Құпиялы контрактілер



жүктеу 26.77 Kb.

бет1/14
Дата07.03.2017
өлшемі26.77 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚҰПИЯЛЫ  КОНТРАКТІЛЕР: 
кен өндіруші салалар мәмілелерінің құпиялығының аяқталуы 
Авторлары: Питер Розенблюм және Сюзан 
Мэйплс

Құпиялы контрактілер:
кен өндіруші салалар 
мәмілелерінің құпиялығының 
аяқталуы
авторлары: Питер Розенблюм және Сюзан Мэйплс

Авторлық құқығы © 2009 жыл «Revenue Watch» Институты.  
Барлық құқығы қорғалған.
ISBN: 978-0-9823566-1-6
«Revenue Watch» Институты рұқсатымен 2010 жылы  
Қазақстанда қазақ тіліне аударылған.
Сорос-Қазақстан Қоры
Қазақстан Республикасы 
Алматы қ, Желтоқсан көшесі, 111A
Тел.: +7 727 250 3811
www.soros.kz
Осы басылымның мазмұны авторлардың жеке көзқарасы болып табылады және ол 
Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Аудармашы: Т. Тiлеуханов
Конгресс кітапханасы; Деректер (КВИ) басылымдарында  тіркелген.
КВИ тізбесіндегі жазбалар осы кітапқа қатысты талаптарға сәйкес жүргізілуі мүмкін. 
«Revenue Watch» Институты тарапынан жарияланған.
1700 Broadway, 17th Floor
New York, NY 10019 USA
Телефон: +1 646 2929 9750
www.revenuewatch.org
Көркемдеу және версткалау: Джудит Ковач («Createch Ltd.» компаниясы)
Венгрияда басылып шығарылған.
Мұқабадағы фотосурет: Кевин Круфф («Getty Images» компаниясы)

Мазмұны
Авторлар  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
Алғыс  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
Қысқартулар тізбесі  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
Қысқаша анықтама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
Бірінші тарау
Контрактілердің ашықтығы не үшін керек? . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
Екінші тарау
 Кен орындарын игеру салаларында жасалған контрактілердің 
құпиялығын қорғау жөніндегі баптарда шын мәнінде не айтылады?. . . . . . . . . . 25
Үшінші тарау
Коммерциялық сипаттағы жабық ақпарат және қоғамдық қызығушылық   . . . . 37
Төртінші тарау
Саяси дәлелдер және қарсы талаптар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
Бесінші тарау
Контрактілер жариялылығы тәжірибесінің халықаралық саясат 
тұрғысындағы қатынасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55
Қорытынды және ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 69
A ҚОСЫМШАСЫ: «Озық тәжірибеде» кездесетін құпиялылықты сақтау туралы 
мақалалар  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 77
Б. ҚОСЫМШАСЫ: Құпиялықты сақтау туралы мақалаларды ғаламдық зерттеу . . . 79
В. ҚОСЫМШАСЫ: Ақпарат еркіндігі бойынша заңды қабылдаған мемлекеттер . .129
Сілтемелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .133
Алфавиттік көрсеткіш   . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .151

6
«Revenue Watch» институты
«Revenue  Watch»  институты  (www.revenuewatch.org)  –  мұнай,  газ  және  минералдық  қорларды 
басқарудағы  жауапкершілікті  қоғамның  игілігі  үшін  өркендету  мәселелері  саясатын  анықтайтын  және 
гранттар бөлумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Тиімді басқарудың нәтижесінде, азаматтардың 
қатысуы және мемлекет тарапынан нақты жауапкершілік болғанда ғана, табиғи қорлар ұлттық әл-ауқаттың 
дамуына және өсуіне ықпал жасайды. «Revenue Watch» институты табиғи байлықтары бар мемлекеттердің 
артықшылықтарын пайдалану арқылы құралдармен және техникалық көмекпен қамтамасыз етуге және 
экспорттауға көмек ұсынады.
Адам құқықтары институты – 
Колумбия университетінің заң факультеті
Институт 1998 жылы құрылған. Адам құқықтары институты, Колумбия университетінің заң факульте-
тінің  аясында,  мемлекеттік  нормаларға  сай  стипендиялар  және  тәжірибеде  адам  құқықтары  бойынша  
білім  беру  орталығы  болып  табылады.  Институт  адам  құқықтары  саласында  оқытудың  кешенді 
бағдарламасын  дайындау  және  теория  мен  тәжірибе,  юриспруденция  және  басқа  да  пәндер,  адам 
құқықтарының  мемлекеттік  нормаларға  сай  Конституциялық  құқығы,  сонымен  қатар  Колумбия 
университеті, заң факультетінің адам құқықтары бойынша әлемдік қозғалысымен байланысын орнық-
тыру істерімен айналысады.

7
Авторлар
Питер Розенблюм
Питер Розенблюм «Lieff, Cabraser, Heimann & Bernstein» ЖШС заң фирмасының мамандандырылған 
«Адам құқықтары туралы заң» мәселелері бойынша Колумбия университетінің оқытушысы, сонымен 
қатар Адам құқығы институты оқытушылар құрамының заң фирмасы тарапынан оқытушысы әрі ди-
ректоры болып табылады.
Осы уақытта жұмыстарының үлкен бөлігін Розенблюм, адам құқықтарын саудалық және инвести- 
ция лық режимдерге қарсы арнауда. Ол, Женевада орналасқан БҰҰ адам құқығы Жоғарғы комиссари-
атының  алда  болып  кеткен  ұйымының  адам  құқықтары  жөніндегі  маманы,  адам  құқықтарының 
халықаралық  нормалары  бойынша  заң  тобы  бағдарламасының  директоры  және  «Адам  құқықтары 
мәселелері бойынша мониторинг» және адам құқықтары бойынша заңгерлер комитеті ұйымдарының 
жұмыстарына  зерттеулер  жүргізуде.  Колумбия  университетіне  келгенге  дейін  Розенблюм  Гарвард 
университетінің заң факультетінде адам құқықтары мәселелері Бағдарламасы директорының орын-
басары қызметінде болған. Ол (Колумбия университеті), өнер бакалавры дәрежесінің иесі, (Колумбия 
университеті, заң факультетінің), құқылы магистрі, (Солтүстік-батыс университетінің) заң ғылымдары 
докторы, сонымен қатар (Париж университетінің) тереңдетілген білімі бар дипломның иегері.
Сюзан Мэйплс
Сюзан Мэйплс Адам құқықтары институты жанындағы Колумбия университетінің заң факультеті нің 
заң ғылымдары докторы дәрежесін алған ғылыми қызметкері және «Revenue Watch» институтының заң 
мәселелері  бойынша  маманы.  Оның  зерттеу  жұмыстары  негізінен  кен  өндіру  салалары  контрактілерін 
талдау және адам құқықтарын заңдық режиммен салыстыру арқылы жүргізіледі. Сюзан өз қызметін Ко-
лумбия университеті жанындағы Жер мәселелері институтымен және Европалық комиссиямен ұштастыра 
отырып, Либерия Үкіметінің контрактілерді зерттеу және олардың шарттарын қайта қарау жұмыстарына 
көмектеседі. Осыдан аз-ақ уақыт бұрын ол, Картер атындағы орталық команданың Конго Демократиялық 
Республикасы  тау-кен  өндірісі  министрлігі  ұсынған  қызметтеріне  тәуелсіз  сараптама  жүргізу  және 
техникалық көмек көрсету мүшесі болған.
Мэйплс жобалар бойынша Әзірбайжан, Камерун, Конго Демократиялық Республикасы, Грузия, Гана, 
Либерия,  Нигерия,  Перу  және  Оңтүстік  Африкада  эксперименттік  зерттеулер,  тренингтер  жүргізді.  Ол 
(Джорджия штаты университетінің) философия өнері бойынша бакалавр дәрежесінің және (Колумбия 
университеті заң факультетінің) заң ғылымдары докторы дәрежесінің иегері.

8

9
Алғыс
Құпиялар  туралы  айту  оңай  емес.  Не  үкімет,  не  инвесторлар  олардан  құпия  сақталатын  ақпараттар 
түрлерін  тізімдеп  айтып  беруді,  олардың  соншалықты  құпиялығының  сыры  неде  екенін  сұрасаң  олар 
ондай  мағлұматтарды  айтуды,  бөлісуді  ұнатпайды.  Дегенмен  де,  кен  орындарын  игеруде  жасалатын 
контрактілер ашықтығын білуде бөгеттердің болуын түсінуге өте қажетті сауал-ақ.
Сол  себептен  де  біз  инженерлермен,  заңгерлермен,  банкирлермен,  үкімет  қызметкерлерімен  және 
белгілі бір саладағы талдаушы-мамандармен кездесіп, олардың барлығынан – кім де кім коммерциялық 
даму  үрдісі  және  кен  өндіру  бойынша  құпиялықтан  қаншалықты  хабардар  екенін  білу  үшін  сөйлестік. 
Көптеген  адамдар  бізбен  сөйлесті,  бірақта  әңгіме  ресми  емес  сипатта  болды.  Мұндай  пікірсайыстар, 
мейлі  ресми,  неме се  ресми  емес  сипатта  өтсін,  қаралған  мәселе  бойынша  алынған  ақпараттар  бағалы 
деуге тұрарлық. Кейбір респонденттер өздерінің ойларымен, тіпті күрделі сұрақ: үкімет пен компаниялар 
қандай ақпараттар ды құпиялық режимде сақтауды көздейді және қайсы ақпараттар тиісті құпиялық ре-
жимде сақталады? Олардың ашықтығы төтенше құнды болғаны олардың біздің зерттеулеріміз төңірегін-
де  қойған  сұрақтар ға  берген  жауаптарында  еді,  сол  себептен  де  біз  оларға  шексіз  ризашылығымызды 
білдіреміз. Мүмкін, осы көздер алдағы уақытта кен орындарын игеру саласында жасалатын контрактілер-
дің ашықтығы бойын ша талқылаудың басында тұратын болар.
Осы  саладағы  өздерінің  тәжірибесі  мен  білімдерін  ұсынғандардан  басқа  да,  біздің  зерттеулерімізге 
қатысқан  және  қолдау  көрсеткен  адамдар  болды.  Колумбия  университетінің  көптеген  студенттері  баға 
жетпес көмек жасады.
«Төлемдеріңді жарияла» (Publish What You Pay) бірлестігі мүшелері, бізге байланысты ақпараттар қажет 
болған уақыттарда, кеңес беруде де, басқа да мәтінді редакциялауда да үнемі көмек көрсетуге әзір бол-
ды. Атап айтқанда, «Global Witness» ұйымының мүшелері, «Oxfam America», «Pacific Environment» банктер 
және  ұйымдар  туралы  ақпараттар  орталығы  біздің  зерттеулер  жүргізудегі  және  есеп  берудегі  маңызды 
серіктестеріміз болды. Қоғамдық ұйымдар арасында, өз уақыттарында және өздеріндегі ақпараттармен 
бөлісуге ниет білдірмегендер: «Green Alternative/Bankwatch», Мемлекеттік қаржы мониторинг орталығы, 
«FAR»  орталығы,  «Экономикалық  бастамаларға  көмек»  ұйымы,  Грузияның  жас  заңгерлері  ассоциация-
сы,  «Grupo  Propuesta  Ciudadana»  ұйымы,  «Asociación  Pro  Derechos  Humanos»  (APRODEH)  ассоцациясы, 
«Derehos, Ambiente y Recursos Naturales» (DAR) ұйымы, «Cooperaccion» ұйымы, (CENTRO DE ESTUDIOS Y 
PROMOCION DEL DESARROLLO (DESCO) зерттеуге және дамуға әрекет жасау орталығы, (Green Advocates) 
«Жасыл  қорғаушылар»  ұйымы  тұрақты  даму  институты,  «Платформа»  (Platform)  ұйымы,  құқықтық 
сақтандыру орталығы және Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институты.
Біз, БҰҰ арнайы өкілдігінің құқық мәселелері, бизнес мәселелері және адам құқықтары бойынша са-
рапшысы  Андрее  Шембергке  шексіз  ризамыз,  себебі  контрактілерді  қарауда  тұжырымдама  жасаудың 
жаңа  аймағын  ашты.  Оның  ұсыныстары  осы  есепті  жасау  барысында  айрықша  пайдалы  болды.  Хай-
ке  Майнхардт-Гиббс,  банктер  бойынша  ақпарат  орталығының  өкілі  де  контрактілердің  ашықтығы 
мәселелері бойынша тамаша жұмыс жүргізді. Осы есеп беруде біз оның зерттеулерінің қорытындысына 

10
сүйенеміз. Сонымен қатар, біз өзіміздің айрықша ризашылығымызды Аиша Уиверге зерттеу жұмыстарын 
жүргізудегі, сонымен қатар осы есепті дайындаудағы және редакциялаудағы оның баға жетпес көмегіне 
айрықша ризашылығымызды білдіреміз.
«Barrows  Company»  компаниясының  жинақталған  материалдарына  қол  жеткізбесек  және  Колум-
бия  университетінің  заң  факультеті  жанындағы  Артур  У.  Даймонд  атындағы  Заң  кітапханасының 
кітапханашыларының  көрсеткен  көмегі  болмағанда  осы  есепті  жариялау  мүмкіншілігі  болмас  еді. 
Солардың қажырлы еңбектерінің арқасында біз жоғарыда көрсетілген материалдарға қол жеткіздік. Соны-
мен қатар біз Гордон Барроусуға да он-лайн режиміндегі жинақталған материалдарды тауып ұсынғанына 
ризамыз.
Сонымен, «Revenue Watch» институты басшылығы, оның коллективі, аймақтық координаторлары және 
басқарушылары  тарапынан  болған  көмек  өздерінің  қызмет  міндеттерінен  әріге  кетеді.  Әрине,  әдеттегі 
кәсіби  біліктілікті  бұзып,  институттың  тамаша  қызметкерлері  туралы,  олардың  біздің  жұмысымыз ға 
қосқан үлестері туралы қызыл сөздің тиегін ағытуға болар еді. Сөйтсе де, осы есеп беру олардың демеуін сіз 
және кеңестерінсіз шығуы мүмкін болмас еді. Сонымен, кеткен барлық қателер мен дәлме-дәлдік еместі-
гі – тек қана авторлардың ісі.

11
Қысқартулар тізбесі
PWYP   
Publish What You Pay («Төлемдеріңді жарияла»)
RWI 
 
«Revenue Watch» институты
ӘММҚ   
Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай қоры
ӘРММҚ  
Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік мұнай компаниясы
АБ 
 
Ақпарат бостандығы
АБЗ 
 
Ақпарат бостандығы туралы заң
АҚШ 
 
Америка Құрама Штаттары
ББҰТ 
 
Бүкіләлемдік банк ұйымының тобы
БиПи   
Бритиш Петролеум
БК 
 
Бірлескен кәсіпорын
БТД 
 
Баку-Тбилиси-Джейхан
БҰҰ 
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы
ДМҚЖ   
Даму мәселелері бойынша құқық және жауапкершілік
ЕО 
 
Евроодақ
ЖМБ 
 
Жер мәселелерін басқару бойынша бюро
ИККА   
Инвестициялар кепілдігі бойынша көпқырлы агенттік
ҚААТТЗ  
Қоғамдық ақпараттардың ашықтығы және түсініктілігі туралы түбегейлі заңы
КДР 
 
Конго Демократиялық Республикасы
ҚҚБК   
Құнды қағаздар және биржа бойынша комиссия
ҚҚҚСТ   
Қоғамдық қатынастар қатысуына қойылатын стратегиялық талап
ҚМЖК   
Қабылдаушы мемлекетпен жасалған келісім
КСАБ   
Кен өндіру салаларының ашықтығы бастамасы
КСДАЗ   
Кен өндіруші салалардың деректерін ашу туралы заң
КФЛ 
 
Кинросс-Форрест Лимитед
МҚИК   
Минералдық қорларды игеру туралы келісім
ӨБК 
 
Өнімдерді бөлу туралы келісім
ӨБК 
 
Өнімдерді бөлу туралы контракт
ТФМ 
 
Тенке Фунгуруме Майнинг
ТДИ 
 
Тұрақты даму институты
ҮК 
 
Үкіметаралық келісімдер
ҮЕҰ 
 
Үкіметтік емес ұйымдар
ХҚҚДБ   
Халықаралық қайта құру және даму банкі
ХВҚ 
 
Халықаралық валюта қоры
ХҚИ 
 
Халықаралық қаржы институттары
ХҚК 
 
Халықаралық қаржы корпорациясы
ХДА 
 
Халықаралық даму ассоциациясы
ШТИ 
 
Шетелдік тура инвестициялар
ЭБМКБ   
Экономиканы басқару мәселелеріне көмек көрсету бағдарламасы
ЭКА 
 
Экспорттық несие агентігі

Құпиялы  контрактілер: кен өндіруші салалар мәмілелерінің Құпиялығының аяҚталуы
12

13
Қысқаша анықтама
Контрактілер және халықаралық коммерциялық қатынастарға қатысты заңдарға сәйкес бизнесті пай-
да табу мақсатында өзара жүргізетін акционерлер алдында жауапкершілікте болатын екі заңды тұлғаны 
елестетеміз.  Бұл  жердегі  түсінік  былай,  егерде  екі  жақта  мемлекет  тарапынан  болмаса,  онда  олар  өз 
азаматтарының  алдында  жауапкершілікте  болады.  Үкімет  өзі  іске  асыратын  бизнес  бойынша  олардың 
міндеттері мен қызығушылығы қомақты көлемде пайда табу мақсатын көздейді. Шын мәнінде, екіжақты 
келісім  жасаушылар  арасындағы  құпиялылық  мұндай  контрактілерде  көрсетілмейді.  Үкімет  жасалатын 
барлық  контрактілердің,  атап  айтқанда  ол,  жол  жасауға  немесе  тауар  алуға  жасалған  контракт  болсын 
жауапкершілігін  өз  құзырына  алуы  керек.  Ал,  мынадай  жағдайларда  контракт  құралы  –  қайта  қалпына 
келтірілмейтін көздерден болса, онда олардың байыпты тексерілуі қажеттігі туындайды. Осыған байла-
нысты,  тау-кен  және  мұнай-газ  салаларына  жасалатын  контрактілерге  деген  бүкіләлем  азаматтарының 
қызығушылығы  ойландырмай  қоймайды.  Көптеген  секторларда  контракт  жасау  барысында  олардың 
ашықтығын  қамтамасыз  ету  талаптары  жиі  көтеріледі.  Мемлекет  пен  инвесторлар  арасында  жасалған 
контрактілер арасында мұндай талаптар (қайта қалпына келтірілмейтін көздерге қарағанда) өткір және 
тез  арада  болмаса  да  бар.  Мемлекеттік  сыбайлас  жемқорлық  және  кен  өндіру  салаларын  басқарудағы 
адалдықтың  сақталмауы,  сонымен  қатар  қоршаған  орта  жағдайының  нашарлауы,  тұрғындардың  орын 
ауыстыруы, адам құқықтарының бұзылуы, шиеленіскен жанжалдардың болуы, дұрыс басшының болуын 
және жауапкершілік деңгейінің жоғары болуын талап ету-кен игеру салаларында бұрын-соңды болмаған 
еді. Осы есеп беруді жасаудағы негізгі мақсаттардың бірі-кен өндіру өндірісі салалары мен үкіметтермен 
(қабылдаушы  мемлекеттер  сияқты  компанияға  иелік  жасаушы  мемлекеттер  де)  инвесторлармен,  бан-
ктермен және қоғамдық ұйымдармен кен игеру саласындағы контрактілердің деректері мен құпиялығын 
ашу  жөнінде  маңызды  пікір  алмасуға  жағдай  жасауға  негізделген.  Осы  есепте  контрактілер  бойын-
ша  деректерді  ашу  қатынастары  барысында  үкімет  және  компаниялар  жағынан  да  қарсылықтарға  тап 
болғанын көрсеттік, олардың құқықтық және саяси көзқарастары бойынша, шындығында, заң негізінде 
контрактілердің  ашықтығын  көрсетуге  мүмкіншілік  бар  екеніне  талдау  жасалды.  Біздің  міндетіміз  – 
қандай ақпараттар заңды және қандай негіздерде құпиялығының сақталуы мүмкіншілігі бар және қандай 
жағдайда Азаматтық қоғам институттары осы мәселені шешуде қандай жағдайда ықпал ете алады. Біз экс-
перттер мен сарапшылардан интервью арқылы алған деректерімізді пайдаландық.
Тиісті құжаттарды мұқият зерттеу және жеке тәжірибесі негізінде жүргізілді: солай бола тұра, біз өзіміздің 
зерттеулеріміз статистикалық тәжірибеде маңызды деп талап қоя алмаймыз. Алайда, осы есептегі ең маңызды 
қорытынды дәлелдері мәселелердің шешімін қамтамасыз етуде қорларды және салалардағы контрактілердің 
тұрақтылығын, әсіресе контрактілер шарттары бірнеше рет қаралатын жағдайларда олардың тұрақтылығын 
айрықша адал басқаруды қамтамасыз ету. Уақыттың ағымына сай, Үкімет айрықша адал мәмілелер жасауға 
қол  жеткізді,  себебі  үкімет  пен  компаниялар  арасындағы  ақпараттық  ассиметрия  жоғалады.  Өте  жақын 
болашақта мемлекеттік ведомстволар контрактілердің ашықтығына жауап беруге, контрактілерді басқару 
және олардың орындалуын қамтамасыз етуге, (ал ондайлар көп) қосарлана жұмыс атқарады. Контрактілердің 
шарттарын үкімет қызметкерлеріне үлкен ауқымда жария етуге берілуі, жосықсыз мәміле жасауға, сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алуға, төмен біліктілікті және басқа да жағдайларды болдырмауға үлкен ықпал етеді. 
Азаматтар кен игеру салаларында жасалатын шарттардың, егер ол шарттар көпшілікке тараған болса, со-

Құпиялы  контрактілер: кен өндіруші салалар мәмілелерінің Құпиялығының аяҚталуы
14
нымен қатар келісім жасаған тараптар шарттарын түсіндірсе, оның күрделі сипаттарын жақсы түсінер еді. 
Мемлекет пен компаниялар бәлкім айрықша ештеңені де жасырмауы мүмкін, дегенмен, контрактілердің 
ашылуын реттеу жоққа тән, ал, алдарынан өткен материалдар жасырын істердің бар екені туралы ойға жете-
леп, көңілге қорқыныш ұялатады, осыларды қабылдау демагогтар мен саясаткерлерге негіз беріп, олардың 
контрактілерді ол жерде оның қажеті шамалы болса да, қайта қарауды ұсынып, ұрандатып әкетулеріне 
жол  береді.  Контрактілердің  ашықтығы  тұрақты  және  ұзақ  мерзімдік  контрактілерді  жасауға  әкеледі. 
Мұндай жағдайлар тұрғылықты халық тарапынан болатын күдікті сейілтеді, сонымен қатар үкімет пен 
компанияның  адал  контрактілер,  жасауына  ынталылығы  артады.  Қысқаша  айтқанда,  контрактілердің 
ашықтығы  табиғи  байлықтарды  басқарудағы  жауапкершілікті  және  экономиканың  дамуына  жағдай 
туғызу мақсатын қамтамасыз етеді. Алынған контрактілердің көптеген артықшылықтарына қарамастан 
кен өндіру салаларындағы контрактілерге жүйелі түрде қол жеткізуді қамтамасыз етуге тосқауылдар әлі 
сақталған. Кейбір жағдайларда, бұл дұрыс түсінбеушіліктен (немесе қате қабылдаудан), яғни контрактілер 
нені ұсынады және оның мазмұны қандай деген сұрақтарға жетелейді. Контрактілердің қажеттілігі мем-
лекет міндеттемелерінің ерекшеліктерін және кен игеру жобаларын жүргізетін компаниялардың немесе 
компания консорциумын егжей-тегжейлі қамтамасыз етуге байланысты. Бөлшектердің қарапайым болуы 
мүмкін, солар туралы бірнеше жазба жолдарын стандартты шартқа тіркесе болды, немесе күрделі инве-
стициялар, салық салу және қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдар жиынтығы болуы мүмкін. Әр шарт 
бөлшектерін  тексерудің  маңыздылығы  нақтылы  жағдайларға  тәуелді.  Мысалы,  келісім  шарттың  үлкен 
бөлігі мемлекеттік заңдардан тұруы мүмкін, сонымен қатар шарттар мен ережелерге қатысты жағдайларда 
оларға  шектеулер  қойылады,  сол  уақытта  жарияланған  «стандартты  контракт»  оларды  маңыздылығы 
жағынан анағұрлым артық қамтамасыз ете алады. Бір жағынан алғанда, контракт біздегі бүгінгі таңдағы 
деректер болуы әбден мүмкін, осы саладағы көптеген контрактілер осысымен ерекшеленеді – салықтық, 
инвестициялық және табиғатты қорғау ережелерімен маңыздылығы жағынан мемлекетке келіп тіреледі. 
Ешкім  де  осы  саладағы  халықаралық  келісімдердің,  заңдар  мен  нормативтік  актілердің  жария  болу 
қажеттілігіне ешкім де дауласпайды, солай бола тұра контрактілер көрсетілген қызмет түрлерін орындай-
ды, олардың ашық болуы ережеге жатпайды.
Кен  игеру  салаларындағы  құпиялылықтың  шын  мәнінде  айрықша  тарап  кеткендігі  соншалық 
жуық  араға  дейінгі  уақытта  не  мемлекет,  не  компаниялар  осы  болған  жағдайларды  қорғауға  тұратын 
дәлелдемелерді дайындамаған. Мемлекетпен компаниялар осы құпия «тозаң» жапқан келісімдер үшін бір-
бірін айыптайды. Ережедегідей, анықталған шағымдар, сату құпиялары немесе коммерциялық сипаттағы 
жабық  ақпараттар  құпталмайды  және  де  қатысушылардың  ешқайсысы  да,  ашық  түрде  жемқорлық, 
биліктің даму үрдісі немесе құзыреттіліксіздікті ашық талқыламайды, мұның бәрі контрактілерді ашуда 
белгілі болды.
Әдетте құпиялықты сақтау дәлелдемелерінің жиі кездесетінінің түп тамыры коммерциялық тәжірибеде 
қолдау  тапқан,  ал,  контракт  жасаушы  тараптар  шарт  деректерін  заң  шегінде  ғана  айқындайды.  Бұл 
дәлелдемелердің маңыздылығы жеткілікті, алайда олар ақпараттарға үкіметтің айрықша міндеттемелерінің 
және  демократиялық  құқығы  бар  екенін  есепке  алмайды.  Бүкіләлем  бойынша  мұнай-газ  және  таукен 
салаларын  игеруге  жасалған  контрактілердің  құпиялығы  сақталуы  бойынша  150-астам  мақалаларды 
осы есепті жасау барысында зерттедік. Зерттеу барысында біз тек қана бір ғана контрактіде қоғамның 
ақпараттарға деген қызығушылығы компанияның құпиялығын сақтаудан да жоғары тұруы қажет екеніне 
көз жеткіздік. 2005 жылы Данияда қабылданған типтік лицензияда көмірсутекті кен орындарын барлау 
және табу жұмыстарын жүргізу туралы:

ҚысҚаша аныҚтама
15


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал