ПӘнін зерделеуге арналған әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 24.91 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі24.91 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Психология және педагогика» кафедрасы

050103 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне 

«Педагогиканы оқыту әдістемесі» 

ПӘНІН  ЗЕРДЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

ПжП кафедрасының  

доценті

Б.Х.Галиева



Павлодар

Дәріске қалай дайындалу керек?

Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік

алу   үшін   осы   дәрістің   жоспарымен   немесе   тезистерімен

танысқан   жөн.   Бұл   теориялық   материалды   едәуір   терең

меңгеруге   және   дәріс   барысында   неғұрлым   жемісті   жұмыс

жасауға мүмкіндік береді. 

Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын

терминдер   мен   персоналияларды   (анықтамалардағы,

сөздіктердегі,   антологиялардағы   белгілі   бір   тұлға   туралы

биографиялық   мәліметтерді   қамтитын   мақалаларды)   алдын

ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған

әдебиеттер   тізімінен   қажеттісін   дербес   іріктеп   алып   немесе

оқытушының   ұсынысы   мен   кеңесіне   жүгініп,   кітаптың

(оқулықтың,   оқу   құралының,   анықтаманың)   тақырыпқа   сай

тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа

неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және

тиімді өтеді.

Дәрістің   сұрақ-жауап   түрінде   өткені   өте   ұтымды.   Егер

сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар,

сабақтың   нәтижелі   болуы   әбден   мүмкін.   Сондай-ақ,   мұндай

дайындық   пәнді   тереңірек   түсініп,   одан   пайда   алуға

көмектеседі.

Сіздер   дәрісті   дайындап   өткізуге,   сабақта   қысқаша

баяндамалар   жасауға,   дәріскер   ұсынған   ақпаратты   қосымша

қызықты   материалмен   толықтыруға   да   белсенді   қатыса

аласыздар.



Семинарға қалай дайындалу керек?

1. Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз. 

Жүйелі   әрі   жоспарлы   дайындық   емтиханға   қажетті   мәліметті   жинауға

мүмкіндік береді. 

Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және

қосымша   әдебиеттермен   танысудан   бастаңыз.   Дайындалу   үшін   дәістің

конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек.

Қойылған   сұрақтарға   қай   әдеби   көзден   жауап   табуға   болатынын   белгілеңіз.

Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.



2. Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз. 

Күрделі   және   қарама-қайшы   мәселелерді   оқытушыдан   сұрап   түсінуге

болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз. 

3. Курстас,   топтас   жолдастарыңызбен   бірге   дайындалғанның

пайдасы зор. 

4. Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз. 


Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі

мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу. 



5. Ұсынылған   әдебиеттер   тізіміндегі   негізгі   әдеби   көздерді

зерделеумен шектелмеңіз. 

Қосымша   әдебиеттерді   колдана   отырып,   сіздер   ой-өрісіңізді   кеңейте

аласыздар,   зерттеп-зерделеп   отырған   мәселені   жан-жақты   және   тереңірек

түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар. 



Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу 

қажет:

1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді. 

2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 

5. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ

студенттің   дайын   болуын   талап   етеді,   сондықтан   оқу   бағдарламасының

тақырыптық   жоспарында   көзделген   барлық   тақырыптарды   студент   қосымша

өздігінен зерделеу керек..

6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен,

топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі

түрлері:   оқулықпен   жұмыс,   жаттығулар,   практикалық   жұмыстар,   тексеру,

бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар

мен   баяндамалар   жасау,   тәжірибе   жасау,   тест   жұмысын   орындау   болып

табылады.   Өздік   жұмыс   студенттердің   білім   сапасын   көтеруге,

қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады.



Рефератты қалай жазу керек?

1. Рефератты жазу мақсаты: 

 ғылыми мәтінді оқу және түсіну,

 өздіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру,

 қосымша ақпаратпен танысу,

 жазба жұмыстарын рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Рефераттың көлемі басылған мәтіннің 15 бетінен артық және 8 бетінен

кем болмауы тіис. 

3. Реферат жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.

4. Реферат төмендегілерді қамтуы керек:

 оларға   сүйеніп   жазылған   әдеби   көз(дер)ді  (монография,  мақала,

мақалалар жинағы, т с.с. басылып шығу деректеріне сілтемемен бірге),

 автор(лар) туралы деректер,

 рефератталатын дереккөзде қойылған негізгі мәселелер,

 мәселенің ұсынылған шешімі,

 ұсынылған шешімді негіздейтін дәйектер, 

 автор(лар) пайдаланған деректердің сипаттамасы.

5. Рефератты бағалағанда мынадай критерийлеге сүйенеді:

 жоғарыда келтірілген талаптарды орындау сапасына,

 студенттің   рефератталған   мәтінде   негізгі   ойларды   бөліп   көрсете

алғанына,


 баяндау стиліне,

 цитаталаудың мақсатка орайлылығына,



 жазудың грамматикалық сауаттылығына. 

Табыс тілейміз!

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    • Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет:
    • 1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді.
    • 2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
    • 5. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек..
    • 6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал