Полиция таратқан ақпаратқа қарағанда, Шоқтыбаев сол күні



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Полиция  таратқан  ақпаратқа 

қарағанда,  Шоқтыбаев  сол  күні 

ұзақ  «шомылған».  Әйелі  кейін 

ваннадан  оның  мойны  орылған 

мәйітін  көреді.  Оқиға  орнына 

кел ген тәртіп сақшылары осы де­

рек бойынша қылмыстық іс қоз­

ғап, сот­медициналық сараптама 

тағайындады.  Әзірше  тексеру­

тергеу  жұмыстары  аяқтала  қой­

ған  жоқ.  Бірақ  полицейлердің 

алдын  ала  мәліметі  бойынша, 

бас дәрігер өзін­өзі өлтірген. Егер 

суицид  дерегі  расталса,  онда 

қылмыстық іс тоқтаты лады.

Айта  кетейік,  биыл  сәуір 

айында Қаржы полициясының 

ресми  өкілі  Мұрат  Жұманбай 

Астана  қалалық  денсаулық 

сақ тау басқармасының бас ты­

ғы Те мірлан Кәрібековке мем­

ле кеттік сатып алуды жүргізуде 

ла уа зы мын  теріс  пайдалан­

ғаны  үшін  айып  тағылғанын 

хабарла ған еді. Ресми өкілдің 

ақпа ра тынша,  оның  әрекеті­

нен мем лекетке 10,2 млн тең­

ге шығын келген. Кейін белгілі 

болғандай, осы дерек бойын­

ша  куәгер  ретінде  елорданың 

барлық  медицина  мекемеле­

рінің бас шы лары, оның ішінде 

№4  емхананың  бас  дәрігері 

марқұм  Мұрат  Шоқтыбаев  та 

жауап  беруге  қатысқан.  Әзір­

ше  құ зыр лы  органдардың 

атал ған мекемені назарға ал­

ғаны  жайлы  мәлімет  жоқ. 

Бірақ  Шоқтыбаевтың  өзін­өзі 

өлті руіне  осы  жағдай  себеп 

болуы  мүмкін  деген  жорамал 

бар.


иә

– Әрине, туризм дамысын­дамы­

ма сын,  патриоттық  ұран  болу  керек. 

Бірақ ол екі ұғым бір­бірімен байла­

ныс ты  емес.  Туризм  экономиканың 

бір бөлшегі болғандықтан, экономи­

каның  дамуына  үлкен  ықпал  ететіні 

сөзсіз.  Өкінішке  қарай,  елімізде  ту­

ризм  баяу  дамып  келеді.  Бірақ  оған 

да уақыт керек шығар. Ол үшін ал ды­

мен инфрақұрылым жағын қолға ал­

ған жөн. Мәселен, шетелге демалуға 

барғандар тек теңізге шомылып қайту 

үшін  бармайды  ғой.  Тарихи  орын­

дар ды  аралау,  су  астындағы  балық­

тарды тамашалау, аквапаркке бала ла­

рын апару, міне, соның бәрі – ин фра­

құрылым.  Бізде  ол  жағына  қаржы 

жетпейді.  Ал  инвесторлардың  бұл  са­

лаға  қаржы  салуға  құлқы  жоқ.  Олар 

мұнай немесе газ сияқты тез табыс әке­

летін салаға құйғанды тәуір көреді. 



Жоқ 

–  Шыны  керек,  біздің  адамдар 

шетелде амал жоқтықтан демалады. 

Қарапайым халық не үшін жарамсыз 

жер де демалуы тиіс? Ең әуелі шенеу­

ніктердің өзі патриотизмін көрсетсін. 

Жалпы,  бұл  мәселеге  екіжақты 

қараған жөн. Біріншіден, елімізде шұ­

рай лы  жер  көп.  Тек  Көкше  емес,  Ал­

маты,  Ақтау,  Атырау  дейсің  бе,  тізе 

берсек,  небір  керемет  жерлер  көп. 

Сондықтан туризмді дамыту әлі де кеш 

емес. Әсіресе экологиялық ту ризм қы­

зықты.  Бізде  құм  да,  тау  да,  шөл  де, 

шөлейт те бар. Бір өкініштісі, шұ райлы 

жерлерді  құртып  жатыр.  Анау  Көк­

шетауға қайдағы бір нәрсе лер ді салып 

тастады.  1000  жылдық  көне  ағаштар 

бар еді, оның бәрін құрт ты. Балқаштың 

жағдайын өзіңіз бі лесіз. Арал, Каспий... 

Сол  себепті  шенеуніктердің  санасын 

кө теру керек.



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Дмитрий Рогозин, 

Ресейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі:

«Жириновский екеумізді салыс­

тыра беретіндерің жөн емес, айыр­

машылық та ры мыз  көп  қой.  Мы­

салы, егер Жири новс кийдің басы­

на  кірпіш  құлап  мер тік се,  ЛДПР 

пар тиясы  да  құлады  дей  бе ріңіз. 

Ал  егер  сол  кірпіш  менің  басы ма 

түссе,  менен  басқа  ешкім  зиян 

шек  пей ді».



(www.rodina-nps.ru сайтынан)

№107 (107) 

1 шiлде

сәрсенбi


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Сейдахмет құттықаДам, 

саясаткер:

Светлана ЖаЛмаҒамБЕтоВа, 

сенатор:

ТОС


ын 

ОҚ

иғ



А

3-бет

4-бет

6-бет

Ой­КӨКПАР 

Майкл Джексон

мұсылманша 

жерленуі мүмкін

МАи­дегі 

сергелдең

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Туризмді табыс 

көзіне қалай 

айналдырамыз? 



www.аlashainasy.kz

150,41

210,81

4,82

22,01



233,29

8529,38

982,71

1069,77

70,64

940,50

Барып қайт, қалаулым,  

ауылға туған барып қайт!

қызмет көрсету сапасы нашар болып тұрған кезде шетелде демалушылардан патриотизм талап етуіміз дұрыс па?

әлемдік дағдарыс жағдайында туризмі 

айрықша дамыған елдер баға саясатын 

өзгертуге мәжбүр. оған қоса қызмет сапасын 

жақсарту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету жағын да мықтап қолға алды. алысқа 

бармай-ақ қояйық, қырғыз ағайындар көктем 

шықпай жатып туризм мәселесін майшаммен 

қарап тастады. Соның нәтижесінде туристік 

агенттіктер қызмет көрсету құнын 20-50 пайызға 

дейін төмендеткен. Өткен жылмен 

салыстырғанда, биылғы жылдың бірінші 

тоқсанында қырғызстанда демалушылар саны 

30 пайызға артқан көрінеді. Сервис жағынан 

Еуропадан кем түспейтін түркия да бағаны 

арзандатты. ал жаз айларында біздің азаматтар

негізінен, осы екі елге бағыт алады. Себебі 

белгілі – өзімізде баға удай қымбат, қызмет 

көрсету деңгейі төмен. Солай бола тұра, шетелде 

демалғысы келетіндерден отандық туризмді 

қолдауын талап етуіміз дұрыс па? 

ТА

ЛҚ



ы

ДАТ!

6-б

етте

әбілғазы құСаЙыноВ:

АҚыЛы АвТОКӨЛіК 

ЖОЛДАРы БиыЛ 

ЖүзЕгЕ АСыРыЛАДы 

ДЕП ЖОСПАРЛАнуДА

Бас дәрігердің өзіне-өзі 

қол салуына не себеп?

Түсіріліп  біте  салысымен  төңірегінде  дау­дамай 

өршіп,  жұртшылықты  дүр  сілкіндіргендіктен  болса 

керек,  картинаның  тұсаукесеріне  жұрт  өте  көп 

жиналды.  Тіпті  бір  орынға  бірнеше  билет  сатылып, 

көрермендер  мен  арнайы  шақырылған  қонақтар 

орынға  таласып,  ұйымдастырушыларды  әбден 

састырды.  Фильм  экраннан  көрсетілмес  бұрын 

«Қазақфильмнің»  қазіргі  басшысы  Ермек  Аманшаев 

Ермек  Тұрсыновқа  картинасы  үшін  алғыс  айтып, 

сәттілік  тіледі.  Ал  режиссер  фильмдегі  актерлер  мен 

түсіру тобын толықтай сахнаға шақырып, әрқайсысын 

көрерменге жеке­жеке таныстырды. 

Жалғасы 5-бетте

Өткен дүйсенбіде астана қалалық № 4 емхананың 

бас дәрігері мұрат Шоқтыбаев өз пәтерінде өлі күйінде 

табылды. Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің 

мәліметінше, дәрігер өзіне-өзі қол жұмсаған.

Беташарын ұзақ 

күткен «Келін»

ақыры депутаттардың 

көптен күткен каникулы да 

келіп жетті. маусымның соңғы 

күні мәжіліс ғимаратының 

бірлескен отырыс өтетін залына 

мамырлай басып жиналған қос 

палата өкілдері екінші сессия 

жұмысын бір қорытындылады. 

тек халық қалаулылары 

ғана емес, Премьер-министр 

бастаған Үкімет мүшелері де 

қатысқан алқалы жиында 

мәжіліс төраға сы орал 

мұхамеджанов қана сөз алып, 

баяндама жасады. 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу басталды 

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

Өткен аптаның соңында алматыдағы 

«мега» ойын-сауық орталығының 

кинозалында «Келін» фильмінің тұсаукесер 

көрсетілімі болды. Картина 2008 жылдың 

желтоқсан айында дайын болғанымен, 

киносарапшылардың әрі-сәрі әңгімесінен 

кейін бе, әлде көрерменге көрсетудің ретін 

таппағандықтан ба, жұртшылық «Келіннің» 

«беташарын» ұзақ күтті. Фильм алғаш 

ақпан айында жабық жағдайда көрсетілген 

соң, «Келіннің» тұсаукесерін жасауға 

«қазақфильм» киностудиясы рұқсат 

бермей отыр» деген де сыбыстар естілген-

ді. әйтсе де қоюшы-режиссер Ермек 

тұрсыновтың картинасы төңірегіндегі 

әңгіме оң шешімін тапқан болса керек, 

әйтеуір, көрерменге «Келінмен» қауышуға 

мүмкіндік туыпты. Бүгінде «Келін» көркем 

фильмі алматы кинотеатрларында 

көрсетілуде.

Болатбек мұхтаРоВ

қыСыЛтаяң КЕзДЕ 

қаБыЛДанҒан заңДаР

Өткен  сессия  депутаттардың  түсіне  тек  дағдарыс 

мәселесін  ғана  кіргізгені  жасырын  емес.  Еліміздің  ең 

жоғары  заң  шығарушы  органының  соңғы  жыл дар да 

атқарған  жұмыс  ауқымымен  салыстыра  қа рағанда, 

өткен сессияның аса бір қауырт әрі халық қалаулы ла­

рына  үлкен  жауапкершілік  жүктеген  сессия  болғаны 

анық. Бұл, әрине, депутаттардың өз жұмыстарын сара­

лау дағы  басты  өлшемі  бола тыны  да  белгілі.  Осыған 

орай  Орал  Байғонысұлы  өт кен  сессияға:  «Бұл  сессия 

біз үшін әлемдік эко но мика дағдарысының салдарын 

ең серу ісіне бүкіл қо ғам болып күш жұмылдыра оты­

рып,  заң  шығару  қызметін  жүзеге  асырудың  бірегей 

тә жірибесін  жи нақ таудың  кезеңі  болды»,  –  деп 

сипаттама бер ді. Өткен сессияда Парламенттің қара­

уына барлығы 207 заң жобасы келіп түскен. Олардың 

ішіндегі  66  заң  жобасы  бірінші  сессиядан  қалған 

«мұра» бол са, 141­і – екінші сессияның өз еншісінде. 

Пар ламент 127 заң қабылдап, Мемлекет басшысының 

қол қоюына жіберген. Олардың арасында Елбасының 

қолы қойылған 97 заң бүгінде заңды күшіне ие. Осы­

лар дың  қатарында  өткен  сессияда  еліміздің  қазіргі 

даму сатысы үшін стратегиялық маңызы бар бір қа тар 

заң дар талқыланып, қабылданғанын айта кету керек. 

Яғни  Парламент  дағдарысқа  қарсы  шара лар ды  құ­

қық тық  жағынан  реттеуді  қамтамасыз  ете тін  20­дан 

ас там заң қабылдады.

Жалғасы 2-бетте

мұрат аЛмаСБЕКұЛы


2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№107 (107) 

1.07.2009 жыл, сәрсенбi

www.alashainasy.kz

Басы 1-бетте

Бюджетке 

жасалған жеңілдік

Парламенттің ел экономикасының, қо­

 ғамның  өркендеуі  үшін  әр  салаға  қа жетті 

заң  жобаларын  дайындағаны  айт паса  да 

түсінікті жайт. Бірақ Парламенттің Елба сы­

ның 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан 

халқына Жолдауында көрсе тіл ген міндет­

терге  сай,  қолданыстағы  рес публикалық 

бюджетке жедел түрде түзетулер енгізгені 

есте қалатын іс деуге лайық болды. 

Қаржылық  қиындық  кезіндегі  бұл  тү­

зету лер,  экономикамызды  одан  әрі  жаң­

ғыр туға,  әрі  еліміздің  дағдарыстан  кейін 

де  тұрақты  дамуы  үшін  жұмыспен  қамту 

стратегиясын  іске  асырып,  жедел  шешім 

қабылдауды  талап  етпейтін  бірқатар  шы­

ғыс тарды  қысқартуға  бағытталды.  Бұл 

жерде  бюджет  қаражатын  үнемдеуге  заң 

шығарушы  орган  да  өз  үлесін  қосқанын 

айта  кеткен  жөн.  Парламент  өз  қызметін 

қамтамасыз етуге арналған шығыстардың 

бір бөлігінен бас тартқан болатын. Соның 

арқасында  Парламенттің  2009  жылға 

арналған бюджеті 1 млрд 683 млн теңгеге 

қысқартылды. Сонымен қатар барлық шы­

ғыс  баптары  бойынша  да  қосымша  847 

млн теңге үнемделді.

кемшіліктер 

де жоқ емес

Қос  палатаның  биылғы  сессиядағы 

бірлескен  заң  шығару  қызметіне  тоқта ла 

кеткен Мәжіліс спикері Парламенттің Үкі­

метпен өзара іс­қимылын объективті түрде 

бағалай  келіп,  заң  шығару  қызметінде 

бірқатар кемшіліктердің бар екенін жасыр­

ған жоқ. «Осы жұмыс тағы олқылықтардың 

бірі – кейбір заң жобалары бойынша ке­

лісу  рәсімінің  тым  созылып  кететіні»,  – 

дейді Төменгі палата төрағасы. Айтқан уә­

жі не  мысалын  да  дайындап  әкелген 

Оре кең «Қазақстан Республикасының кей­

бір  заңнамалық  актілеріне  микроқаржы­

лық ұйымдардың қызметін реттейтін мәсе­

лелер 


бойынша 

өзгерістер 

мен 

то   лық  ты  ру лар енгізу туралы» және «Әлеу­



меттік­кәсіпкерлік корпорациялар туралы» 

Қазақстан  Республикасы  заңдарының 

жобалары  бойынша  келісу  рәсімінің  бір­

неше айға сағызша созылғанын айтты. Ал 

Қазақстанда  әлеуметтік­кәсіпкерлік  кор­

по ра ция лардың  «өмір  сүріп  жатқанына» 

үш жылдың жүзі болып қалғаны баршаға 

аян.  Тағы  бір  ем  қонбай  келе  жатқан 

«дерт»  –  заң  жобаларын  әзірлеу  кезінде 

ведомстволар арасында тиісті үйлестірудің 

жоқтығы,  сондай­ақ  заң  жобаларын 

Мәжіліске берген кезде әртүрлі мемлекеттік 

органдар  арасында  келіспеушіліктердің 

орын  алуы.  Сондықтан  депутаттарға  заң 

жобасымен жұмыс істеумен қатар, әртүрлі 

мемлекеттік  органдарды  мәмілеге  келті­

румен  де  айналысуға  тура  келеді.  Мә­

жіліске  түскен  кейбір  заң  жобаларының 

сапасы да ойдан шықпай жататыны белгілі. 

Осындай жобалардың мазмұнын депутат­

тар дың 50­60 пайызға дейін қайта өңдеуі­

не тура келетіні жасырын емес. Оған мысал 

кел тірсек, сөз ұзап кететіні анық...

СаяСи  бюро

ЫнТЫМАҚТАСТЫҚ

қазақстан Израильді ядролық 

қарудан бас тартуға шақырды

ПАР


лАМЕ

нТ

Барып қайт, қалаулым,  



ауылға туған барып қайт!

ҮкіМЕТ


сұлтанов сұлтандарша сөйледі

еліміздің жалпы ішкі өнімі 2009 жылдың қорытындысы бойынша 

нәтижелі болмақ деп күтілуде. Бұл туралы кеше астанада Премьер-

министр кәрім мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде 

экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт сұлтановтан 

білдік. Премьер-министр кәрім мәсімов қаржы «қазанының» 

құлағын ұстаған Бақыт сұлтановтың өз аузынан экономикалық-

әлеуметтік жағдайымыздың хал-ахуалын естігісі келді. «Бақыт 

тұрлыханұлы, сізге бір сұрағым бар. Бүгін – маусым айының 

соңғы күні, яғни бірінші жартыжылдық аяқталуда. осы бойын-

ша әлеуметтік-экономикалық даму жайында сіздің болжамыңыз 

қандай?» – деп сұрады ол мәжіліс барысында. 

Атап айтқанда, Мемлекет  басшы­

сы Шейх Абдалла Бен Абдел Мухсин 

ат­Түрки,  Діндердің  бейбітшілік  жо­

лын  дағы  дүниежүзілік  конферен ция­

сының бас хатшысы Уильям Вендлиді, 

Дүние жү зілік  лютерандық  федера­

цияның бас хатшысы Ишмаель ноко­

ны  және  Түркия  Республикасының 

түр кітілдес мемлекеттермен ынты мақ­

тастық  жө нін дегі  мемлекеттік  ми­

нистрі Фарук Че ликті қабылдады.

Қабылдаудан  кейінгі  брифингте 

У.Вендли кездесу барысында ядролық 

қаруды  таратпау  мәселесі  талқылан­

ға нын атап өтті. «Қазақстан өзінің ба­

тыл шешімімен ядролық қарудан бас 

тартқан  ел  ретінде  Орталық  Азияда 

же текші  позицияға  ие  болып  отыр. 

Мен қазақстандықтарды және Қазақ­

стан  Президенті  нұрсұлтан  назар­

баев ты осы батыл шешімімен құттық­

тай мын», – деді мәртебелі мейман.

Өз  кезегінде  Ф.Челик  кездесуде 

екі елдің арасындағы ынтымақтастық 

жағдайы  талқыланғанын  айтты.  «Біз­

дің  премьер­министр  Реджеп  Тайп 

Ердоған осы съезге қатысқысы келген. 

Өкінішке  қарай,  оның  бағдарламасы 

бұған  мұрсат  бермеді.  Сондықтан 

съез ге қатысуға мені жіберді», – деді 

мәртебелі мейман.

Елбасымен кездескен Дүниежүзілік 

ислам лигасының бас хатшысы Шейх 

Абдалла Бен Абдел Мухсин ат­Түрки: 

«келесі  жылы  өзіңіздің  қамқорлығы­

ңыз бен  әлемдік  мүфтилердің  жина­

лысы  өтеді  және  біз  өзіміздің  Дүние­

жү зілік  ислам  лигасының  аймақтық 

ор талығын  Қазақстанда  ашуды  жос­

пар лап отырмыз, – деді.

«Дағдарысқа  қарсы  күрес  үшін 

бөлінген қаржыны толық игерсек, осы 

жылдың қорытындысы бойынша жал­

пы ішкі өнімнен нәтижелі көрсеткіштер 

көре  аламыз.  Осы  жылдың  ортасына 

қарай төмендеп кеткен экономикалық 

өсімнің  қалпына  келетінінен  үмітіміз 

бар»,  –  деді  Бақыт  Сұлтанов.  Оның 

бол жамы  бойынша,  енді  елімізді 

эконо микалық  өсімнің  баяулау  кезе­

ңінің  аяқталып,  баяғы  қарқынымыз­

дың  қалпына  келе  бастайтын  шағы 

күтіп  тұр.  Министрдің  есебінше,  бұл 

оң өз геріс жылдың ортасынан бастап 

бай қала  бастауға  тиіс.  Жақсы  жаңа­

лыққа  жаны  жадыраған  Премьер­

министр: «Жыл қорытындысы бо йын­

ша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу, 

алға  қой ған  мақсатымызға  жету  – 

бар лық  Үкімет  мүшелері  үшін  де  өте 

ма ңызды», – деді.

Сонымен  қатар  экономика  және 

бюджеттік жоспарлау министрі Прези­

дент бекіткен «Мемлекеттік жоспарлау 

жүйесі  туралы»  Жарлықты  іске  асыру 

жөніндегі негізгі шаралармен танысты­

рып өтті. 

Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, 

ми нистрлік  мемлекеттік  жоспарлау 

жүйесін енгізер алдында ел экономи­

ка сын  өрге  сүйрейтін  мемлекеттік 

бағдарламалар  мен  стратегиялық 

бағдарламаларды  қайта  қарастырып 

шығуды жоспарлап отыр. «Мемлекет 

басшысының  Жарлығына  сәйкес, 

2010 жылдың 1 қаңтарына дейін қол­

да ныстағы стратегияларды, тұжырым­

да ма ларды,  доктриналарды  және 

мем лекеттік,  салалық  пен  аймақтық 

бағ дарламаларды  жаңа  жүйеге  ың­

ғай лап  алуымыз  керек»,  –  дейді 

министр.  Орталық  мемлекеттік  және 

жергілікті  атқарушы  органдар  да 

барлық  бағдарламаларын  аталған 

мерзімге  дейін  пысықтап  үлгеруге 

тиіс. Сосын 15 күннің ішінде Экономи­

ка  және  бюджеттік  жоспарлау  ми­

нистр  лігіне  атқарылған  жұмыс  бо­

йынша  есеп  беріледі.  Қолданысқа 

енгізілетін  мемлекеттік  жоспарлау 

жүйесі, ең алдымен, саны бар, сапасы 

жоқ  қап тап  кеткен  бағдарламаларға 

тосқауыл  болмақ.  Қазір  әрбір  ми­

нистр ліктің, әрбір агенттіктің өзде рін­

ше  қабылдап  алған  бағдарламалары 

бар. Олардың бір­біріне қарама­қай­

шы  келіп  жата тын  тұстары  да  бар. 

Мемлекеттік  жос пар лау  оларды  бір 

жүйеге  келтіріп,  басы  артық  тиімсіз 

бағдарламаларды  қысқартуға  жол 

ашпақ. Үкімет басшы сы кәрім Мәсімов 

те  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесінің 

экономикаға  тың  серпін  береріне 

сенеді. «Үкімет мем лекеттік жоспарлау 

жүйесінің  құ жаттарын  әзірлеу,  іске 

асыру,  бағалау  және  бақылау  тәртібі 

жөнінде  норма тивтік­құқықтық  акті­

лер ді  әзірлеу  және  қабылдау,  әлеу­

мет тік­экономи калық  дамудың  сала­

лық  бағдарлама ларын  әзірлеу  және 

бол жау ережесін бе кітуі қажет», – деді 

ол.

салтан сӘкен, 

Астана

АҚОРДА


елбасы дін 

көшбасшыларын 

қабылдады

кеше елбасы нұрсұлтан назарбаев астанада өтетін 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ііі съезіне 

қатысуға келген бірқатар шетелдік делегацияның өкілдерін 

қабылдады. 

Бұл  Израиль  Президенті  Шимон 

Перестің  елімізге  алғашқы  сапары  екен. 

86 жас тағы саясаткер алған әсерін бірден 

ақтарып тастады. «Мен Қазақстанға рес­

ми  сапармен  келген  Израиль  халқының 

бірінші басшысы болғаныма өте қуа ныш­

тымын. Өйткені біз Қазақстанды Израиль 

мемлекетінің  сенімді  досы  деп  есеп тей­

міз»,  –  деді  ол.  Екіжақты  кездесу  бірден 

дәс түр бойынша, шағын құрамдағы келіс­

сөздерден  басталды.  Шағын  құрамдағы 

келіссөздер  барысында  Израильде  қа­

лып тасып  отырған  озық  ғылыми­техни­

калық әлеует, сондай­ақ индустрия, ауыл 

шаруашылығына инвестиция тарту мәсе­

лелері сөз болды. «Бұл аталған келіссөздер 

екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан 

әрі  кеңейте  алады»,  –  деді  Президент 

нұр сұлтан назарбаев. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  мен 

Из раиль  арасындағы  экономика,  саясат 

және  гуманитарлық  салалардағы  қол 

жеткізілген жетістіктерді атап өтті. «Өткен 

жылы тауар айналымы 2,5 млрд доллар­

ға  жетті.  Менің  ойымша,  бұл  Қазақстан 

мен  Израильдің  сауда­экономикалық 

ынты мақ тастығы жөніндегі Үкіметаралық 

комис сия  жемісті  жұмыс  атқарып  отыр­

ғанын көрсетеді. Алдағы уақытта Астанада 

екі  мемлекеттің  іскер  топ  өкілдерінің 

қатысуымен бизнес­форум өтеді, сондай­

ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру, 

екі  елдің  сыртқы  саяси  ведомстволары 

арасындағы  өзара  іс­қимыл  тақыры­

бында 


бірқатар 

келісімдерге 

қол 

жеткізіледі  деп  сенемін»,  –  деп  атап  өтті 



қазақ елінің басшысы. 

Осыдан  соң  жалғасқан  кеңейтілген 

құрам дағы  отырыста  құрметті  мейман 

Қа зақстанның  халықаралық  байланыс­

тар дың  астанасына  айналғанын  айтумен 

болды. «Менің ойымша, бұл түрлі діндер 

арасында ғана емес, өзге де мемлекеттер 

арасындағы  өзара  қарым­қатынастарды 

дамытуға  мүмкіндік  береді»,  –  деп  атап 

өтті  мәртебелі  мейман.  Ал  Қазақстан  та­

рапы, керісінше, әңгімені бірден ғаламдық 

қа уіп сіздік  пен  жаппай  қырып­жоятын 

ядро лық  қаруларды  таратпау  жөніндегі 

мәсе леден бастап, Израиль мен Палес ти­

наны өзара түсіністікке шақырды. «Себепті 

өзгелерге аудару – қашанда оңай шаруа. 

Алайда «шиеленісті реттеу үшін біз өзіміз 

не істей аламыз» дегенді білгіміз келмейді. 

Сол себепті Таяу Шығыста екі жақ бірдей 

талпынуға  тиіс.  Екі  жақтың  уәжі  мүлдем 

кереғар  болған  жағдайда  бейбітшілікке 

жету  мүмкін  емес.  кез  келген  дауды  тек 

келіссөздер  арқылы  ғана  бейбіт  жолмен 

шешуге болады», – деді нұрсұлтан назар­

баев. Сондай­ақ Елбасы Таяу Шығыстағы 

қайшылықты реттеу тұтас бір аймақ үшін 

маңызды мәселе екенін атап өтті. «Мұндай 

мәселелер зеңбіректің күшімен емес, зе­

йін мен шешілуге тиіс», – деді Президент.

Қазақстан  –  ядролық  қарудан  өз 

еркімен  бас  тартқан  ел.  Ал  Израильдің 

рес ми  түрде  айтылмаса  да,  ядролық  қа­

руға арқа сүйеп отырған санаулы елдердің 

бірі екені белгілі. н.назарбаев Израильдің 

бұл әрекетін халықаралық ықпалдастыққа 

нұқсан  келтіретінін  тұспалдап  атап  өтті. 

«Бүгінгі  таңда  ядролық  қару  түрлерін  та­

рат пау  туралы  келісімшарт  жұмыс  істе­

мей ді.  Халықаралық  құқық  бұған  кел­

генде өте сылбырлық танытып отыр. Оған 

тіпті  әлемдік  қауымдастық  та  ықпал  ете 

алмайды. Жаппай қырып­жоятын қаруды 

таратпау – біз үшін өте маңызды әрі өткір 

мәселе. Қазақстан тәуелсіз мемлекет бол­

ғаннан кейін әлемдегі төртінші ракеталық 

арсеналдан  бас  тартты.  Полигонды 

жауып, осылайша біз – әлемге үлгі көрсет­

кен  әзірге  жалғыз  мемлекетпіз.  Өкінішке 

қарай, бұл үлгі әлі де болса көптеген мем­

лекеттерді  ойландырмай  отыр»,  –  деді 

Мемлекет басшысы. 

Израиль Президенті Шимон Перес Ел­

басы  нұрсұлтан  назарбаевты  Израильге 

са пармен келуге шақырды. Сондай­ақ ол 

алдағы  уақытта  Қазақстан  мен  Израиль 

арасындағы  қарым­қатынастың  жалғаса 

бе ретініне сенім білдірді. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал