Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Діни ұғымдарға байланысты туған шығармалар



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет6/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Діни ұғымдарға байланысты туған шығармалар. 
Бәдік. «Бәдік кеші», «Бәдік айтысы» олардың айтылуы, ұйымдастырылуы мақсаттары... 
Арбау, жалбарыну өлеңдері. 
а) Адамдарға түсініксіз жаратылыс құбылыстарына әр түрлі сырлы сөз, арбау, жалбарыну арқылы 
әсер ету. 
ә) «Күн жайлату», «Бұлт шақыру», «У қайыру» өлеңдерінің маңызы. 
Бақсы сарыны. 
Бақсы ұғымы ерте кезде шамандық кезінде туған. Түрік тектес, монғол халықтарының бәрінде де 
бақсылық жүргізілген. Олардың айтуынша, «Бақсы»-деп-оқытушы ұстазды, балшы-дәрігерді, 
қобызшы-күйшіні, музыкантты, ақынды атаған. Бақсылық күш ауру адамды, малды емдеген 
кезінде көрінген. Бақсы сарынында қолданылатын негізгі күш-символдық бейнелерге ену арқылы 
арбау. 
Көңіл-күйін білдіретін шығармалар. 
1. Қоштасу (Жаугершілік кезеңдегі, «Қ, Қ-Б.С» жырындағы, Кемпірбай ақын) 
2. Естірту.(жұмбақтап, тұспалдап, күй арқылы, зарлы үндер арқылы жеткізу) 
3. Көңіл айту. (Демеу, жұбату, сүйеу болу, қайғыны қайғыру) 
4. Жоқтау (өлеңнің айтылуы, құрылымы, мазмұны, мақсаты, Абай, Жамбыл, Махамбет 
жоқтаулары).
4 дәріс. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар. 
Жоспары: 
1. Қазақтың мақал-мәтелдерінің ел арасынан жиналуы. 
2. Мақалдар, тақырыптары. 
3. Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. 
4. Мәтелдер. 
5. Жұмбақтар, тақырыбы, мазмұны. 
6. Жұмбақтардан өзіне тән ерекшеліктері. 


Мақал-мәтелдердің ел арасынан жиналуы. 
Қазақтың мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының жинақталуы, хатқа түсуі, баспа бетіне шығуы 
ХІХ ғ. екінші жартысынан басталады. Бұлардың кейбір үлгілерінің ертеректе ел арасынан жазып 
алғандар Ш.Уәлиханов, В.Радлов болғанын білеміз. Бұлардан кейін айтарлықтай еңбек еткендер: 
Ш.Ибрагимов, П.Мелиоронский, Ф.Плотников, Э.Диваев, Сабыржан Садықов, Мейрам Исқақов. 
Мәселен, Ш.Ибрагимов, К.М.М. 1874 жылы, А.Васиьев 1892, В.Катаринский 1899 Орынборда
Ф.Плотникав Омбыда бастырды. Бұдан кейін М.Исқақов жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы 
Қазан қаласында, С.Садықовтың «Жұмбақ» деген жинағы 1902 жылы Қазан қаласында, 1925 
жылы «Мың бір мақал», 1935 Ө.Тұрманжанов төрт мыңнан астам мақал-мәтел енгізіп, «Қазақтың 
мақалдары мен мәтелдері» деген үлкен жинақ шығарды. Бұлардың ішіндегі көңіл аударарлық 
жинақ 1940 жылы шықты, құрастырған профессор С.Аманжолов, сөз басын жазған-М.Әуезов. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет