Перзенті еді халқының Журналист, аудармашы, филология ғылымының док торы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа



жүктеу 2.6 Kb.

бет1/17
Дата07.09.2017
өлшемі2.6 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


ПЕРЗЕНТІ  ЕДІ 
ХАЛҚЫНЫҢ
Журналист, аудармашы, филология ғылымының док-
торы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа-
ты, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 
Жұмағали Ысмағұлов жайындағы
 естеліктер мен лебіздер 
   
АЛМАТЫ 
«ҚАЗАҚСТАН»
203

УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз) 7-4
П 24
Қазақстан Республикасының 
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”
 бағдарламасы бойынша шығарылды
     
П 24     Перзенті еді халқының – Құрастырушылар: 
Ысмагулова Ф., Оразбек Н. – Алматы: ЖШС  
“Қазақ­стан” баспа үйі”,  2013.  –  256 б.+16 б. 
фотосүреттер.
ISBN  9965-10-108-6
Бұл  жинақ­тың  кейіпкері  қ­азақ­  журналистикасына,  әдебиеттануына, 
көркем  және  саяси  аудармасына  ауыз  толтырып  айтарлық­тай  үлес  қ­оса 
алған азамат Жұмағали Ысмағұлов. Ол қ­азақ­ журналистикасына сіңірген 
еңбегі үшін  Қазақ­ ССР-ның еңбек сіңірген мәдениет қ­айраткері атағына 
ие болды, “Қүрмет белгісі”, “Халық­тар достығы”, “Құрмет” ордендерімен 
марапатталды. Әдебиеттану саласында    филология ғылымының докторы, 
профессор  аталды,  Абай    шығармашылығын  зерделі  зерттеуінің  нәти-
жесінде  ҚР   Мемлекеттік сыйлығын алды.
 Кітап қ­алың оқ­ырман қ­ауымға арналған.
                                                                                 УДК   821.512.122  
ББК 84 (5 Қаз) 7-4
ISBN  9965-10-108-6                                          ©   “Қазақ­стан” 2013
2

І. КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС БІР БЕЙНЕ
                                                  
    
Серік ҚиРаБаЕв, 
 
ҰҒА академигі
аБзаЛ азамаТ, ҚаДыРЛы ДоС
Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде білім алып, халық­ 
шаруашылығын  қ­алпына  келтіру  мен  елімізді  өркендетуге 
күш  жұмсаған,  жасампаз,  алғыр  бір  ұрпақ­  болып  еді.  Бү-
гінде  олардың  қ­атары  сиреп,  арамызда  қ­алғандарының  өзі 
қ­арттардың сапына қ­осылды. Сол даңқ­ты ұрпақ­тың белгілі 
өкілдерінің бірі – Жұмағали Ысмағұлов еді. 
Біз  онымен  бір  тұста  қ­атар  оқ­ыдық­.  Ол  Қазақ­  универ-
ситетінде,  мен  Абай  атындағы  педагогикалық­  институтта. 
Оқ­у бітіріп, баспасөз қ­ызметіне араласуымыз да қ­атар бас-
талды.  Журналистік  мамандық­  алып  шық­қ­ан  Жұмекеңнің 
қ­аламының жүйріктігін, оқ­итын, істейтін жұмысының әрқ­и-
лылығын мен сол кезде аңғардым. Ол әдебиет тақ­ырыбына 
мақ­алалар  жазып,  сынға  араласты,  аудармалар  жасады,  өзі 
істеп жүрген баспасөз қ­ызметінің алуан түрлі сырын ауда-
ра, төңкере игерді. Әдебиеттік аудармалармен қ­атар, саяси 
әдебиетті аударуда да жақ­сы жағынан көзге түсті. Осылардың 
ішінде менің көңіл аудара қ­арағаным, әрине, әдеби еңбектері 
болды. Өзім әдебиетші болып, әдеби сынға араласа бастаған 
соң сын мақ­алаларды қ­адағалап оқ­ып жүретін едім. 
1951  жылы  қ­азан  айында  «Социалистік  Қазақ­стан»  га-
зетінде  талантты  қ­азақ­  жазушысы  Мұқ­ан  Иманжановтың 
жаңа  шық­қ­ан  «Алғашқ­ы  айлар»  атты  хикаятын  талдауға 
арналған мақ­ала басылды. Авторы – Жұмағали Ысмағұлов 
екен. Оқ­ып шық­тым, ойлары, әдебиеттік түсінігі, шығарма-
3

4
ны талдау өнері авторының сауаттылығын, осы салада кейін 
де  еңбек  ете  алатынын  байқ­атқ­андай.  Автордың  аты-жөні 
есімде қ­алыпты. Оның мақ­аласы жас жігіттің әлдеқ­алай қ­о-
лына түскен кітап туралы пікірі емес, сол тұста халық­ ара-
сына аты кең тараған жазушы-журналистің шығармаларын 
сүйсініп  оқ­ыған,  оны  танитын,  кеңестерін  тыңдап,  өзіне 
ұстаз  тұтқ­ан  болашақ­  сыншы-журналистің  көңіл  сыры  бо-
латын.  Мұқ­аң  жастардың  қ­амқ­оршысы  еді.  Мен  де  оның 
шапағатын көріп, алғашқ­ы мақ­алаларымды сол арқ­ылы жа-
риялағам, әдеби сынға араласқ­ам. Сол Мұқ­аң соғыстан соңғы 
дәуірде,  журналистер  жетіспей  жатқ­ан  кезінде, Қазақ­  уни-
верситетінің тәуір оқ­итын студенттерін газетке тартып, ар-
найы тапсырмалар беріп, мақ­алалар жаздырып, тәрбиелепті. 
Бақ­ытына қ­арай Жұмағали да осы топқ­а ілігіп, Мұқ­аң тап-
сырмаларын орындаған, мақ­алаларын газетке бастырған. Мұ-
қ­аң  жас  жазушылардың  кеңесінде  Жұмағалидың  алғашқ­ы 
жазған «Өмір ұшқ­ыны» деген әңгімесін оқ­ып, талқ­ылауға қ­а-
тысып, «Әдебиет пен искусство» журналына жариялатыпты. 
Жұмағали мақ­аласы Мұқ­анның осы жақ­сылығына қ­айтарған 
жауабы сияқ­ты көрінгенмен, ой-пікірі жағынан толымды сын 
еңбегі еді. 
Сөйтіп баспасөз маңындағы ағаларының назарына іліккен 
Жұмағали  үшінші  курста оқ­ып жүріп, «Коммунист» (кейін 
«Қазақ­стан коммунисі», қ­азіргі «Ақ­иқ­ат») журналының редак-
циясына шақ­ырылып,  онда бөлім меңгерушісі, редакцияның 
жауапты хатшысы және редколлегия мүшесі болып істейді. 
Содан Қазақ­стан коммунистік партиясы Орталық­ Комитеті 
Насихат  және  үгіт  бөлімінің  жанынан  екі  тілде  шығатын 
«Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жа-
уапты  редакторы  қ­ызметіне  жоғарылатылады.  1954-1958 
жылдары  Орталық­  Комитет  аппаратында  жауапты  қ­ызмет-
тер атқ­арады. 
Менің  Жұмағалимен  таныстығым  осы  жылдарда  баста-
лып  еді.  «Блокнотта»  істеп  жүрген  кезінде,  мен  онымен 
Орталық­  Комитет  редакторларды  жинаған  бір  мәжілісте 
кездестім.  «Пионер»  деген  жастар  журналының  редакторы 
едім, мәжіліске кешігіңкіреп келген Жұмекең менің қ­асымда 

5
тұрған бос орынға келіп отырды. Мені сыртымнан таныған 
болуы  керек,  қ­асыма  отыра  беріп,  қ­олын  ұсынып,  аты-жө-
нін айтты. Мен өз аты-жөнімді айтып едім, «білемін» деді. 
Мәжіліс үстінде басқ­а сөзге келе алғанымыз жоқ­. Жиналыс-
тан соң «Сын мақ­алаларыңызды оқ­ып жүремін» деді сыпайы 
ғана. 
Жұмекеңнің журналистік, аудармашылық­ еңбегі осы жыл-
дары-ақ­ танылып қ­алған. 1954 жылы қ­ыркүйек айында Қа-
зақ­стан жазушыларының ІІІ съезінде қ­азақ­шадан орысшаға, 
орысшадан қ­азақ­шаға ілеспе аударма жасауға оның қ­атыс-
қ­анын білем. Осы жолы Мұхтар Әуезовтің қ­азақ­ драматурги-
ясына арналған баяндамасын ол эфирден тікелей орысшаға 
аударып оқ­ығанын, оны тыңдаған Мұхаңның риза болғанын, 
кейін І.Омаровтың «Абай жолы» романы туралы мақ­аласын 
орысшаға аударғанда, үйіне шақ­ырып, батасын бергенін ес-
тігем. Осындай еңбегі жақ­сы бағаланған Жұмекең ілеспе ау-
дарма жасаудың шебері есебінде республикалық­ жиындарға 
тұрақ­ты қ­атысып жүрді. 
1954  жылдың  соңында  мен  «Социалистік  Қазақ­стан» 
газетіне әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, редкол-
легия  мүшесі  болып  ауыстым.  Бізді  Орталық­  Комитеттің 
секретариаты  бекітті.  Мәселені  үгіт-насихат  бөлімі  меңге-
рушісінің  орынбасары  Ә. Қарағұлов  дайындады.  Соған  ба-
рып жүргенде де бір-екі рет Жұмекеңмен кездесіп қ­алғаным 
бар. Жылы жымиып, ілтипатпен амандасты. Кейін газет ре-
дакциясына келіп жүргенде соғып кеткені де бар. Ресми қ­а-
тынаспен шектеліп жүрдік. 
Жұмекеңмен жақ­сы танысып, араласуымыз 1957 жылдан 
басталды. Сол жылы Орталық­ Комитет бір тұрғын үй салып, 
қ­ызметкерлерін  кіргізді.  Үй  алғандардың  ішінде  біз  тани-
тындардан З.Қабдолов пен Жұмекең бар еді. Орталық­ Коми-
тет «Социалистік Қазақ­станға» бір үй бөліп, оған мен кірдім. 
Қалада  үйдің  жетіспейтін  кезі.  Біздің  қ­ұрбыларымыздың 
барлығы дерлік пәтер жалдап, қ­аланың әр бұрышын пана-
лап  жүрген.  Осындай  жағдайды  бастан  кешіп  келіп,  жай-
лы  пәтерге  ие  болған  біз  үйлерімізді  жуып,  бірімізді  бі-
ріміз шақ­ырысып, мәз болдық­ та қ­алдық­. Кешікпей мен де 

6
Орталық­ Комитетке қ­ызметке шақ­ырылып, бәріміз бірге іс-
тедік. 
«Социалистік Қазақ­стан» – Орталық­ Комитеттің органы. 
Сондық­тан  біз  Орталық­  Комитетпен  байланыста  боламыз. 
Басқ­а газет-журналдардың бетінде партия саясатына лайық­-
сыз бірдеме айтылса, не жазылса, «Социалистік Қазақ­стан» 
оған  ескерту  жасап,  редакциялық­  мақ­ала  ұйымдастырып 
та  қ­ояды.  Оны  түзетудің  жолдарын  іздестіреді.  Сол  бір 
тұста  «Қазақ­  әдебиеті»  газетінің  бетінде  қ­азақ­тың  дәстүрі 
мен мәдениетін дамыту жайында мақ­алалар басылып,  содан 
ұлтшылдық­  іздеп,  Орталық­  Комитеттің  қ­аулы  алғаны  бар. 
Газет редакторы С.Мәуленов орнынан алынып, редколлегия 
таратып жіберілді. Осы мәселе біздің газеттің партия жина-
лысында  талқ­ыланғаны  есімде.  Оған  Орталық­  Комитеттің 
хатшысы  Н. Жанділдин,  бөлім  меңгерушісінің  орынбасары 
Ж. Жандосов және Жұмекең келіп қ­атысты. Бірақ­ Жұмекең 
бастық­тары қ­асында болған соң үндемей келіп, үндемей кет-
ті. 
Газетте және кейін Орталық­ Комитетте жүріп менің бай-
қ­ағаным  –  Жұмекең  сол  кезде  үгіт-насихат  бөлімінің  бас-
пасөз секторындағы ең бір жазғыш, екі тілде бірдей сауатты, 
қ­аламы жүйрік қ­ызметкер екен. Бөлімнен шығатын жауапты 
қ­ұжаттардың көбін сол дайындайды. Сондай күндерде Ғабит 
Мүсіреповтің  партиялығын  қ­алпына  келтіру  туралы  қ­ұжат 
дайындағанын білем. 
1937  жылы  Бейімбет  Майлин  ұсталғанда,  Ғабит  Мүсі-
реповтің «Бейімбет жау болса, мен де жаумын» дегені  үшін 
партиядан  шығарылғаны  біраз  елге  мәлім.  Бұл  –  Ғабиттің 
азаматтық­ ерлігі ретінде қ­азір де көп айтылып жүр. Бейімбет-
ке тым жақ­ын жүріп, оның адалдығына, жазушылық­ таланты-
на әбден сенгендіктен айтылған пікір ғой. Сол науқ­аннан өз 
басы аман қ­алғанмен, Ғабит партиядан шығып, ұзақ­ жылдар 
мемлекеттік қ­ызметке шақ­ырылмады. 1957 жылы Бейімбет 
ақ­талғаннан кейін ғана оның тазалығына көз жетті. Сол жылы 
Қазақ­станда «Ара» атты сатиралық­ журнал шығатын болып, 
соған редактор іздегенде Орталық­ Комитетте Ғабиттің кан-
дидатурасы сөз болды. Бірақ­ оның партиялығы әлі қ­аралған 

7
жоқ­ еді. Редактор қ­ою үшін жазушының партияға мүшелігін 
ескі  стажымен  қ­алпына  келтіру  қ­ажеттігі  туды.  Осы  бір 
асығыс жасалған ақ­тау қ­ұжаттары Жұмекеңнің қ­олынан өт-
ті. Ол осы қ­ағазды дайындау барысында Бейімбет пен Ғабит-
ке ортақ­ біраз мәліметтерді қ­арағаны да маған белгілі 
Бөлімде нұсқ­аушылық­ қ­ызметте Жұмекең ұзағырақ­ оты-
рып қ­алды. Әртүрлі ауысулар болып жатты, бірақ­ оның бірде-
бірі Жұмекеңді орнынан қ­озғамады. Сүйеуі, тірегі жоқ­ адам-
дардың тағдыры кейде солай болады. Маған бірде Жұмекеңнің 
осы жағдайға іштей өкпелі екендігін айтқ­аны бар. Мен бір реті 
келгенде, «осындай сауатты жігіт көп отырып қ­алды» деп бөлім 
бастығының есіне салдым. Ол оны біледі де екен. Бірақ­ «Қазақ­ 
әдебиеті» туралы қ­аулыны еске алып, «ұлтшылдық­ қ­ателерге» 
ымырашылдық­пен қ­арағанына іштей реніші де барын жасыр-
мады. Содан сенімсіздікпен қ­арап Орталық­ Комитет газет жай-
лы қ­аулы дайындағанда, Жұмекеңді  сырт қ­алдырғанын  есіне 
алды. Бұл жағдайды Жұмекең өзі де түсінді. Ақ­ыры 1958 жылы 
Мәскеуге,  СОКП  Орталық­  Комитеті  жанындағы  Қоғамдық­ 
ғылымдар академиясына оқ­уға сұранды. Өтініші қ­абылданып, 
Мәскеуге  барып,  емтихан  тапсырып  қ­айтты.  Академияның 
әдебиет пен өнер теориясы кафедрасына аспирант болып ор-
наласты. Қазақ­ әдебиетіндегі ұнамды кейіпкер проблемасы жө-
нінде кандидаттық­ диссертация дайындады. Академияның тео-
риялық­ курсын аяқ­тап, бірақ­ диссертациясын қ­орғап үлгермеген 
Жұмекеңді Орталық­ Комитет бірден қ­ызметке тағайындап, бо-
сатпады. Ол «Қазақ­ әдебиеті» газетіне редактор болды (1961-
1963).  Одан  кеткеннен  кейін  біраз  уақ­ыт  «Жетісу»  газетінде 
істеді.  Шығыс  Қазақ­стан  обкомының  органы  «Коммунизм 
туы» газеті редакциясына жұмысқ­а кетті. Диссертациясын ол 
осы тұста ғана қ­орғады. Сол жылдары менің Жоғарғы Аттес-
тациялық­ Комиссияның әдебиет жөніндегі сараптама кеңесіне 
мүше болғаным бар. Жұмекеңнің ғылыми жетекшісі, кафедра 
меңгерушісі В.В. Новиковпен сонда жүріп таныстым. Ол ылғи 
да менен «Жұмағали хабарласпай кетті. Диссертациясы дайын 
еді, қ­орғауы керек еді» деп сұрап, Жұмекеңе сәлем айтатын. 
Жоғарғы Аттестациялық­ Комиссияның кезекті бір отырысы-
на  барсам,  Жұмекең  диссертациясын  қ­орғауға  келген  екен. 

8
Соған қ­атысқ­аным бар. Диссертация бойынша дайындаған Жұ-
мекеңнің  «Облик  современника»  деген  монографиясы  1970 
жылы басылды. 
Жұмекең  Алматыға  Партия  тарихы  институтиның  марк-
сизм-ленинизм  классиктерінің  шығармаларын  аудару  секто-
рының  меңгерушісі  қ­ызметіне  шақ­ырылды  да,  1973  жылы 
үкімет оны Қазақ­ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы мем-
лекеттік  ақ­парат  агенттігі  (КазТАГ)  директорының  орын-
басары етіп тағайындады. Кейін директор болып, Жұмекең 
1987  жылдың  ортасына  дейін  істеді.  Бұл  агенттіктегі  қ­ыз-
метін  Жұмекең  үлкен  абыроймен  атқ­арды.  ҚазТАГ-тың 
бастығы  үшін  қ­ажет  талаптардың  барлығы  (екі  тілге  бір-
дей сауатты, қ­аламы жүйрік журналист, білікті аудармашы, 
ұйымдастырушы) да оның бойынан табылатын. Ол Орталық­ 
Комитеттің  қ­ұрамына  еніп,  Қазақ­  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің 
депутаты болып сайланды. Басшылық­тың мұндай сеніміне 
еңбегімен ие болуға әлдеқ­ашан қ­ұқ­ы бар Жұмекеңнің кеш 
те  болса,  оған  жеткеніне  біздер,  достары,  шын  көңілден 
қ­уандық­. Мен  әдейі іздеп  барып қ­ұттық­тап  қ­айттым. Сон-
да әңгімелесіп отырып, қ­алжыңдап: «Сен мұндай абыройға 
әлдеқ­ашан ие болатын адам едің. Кеш те болса, жеткеніңе 
қ­уанам.  Еңбегің  үлкен,  бірақ­  бағың  жанбай  жүрген  жігіт 
едің. Құдай әлдеқ­алай бір қ­ырсығынан сақ­тасын! «Кедейдің 
етегіне  бидай  салсаң,  жел  соғып  төгеді»  деген  бар.  Содан 
аман бол», – деп едім. Күлісіп тарасқ­амыз. «Жаманның айт-
қ­аны  келмейді,  сандырақ­тағаны  келеді»  деген  ғой.  Кейін 
Жұмекеңді желтоқ­сан оқ­иғасына күйдіріп, қ­ызметінен алып 
тастағанда, осы сөзді айтқ­аныма сондай өкіндім. Ол Қайрат 
Рысқ­ұлбековтің  суретін  газетке  басып,  сот  процесі  жайлы 
халық­қ­а  мәлімет  таратқ­аны  үшін  қ­атаң  сөгіспен  орнынан 
алынды.  Ал,  бүгін  шынын  айтсақ­,  Жұмекеңнің  80-жылда-
ры  Қазақ­станда  басталған  ұлттық­  қ­озғалысқ­а  тілектестік 
білдірген, ана тілі мен қ­азақ­ мәдениетінің дамуына, ұлттық­ 
дәстүрлерді  жаңғырту  мәселелеріне  ұлтжандылық­пен  қ­а-
рағаны жасырын емес еді. Орталық­ Комитет көзіне түскен 
хабар да соның жалғасы сияқ­ты болатын. Оған басшы қ­ыз-


меткерлерге  арналған  зейнетақ­ы  да  бұйырмай,  қ­атардағы 
қ­ызметкердің зейнетақ­ысымен кетті. 
Осындай жағдайда оны біз Қазақ­стан Ғылым Академия-
сының М. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтына 
шақ­ырып алдық­. 
Ұзақ­  жылдар  бойы  бұқ­аралық­  ақ­парат  қ­ұралдарында 
жауапты  қ­ызметтер  атқ­арғанмен,  Жұмағали  күшті  публи-
цист,  әдебиет  сыншысы  және  зерттеуші  болатын.  Филоло-
гия  ғылымының  кандидаты,  белгілі  тақ­ырыптарда  жазған 
монографиялары мен сын кітаптары бар қ­аламгер еді. Оның 
әдеби мақ­алалары, публицистикалық­ толғау, эссе, очерктері 
республика баспасөзінде үзбей басылып жүрді. Олардың бі-
разы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мерейі» (1978) 
кітаптарына кірді. 
Жұмағалидың Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқ­анов, Ғ. Мү-
сірепов,  Ғ. Мұстафин,  І. Есенберлин,  І. Омаров,  М. Қаратаев, 
Х. Есенжанов,  Т. Ахтанов,  С. Мәуленов,  Ғ. Қайырбеков  шы-
ғармашылығы  жөнінде  жазған  әдеби-сын,  зерттеу  еңбекте-
рі  оқ­ырман  жүрегінен  жылы  орын  тепкен.  Ол  М. Әуезов 
пен  Ғ. Мүсірепов  шығармашылығына  көп  уақ­ыт  арнады. 
Мұхтардың  17  томдық­  шығармалары  жөнінде  мақ­ала  жаз-
ды.  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  ақ­ын  бейнесін  зерттеді. 
Ал, Ғабит туралы еңбектерінде жазушының негізгі шығар-
маларын кең талдап, оның қ­оғамдық­-саяси өміріне зор баға 
берді.  Ол  жайлы  жаңа  деректер  жариялады.  Архив  мате-
риалдарына  сүйеніп,  Ғабиттің  үш  ерлігі  («Бесеудің  хаты», 
«Бейімбет жау болса, мен де жаумын», «Абай» романының 
бірінші кітабы жайлы батыл жазылған баяндамасы) жайлы 
мақ­алалар жазды. Екі жазушы туралы естеліктер жариялады. 
Жұмағали еңбектерінде қ­азақ­ әдебиетіндегі сынның дамуы-
на, әдеби саяси-қ­оғамдық­ еңбектерді аудару мәселелеріне қ­а-
тысты да көптеген ой-пікірлер қ­амтылған. Оның Н.А. Доб-
ролюбов  пен  М. Горькийдің  әдеби-сын  еңбектерін  аударып 
бастыруын да автордың осы саладағы ізденістерінің бір са-
ласы деп қ­арауға болады. 
Осыларға қ­оса, Жұмекеңнің шығармашылық­ еңбектерін-
де ол жасаған саяси-ғылыми және көркем әдебиет аударма-

0
лары  да  мол  орын  алады.  Оның  қ­аламынан   Маркстың, 
Ф. Энгельстің,  В.И. Лениннің,  А.В. Луначарскийдің  саяси 
еңбектері аударылып, жарық­ көрді. Ол – көркем әдебиеттің 
Қазақ­стандағы  таңдаулы  аудармашыларының  бірі.  И. Тур-
геневтің,  А.П. Чеховтың,  А. Островскийдің  жекелеген  шы-
ғармаларын  аударды.  Бальзактың  «Үзілген  үміттер»,  Стен-
дальдың  «Қызыл  мен  қ­ара»,  Ю. Бондаревтің  «Жағалау», 
және  «Таңдау»,  В.Анчишкиннің  «Арктика  аңызы»  роман-
дары,  В. Дальдің  «Бекей  мен  Мәулен»,  Э. Казакевичтің 
«Көк дәптер» хикаяттары сияқ­ты әлемдік әдебиеттің үздік 
үлгілерін  қ­азақ­ша  сөйлетті.  Аударма  мәселелеріне  арналған 
одақ­тық­,  республикалық­  жиындардың  талайында  баянда-
малар  жасап,  талқ­ылауларға  қ­атысты.  Қазақ­  терминология 
комиссиясында да өнімді жұмыс атқ­арды. 
Жұмағалидың  Ғылым  Академиясына  келер  алдындағы 
шығармашылық­ қ­оржыны осындай, толық­ еді. Ол енді бір-
ыңғай ғылыми жұмыспен шұғылданып, М. Әуезов атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институтында  аға  ғылыми  қ­ызметкер, 
бөлім  меңгерушісі  болып  істеді.  Мұнда  ол  осы  тұста  ақ­-
талып, әдеби мұрасы қ­олға тиген А.Байтұрсынов пен М. Ду-
латов шығармашылығын зерттеп, жаңа еңбектер жазды. «20-
30-жылдардағы  қ­азақ­  әдебиеті»  атты  ұжымдық­  зерттеуге 
осы екі арыс жайлы монографиялық­ тараулар берді. Осын-
да жүріп Абай шығармашылығын жаңа тұрғыдан зерттеуге 
қ­атысты.  «Абай:  ақ­ындық­  тағлымы»  (1994)  атты  көлемді 
монография  жариялады.  1995  жылы  «Абай  поэзиясындағы 
өмір  шындығын  бейнелеудің  реалистік  принциптері»  де-
ген  тақ­ырыпта  докторлық­  диссертация  қ­орғады.  Абайдың 
туғанына    150  жыл  толуы  қ­арсаңында,  1990–1995  жылда-
ры  институтта  ақ­ын  мұрасын  жаңа тұрғыдан қ­айта қ­арап 
бастыру,  зерттеу  саласында  Жұмекеңнің  қ­атысуымен  көп 
жұмыстар  жүргізілді.  Оған    белгілі  абайтанушылар,  Абай 
мұрасын  зерттеушілер  қ­атыстырылды.  Солардың  күшімен 
осы  күнге  дейін басылып келген ақ­ын шығармалары сақ­-
талған  қ­олжазбалармен,  ертеректегі  басылымдармен  жан-
жақ­ты салыстырылды, текстологиялық­ зерттеулер жүргізіліп, 


ақ­ын өлеңдеріне ғылыми толық­ түсініктер жазылды. Соның 
нәтижесінде  Абайдың  екі  томдық­  академиялық­  жинағы 
басылды. Ақ­ын туралы жаңа зерттеулер жарық­ көрді. Осы 
топтың  ішінде  Ж. Ысмағұловтың еңбегі елеулі еді. Ол бір 
топ  ғалымдармен  бірге  Қазақ­стан  Республикасының  Мем-
лекеттік сыйлығына (1996) ие болды. 
Абайтану  саласындағы  зерттеулерін  жалғастыра  оты-
рып,  Жұмекең  кейін  де  біраз  жұмыстар  тындырды.  Абай 
қ­арасөздерінің  жаңа  басылымын  дайындады.  Оған  ғылыми 
түсініктер жазды. Оның басшылығымен Абайдың 1909 жылы 
шық­қ­ан алғашқ­ы жинағы қ­айтадан басылды. 
Өмірінің  соңғы  кезінде  Жұмекең  Абай  дәстүрінің  қ­азақ­ 
әдебиетінде  өрістеуі  тақ­ырыбына  ден  қ­ойып,  жаңа  зерт-
теулер  жасады.  Қазақ­  әдебиеті  тарихының  осы  дәуірлерге 
арналған  тарауларын    жазысты.    Одан    қ­алған  «Абай: 
даналық­  дәрістері»  (2008)  атты  монография  мен  «Абай 
дәстүрі  және  қ­азіргі  қ­азақ­  әдебиеті»  атты  Жұмекеңнің 
басқ­аруымен  жазылған  ұжымдық­  зерттеу  (2009)  жарық­ 
көрді.  «Алтын  ғасырдың  ақ­  таңы»  (2009)  атты    қ­алың  кі-
табында ол ХХ ғасыр әдебиеті жайлы әр жылдары жазған 
дүниелерін, мақ­алаларын, ой-пікірлерін жинақ­тады. Соны-
мен бірге ол қ­азіргі дәуір әдебиеті бөлімі жүргізген «Қазақ­ 
романының  тарихы», «Қазақ­ көркем сөзінің шеберлері» ат-
ты  бағдарламаларға қ­атысып, олардың жекелеген тараула-
рын жазды. 
Бұл  еңбектер  Жұмекеңнің қ­азақ­ әдебиеті тарихын  зерт-
теуде үлкен үлесі барын танытады. Ол тәуелсіздік дәуірінде 
ұлттық­  әдеби  мұраны  жинақ­тап,  жаңаша  бағалауда  қ­айрат 
көрсеткен азғантай топтың ішінде болды. Қазақ­тың ақ­сақ­ал 
әдебиетшілері қ­атарынан орын алды. 
Еңбекшілдігінің, қ­айраткерлігінің, ғалымдығының үстіне 
Жұмекең  ер  жүректі,  дос  көңілді,  жұртқ­а  қ­айырымы  мол 
Азамат еді. Жаны жұмсақ­, кісінің қ­ытығына тиетін сөз ай-
тпайтын, көңілі, сезімі нәзік жан болатын. Кейде болмашы 
нәрсені  көңліне  алып,  өкпелеп,  үндей  алмай  қ­алатын  мі-
незі бар-ды. Мен ондайды бірден аңғарып, Жұмекеңе басу 

2
айтушы ем. «Болмашы нәрсені көңліңе алма, өмір дегеннің 
өзі  осындайдан  тұрады  ғой»  деуші  ем.  Бірақ­  адал  достың 
көңлінің кірлемегенін дұрыс көруші ем. Жұмекең де мұны 
сезетін, маған да ылғи жылы көзбен қ­арап жүретін. 
Жұмекең жөнінде сөз айтқ­анда, оның жары Фарида ту-
ралы  айтпай  кету  мүмкін  емес.  Біз  отбасымызбен  –  Әлия 
екеуіміз  Факеңді,  оның  мінез-қ­ұлқ­ын,  жолдастығын  қ­атты 
сыйлаймыз.  Біздің  ақ­  көңілімізді  ол  да  сезінеді.  Жұмекең 
Мәскеуге оқ­уға кеткенде де, кейін Шығыс Қазақ­станға кетіп 
біраз уақ­ыт жүріп қ­алғанда да, ол бізден қ­ол үзген емес. Әлия 
екеуі дос көңілмен жақ­сы сыйласты. Оны әлі де жалғастырып 
келе жатыр. Факеңнің ерлігі сол бір тұста өз басына түскен 
ауыртпашылық­тарға төзімділікпен қ­арап, қ­ызметін атқ­арып, 
бала-шағасына  ие  болған  азаматтығынан  көрінеді.  Біз  оны 
осы қ­ылығы үшін жақ­сы көреміз, зор бағалаймыз. «Фарида 
– сенің адал жарың, тілектесің. Бейнет пен ауыртпашылық­ты 
да ерлікпен көтеріп келеді, қ­алған өміріңде оны ренжітпей, 
көңліне  қ­арап  жүр»  деуші  ем  Жұмекеңе.  Жұмекең  де  оны 
түсіністікпен қ­абылдайтын. 
Өмір  мен  оған  қ­ұштарлық­ты  туғызатын  дос  көңіл  ғой. 
Жұмекеңді еске алғанда ол біздің ойымызда тұрады. Бақ­ұл 
бол, абзал дос! 
                                           

3


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал