ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



жүктеу 202.1 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі202.1 Kb.

Пән бойынша оқыту

бағдарламасының

(

Syllabus) 



титулдық

парағы 


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне

арналған 

«Қазақ әдеби сынының тарихы»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

(Syllabus)

Павлодар

Пән бойынша оқыту

бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

                 БЕКІТЕМІН

                                                                     

ГП факультетінің деканы      

_______  Ж.Т.Сарбалаев        

«    »                  2013 жыл

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент                    Р.М. Муталиева

Қазақ филологиясы  кафедрасы

 

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»



 мамандығыныңстуденттеріне арналған

«Қазақ әдеби сынының тарихы»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама   2013   ж.   «___»   _________бекітілген   жұмыс   оқу   бағдарламасының   негізінде

әзірленді. 

Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «    »                 №      Хаттама 

Кафедра меңгерушісі  _____________Жүсіпов Н.Қ. 2013 ж. «    »

                  (қолы)            (аты-жөні)

Гуманитарлық-педагогикалық     факультеттің   оқу-әдістемелік   кеңесімен   мақұлданды

2013 ж. «          »                №    Хаттама 

ОӘК төрағасы  ___________Ксембаева С.К.  2013 ж. «    » 

                                   (қолы)

(аты-жөні)


1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы 

«Қазақ әдеби сынының тарихы»



Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 4

Семестр: 5



Аудиториялық сабақтар – 30 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СОӨЖ – 15

Соның ішінде СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы барлығы – 90 сағат



Бақылау формасы 

Емтихан – 5 семестр



Пререквизиттер

- Қазақ халық ауыз әдебиеті

- Қазақ әдебиетінің тарихы

- Әдебиеттануға кіріспе



Постреквизиттер 

- Әдебиет теориясы

- Тарихи поэтика

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары 

Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доцент

«Қазақ   филологиясы»   кафедрасында   «А»   корпусында   (Ломов   к-сі,   64)

356 аудиторияда орналасқан. 

Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет



2 Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пән: «Қазақ әдеби сынының тарихы»

20-21 ғасырдағы қазақ әдебиеті сынына қатысты мәселелер



Пәнді   оқыту   мақсаты:  Әдеби   сын   туындыларымен   таныстырып,   әр

кезеңдегі сын сипатымен таныстыру.



Пәннің міндеттері:

- дұрыс әдеби сын жөнінде түсінік беру;

- әр кезең сынының ерекшелігіне талдау жасату;

- кеңес дәуіріндегі сынның солақайлығын таныту;

- тәуелсіздік жылдардағы әдеби сынға талдау жасату.

3  Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар 

Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:



әдеби сын жөнінде түсініктері болуы; 

білуі тиіс:

көркем шығарманы әдеби сын тұрғыда талдау талаптарын;



дағды мен икемділігі:

кеңес дәуіріндегі сынның саясат құралы екенін түсінуге икемді болуы; 



қолдана білуі:

әдебиет тарихында сыни ерекшеліктерді айқындай білу.



5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды 

бөлу



р/с

Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша

дәрісханалық   сағаттар

саны

СӨЖ

          дәрі

стер

Практикалық

(семинар)

Барлығы 

оның

ішінде

СОӨЖ

1

1-тақырып.

 

Қазақтың   сыни



пікірінің   оянуы   және   әдебиет

сынының тууы. 

 1

1

2



1

2

2-тақырып.  

Қазақтың     ағартушы-

демократтарының сыни ойлары. 

 1

 1

2



1

3

3-тақырып.ХХ   ғасыр   басындағы

әдеби сын

 1

 2



2

2

4

4-тақырып.

 Алашшыл әдеби сын

 1

 1

6



1

5

5-тақырып.  Кеңестік   дәуірдегі   әдеби

сын.   Жиырмасыншы   жылдардағы

сын.


 3

 3

6



3

6

6-тақырып.

  Соғыс   кезіндегі   әдеби

сын


 1

 1

6



1

7

7-тақырып.  Соғыстан   кейінгі   әдеби

сын

 1

 1



6

1

8

8-тақырып.

 

«Жылымық»



жылдарындағы   әдебиеттану   (50

жылдардың екінші жартысы)

 1

 1

6



1

9

9-тақырып.



  «Жеңген   социализм»

тұсындағы әдеби сын (60 жылдар)

 1

 1

6



1

10  1

 1

6



1

10-

тақ


ыр

ып

.



«К

ем

ел



де

нг

ен



со

ци

ал



из

м»

тұ



сы

нд

ағ



ы

әд

еб



и

сы

н



(7

0

ж



ыл

да

р)



11

11-тақырып. «Қайта құру» кезеңіндегі

әдебиет (80 жылдар)

 1

 1



6

1

12

ХХІ ғасырдағы әдеби сын

2

2



6

2

Барлығы:90  (2 кредит)

15

15

60



15

6 Дәріс сабақтарының мазмұны 

1-тақырып. Қазақ әдеби сыны туралы жалпы түсінік

Жоспар:

1. Қазақ әдеби сынының зерттеу объектісі

2. Қазақ әдебиеті сынының тарихы

1.   Қазақ   әдебиетінің   тарихы   -   қазақтың   ұлттық   көркем   әдебиетін

зерттейтін   ғылым.   Қазақ   әдебиетінің   тарихы,   теориясы,   сыны,   сондай-ақ

мәтіні мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қ. ә. ғ-ның мақсаты

мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу,

әдеби   құбылыстар   мен   сыншылдық-эстетик.,   әдеби   теор.   және   ғыл.-

зерттеушілік   ой-пікірлерді   анықтап,   ғыл.   жүйеге   түсіру   және   әр   түрлі


қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына,

қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау.

Қазіргі   Қ.   ә.   ғ-ның   ұлттық   ғыл.   ретінде   туу,   қалыптасу   және   даму   жолы

негізінен   былайша   жүйеленеді:   1)   Қ.   ә.   ғ-ның   пайда   болуындағы   тарихи

алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен бастап, 20 ғ-ға дейінгі уақыт

аралығын қамтиды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-

дың   соңына   дейін   созылған   ұзақ   мерзім   Қ.   ә.   ғ-ның   тууына   дейінгі   тарих

алдындағы   дайындық   кезең   болды.   Ол   19   ғ.   шегінде   Ресей   ориенталист-

фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлттық зиялы

қауым   өкілдерінің   фольклортану,   әдебиет   тарихы   мен   теориясы

салаларындағы   зерттеу   еңбектерінде   белгілі   бір   дәрежеде   өсіп,   ұлттық

ғылымның тууына негіз болды; 2) Қ. ә. ғ-ның туу кезеңі (1900–40). 20 ғ-дың

басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен

теориясы   мәселелерінің   нақты   сөз   бола   бастауы,   библ.   бағытта   алғашқы

қадамдардың жасалуы Қ. ә. ғ-ның пайда болғандығын көрсетті. 20 ғ-дың 20-

жылдары   «Әдеби   мұра   керек   пе,   жоқ   па?»   деген   мәселеде   Қ.   ә.   ғ.

пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны жинау,

жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану секілді өзекті

мәселелерді   шеше   алды.   Ал   30-жылдары   «тұрпайы   социологизм»

теориясының   ықпалында   бола   тұра,   фольклор   мен   қазақ   әдебиетінің   сан

ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу

секілді   келелі   мәселелерге   батыл   бара   білді.   Сонымен   қатар,   осы   уақыт

аралығы   Қ.   ә.   ғ.   үшін   ғыл.-зерт.   әдіснамасын   меңгеру,   идеялық,   шығарм.

принциптерді   игеру   кезеңі   болды.   Алайда   осы   кезеңде   болған   «Ұлтшыл-

алашшылдарға» қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қ. ә. ғ-ның ізашарларын,

тәжірибелі   әдебиетші   ғалымдарды   қуғын-сүргінге   ұшыратты.   Осындай

қиыншылықтарға   қарамастан,   Қ.   ә.   ғ.   1900–40   ж.   аралығында   өзінің   туу

кезеңін аяқтады; 3) Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңі (1941–70). Қ. ә. ғ. бұл тұста

қазақ   әдебиеті   тарихын   кезеңдеуде,   жеке   ақын-жазушылар   шығармаларын

моногр.   тұрғыда   зерттеуде,   фольклортану   мен   әдебиет   теориясының

мәселелерінде көңіл аударарлық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта

кезінен   басталған   жаңа   бетбұрыс   жеке   басқа   табынушылықтың   зардаптары

мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қ. ә. ғ-ның ұлттық мақсат-

мүддеге   сай   ізденістер   жасауына   мүмкіндіктер   бермеді.   Маркстік-лениндік

әдіснаманың   әдебиеттің   таптығы,   халықтығы,   партиялылығы   қағидалары,

ұлттық   нигилизмнің   өріс   алуы   ғыл.-зерттеушілік   ой-пікірдің   адымын

аштырмады;   4)   Қ.   ә.   ғ-ның   даму   кезеңі   (1970   жылдан   бастап).   Қ.   ә.   ғ-ның

қалыптасу кезеңінде талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теор., сыншылдық-

эстетик. ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғыл. сауаттылығы мен

табандылығы   жоғары   әдебиетші,   сыншы   ғалымдар   шоғыры   пайда   болды.

1970–80   ж.   ғыл.-зерт.   жұмыстары   маркстік-лениндік   әдіснама   ықпалында

болса   да,   ұлттық   әдебиетті   тарихи,   теор.   тұрғыдан   тексеру   жұмыстарында

табысты қадамдар жасала бастады. 


2. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ

әдебиетінде   өсіп-өркендеу  жолдары  моногр.  тұрғыда  жан-жақты сөз  болып,

теор. мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі

мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, хикаят (повесть), әңгіме, юмор

мен   сатира   арнайы   зерттеу   нысанына   айналды.   1990   жылдан   бастап,

тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен

«ақтаңдақтар» қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді.

21 ғ-ға қарай Қ. ә. ғ. қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын,

бүгінгісін   әлемдік   әдебиеттанумен  салыстыра   отырып,  саралай   алатын  ғыл.

саласына   айналды.   Қысқаша   айтқанда,   Қ.   ә.   ғ.   өзі   пайда   болғанға   дейінгі

тарихи   алғышарттар   кезеңінен   бастап   бүгінгі   күнге   дейінгі   аралықта,

негізінен, мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ

ежелгі   дәуірдегі   әдеби   мұраны   игеруден   басталған   сыншылдық-эстетик.,

әдеби-тарихилық, әдеби-теор. сипаттағы ізденістер ұлттық ғыл.-зерттеушілік

ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды;

қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба

әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды;

Қазан   төңкерісіне   дейінгі   және   одан   кейінгі   әдебиет   тарихының   көрнекті

өкілдерінің   өмірі   мен   шығарм.   мұрасы   ғыл.   тұрғыда   тексеріліп,   моногр.

жағынан тұтас  және толық қарастырылды. Әдебиетті теор. тұрғыда  зерттеу

алға басты, дүниежүзілік теор. ұғым-түсініктерді ұлттық сипатта меңгерумен

қатар, жеке жанр түрлерінің туып-өркендеу жолдары жан-жақты сөз болды;

қазақ әдебиетінің сыны жеке жанр ретінде қалыптасты, көркемдік дамудағы

жетекшілік   рөлі   артты,   эстетик.   өрелі   биіктерге   көтерілді,   әдебиеттанудың

жеке пәні ретінде кескін-келбетін анықтады; әдеби мұраны игеру мәселесіне

сай   ғыл.-зерт.   әдіснамасы,   теориясы,   тарихилық   принципі   біршама   дұрыс

шешілді;  қазақ  әдебиеті  мектептер   мен  жоғары  оқу  орындарында   жеке   пән

ретінде   оқытылып,   тұрақты   оқу   құралдарымен   қамтамасыз   етілді;   ғыл.-

зерттеушілік ой-пікір кеңес дәуіріндегі әдебиетті теор., әдіснамалық тұрғыдан

тексеруде,   сыншылдық   пен   бағалауда   дүние   жүзіне   таныта   алатындай

дәрежеге көтерілді; кеңестік  идеология мен маркстік-лениндік ілім әсерінен

түрлі   бұрмалаушылықтарға   барған   теріс   тұжырымдарын   түзетіп,   тарихи

тұрғыда әділ, ұлттық сипатта дұрыс, ғыл. бағытта терең зерттей алуына жол

ашты; қ. Әдебиеттану; Библиография; Қазақ фольклортану ғылымы.

  Әдеб.:  Жұмалиев  Қ.,  Қазақ   эпосы  мен әдебиет   тарихының  мәселелері,  А.,

1958; Әдеби мұра және оны зерттеу, А., 1961; Қазақ фольклористикасының

тарихы,   А.,   1988;   Кәкішев   Т.,   Қазақ   әдебиеті   сынының   тарихы,   А.,   1994;

Смағұлов Ж., Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 1999.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.

2-тақырып. Қазақ әдеби сыны туралы жалпы түсінік

Жоспар:

1. Қазақтың  сыни  пікірінің  оянуы және  әдебиет  сынының  тууы.

2. Әдебиет  сынның  арналары


1. Көркем   өнер   халықтың   рухани   қажетін   өтеп,   талап-талғамын

қалыптастырыды.  Халық  еш  уақытта  өнерсіз  өмір  сүрмейді,  демек  өнер

бар  жерде  талғам  бар.

Көркем  әдебиет  жанрлары  бірден  қалыптаспайды,  оның  элементтері

таным     бесігінде     ұзақ     тербетіледі.     Ұсақтан     іріге,     майдадан     күрделіге

ұмтылу  барысында  әр  түрлі  арналардан  нәр  алады,  қоғамдық-әлеуметтік

және     эстетикалық     ой-пікірлердің     оянуына,     өсіп-жетілуіне     жағдай

жасалады.

Халықтық   эстетика. Сын   -   жазба   әдебиетке   тән   және   кенжелеп

туатын   жанр.   Сын   элементтерінің   халықтық   эстетикадан   көрінуі,   ауыз

әдебиеті     үлгілерінің     молдығы,     оның     ғасырдан     ғасырға     мұра     болып

сақталуы,  халықтық  түсінік-талғам  жасауы.

2. Халықтық   эстетиканың   негізі   - әсемдікті   танып-білу,   сұлулықты

қастерлеу,     ажарсыз     бен     келісізді     мінеу,     жақсылықты     дәріптеп,

жаиандықпен   күресу.   Ол   жайында   ой-тілек   білдіргенімен,   эстетикалық

талдау  жасамайтындығы.  Халықтық  эстетика  элементтері  халықтың  ауыз

әдебиеті  үлгілерінде,  әсіресе  юмор  мен  сатиралық  нұсқаларда  жиі  кедесуі.

Сыншылық     ой-пікірдің     мол     арнасы     -     ақындар     айтысы.     Әдеби     сын

элементтерінің     әсері,     өнерге     қойылар     халықтық     талап-тілектің

айқындалуы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.

3-тақырып.  Қазақтың   сыни     пікірінің   оянуы   және   әдебиет   сынының

тууы. 



Жоспар:

1. 50-жылдардың соңы әдеби сынының дамуы

2.

Әдебиет тарихын зерттеу мен әдеби сынның дамуы осы кезеңде



ерекше қарқынмен жүрді.

1. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының кадрларының өсіп,

әртүрлі   бағытта,   көптеген   арналармен   жедел   дамып,   қауырт   көтерілген   ең

жемісті   дәуірі   -   алпысыншы   жылдардың   екінші   жартысы   мен   сексенінші

жьидардың   соңы   еді.   Рас,   баспасөз   атаулы   партия   мен   өкіметгің   қатал

бақьтауы астында жатты, үнемі коммунистер саясаты мадақталды, әдебиетке,

өнерге,   таптық   пролетарлық   көзқарас   танылып   отырды,   сьездерді,

пленумдарды,   қаулыларды,   Ленин   мұрасын,   партия   қайраткерлері

шығармаларын   дәріптейтін   қаламгерлердің   қалың   шоғыры   қаулап   шықты;

Алаш қозғалысы, Алаш ұранды әдебиет, бірқыдыру фольклорлық мұра, ежелгі

әдебиет   үнемі   жамандауға   болатын   тақырыптарға   айналды.   Мұның   үстіне,

жеке   шығармаларды   тануда   күні   бұрын   тон   пішу,   методологиялық   кенже

қалушылық,   өнердің   эстетикалық   мәнін   ұмыту,   көңілжьщпастық,   өтірік

мақтау, талғамсыздық секілді таза кәсіби олкылықтар орын алды. 

Ал тұтастай қарағанда, 50 - жылдары қазақ әдебиеттануы мен әдебиет

сыны   әлем   әдебиетіндегі,   әсіресе   орыс,   Еуропа   топырақтарындағы

методологиялық   тәсілдерді,   түрлі   мектептердің   сабақтарын,   ұлы   ойшылдар,


әдебиетшілер,   сыншылар   мұрасын   бірқыдыру   меңгеріп,   оларды   ұластыра

дамытып, ұлттық өнерді талдап - бағалап, саралауда көп іс тындырды. 

Әрбір кезең әдебиеті дамуына ықпал ететін тарихи әлеуметтік жағдайлар

болады. Әдебиеттің де, әдебиет туралы ғылым мен сынның да дамуына бұл

тұста   Сталиннің   жеке   басына   табыну   салтын   сынау,   демократиялық

нормаларды   қалыпқа   келтіруге   тырысу   жайлы   партияның   нұсқаулары   әсер

етті.   Бұрын   қатып   семіп   қалған   коммунистік   қағидалардың   босаңсуы

«жылымық» аталған кезеңді туғызды. Одақтық әдебиет те, ұлт әдебиеттері де

осы   мүмкіндікті   пайдаланып,   өздерінің   қордаланып   қалған   мәселелерін

көтерді.   Қазақстан   Компартиясының   Орталық   Комитеті   1957   жылы   «Қазақ

халқының   әдеби   -   поэзиялық   және   музыка   мұрасын   зертгеудің,   сын

тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы»

қаулы қабылдады. Онда 50 - жылдары жаппай сынға ұшыраған мәдени мұраны

қайта   қарау,   сын   тұрғысынан   қарап   пайдалану   жайы   қозғалды.   Мәселені

түгелдей   шешпегенмен,   бұрынғы   нигилистік   көзқарасты   қайта   қарауға

бетбұрыс жасалды. Осы мақсатпен 1959 жылы Fылым Академиясында мәдени

мұраға   байланысты   үлкен   ғылыми   конференция   ұйымдастырылды.

Конференция ұсыныстарына сәйкес қазақ халқының фольклорлық мұралары

мен   әдебиеті   тарихының   мәселелері   жан-жақты   эерттеле   бастады.   «Сын

көзімен қарай» отырып, бұрын шығармашылығы қайшылықты делінген ақын -

жазушылар еңбектері жайлы тың пікірлер туды. Осы тың, жаңа байламдарға

сүйеніп,   алпысыншы   жылдардың   басынан   бастап,   «Қазақ   әдебиетінің

тарихын» жазу ісі қолға алынды. Мұндай тарих жасау талабы соғыстан кейін-

ақ күн тәртібіне қойылған еді. Оның фольклорға арналған бірінші томы 1948

жылы   жарық   көрді.   Алайда   ол   осы   жылдардағы   партияның   ұлтшылдыққа

қарсы күресі науқанына ілігіп, сын алды. Әрі қарай тарих жасау  ісі тоқтап

қалды. Кеңес дәуірі әдебиетіне арналған материалдар 1949 жылы «Қазақ совет

әдебиеті   тарихының   очерктері»   деген   атпен   басылып   еді,   ол   да   сынға

ұшырады. Сөйтіп, қазақ әдебиетінің тұтас тарихын жасау ісі тоқтап қалған-ды.

Қазақ   Ғылым   Академиясының   Әдебиет   институтының   ғалымдары   ғылыми

зертгеудегі   жаңа   мүмкіндіктерді   пайдаланып,   қазақ   халқының   бай   әдеби

мұрасын   зерттеп,   тарих   күйінде   оқырманға   ұсыну   қажетгігін   тағы   да   күн

тәртібіне қойды. 

Үш том, алты кітаптан тұратын «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1960-1967

жыл аралығында шықты. Онда қазақ ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының

мол   материалы   жинақталып,   ғылыми   айналымға   түсті.   Халықтық   әдебиет

мұрасын мундай дәрежеде жинақтап, зерттеу  бұған дейін де, одан  кейін де

жүргізілген емес. 

«Тарихтың»   бірінші   томының   бірінші   кітабы   қазақ   халқының   ауыз

әдебиетіне   арналды.   Оның   жазылуына   М.Әуезов   басшылық   жасады.   Бұл

тақырыпқа жазылған бұрынғы зертгеулердің тәжірибесіне сүйене отырып, том

авторлары   халық   әдебиетінің   бұл   саласындағы   деректі   материалды   мол

пайдаланды.   Қазақ   фольклоры   жанр   -   жанр   бойынша   жіктеліп   зерттелді.

Оларда бұрын пайдаланудан шығып қалған тұрмыс - салт жырларының кейбір



салалары (діни ұғымдарға байланысты жырларт, шешендік сөздер, батырлар

жырлары жан - жақты талдауға түсті. Сонымен бірге, бай халық әдебиетінің

көне   үлгілері,   діни   әдебиет,   ноғайлы   дәуірінің   эпостары   сияқты   сол   кезде

айналымға түспеген шығармалар тарих зерттеуіне ілікпеді.

«Қазақ   әдебиетінің   тарихы»   қамтыған   материалының   молшылығымен

де,   әдеби   зерттеушілік   талғамның   жоарылығымен   де   өз   кезінде   қазақ

әдебиеттану ғылымының елеулі табысы саналды. 

2.   Әдебиет   тарихын   зерттеу   мен   әдеби   сынның   дамуы   осы   кезеңде

ерекше қарқынмен жүрді. Газет - журналдар, ғылыми басылымдар, баспалар,

жоғары   оқу   орындары,   Ғылым   академиясының   Әдебиет   институты   әдебиет

сыны   мен   ғылымының   өсуіне   мұрындық   болды.   Жүздеген   мақалалар

жазылды,   ондаған   кітаптар,   жинақтар   шықты,   диссертациялық   еңбектер

қорғалды.   Түрлі   конференцияларда,   пленумдерде,   съездерде,   жыл

қорытындыларында,   жеке   жанрға,   жеке   кітапқа   арналған   талқылауларда

әдебиет мәселелері жан - жақты сарапқа түсті. Қысқасы, тар заманда, әкімшіл-

әміршіл   дәуірде   көркем   әдебиет,   соның   сыны   мен   ғылымы   ұлттық   рухтың

негізгі   ұраншысы   бола   білді,   Әдебиет   сыны,   әдебиет   тарихы,   әдебиет

теориясы жеке - жеке арна тауып, тарам-тарам жолмен өрістей бастады. 

50 – жылдардың соңы әдеби сынының дамуы.

50 – жылдардың соңы мен 60 - жылдардың басында әдеби сынға көңіл

бөлудің үлкен бір көрінісі - сын кітаптарының басылуы еді. Алдыңғы кезекте

М.Әуезов   пен   С.   Мұқановтың   бұрын   жазылып,   мерзімдік   баспасөзде

жарияланған, бірақ кітап болып басылмаған еңбектері жиналып жарық көрді.

Олардың қатарында М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары»(1959), С.Мұқановтың

«Өсу жолдарымыз» (1960) атты кітаптары бар еді. Сәл кейінірек С.Мұқанов

«Жарқын   жұлыздар»(1964)   деген   атпен   Шоқан   мен   Абай   шығармашылығы

туралы зерттеуін жариялады. Осыған жалғас аға буын әдебиет зерттеушілер Қ.

Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев еңбектері біртіндеп жарық көре бастады.

Кезінде әдеби - сыншылдық қызметі партиялық тұрғыдан ылғи сынау астынан

шықпаған бұлар ғылыми - шығармашылық ізденудің жаңа белесіне аяқ басты. 

Қажым   Жұмалиев   ұзақ   жылдардағы   зерттеулерінің   қорытындысы

есебінде   «қазақ   эпосы   мен   әдебиеті   тарихының   мәселелері»(1958),   «Қазақ

әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі»(1960) aтrы екі

томдық   зерттеулерін   бастырды.   Орта   және   жоғарғы   мектепке   арналған

оқулықтар жазды. 

Ақындық   табиғаты,   оның   ұлттық   ерекшелікпен   байланысты

проблемалары Есмағамбет Ысмайыловтың еңбектерінде фактілік жағынан да,

ғылыми жағынан да терең зерттелген. Оның «Ақындар»монографиясы (1956)

орыс   тіліне   аударылып,   одақтық   сында   жақсы   бағаланды.   Одан   кейін

Есмағамбет   «Ақын   және   революция»(1964)   деген   С.Сейфуллин   туралы

зерттеуін,   бірнеше   сын   кітаптарын   «Сын   және   шығарма»   (1960),   «Әдебиет

жайлы ойлар»(1963) жариялады. 

Еш  уақытта   әдебиеттану   бір  стильде,  бір  бағытта,  бір   ыңғаймен  ғана

жасай алмайды. Талант сипаты ғалым даралығын айқындайды: Б.Кенжебаев



пен   Е.Ысмайыловтың,   Ә.Тәжібаев   пен   М.Қаратаевтың   жазғандарын   еш

уақытта шатастырмаймыз. 

Мұхаметжан Қаратаев - қазақ әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымының

қаз   тұрып,   өсіп   өркендеп,   жақсы   өріс,   кең   жайлауға   шығуына   мол   еңбек

сіңіріп,   сол   сапарда   көп   іс   тындырған   қаламгер.   Жас,   қайратты   кезінде

қаламнан қол узуге еріксіз мәжбүр болған сыншы, әсіресе, соңғы отыз жылда

зор   шабыт,   айрықша   құштарлықпен   қыруар   еңбек   жазды.   Оның   бұл   тұста

жарияланған   кітаптары   ішінде   «Туған   әдебиет   туралы   ойлар»(1958),

«Шеберлік   шыңына»(1963),   «Эпостан   эпопеяға»(1969),   «Әдебиет   және

эстетик» (1970) т.б. елеулі орын алады. Мұның ішінде сын мақала да, зерттеу

де, әдеби портрет те, эссе де бар. 

Өнер   табиғатын   байсалды   түсіну,   эстетикалық   тереңдік,   эрудиция

байлығы, публицистік пафос, суреткерлік шеберлік Қаратаевтың сыншылық

талантына етене қасиеттер. Ол әдеби процестерді бағалаған уақытта объектіні

жан-жақты   қамтып,   түбегейлі   қопарып,   салмақты   мәселе   көтеріп,   маңызды

ойлар айтуға ұмтылады. Жалғыз қазақ әдебиетінің аясында сөйлеп қоймай, ол

Ленин   және   әдебиет,   Белинский   Плеханов   Луначарскийлердің   эстетикалық

мұрасы деген мәселелерге apналған зерттеулер берді. 

Сыншы   еңбектерінде   қазақ   әдебиетінің   әр   қырлы   қаламгерлерінің

туындылары идеялық - көркемдік, шеберлік жағынан талданып, эстетикалық

сарапқа түседі. Бүгінгі өмірді суреттеу, замандас образын жасау міндетін іске

асырудың практикалық жолдары айтылады. 

Әдебиеттің берік құралы, мықты қаруы, өмірді объективті суреттеудің

жемісті әдісінің қазақ прозасында қалыптасуына арнап жазған Қаратаев кітабы

-   материалдарының   байлығы   жағынан,   теориялық   тереңдігі   жағынан   да,

сапасы жағынан да, өз кезіндегі сыншыл ойдың талабынан табылған бағалы

еңбек. 

«Социалистік   реализмнің   қазақ   прозасында   қалыптасуы»   (1965)



кітабында   білікті   сыншы,   ғалым,   публицист   туған   әдебиетіміздің   ХХ

ғасырдағы   даму   жолына   көз   жіберіп,   басты   тенденцияның

жазушыларымыздың   шығармашылық   тәжірибеде   іске   асыру   процесі   қалай

өткендігін ғылыми негізде баяндап, теориялық байламдар жасады. 

М. Қаратаев - одақ көлеміне мәшҺүр сыншы болды. Оның мақалалары

«Литературная   газетада:   да,   «Вопросы   литературы   да»   да   басылатын   еді.

«Мировозрение   и   мастерство»(1965),   «От   домбры   до   книги»   (1969),

«Вершины   впереди»(1972)   кітаптары   -   сыншының   орыс   оқырмандарының

алдына   қазақ   әдебиетінің   мәселелерін   тартып,   қабырғалы   суреткерлердің

шығармаларымен   таныстырған   құнды   туындылар.   Бұл   еңбектерде   сын

табиғаты,  аударма  жайы,  көрнекті  суреткерлер   өнері  Лермонтов   және   қазақ

әдебиеті,   Белинский   және   қазақ   әдебиеті   сөз   болады.   «Вершины   впереди-

кітабы үшін М. Қаратаевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. 

Қысқасы,   Мұхаметжан   Қаратаев   зор   белсенділікпен   қазақ   әдебиетінің

көкейкесті   проблемаларына   арнап   көтерген   сын   еңбектерін   жазып,   қыруар

шаруа тындырды. Академик әдебиетшінің үш томдық ғылыми - сын еңбектері



(1974) - қазақ сынының кәсіби дәрежесінің өсіп, философиялық салмағының

артып, биік өреге жеткендігінің куәсі. 

Бейсембай   Кенжебаев   өнерпаздығының   ең   жемісті   кезеңдері,   оның

ғалымдық   пен   ұстаздықты   ұштастырған   шақтары   Қазақ   мемлекеттік

университетінде   және   Қазақ   КСР   Ғылым   академиясында   істеген

уақыттарынан, қырқыншы жылдардың ортасынан басталады. Іскер оқымысты

университетте кафедра басқарса, академияда сектор меңгереді. 

Ғалымның күрделі, іргелі, ең көлемді еңбегі «қазақ халқының ХХ ғасыр

басындағы   демократ   жазушылары»(1958)   монографиясында   тұңғыш   рет

мұрағаттардың   бұрын   белгісіз   болып   келген   қорларынан,   кітапханалардың

сирек   газет   журнал,   кітаптарды   сақтайтын   бөлімдерінен,   жеке   адамдардың

қолдарында   жинақталған   қазыналардан   алынған   орасан   бай   материалдар,

қолжазбалар,   әдеби   -   тарихи   деректер,   сан   алуан   шығармалар   жаңа

методология тұрғысынан екшелеп, әдебиеттанудың үздік жетістіктері, дәстүрлі

үлгісі   негізінде   талданған   болатын.   Зерттеудің   басты   ұтымдылығы   -   қазақ

халқының   ХХ   ғасыр   басындағы   қоғамдық   жағдайы   мен   әдебиеті

диалектикалық бірлікте, тарихи байланыста, ажырамас тұтастықта алынуында

жатыр.


Мұхаметжан Қаратаев - қазақ әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымының

қаз   түрып,   өсіп   өркендеп,   жақсы   өріс,   кең   жайлауға   шығуына   мол   еңбек

сіңіріп,   сол   сапарда   көп   іс   тындырған   қаламгер.   Жас,   қайратгы   кезінде

қаламнан қол ұзуге еріксіз мәжбүр болған сыншы, әсіресе, соңғы отыз жылда

зор   шабыт,   айрықша   құштарлықпен   қыруар   еңбек   жазды.   Оның   бұл   тұста

жариялаған кітаптары ішінде «Туған әдебиет туралы ойлар»(1958) «Шеберлік

шыңына»(1963), «Эпостан эпопеяға»(1969), «Әдебит және эстетика»(1970) Т.б.

елеулі орын алады. Мұның ішінде сын мақала да, зерттеу де, әдеби портрет те,

эссе де бар. 

Өнер   табиғатын   байсалды   түсіну,   эстетикалық   тереңдік,   эрудиция

байлығы, публицистік пафос, суреткерлік шеберлік Қаратаевтың сыншылық

талантына етене қасиеттер. Ол әдеби процестерді бағалаған yaқытra объектіні

жан-жақты   қамтып   тұбегейлі   қопарып,   салмақты   мәселе   көтеріп,   маңызды

ойлар аитуға ұмтылады. Жалғыз қазақ әдебиетінің аясында сөйлеп қоймай, ол

Ленин және  әдебиет,   Белинский, Плеханов,  Луначарскийлердің  эстетикалық

мұрасы деген мәселелерге арнап зерттеулер берді. 

Сыншы   еңбектерінде   қазақ   әдебиетінің   әр   қырлы   қаламгерлерінің

туындылары   идеялық-көркемдік,   шеберлік   жағынан   талданып,   эстетикалық

сарапқа түседі. Бүгінгі өмірді cypeттey, замандас образын жасау міндетін іске

асырудың практикалық жолдары айтылады.

Жазушы   дүниетанымының   қалыптасуы   күрделі   эволюциядан   өтеді.

қаламгер   ұстанатын   эстетикалық   мұрат   та   бір   күнде   пайда   бола   қалмайды.

Осы   құбылыстың   Майлинге   қатысты   көрінісін   Нұртазин   түпкілікті   шешіп

бермегенімен, өзекті, қызықты ойлар айтқан. 

Монографияда   Бейімбеттің   шығармалары   жанр   -   жанр   бойынша

алынып, сарапқа түсіп, жеке-жеке талданады. Бұлай зерттеудің бағалы жағы



көп.   Жазушы   эволюциясын,   өсу   сатыларын   көрсетуге   мүмкіндік   туады.

Сыншы Майлин әңгімелеріне айрықша тоқталған. Жазушы зертханасына еніп,

жеке   шығармалардың   қалай,   қандай   жағдайларда   туғанын   қарастыру-

әдебиеттік   зерттеудің   негізгі   міндеті.   Жазушының   жоспарлары,   эскиздері,

аяқталмай қалған шығармалары ғылыми тұрғыдан түгелдей тексерілген кезде

ғана,   біз   ол   туралы   толық   түсінікке   ие   боламыз.   Қазақ   зерттеушілері   бұл

өрістегі   ізденістерге   әлі   терең   бара   алмай   жүр.   Сондықтан   Бейімбеттің

«Тартыс», «Қонсылар», «Атылмаған оқ», «Қызыл жалау» сияқты аяқталмаған,

жоғалған,   бірер   тарауы   ғана   газет-журнал   беттерінде   жарияланған,   қалың

оқушыға   белгісіз   шығармаларын   тұңғыш   рет   сөз   еткен   Нұртазин   еңбегі   де

мақтауға татиды. 

Майлин   -   қазақ   әдебиетінің   классиктерінің   бірі.   Бұл   -   бүгін   ешкім

дауласпайтын   аксиома.   Классиктер   шығармашылығын   талай   қырынан

көрсететін   қыруар   зерттеулер   жазылатыны   және   ақиқат.   Т.Нұртазиннің

айтылмыш кітабы осы сапардағы алғашқы, салмақты, бағалы еңбек болды. 

50   -   жылдарда   қазақ   әдебиетінің   бұрын   қарастырылмаған   жанрлық

проблемалары бойынша көптеген маңызды ғылыми жұмыстар жүйелі түрде

қолға   алынып,   сан-алуан   еңбектер   жарық   көрді.   Монографиялық   зерттеу

стилінде І. Жансүгіров (М. Дүйсенов), Б.Майлин (Т. Нұртазин, Б. Наурызбаев),

С.Сейфуллин (Е.ЬІсмайлов, С. Қирабаев), Қ. Аманжолов (Т.Әбдірахманова), С.

М\ұқанов (Т. Нұртазин, М. Хасенов), Х. Есенжанов (З.Серікқалиев), М. Әуезов

(М.   Мырзахметов,   Л.Әуезова),   Ә.Тәжібаев   (М.   Дүйсенов),   Қ.Бекхожин

(Ә.Нарымбетов)   шығармалары   талданса,   юмор,   сатирасын   (Т.   Қожакеев,

М.Тілеужанов, Т.Кәкішев, Д.Ысқақов), драматургия (С.Ордалиев, Ә.Тәжібаев,

Р.Рустембекова,   Е.Жақыпов,   Р.Нұрғалиев),   проза   (Ш.Елеукенов,   Ә.Шәріпов,

Б.Майтанов),   поэзия   (М.Базарбаев,   Ә.Нарымбетов,   З.Ахметов),   әдебиетгер

байланысы (Ш.Сатпаева, Е. Лизунова, Е.Fабдиров), аударма (Ә.Сатыбалдиев,

С.Талжанов,   Х.Садықов),   көне   әдебиет   тарихы   (Х.   Сүйіншәлиев,   Қ.

Өмірәлиев,   Н.Келімбетов),   фольклор   (Ә.Марғұлан,   Ә.   Қоңыратбаев,   О.

Нұрмағамбетова, Е.Тұрсынов Н.Төреқұлов, С. Қасқабасов, С. Садырбаев, Ш.

Ыбыраев,   текстология   (Қ.   Мұхаметқанов,   М.Бөжеев)   проблемалары   тарам   -

тарам салалар бойынша сарапқа  түсіп, жеке зерттеулер,  кітаптар,  ұжымдық

жинақтар,   тізбекті   басылымдар   жарыққа   шықты.   Осы   еңбектер   негізінде

кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды; орта мектепке жоғары оқу

орындарына арналған оқулықтар жазылды. 

Әдеби   мұраны   жинау,   бастыру   дәстүрі   байыды.   Жазушылардың

көптомдығын   жариялау   тәжірибесінде   алғы   сөз,   соңғы   сөз   жазу,   түсініктер

беру мәдениеті, әсіресе, М.Әуезовтің 12 және 20 томдық шығармалар жинағын

шығару   кезінде   өсе   түсті.   Қолжазбаларды   оқу,   нұсқаларды   салыстыру,

түпкілікті мәтінді анықтау әдістері қалыптасты. Жеке шығармалардың жазылу

тарихын, жазушы зертханасын зерттеп, қаламгерлік психологиясын анықтауға

бағытталған жұмыстар жазылды, Аударма,  әдеби байланыстар  бағытындағы

еңбектерде бірнеше тілдердің материалдарына, әр тақырыптарға көңіл бөлініп,

жалпьmық мәні бар эстетикалық қорытындылар жасалды. 



50   -   жылдары   шыққан   сын,   әдебиеттану   еңбектерінің   саны,   жанрлық

ерекшеліктері, авторлар құрамы, көтерген, шешкен мәселелері - қазіргі әдеби

қозғалыс   туралы   бірқыдыру   тұжырымды   ойлар   қорытуға   мүмкіндік   береді.

Қазақ сыншылары мен әдебиетшілері көркемдік талдау мен социологиялық,

философиялық, эстетикалық саралау үлгілерін ұштастыруға, реализм әдісінің

қазіргі кезеңдегі методологиялық мәселелерін қарастыруға, жанрлық-стильдік

ізденістерді   анықтауға,   көрнекті   қаламгерлердің   шығармашылығын   тануға

күш салып, осы салаларда белгілі табыстарға жеткенін көрмеу, айтпау, елемеу,

сөз жоқ, әділетсіздік болар еді.

Сынға жағдай жасау, сынды бағалау бағытында жасалған шаралардың

қатарында жазушылардың сын еңбектерін жариялау дәстүрінің жалғасқанын

айтуға   болады.   Ғ.   Мүсірепов   сypeткep   парызы»   (1970),   F.Мұстафин   «ой

әуендері»   (1978)   кітаптарын   бастырды.   Ж.   Молдағалиевтің   үш   томдық

таңдамалы   жинағының   соңғы   кітабының   тең   жартысы   сын   -   мақалалардан

құралған. Драматург Қ. Мұхамеджановтың екі томдық тандамалысының бір

томы түгелге жуық әдеби - сын мақала, шолу, портрет, рецензиядан тұрады.

Прозаик,   драматург   Т.   Лхтановтың   екі   том   таңдамалысының   бір   томы   да

осындай, Т. Ахтанов әуелі «Керуен» деп, одан кейін «Әдебиет туралы ойлар»

деп,   «Көкейкесті»   деп,   сын   еңбектерін   үш   қайтара   бастырып   үлгерді.   Ә.

Нұрпейісовтің   «Толғауы»   «Жүрегі   тола   жыр   еді»   болып   екінші   рет

жарияланды. Белгілі ақын F. Қайырбеков «Бір кеменің үстінде» сын мақалалар

жинағын шығарды. Осында заңдылық, дәстүр ізі бар ма? Сәкен Сейфуллин,

Әбділдә   Тәжібаев   поэзия   жөнінде   ғылыми   зерттеулер   жазған;   қалижан

Бекхожин,   Сырбай   Мәуленовтің   сын   мақалалары   кітап   болып   шыққан;

Мұзафар Әлімбаев, Әбдірәш Жәмішев, Қадыр Мырзалиев секілді ақындар сын

жинақтарын бастырған. 

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.

7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып.  Қазақтың   сыни   пікірінің   оянуы   және

әдебиет   сынының   тууы.  Қазақ   сыни   ой-пікірдің   оянуы

және әдебиет сынының тууы.

Тапсырмалар:

1.   Әдеби   сынының   арналары.   Халықтық   эстетика.   Көне

дәуірдегі сүбелі ойлар. Көне дәуірдегі сыншылық ой-пікірлер.

Әл-Фараби  және эстетика.  Жүсіп  Баласағұнның  эстетикалық

көзқарастары.   Алтын   дәуірдегі   әдебиет.   Жыраулар

поэзиясындағыы көркемдік таным (жай конспект түрін жаз).

2.   Қазақтың   ұлы   ағартушы-демократтарының   сыни

ойлары.   Шоқан   Уәлиханов   және   әдебиет.   Абай-қазақ

әдебиетінде   сыншыл   реализмнің   негізін   салушы.   Абай   сөз

өнері.   Абайдың   эстетикалық   ойлары  (салыстырып,   талдау



жаса).

2-тақырып.  Баспа   сөз   және   сын.   Жазба   әдебиет

және сын.

Тапсырмалар:

1.   Баспасөз   және   сын.   «Дала   уалаяты»   газетіндегі

әдебиет   мәселелері.   «Айқап»   журналының   әдебиет   сынын

тудырудағы тарихи маңызы. «Қазақ» газеті және әдеби сын



(сұрақтар құрастырып, қысқаша жауаптар жаз;                     6-7

сұрақтан кем емес). 

2.   Жазба   әдебиет   және   сынның   қалыптасу   жолдары.

Сұлтанмахмұт   Торайғыров   әдебиет   туралы  (жай   конспект

жаз). 

3-тақырып.  Қазақ   сынының   жанрлық   қалыптасуы

және әдебиеттану. Дарындар – сын додасында. 

Тапсырмалар:

1.   ҚазАПП   және   20-жылдардағы   қазақ   әдеби   сыны.

ҚазАПП   тұсындағы   социологиялық   сындар.     Отызыншы

жылдардағы   әдеби   сынның   ахуалы.   Әдеби   сын   туралы

қаулылар (сыни талдау жаса).

2.   Кеңес   өкіметінің   алғашқы   жылдарындағы   әдебиет

туралы айтыстар (эссе жаз). 

4-тақырып.  Өркендеу   өзегі   -   көркемдік   әдіс.

Ұйымдасудың қияметі мен қиястығы. Әдеби мұра және

оны игеру мәселелері.

Тапсырмалар:

1.   Ахмет   Байтұрсынов   –   қазақ   әдебиеттану   ғылымының

негізін салушы. Ж.Аймауытов - әдебиет сыншысы. М.Дулатов -

әдебиет   сыншысы.   Ғаббас   Тоғжановтың   шығармашылығы.

Әбдірахман   Байдилдин   шығармашылығы.   Бейсенбай

Кенжебаев шығармашылығы (жай конспект жаз).



2.

37-жыл   ойранының   себептері.   Есмағанбет

Ысмайылов

 

шығармашылғы.



 

Қажым


 

Жұмалиев


шығармашылығы.   Темірғали   Нұртазин   шығармашылығы.

Белгібай Шалабаев шығармашылығы (күрделі конспект жаз).

3.   Әдеби   мұраны   игеру   мәселелері   және   сын.

С.Сейфуллин   -   әдебиет   сыншысы.   М.Әуезов   -   әдебиет

сыншысы. М.Әуезов – абайтанушы (онлайн-ауызша тапсыру).

5-тақырып.  Оқулық   жасау   және   әдебиет   тарихын

дәуірлеу   мәселесі.   Сынның   жанр   ретінде   қалыптасуы.

Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы және қазіргі

әдеби   сынның   жай-күйі.   Ұлы   Отан   соғысынан   кейінгі

дәуірдегі әдеби сын. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау

жолындағы жаңа ізденістер

Тапсырмалар:


1.

Қазақ   әдебиетінің   оқулықтарын   жасау   -   сыншылық

ойлардың өрісті арнасы (сыни тұрғыда аралас конспект жаз).

2. Ғабит Мүсірепов - әдебиет сыншысы (жай конспект). 

3.   Қазақ   сынының   жанрлық   қалыптасуы.     Мұхамеджан

Қаратаев - әдебиет сыншысы (эссе жаз).

4.   Ұлы   Отан   соғысы   жылдарындағы,     соғыстан   кейінгі

жылдарындағы   әдеби   сын.   Қазақ   әдеби   сынындағы

ізденістер.   Серік   Қирабаев   шығармашылығы.   Рахманқұл

Бердібаев шығармашылығы (күрделі конспект жаз).



6-тақырып.

 Қазақ   әдебиеттану   ғылымының

қалыптасуы.   60-90   жылдардағы   қазақ   әдеби   сыны.

Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі.

Тапсырмалар:

1.Сын жанрларының дамуы. 1950-60 жылдардағы әдеби

сынның   дамуы  (Д.Ысқақұлының   «Әдеби   сын   тарихы»

кітабынан шолу конспект жаз).

2.   60-90   жылдардағы   қазақ   әдеби   сынының   сипаты.

Тоқырау   жылдарындағы   әдеби   сын.   Қазақ   әдебиетіне   жаңа

толқын   -   сыншылардың   келуі.  (Д.Ысқақұлының   «Әдеби   сын



тарихы» кітабын оқып, онлайн-ауызша тапсыр).

3.   Қазақ   әдебиетіндегі   ақтаңдақтардың   игерілуі.   Қазіргі

қазақ   әдебиетіндегі   эстетикалық   ізденістер.   Қазіргі   қазақ

әдебиеті ғылымы мен сынының даму сипаты. (Д.Ысқақұлының



«Әдеби сын тарихы» кітабынан аралас конспект жаз).

8 СӨЖ тапсырмалары

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Қазақтың   ұлы   ойшылдарының сын туралы ой-пікірлері,

зерттеулері (реферат, 15 бет).

2. Алғашқы қазақ баспасөзіндегі сын (аралас конспект).

3.   1920   жылдардағы   қазақ   әдеби   сынының   сипаты

(библиографиялық анықтамалық көрсеткіш жаса).

4. 1930 жылдардағы әдеби сын. Отызыншы жылдар ойраны.

«Нәубет»   публицистикалық   ой-толғаулар   кітабы   (-А.,   1990).

Темірбек   Қожакеев   «Көк   сеңгірлер»   кітабы   (-А.,   1992).  (10



сұрақ құрастырып, жауаптар жаз).

5. Тұрсынбек Кәкішев - әдебиет сыншысы. Дандай Ысқақұлы

- әдебиет сыншысы (сұрақтар құрастыру). 

6. Сағат Әшімбаев - әдебиет сыншысы. Бақыт Сарбалаев -

әдебиет сыншысы  (сыншылар туралы зерттеу еңбектерін

қарастырып, публицистикалық мақала жазу).


7.               Қазіргі   қазақ   әдебиеттану   ғылымының   өркендеуі.

Сыншы тұлғасы мен позициясы (ғылыми мақала жазу).



9 Реферат тақырыптары.

1. Қазіргі қазақ әдебиетінің сыны

2. Алаш қайраткерлерінің қазақ әднби сынына қатысты 

еңбектері

3. Сыншы тұлғасы мен позициясы

4. ХХІ ғасырдағы қазақ әдеби сыны: поэзия жанры

5. ХХІ ғасырдағы қазақ әдеби сыны: проза жанры

6. Әдеби айтыстар мен дау-дамайлар

7. Проза мәселелері

8. Қазіргі БАҚ-тағы әдеби сын

9. Кеңестік дәуірдегі әдеби сын

10.


Тәуелсіздік тұсындағы әдеби сын

10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі

Сабақ 



түрлері

дүйсенб


і

сейсенб


і

сәрсенб


і

бейсенбі


жұма

сенбі


1.

Дәріс 


бойынша 

кеңестер


10.00

11.00


2.

Тәжірибе


лік 

сабақтар 

бойынша 

кеңестер


11.00

12.00


3.

СӨЖ 


бойынша 

кеңестер


11.00

12.00


10.00

11.00


4.

Реферат 


бойынша 

кеңестер


5.

Тест 


сұрақтар

ы 

бойынша 



кеңестер

11.00


12.00

11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі

Жұмыс түрі



Тапсырманың   мазмұны,

мақсаты, тақырыбы

Қолданы

латын


әдебиет

Орындалу


ұзақтығы

Бақылау


түрі

Бақылауды

тапсыру

мерзімі


1

2

3



4

5

6



7

1

Реферат


ХХІ ғасырдағы 

қазақ әдеби сыны: 

поэзия жанры

3 апта


Реферат-

ты қорғау

3- апта

2

Тезис 



Қазіргі БАҚ-тағы 

әдеби сын

2 апта

Тезисті


конспекті

леп,


қорғау

4- апта


3

Конспект


(күрделі

түрі)


Тәуелсіздік 

тұсындағы әдеби 

сын

Күрделі


конспект

жазу


5-7 апта

4

Межелік



бақылау

1,2 Модуль

Тест

8- апта


5

Эссе


Тәуелсіздік 

тұсындағы әдеби 

сын

2 апта


Эссе

жазып,


қорғау

7-9 апта


6

Баяндама


Әдеби айтыстар 

мен дау-дамайлар

2 апта

Қорғау


10-14-апта

7

Межелік



бақылау

3,4 Модуль

коллокви

ум

15- апта



12 Курс саясаты

  Оқу   процесіне   қатысу   дегеніміз   –   сабаққа   қатысу,

пікірталаста   және   топ   жұмысында   белсенділік   көрсету,

топтастарының   оқуына   әсер   ету.   Студент   аудиториялық

сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік

сабақтарға   қатысып,   кешікпей,   берілген   тапсырмаларды

уақытында   орындауы   керек,   сондай-ақ   ішкі   ережелерді

сақтап,   өздеріне   тиісті   жүктелген   міндетті   дұрыс   атқаруы

керек.   Сабақты   босатқан   жағдайда   деканаттың   шешімімен

босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу

– бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық

босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Студентке   берілген   тапсырманы   уақытында   тапсыру

керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру   ең

кеш   тапсыру   болып   саналады.Берілген   тапсырманы   және

курстық   жұмысты   тапсырмаған   студенттер   емтиханға   кіре

алмайды.

Қойылған   талаптар   орындалмаса,   жаза   қолданылады.

Сабаққа   100   пайыз   қатысып,   берілген   тапсырмаларды

уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б.

қойылады. 

Студенттердің   білімін   аралық   бақылау  тест   немесе

жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.



Осы   көрсеткіштер   орындалмаған   жағдайда   жеткіліксіз

немесе айып санкциялары қолданылады:

1)

сабақты босату (себепсіз);



2)

тапсырмаларды уақытымен орындамау;

3)

тапсырмаларды   орындау   барысында   қателіктер   жіберу,



яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер   студент   сабаққа   себепті   жағдаймен   келе   алмаса,

келесі   аптада   сол   сабаққа   өтеу   (отработка)   жасайды.   Бірақ

ұпай азайтылады.



13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ысқақұлы Д. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2012 



Қосымша

2. Қаратаев М. Шығармалары: сын-зерттеулер. Алматы, 2010. 

3. Әшімбаев С.Сын сипаты. Алматы, 2010

4. Серікқалиұлы З. Сын-зерттеу, толғаныстар. Алматы, 2002. 

5. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. 

Алматы, 2001. 



 Пәннің еңбек сыйымдылығы

С

ем



ес

тр

К



ре

ди

тт



ар

 с

ан



ы

Аудиториялық   сабақ   түрлері   бойынша   байланыс

сағаттарының саны 

Студенттің өздік

жұмысының

сағат саны 

Бақы-

лау


түрлері

барлы-


ғы

дәріс


практи

ка

зертха-



налық

студия-


лық

жеке


барлығы СӨЖ

Бар-


лығы 2

90

15



15

-

-



-

 

90



 

15

емтихан



Кафедра меңгерушісі ______  Н.Қ.Жүсіпов  2013 ж. «__» __________ 

                                                       (қолы)

           (аты-жөні)


Мамандық(тардың)   жұмыс   оқу

жоспарынан көшірме 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/33



5В011700  - «Қазақ тілі  мен  әдебиеті»

 

мамандығының   жұмыс   оқу



жоспарынан көшірме 

«Қазақ әдеби сынының тарихы» пәні

Оқу

нысаны


Пәннің  

  еңбек


сыйымдылығы 

Семестр бойынша

бақылау түрлері 

Семе


стр

Семестр   бойынша   студенттердің

жұмыстарының  көлемі 

кре-


дит-

тер


академиялық

сағат 


кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ 

(ак. сағат)

СӨЖ


(ак. сағат)

Бар-


лығы

ауд СӨЖ емт сын

КЖ



КЖ



бар-


лығы

дәр тәж зерт

бар

лығ


ы

ОСӨ


Ж

ЖОБ база-

сындағы

күндізгі


2

90

15 90



5

-

-



- 5

2

30



15 15

-

90 15



Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «____»              2013 ж.

Document Outline

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  • БЕКІТЕМІН
  • ГП факультетінің деканы _______ Ж.Т.Сарбалаев « » 2013 жыл
  • 12 Курс саясаты




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал