Поэма алғаш рет 1925 жылы «Қызыл Қазақстанда»



жүктеу 217.01 Kb.

Дата20.05.2017
өлшемі217.01 Kb.
түріПоэма

 

 

 

Құралай сұлу» - Бұл поэма 

алғаш рет 1925 жылы  

«Қызыл Қазақстанда» 

(2-нӛмірінде) жарық 

кӛрген. Содан кейін 

поэма бірнеше рет  

жарияланды. Бұл жинаққа 

1983 жылы жарық  

кӛрген 2 томдықтан алынды. 


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ 



І 

Ойласаң ӛткен күнді айтады жыр, 

Тыңдасаң естіледі бір терең сыр,  

Ой ӛліп, ӛмір сӛніп, кӛп соғылған,  

Суреті ӛткендердің алдымда тұр. 

 

Толқыны бұл ӛмірдің талайды ұрған,  



Кӛп жанды алдап соғып, зарландырған.  

Аяған дертті ӛмірдің пендесі жоқ,  

Жас демей, кәрі демей торын құрған. 

 

Біреудің күшін алып, үмітін кескен,  



Біреудің жүрегін жеп, қанын ішкен.  

Жете алмай талай асық мұратына 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Қара күн қан жамылып, басқа түскен. 



 

Естісем сондайлардың мұң мен зарын,  

Менін де қозғалады қапаларым.  

Ортақпын қайғылының қайғысына,  

Үн қосып күңірену, болған барым... 

 

ІІ 

Қазақтың Есім ханы болған кезде,  

Жау жорық жапан түзге толған кезде,  

Болыпты Монтай атты бір әділ би  

Руы Ойбас Қыпшақ, Орта жүзде. 

 

Ол кезде Шудың бойын қазақ алған,  



Неше жыл сол алапты мекен қылған. 

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Оңтүстік Қамсақтының жағасында, 



Қалыпты Монтекеңнің аулы болған. 

 

Монтайды елі қадір қылады екен,  



Айтқанын ӛнеге деп ұғады екен,  

Ер ӛліп, ел күйзелген іс болса да,  

Монтекем жӛндесін деп тұрады екен. 

 

Ер құнын екі-ақ ауыз сӛзбен айтып,  



Монтекең іс жүйесін табады екен.  

Сырт елмен тартысқанда табан аумай,  

Теңдігін әділ сабаз алады екен. 

 

Әр елдің Монтекеңдей ағасы жоқ,  



Болса да ондай үздік бағасы жоқ,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жалғыз-ақ ел мен ердің ойлайтыны,  



Ӛзі ӛлсе Монтекеңнің баласы жоқ. 

 

Сол күнде жетпіс тӛртте бидің жасы,  



Қуантып етек тартар жоқ баласы.  

Пұшпағы қанамаған бәйбішенің,  

Қайғысыз күн ӛткізер жоқ шарасы. 

 

Тоқалдан жалғыз туған Қайыргелді,  



Би түгіл қуантып ед, барлық елді.  

Бір тойда диуананың тілі тиіп,  

Күнінде құлыншақтай о дағы ӛлді. 

 

Монтекең сол ӛлгелі сӛзден қалды,  



Ортақ боп бұл қайғыға ел сандалды,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жиылып «жақсылары» ел-жұртының,  



Ас беріп, бата оқысып аза салды. 

 

Ер үшін ел қайғыда содан былай,  



Жұбатуға Монтекеңді сӛз таба алмай.  

Шешенін ортаға алып отырды жұрт,  

Ешбірі қолай тауып үндей алмай. 

 

ІІІ 

Қабақты қараторы, ұзын бойлы,  

Кірпікті, бурыл сақал, терең ойлы...  

Бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен,  

Халқына бір жағалап қарап қойды. 

 

Әрі-бері ойға кетіп отырды жәй,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жұрт күтті не дейді деп қимылдамай, 



Күрсініп жерден басын алды дағы,  

Сӛйледі жұртқа қарап содан былай: 

 

«Уа, жұртым, қайғырмайық бір жас ұшін,  



Жазымыштың сӛгеміз бе еткен ісін?  

Ер туса, елден тумақ, елді тіле,  

Елсізден ер тумақ па, білмеймісің?... 

 

Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды,  



Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,  

Тұсында әр заманның бір сұрқылтай,  

Ұқсаңдар ата сӛзі жай қалмайды... 

 

Үйірінен бӛлінсе,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Құланның күйі болар ма,  



Ӛз тобынан бӛлінсе,  

Батырдың бағы жанар ма,  

Қара басын қайғырса,  

Биде әділдік болар ма?  

Бәйек болып халқына,  

Ел қорғаған жастардың  

Бәрін де ұлым демей ме, 

Мейлің мырза, мейлің құл,  

 

Бұқарасы болған соң,  



Бәрінің қамын жемей ме?!  

Жақсы туса халқымнан,  

Бар ма менің арманым,  

Айрылмасам салтымнан,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

О да менің оңғаным.  



Қартайғанда басқан ой,  

Қара бастың қамы емес,  

Кӛңілді серпіп ашпас ой,  

Мұндана беру сән емес.  

Қамсыз қайғы қапалық,  

О да ақылдың заңы емес. 

 

Армансыз адам кӛрмедім  



Осы жасқа келгенше,  

Мұңсыз ешкім кӛрмедім  

Қартайып отым сӛнгенше, 

 

Арманы жоқ ер кӛрсем,  



Арымастай болар ем,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Азбайтын тату ел кӛрсем  



Тұғырға қайта қонар ем...» 

 

Монтекең осыны айтып қалды тоқтап,  



Күрсініп қатты деммен күнін жоқтап,  

Бір жігіт босағадан түрегеліп,  

Сӛйледі биге қарап сӛзді нықтап: 

 

«Қажытпау жұртыңызды тілегіңіз.  



Шын сүйген ұлтыңызды жүрегіңіз,  

Кӛлдегі кӛгілдірдей Қақажанға,  

Қамығып жас кеткен соң, жүдедік біз. 

 

Тағдырдың жазмышына кӛнгеннен соң, 



Сіздің мауық басылуын тіледік біз...  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Армансыз адам кӛрдім бұл дүниеде,  



Айтайын соның жайын іздесеңіз... 

 

Бір бай бар Шудың бойын мекен қылған,  



Дермиянды тілекте кӛңілі толған,  

Армансыз Келден бай деп аталады.  

Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған». 

 

Биекең жігіт сӛзін естіп болды.  



Отырған кӛпшілік те кӛңілі толды.  

Бір кезде іздемектей ойға түсіп,  

Монтекең сұрап қойды, жолдағы елді. 

 

IV 

Келден бай сол ӛлкеден таңдап алған,  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

«Кӛк мұрын той» ӛзенін мекен қылған.  



Ол ӛзен Шудан аққан бойыменен,  

Батысқа ӛлкені ӛрлеп кетеді әрман. 

 

Ӛзеннің екі жағы қамысты кӛл,  



Жайылып екі тарап болады сел, 

Шашты қыз, тарақты алсын, шӛп ӛседі,  

Ат шаптырым алабында жайлаған ел. 

 

Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,  



Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.  

Қызғыш - қызық, шәукілдек жағын безеп,  

Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып. 

Алыстан кӛрсеткенде сұлу сағым,  

Күлдіреп кӛтеріп тұр, кӛлдің бағын,  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жан-жағы кӛктеменің кӛкмайсасы,  



Толтырып жаңа жарған жапырағын. 

 

Қара құрт, қаптаған мал сонау дала, 



Бықырлап ақтылы қой толған сала,  

Шұбырып кӛлден жылқы шығып барад,  

Қиқулап жылқышылар беткейді ала. 

 

Кӛктілі, кӛкалалы тӛске толған,  



Сары қарын биелері мама болған.  

Бұлтылдап жұтқыншақтың жұмырындай,  

Жарысып құлын мен тай ойын салған. 

 

Ӛзеннің алқапты асар қабағында,  



Тізілген қалың елдің бер жағында,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Қардай ақ алты-жеті ақ орда тұр,  



Малы жоқ қотан салған бер жағында. 

 

Сыртқы елде кӛген шешіп,қозы маңырап,  



Қыз-қатын, бала-шаға улап-шулап,  

Күңіренген кешкі әуезбен үн қосылып,  

Ӛлкенің кетіп жатыр бойын қулап. 

 

Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат  



Түзелген кемшіліксіз сән, салтанат.  

Оюмен әлеміштеп отауларды,  

Торлаған туырлығын неше қабат. 

 

Екі үйдің арасында тартқаң белдеу,  



Кермеде байлаулы тұр үш-тӛрт бедеу.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Тұғырда томағалы бүркіт отыр,  



Қақшытып жем беріп тұр, оған біреу. 

 

Тақалған үлкен үйге ақ отаудан,  



Сызылып дауыс шығад, ән шырқаған,  

Жуырда келіншегін алып еді, 

Кенжесі Келден байдың ерке Байжан. 

 

Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан, 



Жас мӛлшері сексеннен еркін асқан,  

Жамылған торғын тоны сүйретіліп,  

Келден тұр үй сыртында  қозғалмастан. 

 

Сүйеніп таяғын  шырқ айналып,  



Алысқа жағалатып кӛзін салып, 

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Бұлдырап кәрі кӛзді кеш ұялтып,  



Қарайды маңдайына қолын алып. 

 

Батуға шеті ілінген алтын арай,  



Жер астан, аспан үстен қарай-қарай.  

Қоңыр түс ойға түсіп, қабақ жауып,  

Тынышталып келе жатыр, дүние солай. 

 

От шашып қызыл жібек маңайына,  



Нұр тӛгіп кӛкжиектің маңдайына,  

Түсіріп шымылдығын бір заманда,  

Күн сұлу кіріп кетті сарайына. 

 

Батыс пен солтүстіктің арасынан, 



Келеді салт жолаушы бір-екі адам.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жӛн сұрап, бір адамнан қарсы жүрді,  



Келдекең кӛз жіберіп тұрған соған. 

 

Оқ бойы жерге келіп сәлем берді,  



Қосшыға атын тастап қарсы жүрді, 

Қол беріп Келден байға амандасты,  

Кӛретін күн болды-ау деп сіздей ерді. 

 

- Уа, шырағым, қай ұлсың? - деді Келден, 



 Түрлерің жат кӛрінед, шеттен келген. 

Иә, баба, руым - Қыпшақ, атым - Монтай,  

Кӛруге сізді әдейі іздеп келгем. 

 

- Сен бе едің Қыпшақтағы әділ Монтай  



Сыртыңнан тілеуші едім бір кӛре алмай,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Ендеше кӛріселік, кел, қарағым!  



Жыласып, құшақтасты содан былай. 

 

Кедден мен Монтай бірге аяқ басты,  



Шұбыртып соңдарына ылғи жасты,  

Кіргенде ақ ордаға сәлем беріп,  

Монтекең бәйбішеге амандасты. 

 

Терісін ақбӛкеннің бӛстек қылған,  



Ақ киіз оюлатып сырмақ салған.  

Арқаларын бумалы жүкке сүйеп,  

Отырды екі мейман барып соған. 

 

Кеңеспен бірсыпыра уақыт ӛтті,  



Жататын ауыл, үйлер мезгіл жетті.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Бірі сӛйлеп, мақұлдап, бірі тыңдап,  



Бірталай қариялар сӛзге кетті. 

 

Бір сӛздің кезеңімен жанастырып,  

Монтекең байға бір сӛз басып ӛтті. 

-Бақ мынау, бала мынау, дәулет еркің, 

Келдеке, сізде де арман бар ма? - депті. 

 

Келдекең аз бӛгеліп ойға кетіп,  



Монтайға жауап берді сӛзін күтіп: 

- Армансыз бұл дүниеде жан бола ма,  

Жеткізген кімді «тәңірі» түгел етіп. 

- Таңданам, сіздің арман қандай екен,  

Жасаған жанды, бақты әрін берген.  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Естіп ем сыртыңыздан армансыз деп, 



Бірінші себебім сол іздеп келген. 

 

Тындарлық оқиға екен арманыңыз,  



Шер болып жас жеткенше есте жүрген, 

Елден де ер арманы күшті деген,  

Байланған шеріңіз бар қандай жерден? 

 

- Ешкімге айтпаушы едім бұл арманды, 



Қайғымен күйдірсем де шыбын жанды. 

Адам емес, алла емес, мен кінәлі, 

Ӛлтірттім жазасы жоқ бір жас жанды. 

 

Дүниеден күлмей ӛттім, күлмес хандай,  



Ойласам ӛкінішін тау басқандай. 

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Кеудемнен арсыз жаным шықпаған соң,  



Тірі жүрмін ӛмірмен ұнасқандай. 

 

Есімнен қалмай жүрген сол ӛкініш,  



Күңіренем де, жылаймын ертеңді-кеш.  

Күрсініп дертті леппен демін үрлеп,  

Басын шайқап - еттім деді еңбегін еш. 

 

Монтайым, мейманымсың, шын құрметті, 



Саған айтпай, кімге айтам қайғы-дертті.  

Сақалын сипап ескі балуан қолмен,  

Ертек қып ӛткендерін бастап кетті: 

 

- Дариға-ай, жалын сӛнді, кәрілік жетті, 



Дәуренім ӛң мен түстей ӛтті, кетті! 

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Куарып тән қартайып, жан жүдер деп 



Жастықта кӛңіл мұны қашан күтті. 

 

Ӛмірдің алды жарық, соңы қара,  



Талайға түсірді ғой бітпес жара. 

Келденнің арманына ой жіберіп,  

Менің де жас жүрегім пәре-пәре. 

 

- Еліміз тым жауынгер күшті ел еді, 



Жорықта талайға жол бермеп еді.  

Басшы еді бір тайпа елге ағаларым,  

Ешкімнен туып тосу кӛрмеп еді. 

 

Бір туған үш үл, бір қыз тӛртеу едік,  



Әкеміз ол уақытта ӛліп еді. 

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Мен едім үшеуінің ең кенжесі,  



Он үшке менің жасым келіп еді. 

 

Қалмақтың жортушысын андимыз деп,  



Жас қалмай, барлығы атқа мініп еді. 

Тамыздың аяқ кезі жаңылмасам,  

Ел кӛшіп Қаратауға қонып еді. 

 

Кемпір-шал, қатын-қалаш елде қалдық,  



Күзетке күндегідей даярландық.  

Түн болды, малды иірдік орталыққа,  

Бір-бір ат бәріміз де ұстап алдық. 

 

Еркекше әйелдер де киіп алған,  



Түнімен аттан түспей ел айналған.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Қосылып екеу-екеу әрқайсысы,  



Үзілтіп неше түрлі әнге салған. 

 

Жым-жырт түнде сызылған сұлу дауыс, 



Жаңғыртып ұйықтап жатқан тауға барған.  

Жыр толғап, қысқа танды әнмен алдық,  

Ол күнде әдет пе еді қажып-талған. 

 

Оянды таста ұйықтаған таудың құсы,  



Сәулемен араласқан жат дыбысы,  

Шырлады бозторғайы ақ кӛденің,  

Сарғайтып түрілген соң таңның түсі. 

 

Албасты жерді басқан қараңғылық,  



Білінбей бара жатыр ептеп жылып,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Түрленіп ӛң мен түстің арасындай, 



Таң туып келе жатыр сан құбылып. 

 

Бұлдырап Қаратаудың айналасы,  



Бұқпа үнгір, бұғы қашқан қара тасы,  

Құшып-сүйіп, құшақтасып жарыменен,  

Әлі тұр табиғаттың бұлт баласы... 

 

Аттарын жіберісті жүрттың бәрі,  



Тарасты үйді-үйіне ұйықтағалы.  

Түйе мініп, кәрілер жылқы ӛргізіп,  

Қаратаудың бауырынан ұзады әрі. 

 

Сүйткенше «жау шапты» деп айқай шықты,  



Дүбірі жер жарғандай тауға соқты.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Зырылдауық тартылды кідірместен,  



Кенеттен күтіп пе едік, ойда жоқты. 

 

Жалаңаяқ, жалаң бас кетті халық,  



Біреуі бақан, біреуі сырық алып.  

Қатын-қалаш қалмады тайлы-таяқ,  

Ел сеңдей соғылысты аттан салып. 

 

Біреу жылап, біреулер құлап жатыр,  



Ел басына түскен соң заманақыр, 

Ӛгіз, түйе мінгендер борсаңдатып,  

Жаяудан да оза алмай бара жатыр. 

 

Шүу деп айқай шыққанда, жалаң аяқ  



Жүгірдім шыбын жанды аямай-ақ.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жау да айдады, жылқыға мен де жеттім,  



Шетінен ұстап қалдым сұр бикешті-ақ. 

 

Сұр бикеш бедеу еді, арқар соққан,  



Құстай ұшып шығатын талай топтан.  

Басқа қылар қайратым бола алмады,  

Қарусыз тұрып қалдым сонша топтан! 

 

Қалың жау тасырлатып кетті қуып,  



Алабын Қаратаудың шаңмен жуып,  

Оңайлыққа түсетін кӛрінбейді,  

Байқадым жаудың беті сондай суық. 

 

Айналып ауылыма қайта келдім,  



Бӛгелмей сұр бикешті ерттеп міндім.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Ағамның қаруынан қару алып,  



Бұл жауды не де болса қуам дедім. 

 

Жалынды жалғыз апам, шешем менен,  



«Айрылып қаламыз» деп тағы сенен.  

Алдадым, ізін біліп қалайын деп,  

Қорлығы ӛтіп барад ӛңменімнен. 

 

Белімде зырылдауық байлап алған,  



Кӛк найза тақымымда қысып салған. 

Айбалта, отыз оқпен садақты алдым,  

Ағамнан артық болып үйде қалған. 

 

Жӛнелдім жауды қуып сонан былай,  



Ел қалды жаяу-жалпы, шулай-шулай.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Бұлдырап таңның соңғы сәулесімен,  



Ұшырттым жан талқыда тулай-тулай. 

 

Күн шықты нұрын шашты әрберден соң,  



Күлдіріп дүниені жас баладай.  

Кӛміліп бу мен бұлтқа Қаратауым,  

Артымда қала берді қарай-қарай. 

 

Жарыстым сардаланың сағымымен,  



Адырдан асып шаптым қара қурай.  

Кӛрініп алдым ылди шапқан сайын,  

Ізімді тозаң қалды болжай алмай. 

 

Сұр бикеш жымырылтып қос құлағын, 



Шақырды шапқан сайын аруағын,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Тер шығып тебінгіден алғаннан соң,  



Түсірді бір-ақ жерге тӛрт аяғын. 

 

Екпінді алдымнан жел, артымнан шаң,  



Шабысы жануардың қалдырды таң.  

Кӛзімнен жас шығарды қызған сайын,  

Құс жетпес қоса шауып тоқтатпасаң. 

 

Кӛрінді жаудың шаңы будақ-будақ,  



Аралас бұлтты тозаң, шу мен шумақ.  

Жылқыны тас қып айдап, тобын жазбай,  

Масатпен кетіп барад мыңдай қалмақ! 

 

Ағыздым алдын орай тез жетем деп,  



Жалғызды елемейді кісі екен деп, 

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Алдына еркін шығып алған кезде,  



Қатайтып зырылдауықты алдым жӛндеп. 

 

Жылқыға қарсы ұмтылдым тоқтай алмай,  



Қиқулап зырылдатып салдым айқай.  

Кейін шауып жӛнелді үріккен жылқы, 

Қалмақтың қайырғанын елең қылмай. 

 

Жылқыға араласып кеттім кіріп,  



Қуып жүр қалмақтар да қайтара алмай. 

Шаң жұтып, шомылдырдым шаңға ӛзімді,  

Қызумен ӛлім барын еске де алмай. 

 

Лап қойды маған қарай барлық қалмақ,  



Қамалып қуып жетіп ұстап алмақ.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жалындай жалтырады, жел үрлеген,  



Сұр бикеш жеткізбеді оған бірақ. 

 

Айқаймен шаң жарысып кӛтерілген,  



Қауіп жоқ, қуса да әлі маған келген. 

Ойнап қуып жүргендей қалмақ, сірә,  

Қызығыма қуанам жеткізбеген. 

 

Бұлтылдап шортан қуған шабаққа ұсап,  



Талайынан құтылдым едіреңдеген, 

Жӛнелдім бір алаңмен шыға қашып,  

Ойым жоқ жауға еркімді берем деген. 

 

Қарақасқа атты, қалбағайлы қара қалмақ,  



Кӛлденең тұра қалды маған қарап,  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жантайып садағымен тартайын деп,  



Енді атқалы шіреніп тұр сығалап. 

 

Дене шошып, жан қорқып тітіреп кетті,  



Балдырған жас үмітке қауіп жетті.  

Жалғыз апам жылаған ӛлесің деп,  

Шешемнің сӛзі де еске түсіп кетті. 

 

Жалын құша жалтардым үлгірмедім,  



Бедеудің сағағынан оқ сарт етті.  

Омақата жығылды жерге барып,  

Жазмыш қылыш ойнатты, жұмыс бітті. 

 

Үш домалап анадай барып түстім,  



Шаң үстімде қуанып бұрқ-бұрқ етті.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Тұра сала садақпен екі-үш тарттым,  



Тобына толғауы жоқ оғым жетті. 

 

Жығылды бір-екеуі қалбаң ойнап,  



Қалғаны қаптап кетті, дулап қайнап.  

Енді қару қылуға келмей қалды,  

Түсе-түсе жүгіріп адды байлап! 

 

Теңге таңып, еліне алып кетті,  



Он бір күнде еліне барып жетті.  

Жылқының жарымына мені қосып,  

Олжа деп хандарына тарту етті. 

 

VI 

Сейқынның ақыр кӛндім мазағына,  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жегілдім неше түрлі азабына.  



Тұтқынның басқасынан маған қатаң,  

Арқаның хандары қас қазағына. 

 

Орыным босағада тері тұлып,  



Сыптай қылып тастаған, тар ғып тігіп,  

Құлдары қоршылықпен ас береді,  

Тұрады қүр қылтиып басым шығып. 

 

Қапаста қоршылықпен күнім ӛтті, 



Елден хабар болмады, мезгіл жетті.  

Қазақтың батыры деп құл мен құтан,  

Бетіме күйе жағып мазақ етті. 

Кӛшкенде салбыратып, нарға теңдеп,  

Тірі ӛліктей қор қылып сан сүйретті.  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Ажалсыз жан кеудемнен шықпай жүріп,  



Сол қорлықпен тұтқында бес жыл ӛтті. 

 

Ол кезде Тарбағатай қалмақ жері,  



Асқан жоқ кӛпке шейін онан бері.  

Арқалық, Тянь-Шань тауын тағы жайлап,  

Кей жылдар Маңыраққа да кӛшеді елі. 

 

Құс ұшып, аң бармайтын қиялары,  



Жалғыз-ақ сүйген нудың қоңыр желі,  

Жамылған түрлі желең тау сұлуы,  

Кӛктемде кӛк алқа ӛскен жидемелі. 

 

Бұлт жамылып, киінген сағымменен, 



Әлемге мақтанғандай, кӛр деп мені.  

«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Күліп түсіп, кӛлемін күн құшады,  



Менен басқа ұқпас деп адам сені. 

 

Баладай ӛмірге ерке сұлу туып,  



Ерлері жайдай ойнап, үміт қуып, 

Талай жас, талай шешен, талай кӛсем - 

Кіндік кескен осы алапта кірін жуып! 

 

Құбылған бриллианттай жерін сырлап,  



Бұлбұлы, бозторғайы және жырлап. 

Кӛшкенде керуен ӛмір еске түсіп,  

Кейде жас тӛгуші едім, кӛз бұлдырап. 

 

VII 

Ханы еді қалмақтардың Сейқын деген,  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Он мыңдай нӛкері бар соңына ерген.  



Ӛзі бай, ӛзі мықты заманында,  

Ешкімге Сейқын тұрып дес бермеген. 

 

Мың басы бектері бар алты-жеті,  



Ӛзінен басқанікін жӛн кӛрмеген.  

Ұлдары ӛр кӛкірек, батырсымақ,  

Басқаға менменсініп жол бермеген. 

 

Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан,  



Жерде туып, кӛкте күнмен нұрын қосқан,  

Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды,  

Әрдайым, әйелсінбей ақылдасқан. 

Талма түстің шағындай бой нұсқасы,  

Түйген жібек секілді түйме басы.  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Кәмшат бӛрік шашақты және үкілі,  



Тӛгілген қара мақпал, құндыз шашы. 

Кең маңдайлы, қыр мұрын, бота кӛзді,  

Түрімен ұқтырғандай, айтпақ сӛзді. 

Құлқында жан тартарлық терең сыр бар,  

Тани ма дегендей-ақ ӛмір бізді. 

 

Екі бет уылжып тұр қаны тамып, 



Ақ жүзінде ӛмірдің шамы жанып.  

Жас баланың аузындай кішкене аузын  

Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып. 

 

Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,  



Ақылдан орнатқандай ӛлшеу алып,  

Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Сұлулық есі кетіп, тұр таң қалып. 



 

Үстінде қызыл торғын, жеңді шапан,  

Шырмауыт жиегіне кесте салған.  

Кӛк кӛйлек, омырауында алтын алқа,  

Ол күнгі қалмақ, қазақ салты болған. 

 

Ӛкшесін кӛкпен ойған қызыл кебіс  



Орнатып қима тақа, батқы солған.  

Арқаның ақ бұлтынан еш күткендей,  

Қарайды ойлы кӛзбен кешке таман. 

 

Қоңыр жел күліп келіп бетін сүйед,  



Лебінен сүйген сайын жалын тиед.  

Кей кезде жұмбақ бір ел еске түсіп,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Ӛз жанын ӛзі ұға алмай от боп күйед. 



 

Шіркін-ай, шыдамайды-ау, жаны құрғыр,  

Елестеп ӛткенді айтсаң бір терең сыр! 

Ӛткенге ой бӛлмей-ақ қояр едім,  

Жанымды жеңетұғын осындай жыр. 

 

Бір күні ханның үлкен тойы болды,  



Жинады аймағынан барлық елді.  

Босатып тұтқындарын басқа жұрттың,  

Ақырында жалғыз қазақ маған келді. 

 

Ӛзгедей босатпады мені тегін,  



Жіберсең жоқтайды деп, ескі кегін.  

Алдына Сейқын ханның алып келіп,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жұмсады ант сұрауға екі бегін. 



 

- «Қалмаққа жау болмайсың бұдан былай 

Ханымыз жарлық қылды саған солай, 

Ант беріп, уәде бер, осы сӛзге, 

Әйтпесе босатпаймыз біз сені жай!» 

 

Ар кӛрдім ант беруді дұспаныма,  



Долданып қарлық іске қосқанына,  

Кетіппін ызаланып, қаным қайнап, 

Қалмақтың ант берер деп тосқанына. 

 

-Саған жау, Сейқын сұмырай, мендей қазақ 



Болмаймын бас алсаң да үйтіп мазақ 

Ӛлсем де елім үшін ӛкінбеймін, 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Еркіңде, кӛрсете бер қандай азап. 



 

Қайтсе де қосылмайды саған қаным,  

Жаралғаннан жұртымды сүйген жаным

.  


Бүгін шешіп босатсаң, ертең жаумын,  

Сендей жауды жапыру ойлағаным. 

 

Апарып орныма тағы қойды, 



Қараңғы үңгір езді еңсе, бойды,  

Бұрынғыдай далаға шығармайды,  

У қылып жұта бердім талай ойды. 

 

Талып ұйықтап кетіппін тұрып сонда,  



Асулы тастан салған босағада. 

Біреу келіп еппенен оятты да,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Кепті жерге түсірді бір заманда. 



 

Таныдым ханның қызы Құралайды

Кӛргендей бұлттан шыққан жарық айды. 

Бұрын талай ӛткенде қарамайтын, 

Келеді деп, хан қызын кім ойлайды. 

 

Үндеспей екі ойлы кӛз қалдық қатып,  



Жұмбақты сыр денені тұнжыратып, 

Күрсініп, сұлу бүрын кӛз тайғызды,  

Асықтық әлсіретті лебі тартып. 

 

- Сіз бе? - деді - кешегі кӛнбей кеткен  



Қаймықпай ханға қарсы айбат еткен.  

Сіздің қазақ екеніңіз білінген соң,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Мен сізді іздеп келдім бір себеппен. 



 

- Қандайын мұңың болып келдің маған? 

Айтайын арызым сол, батыр, саған:  

Тен болмағыр Сейқынға пенде емеспін,  

Не жәрдемің тиеді айтсам оған? 

 

- Айт, - дедім, - шын мәнісін түсіндіріп,  



Бастады сӛзін сұлу жылап тұрып. 

- Әкем Сейқын, шешем менің қазақ қызы,  

Қайғымен ӛліп кетті шерлі жүріп! 

 

Әкеміз біз жорықта қазақты алған,  



Аз болып елі қарсы тұра алмаған.  

Сол күнде он бесте екен менің анам,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жас науша сорлы болып қолда қалған. 



 

Қызығып артық сұлу болғандықтан,  

Анамды қаны қара Сейқын алған.  

Кӛнбесіне еркі жоқ жылай-жылай,  

Сӛйтіп осы Сейқынға пенде болған. 

 

Басқалардың шешесі қалмақ қызы,  



Сорлы анамның мен-ақпын жалғыз кӛзі, 

Ӛлерінде «құлыным» деп, жаным анам,  

Бар еді ӛсиет қып айтқан сӛзі. 

 

Анама ешбір жанды тең кӛрмеуші ем, 



Әке деп Сейқынға да ӛң бермеуші ем.  

Аналық жүрегінде шын махаббат,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Мені ғана сүйгенін құп білуші ем. 



 

«Жауыңа пенде болма» деген анам,  

Қайғымен елін ойлап ӛлген анам.  

«Жұртыма кӛзің кӛрсе сәлем айт» деп,  

Қайғысын ӛлерінде берген анам. 

 

Сол елі сорлы анамның сен боларсың,  



Айтулы арманына тең боларсың,  

Құтылмақ зор міндетім аманаттан,  

Дертіме, Келден батыр, не табасың!? 

 

Сол үшін келіп тұрмын, міне, сізге,  



Түсіндім кеше ғана сіздің сӛзге,  

Құтқарам, мейлің тірі ал, мейлің ӛлтір, 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Ерлік жоқ мен істейтін одан ӛзге. 



 

Соны айтып мӛлтілдетіп тӛкті жасын, 

Меруерттей жаспен жуып қайғы-ызасын,  

Мен де бірге егілдім ерлік жетпей, 

Кӛрген соң күнәсі жоқ жас жарасын. 

 

Ӛкінтіп ӛшпес қайғы уын берді,  



Дариға-ай, ұмытпаймын сондай жерді,  

Жасты жаспен ағызып жуа бердім,  

Шыдатар әйел күйі қандай ерді. 

 

- Жолыңа мен тасаттық*, сен қалайсың?  



«Мен сендік, ар айғақ» деп қолын берді.  

Жас ойда жасырынған жанның сыры,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Шығарды сұлу жүзден суық терді. 



 

Қолының қолды қысқан ыстық лебі,  

Жасырын күйді шертті денедегі,  

Асықтық екі жасты кетті билеп,  

Сынасып бӛгелуге жетпейді ебі. 

 

VIII 

Келер түн ың-шың дыбыс тағы да ӛлді, 

Ұйқысыз біз күзеттік қалың елді. 

Жәйшағыр деген ханның тұлпарымен,  

Торғайкӛкті Құралай алып келді. 

Тасалап түн қолтығын кеттік жүріп,  

Арқаның жӛні осы деп желі құрып. 

Жансыз түнде тұлпардың дүбірімен,  


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Тас құлағын салғандай бұғып тұрып. 



 

Екі жастың тілегін тілегендей,  

Жер үстіне қараңғы тұр жығылып.  

Аңқау дала аңырап айналадан,  

Таулар да бас иеді тәжім қылып. 

 

Сылдыраған бұлақтың даусы да ӛшіп,  



Дүбірдің екпініне тұр тығылып.  

Қатты жүрген жүйріктің екпінімен,  

Бетті сүйіп желпіп түр жел де күліп. 

 

Үміт қуған жүректің тиышы кетіп,  



Дем ала алмай келеді жан тұншығып.  

Талай алқап қарсыдан ӛрлеп асып,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Талай биік таулардан кеттік шығып. 



 

«Таң сызылып пердесі кӛтерілді,  

Сәулемен қараңғылық итерілді, 

Ӛлкеден қараңғылық үн шығарып,  

Түрлі күй, мың дыбыспен жан тірілді. 

 

Жас кетті киіктей ат атылдырған,  



Жұпарлы далаға бой жатылдырған.  

Жарқырап күн де шықты, жарық жетті,  

Патшасы бар әлемнің әділ тұрған. 

 

Анасы махаббаттың жер құлпырды, 



Нұр тӛгіп жер-жаһанға күн құлпырды, 

Теңбіл аспан тесіле қарағандай,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Далада тағыға еріп кім құлпырды? 



 

Жұмбағын сол күндердін жұтып ӛткен,  

Құлдары махаббаттың жас құлпырды.  

Адам деп соны да мен ойлармын ба,  

Түсініп тыңдамаса мұндай сырды... 

 

Жәйшағыр қане жүр деп елең етед,  



Торғайкӛк шұлғып тастап,сып-сып етед. 

Киінген асыл киім жас Құралай, 

Қадаған бриллианттаи жалт-жұлт етед. 

 

Мӛлдіреп екі кӛзі қарақаттай.  



Нұрланған екі беті жарқ-жүрқ етед. 

 


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Тұлпардың жалы су-су, тақым ду-ду,  



Сүйріктей сұлу қолын ербендетед.  

Арудың аппақ тәні қажыды-ау деп,  

Менің де айтқан сайын мазам кетед. 

 

Сардала сағым ойнап сақ-сақ күлді, 



Таулар да кӛк садағын мойнына ілді.  

Басына бір биіктің шыққан кезде, 

Құралай қуғыншыны қарап білді. 

 

Алыстан шұбатылып ұшқан тозаң,  



Кешікпей жақындасып бізге келді.  

Сейқыннан басқалардың кӛбі түгел,  

Есебі жүзден аса кӛзге ілінді. 

 


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жӛнелттім Торғайкӛкпен Құралайды,  



Бұл жаудан енді аяну жарамайды.  

Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр, 

Кӛлденең мені жан деп қарамайды. 

 

«Әуелі сол сайтанды шаншайын» деп,  



Жӛнелді қуып Дауыл Құралайды.  

Жәйшағыр астымдағы құстай ұшты,  

Ұмтылдым тӛтесінен біліп жайды. 

 

Шашағы найзасының желк-желк етіп, 



Айбалта, қылыш, қанжар жарқ-жұрқ етіп,  

Тістеніп кӛзі жайнап о да ұмтылды,  

Айқасып найза салдым, қуып жетіп. 

 


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Қырандай кӛз айырмай Дауыл қақты,  



Кӛк найзам күл-күл болды күміс сапты,  

Ол салды айбалтамен, мен сермедім,  

Сынығын найзасының аспанға атты. 

 

Суытпай қорамсақтан салып ӛттім,  



Арам тән аударылып сеспей қатты.  

Баяғы қарақасқа атты қара қалмақ,  

Тез жетіп, менен бұрын ұстады атты. 

 

Шапқанша садағыммен тартып кеттім,  



Тӛбедей тӛңкеріліп о да жатты.  

Тайсалды кейінгілер бір-бірлеуге,  

Жан шіркін жаман итке қандай тәтті. 

 


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Садақпен суылдатып оқ жаудырдым, 



Ажалдың айғағы боп қандар ақты. 

Жанымның жаралары жазылғандай,  

Аз да болса айызым тыным тапты. 

 

Ажалдың күйін шертіп содан былай,  



Шу мен шаң ӛлкені алды қулай-қулай,  

Жаралы жан, жансыз тән даланы алып,  

Он сан адам қырылды ӛлімге улай. 

 

Қиянатшыл ӛмірдің таласы үшін,  



Сорлы адамзат қырылды-ау талай-талай.  

Ер ашынса еңбегі еш бола ма,  

Бір ӛзім кӛпке тұрдым жан аямай. 

 


«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Басшыдан қырық шақтысын құлатқан соң  



Қалғаны тоз-тоз болды шыдай алмай.  

Тізе қосып бірлесіп шаппаған соң, 

Қасқырға сыртын тосқан болды қойдай. 

 

Быт-шыт боп жеңілгені тұра қашты,  



Ыңырсыған ӛліктер қалды солай. 

Қанымда кешілместей кегім қалған,  

Тапқандай, тыныс алдым кӛңілім жай. 

 

Бір тауда қарауылдап құт дегенмін,  



Іздедім серігімді содан былай... 

Бағана жау жеткенде жас Құралай,  

Атылған алдындағы тауға қарай.  

Келденнің бекін деген шатқалында,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Соғыстың соңын күтті жылай-жылай. 



 

Құйындай ығы-жығы жауды кӛріп,  

Тілейді, сақтай кӛр деп, жасаған-ай! 

Ӛңіне үміт үзген қауіп кіріп,  

Атынан жерге түсті шыдай алмай. 

 

- Не болмақ, менің күнім Келден ӛлсе,  



Мәңгілік тағдыр ойнап уын берсе,  

Хандардың енді бетін қайтіп кӛрем,  

Мені де күң қылатын кезек келсе. 

 

Тұтқынға жастай түскен алтын анам,  



Қайтпекпін маған соның жолын берсе,  

Анамның аманатын іске асырмай 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Арыма не демекпін әсіресе. 



 

Сүйгенім кӛптен жалғыз арманда ӛліп,  

Алмақ па ханның қолы мені жеңіп... 

Қуарып екі беттің қаны қашып,  

Жығылды тасты қүшып жылап келіп. 

 

Тұлпар тұр, тас қойнында жатты сұлу,  



Үмітсіз түнғиыққа батты сұлу.  

Үмітін ақыл қалып, сезім билеп,  

Бір оңай істің жӛнін тапты сұлу. 

 

Тез тұрып алмас қанжар қолына алды,  



Аяр жан сорлы жаста қанша қалды.  

Алмастың суық жүзі ой түсіріп,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Кідіріп бір минутке сынға салды. 



 

Мен ӛлем, Келден қайтед тірі қалса,  

Ӛлтірмей қалмақ ұстап байлап алса,  

Ӛлмейін сүйгенімнің ісін білмей,  

Кім білед, бағым жанар тірі қалса. 

 

Соны ойлап шықты сұлу тасқа ӛрмелеп,  



Ажалға ашық күші болды себеп.  

Жау қашқан, Келден тосқан жерге қарай,  

Дірілдеп кӛз жіберді сұлу жүдеп. 

 

Жау жеңіліп майданда Келден қалған,  



Жәйшағыр ор қояндай ойнақ салған.  

Керек-керек қаруды жиып алып,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Жүгіртіп келеді екен тауға таман. 



 

Кенеттен ӛңі кірді жас баладай,  

Жүгірді түсе сала атқа қарай.  

Қарсы шауып шатқалдан шыға келіп, 

Жолықты Келденімен жас Құралай... 

 

Мақтанып қуандырдым қысып, сүйіп,  



Қатарласып бетіме беті тиіп,  

Сылқылдап жетім сұлу сүйдіргенде,  

Жаны қүрғыр жай таппай кетті күйіп. 

 

IX 

Күні-түні Бетпақтың шӛлін басып, 

Алабынан адастық арман асып.  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Кез болдық қалың қамыс бір қопаға,  



Шаңқай түстің кезінде қалжырасып. 

 

Мен айттым тынығуды ат шалдырып, 



Құралай ұнатпады түйсін кіріп.  

- Ұры-қары, зияны бар жер шығар,  

Түспе деп, безектеді тілек қылып. 

 

Кӛнбедім, дем алсын деп тілегіне,  



Түсінбей түйсін кірген жүрегіне.  

Күлместей күлмей ӛткен сорлымын ғой,  

Арманда әлі ӛкінем керегі не? 

Аунатып тұлпарлардың ерін алдық,  

Тамақ ішіп, жайланып тынышталдық.  

Әуе жерге түскендей ыстық күшті,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Салқындап шомылуға кӛлге бардық. 



 

Бір суда жас Құралай жалғыз қалды,  

Қалжырадық, ыстықтан бас айналды,  

Құралай ұялам деп шешінуге,  

Шомыл деп менен бӛлек тілей қалды. 

 

Тілегін бермейтұғын шамам бар ма,  



Жас жүрек құл емес пе сүйген жарға.  

Түспе деді, қопаға мен түспедім,  

Ылғи ғана мен жеңсем жӛн бола ма? 

 

Иіліп ой ойлаған қамыс, қоға,  



Сыбдырсыз мұңайғандай тӛмен бұға.  

Аспанның тақталаңған бұлттары  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Суретін түсіріп тұр мӛлдір суға. 



 

Жалаңаш сұлу тұрды күмән алып,  

Қанды кӛл, қопа басты шыр айналып,  

Күмістей аппақ тәнге күн шағылды,  

Білек, балтыр қояндай жұмырланып. 

 

Астында қара шаштың кӛз жаудырап,  



Еркелейді, ӛзіне-ӛзі құмарланып. 

Екі алма аналықта алдиярлап, 

Күліп тұр жас балаша, шамдай жанып. 

 

Жамбыдай тән үстіне әліп тартып,  



Мықынсыз сұлу суға кетті батып.  

Қанатымен қағынған аққуға ұсап,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Шомылды сумен ойнап шапылдатып. 



 

Астында шам, үстінде құндыз жүзіп,  

Ақ қайрандай денесін қимылдатып.  

Шошытты Құралайды суда ойнаған,  

Әлде не жан, қамысты сылдыратып. 

 

Кешікпей қайтып келіп тұрағыма,  



Қарадым, жарымды іздеп жан-жағыма. 

Бұл неге кешікті деп іздегенше,  

Шыңғырған дауыс келді құлағыма. 

 

Тұла бойым шымырлап мұздап кетті,  



Не пәле ұшырады деп қарағыма.  

Жүгірдім ӛзім тастап кеткен жерге, 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Оғын сала әзірлеп садағыма. 



 

Дамылсыз дыбыс күттім демім санап, 

Әлсіздеу ішін тартты тағы жылап,  

Қоян алған бүркіттей шӛге түсіп,  

Құралайды жолбарыс жатыр талап. 

 

Тұра ұмтылдым, садақпен қалдым тартып,  



Жолбарыс та жығылды сеспей қатып.  

Қуанышым, қуатым, жан серігім,  

Сұм ажалға кез болды түзде жатып. 

 

Қайғы басты қараңғылық қамағандай,  



Қоштасып копа бірге жылағандай,  

Жаралы тәнін құшып Құралайдың,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Сорлы жан, мен күнірендім содан былай. 



 

Айрылдым ӛмірімнің жарығынан,  

Алып келіп, қопаға тілін алмай.  

Жасымнан кӛргенімнің бәрі қайғы,  

Жас жанды аямаған жасаған-ай!.. 

 

Несіне сенен қалып тірі жүрем,  



Мені де алсын сенімен, тірі қоймай. 

Ӛлейін деп қолға алдым қанжарымды,  

Құралай ыңырсыды қозғала алмай. 

 

Жібек шаштың астында қанданған бет,  



Жарадан қан саулады, дірілдеп ет. 

Күңіреніп басында Келден отыр, 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Құралай кӛзін ашты екі-үш рет. 



 

Сӛйледі жүзіне ӛлім нұры кіріп, 

- Құшағын жайып тұр ғой анам келіп, 

Қиянатпен тууыма себеп болған,  

Жауыз Сейқын жоқ болды бір кӛрініп... 

 

- Жан анам, барайын ба? Барайын деп,  



Риза бол балаңа деп, қойды күліп.  

Аздан соң Келденіне арыз айтып,  

Есіл қыршын жан беріп, кетті үзіліп... 

 

Құралай бұл сӛзді айтқан сонда маған, 



- Сүйіктім тілегіңе жетпей қалған, 

Мен ӛлсем де мақсатқа жетіп ӛлдім,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Анам сӛзін орындадым мойныма алған. 



 

Сен де жет тілегіңе әуелдегі,  

Шерін жаз жүрегіңнің жараланған,  

Мен ӛлді деп сен ӛлме, ӛмір тіле,  

Дұспаныңнан кегіңді ал назаланған. 

 

Басында қабыл болды біздің тілек,  



Ӛлсем де сол ісімді қылам тірек.  

Ӛмір сүріп, ӛркендеп, ұрпақ ӛсір,  

Соны сенен тілейді сүйген жүрек. 

 

Жас шығармай мӛлдіреп екі кӛзі,  



Осы еді Құралайдың айтқан сӛзі.  

Уәде деп зарланып серт айтқанда 



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Куә болып үн қосқан жердің жүзі. 



 

Сұлудың Құралайдай сол болды ісі,  

Жеткендей ұмытуға кімнің күші,  

Монтайым, қартайғанша қасіретім сол,  

Арман ба, емес пе арман, маған осы? 

 

Осыны айтып кеңкілдеп Келден жылап,  



Алдын жуды сақалдан жас домалап,  

Бұл арман Монтекемнің күйін шертіп,  

Мұндасты екі кәрі бірдей жылап. 

 

- Дариға-ай, талай жаудан кегімді алдым, 



Соғысты бұл алапта талай салдым. 

Үш-ақ күн ӛмір сүрдім үш мың жылдық,  



«Қызыл Қазақстан» газеті              №2  1925 жылы 

 

 



«Құралай сұлу» поэмасының жалғасы 

 

Не керек жазылмайтын дертте қалдым,  



 

Деп Келден тамам қылды барлық сӛзін,  

Қартайтқан бұл қайғымен бейшара ӛзін.  

Жазалы кім, жазасызды күйдірген кім?  

Тексерші ӛткендердің әрбір ізін. 

 

_________________________ 



* Тасаттық - құрбан деген мағынада 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал