Пмпи оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет кодексі



жүктеу 49.13 Kb.

Дата11.05.2017
өлшемі49.13 Kb.

1

 

 



 

ПМПИ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 

 

КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ КОДЕКСІ 

 

 

 

МАЗМҰНЫ: 

 





 

Жалпы ережелер. 



 

Корпоративтік қағидаттар мен құндылықтар. 





 

Институт қоғамдастығының корпоративтік этикасы. 





 

Корпоративтік мәдениет кодексі нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік. 



 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

1.1  Осы  кодекс  ПМПИ  оқытушылары  мен  қызметкерлерінің  негізгі 



корпоративтік мәдениеті мен мінез-құлық негізгі ережелерін белгілейді.  

1.2  ПМПИ  оқытушысы  мен  қызметкерінің  корпоративтік  мәдениет  кодексі 

институтта қолайлы моральдық – психологиялық ахуал орнатуға арналған.  

1.3  Осы  кодекстің  барлық  нормаларын  іске  асырудағы  басты  мақсат  –  жоо 

қоғамдастығының  корпоративтік  мәдениетін  нығайту,  ПМПИ  оқытушылары  мен 

қызметкерлерінің абыройын көтеру.  

1.4  ПМПИ-дің  әрбір  оқытушысы  мен  қызметкері  осы  кодекс  нормаларын 

бұлжытпай орындай отырып, жоғары оқу орнының беделі мен атағын нығайтуға өз 

үлесін қосады.  

 

2. КОРПОРАТИВТІК ҚАҒИДАТТАР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

 

2.1 ПМПИ қызметі мына қағидаттарда негізделеді: 

 

2.1.1 ПМПИ – сапалы білім, ғылым, мәдениет және инновациялардың жетекші 

орталығы. 

2.1.2


 

ПМПИ  өз  қызметкерлерін  бағалайды  және  құрметтейді,  әрқашан  нағыз 

жоғары этикалық стандарттарға сәйкес іс-қимыл жасайды. 

2.1.3


 

ПМПИ сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың кез келген көріңістеріне 

шыдамсыздық танытады.  

2.1.4


 

ПМПИ  академиялық  бостандық  пен  жауапкершілікті  әйгілейді,  жоо 

дәстүрлерін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтайды және дамытады.  

2.1.5  ПМПИ  рухы  –  ажырымас  бірлікте.  Оқытушылардың,  қызметкерлердің, 

студенттер  мен  түлектердің  ынтымақтастығы  мен  серіктестігі  –  корпоративтік 

мәдениеттің басты құндылығы.  



 




 

Басты корпоративтік құндылықтар: 

 

2.2.1



 

Білім беру қызметтерінің бәсекелестігі. 

2.2.2

 

Әлемдік білім беру кеңістігіне шоғырлануы. 



2.2.3

 

Өзгерістер мен инновацияларды қабылдауы. 



2.2.4

 

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге үнемі бағдарлауда болуы. 



2.2.5

 

Жоғары академиялық мәдениеті. 



2.2.6

 

Жетілу мен шығармашылық өсуге ұмтылысы.  



2.2.7

 

Адамгершілік, патриотизм, азаматтық.  



2.2.8

 

Қызметкер мен білім алушылардың тұлғасына құрмет, олардың құқығы 



2

 

 



мен мүдделерін қорғау. 

2.2.9


 

Институтқа  шын  берілгендік  және  оның  жоғары  стандарттарына  сай 

болуға даярлығы.  

 

 



3. ИНСТИТУТ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК ЭТИКАСЫ 

 

 

3.1 ПМПИ оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеттері: 

 




 

Институт мәртебесін адал да абыроймен қолдау, ПМПИ оқытушысы және 

қызметкері жоғары атағына лайық болу. 




 

Өз кәсіби қызметін институт міндетіне сәйкес атқару.  



 

Институттың  мақсаты  мен  міндеттерін  орындауда  толық  дәрежеде 



жауапкершілігін сезіну, институт қызметінің табыстарына өз үлесін қосу.  




 

Қызмет  бабында  жоғары  мәдениетті,  жауапкершілікте,  әділ,  кішіпейіл 

болу.  




 

Кәсіби  білікті  маман  ретінде  білімін  жетілдіру,  озық  нәтижелерге  жету 

мақсатында отандық және шетелдік тәжірибелерді білу, қолдану. 




 

Институт тарихын мен озық дәстүрлерін құрметтеп, ұстаздық еңбегімен 

студенттерге үлгі болу; 




 

Институттың іскери абыройын құрметтеуге, институт мүддесіне қарама-

қайшы келетін қандай да бір қызметтен бас тартуға, оның атағы мен абыройына нұқсан 

келтіретін кез келген әрекетті болдырмауға міндетті. 

 

 

3.2 ПМПИ оқытушылары мен қызметкерлері: 



 

3.2.1  Әріптестерінің,  студенттердің  ар-намысына  нұқсан  келтірмеу,  әдіпсіз 

сөйлемшелерін қолданбау;  




 

Студенттердің  алдында  әріптестерінің  жеке  өмірін  немесе  олардың 

кемшіліктерін сынамау; 




 

Институт аумағында ішімдік ішпеу, темекі тартпау; 



 

Студенттерден  оқу  мен  ғылым  үдерісінің  нәтижелеріне  көмектесу 



мақсатында сыйлық пен ақшалай сыйақылар алмауы; 




 

Діни көзқарастарды, сондай-ақ ұлтаралық бірлік пен дінаралық келісімге 

қарама-қайшы пікірлерді таратпауы; 




 

Жұмысқа және сабаққа себепсіз кешікпеу, қызмет уақытын қысқартпау;  



 

Қызмет барысында дөрекілік, ыждаһатсыздық танытпау;  





 

Қызмет бабын пайдаланып, студенттерге қысым жасамау, олардың білімін 



бағалауда субъективті көзқарас танытпау; 




 

Институт  әкімдігінің  шешімі,  оның  қызметі  жайлы  жалған  ақпаратты 

таратпауы тиіс.  

 

3.3 Басшылар мен бағынышты адамдар арасындағы қарым-қатынас 



 

3.3.1 Басшы міндеттері: 

 



өзінің  кәсіби  және  адамгершілік  мінез-құлқымен  қарамағындағыларға  үлгі 

болу;  


3

 

 



 

корпоративтік  мәдениет  пен  әскери  қарым-қатынас  этикасының  негізгі 



ережелеріне негізделген нормалар мен қағидаттарға бой түзеу; 

 



қарамағындағылардың абыройына, өзін-өзі сыйлауына және жеке мәртебесіне  

нұқсан келтірмеу;  

 

қарамағындағылардың алдында өз қатесін мойындау, оны өз атына айтылатын 



сын ретінде қабылдамау;  

 



ұжымда тілектестік және іскерлік ахуал қалыптастыру.  

 

3.3.2 Бағынышты адам міндеттері: 

 

еңбек тәртібін қатаң сақтау; 



 

жұмыста болмау себебі туралы уақытылы тікелей бағынатын басшысын (егер 



белгілі уақыт ішінде жұмысқа келу мүмкін болмаса) хабардар ету;  

 



әріптестердің алдында басшының орынсыз қылығына жауап бермеу; 

 



институт басшысыларын танып, оларды аты, әкесінің атымен атау;  

 



дәлізде немесе ашық аумақта басшымен кездескенде бірінші болып амандасу;  

 



ғимаратқа кіргенде кездескендермен бірінші болып амандасу. 

 

3.3.3 Әріптестермен қарым-қатынас: 

 

бір-бірін сыйлау;  



 

ағаттық танытқаны (қылқы) үшін міндетті түрде кешірім сұрау;  



 

өзге  қызметкерлер  арасында  әріптестерін,  бағынышты  адамдарды, 



басшыларды сынаудан тыйылу;  

 



сыбысқа сенбеу, оның таралуына жол бермеу;  

 



басшыларына, әріптестеріне, және  бағынышты адамдарына «Сіз» деп тіл қату;  

 



жұмыс  уақытында  тек  қана  тікелей  қызметтік  міндеттерін  атқаруға 

байланысты қызметпен айналысу;  

 

балағаттамау, ұстамсыздық танытпау, өштеспеу;  



 

әріптестерге жұмыста көмектесіп, білімімен, тәжірибесімен бөлісу.  



 

 

3.3.4 Оқу үдерісі, зерттеу және сараптау қызметі шеңберіндегі қарым-

қатынас: 

 



жұмысын негізгі кәсіби міндеті ретінде санап, студенттерге үлгі болу; 

 



білікті маман болып, ғылыми-педагогикалық біліктілік деңгейін тұрақты түрде 

ұстау;  


 

білім  алушылардың  білімін,  біліктілігі  мен  тәжірибелік  дағдысын  әділ  де 



объективті бағалау;  

 



өз  күш-жігерін,  білімін,  тәжірибесін  институттың  ғылыми  жетістіктерінің 

кемелденуіне арнау;  

 

шығармашылық  ұрлыққа  бармау,  жарияланбаған  дереккөздерді  игілігіне 



пайдаланбау;  

 



сараптау,  пікір  білдіру  немесе  ғылыми  жетекшілік  ету  барысында 

жарияланбаған ақпараттың құпиялығын сақтау.  

 

 

3.3.5  Жиналыстар мен мәжілістер өткізуі: 

 



Жиналыспен мәжіліске уақытында келу; 

 



күн тәртібімен алдын ала танысып, қажет материалдарды ала келу; 

 



жиналыс немесе мәжіліс басталар алдында ұялы телефонды сөндіру; 

 



қажет болғанда сыртқа шығып қайта кіргенде дауыстамау кешірім сұрау;  

4

 

 



 

мінберді жеке мәселелерін шешу үшін пайдаланбау; 



 

жиналыс регламентін қатаң сақтау. 



 

 

4. КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ КОДЕКСІ НОРМАЛАРЫН БҰЗҒАНЫ 



ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК 

 





 

Корпоративтік мәдениет қызметкерлер мен оқытушылардың бәріне бірдей   

ортақ іс. 




 

Институт қызметкерлері мен оқытушылары корпоративтік мәдениет кодексін 

білуге және сақтауға міндетті, өз қызметі мен мінез-құлқы үшін қатаң жауапкершілікте 

болады.  



 

Кодекс  ережелерінің  бұзылуы  институт  оқытушысы  мен  қызметкерінің 



мәртебесіне лайықсыз әрекет ретінде қарастырылады.  




 

Корпоративтік мәдениет кодексінің орындалуын бақылау институт тәртіптік 

кеңесіне жүктеледі. 




 

ПМПИ-дің  корпоративтік  мәдениеті  кодексі  нормаларын  бұзғаны  үшін 

оқытушыларға, қызметкерлер мен студенттерге мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:  

 



жұртшылық алдында кешірім сұрауға кепілдеме;  

 



тәртібін институт тәртіптік кеңесі мәжілісінде талқылау;  



 



тәртіптік ықпал жасау.  

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал