Перспективасы



жүктеу 59.75 Kb.

Дата14.04.2017
өлшемі59.75 Kb.

ӘОЖ 377.031:681.518 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МАМАНДЫҒЫ 



СТУДЕНТТЕРІНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ 

ПЕРСПЕКТИВАСЫ 

 

З.А.Маханова 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ. 

 

Жаңа  ғаламдағы  жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесінің  жетілуі  жоғары  технологияның 



дамуымен  және  ақпараттанумен  анықталады.  Қоғамның  жоғары  деңгейдегі    мамандарды 

қажетсінуі,  кәсіби  білім  алып  жатқан  жеке  тұлғаның  қызығушылығын,  Қазақстанның  бүкіл 

ғаламдағы бағытын, білім беру процесінің әртүрлі басқа да жақтарының өзгеруіне әкелді. Жоғары 

білім  беру  жүйесінің  құрылымы  қалыптасты,  демек,  оқыту  технологияларының  жетілуіне  сәйкес 

білім беру мазмұнын қайта қарау керек. 

Қазақстандағы  жоғары  білім  беру  сапасы  барлық  кезде  жоғары  оқу  орнындағы    ғылыми 

еңбектермен  және  ғылыми  дәстүрлі  білім  берумен  анықталған.  Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесінің 

актуалдығы осы дәстүрлерді сақтау болып табылады. 

Қазақстандағы  ғылымның  қалыптасуы  және  дамуы  жоғары  білім  беру  жүйесінің  дамуы 

мен тұрақтануын қалыптастырды. 

Кәсіпке  бағдарлау  –  студенттерге    өздерінің  қабілеттеріне  сай,  өндірісте  және  халық 

шаруашылығының  мұқтаждарына  керекті  мамандықты  таңдауға  бағытталған  психологиялық  – 

педагогикалық және медециналық шаралар. 

Есептеу  техникасының  өндіріске  кеңінен  енуі,  өнім  процестерін  автоматтандыру  және 

механикаландыру,  робот  техникасын  батыл  қолдану  өндірісте  және  халық  шаруашылығына 

бесаспап оператор, программалаушы, техник, аппаратшы даярлауды қажет етеді. 

Сонымен  бірге,  студенттерді  түрлі  жұмысшы  мамандықтарын  даярлау  жүйесінде 

математика  пәнінің  атқарар  ролі  зор.  Пәнді  оқыту  барысында,  оның  ғылыми  желісін  бұзбай, 

студенттерден  математикалық  салауаттылықты  талап  ететін  және  математикалық  әдіс-тәсілдер 

пайдаланылатын мамандықтармен ұдайы таныстырып отыруы қажет [1]. 

Студенттердің  математикаға  құмарлығы  өздерінің  болашақ  қызметтерінде  осы  білімдерін 

қолдану мүмкіндіктерімен  күшейеді. Сондықтан студенттердің оқуға ынтасын арттырумен бірге, 

кәсіптік мүддесін анықтап, оларды тәрбиелеудің мәні зор. 

Жоғарғы  оқу  орындарында  дұрыс  ұйымдастырылған  кәсіптік  бағдар  беру  жүйесі 

студенттерге  жан-жақты  білім  беру  және  тәрбиелеумен  бірге,  оқытудың  политехникалық 

принципін  жүзеге  асыруды  көздейді.  Бұл  бір  жағынан  студенттерді  өнеркәсіп  пен 

ауылшаруашылығында  қолданыс  табатын  математикалық  әдіс-тәсілдермен  таныстыруды  қажет 

етеді. 


Егер техника ғылымында, өндірісте халық шаруашылығының өнімдерін өндіру негіздерін 

оқыту, 


студенттерді 

өнімді 


еңбекке 

қатыстырумен 

үйлестірілсе, 

онда 


студенттерге 

политехникалық білім беру мен кәсіптік бағдар беру міндеттері ауқымдырақ шешіледі. 

Политехникалық оқыту, жалпы ғылымдық негізді  қалай отырып, қоғам мүшелеріне нақты 

ғылыми-техникалық  жағдайларға  икемделуінде,  жаңа  кәсіптерді,  жаңа  компьютерлік  технология 

мен  технологиялық  процестерді  меңгеруіне,  еңбек  әдістері  мен  тәсілдерінің  бірінен  екіншісіне 

көшуге  мүмкіндік  береді.    Математиканы  оқыту  кезінде  еңбек  дағдылары  сабақ  үстінде,  оқу-

өндірістік комбинаттарындағы практикалық жұмыс кезінде шыңдалып, жетілдіріледі. 

Математиканы  оқыту  барысында  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысының  қорытындысы  – 

студенттердің қоғамдық пайдалы еңбекке даярлығы мен олардың кейбір практикалық мәселелерге 

матиематиканың  әдіс-тәсілдерін  қолдану  шеберлігімен,  еңбектің  әр  алуан  түрлеріне  бейім 

болуымен бағаланады [2]. 

Кәсіптік  деңгейін  көтеру  барысында  әр  түрлі  көрнекі  құралдарды  пайдаланудың,  өндіріс 

орындарына,  есептеу  орталықтарына  экскурсия  жасаудың,  өндіріс  озаттарымен,  инженер-техник 

қызметкерлерімен  кездесу  ұйымдастырудың  маңызы  зор,  себебі  мұнда  студенттердің  кәсіптер 

жөніндегі түсініктері кеңейіп, нақтылана түседі. 

Тәжірибенің  көрсетуінше  математика  сабақтарында  кәсіптік  бағдар  беру  жұмыстарын  үш 

сатыда жүргізген жөн.  Жұмыстың кіріспе сатысында студенттерге математиканың қазіргі таңдағы 

практикалық  маңызын  әңгімелеп,  математикалық  білімнің  физика,  химия,  құрылыс,  өндірісте 



және  ауыл  шаруашылығы,  транспорт  және  т.б.  салалардағы  қолданымдарынан  хабардар    еткен 

жөн.  Сонымен  бірге,  жергілікті  өнеркәсіп  орындарындағы,  ауыл  шаруашылығында  инженер-

техниктер  қызметтеріндегі  математиканың  қолданымдарын,  олардың  еңбек  жетістіктерін 

көрсететін альбомдар мен стендтерді жасау ұтымды нәтиже береді. 

Математика  сабақтарында  жеке  тақырыптар  мен  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын 

ұштастырған пайдалы. 

Математикада  студенттер  әр  алуан  алгоритмдермен  танысады.  Осы  алгоритмдерді 

үйреткенде,  кибернетика  мамандығы,  прораммалаушы  қызметі,  сандық  программалау  арқылы 

басқарылатын станок жөнінде мағлұматтар беріледі. 

Студенттерге  кәсіптік  бағдар  беру  ісінде  озық  компьютерлік  технологияларды  сабақта 

пайдалану,  өндіріс  орындары    мен  есептеу  орталықтарында  экскурсиялар  жасаған  жөн.  Мұнда 

міндетті  түрде,  қайсыбір  мамандықтардың  математикамен  байланысын,  оларға  математикалық 

білімнің қажеттілігін әрдайым ескертіп отыру керек. 

Ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік  прогресс  жағдайында  және  республиканың 

егемендік  алуы  жағдайында,  жастардың  өмірі  мен  оларды  еңбекке  баулу  мақсаты  және  оларды 

оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапасын  жан-жақты жақсарту  қажеттігі  қазіргі  заманда  дәлелдеуді  талап 

етпейді [3]. 

Студенттерді  математикаға  даярлауды  жақсарту  проблемасы,  әсіресе  қазіргі  кезеңде, 

барынша алуан  түрлі  ғылымдарға  математиканың жедел  енуі  өмір  шындығына айналып  отырған 

кезде  ерекше  артып  отыр.  Алайда,  студенттерді  оқыту  мен  тәрбиелеу  институттар  мен 

университеттерде  әдістемелік-математикалық,  психологиялық-педагогикалық  және  кәсіптік 

даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты. 

Соңғы  жылдардағы  жұмыс  тәжірибеміз  университеттердің  түлектерін  математикаға 

даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екендігін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте 

математика  курсы  бойынша  алған  білімдерінің  қазіргі  талаптарға  сай  келмейтіндігі; 

математикалық  білімдерді  алудағы  формализм;  математикалық  мәдениет  пен  математикалық 

ойлау  деңгейінің  төмендегі;  әдістемелік  білімдердің  атүстілігі;  ғылым  және  оқу  пәні  ретінде 

математикаға  деген  ынта-ықылас,  пәндік  тұрғыдан  да  жалпы  педагогикалық  тұрғыдан  да  алдағы 

қызметті  білуге  ұмтылушылық  сияқты  қасиеттерінің  жеткілікті  дәрежеде  дамымағандығы. 

Сонымен  студентті  университетте  оқыту  кезінде,  математика  пәні  оқыушысының  кәсіптік 

шеберлігі  негіздерінің  қазіргі  кезеңде  жоғары  оқу  орындарын  дамыту  міндеттерін  шешу  үшін 

қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. 

Бұл мынадай себептерден туып отыр: 

– жоғары  оқу  орындары  мен  мектептерде  оқытылатын  математика  курстары  арасында 

мазмұны жөнінен де, баяндау әдістері жөнінен де елеулі алшақтық бар; 

– университеттің  математика  курстарының  оқытушылары  болашақ  ақпараттық  жүйелер 

мамандығы  студенттерінің    әдістемелік  көзқарастарын  қалыптастырудың,  оған  дидактика 

принциптерін,  педагогикалық  қызмет  тәсілдері  мен  әдістерін  нақты  оқытудың  өздеріне  бар 

мүмкіндіктерін жеткілікті дәрежеде іске асырмайды; 

– математика курстары бағдарламаларының жүктемесі тым ауыр, көп ретте үстірт, болашақ 

ақпараттық жүйелер мамандығы студенттерінің   нақты даярлауға емес, жоғары білімді  маманды 

дәйексіз даярлауға бағдарланған; 

– кафедралар  курстың  түрлі  бөлімдерінің  арасындағы  ішкі  тақырыптық  байланыстарды 

және  түрлі  пәндер  арасындағы  тақырып  аралық  байланыстарды,  сондай-ақ  теория  мен  практика 

арасындағы байланыстарды анықтауға жете көңіл бөлмейді; 

– студенттер  іздемпаздық  жұмыспен  жеткілікті  дәрежеде  айналыспайды,  бұл  орайда  оны 

оқытушылар тарапынан бақылау нысандарының елеулі түрде жетілдірілмегендігі байқалып отыр; 

– оқытушылар тарапынан талап қоюшылық дәрежесі төмен. 

Осы себептердің бәрі түптеп келгенде ең басты нәрсеге: 

университеттердің  студентттеріне  математиканы  оқыту  процесін  біліксіз  кәсіптендіруге  

саяды.   

Болашақ  ақпараттық жүйелер маманын  кәсіпке даярлау ісін жақсарту университеттерден 

оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  жаңа,  неғұрлым  тиімді  жолдарын  талап  етеді. 

Университетте  сабақ  беру  ісін  педагогтік  кәсіпке  бағыттау  осындай  жолдардың  бірі  болып 

табылады,  оның  негізгі  мақсатына  студенттердің  бірінші  курстан  бастап  болашақ  мамандыққа 

дәйектілікпен бағдарлау арқылы қол жеткізіледі. 



Осы  проблеманы  шешуде  арнаулы  пәндер  де  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Сондықтан 

жоғарғы оқу орнында арнаулы пәндерден сабақ беруді кәсіпке бағыттау проблемасы барған сайын 

көкейтесті  проблемаға  айналып  отыр.  Арнаулы  пәндерден  сабақ  берудің  педагогтік  кәсіпке 

бағытталуын  жетілдіру  студентттердің  кәсіпке  неғұрлым  ойдағыдай  бой  үйретуін  қамтамасыз 

етеді,  ғылыми  білімдер  жүйесін  қалыптастыруға,  студенттердің  болашақ  педагогтік  қызметке  оң 

көзбен қарауына, студенттердің танымдық іздемпаздық әрекетін жандандыруға, олардың бойында 

кәсіпқойлық қасиеттердің қалыптасуына, олардың жеке тұлғаға айналуына септігін тигізеді. 

Математикалық  курстарды  кәсіпке  бағыттау  ең  алдымен  сабақ  берудің  өзі  студенттерге 

материалды ғылыми тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да, баяндау үлгілерін беруге, оларға сабақ 

беру  әдістері  мен  тәсілдерін  іс-әрекет  үстінде,  яғни  практикалық  тұрғыдан  көрсетуге  тиіс 

екендігімен  сипатталады.  Оны  іске  асыру  үшін  біз  тиісті  курстарды  оқып  үйрену  барысында 

жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  математика  жөніндегі  оқулықтарды  міндетті  түрде 

пайдалану қажет. Осы мақсатпен мыналарды жүзеге асыру қажет: 

–  дәрістік  курста  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу  құралдарындағы    тиісті 

мәселелердің қалай баяндалатынын талдау; 

–  осы  баяндаудағы  қисындық  ағаттықтарды  көрсету,  осы  ағаттықтардың  пайда  болу 

себептерін анықтау және олардан арылу жолдарын іздеп табу; 

–  математикалық  курстарда  тұжырымдалған  анықтамаларды,  теоремаларды  және 

ережелерді  суреттейтін  мысалдар  ретінде  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқулықтардан 

алынған есептер мен  жаттығуларды пайдалану; 

–  практикалық  сабақтардағы  жаттығулар  жүйесіне  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу 

құралдарынан, олимпиадалық жинақтардан, «Квант», «Математика», т.б. алынған есептерді еңгізу, 

студенттерге оларды шешу әдістерін таныстыру; 

–  жоғары оқу орындарына арналған есептерді іздену және бақылау жұмыстарына енгізу; 

–  коллоквиумдар  өткізу,  олардың  бағдарламасына  жоғары  оқу  орындарына  арналған 

оқулықтар мен оқу құралдарынан алынған неғұрлым қиын бөлімдерді енгізу. 

Жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу  материалын  бұлайша  пайдалану  болашақ 

ақпараттық жүйелер маманын кәсіпке даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол 

студенттерге  сабақты  ойдағыдай  жүргізу  үшін  олардың  меңгеруіне  тиіс  шеберлік  пен  дағды 

көлемін көрсету мүмкіндігін береді. Мұның өзі сондай-ақ университетте математикалық пәндерді 

оқып  үйрену  жалаң  мақсат  емес,  студентті  кәсіби  қызметке  даярлау  жөніндегі  құрал  екеніне 

олардың  көзін  жеткізеді.  Сонымен  қатар  жоғары  оқу  орындарына  арналған  материалмен  танысу 

студенттердің  бойында  өздері  тікелей  жұмыс  істеуге  тиіс  материалды  ауызша  және  жазбаша 

баяндау дағдысына машықтануына жәрдемдеседі. 

Психологиялық-педагогикалық  және  әдістемелік-математикалық  циклдер  пәндерін  оқыту 

барысында қалыптасатын әдістемелік даярлық кәсіпқой болашақ ақпараттық жүйелер маманының 

қалыптасуында өзекті орын алады. 

Математикадан  сабақ  беру  әдістемесі  бойынша  зертханалық  жұмыстар  болашақ 

ақпараттық  жүйелер  маманын  практикалық  жұмысында  орындайтын  әрекетінің  негізгі  түрлерін 

игеруін,  қазіргі  педагогикалық  технологияны,  түрлі  деңгейдегі  және  қосарлама  оқулықтарды, 

оның  ішінде  оқу-әдістемелік  кешенді,  жоғары  оқу  орнына  арналған  математика  жөніндегі 

бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу құралдарын терең де жан-жақты білуін қамтамасыз етеді. 

Студентттердің  курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  дайындауы  жалпы  ғылыми, 

әдістемелік  және  математикалық  даярлықты  олардың  болашақ  ақпараттық  жүйелер  кәсібімен 

етене 

байланыстыруға  тиіс.  Диплом  жұмыстарын  жазуды  да  маманды  даярлаудың 



қорытындылаушы  кезеңі    ретінде  қарау  керек.  Диплом  жұмысы  болашақ  ақпараттық  жүйелер  

мамандығы  студенттерінің  бойында  зерттеушілік  жұмысқа  жақын  ізденімпаздық  жұмыс 

дағдыларын  машықтандыруға,  оның  танымдық  және  практикалық  әрекетін  жандандыруға 

мүмкіндік береді. 

Кейбір  математиктер  мен  әдіскерлер  математика  сабақтарында  есептеу  техникасын 

қолдану оны тиімді оқыту әдістерінің бірі деп есептеген  

Оқыту  процесіне  есептеу  техникасының  ең  тиімдісі  компьютерді  қолдану  идеясы  -

программалап 

оқыту 

тұжырымдамаларынан  туындағаны, 



оқытудың 

басқа 


техникалық 

құралдарымен  салыстырғанда  жетілдірілген  түрі  ретінде  қарастырылғаны  белгілі.  Көптеген 

еңбектерде  программалап  оқытуды  зерттеу  барысында  көз  жеткізілген  дидактикалық 

мүмкіндіктерді  ескере  келіп,  1990 жылы  қандай  оқу  материалдарына  компьютерді  қолдану  керек 

және оны оқытудың дәстүрлі әдісімен қалай байланыстыру керектігін зерттеу проблемасын  И.И. 


Мархель  қояды.  Компьютердің  оқытуда  жемісті  қолданылуы  жайлы  сөз  болғанда,  ең  алдымен 

оның  негізгі  құрылғысы  дисплей  жайлы  айтуға  болады.  Дисплейде  көрсетілген  сызбалар, 

графиктер,  суреттер,  түрлі  белгілер  және    жылжымалы  бейнелер  бірлесе  берілуімен  қатар  түрлі-

түсті,  әрі  дыбыспен  сүйемелдене  де  алады.  Компьютердің  осы  мүмкіндіктерін  қолданып, 

жоғарыда айтылғандарды оңай, әрі тиімді көрсетуге болады.  

Компьютерді  оқыту  барысында  жемісті  қолданудың  бір  жағы  студенттердің  оқу  іс- 

әрекеттерін  басқаруда  жатыр.  Компьютер  ақпаратты  білімге  айналдырып,  оны  оқу  мен  еңбекте 

қолдануда студенттің  іс-әрекет құралына айналады. Бұл жерде  оқытушының іс-әрекеті жоспарлы 

түрде  студенттердің  танымдық  іс-әрекеттерін  белсендіруге  бағытталады.  Көптеген  дидакт, 

психолог  ғалымдардың  зерттеулерінде  мұндай  оқытудың  артықшылықтары  көрсетілген.  

У.Скэнленд  атап  көрсеткендей,  оқу  тапсырмасының  берілуі  мен  оның  көрнекілігін  қамтамасыз 

ететін,  күрделі  түрлендірулер  жасай  алатын  компьютер  –  оқу  тапсырмаларын  таңдап  алып, 

олардың  орындалуы  жолдарын  жан-жақты  талдауға,  негіздеуге,  осылайша  студенттің  оқу  іс-

әрекетінің  жемістілігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  қуатты  құрал.  Ал  компьютердің  бағалау, 

реттеу  және  кері  байланыс  орнату  мүмкіндіктері  оны  оқу  процесін  жетілдіру  құралы  ретінде 

пайдалануға кең жол ашады. 

 

Әдебиет 

 

1  Школа  и выбор профессии /под ред. А.Г.Голомштоко и др.- М.: Просвещение, 1969. 



2  Зотов Ю.Б. Организация современного урока.- М.: Просвещение, 1984. 

3  А.Әбілқасымова.  Ұстаздық кәсіпке даярлау // ИФМ.- 1994.-№4. 

 

Резюме 

 

В  данной  статье  рассматриваются      современное  состояние  и  перспективы  развития 



профессионального образования в ВУЗе по специальности  «Информационные системы». 

 

Summary 

 

In  given  clause  the  modern  condition  and  prospects  of  development  of  vocational  training  in  a  higher 



Educational institution on a speciality " Information systems " is considered(examined).  

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал