келіп,  лап  етіп  сөнген  ерекше  жан  болған.  Мүхамеджан 

мен  Әмірдің  салдығы  сол  өңірде  ерекше  болып,  тіпті 

шектен  шығуға  айналған  соң,  Қүнанбай,  Абай  болып 

тиым  салған  да.  Бүл  оқиғаны  М.Әуезов  «Абай  жолын- 

да»  бояуын  қалыңдатып,  Құнанбайдың  қатыгездігін 

көрсете  түсу  үшін  көркемдік  қиялға  иігі  суреттейтіні  бар. 

Серілігі  асқан  асау  Эмірді  Қүнанбай  қылқындырып, 

теріс  бата  бергенде,  Абай  арашаға  түседі.  Ал,  өмір 

шындығы  сәл  басқашалау  болған. 

Өз  ауылының 

қызына  ғашық  болып,  ырык,қа  көнбей  бара  жатқан 

Өмір  мен  Мүхамеджанды  арбаға  таңып  қойғаны  рас. 

Бірақ,  немересін  қыпқындырыл,  ешқандай  теріс  бата 

бермеген.  Таңылып  жатып  намазын  бузып,  ән  айтқан 

екеуіне дауа  жок, екенін  біліп,  босагтырып  жіберген  екен 

[қараңыз:  13,  Б.  129-130].  «Мүхамеджанның үлгі-енеге 

алған,  әншілік  тәрбие  көрген  адамы  осы  Әмір  сал  бол­

са,  әндерінің  денін  Абайға  еліктеп  шығарып  отырған. 

Абай  дәстүрі,  Абайдың  әншілік  сарыны  Мүхамеджан 

андерінде  айқын  сезіліп  отырады»  [14,  175-6.]  ,-  дейді 

Ж.Кәрменов.  Әмір  жастайынан  қайтыс  болған  соң, 

Мухамеджан  жетімсіреп,  сал-серілік  жүрісіне  тиым

салған  Қүнанбай,  Абайларға  екпелеп,  (кей  дерек- 

терде  басқа  ағайындарымен  сыйыспай  Б.Е)  қайнына 

Қызылмола  жаққа  көшіп  кеткен.

Жау  болды  Абай  ағам  жасымыздан,

Кетпеді  күнде  қ и қ у   басымыздан.

Қоркытып әбден  жеңіп  алғаннан  соң 

Көршінің  бәрін  қуды  қасымыздан.

Сүрасаң  арғы  атамды  Ырғызбай-ды,

Шындаса  жатқа  олжа  болғызбайды.

Еліне  Қызылмола  кеттім  шығып 

К,удалап  ағайыным  турғызбайды.

Кәк  үйірім  айдын  шалқар  кәл  емес пе?

Ырғызбай  қайда  журсе  бел  емес  ne?

Еліне  Қызылмола  кеттім  шығып 

Кәңілімді  көтергім  ж ен  емес  пе?-

Осы  өленді  естіп,  Абай  кісі  жіберіп  Мүхамеджанды 

көшіріп алғызған»  [1 2, Б.  9 2-93 ],  -  делінеді бір естелікте. 

Осыдан  былай  қарай  Мүхамеджан  Абай  шәкірттерінің 

тобына  қосылып,  Абайдың  дәстүріндегі  әндердің  на- 

сихатшысына  айналады.  Абайдың  келіні  Кәмәлияның 

айтуынша:  «Әкем  әндерін  халықк,а  таратк,ан  әншінің 

бірі  -  Мүхамеджан»  [15,  200-6.].  Абайдың  «Татьяна- 

сын»  алғаш  орындап,  бүкіл  енерсүйер  қауымды  елең 

еткізген  осы  Мүхамеджан  болса,  қүдіретті  әншілігімен 

қоса  ақындығы  да  болған  Мүхамеджанның  бізге  жет­

кен  осындай  бірер  ауыз  өлеңінен  басқасы  кезінде  умыт 

болғанға  үқсайды.

П айдаланған  әдебиеттер:

1.  Әуезов  М.  Абай  жолы.  1-кітап.  -  Алматы:  Жазу­

шы,  1990.  -   606-6.

2.  Ысқақов  Ә.  Абайдың  өмір  жолы  / /   Жүрегімнің 

түбіне  терең  бойла.  -Алматы:  Жазушы,  1995.  -   296-6.

3.  Мүхамедханүлы  Қ.  Абайдың  ақын  шәкірттері. 

3-кітап.  -  Алматы:  Дәуір,  1995,  -  320-6.

4.  Әуезов  М.  Абай  жолы.  2-кітап.  -  Алматы:  Жазу­

шы,  1990.  -   624-6.

5.  Әлмағамбетүлы  Ш әбденнің  әңгімесі  / /   Абай,  - 

1994.  -  №  1  1.  78-80-6.

6.  Ыбырайүлы  М.  Абай  әншісі  Әлмағамбет  / /   Абай.

-  1993.  -  №5.  -  54-59-6.

Мүхамедханүлы  Қ.  Абайдың  ақын  шәкірттері. 



1-кітап.  -  Алматы:  Дәуір,  1993,  -  224-6.

8.  Кәрменов  Ж.  Ақылбайдың  әні:  Повесть  және 

әңгімелер.  -  Алматы:  Жалын,  1980.  -   152-6.

9.  Керейбаев  Қ.  К,азыналы  Қалба.  -  Алматы:  2003.

-   464-6.

10.  Исабаев  Б.  Ұлылар  мекені.  -  Новосибирск, 

2001.  -   623-6.

11.  Әлімқулов  Т.  Жүмбақ  жан.  -  Алматы:  Жазушы, 

1993.  -   2.23-6.

12. Апдажаров Н. Абай туралы әңгімелер / /  Жулдыз.

-  1992.  -  №1.  -8 0 -1 0 3 -6 .

13.  Журтбай  Т.  Қунанбай.  -  Алматы:  Алаш,  2004.  -  

400-6.

14.  Ән  туралы  әңгіме  (Сұхбат)  / /   Жұлдыз.  -  1989.



-  №  6.  -  174-179-6.

15.  Абайдың  келіні,  Әубәкірдің  эйелі  Камалияның 

есте  қалғандары  / /   Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла.  - 

Алматы:  Жазушы,  1995.  -   2.96-6.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал