Порядок и Право



жүктеу 126.21 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі126.21 Kb.

№ 5 (637) 

Порядок 

и Право

10-бет


Т   рТіп  ж   не     y   ы

Бетті жүргізуші Мейраш ЖҮНІСБЕКОВ, e-mail: meyrash@mail.ru

2 акпан 2017 ж.



2017 жылдың 25 қаңтары мен 10 ақпаны 

аралығында Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрлігі Шырақбек 

Қабылбаев атындағы Қостанай 

академиясында Қазақстан Республикасы 

полициясының 25 жылдығына орай,  

жылдағы дстүр бойынша қызметкерлер 

арасында спартакиада өткізілуде. 

Жарыста  150-ден  астам  академияның 

спортшылары спорттың 5 түрінен (волейбол, 

макаров тапаншасынан оқ ату, дойбы, үстел 

теннисі және шағын футбол) бақ сынасуда. 

Спартакиаданың  салтанатты  ашылуында 

Академияның  бастығы  полиция  полковнигі 

Мирлан  Қызылов  құттықтау  сөз  сөйлеп, 

жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

-  Құрметті  жарысқа  қатысушылар,  мен 

құттықтау  сөзімді  Елбасының  қанатты 

сөзімен  бастағым  келіп  отыр.  «Білімді, 

денсаулығы  жақсы  адам  ғана  жеңіске 

жетеді»  -  дегендей,  Сіздердің  мына 

спартакиадаға 

қатысқандарыңыз, 

өте 

тамаша.  Біз  былтырғы  спартакиадада 



басшы  құрам  жеңімпаз  атанғанымыз  әлі 

естеріңізде  шығар.  Біз  сол  жеңісімізді 

әрқашан мақтан тұтамыз. Биылғы жарыста 

да  ең  мықты  деген  команданың  жеңімпаз 

атануына тілектеспін. Спорт -  тазалық, ал 

тазалық - зор денсаулықтың кепілі.

Біздің  жастарымыз  төзімді,  батыл 

болып өсуі керек, олар тек барлық футбол 

матчтарына баруға ынталанып және барлық 

рекордсмендердің  аттарын  біліп  қана 

қоймай,  сонымен  қатар  іс  жүзінде  дене 

шынықтырумен,  спортпен  шұғылдануы 

керек.  Сондықтан  Сіздер  кейінгі  жастарға 

үлгі  болу  үшін  осындай  жарыстарда  бой 

көрсетіп тұрғандарыңыздың өзі қуантады, – 

деді  Мирлан Ахмедияұлы.

Аталмыш 

спартакиада 

Алматы 

қаласында өткізіліп жатқан 28-ші бүкіләлемдік 



студенттер универиадасымен тұспа-тұс келіп 

отыр.  Бұл,  әрине,  қуантарлық  жәйт  екені 

баршамызға  аян.  Академиялықтар  үлкен 

додаға  қатыспаса  да  өздерінің  арасында 

ұйымдастырылып  отырған  спартакиадада 

бар күш-жігерлерін салып, жеңіс тұғырынан 

көрінетіндіктеріне сенімді. 

М. ОСПАНОВ,

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев ат. 

Қостанай академиясының 

баспасөз хатшысы 

Өткен жұмада Жоғарғы 

Сотта халықаралық 

сарапшылардың қатысуымен 

жоғары сот органы 

судьяларының семинар-

кеңесі өтті. Оған облыстық 

соттардың төрағалары мен 

әкімшілері де қатысты. 

Шетелдік 

меймандардан 

Германия 

Федеративтік 

Республикасының 

Елшісі 

Рольф  Мафаель,  «Еуропалық 



Одақтың  құқық  үстемдігінің 

тұғырнамасы  -  Орталық  Азия» 

жобасының  жетекшісі  Ксавье 

Барре,  Франция  апелляциялық 

сотының  бұрынғы  басшысы, 

Фор-де-Франс 

апелляциялық 

сотының  құрметті  президенті 

Экспер Эрве, сондай-ақ Франция 

мен  Еуроодақ  өкілдіктерінің 

қызметкерлері  қатысты.      Бұл 

туралы  ҚР  Жоғарғы  Сотының 

баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғарғы  Сот  Төрағасы 

Қайрат  Мәми  іс-шараны  аша 

келе,  Тәуелсіздік  жылдары 

сот  жүйесінде  реформаларды 

жүргізу 


барысында 

Экономикалық  ынтымақтастық 

және  даму  ұйымының  жетекші 

30  елінің  озық  халықаралық 

тәжірибесін  қолдануға  айрықша 

көңіл  бөлінгенін  атап  өтті.  Бұл 

азаматтардың құқықтарын сотта 

қорғау деңгейіне, сот құрылымы 

мен  сот  ісін  жүргізу  жүйесіне, 

Қазақстандағы 

судьялық 

кадрларды  іріктеуге  және  т.б. 

бірқатар мәселелерге қатысты.

«Осы  мақсатта  Жоғарғы 

Соттың  жанында  құрамына 

шетелдік  беделді  сарапшылар 

кіретін  Халықаралық  кеңес 

табысты 


қызмет 

атқаруда. 

Кеңес  шетелдің  сот  ісін  жүргізу 

саласындағы  үздік  тәжірибесін 

зерделеуге,  қорытуға  және  оны 

отандық  сот  төрелігі  жүйесіне 

енгізуге мүмкіндік береді», - деді 

Қ.Мәми. 


Қазақстанның 

Жоғарғы 


Соты 

дамудың 


барлық 

шешуші  бағыттары  бойынша 

халықаралық 

серіктестермен 

өзара  іс-қимылды  жүйелі  іс 

жүргізуде. Олардың қатарында - 

БҰҰ-ның  Қазақстандағы  өкілдігі, 

БҰҰДБ,  ЮНИСЕФ,  Миграция 

жөніндегі 

халықаралық 

ұйым,  ЕҚЫҰ-ның  Астанадағы 

бағдарламалар  кеңсесі  бар. 

Құқық 

үстемдігі 



бойынша 

бастамалар 

шеңберінде 

Еуропалық  Одақпен,  Герман 

халықаралық 

ынтымақтастық 

қоғамымен  (GIZ),  Халықаралық 

құқық ынтымақтастығы қорымен 

(IRZ),  Америкалық  заңгерлер 

қауымдастығымен 

және 

Бүкіләлемдік Банкпен сындарлы 



байланыс қалыптасты.

Бұдан  әрі  Елші  Рольф 

Мафаель  мен  «Еуропалық 

Одақтың  құқық  үстемдігінің 

тұғырнамасы  -  Орталық  Азия» 

жобасының  жетекшісі  Ксавье 

Барре сөз сөйледі. 

Семинар 


шеңберінде 

«Еуропалық  Одақтың  құқық 

үстемдігінің  тұғырнамасы  - 

Орталық Азия» жобасы мен өзара 

іс-қимыл аясында Қазақстанның 

пилоттық  сотына  жүргізілген 

мониторингтің 

нәтижелері 

туралы  есебі  таныстырылды. 

Мониторинг  2016  жылғы  26 

қыркүйек пен 7 қазан аралығында 

Экспер  Эрвенің  қатысуымен 

Ақмола облысының Целиноград 

аудандық сотында жүргізілді.

Сарапшылар 

жалпы 


юрисдикциядағы  типтік  соттың 

жұмысын 


ұйымдастыру 

тәсілдерін зерттеді. Сот төрелігін 

жүзеге  асыру,  сот  әкімшіліктері, 

ресурстарды  пайдалану  мен 

олардың  жеткілікті  ақпараттық 

технологияларды 

қолдану 

мәселелеріне 

айрықша 

назар 


аударылды. 

Сот 


төрелігіне  қолжетімділік,  сапа 

стандарттары,  сот  қызметінің 

тиімділігі саласындағы заманауи 

тәсілдер  тұрғысынан  соттар 

жұмысын 

ұйымдастыруды 

жақсарту  бойынша  ұсынымдар 

әзірленді.

Жалпы алғанда, мониторинг 

қорытындысы 

бойынша 

Целиноград  аудандық  сотының 

қызметі  мысалында  сарапшы 

еліміздегі 

сот 

әкімшілігін 



ұйымдастыру,  электронды  сот 

төрелігін  дамыту  ісіне  жоғары 

баға  берді.  Ұсынымдарда  сот 

ісін  жүргізудегі  қисынға  келетін 

мерзімдер  мен  татуластыру 

рәсімдерін 

 

қолдануға, 



тараптардың  мүддесіне  кәсіби 

өкілдік  етуді  енгізуге  және  сот 

төрелігінің өзге де аспектілеріне 

көңіл бөлінді.

Семинар  жұмысын  аяқтай 

келе,  Қайрат  Мәми  ұсынылған 

есеп пен оның ұсынымдарының 

зор  құндылығын  атай  келе, 

сарапшыларға 

атқарған 

жұмыстары үшін алғыс білдірді.

ҚазАқпарат

Жақында Қазақстан 

Республикасы ІІМ 

Ш.Қабылбаев атындағы 

Қостанай академиясының 

магистратурасында 

«Мәңгілік ел – ұлттық   идея» 

тақырыбында дөңгелек үстел 

өткізілді. 

Дөңгелек  үстел  жұмысына 

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер 

кафедрасының  аға  оқытушысы, 

педагогика  және  психология 

магистрі,  Челябі  мемлекеттік 

университетінің 

аспиранты, 

полиция капитаны М.С. Туйганов, 

ә л еум ет т і к - г ум а н и та рл ы қ 

пәндер  кафедрасының  доценті, 

экономика 

ғылымдарының 

кандидаты, 

полиция 

подполковнигі  К.А.  Жумабаев, 

аталған кафедраның оқытушысы, 

полиция  аға  лейтенанты  Д.А. 

Талғабекова,  сонымен  қатар 

ғылыми  және  педагогикалық 

магистратураның 

1-курс 


магистранттары қатысты.

Дөңгелек  үстел  жұмысының 

мақсаты  «Мәңгілік  ел  –  ұлттық 

идеясының»  негізгі  мақсаттарын 

талқылау  болды.  Дөңгелек 

үстел  жұмысының  барысында 

М.С.  Туйганов  «Мәңгілік  Ел»  – 

ұлттық    идеясына түсінік беріп,  

«ұлт»  сөзін  екі  мағынада  алып 

қарастыруға  болатынын.  Бірі  – 

этникалық қауымдастық, екіншісі 

–  мемлекеттің    барша  халқы 

мағынасында.  «Мәңгілік  Ел» 

идеясы – осы  екі ұғымға да ортақ 

идея.  Бұл  –  қазақ    халқының 

ұлттық  мұраты,  сонымен  бірге 

осында  тұратын  түрлі  ұлт 

өкілдерінің  басын  біріктіріп,  бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашаққа 

жетелейтін 

идея 

екеніне 


тоқталды.

Дөңгелек үстел жұмысы қызу 

талқыда өтті, магистранттар түрлі 

сұрақтар  қойып,  жауаптарын 

алып жатты. 

Осы  басқосудан  түйгенім, 

біздің 

алдымыздағы 



болашақта  ұстанатын  ортақ 

құндылықтарымыз  бар.  Олар 

–  тәуелсіздік,  ұлттық  бірлік, 

зайырлы  қоғам,  экономикалық 

өсім, ұлттық қауіпсіздік.

Елбасы «Мен қоғамда «Қазақ 

елінің  ұлттық  идеясы  қандай 

болу  керек?»  деген  сауал  жиі 

талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін. 

Біз  үшін  болашағымызға  бағдар 

ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы 

мақсаттарға жетелейтін идея бар. 

Ол  –  Мәңгілік  Ел  идеясы»    деп 

Жолдауда атап көрсеткен еді. 

Міне,  біз  бейбітшілік  пен 

келісімге  келіп,  күн  санап 

әлемдегі  өз  атымызды  алтын 

әріппен  жазар  дәрежеге  жетіп 

келеміз.  Біз  көшбасшымызға, 

ол  бізге  сенеді.  Мақсатымыз  – 

айқын,  келешегіміз  –  жарқын. 

Мақсат  орындалса,  Елбасы 

сомдаған,  қазақ  халқы  аңсаған 

арман шындыққа айналмақ. 



Г. ЕДІРЕСОВА,

ҚР. ІІМ Ш.Қабылбаев 

ат. Қостанай академиясы

магистратурасының 

аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры                                                                            

Компания 

басшыларының 

ісі сотқа жіберілді

Астана қаласының прокуратурасы үлескерлер 

қаражатын жымқырған құрылыс компаниялары 

басшыларына қатысты істі сотқа жолдады, деп 

хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Астана  қаласының  прокуратурасы  елорда 

аумағындағы  тұрғын  үй  кешендерінің  құрылысына 

салынған  азаматтардың  қаржысын  жымқыруға 

қатысты  қылмыстық  істердің  тергелу  барысын 

қадағалауда.  Аталған  іс  бойынша  Астана  қаласы 

Ішкі  істер  департаменті  тергеу  жүргізген  болатын. 

Оның  барысында  бірқатар  компания  басшыларына 

қатысты  процессуалды  шешім  қабылданды.  Атап 

айтқанда,  компания  басшылары  қатарында  «Алға 

Тоқболат» ЖШС (жетекші - Әлжан Е.Ә., нысан - Тұран 

-  Сығанақ  қиылысы);  «ҚазГазАстана  НС»  ЖШС  және 

«Алтын Сапа 2011» ЖШС (жетекші - Ахмедияров Д.К., 

нысандар - Қошқарбаев көшесі бойынша «Зере» және 

«Зере-2» ТК), сондай-ақ «НМ Астана Құрылыс» ЖШС 

(жетекшілер - Шәкіров Б.Т. және Жағыпаров Н.Т., нысан 

- Төлебаев көшесіндегі «Арыстан» ТК) бар», - делінген 

Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

Бұл  кәсіпорын  жетекшілерінің  әрекеттерін 

қылмыстық  тергеу  органы  ҚР  Қылмыстық  кодексінің 

189,  190  және  250-баптары  бойынша  қылмыс  деп 

таныды.  Қазіргі  уақытта  аталған  қылмыстық  істерді 

елорда  прокуратурасының  органдары  Астана 

қаласының сотына жіберді. 



Аға нұсқаушының 

ерлігі

Ерте ме, кеш пе әр адам таңдау алдында 

тұруға мәжбүр болады, осы таңдау 

болашақтағы өміріне күрделі әсер етеді. 

Қостанай  қаласы  №  3  өрт  сөндіру  бөлімінің 

өрт  сөндіру  автомашиналарын  жүргізу  бойынша 

аға  нұсқаушысы  Андрей  Гавриленко  өз 

таңдауын  жасады  және  өз  таңдауына  өкінбейді. 

Андрей  Қостанай  қаласында  1975  жылы  туды, 

«Құқықтану»  мамандығы  бойынша  жоғары  оқу 

орнын бітірді.  Бала жасынан бастап жаңа білімге 

өте  құмарлық  танытқан,  спортпен  айналысты, 

спортзалға  тұрақты  түрде  барады,  футбол 

ойнайды,  гарнизонның  барлық  жарыстарына 

қатысады.  Жалпы,  өзін  жақсы  физикалық 

дайындықта ұстауға тырысады.  

Қызмет  жылдары  ішінде  көптеген  оқиғалар 

болды, бірақ, 2016 жылдың 5 ақпанында болған 

өрт  аға  нұсқаушының  есіне  сақталды.  Сол  күні 

Қостанай қаласының № 3 ӨСБ байланыс пультіне 

үй  өртенгені  туралы  хабарлама  келді.  Бірнеше 

минуттан  кейін  7  қызметкер  құрамындағы 

кезекшілік  қарауыл  шақыру  орнына  шықты. 

Бес  қабатты  үйдің  бірінші  қабатында  құрылыс 

материалдары өртенген, сол себептен баспалдақ 

тораптары  түтінге  толы  болды.  Жағдай, 

тұрғындардың өз пәтерінен шыға алмауы себепті, 

күрделі болды.

Андрей  дереу  масштабтау  баспалдақтарын 

пайдаланып  терезе  ашу  арқылы  бірінші  қабатта 

адамдарды  эвакуациялауды  және  құтқаруды 

бастады,  терезелерді  ашу  арқылы  пәтердің 

түтінін  жою  үшін  шаралар  қолданды.  Андрейдің 

өзі  сол  сәтте  қаншалықты  қорқынышты  болып 

тұрса  да,  жіберілген  кез  келген  қате  қимылдың 

адам  өміріне  қауіп  төндіретінін  жақсы  сезінгенін 

айтады.  Сондықтан  қызмет  еткен  жылдарында 

әбден  меңгеріп,  машықтанған  теориялық  және 

практикалық  дағдылардың  барлығын  қолдануға 

тура  келген.  Сол  түні  Андрей  Гавриленко    үш 

балалы отбасын, барлығы 5 адамды төніп келген 

ажалдан  құтқады.

Андрей  Гавриленко  азаматтық  қорғау 

органдарында  2006  жылдың  қараша  айынан 

бастап  қызмет  етіп  келеді.  2014  жылдың  қазан 

айынан бері аға нұсқаушы қызметінде. Былтырғы 

жылы Отан қорғаушы күні құрметіне ҚР  ІІМ №101 

ж/қ  бұйрығымен  2-ші  дәрежелі  «Құтқарушы» 

белгісімен марапатталды.  

Міне,  содан  бері  бір  жыл  өтіп  отыр.  Аға 

нұсқаушының  сол  түнгі  ерлік  іс-әрекетін 

әріптестері үлгі тұтады

Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» 

ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

«Мәңгілік ел - ұлттық идеясының»  

                         негізгі мақсаттары талқыланды

Академияда қысқы спартакиада өтіп жатыр 

Халықаралық сарапшылар қатысқан 

судьялардың семинар-кеңесі 


2 февраля 2017 г.

стр. 13


№ 5 (637) 

Порядок 

и Право

СОТ зАлыНАН 

Бетті жүргізуші Мейраш ЖҮНІСБЕКОВ, e-mail: meyrash@mail.ru

Т   рТіп  ж   не     y   ы

13-бет

Сақтандыру төлемін 

өндірді

Қостанай тұрғыны «Нефтяная страховая 

компания» АҚ-дан сақтандыру төлемін 

өндіру туралы шағымымен қалалық сотқа 

жүгінген. 

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 

25 маусымында сағат 13.00 шамасында көлік 

басқарып  келе  жатқан  азамат  Б.  Карбышев-

Гвардейская  көшелерінің  қиылысында  көлік 

рөліне ие бола алмай бағдаршамға соғылған. 

Бағдаршам  бағанасын  зақымдаған  азамат 

«Қостанай  қаласы  әкімдігінің  тұрғын  үй 

коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-

ге материалдық залал келтірген. 

Қалпына  келтіру  және  бағдаршамды 

ауыстыру  жұмысының  құны  654  000  теңгені 

құраған. 

Азамат  аталған  шағыммен  сотқа  жүгінуге 

мәжбүр болған. Ал сақтандыру компаниясының 

өкілдері талап арызды мойындамады. 

Алайда, 


тараптарды 

тыңдап, 


іс 

материалдарын  зерделеген  сот  талап 

шағымға  негіз  таба  білді.  Сот  шешімімен 

«Нефтяная  страховая  компания»  АҚ-дан 

«Қостанай  қаласы  әкімдігінің  тұрғын  үй 

коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар 

көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі» 

ММ-нің пайдасына 654 000 теңге сақтандыру 

төлемін өндірді. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  



Рақымшылық жасалды

Қостанай қаласының №2 соты қалалық 

пробация қызметі басшысының өтінішімен 

сотталушы Алекей Вельгошага қатысты іс 

материалдарын қарады. 

Өткен  жылы  Қостанай  облысының  ҚАЖД 

УК-161/11    мекемесінің  бақылаушысы  болған 

А. Вельгошаға қатысты қылмыстық іс Қостанай 

қаласының №2 сотында қаралып, 8 ақпандағы 

сот  үкімімен  ҚР  ҚК  361-бабының  2-бөлігімен  

өзі    үшін  пайда  мен  артықшылықтар  алу 

мақсатында  лауазымдық  өкiлеттiктерді  теріс 

пайдалануда  айыпты  деп  танылып,  оған  1 

жыл 6 айға бас бостандығын шектеу және өмір 

бойынша  құқық  қорғау  органдарында  жұмыс 

істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалған 

болатын. 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, УК-

161/11  мекемесінің  өткізу-бақылау  пунктінде 

А. Вельгоша сотталған Ж-мен қызметтен тыс 

байланысқа  түскен.  Тамыздың  12-нен  13-

не  қараған  күні  тәуліктік  кезекшілік  кезінде 

сотталған  Ж.  түзету  мекемесінде  пайдалану 

үшін  бақылаушыдан ұялы телефон сұрайды. 

Өтінішке келіскен Вельгоша қызметі үшін одан 

5000 теңге талап еткен.

Ал Ж. бақылаушының құқыққа қарсы әрекеті 

жайлы  Қостанай  облысы  қылмыстық-атқару 

жүйесі  департаментінің  сенім  телефонына 

хабарлайды.

13  тамызда  талап  еткен  қаражатты  алу 

кезінде  Вельгошаны  полиция  қызметкерлері 

ұстаған.

Қостанай  облыстық  сотының  қылмыстық 

істер  жөніндегі  апелляциялық  сот  алқасы 

бірінші  инстанциялы  сот  үкімін  өзгеріссіз 

қалдырған болатын. 

 

Қазақстан 



Республикасының 

2016 


жылдың  13  желтоқсанындағы  Тәуелсіздіктің 

25 жылдығы қарсаңында рақымшылық жүргізу 

туралы  заңына  сәйкес  рақымшылық  жасау 

актісі  қылмыстық  теріс  қылық  жасағандар 

мен  ауыр  емес  қылмыс  жасағандарға 

қолданылады. 

Сот 

қаулысымен 



А.Вельгошаға 

рақымшылық  актісі  қолданылып,  ол  жазадан 

басатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген 

жоқ. 


Партисипативтік 

тәртіппен шешілді

Қостанай облысының кәмелеттік 

жасқа толмағандар ісі жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық 

сотында баламен араласу туралы ата-

ана арасындағы дау партисипативтік 

тәртіппен шешілді.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы 

екі жастағы баланың әкесімен кездесу тәртібі 

бойынша келісімге келе алмаған. Аталған дауды 

шешуге  Қостанай  қаласының  қорғаншылық 

және  қамқоршылық  органының  араласуы 

да  өз  септігін  тигізбеген.  Қорғаншылық  және 

қамқоршылық  органының  әке  мен  баланың 

кездесіп араласу туралы бекітіп берген кестесі 

екі тараппен де сақталмаған. Нәтижесінде ата-

ананың бірі сотқа жүгінуге мәжбүр болған. 

Адвокаттардың  атсалысуының  және 

білікті кәсіби заң көмегін көрсетуі нәтижесінде 

азаматтық  іс  бойынша  соттық  талқылауға 

дайындық  кезінде    ата-ана  дауды  өз 

балаларының мүддесін ескере отырып шешіп, 

өзара тиімді келісімге қол жеткізген. 

Тараптар  арасында  қол  жеткізілген 

бітімгершілік  сотта  бекітіліп,  азаматтық  іс 

өндірістен тоқтатылды.

Жалпы  2016  жылы  Қостанай  облысының 

ювеналдық  сотында  ата-аналар  арасында 

бітімгершілік  бекітілуіне  байланысты  түрлі 

санаттағы 54 азаматтық іс тоқтатылған. Оның 

ішінде 9 іс тараптардың келісімге келуімен, 43 

іс даудың медиация тәртібімен шешілуіне орай, 

ал 2 іс партисипативтік тәртіппен шешілген. 

Сот үкімін өзгеріссіз 

қалдырды

Қостанай облыстық соты сотталушы 

Ораза Қабылдың адвокатының жазаны 

жеңілдету туралы апелляциялық 

шағымын қарады. 

Шағымда  қорғаушы  бірінші  сот  сатысы 

тағайындаған  жазаны  бес  жылға  дейін 

қысқартуды сұраған. 

Еске  салсақ,  Қостанай  облысының 

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотының үкімімен қасақана адам 

өлтіруге дайындалды деп ҚР ҚК 24-бабының 

3-бөлігі,  2-бабының  3-бөлігі  және  9-бабы 

2-бөлігінің  8-тармағы  бойынша  айыпты  деп 

танылған 54 жастағы азаматша Ораза Қабылға 

11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы 

тағайындалған еді. 

Қылмыстық  іс  материалдары  бойынша, 

сотталушы Қабыл азамат Ч-мен 2002 жылдан 

бері бір отбасы ретінде тұрып жатқан. Ал 2013 

жылы  сотталушы  азамат  Ж-мен  танысып, 

көңіл жарастырады.

Осы  себепті  отбасында  келіспеушілік 

пайда болып, жұбайын қызғанған Ч. оны және 

жұбайының  анасын  ұрып-соғуды,  ішімдік 

ішуді  әдетке  айналдырады.  Осындай  кезекті 

кикілжің  салдарынан  соққы  алған  сотталушы 

азаматшаның анасы аурухана тап болған. Бұл 

жайтты Қабыл кешіре алмайды, ал Ч. ішімдік 

ішіп, тапқан табысын құмар ойынға жұмсауды 

жиілетеді.

 Өткен жылдың мамыр айында сотталушы 

өзінің танысы В-мен кездесіп, жұбайын өлтіруге 

тапсырыс бергісі келетіндігін айтады. Алайда 

В. бұл сөзге мән бермеген. Кейін ішімдік ішіп 

отырған  В.  өзінің  танысына  әйелдің  өтініші 

туралы әңгімелейді.  

Әйелдің  тапсырысына  қызығушылық 

танытқан А. маусым айында онымен танысады. 

Кездесу  барысында  Қабыл  жұбайын  өлтірген 

адамға       70 000 теңге беретіндігін айтады. 

Ал  А.  Арқалық  қалалық  ішкі  істер  бөліміне 

хабарлайды.

Тәртіп сақшылары Ч-ның кісі қолынан қаза 

болғандығының  дәлелі  ретінде  тапсырысты 

орындаушы    А-ға  қанға  былғанған  оның 

бас  киімі  мен  ұялы  телефонын  ұстатады. 

Тапсырысының 

орындалғанына 

сенген 


әйел  А-ға  ақша  төлеуі  кезінде  тұтқындалған 

болатын.


Қостанай 

облыстық 

соты 

жазаны 


жеңілдетуге негіз таппады. Бірінші сотылы сот 

үкімі өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.



Полиция қызметкерінің 

бетін тырнап алған

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 

380-бабы  1-бөлігі  (билік  өкіліне  қатысты 

күш  қолдану)  бойынша  айыпталып 

отырған 32 жастағы азаматша Ф-ға қатысты 

қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, өткен жылдың 

22  желтоқсанында  сағат  19.20  шамасында 

Қостанай  қаласының  ІІБ  Оңтүстік  бөліміне 

азаматша К. қоңырау шалып, оның пәтерінде 

ішімдік  ішкен  қызы  Ф.  өзімен  бірге  тұратын 

еркекпен  жанжал  шығарып  жатқандығы 

туралы  хабарлаған.  Аталған  мекенжай 

бойынша келген учаскелік инспектор Ж. ішімдік 

ішкен еркекке өзімен бірге тірек пунктіне бару 

керектігін айтады. Ал ол қарсылық білдірген. 

Осы уақытта мас күйде болған азаматша 

Ф. полиция қызметкерінің әрекетін теріс көріп, 

оған бас салып бетін тырнап алады. 

Қылмыстық  іс  бойынша  сот  отырысы10 

ақпанда сағат 10.00 басталады.   



Қостанай облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Жақында жауынгерлік және 

қызметтік дайындығы 

жөніндегі сабақтарында 

Қостанай ст. ІІЖб 

бастығының орынбасары 

полиция подполковнигі 

Ж.Ө. Мамбетов Қазақстан 

Республикасы ішкі істер 

органдарына қызметке 

орналасу кезінде конкурс 

пен тағылымдама өткізу 

қағидаларын түсіндірді.

Өз 


баяндамасында 

Жақсылық 

Өлеңұлы 

Бес 


институционалдық реформаны 

іске  асыру  жөніндегі  100 

нақты  қадам  –  Ұлт  жоспарын 

және  «Құқық  қорғау  қызметі 

туралы»  Заңның  7-бабын  іске 

асыру  шеңберінде  Ішкі  істер 

министрлігінің 

«Қазақстан 

Республикасы 

ішкі 


істер 

органдарының 

конкурстық 

негізде 


орналасатын 

лауазымдар 

тізбесін, 

Қазақстан  Республикасы  ішкі 

істер  органдарына  қызметке 

орналасу  кезінде  конкурс 

пен 

тағылымдама 



өткізу 

қағидаларын  бекіту  туралы» 

2016  жылғы  31  тамыздағы  № 

870 бұйрығы шығарылып, оған 

сәйкес бос лауазымға орналасу 

конкурсына 

мемлекеттік 

қызмет 


істері 

жөніндегі 

уәкілетті  органда  тестілеуден, 

оның  ішінде  жеке  қасиеттерін 

бағалаудан  өткен  азаматтар 

қатысатынын атап өтті.     

Сондай-ақ, 

Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік 

қызмет  істері  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

агенттігі Құқық қорғау қызметіне 

алғаш рет кіретін азаматтарды 

тесттен  өткізу  қағидаларын, 

бағдарламаларын  және  оны 

ұйымдастыруды бекіту туралы» 

2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 

1 бұйрығы бекітіліп, онда тест 

тапсырылатын 

нормативтік 

актілерді  көрсете  отырып, 

тестілеудің  3  бағдарламасы 

бекітілді және халық арасында, 

білім  беру  ұйымдарында 

құқық 

қорғау 


қызметіне 

қабылданудың  жаңа  рәсімі 

туралы  түсіндіру  жұмысы 

жүргізілді.  

                                       

Қостанай ст. ІІЖб 

Мемлекеттік тіл және 

ақпарат тобы

2 акпан 2017 ж.



ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай 

академиясының Қылмыстық, 

қылмыстық-атқару құқығы және 

криминология кафедрасы өткен 

сәрсенбіде “Курсанттардың  

тәжірибелік қызметке бейімделуінің 

өзекті мәселелері” тақырыбында 

КОФ 4-курс курсанттары және ішкі 

істер органдары мен қылмыстық-

атқару жүйесінің тәжірибелік 

қызметкерлерімен кездесу 

ұйымдастырды. 

Кездесу  барысында  тәжірибелік 

қызметкерлер  -  Қостанай  қ.  ІІБ  жедел 

бөлімінің  бастығы  полиция  майоры 

Галиханов  Мұрат  Мақсұтұлы  (Қостанай 

академиясының  2006  жылғы  күндізгі 

оқыту факультетінің түлегі) мен  Қостанай 

облысы  бойынша  ҚАЖД  қарасты  УК-

161/2  мекемесі  Жедел  бөлімінің  жедел 

уәкілі  әділет  аға  лейтенанты  Жұмашев 

Нұрсұлтан 

Нұртөреұлы 

(Қостанай 

академиясының  2013  жылғы  күндізгі 

оқыту факультетінің түлегі) курсанттардың 

алдында сөз сөйлеп, өздерінің өмірбаяны 

және  өз  қызметтік  бағыты  бойынша 

қысқаша  шолып  өтті,    жұмыстағы 

тағылымы  мен  қызметтік  арнайы 

ерекшеліктерін  баяндады.  Жекелей 

тәжірибелік қызметкерлердің жұмыс жасау 

барысында  туындайтын  қиындықтар 

мен  Қостанай  академясының  және 

басқа  да  ведомстволық  оқу  орындарын 

аяқтаған  түлектердің  алдынан  шығатын 

мәселелерді  талқылады. 

Т ы ң д а у ш ы л а р 

қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ п е н 

жаңа 

кодекстердің 



қ а б ы л д а у ы м е н 

байланысты  ҚАЖ  және 

полицияның  тәжірибелік 

қызметіндегі 

болған 

өзгерістер 



туралы 

тыңдады.    Тәжірибелік 

қызметкерлер  курсанттар 

қойған  әртүрлі  бөлімшелердің  жұмыс 

ерекшеліктері, 

нысандары 

және 

әдістері  туралы  сұрақтарына  жауап 



берді.  Сонымен  қатар,  тәжірибелік 

қызметкерлер  өздерінің  қызмет  етулері 

кезінде кездескен қызықты оқиғаларымен 

бөлісті. 

Кездесу  барысында  тәжірибелік 

қызметкерлер  ведомстволық  жоғары 

оқу  орындарының  түлектерін  кәсіби 

даярлаудың 

сапасын 

жоғарылату, 

олардың  алғашқы  жылы  қылмыстық-

атқару  жүйесіне  және  ішкі  істер 

органдарына  бейімделулері  жөнінен 

бірқатар  жайларды  атап  өтті.  Сонымен 

қатар,  курсанттарға  оқу  және  алдағы 

тәжірибеден өту жөнінен ұсыныстар мен 



тілектер айтылды.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. 

Қостанай академиясының 

ҚҚАҚжК кафедрасы

Конкурс пен тағылымдама 

өткізу қағидалары  түсіндірілді

Бүгінгі курсант  - ертеңгі офицер!  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал