Поэмалар біржан сал. ҚОянды жәрмеңкесі (поэма)



жүктеу 3.44 Mb.

бет3/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ДҮНИЕ ДӘНЕКЕРЛЕРІ 

(поэма) 

1. Өмір мен Орақ 

 



Сен Диқансың ғой, сен айтшы маған, ағажан,  

Орақты неге алтынға халық балаған? 

Астықты неге алтынға теңеп, неліктен 

Бір түйір дәнді алтыннан артық санаған? 

 

Сен Диқансың ғой, жарылып айтшы ағыңнан 



Темірге емес өмірге адам табынған. 

Алтынға емес, бір ғана түйір дән үшін 

Шаршаған адам, сарсылған адам, сабылған... 

 

Әуелі түрен, 



Содан соң орақ жасаған, 

«

Жасаған аллаң» – жасаған емес, осы – Адам. 



Түренді бірақ алтын түрен деп айтпаған 

Қара темірді алтын орақ қып қашаған. 

 

Орақты бірақ алтынға теңеу себебін, 



Топшылап қалай айта алар екен, кәне кім? 

«

Алтын мен күміс – тас екен» деген өзіміз 

«

Арпа мен бидай – ас екен» деді және елің. 



 

Алтыным, - деді аймалап және ботасын, 



Алтыным, - деді аяулы жар мен апасын. 

Алтыным менің, аман-сау жүр, -  деп береді  



Ең соңғы үміт – аманаты мен батасын. 

 

Адамдық күллі қасиетті сезім теңеуін 



Сен айтшы, Диқан, ораққа теңеу себебін, 

Алтынды адам білмей-ақ жатып дән екті, 

Теңеуі ме деп ойлайын десем көненің... 

 

Теңеуі ме деп ойлайын десем бүгіннің 



Уақыттың дәстүр ғұрыптарына үңілдім. 

Жетпесе бойы құранды төсеп нан алған 

Адамның тағы адалдығына жүгіндім. 

 

Сен айтшы, Диқан, білесің астар, жұмбағын, 



Білемін, әттең... (білемін ғажап сыр барын). 

Жымиды Диқан: - Ғажап жоқ онда ешқандай, 

Қиялым да жоқ басымнан алып қосқандай, 

 

Басымнан өткен бар еді бір оқиға 



Уақытың болса айтайын, - деді, - тыңдағын... 

 

... Қайсыбір жылы Арқада бітік шықты егін, 



Орнына түсті жүрегім, жаздай күпті едім. 

“Өз танабымның толысып дәні қалды-ау”  деп 

Ерте орақ салдым. Ешқандай бұйрық күтпедім. 


 

Япыр-ай, ерте бір апта, он күн ерте-ау - деп, 

Ертерек салған орағымнан мен қорқам кеп. 

Пенде ғой адам, ешкімге бірақ айтпадым, 

Өкіндім «дәннің обалын қалай тартам» деп. 

 

Мен орақ салып, нәтиже алып болмай-ақ, 



Гүр ете түсті. Комбайн қаптап күллі алап. 

Алтын Жұлдызды ауданның жалғыз диқаны 

Басқалар қайтсін, топ бастап кетсе туралап. 

 

Басқалар тегіс «бастама – деді,- бұл батыл», 



Арқада ауа райы деген тым қапыл. 

Біледі, - деді, - Алтын Жұлдызды ағамыз, 



Мінеки батыр, мінезді батыр, шын батыр!  

 

Мінезім рас, 



                      

жетісіп тұрған жоқ менің, 

Көзсіздігім де, ессіздігім де көп менің, 

Ақылыма алған жоқ едім Алтын Жұлдызды 

Маңдайдың терін аямай рас, төккенім. 

 

Маңдайдың терін аямай рас көп төктім, 



Мақсатқа жеттім, арманға бірақ жетпеппін, 

Арманның бірі – артыма ерген үш ұлды 

Осынау дәндей жаңа да жаңа көктеттім... 

 

Толысып олар, толығып әлі біткенше, 



Мойныма менің әкелік парыз жүктелсе, 

Толысып Адам біте ме сірә ғұмыры 



Арманнан да әрмен сағынып оны күткенше... 

 

Өкінішімді, опығымды ешкім сезбеді, 



Тек өзім білдім, өкіндірмедім өзгені. 

Арқада сол жыл ағыл да тегіл болды астық 

Тонналап тартты таразылардың безбені. 

Бастама деген, батылдық деген –  бір ұғым 

Асырып кетті аймақтың күллі дүбірін. 

Ғарыштан маған ғарышкер жолдап құттықтау 

Облыста да бермедім жеңіс тұғырын. 

 

Ауданнан бастап облыстан да келді өкіл, 



Бастамам жайлы баяндап бердім елге кіл. 

Өкінішіме тек өзім куә, үн-түнсіз 

Кіндік қан тамған, маңдай тер тамған жер кепіл. 

 

Жарықтық дала, молшылық – мұхит, демімен, 



Тамшының орнын толқындарына теліген. 

Қайнары тасып, айбыны асып сол жылы 

Өкінішімді шайды да кетті селімен. 

 

Пенде ғой Адам, өкінішімді ұмыттым, 



Тағы да талай бас бәйгелерге іліктім. 

Омырауыма тағы да орден қададым, 

Мінбеге талай міндеттер алып шығыппын. 

 

Сабантойларда шалқып та тасып сөйледім, 



Сөзімнің бәрін саралап діттей бермедім. 

Өзімнің кейде бойымнан биік секірдім, 

Антеймін, - дедім, - тұғырым бірақ Жер, - дедім! 



 

 

Жанды ма бағым... Шықтым мен үздік ұдайы, 



Өзімді-өзім ақтадым енді шынайы, 

Шығынсыз кіріс болмайды, - дейді... Сонау бір 



Азғантай шығын... Күлемін іштей “құдайы”. 

 

Азғантай шығын!.. Шығында ма екен мәселе, 



(Ол шығын орны толмайды, қанша еселе.) 

Жер – Ана болса, ақ бидай – оның ақ сүті 

Қиянат неге жасадым сонда шешеме. 

 

Ананың сүтін азғантайымен, көбімен, 



Есептейтұғын перзентті қашан көріп ең? 

Ойлаймын кәзір асып та кеттім мен сонда 

Перзенттік пейіл қанағаттың да шегінен. 

 

Болса да менде кәнігі кәсіп мектебі, 



Білімім емес, білігім сірә жетпеді. 

Жарыста озсам, жүлдеге жетсем ол кезде 

Жұлдызға қолым жеткендей едім көктегі. 

Орақ па – орақ?.. 

Біткенше орақ онда мен, 

Қозатын арқам, ессіз де түссіз болған ем. 

Алтын ба орақ; 

Күміс пе орақ; 

Жез бе орақ, 

Тек орса болды, қайрап та қайрап салған ем... 

 

Нәті мен нарқын, әр сөздің парқын, теңеуін, 



Тегі мен түрін, салдары менен себебін. 

Елегіне ойдың салатын уақыт жоқ онда 

Есіл де дертім мол астық пенен мол өнім. 

 

Қайратым онда санама бермей тізгінін  



Игере бердім осынау өлке түз-қырын. 

Егінді бітіп, екі есе жоспар орындап, 

Үлгірдім жыртып келесі жылдың күздігін. 

 

Темір ғой тегі, алтын деп оны атауда, 



Парасаттардың тағылымы бар о, тәуба! 

Кедей ме, бай ма... Алтын орақтың атауы 

Киесі бірдей кез келген ел мен Отанда. 

 

Құп-құйттай ғана қайқы бел темір – қара орақ, 



Замандар сені жіберсін мейлі, жаңалап, 

Жер – Ана сені ақ сүтіменен суарған 

Сондықтан сенде – қайырым, мейірім, қанағат. 

 

Сондықтан адам қимасын саған теңеген, 



Тегінде темір, қайырымды темір не деген! 

Ұсталар сені жасаған жаңа Ай етіп, 

Диқандар ұстап күн нұрыменен жебеген. 

 

Тоқшылық болған... жоқшылық болған заманда, 



Қасиетінің сіңген ұрпақтан-ұрпақ, адамға. 

Береке жинап, молшылық орып жұқарсаң, 

Махаббат, мейірім тарайды сенен әмәнда! 

 

Табыстан басы айналу деген сол ма еді, 



Пайымдасамшы, ертерек осы зердені. 

... Сонау бір жылы арқалап мені анамның 

Қол орақ орған кездері еске келгені. 

 

Жүдеген анам сабырмен сақтап төзімін 



Жұқарған жүзі қол орағындай өзінің. 

Сүмбіле түсті. Егін де пісті-ау ақыры 

Соғыстың әлі зілденіп тұрған кезі бұл. 

 

Сүмбіле түсті. Егін де пісті-ау, жарықтық,  



Көктемнен бері шайнамаға да тарықтық. 

Егінге ертең саламыз орақ! – деген күн 



Төбесі көкке жеткені-ай дейсің халықтың. 

 

Қуанып халық үмітке жігер жаныған, 



Биылғы дәннің дәм бұйырды-ау деп нанынан. 

Сандықтан алған қол орақтардан, әйелдер 

Терлері сіңген ерекектің исін таныған. 

 

Кім қайрайды? – деп қолдағы құйттай орақты 



Жан анам маған жәудіреп сонда қарапты. 

Қарапты ол мәңгі осы емес пе деп ескерткіш 

Жалғастыратын мәңгілік пенен заматты. 

 

Ораған жүзін орамал шетін бір сүйіп,  



Бір иіскеп алып көздерін шылап, күрсініп. 

Қол орақтарын қолдарына ұстап, ұстаның  

Үйіне қарай жүгірді бәрі құлшынып. 

 

«



Жарықтық еркек, еркектің қолы-ай қынулы, 

Жоғында ғана білдік-ау сенің құныңды», 

Дегендей, мынау жиналып қалған күллі әйел 

Үнсіз де түнсіз іштерінен тек тынулы. 

 



Ал, ертең орақ! Оң қолы шолақ басқарма, 

Солақай қолын көтерді сонда аспанға. 

Болмайсың, - деді, - біреуің шашау шығушы, 



Бір түйір дәнді болмайды жерге тастауға! 

 

Әйелдер сонда жайылып жаны дүрлігіп 



Бір-бірін түртіп, бір әзілдесіп, бір күліп. 

Талайдан бері жанардан шыққан жас мынау 

Алтын орақтың қуанышы еді тұр біліп... 

 

Сібірлеп сірә сыздықтап тартты таң арай, 



Егістік шетін жиырма-отыз әйел жағалай. 

Қол орақпенен сусыған бидай сабағын 

Сипалай берді кіндігін кескен баладай. 

 

О, тоба! 



Тоба! 

Жалғыз-ақ мақсат діттеген,  

Маңдайдың тері тамады жерге күтпеген 

Дала да дертіп, Ана да дертіп, жуды олар 

Қара темірді аналық мейірім – сүтпенен. 

 

Сол күні шешем ошақтан таба әкелген, 



Табадан маған кішкентай күлше әперген. 

Қойныма басып ып-ыстық құйттай күлшемді 

Қарғыдым дейсің тірілгендейін әкем мен. 


 

Сол жылы рас, «аузымыз аққа жарыған», 

Бидай да бітік, мол өнім алдық тарыдан. 

Барғанда қосқа әкемнің құйттай орағын 

Сүйіп те сүйіп қоюшы едім сабынан. 

 

Сол құйттай орақ алтын ба, мыс па, жез бе еді, 



Сол болып маған көрінді тірлік безбені. 

Сол жылғы орақ, сол ыстық күлше әсері 

Өмірлік нәсіп, өмірлік кәсіп мезгеді. 

... Пенде ғой адам, ұмыта соны жаздаппын 

Табыстан басым айналып кеткен кездері. 

 

Жасырын не бар, жасырар не бар – пендеміз, 



Анамыз Жер ғой, қарызбыз мәңгі Жерге біз. 

Анамыз Жердің қос қанатындай қос тұтқа –  

Өмір мен Орақ мәңгілік егіз, мәңгі егіз! 

 

Қымбат па Өмір, сыйлайсың сөзсіз Орағың, 



Орағы оның – Диқаны, Дәні даланың. 

Орақтың түрі, оратын тәсіл өзгерер 

Қасиетін ешбір өзгерте алмас заманың. 

 

Қасиеті оның қалпында мәңгі қалмаса, 



Дәннің де дәмі – дәм емес онда, далбаса. 

Темірді бекер «алтыным» дей ме адамзат 

Айтқызатындай ақиқаты егер болмаса... 

 

Қарағым, мынау қарашы деді, - маусымға, 



Қызығын мұның болар ма сірә, тауысуға. 

Үш ұлым диқан. Мақсатқа жеттім. Арман көп... 

Сынаптай діріл бар еді диқан даусында. 

 



Алтын ғой алтын, әдемі теңеу, әдемі, ә! –  



Деді де Диқан, бұрылды байтақ далаға. 

 

...Өзгерер Заман! Өмір мен Орақ ұғымы 



Баяғы қалпы байырғы бірақ санада. 

 

2. Отан мен Отау 

 

Балшекер дейтін бір Ана... 



Соғысқа берді екі ұлын, 

Соңында қалды қос келін –  

                                           

солқылдап қалған екі мұң. 

Солқылдап қалған екі отау –  

                                            

шаңырағы тұрды шайқалып, 

Шаңырақ тұрды шайқалып, өткенмен дауыл өтуін. 

 

Қос қанат сынды екі отау, қазығы жалғыз Ана еді



Ананың жалғыз қызығы арада жалғыз бала еді. 

Кенжеден тұяқ қалмаған, тұңғыштан қалған шарана 

Бес жасар сәби бұлардың алданыш – үміт әлемі. 

 

Алданыш – үміт әзірге, шындыққа ертең айналар, 



(Өсерде сәби сол кезде балалық шағын ойға алар) . 

Үш әйел еді бір үйде, ортада ортақ отауға, 

Құп-құйттай ғана үмітті қарауыл етіп қойды олар. 

 

Ортадағы үміт – қарауыл, намысқа, арға, жігерге, 



Бүкіл бір әулет тұяғы сол еді жалғыз тірерге. 

Үш бірдей құшақ айналып аналық мейірім танытып, 

Айналған еді үшеуі жалғыз-ақ тілек тілеуге. 

 

Үшеуі де ырза қайтеді... тағдыры басқа салғанға,  



Тағдыры басқа салғанға көнгенмен кеуде арманда. 

Келер ме екен бұлардың күрмеуге келте жіптері,  

Орнында барлар оңалып, ойсырағандар толғанда. 

 

Қимастықпен үшеуі  қарайды бірі-біріне, 



Кіреуке кірбің көңілге түсірмес бұлар тіріде. 

Бір үйдегі сол үш әйел соғыстан кейін дәмелі, 

Дәнекер болған дүниеге жүректің жұмбақ діліне. 

 

Екеуі – Ана, біреуі – тек қана әйел аты бар, 



Көрген бір түстей көз жазған көк мұнар махаббаты бар, 

Көк мұнар махаббатына қиялыменен сүңгиді, 

Қиялмен қармап арманын, ілікпей қолға аһ ұрар. 

 

Екеуі – Ана, дүниеге таралып тамыр таратқан, 



(Әйелді асыл табиғат сол үшін сірә, жаратқан). 

Екеуі – Ана, біреуі үзілген гүлге ұқсайды, 

Тамыры тірі, әрине, үзілген бірақ сабақтан... 

Тамыры бүтін таза гүл қайтадан өсіп шығатын, 

Табиғат заңын біледі... Үшеуі де іштей тынатын. 

Алдында кіші келіннің айыбын өтей алмаған 

Кінәлі жандай екі ана именіп ылғи тұратын. 

 

Ақыры бір күн енесі шақырды екі келінін, 



Қозғалмай аз-кем отырды қазығы сынды желінің. 

«

Келінім деген жоқ едім, екеуіңді де өзімнің 

Қарақтарым-ай, қанамды шыққанға жарып телідім. 

 

Қайтейін бірақ тағдырға,  



                                    «

Жазмыштан озмыш жоқ» - деген, 

Жазмыштан озмыш жоқ-ау деп, бағыңды байлап шектемен, 

Кішкентай келін, мен сені бойжеткені деп осы үйдің 

Өзімнен туған қызымдай қызығың болса өткерем. 

 

Алдыңнан бағың ашылсын, тағдырлас болар тең ізде, 



Өміріңді өткіз, қарағым, «өксиді-ау бекер» дегізбей. 

Түңдігін ашпай отаудың, түтінін жақпай Отанның 

Әйелдік парыз өтелмес ана боп перзент емізбей». 

 

Дегенде, Ана демінде ащы бір шындық аһ ұрды; 



Ащы бір шындық кеудеге өкініш отын шақырды. 

Кішкене келін булығып далаға қарай атылды, 

Үлкені болса қипақтап не істерін білмей қапылды... 

 

Біреуін бірі қия алмай жылады да олар сықтады, 



Көлдеген көздің жасынан бәрібір пайда шықпады. 

Өзінің салған жарасын өзімен уақыт емдеді, 

Табиғат заңы – тағдыры,  

                                            

тағдырын адам құптады. 

 

... Кішкене келін сонымен отауда жаңа от жақты, 



Өзгеше тірлік бастады,  

                                          

өзгеше өмір – соқпақты. 

Өмірге серік жар тапты,  

                                          

бала да сүйді, бақ көрді, 



Баяғы мұнар арманы алдарқапты да тарқапты.  

 

Ал үлкен келін сол үйдің шаңырағын қозғап,  



                                                                          

шайқамай, 

Ене боп ол да үлгірді, самайдың ағын байқамай. 

Балшекер – Ана көз жұмған, көз жұмарында айтқаны: 

«

Екі отау отын өшірмей өттім-ау,- депті, - о, тоба-ай! 



 

Екі отауымның оты да өшпеді дейтін себебім, 

Екі ұлым менің жар еткен келіндеріме сенемін. 

Түңдігін ашса отаудың – Отанның отын жаққаны, 

Екеуі жаққан отты мен өзімдікіндей көремін!» 

 

Осылай Ана ойлаған, Отан мен Отау ұғымын, 



Отау деп білген Отанның көтеріп тұрған уығын. 

Отанның оты деп білген Отауда туған перзенттен 

Әйелдің махаббатының қызуы менен қынуын. 

 

Отаудың оты деп білген Отанның оты маздаған, 



Отаны үшін талайлар жанды ғой, жана жаздаған. 

Отауым үшін, - демеді,  



                                         - 

Отаным үшін! – деді олар, 

Отауды  қалай тігудің, 

                                       

Отанды қалай сүюдің 

Заңы жоқ... ешкім жазбаған. 

 

Отауы мен Отанын өзінше әркім сүйеді, 



Сүйді ғой солай үш әйел... Сезімдерімен киелі. 

Сыйластық пенен қимастық, 

                                       

шын сүю деген сол шығар  



Билеген бүкіл болмысты, босатқан бүкіл жүйені. 

 

Сол шығар бәлкім мыңдаған Отаудың отын өшірмей, 



Жұлдызы болған Отанның жауына айбар, сесіндей. 

Соғыстан өзі у жұтып, уызын берген ұрпаққа 

Әйелдің бар ма күнәсі?..  

                                          

Бар болса, көрші кешірмей?! 

 

Бар болса, көрші кешірмей, келешек сені кешер ме, 



От қалған отау өшпейді, Анасыз ұрпақ өсер ме?! 

Балшекер – Ана, қос келін – солардың оты, отауы, 

Жетті ғой Отан өзіңе, орануға да төсеуге. 

 

О, Отан – Ана, сен енді солардың даңқын көкке асыр, 



Отан мен Отау тарихы тартады желі көп ғасыр. 

О, Отан, Отан, Ұлы Отан – Ұлылығың сол сенің –  

Кішкентай отауларыңның көз жұмбай ойла, от басын. 

 

 



3. Топырақ және ғалым 

Нұр аға! 



Мэхлисжан! 

Екі құшақ, 

Лап еткен сағыныштың отына ұқсап, 

Айқасып, бірін-бірі қаусырысып 

Қалыпты құшақтасып қапылыс сәт. 

 

Қалың топ таңырқаған жоқ бұларға, 



Танымал бұл өлкеде шоқтығы алда. 

Мәрт диқан Мәлгаждаров, енді бірі –  



Топырақ тамыршысы топты жарған. 

 

Ғалымы атышулы осы өңірдің, 



Білмейтін бақай қулық, есеп ырқын. 

Баладай мінезі әлі, сөйлесе де 

Әлемдік мінбелерден неше дүркін. 

 

Баладай бірге туған інісіндей, 



Бәлсінбей, данасынбай, ірісінбей, 

Ағаның құшағында жарқылдайды ол, 

Диқанның алтынындай, күмісіндей. 

 

Бидай өң, 



Биязы жүз, маңдайы ашық

Күлкісі езу тартса ойға ұласып, 

Елгезек тұла бойы толы ілтипат 

Қалт етсе қарапайым қайырымға асық. 

 

Қағылез, 



Қимылдары қаршығадай, 

Әр сөзі, әр түйіні дәл сынадай. 

Тұрады дәйегінде, дәлелінде 

Келсе де көндірем деп қарсы «құдай». 

 

Көрмеген кібіртіктеп, кібіжіктеп, 



Зердемен білім алып, білік жіктеп. 

Диқанға жете алмайсың, - дейді күліп, 



Дүниеде бар ғаламның түбін түптеп. 

 

Өзіне адалдықтай ант еткен бе, 



Диқанға көтермейді шалқақ кеуде. 

Баратын Нұрқабылдай ағасына, 

Шаруадан қолы кейде қалт еткенде. 

Биыл жаз бара алмаған, көре алмаған, 

Ұмтылды баладайын, содан ба оған. 

Кіндіктен бір тумай-ақ, мүдде ортақта, 

Кетеді туғандай боп адамға адам. 

 

«Ағажан, «Ақантауда» шығым қалай? –  



«

Ақанкөл» – биыл суы бұйырмауы-ай...» 

Әзілдеп қалды диқан: - Біздің көлді 

Қайтесің, шетелдерді шиырламай. 

 



Иә... иә... Ғалым сол сәт қалды ойланып, 



Сол жаққа түспей қойды-ау жол байланып. 

Бірақ мен шетелдерге шыққаным жоқ 

Қызықтап, қыдыруға таңдай қағып.  

 

Бәрі-бәрі, туған топырақ қамы үшін ғой, 



Топырақ – ар мен ұят намысың ғой. 

Туған жер, топырақ жайлы аңыздардың 

Бәрі шын. Ал шындықтың бәрі сын ғой. 

 

Сол шындық сынға түсер шақ болғанда, 



Аз емес жағатындар аққа қара. 

Әлемді таң қалдырған тың топырақ 

«

Құнарым осындай» деп мақтана ма? 



 

Топырақ сөйлемейді, перзент сөйлеп, 

Бағасын туған жердің сол жеткермек. 


Көкке адам, ғарышқа адам ұшқанымен, 

Адамзат бар ғұмырын жерде өткермек. 

 

Бұл ойды айтты ғалым ішінен тек, 



Диқан да бас изеді «түсінем» деп. 

Тыңгерлер Сарайына ене берді 

Бұларға қызық емес қысыр ермек. 

 

Тыпыршып сын алдында Орақ атты, 



Диқандар сәтте тыныш бола қапты. 

ООН-ның сарапшысы Сүлейменов 

Мінбеге көтеріліп бара жатты. 

 

ООН-ның сарапшысы – ол, саралаушы, 



Топырақ қасиетін бағалаушы. 

Әлемнің егіншілік ғылымында 

Сөйлесе оның даусы – Дала даусы. 

 

Сөйлесе оның даусы – Дала даусы. 



Аз емес Дала нарқын бағалаушы. 

Бар бірақ ала қойды бөле қырқып 

Жер –ана топырағын алалаушы. 

 

Мұндайда дәйек керек, дәлел керек, 



Өмірдің өз шындығы одан да ерек. 

Мұндайда қолтығыңнан көтереді, 

Туған ел – коммунистік қоғам демеп. 

 

Мұндайда азу керек, жүрек керек, 



Мойыма, мойынсұнба міндетке көп. 

Елестеп көз алдына Нұрғабылдар 

Кетеді кеудеңді бір құдірет бөлеп. 

 

Мұндайда арғы-бергі... бәрін ойлан, 



Топырақ бағы жанса, бабы қайдан? 

Шындықты жүректегі сылып шығар 

Айырып торта алғандай сары майдан.  

 

Осы ойды жалғай ма әрі, жалғамас па, 



Өзекті пікірі бар - әлде басқа. 

Әйтеуір бұл топыраққа ол сарапшы емес, 

Өзінің қолбаласы қарбаласта. 

 

Бұл жерде ойламайды ғалыммын деп, 



Әлемнің көп жеріне танылдым деп, 

Ойлайды, өкінеді,  

                                 - 

Туған топырақ, 

сырыңның қиын-ау,- деп, - бәрін білмек. 

 

Ойлайды, өкінеді, сан соғады, 



«

Білмесім, білмегенім қаншама әлі». 

Туған жер топырағын жүз уыстап, 

Жүз рет құдіретіне тамсанады. 

 

Көп жұмбақ, 



                   

бұл топырақтың көп жұмбағы, 

Алдында – кереметі, көрдің бе әлі. 

Адамзат қайырымындай, мейіріміндей 

Ешқашан таусылмайды Жердің нәрі. 

 


Топырақ оған тағдыр, оған талан, - 

Сол тағдыр, сол таланы Сарыарқадан. 

 

Осы өлке топырағының тілін жинап 



Жүреді бал жинаған омартадан. 

 

Ойлайды ол топырақта қан бола ма, 



Топырақ жаңара ма, жандана ма? 

Сөйлей ме, тіл қата ма бапкеріне, 

Бапкері тіл қатқанын аңғара ма? 

 

Топырақ сусиды екен, көшеді екен, 



Бір дән сеп – мың дән болып өседі екен. 

Иітсек – маңдай термен бәрін беріп, 

Исінтсек – Жер-анамыз кеше ме екен?   

 

Туған жер топырағынан жаралдық деп, 



Ұрпақтан айтты ұрпаққа адам діттеп. 

Ал бірақ, туған топырақ қалауын біз 

Әрқашан айта алмаймыз таба алдық деп. 

 

Ал кәне, соның бәрін сал ортаға, 



Шындыққа әділқазы заман тоба! 

Туған жер топырағынан жаралдың ба, 

Бағын да, бейнетін де сал арқаңа! 

 

Жасырма, өз шаңырағың, өз үйің ғой, 



Айтарың – шын перзенттік сезімің ғой. 

«

Топырақ тамыршысы» дейді сені, 



Бұл сөздің шындықпенен тезі бір ғой 

Шындықты айт!  

                      

Шындықтан сәл ауытқысаң, 

Кетеді Нұрғабылдар көзіне ілмей. 

 

... Сол мезет шетелдегі конгресте



Болған бір оқиғаның келгені еске. 

Фойеде есіп сөйлеп тұрған біреу 

Тиісті сырттай бұған... пенде емес пе? 

 



Ресейдің азиялық ғалымына, 

Қарашы, ғалымдарға жарыдық, ә? 

Деді ол серігіне, ал серігі: 

Бойындай болар, - деді, - қарымы да.  



 

Бұрылып, алаңдамай, арындамай 

Сөзімді түсінді-ау қабылдамай. 

Ұсынды ишаратпен бір темекі 

Дегендей: - Қажасуға қалың  қалай? 

Сөзіне бере алмаса егер мөлшер, 



Деуші еді біздің халық: - Нағыз есер. 

Ит үрер, - дейміз және, - керуен көшер, 

Ғалымды боймен емес оймен өлшер.  

 

Айттым да французша, сөзімді айқын



Сабырмен тұра бердім бұзбай қалпын. 

Даланың диқаны еске келе қалды 

Қара жер ойылса да қозғалмайтын. 

 

Көздері төбесіне шыққандай нақ, 



Қылымсып келе жатыр бұқпантайлап. 

Енді олар жылым күліп, сүріндіріп, 

Бой емес, оймен басып жықпақты ойлап. 

Жылмитып сыртын сылап сынар сұрақ 

Қояды қуанып, не жыламсырап. 

Несі бар, сөйлесуге тілің жетсе, 

Көзқарас, ой-өресін, бәрін сынап 

Алдым да көз жеткен соң айтып бетке: 

Сіздер, - деп, - ғалым емес, ғалымсымақ. 



 

Маңдай тер, махаббатпен дамып жатқан 

Өмірден алшақсыздар, табиғаттан. 

Ғалымды ғалым деп біз айта алмаймыз, 

«

Комфорттың» рақатымен жанын баққан. 



 

Келер күн конгрестің мінбесінде, 

Жіктеді ол осы ойларын жүлгесінде. 

Сан сауал сансыратқан сәттерінде 

Әліппе –  туған Дала тұрды есінде. 

 

Сөз – шындық, ар жағында арың тұрса, 



Сөз – шындық, тыңдаушыдан жалын туса. 

Тәнті боп ойларына қол соқты зал,  

Қылаусыз сөздеріне ағылшынша. 

 



Қанша тіл білсіз Сіз? 

Бес тіл білем, 



«

Тіл үйрет» дегенім жоқ ешкімге мен, 

Өзіне керек затты өзі үйренген 

Халқымның ескі әдеті, ескірмеген. 

 


Әркімге туған топырақ нәрі сіңген, 

Перзенттік парызыммен, намысыммен 

Үйрендім, үйренемін, - дедім, - бәрін 

Туған жер, туған топырақ қамы үшін мен. 

 

Шетелде ұнатады сұрағанды, 



Сауалмен сүріндіріп сынағанды, 

Бар сауал, бар жауабы – көкейінде, 

Туған жер көз алдына тұра қалды. 

 

...Қазір ғой Сарыарқада шіліңгір жаз,  



Аңызақ қадайтын кез сұғын біраз. 

Бидайдың сөлін сығып ала жаздай, 

Содан соң қас-қағымда суиды жаз. 

 

Ал бірақ қорқыныш тек аңызақ па, 



Арқаның ерте түсер қары жоқ па? 

Бұршақ ше, 

Бозқырау ше, 

Арам шөп ше, 

Адамның соны күткен жаны жоқ па?! 

 

Осылай көрінгенмен, бір қарасаң, 



Басында тіршіліктің күллі орасан –  

Бір үзім нан тұрғанда, мұндай бақыт 

Ойлайсың бұйырды деп кімге, қашан?! 

 

 



Құдіреті үзім нанның байқалмайды, 

Киесін тілмен ешкім айта алмайды. 

Оқиға бала кезде бастан өткен 


Ғалымның көз алдынан қайта айналды. 

 

...Оқуда онда әкесі, Мәскеуде еді, 



Ұлының өтінішін ескергені. 

Бұл үшін “жақсы” болды әкесінің 

Партия мектебіне кез келгені. 

Мәскеуге, келі ертіп бөлмесіне, 

Бір кісі есік ашты сәл кешіге. 

Аяғын сылтиды екен. Қандай солдат. 

Қадаған ордені жоқ кеудесіне.  

 

Бірақ та қарсы алып тұр шын жүрекпен, 



Ойлады ол: - Әкем менің сыйлы неткен! 

Атың? 



Мен – Алексей Маресьев.. 

Баланы бастан сипап, сүйді беттен.  

 

Табылып қиялынан іздегені, 



Табанда сан сұрақты тізбеледі. 

Орманда үзім нанмен тірі қалған 



Кәдімгі нағыз Адам сіз бе? - деді 

 

Бақытты сәттеріндей тірліктегі, 



Бала ғой, бала – сауал бір бітпеді. 

Ағажан сіздің тірі қалуыңыз, -  



Бас шайқап, бала ақыры: - Сұмдық! – деді. 

Ол айтты: - Басқасының бәрі – себеп, 

Үзім нан – алып қалған Шындық мені! 

 

Үзім нан! Шындық! – деген екі сөзде; 



Жанды бір жақсы үміттің оты лезде. 

Сол сөздің ақиқатын білген жоқ ол, 

Дәлелдеп тұратынын осы кезде. 

 

Тек қана соңғы қойған бір сұрағы, 



(Батырды осы сауал шын сынады). 

Мен қашан Нағыз Адам болам, - деген 



Есінде, Батыр сонда тыншымады. 

 



Боласың, боласың! – деп алдарқатты, 

Алдында қалың-қалың томдар жатты. 

Өзінің әкесіндей – Нағыз адам 

Оқуы соғыс үзіп жалғанбапты. 

 

Оқу көп ... Ерте оқырсың, кеш оқырсың



Ғылым көп, ғажабы көп – неше тылсым. 

Ғалым көп, лауазым, атақ та көп  

Мәселе одан да көп шешетін шын. 

 

Оқудың азында емес білместігің, 



Өмірмен ойла соның үндестігін. 

Егер сен нағыз адам бола алмасаң, 

Бойға да, болмысқа да сіңбес ғылым. 

 

Нұрғабыл неге оған жан ағадай 



Бір сөзін қалған емес бағаламай. 

Таза адам табиғаты болжамдары 

Ғылыммен дөп түседі соған орай. 

 

Және мәрт жаралғандай жасын оттан,  



Жан емес намысының бәсі қайтқан. 

Қалғанда докторлығын қорғай алмай, 

Алдымен Нұрғабыл ғой басу айтқан. 

 



Бауырым-ай, барыпсың ғой өжет ойға, 

(Кей-кейде батылдыққа қажет «айла») 

Толғанып тұрды ол сонда шын жанашыр, 

Топшылап ғылым тілін қазақы ойда. 

 



Ат ізін «Ақантауға» бір салмауым 



Ұят қой... мына отырған білсе қауым. 

Мінбеден түскенше тыпыршыды –  

Жұтуға жұпар иіс қыр самалын. 

 

Биыл жаз шет-шалғайда көп жүріпті, 



Көп пікір айтыпты да, сендіріпті. 

АҚШ-та, Канадада маңғаз сөйлеп, 

Елпілдеп туған жерде енді күпті... 

 

Иә... иә... орақ жақын, жүрек күпті, 



Өзі де тез сылынып жүдеп бітті. 

Шетелден келе сала үйін көрмей 

Жүрді ол егінжайда түнеп тіпті. 

 

Бұлты ала, Жері шола – дала мына 



Қарашы, егіні де ала-құла. 

Шетелде маңғаз ғалым, сәби болып 

Қарайды туған жердің қабағына. 

 

О, шіркін! Осы сәтте көрсең оны, 



Адамның ең есепші, ең шебері. 

Бір дәнді алақанға салып тұрып 

Байлығын бар танаптың өлшер еді. 

 



Бұл жерді тікелей ор, бөлек ор, - деп 

Диқанға ора білу – мол өнер, - деп, 

Табады ол бәрін-бәрін топырақтан 

Аспанға телмірмейді «бере  гөр» деп. 

  

Топырақ анасындай, айтады оған: 



Бағымды, бабымды да байқа, балам. 

Көзбояу еңбегіңді еш етемін. 

Адал бол, жүзе есе оны қайтара алам! 

 

Сол сөзді айтады елге қаз-қалпында, 



(Жазық жоқ шындықты айтса «жазған құлда»). 

Тіршілік тамыр тартып топырақты 

Танитын жүрек пенен көз бар мұнда! 

 

Мінбенің жоқ кішісі, жоқ үлкені, 



Үлкені – соған шығу, сенім тегі. 

Мінбенің ең үлкені – туған топырақ, 

Топырақ – Тіршілік пен Өмір төрі. 

 

Мінбеден түсе берді. Жұрт қол соқты. 



Шын перзент – перзенттігін шын көрсетті. 

Ағажан «Ақантауға» тартшы кәне, 

Суымай көлге түсіп үлгерсек-ті... 

 

Деді ол, Залдан шыға Нұр-ағаға, 



Сөздерің түзелді ғой, міне, бала! 

Інісін арқасынан қағып қалып, 

Тартты олар қайдасың деп құба дала. 

 

Құба емес, сары алтын ғой дала бұл шақ, 



Үстінде сол алтынның самал жусап. 

Елітіп еріксіз күш екеуін де 

Барады бірте-бірте жанар жұмсап. 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал