Практикалық жұмыс №2. Өз салаңызға қатысты бір мақаланы оқып, сұрақтарға жауап беріңіз Орындаған



жүктеу 16.93 Kb.
Дата13.11.2022
өлшемі16.93 Kb.
#23808
түріСабақ
Д.Нуржан
Үй жұмысы 2, lesson 4-5, sinusy kosinusy. prezentatsiya 10 klass, Баяндама Та ырыбы Математика п нінен жа артыл ан о у мазм нында, гео убт 10 сынып, инфо 196 сурак, Утегулова Айсулу 4.1 практика

Практикалық жұмыс №2. Өз салаңызға қатысты бір мақаланы оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Орындаған: Дүйсенбай Нұржан Қыдырбайұлы



Сұрақтар

Жауабы


Мақала не туралы?

Мақаланың тақырыбы: «Математика пәнінен білім сапасын арттыру жолдары»




Автор кіріспе бөліміне не жазыпты?

Математика – адамдарға ой салу арқылы толғандырады, адамдардың ойын жетілдіреді. Басқа ғылымдар да адамның ойын жетілдіреді, алайда кеңдік, тереңдік, жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңестіруге келмейді. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді. Ойлану, толғану болмаса математика да болмайды.


Негізгі бөлімде не айтылған?

Автор негізгі бөлімінде Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу керектігін көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша оқушылар оқу ақпараттарын сабақтың қай кезеңінде қабылдау мүмкіндіктері жоғары болатынын дәлелдеді. Сабақтың алғашқы 1-4 минуттарында 60 пайыз, одан кейін 5- 23 минуттарында 80 пайыз, ал сабақтың 23-34 минуттарында 45-60 пайыз, және 35-45 минуттарында 6 пайыз болатынын атап көрсетеді. Сондықтан оқушылардың назарын сабақта өтіліп жатқан материалдарға аудару үшін әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға кеңес береді.
Сабақ нәтжелі болу үшін:
· Әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалуы;
· Сабақтан алған әсері оқуға қызығушылығын және білімге деген сұранысты арттыруы;
· Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;
· Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, әр оқушыға сенім білдіру;
· Мұғалімнің белсенді шығармашылық жұмысты тиімді ұйымдастыруы;
Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді. Білім меңгерту, біліктілікті қалыптастыру үрдісінде бақылаудың алатын орны ерекше.
Бақылау- білім, біліктерін айқындау, есепке алу, бағалау, тексеру.
Автор осы әдістерді қозғап, маңыздылығын түсіндірген.


Мақала қалай қорытылды?

Автор қорытындылай келгенде осы жаңа технологиядан жеткен жетістігін оқушылар өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала – алатынын көрсеткен. Сөздік қорларын молайтуға ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беруге дағдыланады. Мұғалім сабаққа дейін жұмыс жасаса, ал сабақ кезінде оқушыларға тек бағыт- бағдар беруші ғана бола алады.Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар деп ойлайтынын жеткізген.




Мақаланың жаңалығы не? Автор мақалада не айтқысы келді деп ойлайсыз? (өз ойыңыз?)

Егер берілетін білім мен оны меңгертудің арасында үйлесімділік болмаса, тиісті нәтижеге қол жету мүмкін емес. Білім берудегі шамаға лайықтылық тиісті кедергілер мен қиындықты жеңе отырып, меңгерілсе, ұғым-түсінік тиянақты болады. Маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.



жүктеу 16.93 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет