Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Жұмбақтың өзіне тән ерекшеліктері



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет9/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
 
Жұмбақтың өзіне тән ерекшеліктері. 
1. Жұмбақ тапқырлыққа құрылады. 
2. Жұмбақта фантазиядан деректілік, нақтылық басым. 
3. Жұмбақта алынатын нәрселер атқаратын қызметіне қарап көрсетіледі. 
4. Заты жақын заттарды қосарлап, парлап айтуында. 
5. Жұмбақта көркемдік суреттеу туралы теңеу, метафора көп қолданылады. 
6. Жұмбақ құрылысы көбіне өлең түрінде келеді. 
7. Кейде бір ертегі тұтасымен жұмбаққа құрылады. 
5 дәріс. Ертегілер туралы, жиналуы, зерттелуі, халықтық сипаты. 
Жоспары: 
1. Ертегі туралы ұғымның қалыптасуы. 
2. Ертегілердің жинақталуы, зерттелуі. 
3. Халықтық сипаты. 
4. Ертегілердің құрылысы, туралы. 
5. Ертекші туралы. 
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алатын және халықтың жазу-сызу өнері болмаған 
кезде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрлері ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қарасөз ретінде айтылатындықтан, оны әр халықтың әр заманда шығарған 
көркем әңгімесі деп қараймыз. Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты, ертегілер де адам 
баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс 
құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген 
ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. 
Осы ретте туған ертегілерде адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, 
қоғамдық мәні бар мәселелер көтереді. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркем суреттеу
образдар арқылы бейнелейді. Әрине, ертегілердің бастапқы мазмұндары жөнінде айту қиын, 
өйткені уақыт өзгерген сайын әр жанр да өз мазмұнына өзгерістер қабылдап отырады.
Қазақ ертегілерінің жиналуы және зерттелуі. 
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғ ІІ 
жартысынан басталады. Бұл ретте Ш.Уалиханов, Г.Н Потанин, В.В Радлов, Ә.Диваев т.б. бірнеше 


адамдар айрықша еңбек еткені баяндалды. Кейінгі зерттеушілер: А.Алекторов, Н.Пантусов, Бейбіт 
Даулыбаев, Ташмұхамет Сейфуллин, О.Әлжанов, Жағыпар Айманов, Б. Досымбеков. 
Бұл зерттеушілер сол кезде Орынборда, Омбыда, Казанда, Астрахан мен Ташкентте 
шығатын газет-журналдар бетіне қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырды. Бұлардың жинаған 
материалдары өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты», «Торғай облстық 
ведомостысында », «Ақмола облысы ведомостысында», «Орынбор газетінде» т.б. үзбей басылып 
тұрады. А.Алекторовтың жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» 
деген атпен екі тілде Орынборда шығарған. Н.Пантусовтың материалдары «Дала уалаяаты» 
газетінде екі тілде үзбей жарияланып тұрды. Кейіннен ол «Қырғыз-қазақ тілін үйренушілерге 
көмекші материялдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар 
арасында жеті жинақ шығарды. Бұл жинақтарға қазақ ертегілерінен көп материалдар енді. 
Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде кеңестік дәуірде бірсыпыра 
жұмыстар жүргізілді. Мұнымен қатар қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып, бірнеше рет жеке 
жинақ болып шықты. Бұл ретте Қазақстандық жазушы Л.Макиев пен профессор 
Ф.Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады. (Л.Макиев «Казакские народние сказки» 
Алматы 1940, 1952) (В.Сидельников «К.Н.С» 1952. Москва,1958 Алматы). 
Ертегілердің халықтық сипаты. 
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі ой-арманы, дүние 
танудағы түсінігі мен көз қарасы т.б. көрініп отырады. Сондықтан оны Белинский «Халық 
жанының айнасы» деген болатын. Халық өзінің ертегілерінде қиял түрінде болса да, қоғам 
өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан 
әңгімелейді. Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты ертегілерде ұшан теңіз мәселелер 
көтеріледі: үй ішіндік әңгімелерден бастап, қоғамдық мәні бар жайларда қарастыруға дейін 
барады. Солардың бәрінде халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да айтылады. Неше 
түрлі жауыздық иелері мен оған қарсы бейнелер халық ықыласынан туындап отырған. 
Ертегілердің құрылысы. 
Ертегілердің қандайын алсақ та ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше бастауы аяқталуы 
болады. Ертек ерте, ерте, ертте де, немесе бар екен де жоқ екен деп тақпақтай басталып, әрі қарай 
негізгі әңгіме оқиғасына кетеді. Ертегіде айтылатын оқиғаларды баяндау-ертегінің құрылысына 
тән басты ерекшелік. 
Ертегілердің түрлері. 
Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшелігіне қарай бірнеше түрге бөлеміз. 
Солардың ішінде бастылары: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайында ертегілер, тұрмыс 
және салт ертегілер және шыншыл аңыздар. 
Ертекші. 
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің 
шеберлігіне байланысты. Ғалымдар ертекшіні үлкен творчествоның адамы деп көрсетеді және бұл 
ретте ертекші дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі айту еріккеннің ермегі емес, ол 
творчестволық өнерді, асқан шеберлікті қажет етеді. Неше түрлі ғажайып оқиғалардан құралған 
ертегілерді жігін бұзбай өрістете айту, әрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, 
оқиғасын қызықты етіп баяндау, ертегілердің әрбір кейіпкерлеріне лайықты мінездемелер беру, 
олардың образдарын, көз алдына елестетерліктей портреттерін жасау, әрқайсысының іс-
әрекеттеріне қарай сөздік, тіл таба білу т.б. ертегі айтушыдан мол өнерді, шеберлікті керек етеді. 
Ертекші творчествоның адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Ел 
арасына атағы жайылған айтқыш ертекшілерді халық өте жоғары бағалаған. Оларға «Ертекші» 
деген қадірлі ат берген. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет