Портреттік очерк



жүктеу 78.46 Kb.

Дата15.02.2017
өлшемі78.46 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Портреттік очерк 

Портреттік очеркте ҽдеби портрет түпнұсқасының кҿшірмесін жасамайды 

немесе  сыртқы  кҿрінісін,  белгілерін  кҿрсетумен  шектелмейді.  Сондай-ақ 

қаһарманның  жеткен  жетістіктерін  санамалап  шығумен  де  шұғылданбайды. 

Онда адам бейнесін сомдай отырып, оның характерін ашады. Портреттік очерк 

жазар алдында автор  қаһарман таңдау, оның ішкі ҽлеміне терең бойлау, ол ҿмір 

сүретін,  еңбек  ететін  ортасын  нақты  жағдайды  анықтап,  зерттеуі  қажет. 

Хэмунгуэй: «Кҿркем шығарма шындығы ҿмір шындығынан күшті болуы тиіс, 

сонда  ғана  жазушы  адамдарға  ҽсер  ете  алады»,-  дейді  (Г.Боровик  жазбасы 

бойынша). Бұл айтылған пікір кҿркем ҽдебиет жанрларындағы образ жасауға да 

тиесілі.  Қаһарманмен  сұхбат,  оның  ҿз  қызметін  толық  орындауы  жҿнінде 

анықтама,  не  шынайы  толтырылған  сауалнама  ҽлі  де  қаһарманның  толық 

портретін бере алмайды жҽне қаһарман портретін жасауда даралық пен типтілік 

туралы мҽселе туады. 

Суреткер  жасаған  портрет,  тіпті  портрет-естелік  түрінде  болса  да, 

қаһарман  бейнесіндегі  типтік  белгіні  кҿрсетеді.  Жалпы,  портретші  оқырманға 

очерк  кейіпкерінің  характері  туралы  ҿзінің  болжамын  айтады.  Очеркші  ҿз 

замандасының  реальды  портретін  жасау  үшін  тҿмендегі  жайлар  кері  ҽсерін 

тигізбейді. Біріншіден, портреттік очерктің деректілігі қаһарманның нақты аты 

сақталуынан  не  бір  екі  ҽрпі  ҿзгеруіне  немесе  қаһарманның  бүркеншек  атпен 

аталуына байланысты емес. Екіншіден, кҿп жағдайда ҿмірлік материал, авторға 

ерлік  адамының  шынайы  бейнесін  кҿрсетіп  береді.  Кейіпкердің  мінезіндегі 

қасиеттерін,  кемшіліктерін  кҿрсете  бастауы  да  кері  ҽсерін  тигізбейді. 

Үшіншіден,  автор  портрет  очерктерінде  ҿз  қаһарманының  характерін  ойлап 

табуға  құқылы.  Қаһарман  тірі  ме,  ҽлде  ҿлі  ме,  осыған  қарамастан    ол  очеркте 

шынайы,  ҽрі  кҿп  қырлы  болып  бейнеленуі  тиіс.  Очеркте  пайда  болған  ҽдеби 

қаһарман «типті» жҽне «дара» мінез-құлқы бар болуы тиіс. Портретке оқырман 

қызығушылығының  тҿмендеуі  қаһармандағы  типтік  белгілердің  тым  кҿбеюі  

немесе оның даралық бейнесінің бұлдырауынан екені сҿзсіз. 

Жазушы  портрет  жасауда  ҽртүрлі  адамдарда  байқалатын    кейбір 

мінездерін, кейде бір нақты адамның мінезіндегі ерекшелігін кҿрсетуі мүмкін. 

Нақтылай  айтқанда  портретті  очерктің    міндеті  жалпы  бейне  немесе  нақты 

адамдар  (Ыбырай  Жақаев,  Злиха  Тамшыбаева,  Талғат  Бегилдинов,  Бауыржан 

Момышұлы,  Тҿлеген  Тоқтаров,  Мҽншүк  Мҽметова,  Ҽлия  Молдағұлова  т.б.) 

арқылы   мінез ерекшеліктерін дұрыс таныту. Портрет термині алғашқыда сырт 

бейнеңді  суреттеу  болып  табылса,  қазіргі  күнде  очерктің  бірден-бір  бейнелеу 

құралы  жҽне    жанр  түрлерінің  бастысы.  Портретті  очерк    жасайтын  автор 

алдына  мынадай  мақсат  қояды:  қазіргі  заман  адамын,  оның  іс-тҽжірбиесін, 

ҿмірдегі  табысын  кҿрсету,  рухани  ҽлемін  ашу.  Очеркші  мінез  ерекшеліктері 

байқалалтын  кейіпкер  ҿмірінің  жеке  сҽттерін  бҿліп  қарастырады.  Адамның 

мінезі күнделікті тіршілікте айқындалатыны да заңды құбылыс. 


Портреттік очерк туралы Т.Ыдырысов былай дейді: «… адам портретін – 

кейіпкердің  бет-ҽлпетін,  кескін-келбетін,  киген  киімін,  сҿйлеу  мҽнерін,  мінез 

құбылысын суреттеу үстінде де шеберлік талап етіледі. Портрет арқылы автор 

кейіпкерінің кҿңіл-күйін аңғарта алады»[1,65]. 

М.Ҽуезовтің 1935 жылы жазылған «Баймұқаметұлы жолдас» атты 

очеркі  Алтайдағы    «Ақжал»  алтын  қазу  кеніндегі  партия  ҿкілі  Жанай 

Баймұқаметұлының  ұйымдастыру,  адами  қызметін  кҿрсетуге  арналады. 

Жазушы  бұл  мақсатын  сҽтті  орындай  отырып,  очерк  кейіпкерінің  бейнесін 

толық  ашқан.  «Жанай  ҿз  ҿмірі,  ҿз  басы  туралы  ҿте  сараң  сҿйлейді.  Ол,  ҿз 

еңбегі,  ҿз  табысы  дегеннің  барлығы,  кҿптің  табысы,  кҿптің  еңбегінің  жемісі 

дейді.  Ҿзім  сҿйттім  деудің  орнына  ылғи  ҿзі  ҿсірген  адамның  пҽлендей  іс 

еткенін  кҿңілдене,  шаттана  айтады»[2,46],-  деген  суреттеуден  очерк 

кейіпкерінің  іскерлігі,  жұмысшылар  арасындағы  асқан  сыйлылығы,  ерекше 

беделі  танылады.  «Баймұқаметұлы  жолдас»  жанрлық  жағынан  портреттік 

очеркке  жататындықтан  шығарманың  композициялық  құрылысына,  сюжеттік 

желісіне  үңілген  кезде  байқалатыны  ҽрбір  эпизод,  деталь,  шртрихтар  басты 

кейіпкердің  образын  ашуға  жұмсалған.  Мысалы,  Жанайды  жұмысшылардың 

үлкені  де  кішісі  де  «Жҽке»  немесе  «Бҽке»  деп  атауының  ҿзі  сыйлағандықтың 

белгісі болып табылады. Кейіпкердің басшылығы арқасында кен орнының қол 

жеткен  табыстары,  материалдық  жағынан  табысқа  жеткен  жұмысшылардың 

жай-күйі,  Жанайдың  ҿзі  тҽрбиелеген  жұмысшыларының  шерткен  сыры, 

басшыны  толғандырып  жүрген  ірі  проблемалардың  кейіпкер  аузынан  шығуы 

жҽне  Жанайдың  мҽдени  сауаттылығы  очерк  арқауы  болғандықтан  кейіпкер 

қызметінің сан алуан қырлары ашылады. Очеркші суреттеуінде кейіпкер тек ҿз 

ісінің үздігі ғана емес, жұмысшыларды бір мақсатқа жұмылдыра білетін үлкен 

ұйымдастырушы    іскер  басшы,  қазақ  ҿнері  мен  ҽдебиетін  білетін  мҽдениетті 

азамат екенін суреткер образ сомдау шеберлігі арқылы айқындайды.  

Портретті  очерк  композициясы  ең  алдымен  кейіпкердің  идеялық  жҽне 

психологиялық  мінездеме  талаптарымен  анықталады.    Адамды  кҿрсету 

мақсатында  автор  ол  жайындағы  пікірін,  ҿзгелердің  де  кҿзқарасын  кҿрсетеді, 

оған  дҽлелдемелер  келтіреді.  Ҽрбір  диалог,  сырт  келбетінің  ҽрбір  бҿлшегі 

бейнеленген  адамды  жақсы  жақтарынан  кҿрсету  үшін,  не  болмаса  алдында 

байқалған  мінездер  жайындағы  түсінікті  тереңдету  үшін  қолданылады.  Бұл 

очерктегі  суреттеуде  ҿзіндік  обьектісімен  байланысқанымен,  беллетристикаға 

тҽн  қасиеттерге  де  ие.  «Портрет  -  ҿзіне  биография  элементтерін  қосқанымен, 

биография емес. Портретті очерк адамды жалпылай кҿрсетуді мойнына алады. 

Портрет  жасаудағы  қиындықтың  бірі  -  очеркші  ҿз  білгенінен  артық  адам 

туралы  айтуы  қажет.  Осы  арқылы  дұрыс  бағыттағы  дамуы  анықталады»[76],- 

дейді  В.Перцов.  Сонымен  портрет  қияли  түпнұсқа  негізінде  жасалмайды. 

Портретті  очеркте  шеберлер  қажетті  ғана  эпизодтарды  таңдайды  жҽне  адам 

биографиясындағы  күрт  ҿзгерістерді  айқындауға  кҿп  септігін  тигізеді. 

Сондықтан  да  бұл  сҽттерді  таба  жҽне  қолдана  білудің  ҿзі  шеберлік.  Автор 

типтік  қасиеттерді  дұрыс  қолдана  білетін  сҽттері  болады,  мысалы: 

«қарапайым», «батыл кҿзқарасты», «еркін адам» т.б. Алайда бұл жерде портрет 

спецификалық, жеке мінездерден айрылып,  кҿңілге қонымды қабылданбайды. 


Портретті  очеркте  бір  топ  адамдарға  тҽн  мінездерді  бҿліп,  күшейте  түседі, 

жалпыны  қалдырып,  кездейсоқтықты  алып  тастайды.  Бірақ  бұл    жалпы  мінез 

нақты  мінез  арқылы  беріліп,  портрет  типтікке  айналады.  Кейіпкер  тип  қана 

болмауы  керек,  жазушы  үшін  де,  оқырман  үшін  де  ең  алдымен  ол  тірі  адам, 

нақты  бейне  болуы  тиіс.  Кез-келген  портретті  очерк  сюжетті  бола  бермейді. 

Сондықтан да портретті очеркте басты фигура нақты бір адам болып табылады. 

Кейіпкердің  шын  атын  атау  міндетті  емес,  кейіпкер  белгілі  бір  себептерге 

байланысты  аты  аталмауы  мүмкін,  бұдан  суреттеліп  отырған  портрет  жапа 

шекпейді.  Алайда  нақты  бір  адамды  очеркке  енгізу  бүгінгі  күні  ҿте  маңызды 

жҽне қажетті. Кейде портретті очерк атқарған қызметі мен жақсы жақтарымен 

ауыстырылады.  Қазақ  ҽдебиетінде  де  портретті  очерктің  үздік  үлгілері  ҿмірге 

дер  кезінде  келіп,  ҿз  замандастарының  рухани  жан-дүниесіне  терең  бойлаған. 

Оларға  Ҽ.Ҽлімжановтың  «Дихан  туралы  аңыз»,  Қ.Ысқақовтың  «Айша  апай», 

Ж.Жұмақановтың «Нҽйлҽ» т.б очерктерді атауға болады. 

М.Горький  очерк  жазудың  басты  шартының  бірі  «материалды  артық 

ешнҽрсесіз,  ҽрбір  ұсақ-түйектің  ҿзі  орнықты  тұрып,  оқырманның  ой  елегіне 

жеткізе  білу»  деген.  Очеркші  белгілі  бір  рамасыз,  сызбасыз  туындыны 

құрастыру  мүмкін  еместігі  бесенеден  белгілі.  М.Кольцовтың  очерк  жазу 

барысында  уақыттың  тоқсан  бес  пайызы  іріктеу  мен  деректерді  тиісті  жеріне 

орналастыруға жұмсайтыны жайлы айтқаны ҽдебиет тарихынан белгілі. 

Очеркте  «құрастыру»  жҽне  «ұйымдастыру»  сҿздері  үлкен  мағынаға  ие. 

Ҽңгіме  тек қана ҿмір деректерін  іріктеу  емес,  сонымен  қатар, оны  жоспарлау, 

орналастыру, монтаждау жҽне де тек қана материалдық элементі мен түйіскен 

жерінің 


сапалығын 

«қалыптастыру» 

емес, 

санының 


арақатынасы, 

кейіпкерлердің  ішкі  жан-дүниесі  мен  сыртқы  танымы,  басты  жҽне  болмашы, 

жеке  жҽне  ортақ  тепе-теңдігінің  қажеттігі,  қосалқы  бағыну  принципі  жҽне 

ҽртүрлі ішкі ырғақтар жиынтығы, үндестігі жҽне т.б. болып табылады.  

Журналистің  позициясы  –  ол  түпкі  ойдың,  идеяның,  тақырыптың 

айқындығы  мазмұн  мен  пішінге  қатысты.  Композиция  очерктегі  тақырыпты 

мазмұнды  жеткізудің  құралы  болғандықтан  екеуіне  де  қатысты  болады.  Ең 

мҽнді деген бірқатар деректердің ҿзінен толық жарамды очерк шыға алмайды, 

яғни,  оған  идеялық  негіз  қажет.  Ал  тақырыпты,  идеяны  ҿндіру  шығарманың 

түпкі  ойы  мен  фактурасын  іздестіруіне  шығарма  композициясының  қабылдау 

құралы,  болашақ  материалдың  құрылысы  жалпы  контурымен  сҽйкес  келеді. 

Автордың  суреттеуінсіз  шарықтау  шегін  білдіретін  очерктің  анық-қанығын 

кҿрсететін сызба бола бермеуі де мүмкін 

Үздік  комбайнер  жайындағы  очерк  тҿмендегідей.  Кейіпкер  таңертең 

тұрып  терезеден  алғашқы  қарды  кҿреді.  Ол  киініп,  ас  үйге  шығады.  Жұбайы 

табаға нан пісіріп жатады. Немересі үстел басында отырады. Кейіпкер қолына 

күрек  алып  бірінші  қарды  тазалауға  тысқа  шығады.  Сол  ҽрекеттің  арасында 

кейіпкер балалық шағын, соғыс, соғыстан соңғы үйлену тойын есіне алады. Бұл 

очерк  жайлы  кейіпкердің  ҿмірінің  бір  сҽтін  қамтыған  жедел  суреттеме  жайлы 

ой қалыптасады. Ҿмірбаян деректерін баяндау (дҽл фотографиялық болса дағы) 

идеялық  тараптарды  айқындаусыз  жеке  ҿмірлік  эпизодтар,  шығармашылық-

публицистикалық  зерттемелер  оқырманды  ешқандай  да  қорытындыға  келтіре 



алмайды,  одан  ой  мен  эмоция  туғызбайды.  Сонымен  қатар,  тура  нұсқаға 

бағынбаған  деректер  дұрыс  түсінілмеуі  мүмкін.  Тек  қана  деректердің  сан-

алуандығы,  түпкі  ойдың  жүрекке  жетіп,  ойды  алатындығы  ғана  құнды 

материалды ҿмірге ҽкеледі. Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, 

Ғ.Сланов,  О.  Бҿкеев,  Ш.Мұртаза,  А.Сейдімбек,  Ж.Аупбаев  жҽне  т.б.    очерк 

шеберлерінің туындыларынан очерк жанрының негізінен ұйымдастырушы күш 

екенін  байқаймыз,  егер      деректер  іріктелген  болса,  ұйымдастырушыға  түпкі 

ойдың  ҿзегі  белгілі  деген  сҿз.  Ал  енді  очеркшінің  алдында  М.Кольцовтың 

айтуындай «кҿз тоярлықтай» материалды публицистикалық леп беретіндей етіп 

орналастыру керек. Егер де нақты дерек, терең ой мен жазылған очеркті оқыған 

соң  оқырманның  кҿкейінде  қанағаттандырылмаған  сауалдар  болса,  онда 

жазушы  композицияның  ең  басты  шарттарының  бірін  орындай  алмағаны. 

Ұйымдастырушылық қасиет күш ең алдымен газет-журналдар очеркіне қажет, 

онда  ҽрқилы  деректер  мен  жағдайларды  бір-біріне  жақын  мазмұндағыларды 

қатар   орналастырады  жҽне бұл  шарттарға ҿзгелер  де қатысады;  материалдың 

түйіндерін  қатар  қою,  материал  бҿлімдерінің  сандық  ара-қатынасын,  ҽртүрлі 

дҽрежелі  жҽне  жоспарды  кҿрсетуді  дұрыс  қадағалау  немесе  ҿзге  болмыстың 

сараптамасын 

да 

шоғырландыру 



қажет. 

Бҿлімдердің 

сҽйкессіздігі, 

шығармашылыққа  сҽтсіздік  ҽкелетін  бірқатар  мысалдар  келтіруге  болады, 

мысалы,  газет  беттерінде  жарияланған  кейбір  очерктер  мен  суреттемелерде 

құрылыстың дҽл осы түйіндері бұзылған. 

Озаттар  жайлы  ҽңгімеде  басты  орында-ҿмірбаянын  айту  болса,  екінші 

орында-нақтылық.  Кейіпкер  ҿмірінің  бастысы    –  оның  еңбегі,  ал  шеберлігі 

ашылмаған  күйде  қалады,  очерк  құрылысының  басты  шарттарының  бірі  ол-

материалды уақыт пен кеңістікке сҽйкес орналастыру. Очерк, ҽсіресе портретті 

очерк  кейіпкер  ҿмірінің  ҽр  кезеңдерімен  байланысты  уақытша  параметрлерді 

сыйғызады.  Мысалы,  БАМ-ның  құрылысшысы  инженер  Илья  Яковлевич 

Борземов  жайындағы  ҽңгімені  алсақ,  кейіпкердің  бүгінгі  ҿмірі  мен 

құрылыстағы  жұмысы  жайлы  эпизодтан  басталады.  Үздік  құрылысшылар, 

қонақтар, тілшілер алғашқы поезбен БАМ-ның бҿлімшелерінің біріне аттанады. 

«Илья  Яковлевич  поезға  соңынан  кірді.  Жаңғырған  ҽуен  айғайлаған 

дауыстардан паравоздың дауысы да естілмеді».  Осыдан  кейін оқырман  бірден 

1930-шы  жылдарға  түсіп,  жеті  жасар  Илья  Борземов  інісімен  ҽке-шешесінен 

айырылып  «аштықтан»  қайтқан  Донбасс  бойымен  қаңғырып  кеткені  есіне 

түседі. Илья заводта сүргілеуші болып 41-ші жылы он алты жасар Борземов ҿз 

еркімен батальонға жазылады. Очерк соғыс ҿміріне, құрылыста жұмыс істеген 

соғыстан  қайтқан  лейтенант  жайындағы  эпизодтар  кезектесіп  отырады. 

Портретті  очерктің  композициясы  тек  сандық  балансты  ғана  емес,  барлық 

материалдардың  сапалық  үйлесімділігін  қамтиды.  Нақты  композициялық 

шешімде  сапа  баланысы    ҽдебиеттің  басқа  жанрлық  түріне  қарағанда  ҿзінің 

анықтығымен,  нақтылығымен  ерекшеленеді,  яғни,  очеркте  нақтылы  ҿмірде 

болып  жатқан  оқиға  ҿз  дҽрежесіне  қарай  дҽлме-дҽл  суреттеледі.  Мҽселен, 

ҽңгімеде  ҿмірдегі  фактілерді  зерттеу  арқылы  ондағы  басты  рҿлді  атқарады. 

Яғни  текстегі  ҽртүрлі  кҿркем-суреттеу  ҽдістерінің  үйлесуі  тиіс.  Текстегі 

монологиялық  жҽне  тура  сҿйлеудің,  ҽртүрлі  интонациялардың,  ҽңгімені 



жоспарлаудың  (эпикалық,  лирикалық,  аңыз  тектес,  романдық,  мақалалық, 

іскерлік)  ҽңгімелеуші  кейіпкерден  ҽрекеттегі  кейіпкерге  табиғи  ауысудың 

дұрыс  қарым-қатынасы  маңызды  болып  табылады.  Осылардан  кейін  ғана  

композиция  ҽңгіме  динамикасын  анықтайды.  Очерк  жанрының  тҽжірбиесінде 

композиция функциясының кҿп түрлілігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын 

ең ұтымды тҽсілмен, ең айқын образдармен жеткізуге болатынын кҿрсетеді. 

Портреттік очерктің ішкі құрылымының берік болуының бірінші талабы 

тақырып ҿзектілігі, ҿмір кҿрінісінің кей тұстарының анық суреттелуі, мҽселені 

бір  немесе  бірнеше  эпизодтар  арқылы,  адамның  ҿткен  ҿмірі  арқылы  т.б.  

оқиғаны  ашып  беретін  құрылымдық  формалардың  едҽуір  тұрақты  жҽне  кең 

тарағандығы  кездейсоқтық  емес.  Портретті  очерктің  құрылысында  эпизод 

басты  рҿл  атқарады.  Эпизод  –  қойылым.  Ол  ҿз  бойына  кҿптеген  фактілерді 

жинап, идеяның пайда болу процесін тездетеді. 

Очерктің  эпизодтан  басталған  бірінші  абзацы  ықшамды  баяндаудың 

қарқынды қалпын кҿрсетеді. Асықпай дамыған экспозиция повесте не романда 

ондаған беттерді алса, ал очеркте санаулы жолдардан кейін оқырманның бірден 

тақырыпқа  еніп  кетуіне,  мҽселе  мҽнін,  адам  тағдырын  нақты  түсінуіне 

мүмкіндік  береді.  Мұндай  бастау    ауызша  ҽдеби-кҿркем  ҽдістердің 

интонациясын талап етеді. Бұл ҽдістің ең кҿп тараған түрі репортаждық бастау. 

Қойылым,  эпизод  шағын  суреттік  кҿрініс  оқырманды  бірден  суреттеліп 

отырған  оқиға  проблемасының  ортасына  алып  барады.      Сонымен  ықшамдық 

ҿзінің құрылымдық формаларын ұйғартады. Очеркист оқырманның кҿз алдына 

ойша  оқиғаны  елестетуіне  мүмкіндік  береді.  Очерктің  ҿте  бай  тҽжірбиесі 

ҽртүрлі  компоненттерді  пайдалануға  мүмкіндік  жасап  береді.  Мысалы,  ойды 

ықшам жеткізудің жолдары  тҿл сҿз, диалог, пейзаж, шолу, кейіпкердің естелігі, 

авторлық пайымдаулар, арнау сҿз арқылы жүзеге асады.  

Очерктің публицистикалық идеясы мен кейіпкер мінез-құлқын кҿрсетудің 

кең таралған тҽсілі болып, кейіпкер ҿмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасының 

жағдайы  мен  тұрмысы  болып  табылады.  Автордың  алдында  кҿргенінің  бҽрін 

жазу  міндеті  тұрған  жоқ,  дегенмен  ол  кейіпкердің  психологиясы  мен  мінез-

құлқын, шығарманың идеясын ашу үшін ҿзіне керек жерлерін ғана таңдап алуы 

керек.  Ғ.Мүсірепов Мұхтар Ҽуезовке арнаған очеркінде оның балалық шағын 

суреттеу  арқылы    жазушының    энциклопедиялық  білімінің  бастауын  Абай 

аулымен  қысы-жазы  кҿршілес  отырғанда  алғандығын  баяндай  келе  былай 

дейді:  “Мұхтардың  балалық  шағы  қазақ  даласында  кездесіп  кҿрмеген,  батыс 

елдерінде  де  сирек  кездесетін  ҿлең  мен  ҽнге,  ертегі  мен  жырға,  жұмбақ  пен 

жаңылтпашқа,  шежіре  мен  шешендердің  лұғатты  сҿздеріне  күні-түні 

шомылатын  шығармашылық  ерекше  жағдайда  ҿтеді.  Ол  Абай  ауылы,  Абай 

айналасы  –  Абайдың  ақын  балалары,  Абай  аулына  үсті-үстіне  ағылып  келіп 

жататын  ақындар,  ҽншілер,  домбырашы,  қобызшы-күйшілер,  бишілер, 

шешендер...  Қазақ  халқының  қалыптасқан  ҽдептілігі,  инабаттылығы, 

мінезділігі,  адамгершілігі  –  бҽрі  осы  ауылда.  Абай  елегінен  ҿтіп  ҿңделгені  де 

бар.  Абай  айналасында  ҿрескел  мінез,  ерсі  сҿздерге  тиым  салынған.  Бұл  

ауылда  кітап  бар,  кітап  оқу  бар.  Науаи,  Низами,  Омар  Һайям,  Фирдоусилер  

аудармасыз  ҿз  тілінде  оқылады.  Абай  айналасында  осындай  жайлар болғанын 


Мұхтар  ҿзі  ұзақ  жыр  етіп  айтатын  еді.  Сол  тҿңіректің  барлық  ішкі-сыртқы 

бейнесі  зерек  баланың    балғын  ойына  ҿшпестей  болып  орнап  қалғанын 

сезінетін  едік”  [3,188],  -  деген  жолдардан    очеркші  шығарманың  идеясын 

кейіпкердің  ҿскен  ортасы  мен  ҿсу  жолын  кҿрсету  арқылы  жеткізеді.  Мұхтар 

Абайды  босағадан  сығалап  кҿрмей,  оның  балаларымен,  немерелерімен  қатар 

жүріп  кҿргендігіне  нақты  дҽлелдер  келтіре  отырып  бейнелейді.  Бұл  очеркте 

Мұхтар бейнесін ашуда автор сол ортаның жағдайын шеберлікпен кестелейді. 

Сҿз  шеберінде  оның  кейіпкерінің  тұрған  ортасының  жағдайы  оның  мінезіне 

тікелей ҽсер етіп, психологиясын ашуда, ҿмірлік жолын таңдауда ҿте маңызды 

рҿл атқарғандығын нақты дҽйектейді. 

Кейіпкер  портреті  оның  мінез-құлқы  жҽне  іс-ҽрекетімен  тығыз 

байланысты.  Осыдан  барып  толық  картина  туындай  бастайды,  кейіпкердің 

психологиясы  мен  кҿзқарасы  ашыла  түседі.  Бірақ,  жазушы  жеке  адамдардың 

портретін  бейнелеумен  ғана  шектеліп  қалмайды,  ол  кейіпкерлерін  түрлі 

қақтығыстарда,  драмалық  конфликтерде  де  кҿрсетеді.  Басқа  сҿзбен  айтқанда 

оқырман  санасына  керекті  идеяны  кейіпкерлердің  мінез-құлқын  бейнелеу 

арқылы жеткізуге тырысады. 

Ҽр адамның бойындағы ерекшеліктер оның ісі арқылы кҿрінеді. Мысалы, 

ғарышкердің  мінез-құлқы  ғарышқа  ұшқан  кезде  кҿрінеді.  Бұдан  шығатыны  – 

очеркист  адамдардың  мінез-құлқын  бақылай  отырып,  оның  қоғамдық  мҽнін 

ашу, одан кейіпкер де, тақырып та, шығарманың сюжеті де ҿсіп шығатын “дҽн” 

алуы  керек.  Публицист,  жазушы  міндеті  -  ҿзінің  кҿрген  нҽрсесін  зерттеп, 

жалпылап,  ҿткірлеп  оқырманға  жеткізе  білу.  Мұнда  кҿркем  ой  мен  тарихи 

шындықты  қоса  отырып,  очеркист  күнделікті  ҿмір  шындығынан  үлкен  ҽдеби 

шығарма туындатады. 

Очеркте  тарихи  немесе  документальды  романдағы  сияқты  ҿмірде  бар 

немесе мүлдем жоқ адамдардың да бейнелері берілуі мүмкін. Жазушы тұрақты 

адамның  мінез-құлқын  ашып,  оның  белгілі  бір  мҽселені  қалай  шешетіндігін 

кҿрсетеді.  Кейіпкердің  мінезін  қақтығыстарда  ашуға  жол  береді.    Очерк  шын 

ҿмірді суреттеуі шарт. Ал очерші суретші сияқты, ол ҿз кейіпкеріне мінез ойлап 

табамын  десе  кҿп  қиындықтарға  ұшырауы  мүмкін.    Ҽртүрлі  авторларды  адам 

іс-ҽрекетінің  ҽр  қыры  қызықтырады.  Біреуді      қоғамдық  қатынастар  мен 

қақтығыстардың  ҽсер  етуі  қызықтырса,  екіншісін  –  қимыл  пен  сезімнің 

байланысы,  үшіншісін  –  психологиялық  іс-ҽрекет,  оның  түрлері  мен  заңдары, 

кҿңіл-күйінің диалектикасы кҿп қызықтырады. Бірақ очеркші адамның ойы мен 

сезімін, оның ішкі жан-дүниесін ашуға құқығы бар ма деген заңды сауал туады. 

Оған ҽрине, бар деп жауап берер едік. 

Пайдаланған ҽдебиеттер тізімі: 

1.

 

Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы. Мектеп, 1984. 



2.

 

Ҽуезов М.  Жиырма томдық шығармалар жинағы. 7 том. – Алматы. 



Жазушы, 1980. 

3.

 



Мүсірепов Ғ.  Таңдамалы. Үш томдық. ІІ том. - Алматы: Жазушы, 1980. 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал