Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет5/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Бесік жыры  
Жас баланы бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп тойлап өткен. Мұны да ойын-сауыққа 
айналдырған. Онда айтылған өлеңдерден жас баланың дені сау, ер-азамат болып өсуі халықтың 
тілейтіндігі көрінеді. Кейіннен бесіктегі жас баласын тербете отырып аяулы ана көңіліндегі ой-
арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «бесік жыры»деп атайды. Бесік жырында ананың 
балаға деген мейірімі, махаббаты беріледі. Бесік жырының мазмұнында «Әлди, әлди ақ бөпем» 
деп басталумен баланың болашақта кім болып өсуін, қандай қызмет атқаруын ананың сезімен 
баяндайды.
Жаңылтпаш  
Ерте кезде ойын-сауық үстінде ауыз әдебиеті түрлерінің бірі жаңылтпаш. Жаңылтпаш айтқанда 
халық екі нәрсені мақсат тұтқан: 
1. Жиналған жұртты күлдіру. 
2. Әр сөзді асқан шапшаңдықпен айтып, шебер айтуға, тіл ұстартуға үйрету. Жаңылтпаштың 
сөздері айтуға қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.


Жаңылтпаш сөздері қара сөз, кейде өлең түрлерінде келеді. 
Өтірік өлеңдер. 
Халқымыздың ертедегі салты бойынша ойын-сауық кездерінде айтылатын өлеңінің бір түрі өтірік 
өлеңдер. Өтірік өлеңдер негізінен қызықты сюжеттерге құрылады. Ө.Ө. айту оңай болғанымен, 
шығару оңай емес. Ол шығарушыдан ақындық өнерді керек етумен қатар, фантазияның мол болуы 
талап етеді. Ө.Ө. айтайын деген ойын, суреттейін деген көріністе теріңтыңдаушыға әсірелеу, 
бейнелеу, шеңдестіру, т.б. артық жеткізіп отырады. 
Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар. 
«Бел құда немесе ежеқабыл, бесік құда, қарсы құда, әменгерлік, жесірлік, қыз ұзату, келін түсіру 
әдет-салттары» 
Той бастар өлеңінің айтылу мақсаты: тойға құтты болсын айту, тілек білдіру, жиналған адамдарды 
көңілдендіру, ұзатылған қызға демеу беру. Той бастар өлеңдері төрт жолды, он бір буынды, тілі 
халыққа түсінікті, жаттауға жеңіл, ыңғайлы. 
Жар-жар. 
Той бастардан кейінгі айтылатын өлең ұзатылған қыздың тойында айтылатын өлеңнің бірі жар-
жар. Мұнда ойынға жиналғандар екі жаққа бөлініп, айтыс түрінде орындайды. Бір жағы қыздар 
немесе қыз жақтың, жігіт жақтың құдалары болып айтысады. Басты тақырыбы ұзатылатын қыз 
жайында, оның жат жұртқа баратындығы, оған үйреніп кетуі жайында өлең жолдармен құрылады, 
тұрмыс, бала-шаға туралы жақсы тілек, жұбатулар, демеулер айтылады. Жар-жар 7-8 буынды жыр, 
кейде он бір буынды қара өлең негізінде қалыптасқан ұйқастар, әзіл-оспақ, қалжыңжар түрінде 
құрылады. «Жар-жар» сөзімен аяқталады. 
Сыңсу. 
Сыңсу-ұзатылған қыздың аттанар мезгілі жеткен шақта ел-жұртымен, ағайын-туыс
құрдастарымен, туып-өскен жерімен, жастық-балалық өмірімен қоштасуы ретінде айтылады. 
Сыңсудан кейін ақыл-өсиетке құрылған жұбату өлеңі айтылады. 
Беташар. 
Беташар дәстүрінің мақсаты-жас келіншекті жаңа ағайын-туғанға, немесе келген жерін келінге 
таныстыру, осы қауымның бір мүшесі болғандығын көрсету. «Беташардың жасалу рәсімі, 
айтушылар, мазмұндық ерекшеліктер». 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет